Сергей кулагин



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Р.СМаҒҰлОв

Қазақстан журналистикасының 

ардагерлері Априза Айтбаева, Жұмаш 

Арғымбайұлы, «Литер» газетінің 

Астанадағы фототілшісі Советбек Мағ-

зұмов, «Ақ Жайық» өңіраралық газетінің 

бас директоры Әбділда Мұқашев, «Ка-

захстанская правда» газетінің Қарағанды 

облысы бойынша меншікті тілшісі На-

талья Рыжкова Қазақстанның Құрметті 

журналистері атанды. 

«Қаламгер Медиа» баспа орталы-

ғының директоры Жанарбек Әшімжан, 

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депу-

таты Қуаныш Сұлтанов, «Костанайские 

новости» газетінің бас редакторы Сергей 

Харченко, «Қазақ әдебиеті» газетінің 

бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы 

Қазақстанның Журналистика академия-

сына мүше болды.



М.аМаНТаева

Кеше Қазақстан Республикасы мә-

дениет және спорт министрлігінің 

тілдерді дамыту және қоғамдық-

саяси жұмыс комитеті мемлекеттік 

тіл саясатын бұқаралық ақпарат 

құралдарында насихатталу 

белсенділігін арттыру мақсатында 

Баспасөз күніне орай «мемлекеттік 

тіл және БАҚ» атты республикалық 

байқауының жеңімпаздарын салта-

натты марапаттау рәсімі өтті. 

елбасы және ел мұраты

Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесіне орай 

«Қазақ газеттері» ЖШС­на қарасты еңбек ұжымдарының 

журналистеріне Серіктестіктің жылдағы дәстүрге сәйкес 

арнайы жүлделері табыс етілді. 

Атап айтар болсақ, «Алтын қалам» жүлдесі «Уйғур авази» 

газетінің бөлім редакторы (суретте) Шамшиддин Аюповқа; 

«Күміс қалам» жүлдесі  – «Ана тілі» газетінің бөлім ре-

дакторы Бағдагүл Балаубаеваға; 

«Қола қалам» жүлдесі – «Экономика» газетінің бөлім 

редакторы  Ботагөз Бөрібаеваға берілді. 

Дипломдар мен ақшалай сый лықты «Қазақ газеттері» 

ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің 

төрағасы Жұмабек Кенжалин табыс етіп, марапат иелеріне 

шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар салтанатты 

шарада «Уйғур авази» газеті бас редакторының орынбасары 

Мухтаржан Жумаров Қазақстан Халқы Ассамблеясының 

20 жылдық мерекесіне орай және баспасөз саласындағы 

жемісті еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. 


4

5

№25 (1283) 



25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл


№25 (1283) 

25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

1.  «Ана тілі» газетін оқисыз ба? ондағы көтеріліп жүрген мәселелерге қанықсыз ба? 

Көкейіңізден шыққан қандай мақалаларды айта алар едіңіз?

2.  Ақмола облысының әкімдігінде, қала және аудан әкімдіктерінде, мекемелерде іс 

қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу қалай болып отыр? Кей жерлерде қазақ тілінің 

аударма тіл (құжат алдымен орыс тілінде дайындалады, содан кейін қазақ тіліне ауда-

рылады) күйінде қалып отырғаны байқалады. Бұл жөніндегі пікіріңіз қандай?

3.  облыс әкімдігі аппаратының қызметкерлері «Ана тілін» және басқа да қазақтілді басы-

лымдарды оқып тұра ма?

4.  Қызметке қабылдарда болашақ әкімдік қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу 

деңгейі ескеріле ме?

5.  Бірқатар облыстарда арнайы сериямен жергілікті жердегі қаламгерлердің көркем, 

публицистикалық шығармалары шығарылып жүр. Сіздерде бұл іс қолға алынған ба? 

Өңірдегі әдебиет, өнер өкілдерімен, журналистерімен кездесу өткізіп тұрасыз ба?

6.  облыстағы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының құзіретін күшейту үшін қандай 

ойларыңыз бар? тіл басқармасының тіл комитетімен, «Қазақ тілі» ұйымдарымен бай-

ланысы жөнінде не айтар едіңіз?

7.  тіліміздің өз топырағында кеңірек қанат жаюына елдегі қазақ тіліндегі басылымдардың 

көптеп таралуының да ықпалы зор. Өңірде «Ана тілінің» бүгінгі таралуы Сізді 

қанағаттандыра ма? 

8.  Соңғы уақытта қандай қазақ жазушыларының кітаптарын оқыдыңыз?

Сергей КУлАГИН, Ақмола облысының әкімі: 

абайдың қара 

сөздерін оқиМын

«ҚазаҚ тілін үйренеміз! 

Изучаем казахский язык!»

«ҚазаҚ тілін үйренеміз! 

Изучаем казахский язык!»

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет 

в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: 

anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75. 

 Рубрику ведут: Дәуіржан Төлебаев, ақбота ИСлӘМбеК

Человек очень чувствителен к хорошему слову, к этике слова. Особенно 

это касается казахов, придерживающихся в общении высокого гуманизма, 

выражающегося в уважении к старшим и в бережном отношении к под-

растающему поколению. Сегодняшняя тема нашей рубрики называется 

«Жақсы сөз жарым ырыс»,  что в переводе означает «Доброе слово – по-

ловина блага».   

Казахи придавали большое значение к этике и эстетике слова, стара-

лись гармонизировать свою речь. Много пословиц и крылатых выражений 

о значении этики слова. Поэтому  приведем следующие примеры которые 

пригодятся в повседневной жизни.

«НаН аУЫз ТИіңіз...»

Изучите значения следующих фразеологизмов:

«Үлкенмен иіліп сөйлес, кішімен 



сызылып сөйлес. Иіліп сөйлескенде 

белің бүгілмейді, сызылып сөйлескенде 

сөзің үзілмейді. – Со старшим  говори 

с поклоном, от учтивости речь твоя 

не переломится».

Жақсы байқап сөйлер, жаман 

шайқап сөйлер – Хороший человек 

в речи осторожен, плохой – невоз-

можен.

Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен 

өтеді – Палка бьет по телу, а слово 

проникает  в кость.



Жақсы сөзге жан семіреді – Хоро-

шему слову душа радуется.



Жаным десе, жан семіреді – Обла-

скай человека, возвысишь его душу.



Тіл тас жарады, тас жармаса бас 

жарады – Слово может камень по-

рушить, если не камень то голову.



Мақтаған жеткізер, шаққан 

өлтірер – Похвальба вдохновит, кол-

кость может убить



Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы 

бітпес – Рана от копья излечима, но 

от слова – нет



басқа пәле тілден – Язык мой – 

враг мой


Жыланның тілі айыр, жылан 

мінезді адамның сөзі айыр – У змея 

язык раздвоен, у человека со змеи-

ным характером язык раздвоен, т.е. 

двуличен.



Сіз, біз деген жылы сөз  – 

тіршіліктің ғанибеті – Самое лучшее 

в мире – слова уважения.



Обратите внимание на употреб­

ление следующих фразеологических 

оборотов с компонентом тіл в казах­

ском языке. 

Қонақ – гость.

арнайы қонақ – официально при-

глашенный гость.



Құдайы қонақ – случайный гость, 

прибывший без приглашения.



Құтты қонақ – гость, приносящий 

счастье



Қонақ кәде – правило гостеприим-

ства. 


Қонақбасты болу – долго и часто 

обслуживать гостей.



Қонақжай адам – очень гостепри-

имный, радушный человек. 



Қонақшыл – очень гостеприимный, 

хлебосольный (человек).



ерулік – угощение, устраиваемое в 

честь прикочевавших позже соседей, 

новых соседей, а также приехавших 

близких людей. 



Қарулық – ответное приглашение.

ас қайыру – произносить благо-

словение (бата), поблагодарив за уго-

щение. 

Тамақ /тағам/ас/дәм/нәр/ас­су – 

пища, еда. 



Тамақ асырау – кормится у кого-

либо/добывать пищу для существо-

вания. 

Тамақ батпау – нет аппетита. 

Тамақ беру – кормить кого-либо.

Тамақтан қалу – перестать есть 

вследствие болезни. 



Тамақ талғау – быть разборчивым 

в пище. 


Тағам тату – отведать чего-либо. 

Нәр – пища, съестное в самом ми-

нимальном размере. 



Нәр тартпады- ничего не ест. 

У казахов издревле есть обычай, когда прибывшего издалека гостя, 

несмотря на то, что он приехал к одному родственнику,  поочередно 

приглашают к себе другие  родственники и близкие. Гость может жить 

у каждого из них по несколько дней. Часто многие из приезжих в силу 

ограниченности времени забегают в гости «на минутку». И тогда, чтобы 

не обидеть хозяев дома, он должен отщипнуть и съесть хотя бы кусочек 

хлеба («Наннан ауыз тию»). И по сей день эта  традиция сохранилась. Даже 

если зайдешь на пару минут к соседу, обязательно нужно отведать что-

нибудь со стола. Отказаться нельзя — это будет неуважением к домашнему 

дастархану. Поэтому следующие примеры будут полезны в обиходе:

Примеры по данной теме:

Көршіміздің баласы бауыржан өте сыпайы, тіл алғыш бала – Сын нашего 

соседа Бауыржан очень вежливый, послушный мальчик.



бұл жұмбақтың жауабы тілімнің ұшында тұр, есіме түспей тұрғаны – Ответ 

этой загадки вертится на кончике моего языка, вспомнить не могу. 



асқар тілі мен жағына сүйенген жалқау жігіт сияқты көрінді – Аскар мне 

показался лентяем, который занимается пустыми разговорами.



Жаңа үйге көшіп келген айжан құрбы­құрдастарымен тез тіл тауып кетті –  

Переехав в новый дом Айжан быстро нашла язык со сверстниками.



Приведем примеры:

Қонаққа тамағыңнан бұрын қабағыңды бер – Раньше чем угостить 

гостя, добрым словом приветствуй его. 



Қонағыңды құрметте, атың елге жайылады – Уважай и почитай 

гостя, имя твое прославится. 



Қонақ келсе құт – Если придет гость, это благодать. 

береген қолым алаған – Дающая рука любит и получать.

асың, асың асыңа, береке берсін басыңа! – За угощение спасибо, да 

будет тебе благополучно!



Серік, үйге кірсеңші, дәмнен үлкен емес шығарсың – Серик, заходи в 

дом, нет ничего священнее пищи, не пренебрегай приглашением.



арман мен Қайсар аз ғана күн дәм­тұздас болып, жақын достарға ай­

налды – Арман и Кайсар лишь несколько дней были сотрапезника-

ми и стали лучшими друзьями.



баласын қатты уайымдаған Гүлжан кешеден  бері нәр тартпады –

Сильно переживая за своего сына   Гульжан со вчерашнего дня 

ничего не ела. 

Примеры:

Серікжан, бір үзім нан әперіп жіберші–Серикжан, подай кусочек хлеба.

Әжем әдеттегідей балаларға бір уыс кәмпиттен ұсынды – Моя бабушка как 

обычно угостила детей по одной горсти конфет.



бір жұтым тіршілік нәрінің бағасын білген бабаларымыз «Судың да сұрауы 

бар» деген – Наши предки  зная цену одному глотку воды издревне гово-

рили «И вода любит счет».



бір шымшым тұз сүтті ашып кетпеуден сақтайды – Одна щепотка соли по-

может сохранить молоко свежим.

бір үзім нан – «кусочек хлеба»

бір жапырақ – «небольшой кусочек»

бір шымшым – «одна щепотка»

бір шумақ – «один куплет»

бір тамшы – «одна капля»

бір уыс – «одна горсть»

бір асым ет – «мясо на одну варку»

бір жұтым – «один глоток»

бір киер – «одежда на один выход»

бір тілім –  «один кусок»



тілге көЗқарас - елге көЗқарас

қосып келеді. Сонымен бірге жергілікті 

басқармалар мен департаменттер-

де шығыс құжаттарының мемлекеттік 

тілде ресімделуі 100% -дық көрсеткішке 

жеткенін қуана хабарлаймыз.

3. 

Әр газеттің өзінің тұрақты оқыр-



ман  дары бар. Облыс әкімдігі 

аппара  тының  қызметкерлері  «Егемен 

Қазақ стан», «Ана тілі», «Айқын» «Қазақ 

әдебиеті», «Жас Алаш», «Қазақ стан-

Заман», «Түркістан» сияқты респуб ли-

калық газеттер мен «Арқа ажары», «Көк-

шетау» сынды облыс тық газеттерге үнемі 

жазылып отырады. 

4. 

Әкімшілік мемлекеттік қызметке 



түсу барысында әрбір үміткер 

мемлекеттік қызмет істері жөніндегі 

Уәкілетті органда тестілеу сынағынан 

өтеді. Байқаудың кезеңі әңгімелесу бары-

сында үміткердің мемлекеттік тілді білу-

білмеу деңгейі анықталады. Жалпы біз тіл 

мәселесіне түсіністікпен қараймыз, бірақ 

жұмысқа қабылдау барысында үміткердің 

қос тілді меңгеруі, оның ішінде мемлекеттік 

тілді өз лауазымы деңгейінде білуі 

ескеріледі. Бүгінде облыстың мемлекеттік 

мекемелері мен басқармаларында қазақ 

тілінде іс қағаздарды еркін жүргізе ала-

тын өзге ұлт өкілдерінің көбейіп келе 

жатқаны қуантады. Бұл да уақыт талабы-

нан туындаған қажеттілік. Өйткені бүгінде 

мемлекеттік қызметте қазақ тілін білмей 

жұмыс істеу қиын екенін барша жұрт 

біледі.

5. 


Арнайы сериямен жергілікті 

ақын-жазушылардың еңбекте-

рінің топтамасын шығару жоспарымыз-

да бар. Әзірге, олардың еңбектері жеке-

дара кітап болып басылып жүр. Облыста 

ай сайын қоғамдық-саяси әлеуметтік, 

әдеби «Жер шоқтығы», «Көкшетау» 

журналдары жарық көреді. Белгілі қоғам 

қайраткері, журналист-жазушы, ақын 

Төлеген Қажыбайдың және белгілі жазу-

шы, журналист Қайырбай Төреғожаның 

басшылығымен шығарылатын журнал-

дарға жергілікті қаламгерлер өз ең-

бектерін жариялап, жас таланттарымыз 

тырнақалды туындыларын ұсынып жүр. 

Біз осы басылымдарға мемлекеттік ақ-

параттық тапсырысты жүзеге асыру 

арқылы көмек көрсетудеміз.

Жазушы-тілші қауымымен олардың 

кәсіби мерекесі – журналистер күні 

қарсаңында кездесіп құттықтау, жыл 

соңындағы мерекелі күндерге қарсы БАҚ 

өкілдері арасындағы түрлі жарияланған 

байқау қорытындыларын шығару облы-

сымызда дәстүрге айналды. Бұл дәстүрдің 

жылдан-жылға маңызы артып келеді.

Қазақстандық журналистиканың 

және аймақтық БАҚ-тың дамуын қолдау 

мақсатында жыл сайын облыс әкімінің 

сыйақысына бұқаралық ақпарат құралдары 

өкілдерінің арасында 20 аталым бойын-

ша «Алтын қалам» байқауы өткізіледі. 

Одан басқа облыстың ішкі саясат 

басқармасының жанында бас редактор-

лар кеңесі жұмыс істейді. Бұл жиынға да 

облыстық басылымдардың редакторлары 

мен журналистері үлкен қызығушылық 

танытып отырады. 

Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру 

барысында халықаралық дәрежедегі 

жаттықтырушылардың, ҚР Президентінің 

жанындағы ОКҚ, «Казконтент» АҚ 

және республикалық БАҚ-тардың 

басшылығымен облыстық және аймақтық 

медиа-ресурстардың журналистері үшін 

тренингтер ұйымдастырылады.

6. 

Мемлекеттік тілдің қолданыс ая-



сын кеңейту, оның құзіреттілігін 

арттыру бүгінгі күннің басты мәселесі десек 

артық болмас. Қазақстан Республикасының 

Мәдениет және спорт министрлігінің 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси 

жұмыс комитеті мен Тіл басқармасы осы 

орайда бірлесе жұмыс атқарып келеді. 

Тіл мәдениетін көтерумен қатар көркем 

әдебиетті де насихаттауға ерекше көңіл 

бөлінеді.

Ақмола облысында тіл саясаты Тілдерді 

қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы 

шеңберінде жүзеге асырылады. Аталмыш 

бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2014-

2016 жылдарға арналған іс-шаралар 

жоспарына сәйкес жыл сайын облыс 

деңгейіндегі «Абай оқулары», «Ой-сан», 

«Тілдарын», «Тіл – тұнық ойдың кәусары», 

«Оралхан Бөкей атындағы Көркемсөз оқу 

шеберлерінің облыстық байқауы» және 

т.б. байқаулар өткізіліп келеді. Бұндай 

шаралар өскелең ұрпақтың мемлекеттік 

тілді құрметтеп, Отанын, елін, жерін 

сыйлауға шақыратыны анық. Облыс 

жастары осындай мүшәйраларға белсенді 

қатысып, жүлделі орындармен оралуда. 

Облыста Мейрамбек Қиықұлы төрағалық 

ететін «Қазақ тілі мәдениеті» қоғамдық 

бірлестігі жұмыс істейді. Қоғамдық 

бірлестік мектепке дейінгі балалар мен 

мектеп оқушылары арасында рухани-

мәдени шаралар өткізіп отырады. Бұл 

шаралар облыстың білім, мәдениет және 

тілдерді дамыту басқармаларымен бірлесе 

ұйымдастырылады. Тілдің қолданыс аясын 

кеңейту мектепке дейінгі бүлдіршіндерден 

басталатыны анық. Бұл жас ұрпаққа 

ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлкен 

мүмкіндіктер ашады. Меніңше, осындай 

мәдени шаралардың мемлекеттік тілдің 

құзыретін арттыруда маңызы зор. 

7. 

Қазақтілді басылымдардың ішінде 



ұлт газеті «Ана тілі» газетінің алатын 

орны ерекше. Облыста бұл басылымның 

тұрақты оқырмандары қалыптасқан. Білім 

ошақтары, кітапханалар, мекемелер де 

тұрақты жазылады. Әрине, бүгінгі күні 

қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту 

мақсатында басылым оқырмандарының 

саны артқаны бізге де тиімді болмақ, біз ол 

үшін барлық жағдайды жасаудамыз.

8. 


Қазақ, орыс және шетел клас-

сик терінің туындыларын ерек-

ше қызы ғушылықпен оқимын. Әсіресе, 

Абайдың қара сөздерін қайта-қайта оқи 

бергім келеді. Орыс, қытай, француз, 

т.б. көп теген әлем тілдеріне аударылған 

бұл философиялық ілімде бүгінгі күннің 

барлық көкейкесті мәселелері қозғалған. 

Оның құдіретін қарасаңыз, XIX ғасырдың 

соңы, XX ғасырдың басында ұлы данамыз 

өз ойларын қағазға түсіргенімен, даныш-

пан ақынның айтқандары дәл бүгінгі күні 

де құнын жойған жоқ. Бұл кітап үнемі 

менің көз алдымда, жұмыс үстелімнің 

үстінде жатады. Одан басқа дүние жүзінің 

30 тіліне аударылып, әлемнің классикалық 

шығармаларының қатарынан орын алатын 

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпо-

пеясын, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» 

тарихи трилогиясын оқыдым. Тарихы жоқ 

халық та болмайды. Сондықтан осындай 

қазақ тіліндегі тарихи кітаптарды оқу 

тәуелсіздікті аңсап өткен бабалар рухы ал-

дында тағзым етуімізбен пара-пар. 



ашығын айтайық, қаламызда 

кейбір Жауапкершілігі шектеулі 

серіктестіктер мемлекеттік тілге 

мән бермейді. Солардың бірі –  

«Қарағанды Су» Жауапкершілігі 

шектеулі серіктестігі дер едік. бі рін­

шіден, бұл мекеменің те лефондағы 

«автожауапбергіш» құрыл ғысы тек 

ресми тілде үн қатады. 

Мемлекеттік тіл дегеніңізді мүлде 

қаперінен шығарған ба дерсіз. Шын-

дығына келгенде, телефон арқылы жаса-

латын хабарландырулар мен ескертулер 

заң тұрғысынан алып қарайтын болсақ 

әлбетте, мемлекеттік тілде және ресми 

тілде қатар берілуге тиісті. «Қарағанды 

Су» болса заң талабына мойынсұнбай 

ресми тілге, яғни орыс тіліне басымдық 

береді. Неге?

Сонда «Қарағанды Су» мемлекеттік 

тілді мүлде қолданыстан шығарып 

тастаған ба? Аталмыш серіктестіктің 

басшысы мемлекеттік тіл ғана емес, 

сонымен бірге шетелден атажұртына 

қоныс аударған қандастарымызды 

неге сыйламайды деген сұрақ туады. 

Атажұрттан оралған қандастарымыздың 

көпшілігі ресми тілді түсіне бермейді 

ғой. Бұл шынтуайтына келгенде, 

азаматтарымыздың құқықтарын шек-

теу деген сөз. Сондықтан бұл мәселеге 

қатардағы ұсақ-түйек мәселелердің 

бірі ғой деп бейжай қарауға тіпті де 

болмайды. Осындай мәселелерді дер 

кезінде шешіп, өз бақылауына алатын 

Қарағанды қаласының Мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімі қайда қарап отыр?

Дархан УӘлИев, 

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі

Мемлекеттік тілді 

менсінбегені ме?

ДеНИСОв аУДаНЫ

Сарыағаш – ауыл. Сарыағаш қазіргі 

таңда Перелески деп аталады. Ертеректе 

бұл ауылда Сейіл мен Бейіл есімді екі 

ағайынды отбасы өмір сүрген. Олардың 

ұрпақтарының көптеген отбасылары 

да осы ауылда күні бүгінге дейін бар. 

Ауылдың Перелески болып аталған 

жылы 1962 жыл. Атауды өзгерту туралы 

шешім КСРО тұсында қабылданған. Со-

дан бері Перелески деп аталып келеді. 

Сарыағаш деп байырғы атауын қайтару 

керекпіз. Сарыағаш атауының этимоло-

гиясы ағаш сөзімен тікелей байланысты. 

Атаудың пайда болу негізі де осында 

жатыр. 

Жалтыркөл – ауыл. Ауыл атауының 

шығу тегі осы маңда орналасқан Жал-

тыр көлмен байланысты қойылған. 

Көлдің маңына ел қоныстанып, үйлер 

тұрғызылған. Елімізде көл атаула-

рымен аталған елдімекендер аз емес. 

Солардың бірі осы Жалтыркөл ауылы деп 

айтуымызға болады. Көлдің жалтырап 

жатуынан қойылған атау. 

Тастыкөл – ауыл. Тастыкөл атауы да 

Жалтыркөл тәрізді көл атауымен байла-

нысты қойылған атау. Көлдің тасты бо-

луынан осылай аталып кеткен. Қазақтың 

дәстүрлі ономастикалық атаулар 

жүйесінде атаулардың берілу мәні сын 

есіммен, жердің географиялық, табиғи 

ерекшелімен байланысты болып келеді. 

Тастыкөл деп қай кезде аталғаны белгісіз. 

Байырғыдан келе жатқан атаулардың бірі 

екені күмән туғызбайды. 

ақсу – ауыл. «Ақ» және «су» сөз де-

рінен құралған атау. Ауыл атауына негіз 

болған сөз. Елімізде Ақсу деп аталатын 

елдімекендер, ауылдар көптеп сана-

лады. Тіпті Қазақстанның әр өңірінде 

осындай атаулар кездеседі. Бұл атау 

судың ақ болуымен тығыз байланысты. 

Алыстан қарағанда ағып жатқан өзеннің 

немесе айдын-көлдің жарқырап көрініп 

жатуы ақ болып көрінері сөзсіз. Соның 

нәтижесінде Ақсу атауы пайда болған. 

Ауылдың атауы да осындай көлдің не-

месе өзеннің маңына орналасуымен 

тығыз байланысты. Халық, ел-жұрт суы 

мол, шалғынды жерге қоныстанады. Сол 

себепті ондай ауыл орналасқан жер сол 

төңіректегі өзен-көлдің атауымен аталып 

кетеді. Ономастикалық атаулардың тари-

хына зер салатын болсақ, осындай. 

Қара­Оба – ауыл. «Қара» және «Оба» 

сөздерінің бірігуінен пайда болған та-

рихи атау. Ауыл маңында обалардың 

көп болуынан пайда болған атау деп 

топшылаймыз. Қазақтың дәстүрлі 

ономастикалық атаулар жүйесінде де 

оба сөзімен байланысты атаулар аз емес. 

Мұндай атаулардың пайда болуына 

жоғарыда айтқанымыздай жердің табиғи-

географиялық жағдайы, ерекшелігі, 

сыртқы көрінісі, сипаты, т.б. қасиеттері 

әсер етеді. Бұған қарағанда осындай 

атаулардың пайда болуы сол ауылды 

немесе елдімекенде өзге жерлерден 

ерекшелеп тұрады. Оның үстіне мұндай 

атаулардың сыр-сипаты мол. Оны ке-

лешекте ғылыми-зерттеу нысандары-

на айналдырып, өңір үшін пайдалы 

мәліметтер алуға болады. Елтану, жер-

тану тұрғысынан алғанда мұндай зерттеу 

жұмыстарының пайдасы шексіз. 


Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет