Серік ТҰРҒынбекұлы 1946 жылы бұрынғы Торғай облысының Жанкелдин



жүктеу 129.85 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.09.2017
өлшемі129.85 Kb.

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ 

1946 жылы бұрынғы Торғай облысының Жанкелдин 

ауданындағы Төлеген қыстауы деген жерде туған. Қазақ 

радиосында, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде, 

«Жұлдыз» журналында тілші, бөлім меңгерушісі, 

Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының директоры 

қызметтерін атқарған. Бірнеше жыр жинақтарының 

авторы. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

Махамбет сыйлығының иегері. 

Халқымыз батырларға кенде болған емес. Өкінішке қарай, батыр атанған кейбір ағаларымыздың 

аты бар да заты жоқ, яғни ұлттық рухы, намысы, ана тілімізге деген көзқарасы адам аярлық хал-

де. Қайбір жылы елміздің бірнеше батырларымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысын араладық. 

Таңертең есік алдындағы шаң-шұң өрекпіген дауысқа жалт бұрылсам, есімін бүкіл қазақ мақтаныш 

ететін бір батыр ағамыз әкімшілік қызметкермен тайталасып тұр екен. Елге сыйлы қонақтармен 

кездесу Бәйдібек ауданының орталығы Шаян селосында жоспарланыпты. Батыр ағамыз өзі қазақ бола 

тұра: «Мен орыс тілінде сөйлеймін, сондықтан маған орыс аудиториясы керек» деп бет бақтырмайды. 

Әкімшілік қызметкері: «Ағай, орыстарды осы жақтан автобусқа тиеп алып бармасақ, ол жақта 

орыс ұлтының окілдерін емге таба алмайсыз» дейді. Ағамыз ана жігітке қоқан-лоққы көрсетіп, об-

лыс әкіміне, тіпті Алматыдағы кейбір басшыларға шағымданатынын айтып жатты. Сол кезде мен: 

«Ұлы Отан соғысы аяқталғалы бері де жарты ғасырдан астам уақыт өтті ғой. Тым болмаса өзіңізді 

дүниеге әкелген ұлттың тілінде бірнеше сөз үйреніп алуға намыстандыңыз ба? Бұл не деген масқара! 

Егер қарсыласуыңызды қоймасаңыз, дәл осы оқиға туралы беделіңізді бес тиынға дейін құлдырататын 

мақала жазуға тілшілерге тапсырма беремін!» - дедім. 

Батыр ағамыз менен сескеніп, әңгімесін күрт доғарды. 

Елдік, ұлттық мүддені есепке алмайтын, тек өзінің ұсақ мақсатына жету үшін билік 

басындағылардың туфлиін мұртымен шөткелеуге арланбайтын батырларымыз да, ақсақал-

ардагерлерміз де аз емес. 

Ал Тоқтар Әубәкіровтің жәні мүлде бөлек. Сөзі мен ісінің арасына шекара салмайтын, ұлтының 

тілін, пайым-парасатын шамасы жеткенше қорғайтын, ылғи да ұлттық намыс пен рух биігінде 

самғайтын, ТЖ-лыққа - туфли жалаушылыққа бүкіл болмысымен қас Тоқтар Әубәкіров тура-

лы жайсаң дарын, арқалы ақын інім Серік Тұрғынбекұлының «Ғарыш - қазақ» атты жыр-дастаны 

қашанда пендешіліктен, жалған дақпырттан және ТЖ-лық атаулының барлық түрінен оқ бойы озық 

тұратын нағыз батырға қойылған рухани ескерткіш екені даусыз. 

Мұхтар ШАХАНОВ 

БАСТАУ 

Уа, Тоқтар -



Құрдасым! 

Бұрдым саған жыр басын. 

Бар болмысың -

Бөлекше, 

Сен-

Ерекше тұлғасың. 



Ұшып барып, 

Қырансың -

Мекендеген 

Күн қасын. 

Барар жерге 

Бір бармай, 

Жетер жерге 

Бір жетпей -

Белгілі ғой, тынбасың. 

Бағың -


Айдай жарқырап, 

Сағың -


Әсте сынбасын. 

Жұртың сенің - сырласың. 

Халқың сенің - мұңдасың. 

Жігіттер жүр жаныңда, 

Күш-жігерін шыңдасын. 

Салмайсың ғой көзіңді, 

Бір көруге өзіңді, 

Сұлулар жүр 

Сыланып, 

Тағып -


Жүзік, 

Сырғасын. 

ҒАРЫШ - ҚАЗАҚ 

(Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңестер Одағының Батыры, 

Халық қаһарманы, Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров туралы жыр-дастан) 


Қатар қойса өзіңмен, 

Қазір сенен кім басым?! 

Дау келсе де алдыңа, 

Жау келсе де алдыңа 

Белгілі ғой, 

Белсеніп -

Қиналып та, 

Қымсынып, 

Қыңқ етпесің. 

Қыңбасың. 

Мұқатқан да 

Кекеткен, 

Тартса дұшпан етектен, 

Түсінгенге 

Бұл да - сын. 

Тұлпар десе - тұлпарсың, 

Сұңқар десе - сұңқарсың. 

Жоғалтпайтын 

Ешқашан -

Сыры менен сымбатын. 

Өзге емес, 

Өзіңсің -

Қимасым да, 

Қымбатым -

Мақтанышпен ұрпағы, 

Айтып жүрер күнде атын! 

Тартып туған 

Тегіне, 


Шырқап шыққан 

Көгіме, 


Тұңғыш рет 

Қазақта 


Сенсің нағыз -

Шын батыр! 

Ұранысың 

Ұлтымның 

Сырбаз сұлтан 

Сүйікті, 

Кең кеуделі, 

Иықты. 


Арна тартып 

Аспанға, 

Сен тандадың -

Биікті. 


Мен айтайын, 

Тыңда сыр... 

Сенің салған 

Жолыңды 


Жалғай берер 

Ұрпағың, 

Өтсе-дағы -

Мың ғасыр! 



ҚАРҚАРАЛЫ 

ҚҰШАҒЫНДА 

Бұл тауды -

Атышулы 

Арқадағы, 

Ежелден 

Ел біледі -

Қарқаралы. 

Құшағы -


Қалың орман, 

Көгілдір көл, 

Кең дала -

Жасыл шалғын - шартарабы. 

Шыққан соң бір шомылып 

«Шайтаңкөлге». 

Бет түзеп ауылыңа қайтар жерге, 

Алдыңнан «Мамыр» деген ауыл шығар, 

Кеткен соң көтеріліп қайқаң белге. 

«Мамырдың» мыңғырған мал 

Маңайында, 

Тағдырдың сан талапай талайында. 

Бұл дала 

Берекелі мекен болған, 

Кең жайлау -

Көшіп-қонған ағайынға. 

Сарыарқа -

Сараласан қай жағын да, 

Құрт пен май, 

Кім татпаған қаймағын да. 

Жиын-той 

Қысы-жазы арылмаған, 

Қашаннан 

Қарқаралы аймағында. 

Әсем күй, 

Ән мен жырдың мәңгі өлкесі. 

Әсерлі сұлулықтың сәнді еркесі. 

Алдында ізі жатыр, 

Аттап бассаң, 

Атақты -


«Қояндының жәрмеңкесі» 

Қоянды жәрмеңкесі! 

Қойнында-

Тарихтың өткен талай 

Тойы мұнда. 

Аянып қалмаған жұрт осы арада, 

Салтанат -

Сауығын да, ойынын да. 

Қоянды -

Біржан салдың барған жері, 

Ақанның аңыраған 

Арманды елі. 

Топ жарып 

Жарылғапберді, 

Айтбай ақын, 

Құмары қалың елдің қанған жері. 

Даланы уысында ұстағасын, 

Дұшпандар қалай оны қыстамасын?! 

Әдейі шаршы топта шалқып тұрып 

Мәдидің шырқаған жер 

«Ұшқарасын». 

Ақ мұнар 

Таудың басын шарпыған жер, 

Ақкулар 


Айдын көлде қалқыған жер. 

Сүйгені осы арада теңін тауып, 

Күйлері 

Тәттімбеттің шалқыған жер. 



Қауқылдап 

Қариялар кеңескен жер. 

Саңқылдап 

Сұңқар - қыран тел өскен жер. 

Маңайын 

Мамыражай шуақ билеп, 

Майраның 

Майда қоңыр әні ескен жер. 

Сұлулар сүмбіл шашты, 

Қынаған бел, 

Ептілік, 

Ерлігімен ұнаған Ер. 

Қайыспай -

Қалын елі 

Қайран қалып, 

Қажымұқан 

Қайрат-күшін сынаған жер. 

Ерлердің талай бағы жанған жері, 

Кәусардан - жан сусыны қанған жері. 

«Бір өзі - бір театр» -

Қалибектің 

Шыр етіп, кіндік қаны тамған жері. 

Неше бір көсемдердің, 

Шешендердің 

Көрді жұрт 

Көр жорғадай төселгенін. 

Уақыт сылып алып, 

Тұла бойға 

Уытын таратпады кеселдердің. 

Содан ба, 

Бойда шапшып намыс қаны, 

Бас қосып жақындағы, алыстағы. 

Көбейіп 

Кең өлкенің 

Көкжалдары, 

Даланың туды небір Арыстаны. 

Ол кезде бастан бақыт аздау ұшты, 

Керімсал, 

Көктем көңіл жазға ауысты. 

Қазаққа 


Қазына мен құт сыйлаған 

Қазыбек, 

Кәдуілгі 

Қаз дауысты! 

Қазыбек 

Қаз дауысты -

Бидің биі. 

Болуы заңды - ықылас сыйдың жиі. 

Дауларда шашасына шаң жұқтырмай, 

Топ жарып өте шығар 

Түйғын күйі. 

Бәріне куә соның Қарқаралы, 

Жалғанның 

Жалпақ жатқан 

Жарты аралы, 

Шапқанда суырылып тұлпарлары, 

Қалады қуырылып жер танабы. 

Жалғасып бір-біріне аспан-жері, 

Құтылып кете алмаған қашқан бөрі. 

Құда боп 

Құнанбайға 

Шырт түкіріп. 

Алшаңдап 

Алшынбайдың басқан жері. 

Қол ұшын беріп талай қысылғанға, 

- Жаратқан, бұра гөр, - деп, - ісімді оңға. 

Қалада -

Қарқаралы мешіт салып, 

Құнанбай тәуәп еткен мұсылманға. 

Көрініп әділдігі қазылықта, 

Осылай тіл тауыпты өзі жұртқа. 

Намазын бес уақыт қаза қылмай, 

Құнанбай екі барған 

Қажылыққа. 

Халқына берген билік бағасы ұнап, 

Қалың ел 

Қаракесек - жағасы бақ. 

Абай да Қарқаралы қаласына 

Келіпті талай рет нағашылап. 

Келгенде нағашы елі 

Қалың Шаншар, 

Қуанып қалады екен жаны кәусар. 

Абай да араласып кетеді екен, 

Ел іші тұра ала ма болмай дау-шар. 

Бәріне жүріпті Абай араласып, 

Көрмеген айтар сөзден ол адасып. 

Шаншарлар: 

- Нағашыға тартқан ұл! - деп 

Мақтапты жан-жағынан қамаласып. 

Көңілге қашан болсын ауыл - көрік. 

Қиялға қосылады дауыл - желік. 

Абай да талай рет таңырқапты 

Қара орман -

Қарқаралы тауын көріп. 

Қайыңды, 

Қарағайлы 

Қарқара тау. 

Болғандай бар адамға ортақ отау. 

Өзі де «Қарқаралы» деген сөздің 

Өзгеше. 


Неткен ғажап дархан атау. 

Жайына -


Жайбарақат жата алмастан, 

Бұл жерді аяғымен 

Ахаң басқан. 

Алты ай қыс 



Ақ түрменің дәмін татып, 

Қиналған хабар-ошар, хат алмастан. 

Кездер көп бұл жалғанда ғапыл басқан, 

Жас жігіт 

Жүре ала ма шатылмастан. 

Патшаға 


«Петиция» жасамақ боп, 

Ақбайдың Жақыбымен ақылдасқан. 

Ел солай бүлінген соң іргесінен, 

Тарихтың қалай қалмақ күр көшінен?! 

Ақыры қуғын-сүргін, 

Алас-күлес, 

Семейдің бір-ақ шыққан түрмесінен. 

Зұлматтың сиқы осындай жат орнатқан, 

Түсірген тұзағына - қатал қақпан. 

Ол аздай, 

Бұл Семейдің түрмесінде, 

Әлихан Міржақыппен қатар жатқан. 

Тарихтың 

Сөз бастасаң мысалынан, 

Жалғанда аз болмаған кұсалы жан. 

Патшаға 


Ең алғашқы қарсы шеру -

Басталған 

Қарқаралы кұшағынан. 

Кейіннен бұл өлкеге 

Кеңес келіп, 

Тарихта қалды ол да белес болып. 

Жетпіс жыл 

Ту даланы теспей сорып, 

Бұл күнде 

Өкінішті, 

Ол - естелік. 

Жаңбырдай 

Қара аспаннан қайғы бүркіп, 

Биелер іш тастады... 

Айғыры үркіп. 

Қазақты таққа бөліп таластырып, 

Кедейге -

Көпшік қойып, 

Байды құртып. 

Осылай әр ауылда кеңес құрып, 

Зорлықпен бай-кедейді теңестіріп. 

Ежелден 


Еркін елдің 

Есін алды -

«Коммунизм» дегенді -

Елес қылып. 

Болмайды Коммунизм, 

Болған емес. 

Бәрі де бұралқы сөз -

Жалған елес! 

Бостандық -

Басыңдағы еркіндігің, 

Бұл бақыт -

Көрінгенге қонған емес. 

Бірақ ол 

Бәрінен де болған епті, 

Жусатып, 

Бай, 


Байшыкеш, 

Молда, 


Бекті. 

Жетпіс жыл 

Қалың елдің 

Қанын сорып, 

Келмеске «Коммунизм» ол да кетті. 

Осылай өтті дүние, 

Өтті дәуір. 

Халықты тұралатып көп күн ауыр. 

Даланы бір сілкінтіп тастау үшін, 

Желдетіп, 

Жеделдетіп, 

Жетті 


Дауыл. 

Бәріне куә соның 

Қарқаралы, 

Халықтың 

Қайтқан күнде бар талабы. 

Қашанда-


Ел аманда, 

Жер аманда -

Жақсылық жарып шығып 

Жол табады. 

Бас құрап, 

Арман - үміт тоғысқан соң, 

Ел-жұртым 

Ерлік жасап табысқан соң. 

Күн туды әлеуметке мамыражай, 

Бес жылғы -

Ойран-асыр 

Соғыстан соң! 



ТОҚТАР ТУҒАН КҮН 

Мың тоғыз жүз қырық алты -

Жыл көшінде, 

Атақты Қарқаралы іргесінде. 

Шыр етіп дүниеге 

Тоқтар келді, 

Жайнаған жаз айының шілдесінде. 

Су толып 

Өзен-көлдің кемеріне, 

Құлпырып 

Қайыңы да, 

Емені де. 

Жазылып 

Жалпақ елдің арқа-басы, 

Жаздың да келген кезі кемеліне. 


Төбеден 

Төнгенменен 

Күміс күні, 

Көп аса сезілмейді 

Күн ыстығы. 

Бөленіп ақ бесікке 

Бөлек дүние -

Даланың тербеліп тұр 

Тыныштығы. 

Бір сәтте -

Жасағандай мінажатты, 

Таулардың 

Тас төбесін қына жапты. 

Болды да 

Аспан асты -

Ағыл-тегіл, 

Сарқырап, 

Сай қуалап 

Бұлақ ақты. 

Айдынды күні-түні паналаған, 

Аққулар қос қанатын сабалаған. 

Бұлттарын 

Будақ-будақ 

Бұрқыратты, 

Тып-тыныш 

Тұрған 


Аспан бағанадан. 

Мүлгімей тыныштықта 

Мүлде асығып, 

Кеткендей гүлдің бәрі қырға шығып. 

Білгенін табиғат та жасап бақты, 

Күн көзі бірде ашылып, бір басылып. 

Найзағай -

Жарқылдаған жаудың кәрі, 

Назарын жалпақ елдің аудырғалы. 

Жиылып 


Қарқаралы құшағына 

Қосылып кеткендейін таудың бәрі. 

Осы еді 

О бастан-ақ арман күткен. 

Даланың қыр арқасы талған жүктен. 

Тығылып 


Қарқаралы қолтығына, 

Бір жерге жиылғандай орман біткен. 

Жарғақка тимегендей жар құлағы, 

Тағдырдың жетпегендей жарлығы әлі. 

Тоғысып бір арнаға 

Толас таппай 

Даланың құйылғандай бар бұлағы. 

Онсыз да күн қызығы аз болғандай, 

Айдынға сансыз ақку-қаз қонғандай. 

Кешегі қиян-кескі соғыстан соң, 

Табиғат тұңғыш рет мәз болғандай. 

Ел-жұртым артқа тастап ауыр күнді, 

Сонымен, жел басылып, дауыл тынды. 

Болмаса төтеп берер тегеурінің, 

Әйтпесе бере қоймас жау ырқыңды. 

Шаттықтан жарылардай жер жүрегі, 

Жырлайтын қуаныштың келді жөні. 

Қалған ел есеңгіреп, 

Соғыстан соң -

Сәбидің үнін естіп елжіреді. 

Бұл қазақ мәпелейді отбасын көп, 

Ардақтап аталарын «текті, асыл» деп. 

Есімін жас сәбидің 

«Тоқтар» қойды, 

«Бар қырсық осыменен тоқтасын!» - деп. 

Әлемде бейбіт заман орнасын деп. 

Әуенін тыныштықтың толғасын деп. 

Қол жайып, 

Бата қылып 

Тіледі жұрт, 

«Бұл қырғын енді қайтып болмасын!» - деп. 

Өтеді уақыт солай жоқ-барменен, 

Алмасып жақсы-жаман шақтарменен. 

Тәу етіп, 

Дүние тұрды 

Дүйім елге, 

Үн қатып: 

-Тоқтар! 

-Тоқтар! 

- Тоқтар! - деген. 

Бірақ та 

Уақыт шіркін тоқтамады. 

Жанарын келешекке көп қадады. 

Алтын күн 

Күміс шуақ төгілдіріп, 

Халқымның 

Қайта жанды бақ-таланы. 

Тарихы туған елдің хатқа көшіп, 

Бұйырып адал дәм-тұз татқан несіп. 

Кең дала -

Қарқаралы құшағында, 

Осылай келе жатты -

Тоқтар өсіп! 

ТЕМІРТАУДА 

Ерен жігіт 

Еңбек жолын -

Теміртаудан бастаған. 

Арман толы 

Аспан көңіл, 

Айналасы -

Асқақ ән. 

Қилы күндер 

Құшағында 

Қимылына ісі сай, 

Қиналса да -

Қиындықтан қашпаған. 


Қайсар жігіт 

Қайыспады, 

Тура жүріп, 

Тік басып. 

Жүрген де жоқ базбіреудей, 

Жиын қуып, 

Жұптасып. 

Қызметті ойламады, 

Қызығына батам деп, 

Тірлік етті 

Трестерде 

Күні-түні жүк тасып. 

Шебер жігіт 

Шен қумады, 

Шеп құрмады -

Шегендеп. 

Шоқты қаузап, 

Шойын құйды, 

Қиындықты көгендеп, 

Өміріне 


Өрнек тартып, 

Өрге қарай ұмтылып, 

Базбіреудей жоспар жасап, 

Бастық болам деген жоқ. 

Тай тұяғы 

Тасқа тисе 

Тағасы да болған жоқ. 

Арқа сүйеп 

Ардақ тұтар 

Ағасы да болған жоқ. 

Ергелі-кеш 

Алған істі 

Алшысынан түсіріп, 

Күні-түні еңбек етсе, 

Бағасы да - болған жоқ. 

Дүниенің барлық жүгі 

Иығына тиеліп, 

Бар жақсыны 

Бір өзінің 

Жүрегіне ие ғып. 

Теміртауда жүрді жігіт 

Тепсе темір үзетін, 

Тек өзінің 

Ақылы мен қайратына сүйеніп. 

Қарайлап та 

Қарамады, 

Айналасы толған қыз. 

(Қызық қуып біз де талай 

Теміртауда болғанбыз). 

Әміріне көнген жоқ ол, 

Әлдекімнің сөзіне, 

Тәңіріне сиынары -

Құдай жалғыз -

Ол жалғыз. 

Жалғыздыққа жалықпайды, 

Елмен бірге - жүрегі. 

Майырылмас қолындағы 

Қайласы мен күрегі. 

Ажырамас туған жерден 

Түлеп ұшып кеткенше, 

Ұлтпен бірге, 

Жұртпен бірге 

Арманы мен тілегі. 

Ерлік жасау ойында жоқ, 

Ел меселін қайтармай. 

Бақ пен ырыс 

Бір басында 

Төгілмей де, шайқалмай. 

Кеуде керіп, 

«Мен барамын» деп 

Мінбелерде сөйлемей, 

Теміртауда жүрді жігіт 

Білінбей де, байқалмай. 

Теміртауда жүрді жігіт 

Тұла бойдан 

Тер төгіп. 

Алаулаған, 

Жалаулаған 

От жүрегі - өртеніп. 

Тағдыр дәмі 

Кермек қандай 

Татып-білген кісіге, 

Ер көңілге 

Ермек болмай 

Ерте кеткен -

Еркелік. 

Теміртауда жүрді ол да, 

Түскен жоқ ол - аспаннан. 

Ізде оны жасыл гүлден, 

Бүршік атқан - жас талдан. 

Сол кездегі 

Жүздің бірі, 

Мыңның бірі секілді, 

Тоқтардың да еңбек жолы -

Теміртаудан басталған! 

Токарь болды -

Нөпір жолды байқау үшін ол алдан. 

Құрыш дене 

Ұлы істерге 

Үлгі болып жаралған. 

Әр қияға -

Партияға 

Мүше болып кірген жоқ, 

Не болса да 

Басқа түссе -

Көремін деп таланнан. 

Елмен бірге 

Еңбек етіп, 

Темір жонып заводта, 

Теміртауда, 

Не бір таңда, 

Күйіп-піскен о да отқа. 



Жалындады. 

Дамылдады -

Қайта кірді айқасқа, 

Тайғанақта, 

Ай мен апта, 

Сағатта. 

Жалыны ол -

Жанған оттың, 

Қызуы мол шақтардың, 

Дабылы ол -

Шапқан аттың, 

Дүбірі мол көкпардың. 

Ел біледі, 

Жер біледі, 

Біз білеміз сонан соң, 

Теміртауда 

Болғандығын, 

Толғандығын -

Тоқтардың-

Жайсаң жігіт 

Жалын оттай -

Тұла бойы - жайнаған. 

Ғұмыры бар, 

Тұғыры бар, 

Тастан табан таймаған. 

Текті жігіт 

Тап осылай 

Өмір - таудың өзінде 

Теміртаудың 

Тас қайнатқан 

Қазанында қайнаған. 

Бұған куә, 

Бүкіл әлем, 

Ұлан байтақ -

Жер мен Көк. 

Содан бері 

Ерек жігіт, 

Ел намысын берген жоқ. 

Теміртауда 

Туғандар мен 

Тұрғандардың бәрі де, 

Бұл Тоқтардай 

Ең биікке -

Көкке самғап шыққан жоқ! 



РЕКОРД! 

Оқиға мұндай 

Болмаған бұрын еш жерде, 

Ең қатал сынақ, 

Қалмаған аман еш пенде. 

Қажымай, 

Талмай, 

Қарсы бір тұрар 

Қаймықпай, 

Қазақтың ұлы -

Азапты бастан кешкенде. 

Бірінші қазақ 

Бірінші рет 

Түскелі тұр сынаққа. 

Ер Тоқтар үшін 

Ерекше болды бұл апта. 

Сондағы оның тілегі -

Жалғыз Тәңірден: 

- Қазақтың 

Арын, 


Намысын 

Мәңгі -


Құлата көрме, 

Құлатпа! 

Ал өзі болса 

Ұшақта мынау 

«Миг» деген. 

Тізгінін ұстап, 

Тұлпардай баптап күйттеген. 

Дәл осы күні жаңалық болды күтпеген, 

Сынақшы - ұшқыш 

Жеріне жетті діттеген!.. 

Аспаннан ашық 

Жауғандай жақұт, 

Бір демде, 

Осы ғой -

Бақыт, 

Береке, 


Байлық -

Білгенге. 

Дүние азат -

Рекорд! 


Ғажап! 

Жасаған қазақ баласы. 

Алаңдап тұрды қалың ел, 

Алаулап тұрды 

Аспан мен Жердің арасы. 

Тоқтар ғой мынау 

Дұрыстап 

Тағы қарашы! 

Оралды елге, 

Оралды жерге 

Тұлпарын мініп «Миг» деген. 

Көтере алмайтын 

Өзінен басқа жан адам -

Иығындағы жүкпенен. 

Жасады ерлік 

Маңдайға бұрын бітпеген. 

Осы ғой, шіркін, 

Жер деген 

Алып құрлыққа 

Тамыр тартқан 

Мықты Емен! 

ҚАС ҚАҒЫМ СӘТ «МИГ» ДЕГЕН 

Мінді Тоқтар 

«Миг» не, 

Сұңқар жолын  с ү й д і м , 

Шабыттанып, 


Шарқ ұрып. 

Шықты аспан 

Биігіне, 

Осы жолда 

Ол талай, 

Отқа түсіп күйді де. 

Кейде қатты қуанып, 

Кейде қабақ түйді ме? 

Құйқылжыған 

Қырандай 

Күйкентайға шүйліге. 

Нағыз сынақ, 

Бұл сынақ, 

Тәуекел! - деп ұшқандар 

Енді кайтіп келмесін, 

Білмеді ме, 

Білді ме?! 

Біздің Тоқтар 

Шынында, 

Өзіне-өзі сенімді. 

Өйткені, 

О л -


О бастан 

Таңдаған жоқ жеңілді. 

Жан-жағына қарады, 

Жаймашуақ жанары 

Жаз күніндей көңілді. 

Дәл қазіргі қуаты, 

Қайыстырар беліңді, 

Майыстырар темірді. 

Өйткені, 

О л -


О бастан, 

Жанымен де, 

Тәнімен 

Сүйе білген -

Өмірді! 

...Қас қағым  с ә т -

«Миг» деген, 

Мың шақырым биіктеген. 

Тайып кетпей 

Дәл кону -

Діттеген жер -

Нүктеден. 

Ол бір -

Ерлік, 


Дүниеде, 

Ешкім болжап, 

Күтпеген. 

Көзсіз батыр болмаса, 

Кім бар оны 

«Құп» деген. 

Бара алмайды 

Бұл жерге 

Амалдаған, 

Үптеген. 

Не - «бар». 

Не - «жоқ», 

Бұл жерде, 

Болған емес жүп деген. 

«Өмір» деген 

Жалғыз сөз 

Тағдырыңды шешеді, 

Тағы да бір дәлелдеп 

Талқаныңды бітпеген. 

Ал кұласаң, 

Құрыдың, 

Кеттің онда 

Құрдымға. 

Түзің түгіл, 

Ізің жоқ, 

Сүйегіңді таба алмас, 

Іздесе де -

Итпенен. 



ҒАРЫШҚА ҚАДАМ 

Жалындап 

Жарқырайтын, 

Жанатын да, 

Арындап 

Арғымақтай 

Ағатын да. 

Бір қазақ 

Бар деген сөз 

Белең алды -

Байқоңыр. 

Ғарышкерлер санатында... 

Жер қандай, 

Жайнап тұрған 

Аспан қандай. 

Жөні жоқ 

Жас батырдың 

Жасқанғандай. 

Алқынып соққан жүрек, 

Айтқан тілек -

Ғарышқа 

Алғаш қадам басталғандай. 

Көңілі Тоқтардың да тояттанып, 

Шалқыды -

Кеудесінен ой ақтарып. 

Кіргендей -

Құшағына 

Қазақстан 

Жүр еді -

Көптен бері саяқтанып. 



«ГАУҺАРТАС» 

НЕМЕСЕ САУЫТБЕКТІҢ ӘҢГІМЕСІ 

Ақынға тың тақырып тауып кеткен, 

Алтындай түсе қалған жауып көктен. 

Жақында бір әңгіме 

Тоқтар жайлы 

Естідім -

Абдрахманов Сауытбектен. 


Байқатып інілік сыр, дос тілегін, 

Бір шабыт қиялыма қосты менің. 

Деген ол: 

- Дастаныңа дерек болсын, 

Тоқтардан бір әңгіме естіп едім. 

Ресей орманының шалғайында, 

Көрген ол қиындықтың қандайын да. 

Алдымен бұл бір жайды 

Ақын жазсын, 

Әңгіме болғаннан соң ән жайында. 

Қыранның көрдім қанат қаққан кезін, 

Ақынға біткендейін мақтан сезім. 

Мен дағы өлең қылып өрнектедім, 

Сондағы Сауытбектің айтқан сөзін. 

Тайгада 

Қалың орман арасында, 

Зар болып көзге ілігер қарасынға. 

Жападан-жалғыз өзі 

Жүрді Тоқтар 

Жанының 


Жасыра алмай 

Жарасын да. 

Орманды күн кезеді, түн кезеді, 

Өртеніп өкініштен тұрды өзегі... 

Жырақтан сауалына жауап таппай, 

Сынақтан қалжыраған бір кез еді. 

Елжіреп ет жүрегі - ауырған шақ, 

Көңілі алай-түлей ауылды аңсап... 

Қиялы - қиядағы қаракөзде, 

Басында болғанменен тәуір мансап. 

Осылай тұра бермес заман мәңгі, 

Кім білген, бәлкім, өмір тәмамдалды.. 

Көкке ұшып, 

Жетпіс рет жерге құлап, 

Сынақтан кеше тағы аман қалды. 

Қиналып күні-түні қара тер боп, 

Кемесін кең дүниенің дара тербеп. 

Қазақтың 

Қаз дауысты нар жігітін, 

Білмейді, 

Бұл жерде ешкім 

Бар екен деп. 

Бойыңда болғанменен ақыл-дарын, 

Жоқ сенің мақтан тұтып мақұлдарың. 

Бір күні көз жұмылып кете барса, 

Білмейді ел, 

Бұл қазақтан 

Батыр барын. 

Бұл жерде бәрі жұмбақ, 

Бәрі тылсым. 

Бақ-дәулет, 

Бала-шаға әрі тұрсын. 

Қазақ боп шықпаған соң 

Жер бетіне, 

Даңқың да, 

Атағың да - бәрі құрсын! 

Көңілді білмен, немен айықтырсам, 

Кім келер құшағымды жайып тұрсам. 

Жоқ әлде, 

Көз жетпейтін көкжиекке, 

Қайтеді, 

Ізім-қайым тайып тұрсам. 

Жалғыздық! 

Тағдыр тартқан жаза маған, 

Табылмай жан-жақтан қол созар адам... 

Шақтарды өтіп кеткен есіне алып, 

Тоқтарды осындай ой мазалаған. 

Тірліктің көңілі қалып біразынан, 

Кез еді жан-жүрегі құлазыған. 

Күй болып тұла бойын тербететін, 

Жанына болмай қойды бір азық ән. 

Орманда жүргенменен қыдырып жай, 

Бұл тылсым тіршіліктің түрін ұқпай. 

Жалғыз-ақ жан серігі алаң болар, 

Қолында радио жұдырықтай. 

Сөйлейді кіл орысша оның да өзі, 

Осылай ашылмады көңіл көзі. 

Осы күн, баяғыдай 

Оралмай тұр -

Ой - сергек, 

Дененің де жеңіл кезі. 

Тұрса ғой көңіл шіркін 

Тасып мәңгі, 

Еске алып, 

Ерке сұлу - ғашықтарды. 

Түңіліп бостан-босқа тұрмайын деп, 

Түймесін радионың басып қалды. 

О, ғажап! 

Таңғажайып бір ән кетті, 

Құйқылжып самғағандай 

Қыран көкті. 

Меңдеген көңілдегі күмән кетті, 

Көлбеген көз алдынан тұман кетті. 

Бұл Тоқтар тұра алмады бойын билеп, 

Бой түгіл ұстай алмай ойын билеп. 

Қосылып бар табиғат әсем әнге, 

Кеткенде, 

Қоршап тұрған қайың билеп. 

Құйқылжып -

Қазақ сөзі, 



Қазақ әні, 

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Garysh -> Aubakirov T
Kraeved -> Марат Әбсеметов 1960 жылы туған, Қазму-дің журналистика
Kraeved -> Орталық Қазақстан. 2001. 23 маусым. 14 б. Ақжолтай Ағыбай батыр
Kraeved -> Ардақты баба күйлерін қалың қауым алдында насихаттап, ел арасына кеңінен тартуда кейінгі
Kraeved -> Саттар туралы сыр
Aubakirov T -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Aubakirov T -> Ғарышқа тек әубакіров емес, БҮкіл қазақ баласы ұшып бара жатты

жүктеу 129.85 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет