Сергей кулагин



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қос 

қарлығаш

қаласындағы  №9 баспаханаға 

әп-сәтте жұмысқа орналасып

он жылдай еңбек еттім. Өстіп 

күйбеңі мол күйбең тіршілікпен 

жүргенде оқу дегеннен де қол үзіп 

қалыппын-ау. 

Ақыры 1988 жылы, осыдан 

тоғыз жыл бұрын армандаған 

КазГУ-ге қайтадан жол тарт-

тым. Бұл  барған сапарымда да 

көздеген мақсатыма жете ал-

май,  баспаханадағы жұмысыма 

кері оралдым. Менің бұл арадағы 

еңбек ететін орным кәдімгі домна 

пештеріндей, ескі қорғасындарды 

ток станокта балқытып, оның 

бетіндегі шлагын тазалап, та-

засын бөліп алып, әріп теретін 

машиналарға арнап  дайын-

дау болды. Көктемнің айнала-

ны мамыражай шуаққа бөлеп 

жаңадан басталған кезі еді. 

Сөйтіп, қайнаған еңбектің бел 

ортасында жүрген күндердің 

бірінде мен жұмыс жасайтын 

ұясын ерінбей балшықтан қалап 

салады да, балапандарын құлап 

кетпесін деп аяқтарынан аттың 

қылымен байлап қояды. Міне, 

ілкіде екеу болып келген бауыр-

мал құстарым енді балапандарын 

өсіріп, қастарына ертіп, төртеу 

болып аспан көгіне көтерілді. Мен  

болсам бейне-бір туысымды алыс 

сапарға қимастықпен шығарып 

тұрғандай соңдарынан көпке 

дейін көз алмастан қарап тұрдым. 

Қарлығаштар да ішкі ойымды 

сезді ме қайдам, іле-шала кері 

оралып, қалықтаған күйі терезе 

алдын бір айналып өтті де, ақша 

бұлттардың арасына сіңіп кете 

барды.


естуімше, қарлығаштар да кез 

келген жерге ұя салмайды дейтін. 

Сол сәт мына бір қазақ пен қалмақ 

арасындағы оқиға еске оралды. 

Жаугершілік заманда қазақ 

ауылын жаппай қырып-жойып 

келе жатқан қалмақ батыры 

жағалай тігілген киіз үйлерге 

орналасқандардың  қарттары 

мен бала-шағаларына жерлерін 

босатып, бұл арадан көшулеріне, 

к ө ш п е с е   ө з д е р і н   қ ы р ы п -

ж о я т ы н ы н   е с к е р т і п   ж а у ш ы 

жібереді. Қалмақ батырының 

ө к т е м д і г і м е н   ү д е р е 

жөңкілген ауылдан 

генше жанашырлық таныту бол-

ды. Көп ұзамай ойға алғанымды 

орындап, жазуға да төселген 

сыңайлымын.  Енді, міне, маған 

үлкен үміт артып, жанашырлық 

танытқан жаны ізгі жандардың 

нұсқауымен жылқы жылының 

күзінде  Исатай ауданындағы 

Ардақты азамат еді...


12

№25 (1283) 

25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

Құрылтайшы және шығарушы: 



«ҚАзАҚ ГАзеттеРi» 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Бас директор – 

Редакторлар кеңесiнiң төрағасы 



Жұмабек КеНЖАлИН

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

www.kazgazeta.kz

Бас редактор 



Самат ИБРАИм

Бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

Нұрперзент ДомБАЙ

Бас редактордың 

орынбасары 

Дәуіржан тӨлеБАеВ

Бөлiм редакторлары:

Ақбота ИСЛәМБеК – Тіл мәселелері және мәдениет

Бағдагүл БАЛАУБАеВА – Білім және ғылым

Нұрлан ҚҰМАР – әлеумет және ақпарат



Фототiлшi

Азамат ҚҰСАЙЫНОВ



Беттеуші

Нұржан АСАНОВ



терімші

Күмісай МеРеЙХАН



Корректор

Динара МАСАКОВА



Хатшы-референт

Назгүл БеЙСеМБАеВА

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 

Ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда 

№7345-Г куәлiгi берiлдi.

Газет аптасына бір рет шығады.

«Ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ 

газеттерi» ЖШС-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.

«Ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн 

редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. 

Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық 

нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. Редакция оқырман хаттарына жауап 

бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды. 

Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» ЖШС-ның компьютерлiк 

орталығында жасалды. Индекс 65367. Офсеттiк басылым.

Газет: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 223 «в». 

 «Алматы-Болашақ» АҚ, Тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс); 

 Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 190, «А-Полиграфия» баспаханаларында басылып шықты

тапсырыс № 1009/1101

«Қазақ газеттерi» ЖшС-ның 

аймақтардағы өкiлдiктерi:

Толымбек әБДІРАЙЫМ 8 701 345 7938 (Астана)

Жанғабыл ҚАБАҚБАеВ 8 771 769 6322 (Ақтөбе обл.)

Батырбек МЫРзАБеКОВ 8 (7102) 90-19-73 (Қарағанды обл.)

Бектұр ТөЛеУғАЛИеВ 8 (7292) 40-41-01 (Маңғыстау обл.)

«Қазақ газеттері» ЖшС-і сайтының веб-редакторы – 

Сұлтан ТАЙғАРИН



меншікті тілшілер:

өтеген НәУКИеВ (Атырау) 8 701 518 46 81

Орал ШәРІПБАеВ (Семей) 8 705 661 14 33

Оразалы ЖАҚСАНОВ (Қостанай) 8 777 230 71 84

Жарқын өТеШОВА (Мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru

Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:

ғарифолла әНеС – филология ғылымының докторы

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ – филология ғылымының докторы, профессор

Аягүл МИРАзОВА – педагог-ұстаз, Қазақстанның еңбек ері

Талас ОМАРБеКОВ – тарих ғылымының докторы, профессор

материалдың жариялану 

ақысы төленген

кезекшi редактор



Нұрлан ҚҰМАР

Таралымы 20020

РеДАКция ТелефоНДАРы: 

394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс), 

394-41-30

E-mail: anatili_gazetі@mail.ru

МеКеНЖАйыМыз:

050009, Алматы қаласы, 

Абай даңғылы, 143, 6-қабат

А

таң

«АнА тілінің» гАлереясынАн

мұхамеджан  СҮлеЙмеНоВ – 

суретші. Қазақстан Республикасы 

Суретшілер Одағының мүшесі. 1972 

жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, 

Шымкент қаласы, Байдібек ауданы 

Алғабас ауылында дүниеге келген. 

1987 жылы А.Қастеев атындағы 

Шымкент көркемсурет училищесін 

суретші-көркемдеуші мамандығы 

бойынша тәмамдаған. 1991 

жылы Алматы қаласы  Т.Жүргенов 

атындағы Алматы мемлекеттік театр 

және көркемсурет институтының 

«Манументтік кескіндеме» бөліміне 

түсіп, суретші-кескіндемеші 

мамандығы бойынша бітірген. 

Қазіргі таңда осы университеттің 

«Кескіндеме» кафедрасының 

оқытушысы, доцент. «Жігер», 

«Шабыт» жастар шығармашылық 

фестиваліне, сондай-ақ көптеген 

республикалық және халықаралық 

көрмелерге қатысқан. 

р

ы



Б

а

а



б

а



а

л

л



л

з

а



р

қ

ғ



а

тАлшыБық


дүБірлі додА

550 жылдығын мерекелеу аясында 

өтті. Саябақта көріністі тамашалап, 

көңілді ойындарға қатысуға, татар 

халқының  ұлттық тағамдарынан дәм 

татуға көп халық жиналды. Дәстүр 

б о й ы н ш а   а қ т ө б е л і к   т а т а р л а р д ы 

Сабантой мерекесімен құттықтауға 

Қазан қаласынан қонақтар келді. 

Татарстан Республикасының халық 

артисі Резеда Тухватуллина Татарстан 

Президенті Рустам Миннихановтың 

құттықтау хатын оқып берді.

ақтөбе қаласындағы а.Пушкин 

атындағы қалалық саябақта татар 

халқының Сабантой мерекесі атап 

өтілді. 

Мерекені «Шатлық» татар-башқұрт 

этно-конфессиялық бірлестігінің 

өкілдері ұйымдастырды. Аталған шара 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 

2 0   ж ы л д ы ғ ы н ,   Ұ л ы   Ж е ң і с т і ң   7 0 

жылдығын, Әлия Молдағұлованың 90 

жылдығын және Қазақ хандығының 

сабантой мерекесі

шАрА 


 Менің арманым

Міне, сынаптай сырғып 11 жыл да 

өте шықты. Ата-анамыз қолымыздан 

жетектеп, мектеп партасына отырғызып, 

алғашқы ұстазымыз қолымызға қалам 

беріп, жазу мен оқуды үйреткені 

күні кеше еді. Бал-балалық шақтың 

тәтті кездерін, мектептегі қызықты 

күндерімізді сағынарымыз сөзсіз. 

Мен жастайымнан қазақ тілі мен 

әдебиет пәніне өте құмар болдым. 

Тіл мен әдебиетті терең білсем деген 

арман мен ой мені Абай атындағы 

республикалық мамандандырылған 

дарынды балаларға арналған қазақ тілі 

мен әдебиетін тереңдете оқытатын 

мектеп-интернатына жетеледі. 8-сы-

ныптан кейін аталған мектепке кон-

курс арқылы қабылдандым. Еліміздің 

түкпір-түкпірінен келген оқушылар, 

барлығымыз емтихан тапсыруға таңғы 

сағат 8-де жиналдық. Алғашқы емтихан-

да қазақ тілі мен әдебиетінен  шығарма 

жазу тапсырмасы берілді. Мұғалім 

«уақыт аяқталды, шығармаларыңды 

өткізіңдер» деген кезде, көкейімде «әлі 

де жазарым бар еді» дегендей ой тұрды. 

Уақыт тез аяқталып қалғандай болды. 

Ертеңінде – қазақ тілі мен әдебиетінен 

ауызша, келесі күні шығармашылық 

емтихан тапсырдық. 

Емтихандар аяқталған соң оқуға 

қабылданғандар тізімінен өз тегімді, 

Жуырда белгілі 

қаламгер, балалар жа-

зушысы, Қазақстан 

Республикасының Мәдениет 

қайраткері Төлеген 

Ильяшевтің «Айдан келген 

Алдар» атты сатиралық 

кітабы жарық көрді. 

Қаламгердің «Екі дос» 

атты әңгімесін «Балаларға 

базарлық» айдарымен 

ұсынып отырмыз.

аты-жөнімді көргенімде қуанышымда 

шек болмады. Иә, арманым орындалды. 

Енді тек білім алып, шыңдалуым керек. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерімен 

қатар, мұнда абайтану, әуезовтану 

пәндері жүрді. Біз  ұлы Абай атамыз 

жайында терең білдік. Жазушы Мұхтар 

Әуезовтің классикалық шығармаларын 

жата-жастана оқыдық. Әр пәннің 

қызықты өтуіне мән беретін  жаңашыл 

ұстаздардан тәлім алдық. Ұстаздарымыз 

а т а - а н а м ы з д а н   ж ы р а қ т а   ж ү р г е н 

біздерді өз балаларындай көрді. Қоғам 

қайраткерлері, мектептің танымал 

түлектері, ақын-жазушылармен өткен 

тағылымды кездесулер бізді әдебиет 

әлеміне жақындата түсті. Соның 

арқасында әдеби тұлғалар туралы жан-

жақты мағлұмат алдық. 

Осылайша алтын ұя мектебімізден 

ұшып, үлкен өмірге қадам бастық.  

Ендігі мақсатым – білімімді әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

журналистика факультетінде шыңдап, 

өз кәсібімнің білікті маманы атану. 



арайлым МҰХТаРОва,

абай атындағы республикалық

мамандандырылған дарынды

балаларға арналған қазақ тілі 

мен әдебиетін тереңдете оқытатын 

орта мектеп­интернаттың түлегі

– Жоқ, жоқ. Сен одан да анау тауық 

сарайың ның іргесін тесіп берші, аштан өлем 

бе? Тышқан аулап, сонда жатайын. Ертең 

қыс келсе, сол жер әжептәуір пана болар, 

– деп итке жалынды. Мысықтың көңілін 

қимаған ит барып іргетасы жоқ жерден 

тауық қораның іргесін тесіп берді.

– Ой, жақсылығыңды ұмытпаспын, рах-

мет, бірақ үйден де үміт үзбеймін. Мүмкін 

анау маскүнемді қуып шығар, – деген 

мысық сонда тұрып қалды. Сөйтіп, күндер 

өте берді. Бір күні ойда-жоқта таң ата 

құстардың барлығы у-шу болып, қораны 

басына көтерді. Бірақ ит ештеңе сезбесе ке-

рек, үндемеді. Енді қараса жаңағы тесіктен 

бір-екі түлкі атып шығып, безе жөнелгендей 

көрінді. Не керек, сөйтіп-бүйткенше таң да 

ағарып қалды. Ерте тұратын үй иесі есікті 

ашып қораға кіріп келгеңде көзі бақырайып, 

шалқасынан түсе жаздады. 

– Ойбай, не сұмдық, тауықтарымды 

қырып кетіпті ғой, – деп ойбайлай аулаға 

атып шығып, Бөрібасарды іздей бастады. Ол 

болса ойында ештеңе жоқ, үйшігінде қалғып 

жатқан-ды. Ызаланған қожайын: 

– Ой, оңбаған, не күзетіп жүрсің? 

Жалқау, ішіп, аяқ босатар, – деп, итті 

тепкінің астына алды. 

– Сірә, түлкілермен ауыз жаласқан-

сың-ау, тіпті қабырғаны тесіп, жол жасап 

қойғанын қарашы, – деп, итті өлімші 

етіп ұрып, қуып жіберді де, қораның ішін 

жинай бастады. Сол кезде мысық: – Қой 

тесікті бекітіп тастаса сыртқа шыға алмай 

қалармын, – деп, зытып отырды. Сөйтіп, 

ит те, мысық та бомжға айналды. Біраз 

күндерден соң көшеде тамақ іздеп келе 

жатқан мысыққа: 

– Әй дос, тоқтай тұршы, – деп, ақсаңдап 

жүгіріп келе жатқан итке қараса, түрінен 

түр жоқ. Әбден арықтап, азып кеткен 

баяғы өзіне жақсылық жасаған дос итіне 

мысықтың да жаны ашып кетті. Бір-бірінің 

хал-жайларын сұрасып болған соң, ит 

ентігін басып: – Әй, дос, бері қара, мен бір 

жақсы жаңалық естідім, – деді. – Иә, ол 

қандай жаңалық? 

– Қалаға кетуіміз керек. Ол жақта 

жағдай жақсырақ екен. Бәрін культурно 

жәшікке салып қояды екен. Оны маған мына 

көршінің иті айтты. Ол оны ұзынқұлақтан 

естіпті, дегенмен қала үлкен ғой. Мына 

төбені ассақ болды, қол созым жер, – деп 

үгіттей бастады. Мысық біраз ойланып: 

– Менің естуім бойынша, ол жақта 

адам бомждар көп дейді. Бізге қиын болып 

жүрмей ме? – деп, өзінің күмәнін білдірді. 

Не керек, ақыры екеуі қала жаққа бет ала-

ды. Сөйтіп, қалаға келіп қоқыс салатын 

жәшіктерді тіміскілеп жүріп, бір-екі тілім 

колбасаны жей бергенде жәшіктің түбінен 

бір ішіп алған бомж шыға келіп: 

– Ой, әкеңнің, мысық, – деп колбасаға 

таласа кетті. Мысық өз көзіне өзі сенбей: 

– Ой, мынау біздің үйдегі күйеу ғой. 

Оңбаған ақыры сені де қуған екен ғой, 

– деп, қуанған мысық тура ауылға қарай 

безек тей  жөнелді.

Бір ауылдың шет жағында көрші екі 

үйдің бірінің мысығы, бірінің күшігі бірге 

өсіп, әбден дос болып кетсе керек. Мысық 

тұратын үйдің иесі – жесір келіншек. Ал иті 

тұратын үйдің иесі қуаттырақ. Ол ұсақ мал, 

қаз, тауық ұстайтын. Күндерден күн өтіп, 

жаңағы келіншек күйеуге тиіп, ол күйеуі 

осы үйге кіріп алады. Бірақ келіншектің 

күйеуі жарытып жұмыс істемейді. Ыңғайы 

келсе мысықты диваннан қуып жіберіп, 

өзі телевизор қарап жатады. Сол келгеннен 

бері жылы жерге, жұмсақ диванға үйренген 

мысықтың мазасы қаша бастайды. Ол ол 

ма, біраздан кейін күйеу ішіп келетінді 

шығарды. Үйге көк тиын әкелмейді. Тек 

аузымен орақ орғаннан басқа. Келіншек 

болса таңның атуы, күннің батуы жұмыста. 

Үйге қалжырап келгенде мені алдына алып, 

сипалап тамағымды беріп, екеуміз телевизор 

көріп, диванда тып-тыныш отыратын едік. 

Енді, міне, мынау күйеуі мазамды алып 

бітті. Бұрынғыдай сүт ішіп, бауыр жеген-

нен қалдым. Ана жалмауыз күйеуден түк 

қалмайды, ол ол ма, әйеліне қол көтеруді 

бастады. Мені қойшы, оның жазығы не?

Айрандай ұйып отырған үйдің берекесін 

қашырды.


Қолына түссең болды желкеден алып 

терезеден бірақ лақтырады. Келіншектің екі 

көзі кезек-кезек көгеруден босамайды. Бір 

күні ішіп алған екен, мені ұстап алып:

– Әй, арамтамақ, неге тышқан ауламай-

сың? – деп көшеге лақтырып жіберді. 

Сөйтіп, далада қалдым. Барар жер, басар тау 

жоқ. Өзімнің бірге өскен досым Бөріба сар 

едің ғой деп, өзіңе келдім, – деп еді, Бөрі-

басар: –Бәсе, көп болды көрінбей кетіп едің, 

себебі бар екен ғой. Жайыңды ұзынқұлақтан 

естігем, иең келіншек күйеуге шығып, жау 

қожайын мазаңды бек кетіріп жатқан болар? 

– деп, бұған сынай қарады. 

  О й ,   т ә й і р і - а й ,   қ а т е л е с п е д і ң , 

келіншектің күйеуі ішкіш болып шықты. 

Күннің жарығын көруден қалдық. Жалғыз 

диван мен телевизордан да айрылдық, 

Әйелдің күнде шекесі ісіп, көзі көгереді. 

Мені үйден мүлдем қуып жіберді. Өзің көріп 

тұрсың ғой берекемнің кеткенін. Жүнім 

ұйпа-тұйпа, жейтін қатқан наннан басқа 

ештеңе жоқ, асқазаным язва болды. Сау 

жерім жоқ, сүйектерім сырқырап, берекем 

қашты, – деп, досына мұңын шақты. Ит оны 

аяп: – Қарның ашса, әне, менің итаяғымда 

қалған-құтқан тамақ бар, соны жей тұр, – 

деп жұбатты.

– Жарайды оны жермін-ау, ниетіңе 

рахмет. Сен одан да анау иемен сөйлесші, 

мүмкін мені асырап алар. Себебі оның анау 

тауық қорасында тышқандар өріп жүреді 

дейді ғой. Сонда ит: – Ойбай-ау, үйде мы-

сық бар ғой, оны қайда жібереді? – деді. 

Мысық болса:

– Фүй, сыланып-сипанып қалған соны 

қойшы. Тышқан ауламақ түгіл, креслодан 

да түспейді. Ішпегені алдында, ішкені ар-

тында, – деп қызғаныш танытты. Ит басын 

шайқап: Менің үйшігіме жата тұр, – деп те 

ұсыныс жасады.

«АСыҚтАрымды 100 мыңғА ЖЕтКізСЕм»

дейді ұлттық ойындар жанашыры Болат Тағабай

Асық жинауды бала кезінен серік 

еткен азамат алғашқы кезде оны 1 

дорбаға, содан кейін 2 дорбаға салып, 

кейіннен олардың саны көбейген сайын 

сандықтарға салып сақтайтын болыпты. 

Осылайша бірте-бірте 50 мыңға жетіпті. 

Асықтардың түрлері әрқилы. Оның 

ішінде көп кездесетіні қой асығы. Ара-

сында құлжа да кездеседі. 

– Құлжа – арқардың асы ғы. Ол да 

сақаның орнына қолданылады. Кезінде 

қор ғасын құятынбыз, қазір қорғасын 

құйылмайды. Біз дің ауылдың балала-

ры асықты жақсы ойнайды. Сайыс-

тар ұйымдастырамыз. Бәйге тігеміз. 

Жуырда шығыс Қазақстан облысы 

тарбағатай ауданында орналасқан 

«Әулие ырғызбай» кешенінің дирек-

торы Болат тағабаймен жүздесудің 

сәті түсті. ол өзінің негізгі қызметінен 

бөлек, асық жинаумен айналыса-

ды екен. Жинаған асықтары бүгінгі 

таңда 50 мыңға жетіпті. Ал 35 мыңға 

жеткенде-ақ асықтары халықаралық 

рекордттар кітабына еніпті. 

ЕКІ


ДОС

әдеттің әдемісі

БОКСШЫЛАРЫМЫз НАМЫСТЫ 

ҚОЛДАН БеРМеДІ



астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде 

биылғы маусымдағы Дүниежүзілік 

бокс сериясы (WSB) додасының 

ақтық сайы сы өтіп,  финалда «астана 

арландары» мен «Куба домадорес» 

командалары кездесті. 

Екі күнге созылған жекпе-жектің 

алғаш қы күнінде «Астана арланда-

ры» 3:2 есебімен басым түсті. Қалың 

жанкүйердің қолдауымен алғашқы жек-

пе-жекке шыққан Теміртас Жүсіпов 

ұпай санымен жеңіске жетсе, ал 56 

келіде Олимпиада ойындары мен әлем 

чемпионы Робейси Рамиреспен қолғап 

түйістірген жерлесіміз Қайрат Ералиев 

одан басым түсті.  

«Астана арландарының» капитаны 

Самат Башенов қарсыласы Ясниер То-

ледамен, Мейірім Нұрсұлтанов Арлен 

Кардонамен кездесіп, мерейлері үстем 

болды. 91 келі салмақ дәрежесінде  Ва-

силий Левит Феликс Савоннан ұтылды. 

Осыған дейін екеуі де 2016 жылы Рио-де 

Жанейрода өтетін Олимпиада ойында-

рына жолдама алып қойған болатын.  

Дүбірлі доданың екінші күні 52 келі 

салмақта Азия чемпионатының қола 

жүлдегері Олжас Сәттібаев пен Йосвани 

Вейтиа Сотто арасындағы жекпе-жекпен 

жалғасты. Нәтиже ойдағыдай болды.  

60 келіде Зәкір Сафиуллин Лондон 

олимпиадасының қола жүлдегері, екі 

дүркін әлем чемпионы атақты боксшы 

Ласаро Альварестен басым түсті. Ал 69 

келі салмақта сынға түскен Асланбек 

Шымбергенов шиеленісті жекпе-жекте 

Роньель Иглесиас Сотолонгоны ұтты. 

Бірінші ауыр салмақта, яғни 81 келіге 

дейінгі салмақ дәрежесінде кубалық  

Хулио Ла Круз қазақстандық Нұрдәулет 

Жармановты жеңді. Кездесу 3:0 (50:45, 

50:45, 49:46) есебімен аяқталды. 

Финалдық кездесуде соңғы болып ринг-

ке қазақстандық Иван Дычко шықты. 

Ең ауыр салмақта, яғни 91 келіден 

жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен 

ол «Куба Домадорес» клубының Йоанди 

Ортега Тойракамен кездесіп,  жалпы 

есепте қазақстандық клубқа тағы бір 

жеңіс сыйлады.

О с ы л а й ш а   ф и н а л д ы қ   к е з д е -

су 6:4 есебімен «Астана арландары» 

қазақстандық клубтың пайдасына 

шешілді. Бұл жерлес теріміздің алғашқы 

жеңісі емес. Осыған дейін  «Астана ар-

ландары» 2013 жылы жеңімпаз атанған 

болатын. 



Нұрлан ҚҰМаР 

Жастардың, тіпті үлкендердің өзі асыққа 

қызығып, құмарта ойнайды. Асық ойнап 

өскен бала жастайынан шапшаңдықты, 

мергендікті, ептілікті үйренеді. Ойы 

да ұшқыр, қиялы да бай болады. Бұл 

өзіміздің ұлттық спортымыздың бір 

түрі ғой. Оны ұмыт қалдыруға болмай-

ды. Менің асық жинаудағы мақсатым 

да осы. Адамдардың қызығушылығын 

ояту, асық ойындарын насихаттау. 

Саны 50 мыңнан асып жығылатын 

асықтарды көргендер таң қалып: 

«Мұның барлығын қалай жинадыңыз» 

дейді. Бір байқайтыным, соңғы кездері 

қыздарымыз да асық ойнауды үйреніп, 

машықтанып жүр, – дейді Болат 

Тағабай.  

Асық жинаумен әуестенетін азамат 

«Асық ату» федерациясына 1000 асық 

сыйға тартыпты. Кейіннен тағы да 500 

асық беріпті. «Біз тек өзімізде ғана емес, 

бүкіл Қазақстан бойынша асық санын 

көбейтуге үлес қосып келе жатырмыз» 

дейді ол. Бүгінде Шығыс Қазақстан об-

лысы Тарбағатай ауданы республикадағы 

асықты ең көп жинаған аудан ретінде та-

нымал. Енді ауданның кіреберісіне асық 

бейнесіндегі ескерткіш орнатылмақ. 

Асықтың бес метрлік мүсін ашу салтана-

ты да ұйымдастырылмақ. 

Бір айта кетерлігі, ұлттық ойынға 

жанашыр болып жүрген азамат былтыр 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 

«Асық ату» федерациясының филиа-

лы ашылып, соның басшысы болып 

тағайындалыпты. 

«Ендігі мақсатым – 2017 жылға дейін 

асықтардың санын 100 мыңға жеткізіп, 

ұлттық дәстүрге сай дүниені Елордамыз 

– Астана қаласында өтетін халықаралық 

«ЭКСПО-2017» көрмесіне апару» дейді 



Болат Тағабай. 

бағдагүл балаУбаева

Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет