Сергей кулагин


беЗбен Үлкен Джордж буштың



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

беЗбен

Үлкен Джордж буштың 

ұлы, кіші буштың інісі Джеб 

буш республикалық партия 

аты нан аҚШ президенттігіне 

үміткер ретінде тіркелді. Ол 

өзі нің алғашқы сөзін аҚШ­ты 

жайлаған жүгенсіздік пен ақ 

үйдің  іс  басындағы  қо жа йы ны­

ның шалыс қадамдарын сынау­

дан бастады. 

Президенттік лауазымнан 

үмітті екендігін Хилари Клинтон да мәлімдеген 

бо латын. Ақ үй басшылығынан өзге де саяси 

күштердің өкілдері дәмелі. Алайда сарапшылар 

негізгі тартыс Американың саяси ең белсенді екі 

әулеті арасында жүретіндігін болжап отыр.  

2016 жылғы сайлауда Х.Клинтон жеңіске жетсе, Ақ 

үйді билеген алғашқы әйел, ал Дж.Буштың асығы 

алшысынан түссе – Американы билеген бір әулеттің 

үшінші ұрпағы атанғалы тұр. 

Франция мұсылман жамағатының беделді жетекшісі, 

дәлірегі, Париждегі орталық мешіттің имамы әрі фран­

цуз мұсылмандар кеңесінің Президенті Далиль бубакер 

қаңырап қалған католик шіркеулерін мешітке айналдыру 

туралы бастама көтерді.

Д.Бубакер бүгінгі таңда Францияда шамамен 2500 

мешіт бар екендігін, бұған қоса тағы 300 мешіттің 

құрылысы жүріп жатқандығын атап өтті.  Алайда, елде 

5 миллионға жуық мұсылман барын ескерсек, бұл 

мешіттер аздық етеді. Сол себепті, ол осындай мәселе 

көтерді. Сонымен қатар Клермон-Ферран қаласындағы 

30 жыл қаңырап тұрған католик шіркеуі бүгінгі таңда 

мешіт болғанын және бұған жергілікті халық наразылық 

танытпағанын тілге тиек етті. Д.Бубакердің бұл бастама-

сы қоғамда қызу пікірталас тудырды.  

Молдованың атақты кәсіп­

кері, меценат, Ресейдің эстрада 

жұлдызы, әнші Жасминнің күйеуі 

Илан Шор Оргеев қа ла сының 

мэрі болып тағайын далды. 

Оргеев қаласында өткен 

сайлауда И.Шор 60 пайыз да-

уыс жинап жеңіске жетті. Ол 

дауыс берген сайлаушыларға 

алғыс білдірді. Айта кетейік, 

Мол довада жергілікті билік 

үшін саяси науқан өткен болатын. Орталық сайлау 

комис сиясының таратқан мәліметіне сүйенсек, 

сайлауға елдің 48,9 пайызы, яғни 1 384 641 сайлау-

шы қатысқан. Ал аудан, қала мэрі үшін таласқа 898 

үміткер тіркелген.



Италияға ағылған заңсыз 

мигранттар саны күн санап артып 

келеді. Жергілікті билік оларды 

орналастыратын жер таба алмай 

отыр. Келімсектерге арналған 

арнайы орталықтар лық толы.

Жуырда елдің оңтүстігінде 

теңізде құтқарылған 350 ми-

грант қазір далада түнеуге 

мәжбүр болды. Келімсектер 

ж е к е   б а с ы н ы ң   т а з а л ы ғ ы н 

сақта май тындықтан, түрлі ауруларға шалдығып 

жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, мигранттардың 

дені қышыма дер тіне шалдыққан. Осыған орай 

келімсектерге арнайы медициналық орталық ашылып, 

қызмет көрсетуде.  

Дания жағалауынан өте сирек кездесетін сүтқоректі 

су жануары табылды. Ғалымдар бұл су жануарын ақ 

теңіз доңызы деп атады. 

Аталған сүтқоректіні адам дар соңғы бір ғасырда 

небәрі 15 рет кездестірген. Теңіз жа  нуары көзден 

таса болу дың хас шебері. Ғылыми мәлі меттерге 

сүйенсек, жануар өткен ғасырдың тек 1911, 1928, 

1929, 1937 және 1988 жыл дарында ғана Украина, 

Ирландия, Шот лан  дия мен Дания елдеріндегі 

теңіз жағалауынан байқалған. Ал ең соңғы рет 

ол осыдан 8 жыл бұрын Сан-Фран цис кодағы 

көпірдің астынан бой көрсеткен.  Биологтардың 

таратқан мәліметінше, теңіз доңызы жұртты ерекше 

қылығымен де таңғалдыра білген. Өйткені әдетте 

жасырынып жүзетін сүтқоректі бұл жолы өзін бей-

неге түсірген кемеге жақындап келіп, суда емін-еркін 

ойнаған.

зАмАндАс


Әзірлеген Нұрлан ҚҰМаР

Ж

аһанның жүрек лүпілі



Ж

аһанның жүрек лүпілі

Ақ үй 

еуропА 


тмд

АпенИн түБегі 

скАндИнвИя түБегі

Үміткерлердің саны артты

Мешіттер қатары толыға түспек

Оргеев қаласын басқармақ

Басқа түссе баспақшыл 

Ақ теңіз жануары 

«Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты басы-

лым дардың еңбек ұжымдары тарих ғылымының докторы, 

академик 



Мәлік­айдар ХаНТеМіРҰлЫНЫң

қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-

туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.  

Қазақ Мемлекеттік Университеті журналистика факуль-

тетінің 1982 жылғы түлектері «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда 

облыстық филиалының директоры Жағыпар Қарабалаға інісі 



аЙҒалИДЫң

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл 

айтады.  

ша жаңа тараулармен толықтырылып, 

екінші рет жарық көріп отыр деген 

ескертуі бар. Бірінші басылым менің 

көзіме түспеді, сондықтан салысты-

рып айта алмаймын. Ал мына кітапты 

бірінші «Ата аяны»-нан бастап соңғы 

«Алғашқы  шы рақ шы»  тақырыбына 

дейін қадалып отырып оқып шығу 

керек. Үш жарым ғасыр тереңінен 

бері қа райғы өмір бүгін өзіміз тұрып 

жатқан Жетісу өңі рінде, Кеген мен 

Нарынқолдың, арғы бет Сүмбе мен бергі 

Шелек арасында өткен. Кейіпкерлер 

болса әз-Әлмеректің өзінен бастап 

бергі Шоқан Уәли ха нов ты басып өтіп, 

кешегі Қонаевқа дейін келеді. Осы 

уақыттардағы айтулы оқиғаларға соғып 

өтеді. Сондықтан шығарма желісін 

тарқатып алмай түсіну үшін қадағалап 

оқыған абзал.

Шығарма бүгінгі оқушыға не 

береді? Ең алдымен, бұл автордың 

аяғынан тозып жүріп жылдар бойы 

жинаған деректері. Қаншама адаммен 

кез десіп пікірлескенде, бала кезінен 

құлағында қалған хикая, аңыздарды 

саралап келгенде түзген пайымдары. 

Соларды логикалық қисынмен қағазға 

түсіруі. Мұншама деректі жинап, ешбір 

көркемдік әспеттеу қоспастан қисындау 

үшін шеберлік керек. Көркемдік 

автордың сол адамдарға деген эмоция-

сында. Бұл аңыз бен ақиқаттың байла-

нысын саралаған шы ғар ма. Сондықтан 

да деректілігін ақтап тұр. Біздің бү гінгі, 

келешектегі ұрпағымыз әрбір аңыздың 

астарынан адам іздейтін болса өткенге 

кеткен есемізді қайтаруға сеп болар еді. 

Автордың түпкі мақсаты да осы сияқты. 

Қазір көп айтылып жүрген – бүгінгі 

күннің кейіп кері кім және өмірбаяндық 

шығармалар керек пе деген төңіректе 

сөз қозғауға тұрарлық екі кітап тү-

сіпті. Өмірзақ Қажымғалиевтің «Қыран 

қияда» атты кітабы Атыраудан шыққан. 

Кейіпкері қатардағы мұнай өндіру 

операторынан цех бастығына дейін 

көтерілген, яғни өз кәсібінің барлық са-

тысын мең гер ген маман, сондықтан да 

мұнай саласындағы бірқатар мекемелер-

ге басшылық жасаған, ақыры Жылыой 

ауданының әкімі болып тағайындалған 

Мақсым Ізбасов. Шығарма үлкен 

құрметпен, жеңіл оқылатын жатық 

тілмен жазылған. Автордың кейіпкерді 

жақсы білетіні, тіпті аралас-құралас 

екені көрініп тұр. Қысқасы, дерек 

толық. Бірақ ағайындық, яғни пани-

братство  дегендей,  қара байыр лыққа 

түспеген. Арамызда жүрген бүгінгі 

күннің кейіпкерінің маман ретінде, аза-

мат ретіндегі, отбасының сүйеніші әке, 

жақсы жар ретіндегі бейнесі нанымды 

көрсетілген.

Эсселер, ой-толғамдар, баптама-

ларды топтас тырған «Қалам қанаты» 

қазіргі публицистикада беделді орны 

бар, журналистиканы өнер деп тани-

тын қаламгер Жұмабек Кенжалиннің 

кезекті кітабы. Кезекті дейтінім, 

өткен жылдың қорытындысында да 

аталып еді, әлі де жақсы жұмыстар 

күтеміз деген сенімдемін. Өзі студент-

терге, өзіміздің университеттен сабақ 

беретін, өзі күнделікті баспасөзге бел-

сене қатысатын, былайша айтқанда, 

ат үстіндегі журналист, бағытын 

әлдеқашан анықтаған Жұма бекке: 

Иә, деректі прозаның талабын түгел 

игеріп, жанрдың үдесінен шығыпсың 

деп көлгірсудің қажеті жоқ деп ой-

лаймын. Әңгіме дәл осы жинақтың 

оқушыға не беретіні жайында болғаны 

дай жауапкершілігі неде екенін тану 

үшін оқу керек. Не үшін жаны ауы-

ратынын түсіну керек. Не жазса да, 

қашан жазса да жанымен сезініп, жүре-

гімен түйсініп жазатын Талғат өзіне-өзі 

өз халқының мұңы мен зарын айтып 

өтуге серт бергендей. Жақындасаң 

жылағың келеді. Бір ғана «Қайдасың, 

Мағауиясын» оқиық. 1996 жылы 

жазылған. Бірақ ескірмейді. Өйткені 

тақырыптағы сұраққа күні бүгінге дейін 

жауап табылған жоқ. Елді елең еткізген 

дарынды суретші Мағауия Аманжолов 

сол жылы шеберханасына кеткеннен 

оралмады. Екі дүниеден де хабар жоқ. 

Артында балалары, жары, дарынды 

суреттері қалды. Талғат сол суреттерге 

қарап авторының тағдырынан хабар 

берер белгілерді, әлдебір паралелльдерді 

іздейді. Бірақ аяғы көп нүкте. Себебі оны 

анық бір әлемге қоса алмайды. Қоса ал-

маймыз. Бұл анық жоқтау деуге де аузым 

бармайды. Бұл – мұңды реквием. Қазақ 

өнерінің әр заманда әрқалай жоғалып 

бара жатқан белгілеріне бағытталған.

Бәрімізге, яғни әдебиет маңайында 

жүргендерге жылы тиер бір кітап 

бар  екен.  Әділғазы  Қайыр бек ов тің 

Айбергеновтің Қазақстанға келуіне 

байланысты, туған жеріне байланысты 

қате дерек айтқандарға ескерту ретінде. 

«Қазақтың бәрі бірінші». Тоқтар мен 

Талғаттың ғарышқа қайсысы бірінші 

ұшты деген тақырыпта тоғышарлардың 

әр саққа жүгірткен әңгімелері жөнінде. 

Кітапта көп жылдан бергі жиналған де-

ректер уақытымен, орнымен сөйлейді. 

Еңбектің құндылығы – әрбір деректің 

негізіндегі адамдардың, оқиғалардың 

қазаққа берер тәлімі, ой салатыны, 

өткенге ойша көз жібертетіні.

Енді бір кітап Толымбек Әбдірайым-

ның «Ағыл-тегілі». Өзі де ағыл-тегіл ком-

позитор, эссеист, суретші Илья Жақанов 

жайлы. Өзі жазатын, өзі радио, теледи-

дардан айтатын, тіпті болмаса суретін 

салып, әндетіп айтып беретін адам ту-

ралы не қиналатыны бар деуге болады. 

Бірақ Толымбек ағасын сөйлетіп қойып 

тыңдамайды. Оның шығармаларын 

өзі тыңдай отырып, авторды сырттай 

бақылап, шығармашылық болмысына 

ой жібереді. Өнер мен өнерпаздың 

арасындағы тылсымды түсінуге тыры-

сады. Сонымен бірге, Жақанов атты 

пенденің өміріндегі әр түрлі штрих-

тарды жеке-жеке де тақырыппен 

береді. Сондықтан да кітап «Деректі 

әңгімелер», «Эсселер мен сұхбаттар», 

«Мөлтек әңгімелер» деп бөлінген. 

Бірақ бәрі қосылып негізгі кейіпкердің 

бейнесін шығаруға атсалысып тұр. 

Кітап соңында кең таралған әндерін 

нотасымен беруі образды толықтырған. 

Бұл әдемі өнерпаз турасындағы шын 

көңілден туған, інілік ілтипатына қоса 

қаламгерлік сараптауы көрініп тұрған 

көркем шығармаға бергісіз дүние 

екен. Біздің әдебиетте көзі тірісінде 

мұндай ілтипатты көргендер, әсіре 

мақтау, дақпыртсыз, өнерінің бол-

мысын пайымдайтын жоқтаушылар 

т а б у   к ө п   а д а м н ы ң   п е ш е н е с і н е 

бұйырмаған. Ілекеңнің өзінен сұрасаң 

ол тізімді Ахмет Жұбановтан бастап, 

Шәмші, Әбілахаттармен жалғап тізе 

жөнелер еді. Мұндай еңбектер, сөз 

жоқ, керек. Көбірек болса тіпті жақсы. 

Осы күні кеше апақ-сапақта 35 бас-

па табақ бір салмақты кітап келіп 

түсті. «Балуан Шолақ Баймырзаұлы», 

құрастырушылар белгілі қалам герлер 

Ғазизбек Тәшімбай мен Нағашыбек 

Қапалбекұлы. Негізінде шалымды 

журналистердің сонша неге марғаулық 

танытқаны маған беймәлім. Мазмұнына 

ғана көз жүгіртіп, Өмірбек Бәйгелдінің 

ойламаған жерден Балуанның мүсінін 

Мадридтен тапқанын оқығанда, кітапта 

біршама назар аударарлық зерттеу-

лер, ізденістер бар екен деп топшы-

ладым. Сәбит Мұқановтан бастап 

бұрыннан белгілі нәрселерге қоса 

бірқатар жаңа ізденістер бар көрінді. 

Құрастырушылардың бірі Ғазизбектің 

зерттеуіндегі қисынды салыстырулар 

көзкөргендер мен ағайындарының 

естеліктері шола қарағанда көзімізге 

түскені. Мұндай жинақтар әуестік үшін 

емес, ұрпақ жадына қозғау салу үшін 

керек.

Енді бір сөз мақалдарды қолдану 



жөнінде. Қа зақ та Құдайға шүкір, арғы-

бергі қажетімізге түгел жететін мақал-

мәтел бар. Соны орнымен қолдан-

ғанымыз дұрыс қой. Сөзім өтетін 

Орекеңнен бір мысал келтірейін. Отыз 

тоғызыншы бетте біраз мақалдарды 

тізіп келіп, «Алтау ала болса, ауыздағы 

кетеді, бесеу біріксе берместі алады» деп 

келтіреді. Осы мақала ежелден: «Алтау 

ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел 

болса, төбедегі келеді» еді ғой. Салыс-

тыруы, ұтымдылығы бәрі орнында. 

Бесеу бірігіп берместі алады дегеніңіз 

күш көрсетуге жа қын тұр ғой. Ешкімнің 

қаламы менің пікіріме қарап қалмаған 

болар, дегенмен «Әдебиет – ардың ісі» 

екенін есте ұстағанымыз дұрыс деп 

ойлаймын.

Бұл жиын жыл қорытындысы аталып 

отырған дықтан негізгі пікір осы аталған 

кезеңде баспадан шығып, оқырман 

назарына жол тартқан кітаптардың 

әдебиетке қосары бар ма, жоқ па деген 

сауалға жауабы болса керек. Әлбетте 

бар. Әрқайсысының өз орыны екшеліп, 

келер күндерге азық болары сөзсіз.

дұрыс сияқты. Бұл «Қалам қанатында» 

тәуелсіздік туралы толғаудан бас тап, 

сан алуан мамандық иелерінің өнердегі, 

өндірістегі, кәсіптегі бейнесі жүр. Әр 

жылдарда жазылған. Мысалы, Шол-

пан Жандар бекова ның өнерін 1994 

жылы, суретші Ерболат Төлепбайды 

1987 жылы жазған. Күні кеше, яғни 

2014 жылы «Ұлы қазақ елінің тари-

хына, тағдырына тамсанған және 

таңданудан жалықпаған жолаушы» де-

ген ұзақ тақырыпты байыптаудың негізгі 

кейіпкері Адольф Янушкевич, антура-

жы поляк халқы. Янушкевич қазаққа 

таңғалады, Жұмабек Янушкевичке таң-

ғалады. Соның әсерімен мынадай үзінді 

келтіреді: «Жоңғарлар қиратқан ескі 

қалалардың орнына салынған Семейде 

7 мыңға тарта тұрғын бар (1848 жылдың 

мамырында жазылған хат), олардың көбі 

татарлар, ташкенттіктер, бұқаралықтар. 

Сондықтан шіркеу біреу, ал мешіт алтау 

немесе жетеу. Қазақ тілі барлық жерде 

дерлік қолданылады. Тіпті, мұндағы 

сән-салтанаты асқан ресейліктердің тең 

жартысы, біздің әйелдеріміздің фран-

цузша сөйлейтініндей, осы тілде еркін 

сөйлейді» (1979 ж. «Жалын» баспасы-

нан шыққан «Күнделіктер мен хат-

тар» кітабынан). Мұны біразымыздың 

оқыға нымыз да бар шығар. Бірақ қазіргі 

билік пен оның маңындағылардың 

оқығанына күмәнім бар (Қашан да 

қосақ арасында біреулер кетіп жатады, 

олардан кешірім сұраймын). Дерек 

беріліп тұр ма? Беріліп тұр. Астары 

бар ма? Бар. Қандай? Автордың негізгі 

жоқтауы – қазақтың тіліне, халықтық 

қасиетіне деген жанашырлығы. Де-

мек, жоғарғы, тіпті ұлы мақсат десек 

те болады, автор әрбір шығармасымен 

оқушыға ой салуға, дара саналылыққа 

жетелеуге тырысады. Көппен көрген 

ұлы тойдағы дүрмекпен кете беру са-

наулы қазақты ұшпаққа шығармайды, 

бір сәт тұра қалып ойланып, жан-

жағымызға байыптап қарауымыз керек. 

Тағы осындай түртіп қалсаң «Қазағым!» 

деген қаны мен тері қатар шығып тұрған 

екі кітаптың авторы Талғат Айтбайұлы. 

Талғатты таныстырудың қажеті жоқ. 

«Ел және мен», «Айтпай қойды-ау 

демеңіз» деп, мойнына соншалықты 

жауапкершілік алып отырған авторды 

не деп таныстырамыз. Оның осын-

«Тұлғалар тағлымы» әдебиетіміздің 

біз көрген алыптары Сәбит Мұқанов 

пен Ғабит Мүсіреповтің музей-үйлері 

жайлы. Иә, кейіпкер – музей-үй. Әуелі 

университет бітіргеннен кейін экс-

курсовод болып келіп, кейін жылдар 

өткен соң директор болып оралған 

Ә д і л ғ а з ы   о қ у ш ы ғ а   о с ы   м ә д е н и 

орынның құндылығын түсіндіруге 

тырысқан. Дерегі қолында тұрған соң 

оның несі қиын дейміз ғой. Қайдам? 

Қолыңмен ұстап тұрған нәрсенің 

қасиетін білу үшін де біраз сауат керек 

екен. Сәбеңнің музейінде тұрған екі 

домбыраның маңайынан қаншама 

деректер тарқатады. Музейлердің 

ашылуынан бастап қалыптасуы, 

әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі оры-

ны, экспозицияның жасалуы мен ауыс-

тырылуы дегенді қолмен ұстатқандай 

түсіндіреді. Олардан басқа музей 

жұмысында кездесетін ірілі-ұсақты 

жұмыстардың маңызын және осы 

мекеменің руханиятта алатын оры-

нын түсіндіруге тырысады. Кітаптың 

құндылығы автордың мәселені ішінен 

аша білуі. Иә, ұлылар еді, ойпырмай 

қандай адамдар... дегендей тоғышарлық 

таңғалу емес, кітапты оқыған адам бұл 

музейдің жанды тұлға екенін, жал-

пы музей дегеннің мәнісін ұғынады. 

Автордың музей жұмысымен Ташкент-

ке барғандағы табысы, таңғалысы, әр 

түрлі салыстырулары Шолоховқа, оның 

Оралдағы музейі мен қазақтың әдебиет-

шілермен байланысы жайлы қызыға 

оқисыз. 


Өзім пікірін құрметтейтін әріптес 

ағам Зәкір Асабаевтың «Өмір өрнектері» 

жинағы тұр қолымда. Жарты ғасырдан 

астам баспасөзде жүрген адам. Тіпті, 

соңғы жылдары белсендірек жазады 

десем болады. Және бүгінгі оқушыға 

керек нәрсені. Ол көп жыл баспасөзде 

істеп, тақырып екшей білуінен болса 

керек. Әрі, әлгі бір әзілде айтылатын-

дай «білген соң да айтады-ау» деймін. 

Өйткені Зәкеңнің барлық жазбасының 

ішінде өзі бірге жүреді. Кітаптағы 

қаншама кейіпкерлер өткендегі, кешегі, 

бүгінгі тірліктерімен көз алдымызға 

келеді. Зәкең бұрынғы өмірінде сықаққа 

жақындау болған ғой. Сонан ба, 

кейбір тақырыптары шымши қалады. 

«Білмесең басты қатырма». Төлеген 

заманындағы әр құбылыстан, оқиғадан 

дерек беретін нақты айғақ. Бүгінгілер өз 

замандастарын таныса, ен ді гілер бұлар 

өмір сүрген уақытты таниды.

Келесі автор да оқушыға көп жылдан 

бергі тұрақты махаббатының нәтижесін 

ұсыныпты. Бұл екі үлкен махаббаттың 

иесі – әз-Әлмерек пен Шоқан Уәли-

ханов. «Әлмеректің бес баласы және 

Еділ-Жайық» кітабының авторы Ораз 

Қауғабай осылай деп ашық айтып отыр. 

Шығарма  оқырмандар  сұ ра ны сы  бойын-



Кітапханашылар тәжірибе алмасты

Жуырда облыстық мәдениет, мұ­

рағаттар және құжаттама басқарма сы ның 

қолдауымен С.бәйішев атындағы облыстық 

әмбебап­ғылыми кітапханасы Темір 

аудандық орталық кітапханасында кәсіби 

тәжірибе алмасу мен кітапхана мәртебесін 

көтеруге арналған «Кітапханаларда 

дәстүрлі және электронды өлкетану 

қорын қалыптастыру» мәселесі бойынша 

аймақтық кеңес ұйымдастырды. Кеңеске 

аудандық, облыстық, жасөспірімдер 

кітапханасы мамандары қатысты. 

Темір аудандық мәдениет және тілдерді 

дамыту бөлімінің басшысы Қайыржан Ба-

киев жетістіктер мен алда тұрған міндеттерге 

тоқталып, кітапхана ісінің дамуына және 

мамандардың біліктілігін көтеруге үлес 

қосатын мұндай шаралардың өз жалғасын 

табуына тілектестігін білдірді.

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-

ғылыми кітапханасының директоры Несібелі 

Жұмағұл «Заманауи кітапхана: дәстүрлі және 

жаңаша қызмет» тақырыбында дәріс өткізді. 

Кітапхананың заманауи технологиялармен 

жабдықталуы, сол технологияларды пайда-

лануда мамандардың сауаттылығы маңызды 

екенін атап өтті. Өлкетану бөлімінің маманы 

С.Сұлтанаева «Кітапханаларда дәстүрлі және 

электронды өлкетану қорын қалыптастыру», 

ақпараттық-библиографиялық бөлімінің 

меңгерушісі Г.Сеитова «Библиографиялық 

деректер базасын қалыптастыру әдісі», құжат-

тар ды жинақтау, өңдеу және каталогтарды 

ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Қ.Райм-

баева «Қазақстанның Ұлттық электронды 

кітапханасы қорын толықтыру қыз ме тін пай-

далану» тақырыбында баяндама жасады.

Мұғалжар  аудандық  орталықтан ды рылған 

кітапхана жүйесінің директоры Әлима Нияз-

бекова өз баяндамасында Қазақстан халқы Ас-

самблея жылына байланысты Астана, Алматы 

қалаларынан келген қонақтарға кітапхананы 

таныстыру барысында жүргізілген экскурсия-

дан бейнекөрсетілім ұсынды. 

Темір аудандық орталықтандырылған 

кітап хана жүйесінің директоры Әсия Жұмаға-

лиева «Дәріс, тәжірибе алмасу, презентация-

лар ауыл кітапханашыларының біліктілігін 

көтеру дегі тиімді әдіс» тақырыбында жай-

ларды қозғады. Жиын барысында өткізілген 

дәрістер дің кітапхана мамандарына өте пай-

далы жақтары көп болғанын айтып, барлық 

қатысу шыларға алғыс білдірді. Кеңес соңында 

қатысушылар мен қонақтар өз пікірлерін ай-

тып, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-

ғылыми кітапханасының директоры Несібелі 

Жұмағұл қорытындылады. 



Шынар ЖаУлЫбаева,

С.бәйішев атындағы ақтөбе облыстық 

әмбебап­ғылыми кітапханасының әдіскері 

етіледі. Бұдан бөлек республикалық телеарналар 

мен газеттердің облысымыздағы үздік меншікті 

тілшілері 500 000, «Алтын микрофон», «Алтын 

қауырсын» иегерлері де 500 000 теңге ақшалай 

сыйлыққа ие болады. Ал журналистердің кәсіби 

мерекесінде тағайындалатын сыйлықтың жал-

пы жүлде қоры – 4 млн. теңге. Мұның барлығы 

өңірдегі баспасөздің кеңінен қанат жаюына, 

сондай-ақ төртінші билік өкілдеріне көрсетіліп 

жатқан қолдау деп түсінгеніміз абзал. 

– өзіңізді көрермен қауым білікті тележурна­

лист ретінде жақсы таниды. Осыдан 3 жыл бұрын 

қа зақтың қаймағы бұзылмаған оңтүстікке келіп, 

мемлекеттік жауапты қызметке кіріскеніңізде 

әріптестеріңіз де шынайы тілектестікпен, қуана 

қарсы алды. өйткені журналистің жан дүниесін осы 

саланың білгір маманы, шынайы жанашыры ғана 

түсінеді емес пе?! Облыс әкімінің баспасөз хатшысы 

әрі облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары 

болып қызмет еткен жылдарда жергілікті билік пен 

баҚ­тың арасындағы байланыс қандай деңгейде 

дамыды деп айта аласыз?  

– Билік пен БАҚ арасындағы байланыстың 

негізгі тетігі ол, әрине, баспасөз қызметі. Ал 

баспасөз хатшысы ол екеуінің арасындағы 

алтын көпір іспетті. Бұл дәнекерлік міндетті 

қалай атқарғанымызды қарапайым халық пен 

әріптестерім айта жатар. Дегенмен, билік пен 

бұқаралық ақпарат құралдары арасында тығыз 

байланыс орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан 

облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8-шілдедегі №217 

қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі 

жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен 

өзара іс-қимыл жөніндегі» кеңес құрылған бола-

тын. Кеңестің негізгі міндеттері өзара іс-қимылдың 

тиімді жолдарын іздеу, қызметтік құзырет 

шеңберіндегі мәселелерді шешуге бағытталған 

шараларды әзірлеу, белгілі бір мәселелер жөнінде 

ұсыныстар енгізіп отыру және тағы басқа. 

Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз 

ету, жұмыстарынан ақпарат беріп отыру үшін 

«Оңтүстік» ақпарат орталығын аштық. Орталықта 

лауазымды тұлғалардың журналистерге баспасөз 

мәслихаттары, күн тәртібінде тұрған мәселелерге 

пікір білдіру шаралары ұйымдастырылып отырады. 

Бір айта кетерлігі, журналистер алдындағы мұндай 

есеп берулер күнделікті ұйымдастырылуда. 

Сонымен қатар былтырдан бері ішкі саясат 

және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 

журналистерге арналған тұрақты семинар өткізіліп 

келеді. Ол  семинарларға елімізге танымал редак-

торлар, білікті журналистер, сайт жетекшілері, 

сарапшылар қатысып, тәжірибелерімен бөліседі. 



Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет