Сергей кулагин



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

байтеленсу – ауыл. Байтеленсу 

атауы кісі есімімен байланысты. Ауыл 

маңын да Қылтабек, Қарпықов ауылда-

ры ор наласқан. КСРО кезінде аталған 

ауылдардың негізінде Фрунзе ауылы 

құрылған. Қарпықов деген дәулетті адам 

өмір сүрген. 

арыстансор – ауыл. «Арыстан» және 

«сор» сөздерінің бірігуінен пайда болған. 

Атаудың пайда болу сыры белгісіз. 

Бәлкім кісі есімімен байланысты болуы 

мүмкін деп топшылаймыз. Бірақ бұл 

мәселе әлі де зерттей түсуді қажет етеді. 



алшын – ауыл. КСРО кезінде Ал-

чиновка деп аталып кеткен. Бірақ атау 

Алшын деген кісі есімімен байланысты 

екені күмән туғызбайды. Алайда оның 

осылай деп нақты қай кезде аталғаны 

белгісіз. Сондықтан оны алдағы уақытта 

әлі де зерттей түсуіміз қажет. 

«Қостанай облысының тарихи 

топонимикасы» кітабы бойынша 

дайындаған өлкетанушы 

Молдияр СеРіКбаЙҰлЫ

Қо с т а н а й   о б л ы с ы

ұлы дАлА АтАулАры

жАнАйқАй


1. 

25 жылдық тарихы бар «Ана 

тілі» ұлт газеті республикадағы 

егемен елдің еркін дауысына айналған 

басылым. Тәуелсіздігіміздің алғашқы 

күнінен бергі тіл, әдебиет, өнер саласы 

хақындағы көкейкесті мәселелер га-

зет бетінен түскен емес. Басылымның 

әрбір нөмірі оқырмандарын рухани бай-

лыққа, адамгершілікке, имандылыққа, 

отансүйгіштікке тәрбиелеп жұртшылық 

көңілінен шығып келеді. Әсіресе қазақ 

тілінің еліміз егемен ел болғаннан бері 

мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болуы 

мен абыройынын асқақтауына да «Ана 

тілінің» сіңірген еңбегі зор. Мен үшін 

«Ана тілі» шын мәнінде елдің тағдырымен 

бірге жасап келе жатқан халықтық басы-

лым.

2.

Мемлекеттік органдарда мемле кет-



тік тілді дамыту бойынша біршама 

жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. 

Қазіргі уақытта барлық құжаттар мен іс 

қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу жолға 

қойылған. Атап айтқанда, Ақмола облысы 

бойынша 33 департамент, 24 басқарма мен 

17 аудандық және Көкшетау, Степногор 

қалаларымен қатар облыс әкімдігінің ап-

парат құжаттарының мемлекеттік тілде іс-

жүргізу мониторингі Ақмола облысының 

тілдерді дамыту басқармасында сарапта-

лып келеді.

Осы орайда бұл көрсеткіш 2011 

жылы 86%, 2012 жылы 90% болса, 2013 

жылы 92%-ға көтеріліп, 2014 жылдың 

қорытындысы бойынша 95%-дық межеге 

жетті. 2015 жылдың мамыр айында 93%-

ды көрсетті. Облыс әкімдігіне қарасты 

мемлекеттік мекемелер мемлекеттік 

тілді барынша дамытуға, оның беделін 

нығайтуға жыл сайын өзіндік үлесін 

алдыңғы толқын ағалар 

Қоғамдық бірлестік құрылды

Фестивальде жаңалық көп 

Сексенінші жылдардың басы ма, әлде орта тұсы ма екен, анық есімде жоқ, әйтеуір 

Қытаймен арақатынасымыз әлі онша жақсара қоймаған кез болатын. Көктем шығып, 

айнала гүл-гүл жайнап, құлпыра түскен. Алматының осы бір тек өзіне ғана тән ғажап 

шағын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес қой, шіркін! Көп кісі байқай бермейтін 

табиғат көріністерін сөз етпегеннің өзінде, күллі көңіл күйге әсер етіп, жан-дүниеңді дүр 

сілкіндірер құдіретін қайтер едіңіз. Дәл осындай кезде далаға шығып кетіп, мына ғажап 

та тылсым дүниенің жылына бір айналып келетін өзіндік өзгерістерін бүкіл болмысы-

мызбен сезінсек, содан ләззат ала білсек ғанибет емес пе, көңіліміз көтеріліп, бойымыз 

сергіп, денсаулығымыз одан әрі жақсара түсер ме еді дегендей пендешілік пікірдің 

қылаң беретіні де жасырын емес.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 

ұстаздары «Қазақ газеттері» ЖшС-на қарасты «Ана тілі» газетінің редакциясын-

да болып, редакция ұжымымен танысып, одан кейін дөңгелек үстел басында 

журналистік білім беруді тәжірибемен ұштастыру мәселелері бойынша кеңінен 

пікір алмасты. 

басшысы. – Бәрі де жеріне байланысты 

ғой. Топырағы құнарлы, өспейтін шөбі 

жоқ. Әсіресе, жайлауы ше! Ертең мен 

қонақтарымды вертолетпен сол жайлауға 

алып шығып, бал татыған қымызынан 

дәм татырамын. Өмір бойы ұмытпайтын 

боласыздар!»..

Мен «рас па» дегендей таңданып Секеңе 

қарап едім, ол «дұрыс» деп басын изеді. Со-

нан соң: «Біріншімен келісілген», – деді бас 

бармағын көрсетіп.

Сенерімді де, сенбесімді де білмей, 

екіұдай оймен орнымнан тұрдым да, 

таза ауа жұтып келейін деп сыртқа 

беттедім. Менімен бірге бізді арнайы 

күтуге бөлінген бас мал дәрігері мен 

Секең де ілесе шықты. Ай туып, айна-

ла айқындалып қалыпты, күндізгідей 

жарқырап тұрмаса да, жан-жағымызды 

толық шолып, барлық бағытта бағдар 

жасарлықтай жарық бар. Тал-терек 

жапырақ жайып, асфальт төселмеген 

алақандай жердің өзі көкпеңбек болып 

көктемнің ашық аспанымен астасып жа-

тыр. Жұлдыздар да жақындай түскен. Қол 

созым жерге қыстырып қойған электр 

шамдарындай жымың қағады. Осының 

бәрі көңілге ерекше әсер етіп, денемізді 

сергітіп жіберді. Сонда да суға түсудің 

артықтығы жоғын біліп, Алакөлге бір-екі 

рет сүңгіп шықтық. Сол-ақ екен анадан 

жаңа туғандай сергіп шыға келдік. Күні 

бойы ішіп-жегеніміздің бәрін көл суы со-

рып алған сыңайлы.

Дөңгелек үстелді «Қазақ га зеттері» 

ЖШС-ның Бас директоры – Редак-

торлар кеңесінің төрағасы Жұмабек 

Кенжалин кіріспе сөзімен ашып, журна-

листика факультетінде білім алып жүрген 

студенттердің редакциялармен шы-

ғармашылық байланыс жасап, болашақ 

кәсіби маман ретінде шыңдалуының 

маңыздылығына тоқталып өтті. 

– Өндіріспен білім ордасының 

арасында байланыс болмаса, нақты 

нәтижеге қол жеткізу қиын. Сондықтан 

журналистика факуль те тінде білім алып 

жүрген студенттер редакцияларға келіп 

газеттің қалай беттеліп жатқанын көрсе, 

газет-журнал шығару ісімен байланысты 

барлық үдерістерден хабардар болса, ре-

дакциядан тапсырма алып, мақала жазып, 

шыңдалатын болса, күні ертең ол диплом 

алған кезінде дап-дайын маман болып 

шыға келеді. Осындай мәселелерге көңіл 

бөліп отырғандарыңызды құптаймыз. 

Бұл өте дұрыс бастама. «Қазақ газеттері» 

ЖШС-на қарасты алты басылым бар. 

Біздер өз тарапымыздан студенттердің 

тәжі рибеден өтіп, шыңдалуына қолдау 

көр сетуге қашанда дайынбыз, – деді 

Ж.Кенжалин. 

 Журналистика факультетінің деканы 

Сағатбек Медеубекұлы өз сөзінде редак-

цияларда болып, ұжым басшыларымен, 

редакция қыз меткерлерімен жүздесудің 

мақсаты «Қайтсек құзыретті маман даяр-

лаймыз, жұмыс берушінің талап-тілегі 

қандай, біз сол талапқа жауап беру үшін 

оқу бағдарламаларына қандай өзгерістер 

енгізуіміз керек? Біз нені оқытып жатыр-

мыз, нені оқытпай жатырмыз?» деген 

мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара 

бір шешімге келу екенін жеткізді.  

– Біздің негізгі мақсатымыз – бүгінгі 

уақыттың сұранысына, за манның тала-

бына сай мамандарды даярлау. Бұл орай-

да біз фа куль тетімізде білім алып жүрген 

сту денттерді редакцияларға жіберіп, 

теорияда игерген білімдерін практика-

да жүзеге асыру жағына көбірек көңіл 

бөлгелі отырмыз. Тіпті тәжірибелік 

сабақ тарды редакцияларда өткізуді қолға 

алсақ, артық болмас еді. Осы ретте айтар 

ой-пікірлеріңізді тың дауға келіп отырған 

жайымыз бар, – деді.   

«Ана тілі» газетінің бас редак-

торы Самат Ибраим дөңгелек үс-

т е л д е   к ө т е р і л і п   о т ы р ғ а н   м ә с е -

л е л е р г е   б а й л а н ы с т ы   ө з і н і ң 

нақты ұсыныстарын жеткізді. Ол 

университет қабырғасында білім 

алып жүрген болашақ мамандарға 

журналистиканың теориясы және 

тәжірибесімен қатар салалық пәндерді 

де оқытудың маңыздылығын атап өтті. 

Қазақ тілі мен әдебиет, тарих, заң, 

экономика, этика мен эстетика сынды 

пәндерді тереңдете оқыту журналистің 

білікті маман болып қалыптасуына 

үлкен септігін тигізетінін қадап айтты. 

– Соңғы жылдары журналистика 

факультетінде «Құқықтық журналисти-

ка» пәнін оқыту жақсы жолға қойылып 

келе жатқаны қуантады. Осы орайда 

жоғарыда атап көрсетілген пәндерді 

жүйелі  түрде оқытумен қатар эконо-

мика, ауыл шаруашылығы, саясат, 

берді. Сөйтсек, табан астында жел ұйтқып, 

жан-жақтан қалың бұлт қаптап шыға кел-

ген екен. Әне-міне дегенше тасыр-тұсыр 

етіп жаңбыр да жауа бастады.

– Тезірек түсіп қалыңыздар! – деп 

бұйырды ұшқыштар іштегі қаптарды 

сыртқа лақтырып. – Біз күн ашылса бүгін 

қайтып келуге тырысамыз. Осы жерде 

кездесетін болайық!

Тікұшақ тез көтеріліп кетті. Артынша 

оның азынаған ащы даусы қалың бұлттың 

арғы жағынан талып естіліп, бірте-бірте 

ұзай берді. Түсіп қалған жеріміз – аумағы 

ат шаптырымдай төбенің үсті болып 

шықты. Жаңбыр үдеп, көз жетерлік жердің 

өзі көмескіленіп көрінсе де біраз бағдар 

жасауға болады.

Біз – Секең, Ризабек және бізді басқа-

рып келген зоотехник төртеуіміз айда 

түсіп қалған адамдай болып айналамызға 

аңта рыла қарап, абдырап тұрғанымызда 

жан-жақтан аттылы кісілер де шауып келе 

бастады. «Тұз ба?» деді біреуі, «Ойбай, 

үстін жабыңдар!» деді екіншісі. Бізбен тіпті 

істері де жоқ.

– Әй, алдымен амандассаңдаршы! 

– деді зоотехник өзінің бастық екенін 

білдіріп. Сонда ғана барып олар бізден 

кешірім сұрап, дабырлап есен-саулық 

сұраса бастады. 

...Жайлау бейне мұхит астындағы әлем 

сияқты – айнала қоршаған алып тауларды 

қалың бұлт тұтас тұмшалаған; жоғарыдан 

себелеген болмашы бозамық күннің 

ғылымға қатысты салалық журналисти-

каны тереңдете оқыту мәселесіне көңіл 

аударған жөн. Редакцияға мақала әкелген 

жас журналистердің жазған мақаласынан 

байқайтынымыз, тілдері жұтаң. Осы 

тұрғыдан алғанда оларға қазақ тілі мен 

әдебиет пәнін тереңдетіп оқытуға назар 

аударсаңыздар дейміз, – деді С.Ибраим. 

Ол сондай-ақ студенттерді өндірістік 

тәжірибеден өту үшін әр курс ты бітір-

ген нен кейін аудан мен облыстарға 

жіберу, журналистиканың жанрларын 

оқыту, теле-радио дикторларын сапалы 

даяр лау, мақала жазуға машықтандыру, 

хат қорыту, газеттің макетін сызып,  

безендіруге, беттеуге баулу, баспасөзде 

кө теріліп жатқан мәселелермен танысып 

отыруға дағдыландыру, сөздіктермен 

жұмыс істеуге мән беру, білікті ұстаздар-

дың облыстардағы журналистика фа-

куль теттеріне барып шеберлік сағат-

тарын өткізіп тұрудың ерекше маңызды 

екенін атап өтті.   

Дөңгелек үстел тақырыбына байла-

нысты өз ой-пікірін қосқан журналисти-

ка факультетінің аға оқытушысы Серік 

Жұмабекұлы айтылып жатқан ұсыныс-

пікірлердің барлығы орынды екенін, 

енді оларды оқу бағдарламаларына енгізу 

мәселесі қалай жүзеге аспақ, ол осы 

жа ғына тоқталды. Дөңгелек үстелге 

қаты сушылардың пікірінше, оқу бағдар-

ламаларына енгізілмесе, бұл мәселелер 

айтыл ған күйінде қалып қоюы мүмкін. 

Олай болмас үшін, барлығын жан-жақты 

талқылап, бір ортақ шешімге келіп, Білім 

және ғылым министрлігіне университет 

аты нан газет-журналдар редакцияла-

рымен бірігіп екі жақты хат дайындау 

ке рек. Сонда ғана мәселе өз шешімін 

тауып, нақты нәтижелерге қол жеткізуге 

болады. 

– Қазір Батыстық білім беру үлгісі 

бойынша, студенттер өзде рінің оқитын 

пәндерін таңдауы тиіс. Осы ретте 

болашақ журналист маманның кәсіби 

біліктілігін қалыптастыруға өзінің үлкен 

септігін тигізетін пәндерді таңдау бойын-

ша оқытылатын пәндердің қатарына 

емес, міндетті түрде оқытылатын пән-

дер дің қатарына қосу керек. Сонда ол 

университет қабырғасында жүріп мақа-

ланы қалай жазу, қалай редакциялау 

керек, жанр түрлері қандай болады деген 

мәселелерді терең біліп шығар еді. Ал 

ол үшін мұндай тақырыптарды оқы-

татын пәндерді міндеттеу керек, - деді 

С.Жұмабекұлы. 

Дөңгелек үстел барысында жур налис-

тика факультетінің аға оқы тушылары 

Серікбай Бейсен, Шәрипа Нұржанова

Әмір Молдабеков, сонымен қатар «Ана 

тілі» газеті бас редакторының орынбаса-

ры Дәуіржан Төлебаев, газеттің бөлім ре-

дакторлары Бағдагүл Балаубаева, Нұрлан 

Құмар өз пікірлерін білдірді. Кездесу 

соңында журналистика факультетінің 

деканы Сағатбек Медеубекұлы «Ана тілі» 

газетінің бас редакторы Самат Ибраимға 

байланыс және ақпарат қызметкерлері 

күнімен құттықтай отырып, факультет 

атынан алғыс хат табыс етті. 

Д.ЖҰМаТҰлЫ

жазушылар ордасына ақ жол тіледі. 

Тұсаукесер рәсімінде жазушы-са-

тирик, ұстаз Үмбетбай Уайдин, 

жа зушы, академик, Халықаралық 

сый лықтардың лауреаты, Қа-

зақ  стандағы ЮНЕСКО өкілі әл-

Х а л е л   Қ а р п ы қ ,   Х а л ы қ а р а л ы қ 

сый   лықтардың  лауреаты  Нә зі кен 

Ал памысқызы,  жазушы,  Қа зақ-

станның еңбек сіңірген мә де ниет 

қызметкері Зәкір Асабаев, ғалым, 

ақын, академик, этнограф-жазушы 

Болат Бопайұлы қоғамдық бір лес-

тікті ұйымдастырушылардың атына 

құттықтау тілектерін білдірді. 

стан, Ресей, Грузия театрлары елор-

далық сахна төрінен үздік қойы-

лымдарын көрсетпек. Жыл өткен 

сайын шараның ауқымы кеңейіп, 

жаңа елдер мен қалаларды қамти 

түсуде. Биыл «Сахнадан сәлем» 

фестиваліне қатысатын 12 ұжым 

көрер мендерге соңғы жылдары 

халық аралық, республикалық театр 

фестивальдарінде үздік деп танылған 

ең таңдаулы қойылым дарын ұсынбақ. 

Фестиваль шіл денің 28-іне дейін 

жалғасады.

Оның беделі облыста өте күшті болды. 

Оны бәріміз бұрыннан білетінбіз. Жалпы 

«Социалистік Қазақ станның» (қазіргі 

«Егемен Қазақстан») жергілікті жерлердегі 

меншікті тілшілері жаман тұрған жоқ. 

Атынан ат үркетін ЦК-ның (Орталық Ко-

митет) өкілі ретінде «СҚ»- ның тілшілері 

де барлық облыста зор бедел мен құрметке 

ие болды. 

Себебі ол кездері мұндай қызметке 

журналистер осы Орталық Комитеттегі 

үгіт-насихат бөлімінің келісімімен газет 

арқылы жіберілетін. Ауыс-түйіс мәселесі 

де аппарат арқылы шешілетін. Тікелей 

редакцияға бағынып, жалақыны да сол 

жақтан алатын болғандықтан меншікті 

тілшілердің облыстардағы дербестігі артып, 

жалтақтамай, барды бар, жоқты жоқ деп 

объективті де тәуелсіз материалдар жазуы-

на септігін тигізіп келгені мәлім.

Әйтсе де тілшілердің де тілшілері бар. 

Әр жүйрік өзінің әліне қарай шабады деген-

дей, журналистер арасында қаламы ұшқыр 

жазғыштары да, қарабайыр жайбасарлары 

да болды. Секең солардың қақ ортасында 

жүргенімен ұйымдастыру жағына келген-

де, көбінен көш ілгері еді. Міне, қазір де 

сол басшылармен іскер байланысының 

арқасында Алакөлге алып келе жатқан бо-

лар деп іштей мажаладым.

Үшаралға жақындай бергенімізде бізді 

жолдан күтіп алған Азат Машуров: 

– Сіздер «Көктұмаға» бара беріңіздер. 

Басшысына айтып қойғам, – деді Ма-

шуров Секеңнің арқасынан қағып,– ал 

мен кейіндеу, кешке қарай барам. Мына 

мәскеуліктердің көңілін аулайық, қанша 

дегенмен алыстан, орталықтан келіп жатыр 

ғой. Сіздермен сонан соң кеңінен отырып, 

емін-еркін сұхбаттасайық. Таң ұзақ қой, 

талай шаруа тындыруға болады...

Басшы сөзін бәріміз де жөн көрдік. 

Сөйттік те «Көктұма» қайдасың деп тартып 

кеттік. Ол өзі шағын ғана елді мекен екен. 

Айтылғаны рас болды: шаруашылық 

басшысынан бастап күллі активі күткен 

сыңайлы. Киіз үй тігіліп, мал сойылған. 

Қымыз ағыл-тегіл. Ол кезде маскүнемдікке 

қарсы күрестің әлі де әлсіремеген тұсы 

еді. Соның өзінде тиіп-қашып жүріп-ақ 

ішкіліктің ақ, қызылынан ауыз шайып 

алдық. Әңгімеміз де жарасып жүре берді. 

Әйтсе де байқаймын бәрінің күтіп отырғаны 

– бірінші басшы. Сөзінде тұрса, келіп 

қалатын уақыты болып қалған. Бірақ ол 

кешіге берді. Хабарласуға қазіргідей қалта 

телефоны жоқ. Сымтемірлі байланыс 

құралының өзі белгілі бір нүктелер болмаса, 

нөлге тең. Далада жүргендер үшін далбаса 

десе де болғандай. Осылайша әрі-сәрі күй 

кешіп отырғанымызда сырттан гүрілдеген 

машина даусы шығып, оған қосамжарласып 

үрген ит үні естіліп елең ете қалдық. Келген 

бірінші хатшының шабарманы екен. Басшы 

мәскеулік қонақтардан шыға алмай жатқан 

көрінеді, кешірім сұрапты, маған қарамай 

тамақтарын іше берсін депті.

Сол-ақ екен Секең басшылықты өз 

қолына алды. «Енді мені тыңдайтын 

боласыңдар, не айтсам соны орындай-

сың дар» деді. Актив мүшелері «ләппай!» 

десті. «Онда ана алдарыңдағы ыдыстарға 

толтырып құйыңдар!» деп Секең орнынан 

көтерілді. Бағанадан бері бірін-бірі бағып, 

оның үстіне бірінші басшы келіп қала ма 

деп сақтаныңқырап отырғандардың өзі 

одан әрі қамшы салдырмады. Сөйлеп те, 

сөйлемей де сілтей берген жұрт жарты 

сағаттан соң араның ұясындай гуілдеп шыға 

келді. Алдымен ас мақталды. Сонан кейін 

қымызға кезек тиді. «Алакөлдің қымызына 

не жетсін, шіркін! – деді шаруашылық 

Осылайша кабинетімде қайта-қайта 

терезеге қарап, алдымдағы хаттарды рет-

теп, елегізіп отырған тұста «Құланның 

қасуына, мылтықтың басуы» деген-

дей, талдықорғандық тілшіміз Сейдах-

мет Мұхаметшиннің (кейінгі кездері 

Мұхаметше болып жазылып жүрді) теле-

фон шалып қалғаны бар емес пе.

– Әй, балдыз, не ғып отырсың? – деді 

ол зайыбымның жетісулық һәм өзімен ата-

лас екенін малданып.

– Сендердің хаттарыңды қорытып 

малығып отырмыз, – дедім мен де сұрағына 

қарай жауап қайырып, – осы жөні түзу 

материал жаза алмайтын қайнағалардан-ақ 

қалдық қой пәлеге...

– Әй, әй, ақырын сөйле, – деп шошып 

кетті ол, – арғы жағыңдағы басшылар естіп 

қалмасын мына сөзіңді...

Әншейінде қомпайып, қоразданып 

жүретін, батыр деуге лайық бойы да, 

салмағы да бар, сонысына қарап ел 

«полтарақазақ» атап кеткен алып та аңғал 

Секеңнің сол сәттегі түр-әлпетін іштей ша-

малап, шыдай алмай күліп жібердім.

– Енді сендердің өстіп базыналық 

жасайтындарың бар, – деп Секең де 

жайдарланып шыға келді. Артынша тек 

өзіне ғана тән мәнермен тамағын бір 

қырнап жөтеліп алды да, – келсейші, 

командировкаға, – деді, – қазір тамаша кез, 

табиғат құлпырып тұр. Малшылар жайлауға 

көшіп жатыр. Тауға шығып, таза ауа жұтып, 

қымыз ішіп қайтамыз.

Жаңа ғана қиялдап, сан түрлі ойдың 

жетегінде отырған менің жанды жерімнен 

ұстады. Қашқалы тұрған қоянға «хайт!» деп 

белгі бергендей бұл ұсынысқа қалай бейжай 

қарамақпын. «Сонда қайда бармақпыз?» – 

деп елп ете түстім де, тілімді тістей қойдым.

– Ол жағын енді маған қалдыр, – деп 

Секең маңғазданып шыға келді. – Райком 

хатшыларының бәрі жақын жолдастарым. 

Қай жерге барсақ та хан көтеріп алады. Ана 

Асылмұраттан бастап мына Серікке дейін 

«сен тұр, мен атайын» дейтіндей сенімді де 

сері жігіттер.

– Жарайды, ойластырып көрейік, – деп 

екіұштылау жауап бердім де, жұмысыма 

қайта бас қойдым.

Бірақ істен береке кетті. Қаламым 

жүрмей, ойым он саққа бөліне берді. Біресе 

тұрып, біресе тізе бүгіп алдымдағы хаттарды 

ары-бері аударыстырып отырғанымда теле-

фон қайта шылдырлады.

Иә, тағы да сол Секең екен.

– Әй, келетін болсаң алдын ала айт, – 

деді ол аптығып. – Жаңа ғана Алакөлдің 

басшысы Азат Машуровпен ақылдастым, 

бұрыннан таныс-біліс досым еді, анау-мы-

нау қазаққа бергісіз сері жігіт, жақсылап 

күтіп алам деді, так что, енді созба, осы 

аптаға жоспарласаң тіпті жақсы болар еді.

– Жақсылап күтіп алатындай, біз 

қонаққа бармаймыз ғой, – дедім мен 

Секеңді сөйлете түсейін дегендей ниетпен, 

– жұмыс істеуге, материал жазуға барамыз. 

Газетте көрсетуге тұрарлықтай тірліктері 

бар ма екен өздерінің?

– Бар болғанда қандай! Жаңалық та-

ры да жетерлік. Талай тың бастама лар дың 

жаршысы болып жатыр.

– Бопты онда, мен өзіміздің басшы-

лармен сөйлесіп көрейін, – деп көктемнің 

көңіл көншіктірерліктей көріністеріне 

терезеден тағы бір көз тастап, орнымнан 

көтерілдім.

Бас редактордың шығармашылық 

жөніндегі орынбасары Сарбас Ақтаев 

айтқанымды екі етпейтін, іштей жақын 

тартып жүретін ағаларымыздың бірі еді. 

Іссапар жөніндегі ұсынысымды бірден 

қолдап, қолма-қол бұйрық бергізді. Сөйтіп, 

келесі күні-ақ Талдықорған қайдасың деп 

тартып отырдым.

Секең мені қалаға кіре берістегі авто-

бекеттен күтіп алды. Астында – обкомның 

су жаңа «Вольгасы». Нөмірі әлі есімде 

– 00-18. Жүргізушісін де ұмыта қойған 

жоқпын – Ризабек. Бұл есімді ұмытпайтын 

себебім: соның алдында ғана Ризабек Әдуов 

деген әріптесіміз партияның Орталық 

Комитетіне нұсқаушы болып ауысқан еді. 

Содан жадымда жатталып қалыпты. 

– Қазір үйден жеңілдеу шай-пай ішіп 

аламыз да, Үшаралға аттанып кетеміз, 

– деді ол шофермен қатар орналасқан 

орындықтың кейін қарай ысырылған 

кеңістігіне әрең сиып, – бізді бірінші 

хатшының өзі күтіп отыр.

– Бірден сол жаққа тарта бермейсіз бе? 

– дедім мен жүргізушінің арт жағындағы 

орындыққа жайғасып жатып. 

– Әй, сен мені кім дейсің, келген қо на-

ғына ошағын көрсетпей жатып, айдалаға 

ала жөнелетін, – деді сол жағына басын 

бұрып. – (Дәл осы кезде ол айдаушының 

артында отырған менімен қатарласып-ақ 

қалғандай еді). – Құдайға шүкір, тілші де-

ген атымыз бар, қазақтығымыз және бар. 

Жәй ғана қазақ емес, үлкен кісінің өзі атап 

көрсеткен – «полтарақазақпыз». Так, что 

біздің тірлігіміз де атымызға сай болу керек.

Секеңнің «кличкасы» – «полторақазақ» 

екенін бұрыннан білетінбіз.

БАсқосу

Болашақ маманға білім де, 



тәжірибе де керек

мәденИет


БАғдАр

Алматыда «Әлем халықтары Жа-

зушылар одағы» қоғамдық бірлес-

тігінің тұсаукесері өтті. 

Тұсаукесерге қазақстандық та-

нымал ақын-жазушылар, қоғам 

қайраткерлері,  қоғамдық  бірлес тік тер-

дің, бұқаралық ақпарат құралдарының 

өкілдері қатысты.

«Әлем халықтары Жазушылар 

одағы» қоғамдық бірлестігінің 

ашылу салтанатындағы дәстүрлі 

тұсаукесер лентасын жазушы Марал 

Ысқақбай мен белгілі жазушы, 

қоғам қайраткері Ғаббас Қабышев 

қиып, жаңа құрылып жатқан әлемдік 

Астанада «Сахнадан сәлем» атты 

ІІІ Халықаралық театр фести валінің 

ашылуы өтті. 

Шараның ашылу салтанатында 

Астана қаласы Мәдениет басқар ма-

сының басшысы Болат Ма жа ғұлов 

бұл еліміздің театр әлемі үшін өте 

маңызды және айтулы оқиға екенін 

тілге тиек етті. Ресейдің халық артисі 

Сергей Безруков театр фестивалінен 

көрермен қауым зор әсер алатынын 

атап өтті. 

Фестиваль барысында Қазақ-

– Сонымен ертең жайлауға баратыны-

мыз рас болды ма? – дедім мен үйге келе 

жатып.


– Біріншімен келісілген, – деді Секең 

манағы сөзін қайталап. – Жайлауды да жа-

зуымыз керек қой. Оқушыларымыз білсін 

біздің малшылардың қалай өмір сүріп 

жатқанын.

Ертеңгілік елдің бәрі өз шаруасымен 

кетті де, үйде тек шаруашылық басшы-

сы ғана қалыпты. Байқаймын, түндегі 

батырлығы жоқ. «Вертолеттің иесі әскерлер 

ғой, дейді бұйығып, әр ұшқаны қыруар 

ақша. Оның үстіне өте қатал, құжаттан сәл-

пәл ауытқу болса мінгізбей қояды».

– Біздің құжаттарымыздан мін таба 

қоймас, – дедім мен бастықтан сыр тартып.

– Жоқ, сіздерді айтып отырған жоқпын, 

– деді енді шын қысылып. – Өзімізді сөз 

еткенім ғой, шекаралық арнайы белгісі 

болмаса, шопандарымызды да алмайды.

– Ол жағынан қам жемей-ақ қойы ңыз-

дар, – деп Секең сөзге аралас ты. – Мен 

біріншіге айтып қойғам. Ол кісі әс ке ри-

лердің басшысына ескерткен шығар. Давай, 

уақытты оздырмаңдар, кеттік аэродромға...

Алакөлдің «аэродромы» жан-жағын 

арқанмен керіп қоршап қойған шағын 

ғана алаң екен. Алдын ала айтылғаны шын 

боп шықты, бізді тікұшақ ұшқышы мен 

көмекшісі қарсы алып, ішке кіре беріңіздер 

дегендей ашық тұрған есіктерін нұсқады. 

Дәл осы кезде арғы жақтан Ризабек те 

жүгіріп келіп:

– Ағатайлар, мені де ала кетіңіздерші, 

өмірі жайлауды көрмеп едім, – деп өтініш 

айтты.


Біз не дейік. Ошарылып, ұшқышқа 

қарап едік, ол «жарайды» дегендей жылы 

жымиып, басын изеді. Риза болған Ри-

забек «әй, машинаңды қайтесің?» деген 

Секеңнің сөзін естімеген сыңай танытып, 

ішке секіріп мінді. 

Тікұшаққа тұз тиелген екен. Оны ұш-

қыштың көмекшісі айтты. Бір-біріне 

қарама-қарсы орналастырылған орын-

дықтардың арт жағындағы үюлі жатқан 

қапшықтарға қарағыштай берген бізге 

ол: «Жайлауда тұз жетіспейді малға деді, 

осыларды жаласа тәбеттері ашылып, тез 

қоңданады». Біз түсіндік дегендей, ба-

сымызды изеп, орнынан тік көтерілген 

ұшақтың терезесіне икемделе бердік.

Қытай жақтағы қыраттарға қарай 

қалт-құлт етіп ұшып келе жатқан тікұшақ 

жерден тым биікте емес. Төмендегінің 

бәрі алақанымыздағыдай анық көрінеді. 

Оның үстіне тау бірден басталмайды ғой; 

алғаш шоғыр-шоғыр төбелер, сонан соң 

одан гөрі ірілеу дөңестері, олар іркес-

тіркес иін тірестіре келіп, оқшау тұрған 

тік жартастарға ұласады. Ал ол жартастар 

жанаса, жалғаса барып жоғары өрлейді. 

Ақырында адам аяғы жетпестей алып 

шыңға айналғанын білмей қаласың. Міне, 

осы ойлы-қырлы, шыңды-құзды алып 

таулардың арасы тұнып тұрған тылсым 

емес пе?! 

Тікұшақ тау шатқалдарын қуалай 

отырып жарты сағаттай ұшты да, бір кезде 

шырқау биікке тік көтерілді. Сонда ғана 

барып байқадық: төменде аузы ашық 

қалған алып қазанның аумағындай бо-

лып аңғар жатыр екен. Жан-жағын жал-

тыр тау құздары қоршаған бұл қазандық 

төмендеген сайын, көлемі өсіп, кәдімгі 

көлі мен өзені бар, оны айнала жайқала 

өскен көгерсіні мол алқапқа айнала бас-

тады. Тікұшақ осылардың ортасындағы 

үлкен төбешікке келіп қонғанда төңірек 

күңгірт тартып, жаңа ғана жарқырап 

тұрған күн көзі тұмшаланып, кіреукелене 

әйтеуір сол жақта екенін білдіргендей 

анда-санда ақшыл тартып ашылғандай 

сыңай танытады да, қайта қымталып 

қалады. Әйтсе де дала жарық, айнала 

айқын көрініп тұр. Мал, мал болғанда 

ұсақ қой-ешкі ғой, ұзамапты, орындары-

нан тырп етпей күйсеп жатыр. Аттар да 

бір-біріне ұйысып, бастарын төмен салып 

қатып қалған. Осылайша бәрі де жаңбыр 

басылғанша тұра беруге пейілді сияқты.

– Бұл нөсер енді екі тәулікке созы-

лады, – деді менімен бірге сыртқа ілесе 

шыққан үй иесі. – Одан әрі асса – бір 

аптаға.

– Оны қайдан білдіңіз? – дедім ол 



кісінің сөзін онша жақтырмай.

– Серті ғой! – Серігім себелеп тұрған 

жаңбырға алақанын тосып, аспанға 

қарады. – Мынадай майда жауын әдетте 

үш күнге, не бір жетіге жетеді. Кеше ба-

сталды, енді тағы да екі тәулік бар, одан 

кейін қоймаса...

Малшылардың болжамы дәл шықты: 

үшінші күні таң ата жаңбыр табан астын-

да басылып, айнала құлаққа ұрғандай 

тып-тыныш бола қалды. Дала дамылдап, 

тау тыныстап жатқандай. Алқаракөк 

аспан асты аясынан асып, шексіз-шетсіз 

ғарышқа ұласып кеткендей. Айналасын 

алып тау құздары мен шыңдары қоршаған 

алқапқа таң осы әуе кеңістігінен атып келе 

жатқан сыңайлы – ағараңдап, аздан соң 

жап-жарық боп шыға келді. Сол-ақ екен, 

құстар сайрап, үй маңындағы мал сілкініп, 

пысқырып неше түрлі үнге ұласты. Жайлау 

жаңадан түскен жас келіншектей мың 

құлпырып сылаң қақты.

– Не деген ғажап! – деді Секең 

бәріміздің көңіл күйімізді дөп басқандай. 

– Табиғаттың мұндай сәтін бұрын-соңды 

байқаған емеспін. Ауасын айтсаңшы, 

әсіресе. Тамсанып жұта бергің келеді. 

Сонда да мейірің қанбайды-ау!..

– Аспан ашылыпты, енді тікұшақ та 

ұша алады ғой! – деді Ризабек те риза 

болып. 

Арада аз уақыт өтісімен аспаннан 



тікұшақтың гүрілі естілді де, артынша 

инеліктей болып қалт-құлт етіп ұшып келе 

жатқан өзінің де сұлбасы көрінді. Арғы 

жақтан қол бұлғап айғайлаған Секеңнің 

даусы мотор үнінен де қатты шықты. Мен 

келген жағымызға қарай қайта жүгірдім.

Айтпақшы, Секең сөзінде тұрды: 

сол жылы күзге салым Азат Машуров 

басқаратын аудан малшылары мен 

қызылшашыларының тәжірибесі туралы 

бір беттік материал жазып, республикаға 

таратты. Ал Панфилов ауданының 

жүгерішілері жөніндегі айқара беті Жур-

налистер Одағының арнайы сыйлығына 

ие болып, Секеңнің мерейін одан әрі өсіре 

түсті.


Жалпы Секең, жора-жолдастары 

жақсы көріп атап кеткен жанама атына 

сай, қай істі қолына алса да жапырып 

жіберетін – тапсырманы жүз, жүз елу 

пайыз етіп орындайтын. Сондықтан бо-

лар әріптестері арасында үнемі алдыңғы 

қатардан көрініп, жарыс жеңімпазы ата-

нып жүрді. Еңбек демалысына шық-

қанынша осы қарқынынан ешқашан 

тайған емес.

Қазір біз қазақ халқының орташа өмір 

сүру жасы жетпіс деп жүрміз ғой. Біздің 

Секең бұл межені әлдеқашан алып қойған. 

Сексенін де сергек тойлап, тоқсанның 

табалдырығына таяды. Тағы біраздан 

соң жүзбен де жүздесіп қалар. Не дейік 

Секе, мына өмірде де өзіңнің осы екінші 

жанама атыңа сай бол! Жасай бер, менің 

«полтарақазағым»!


Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет