Сергей кулагин


Ұрпақтары рухына тағзым етті



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ұрпақтары рухына тағзым етті

Жуырда ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында туған халқына, 

ел­жұртына шешендік өнерімен,  даналығымен аты шыққан 

былшық би Сейітұлының есімін ұлықтауға арналған мерекелік 

шаралар өтіп, кесене тұрғызылды. 

былшық (Құтаяқ) Сейітұлы жөнінде өлкетанушылар Қапаз 

еламанов, алмат Көрпебаев, журналистер Нысаналы 

Жаңбырбаев, Нұқы Қартбайұлы және т.б. авторлардың 

еңбектерінде, мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланған ма­

териалдар атақты бидің өмірінен жан­жақты сыр шертеді. 

Сөйтсе де, аруақты шешенді халқына қауыштыруға ықпал 

еткен Қазақстанның құрметті журналисі, көсемсөзші, ақын 

Мейірхан Ақдәулетұлының облыстық «Ақтөбе» газетінің екі са-

нында жарық көрген көлемді зерттеу мақаласы болды. Ғалымдар, 

журналистер, ел ардақтылары салиқалы әңгімеге  үн қосып, 

өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы нәубет құрбанын 

ұлықтауды қолдай түсті. Бұл Қазақ хандығының 550 жылдығына 

орайласатын маңызды шара екені айтылды. 

Мейірхан Ақдәулетұлы басшылық еткен ұйымдастыру шара-

ларына Әліби Қойлыбаев, Іскендір Мұратқанов, Хамит Өтеуов, 

Серғазы Қорғанбекұлы және басқа азаматтар атсалысты. Банктен 

арнайы ашылған есепшотқа өз ықыласымен үлес қосушылар да 

болды. Олардың қатарында Қауыпбай Жанбауов, Қасымжан 

Байсадақов, Бағдат Еңсепбаев, Әкімгерей Көшербаевты атап 

өтуіміз керек. Былшық биге арналған кесене тұрғызылатын жер 

ретінде Ақтөбеден Қарабұтаққа бет алған жолда Көрпе ауылына 

таяу сол жақ қапталдағы биік төбе таңдалып алынды. «Оразбай 

– 2005» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры 

Ғибат Қыдыралин, облыс аумағында бірқатар тарихи нысандар-

ды салудың басы-қасында болған суретші-мүсінші Аяпберген 

Қарпықов ұсынысты ықыласпен қабыл алып, жұмысқа кірісті. 

Осы ретте кешегі партия-кеңес қызметкері, зейнет демалысына 

шыққанына қарамастан ұлттық салт-дәстүрлерімізге шынайы 

жанашырлық көрсетіп жүрген Игілік Сағиевтің еңбегін де 

айрықша айтқан жөн. 

Сәуірдің 25-інде іргетасы құйылған кесене құрылысы ба-

баны еске алу шарасы белгіленген 19-маусымға дейін толық 

аяқталды. Маусымның 19-ы және 20-сы күндерінде Қарабұтақ 

өңірі тамаша той-думанның куәсі болды. Осы тұрғыда Әйтеке 

би ауданы басшылығындағы азаматтар ұйымшылдық танытып, 

тойдың жоғары деңгейде өтуін ерекше мән берді. Кесенеге таяу 

жердегі алаңда Әйтеке би, Мұғалжар, Шалқар, Ырғыз, Хромтау, 

Қарғалы аудандары, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы «Ақбұлақ» 

акционерлік қоғамы тұрғызған отыз киіз үй бой көтерді. «Достық 

сазы» ансамблі, аудандардан келген өнер ұжымдары ән мен жыр-

дан шашу шашты. 

Жұма күні Қарабұтақ ауылындағы клубта әйгілі тұлғаны 

ұлықтауға арналған жиын өтті. Ақын Мейірхан Ақдәулетұлы, 

ғалымдар Амангелді Айталы, Үкітай Байжомартов, Алтай 

Тайжанов, еңбек ардагерлері баба өмірі, билік ұстанымы, өз 

тұстастарымен қарым-қатынасы, басқа да мәселелер турасында 

ой қозғады. Ұйымдастыру тобы айрықша белсенділік көрсеткен 

адамдарға Алғыс хаттар, ескерткіш сыйлықтар тапсырды. 

Атырау облысынан арнайы келген Бекет ата мешітінің 

имамы Ислам қажы Мырзабекұлы Мейірхан Ақдәулетұлына 

Бекет ата Асатаяғының көшірмесін сыйға тартты (сурет-

те). Сүйсінерлік жай – мереке қарсаңында арнайы екі кітап 

шығарылуы, арнайы ескерткіш медалдің жасалуы. Аудан 

өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама көпшіліктің 

көңілінен шықты. Шара аясында Әйтеке би ауданының әкімдігі 

«Әйгерім» мейрамханасында мереке қонақтарына дастарқан 

жайды. Аудандық мәслихат хатшысы Ақансері Ермағамбет 

жүргізген осы басқосуда аудан әкімі Аманғали Бердалин ел 

өміріндегі маңызды шараға белсене атсалысып, өткізуге үлес 

қосқан азаматтарға сыйлық тапсырды.

Әйтеке би, Мұғалжар, Шалқар, Ырғыз, Хромтау аудандары-

ның әкімдері Аманғали Бердалин, Серік Шаңғұтов, Ербол 

Данағұлов, Мейірхан Дуанбеков, Аязбай Османғалиев (су-

ретте) құттықтау сөз сөйледі. Ақтөбе облысы әкімі Архимед 

Мұхамбетовтің құттықтау хатын аудан басшысы А.Бердалин 

оқып берді. Еңбек ардагерлерінің сөзінен соң Атырау облысының 

Жылыой ауданында Ислам қажы Мырзабекұлы Былшық би 

аруағына дұға бағыштады. 

Мерекелік іс-шара театрландырылған көрініспен, ұлттық 

ойындармен, бәйгемен шырайлана түсті. 



Жанғабыл ҚабаҚбаев,

журналист

Соңғы жылдары халқына ерекше болмыс-

бітімімен, білігімен, дегдарлығымен белгілі 

болған Былшық (Құтаяқ) би Сейітұлы 

туралы жиі айтыла бастады. Дерек аз, 

бірақ бидің есімі, алысқа жайылған даңқы 

халықтың санасында сақталып-ақ қалған. 

Қолыма түскені – Әліби Қойлыбаевтың, 

Серғазы Қорғанбекұлының және Бағлан 

Байлы-мұратұлының жазбалары. Әрине, 

бәрінікі – адал ниет пен үлкен үміттен, 

шынайы алаңдаушылықтан туған 

дүниелер. Дегенмен, марқұм Бағлан 

Байлы-мұратұлының қолжазбасы 

қатты толқытты. «Әкем Былшық бидің 

атқосшысы, серігі, сырласы болған, 

әңгімешіл кісі еді, маған «сенде зерде 

жоқ» деп жиі ұрсатын. Соның әңгімелерін 

жазып алуға да шамам жетпеді. 

енді «екі адамның бірдей аманатын 

арқалап, күнәһар боп өтемін-ау» деген 

оймен осыны қағазға түсірдім. мұны 

толықтырыңдар. Білетіндер сөз қоссын» 

деп жазыпты. Сауатсыздау, түсініксіздеу 

жазылған қолжазба менде 5-6 жыл 

жатты: иесі тұрағын жазбапты. Беріде 

білдім – сол хаттан соң көп ұзамай, 

Қарабұтақтың Қызылжұлдызында 

дүниеден өтіпті марқұм. осы хат маза 

бермей жүрген. Қалған екі автор – Былшық 

бидің әділетсіздікпен ұмытылып бара 

жатқанына алаңдаушылар. Сондайлардың 

барына тәубе айтып, жиналған аз ғана 

материалды қорытып, мақала жазуға бел 

байладым. мүмкін, артық-кемі болар, 

мүмкін, оқырманға толық бейнесін жеткізе 

алмаспын, бірақ, өзге амал жоқ сияқты. 

«Іздеушісі жоқтықтан» ұмытылып бара 

жатқан ірі тұлғаны енді бірер жылда ел 

мүлде ұмытар деген қорқыныш пен аруақ 

алдындағы парыз біз пақырды осыған 

итермелеп отыр. 

«Ал өзгелерді қайтем?..» дейді бір ой. 

мәселен, әйгілі Бәймен би, шөже би, 

Байқазақ пен Садақбай, т.т. туралы жарты 

бет қағаз шұбарлаған ешкім жоқ. олар 

да, әлгі, «ұлтты ұлт қылып ұстап тұратын 

жүздікке» кіретіндер еді ғой?! Бұған 

жауабым да жоқ. Ал тарих өшіп барады...

...Әлқисса, Былшық биді айталық енді...

Бекет ата мешітінің имамы Исламқажы мырзабекұлы Бекет ата асатаяғының көшірмесін 

мейірхан Ақдәулетұлына сыйға тартқан сәті

Әйтеке би, мұғалжар, шалқар, ырғыз, Хромтау ауданы әкімдерінің құттықтауы

Былшық би кесенесі

мейірхан  АҚДӘУлетұлы,

ақын, Қазақстанның құрметті журналисі, 

көсемсөзші

8

9

№25 (1283) 



25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл


№25 (1283) 

25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

мАҚСАтымыз – 

ХАлыҚҚА АДАл 

Қызмет етУ

Сара ЛАтиевА

Өмір 

ӨрнеКтері



Батыр рухына тағзым

«Ұлытау ұлағаты – ұлт тарихы»



Берік ҚұРмАНғАлИ, 

оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы:  

«ер есімі – ел есінде» дейді дана халқымыз. Жуықта Кеңес одағының батыры Әлия 

молдағұлованың 90 жылдық  мерейтойы  аталып өтті. шетелдерден, еліміздің түкпір-

түкпірінен келген қонақтар батырдың туған жері  Ақтөбе облысына қарасты  Қобда ауданына 

табан тіреді. шараға Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бердібек 

Сапарбаев, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның ЮНеСКо-дағы өкілі, «Невада-Семей» 

антиядролық қозғалысының төрағасы олжас Сүлейменов, сенатор елеусін Сағындықов, Әлия 

молдағұлованың туған-туыстары, Алматыдан арнайы келген нағашы сіңлісі Баян молдағұлова 

және өзгелер қатысты. меймандар алдымен «Самара–шымкент» күре жолының бойындағы Әлия 

ауылына атбасын тіреді. 

Журналистің басты құралы, жансерігі – сөз. Содан да болар 

олардың арасында елімізге танымал ақындар, жазушылар 

да ұшырасады. Осы жылдың мамыр айында Қазақстан 

Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде 2014 жылға 

арналған әдеби жыл қорытындысы өтті. Алқалы жиында 

деректі проза жанры бойынша да баяндама жасалды. Белгілі 

қаламгер Сара Латиеваның осы баяндамасында журналистер 

қолынан шыққан кітаптарға да шолу жасалған еді. Кітап 

авторларына қандай баға берілді? Енді осыған назар 

аударалық.  

сәті түскен сұхбат

– берік Уәлиұлы, баспасөз қызметкерлерінің 

кәсіби мерекесінің қарсаңында сұхбат құрып 

отырғандықтан, әңгімеміздің басында Оңтүстік 

Қазақстан өңірінің бұқаралық ақпарат құралдарының 

тыныс­тіршілігіне тоқталып өтсеңіз. Журналистердің 

еңбегін бағалау, шығармашылықтарына қолдау 

көрсетуге байланысты қандай іс­шаралар жасалып 

жатыр?

– Облысымызда бұқаралық ақпарат құралдары 

саны жағынан басқа облыстармен салыстырғанда 

Алматы қаласынан кейін екінші орында. Өңірлік 

баспасөз құралдары мемлекеттің ақпараттық 

саясатын жүзеге асыруда, аймақтағы әлеуметтік-

экономикалық жобалар, атқарылып жатқан игілікті 

істер жайында өңір тұрғындарына ғана емес, 

респуб лика жұртшылығын да хабардар етіп келеді. 

Осы орайда журналистердің еңбегін мемлекет тара-

пынан бағалау мен көтермелеу мақсатында арнайы 

марапаттаулар, түрлі байқаулар, спартакиадалар, 

семинарлар ұйымдастырылып келеді. Дәстүрімізге 

сәйкес, биыл да байланыс және ақпарат 

қызметкерлері күніне орай көптеген іс-шаралар 

өтуде.  Мәселен, облыстық ішкі саясат және дін 

істері басқармасы тарапынан бұқаралық ақпарат 

құралдарына арналған байқауды атап өтуімізге 

болады. Байқаудың нәтижесі журналистердің 

кәсіби мерекесі күні жария етілмек. Берілетін 

ақшалай сыйақының да көлемі қомақты болғалы 

отыр. Атап айтсақ, жеңімпаздарға облыстық «Үздік 

телеарна» аталымы бойынша – 1 000 000 теңге, 

облыстық «Үздік басылым» аталымы бойынша 

– 1 000 000 теңге қаржылай сертификат табыс 

рухАнИят


өшпес дАңқ

мүшәйрА


сайлау, министрлер мен әкімдердің және басқа 

да жетекшілердің ауысуы кезінде оған әсер етпеуі 

болып саналады. Сонымен қатар мемлекеттік қыз-

метшілердің мансаптық өсуінде лауазымдық саты-

лардан өтіп, кәсіби біліктілігін нақты тәжірибеде 

жинақтауына көңіл бөлу де аталған реформаның 

мазмұнында көрініс тапқан. Осы орайда айтайын 

дегенім, мемлекеттік қызметте кәсіби орындау -

шылар ғана емес, мемлекетшіл азаматтардің кө-

бірек болғаны дұрыс. Өйткені бола шағын, өткені 

мен келешегін болжай алатын мемлекетшіл адам-

дар көп болса ғана, бұл қызметтің әлеуеті артып, 

мәртебесі биіктей түседі. 

– «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға 

бағытталған шараларға тоқталып өтсеңіз. 

– Үстіміздегі жылдың 14-сәуір күні Қазақстан 

Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан 

стратегиялық зерттеулер иниститутымен бірлесіп, 

«Бес институттық реформа: дамуға  қарқын қосып, 

мәңгілік ел болу» тақырыбында өңірлік форумын 

өткіздік. Ал жуырда «Бес институттық реформа. 100 

нақты қадам: Ақпараттық қамту және ілгеріту» атты 

аймақтық журналистер форумы өткізілді. Форумға 

қатысушылар «Ақпараттық қамту және ілгерілету», 

«Мәңгілік Ел қазақстандық біртектілік идеяларын 

жүзеге асыру», «БАҚ-ғы интернеттегі бұқаралық 

ақпараттың жаңа буындарын қалыптастыру», 

«Баршаға арналған қазіргі заманғы идеяны жүзеге 

асырудың негіздері» тақырыптары бойынша 

баян дамалар жасап, пікір алмасты. Бес халықтық 

реформаның маңыздылығы туралы ойларымен 

бөлісті. 



– биылғы мерекелер жылы аясында атқа рыл ған 

кейбір шаралар туралы айтып берсеңіз.  

– Ресми статистикаға жүгінсек, Оңтүстік 

Қазақстан облысында 108 этнос өкілдері тұрады. 

дамытуға бағытталған іс-шаралардың нәтижесінде 

мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың 

үлесі 89,5 пайызға жеткен. Сондықтан мемлекеттік 

тілге қатысты мәселелер оңтүстік өңірде оң 

шешімін тапқан деуге толық негіз бар.



– ана тіліміз туралы сөз қозғағанда Сізге кәсіби 

тележурналист ретінде тағы бір сұрақ қойғымыз келіп 

отыр. еліміздегі телеарналардың бүгінгі деңгейіне 

көңіліңіз тола ма? Қандай бағдарламаларға жоғары 

баға берер едіңіз? Телеарналардағы тіл мәдениеті

сөйлеу мәдениеті, тележүргізушілердің біліктілігі мен 

ұстанымына қатысты қандай ойларыңыз бар?

– Бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе те-

леарналарда тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің,  

әсіресе тележүргізушілерге келгенде осы мәселенің 

қайта-қайта алдымыздан шығуының өзі әлі де бол-

са бұған қатысты шешімін таппаған сауалдардың 

бар екендігін көрсетсе керек. Дегенмен, ауызды қу 

шөппен сүртуге болмас. «Астана» телеарнасындағы 

Жайна Сламбектің «Біздің уақыт» және Қалқаман 

Сариннің «Кеш емес..», сондай-ақ «Қазақстан» 

ұлттық арнасындағы Мейіржан Әлібек жүргізетін 

«Апта.kz» пен Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай» 

бағдарламасын атап өтер едім. 

Жалпы алғанда, тіл мәдениетін қалыптас-

ты ратын бірден-бір орта бүгінде теледидар мен 

баспасөз құралдары болып отыр. Сондықтан 

теледидарға, әсіресе қазақ тілін жақсы меңгерген 

адамдар шығу керек деп есептеймін. Өзі тілді 

ауызекі диалект аясында меңгерген, сөздік қоры 

аз, кейбір сөздерді дұрыс айта алмайтын, тілінде 

мүкістігі бар адамдары, теледидарға шығарғаннан 

ұтпасымыз анық. 



– Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы 

әлеуметтік­экономикалық жағынан қарқынды да­

мып келеді. Мемлекет басшысы Шымкент қаласын 

Қобда ауданының  әкімі Асқар Жүсібәлиев 

қонақтарды мерейтоймен құттықтап, Әлия 

Молдағұлова есімін ұлықтау, батыр рухына 

тағзым ету перзенттік парыз екенін баса 

айты. Аудан әкімі батыр қыздың атындағы 

ауылдың тыныс-тіршілігімен таныстырып, 

халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарып 

келе жатқанына тоқталды. Қобда өңірінен 

сегіз Кеңес Одағының батыры шыққан 

екен. Солардың бірі Әлия Молдағұлова 

болса, ол осы Әлия ауылынан қозыкөш 

жердегі Бұлақта дүниеге келген. Қайсар 

рухтың қайнар көзі болған батырдың есімін 

жаңғырту патриоттық тәрбие берудегі 

маңызды шара   екенін атап өтті. Бұдан 

кейін Әлия ескерткішіне гүл шоқтарын қою 

шарасы өтті. Мерейтой қонақтары Мәдениет 

үйіндегі облыстық патриоттық орталықтағы 

Әлия Молдағұлова мұражайымен танысты. 

Мерейтой шаралары Қобда ауылындағы 

орталық стадионда «Әлия – қаһармандық 

дастаны» театрландырылған көрінісімен 

жалғасты. «Достықтың гүл дестесі», 

«Қызғалдақ ғұмыр – Әлия», «Ерлігімен 

елдің атын шығарған» хореографиялық 

қойылымдар да көрермен көңілінен шықты. 

Сахна төріне Премьер-министрдің орын-

басары Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның 

халық жазушысы Олжас Сүлейменов, се-

натор Елеусін Сағындықов, облыс әкімі 

Архимед Мұхамбетов көтерілді. Б.Сапарбаев 

мерейтойға жиналғандарға құттықтау сөз 

арнап, биыл Қазақ хандығының – 550, 

Қ а з а қ с т а н   х а л қ ы   А с с а м б л е я с ы н ы ң 

ж ә н е   К о н с т и т у ц и я н ы ң   2 0   ж ы л д ы ғ ы 

мерекеленетініне назар аударды. Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығы да  ойдағыдай атап 

өтілгенін жеткізді. Ұлы Жеңісті жақындатуға 

122 мыңнан астам ақтөбелік қатысқанын, 

о л а р д ы ң   к ө б і   м а й д а н   д а л а с ы н а н 

оралмағанын, сондықтан бірде-бір соғыс 

ардагері назардан тыс қалмайтынын айтты. 

Қоғам және мемлекет қайраткері Ол-

жас Сүлейменов сөз алып, мерейтоймен 

құттықтады. – Мәскеуде Ұлы Жеңістің 70 

жылдығына орай өткізілген жиында мен 350 

мың қазақтың майдан даласынан оралмағанын 

айта келіп, олардың барлығының аты-жөнін 

білмесем де, Шығыстың қос шынары – 

Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованы 

анық айта алатынымды жеткізгенмін. Олар 

іңкәр сезім – махаббаттың не екенін, ана 

болудың бақытын сезінбей кетті. Мен қазір 

Әлия туған топыраққа келіп тұрмын, қазақтың 

қайсар қызының рухына бас иемін. Әлия 

апамыз елімізді, барша қазақстандықтарды 

аруағымен қолдап жатсын, – дей келіп, Отан 

туралы өлеңін оқыды. Театрландырылған 

көріністерді композитор Бейбіт Оралұлының 

«Ақтөбе» әнін орындаған домбырашылар 

ансамблі түйіндеді. 

Мерекелік шара «Әлия гүлі» достарын 

шақырады» VІ халықаралық би фестиваліне 

қ а т ы с у ш ы л а р д ы ң   Г а л а - к о н ц е р т і н е 

жалғасты. Қобда ауылының сыртындағы 

тепсеңге 40 киіз үй тігілді. Мерейтойға 

жиналған халықтың асыға күткені ат бәйгесі 

еді. Бәйгені тамашалауға көрермен көп 

жиналды. Сонымен бірге қазақ күресі, 

теңге алу сынды ұлттық спорт түрлері де 

ойнатылды. Бәйгеге үш бірдей автокөлік 

тігілді. Жорға жарыста Елордадан кел-

ген шабандоз Ғ.Мералының «Эдельвейс» 

атты сәйгүлігі озды. 15 шақырымға шаба-

тын тоқ бәйгеде қызылордалық Әбдіғали 

Шорабаевтың «Нұртөбел» деген сәйгүлігі 

топ жарды. Ал 25 шақырымдық аламан 

бәйгеден Мұғалжар ауданының тұлпары 

алдына қара салмай, мәреге жеке-дара келді. 

Бәйге жеңімпаздарының барлығы да темір 

тұлпар мініп қайтты.



айнұр СеЙіТКаРИМОва

Ақтөбе облысы



астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 

Сәкен Сейфуллин мұражайы және 

Қазақстан Жазушылар Одағының астана 

филиалының ұйымдастыруымен өткен 

мүшәйра өз мәресіне жетті.

«Ұлытау ұлағаты – ұлт тарихы» айдары-

мен жарияланған биылғы мүшәйра Қазақ 

хандығының 550 жылдығына арналды. 

Елбасының Ұлытаудағы сұхбатынан серпін 

алған дүбірлі жыр додасына 90 ақын қатысты. 

Ақындарымыз Тәуелсіз Қазақстанның 

айшықты келбетін, азаттық жолында арпа-

лысып өткен бабалар тарихымен ұштастыра 

жырлай отырып, келелі тақырыпты жан-

жақты жарқырата аша білуге талпынды. 

Бәйгеге өлең, толғау, поэма жолданды. 

Кейбір үміткерлердің тыңнан тұжырым 

жасап, өрісті ойларға құлаш ұрудың орнына 

тарихи оқиғаларды тізбектеумен шектеліп, 

бірсарындылыққа ұрынғанын да айта кетуді 

жөн көрдік.

Қалай болғанда да мерейлі мерекеге 

арналған биылғы мүшәйра ойлаған, діттеген 

мақсатына жетті. 

Астана қаласы әкімдігі жыл сайын 

д ә с т ү р л і   т ү р д е   ө т к і з і п   к е л е   ж а т қ а н 

мүшәйраға тек республика ақындары ғана 

емес, шетелдегі қандас қаламгерлеріміздің 

қатысуы жыр бәйгесінің беделін одан сайын 

биікке көтергені анық.

Қазылар алқасына академик, филоло-

гия ғылымының докторы, профессор Сейіт 

Қасқабасов төрағалық етті. Бас бәйгені 

өскемендік талантты ақын Әскерхан Ақтай 

қанжығасына байлады. Әскерханның 

«Азаттық толғауы» көне жыраулар жырының 

жалғасындай сөз кесектігімен де, көркемдік 

өрнегімен де мүшәйраның жаңалығы болды. 

Бірінші орын Мемлекеттік «Дарын» жастар 

сыйлығының лауреаты, белгілі жыр жүйрігі 

Дәулеткерей Кәпұлының «Байрағы бұлтты 

жарған» өлеңіне берілді. Екі екінші орын-

ды белгілі ақын Өтеген Оралбайұлының 

«Ұлт ұраны – Ұлытау» толғауы мен Жанат 

Әскербекқызының «Орбұлақ шайқасы» 

өлең-баяны өзара бөлісті. Үш үшінші орынды 

қарағандылық Абзал Бөкеннің «Алтын тура-

лы толғаныс», Ілияс Мұқаевтың «Жерұйық», 

танымал айтыскер ақын Аманжол Әлтайдың 

«Тұлпар жыры» өлең-толғаулары еншіледі. 

Ынталандыру сыйлықтары қызылордалық 

Толыбай Абылаевтың «Қарақұм құрылтайы», 

астаналық Ербол Бейілханның «Көшім Хан-

Сүзге», көкшетаулық Ерболат Баятұлының 

«Баба тарих – бастауым» поэмаларына, 

астаналық жас ақындар Ержан Жаубайдың 

« К е ш е г і   қ а з а қ   м е н   е д і м » ,   Б а л т а б е к 

Нұрғалидың «Мен-Ұлытау аспаны», «Бақыт» 

өлеңдеріне берілді.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі «Ата 

тарих ақындар жырында» деген айдармен 

3-шілде күні сағат 17.00-де Астана қаласы 

«Конгресс-Холл» сарайында өтеді. Салта-

натты кеште жүлделі жырлар оқылып, өнер 

жұлдыздары әннен шашу шашады.  

С.СабЫРбеКОв 

Д

еректі проза деген анық-



таманың өзі бұл шығарма-

лардың дерегі бар, яғни 

уақиға аспаннан түскен немесе ой-

дан шығарылған емес, нақты орны, 

адресі, аты-жөні белгілі деген сөз. 

Ал   белгілі нәрсенің өзі білмейтін 

немесе естімеген, аңғармаған тағы 

қандай құпиясы бар екен деген әуестік 

әркімнің ойына келуі заңды құбылыс. 

Осы заңдылыққа жауап беруге биылғы 

жыл қорытындысының есебіне 11 кітап 

түсіпті. Бір қуанатынымыз – авторлар 

осы салада бұрыннан қалам тартып 

жүрген немесе тақырыпқа, яғни алып 

отырған дерекке тікелей қатысы бар 

адамдар. Бұл қайдан шықты дегендей 

көлденеңнен қосылған тиді-қашты 

ешкім жоқ екен. Бұл деректі прозаның 

әдебиеттегі орнын, салмағын көрсетсе 

керек.


Өз заманы мен замандастарына 

деген үлкен құрметпен, журналистік 

патриотизммен жазылған «Ой тоғыс» 

Орысбай Әбділдаұлының кітабы. 

Бұл ке шелі-бүгін емес, әр жылдарда 

ж а з ы л ғ а н   д ү н и е л е р д і ң   б а с ы н 

біріктіріп отырған жинақ. Оның 

кейіпкерлері автордың замандастары, 

курстастары, алдындағы ағалар мен 

кейінгі інілер. Бәріне ортақ қасиет 

әр қай сы  сы  өз  орнында  маман,  назар 

аударарлық тұлға. Орекеңнің оларға 

деген көзқарасындағы ерекшелік 

әрқайсысына деген құрмет. Мысалы: 

«Қайырымды ұстаның қайырымды 

ұлы» – Садуақас Бигелдиев автордың 

өзі студент кезінде тәжірибеден 

өтуге келген аудандық «Екпінді 

еңбек» газетінің қызметкері. Аудан 

шаруашылықтарын аралап келіп, сан 

қилы, әр тақырыпқа деп түсіну керек, 

материалдарды бұрқыратып жазып 

тастайтын әмбебап тілші. Соған қоса, 

әдеби көркем дүниеге де көңілі ауып 

тұрады. Әсіресе, сынға жақындау ма, 

қалай? Жамбыл атасының шымшыма 

шумақтарын оқи отырып студенттің 

өресін, бейімін білгісі келгендей. 

Автор осы Садуақас ағасымен үзіп-

жұлып пікірлесуі арқылы аудандық 

газеттің ел өміріндегі орнын, онда 

істейтін журналистің еңбегін, сол 

алақандай газеттен түлеп ұшып, 

баспасөз дейтін шалқар айдынға қадам 

басқан адамдарды көрсете білген. 

Сол елге сыйлы байырғы журналист 

апай Ханымбүбі Ақжоло ва жайлы 

жылылыққа толы құрметі қандай? 

Жұмаш Арғымбаев, Заманбек Жәкенов, 

Жұматай Қалығ ұлов, Махан Әміреев, 

Нұрмамбет Қизатов сияқты кейін 

республикалық баспасөзде белсенді 

қызмет атқарған журналистер осы 

аудандық газетте қалам ұштаған екен. 

Ал әлгі тәжірибеден өтуге келген әр бір 

студентке «Сен ана Жамбыл атаңды дұ-

рыстап оқы» деп сынай қарап отыратын 

Са дуақас ағамыз өмір бойына сол 

аудандық газетінен қозғалмай отырып-

ақ баспасөзде өз орны бар Тұлға 

дәрежесіне көтеріліпті. Айтқандай, ол 

кісінің әкесі Бигелді де өзінің ұсталық 

өнерінің арқасында ел-жұртына әр қа-

шан көмек қолын соза алатын бесаспап 

шебер болып ты. Халық үшін атқарған 

адал еңбек қашан да құрметке жеткізеді 

дегенді меңзейді Орекең. Бұл кітаптың 

басқа кейіпкерлері де ақындар: 

Қанипа Бұғыбаева, Болат Үсенбаев, 

Қорғанбек Аманжол, жазушылар: 

Кәмила Құдабаева, Қуанышбай 

Қ ұ р м а н ғ а л и е в   с и я қ т ы   б е л г і л і 

тұлғалар. Ал курстас тары Орынкүл 

Тәжиева, Серікбай Оспанов, Жақ-

сы лық Жүнісовтерге деген махаббат, 

тіпті бөлек. Қысқасы, Орекеңнің 

ой-тоғысындағы әрбір кейіпкер, 

оларға қатысты айтылған әрбір ой өз 



Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет