«Сенің дауысың – сенің тағдырың» №8-9 (189-190)



жүктеу 8.07 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата14.09.2017
өлшемі8.07 Mb.
  1   2   3   4   5

Құттықтаймыз!

«Сенің дауысың – сенің тағдырың»

№ 8-9 (189-190),  

сәуір, 2015 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов Санкт-Петербург қаласында өткен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІІІ съезінде Университеттердің еуразиялық 

ассоциациясының вице-президенті болып сайланды.

Л.Н. Гумилев атын дағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Университеттердің еуразиялық қауымдастығының вице-президенті болып сайлануы – ЕҰУ-дің 

халықаралық деңгейдегі рөлі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Еуразиялық университеттер қауымдастығы 1992 жылы алғаш рет 25 жоғары оқу орнының басын біріктірсе, қазір олардың саны 128-ге жетіп отыр. Олардың қатарында 

Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Украина, Түркіменстан, Тәжікстан және тағы басқа елдердің оқу орындары бар. Қауымдастық 

президенті М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей Ғылым академиясының вице-президенті Виктор Антонович Садовничий. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ұсынған Еуразиялық 

одақ құру туралы бастаманың 20 жылдығынан кейін өтіп отырған бұл съездің символдық мәні бар. Өйткені бұл басқосу – Қазақстан Президенті идеясының жүзеге асуының 

нақты көрінісі.

Білім мен ғылым қай мемлекет үшін де ортақ, Санкт-Петербордағы жиынға бірінші проректор Жәмила Нұрманбетова қатысуда. Өйткені алдағы уақытта университеттер 

арасында білім мазмұнын жетілдіру, оқу стандарттарын жасау, сапаны арттыру мәселелері осындай алқалы жиындарда шешіледі. 

Профессор-оқытушылар құрамы Ерлан Бәтташұлын Университеттердің еуразиялық ассоциациясының вице-президенті болып сайлануымен құттықтай отырып, үлкен 

табыстар тілейді.

Құрметті  талапкерлер!

Құрметті талапкерлер, тәуелсіздігіміздің арқасында әлем елдерінің 

алдыңғы легінен орын алып, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени 

жетістіктерімен жаңа белестерге ұмтылған еліміз үшін білікті де білімді 

әрі сапалы мамандарға қажеттілік күн өткен сайын артуда. Осыны жете 

түсінген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елімізде білім мен ғылым 

саласының жедел дамуына байланысты негізгі мәселелерге айрықша 

көңіл бөліп келеді. Кезінде өзі шаңырағын көтерген Лев Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті аз жылдар аралығында әлемдік 

беделді рейтингілік агенттіктердің сараптамалары бойынша ТМД елдері 

арасында ғана емес, дүниедегі танымал білім ордаларының қатарына 

көтерілді.

Студенттеріміз бен магистранттарымыз, докторанттарымыз, 

профессор-оқытушылар құрамы танымал шетелдік университеттерде 

болып, тәжірибе алмасып, білімдерін толықтырады. Әрине мұндай 

жетістіктерге жетуге Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген 

университетіміздің басты стратегиялық бағдарламасы ерекше серпін 

берді. Талапқа орай озық инновациялық технологиямен жабдықталған 

лабораториялар мен ғылыми орталықтар ашылды. Ғалымдарымыздың 

ғылыми-тәжірибелік қызметтеріне ерекше көңіл бөлініп, студенттердің 

сапалы  білім алуымен қатар, денсаулығы мықты,  рухани жетілген 

азаматтар болып өсуіне байланысты жастар театры, би-домбыра 

үйірмелері, спорт кешендері,  пікірталас-пікірсайыс клубтарының 

жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

мемлекеттің өткенін, бүгіні мен болашағын үйлестіру университеті 

деп сеніммен айта аламыз. Білім ордасы ХХ ғасыр талаптарына сай 

мемлекеттік қызметтің, білім мен ғылымның кадрларын дайындаудың 

тарихи миссиясын орындап келеді. Біздің түлектеріміз қазіргі кезеңде 

туған еліміздің халық шаруашылық салаларында белсенділікпен еңбек 

етуде. Олар біздің ғана емес  Отанымыздың бүгінгі азаматтары, 

ұлтымыздың мақтанышы!

Құрметті,  талабы таудай талапкер! Жоғары деңгейдегі кәсіби 

мамандық иесі болуға бел бусаңыз Еуразия ұлттық университетіне 

келіңіздер. Оқу ордамыздың алға қойған мақсаттары биік және біздегі 

білім беру жүйесі әлемдік стандартқа толық жауап береді.

Ректор, ҚР ҰҒА академигі, профессор

Ерлан СЫДЫҚОВ


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 8-9 (189-190), 

сәуір, 2015 жыл

СҰХБАТ

Гумилев атындағы Еу-

разия ұлттық универси-

теті Академиялық мәселелер 

департаментінің дирек-

торы Палымбетов Шәмен 

Балтабайұлына талапкер-

лерді қабылдау үдерісі мен 

оған дайындық барысында 

университетте жүзеге асы-

рылып жатқан іс-шаралар 

мен атқарылатын жұмыстар 

жөнінде және талапкерлер 

көкейінде жүрген мәселелер 

төңірегінде бірнеше сұрақтар 

қойып, ата-аналар мен 

талапкерлердің білгісі келетін 

сауалдарға жауап  алған едік. 

– Жоғары оқу орындары-

на жалпы орта, техникалық 

және кәсiптiк (бастауыш және 

орта кәсiптiк, орта бiлiмнен 

кейiнгi), бiлiмi бар Қазақстан 

Республикасының азаматтары 

мен Қазақстан азаматтығы жоқ 

тұлғалар қабылданады. Оқуға 

түсушi талапкерлерді қабылдау 

конкурстық негізде иеленген 

мемлекеттiк бiлiм беру тапсы-

рысы (бiлiм беру гранты) және 

азаматтардың өз қаражаты мен 

басқа да көздер есебiнен оқу 

ақысын төлеу арқылы жүзеге 

асырылады. Әскери оқу орын-

дарын қоспағанда, Қазақстан 

Республикасының азаматтары 

мен азаматтығы жоқ ұлты қазақ 

тұлғалар белгілі бір оқу деңгейінде 

(бакалавриат, магистратура, PhD 

докторантура) бiрiншi рет бiлiм 

алатын болса, мемлекеттiк бiлiм 

беру тапсырысы конкурсының 

нәтижесіне сәйкес тегiн жоғары 

бiлiм алу  құқығына ие.  

Университетімізде білім 

беру жұмыстары көптеген 

мамандықтар бойынша үш 

деңгейде жүзеге асырылады: бака-

лавриат, магистратура және PhD 

докторантура.

Қазақстан Республикасының 

жоғары оқу орындарына түсушi 

тұлғаларды қабылдау ҰБТ 

немесе кешендi тестiлеудiң 

нәтижелерi бойынша берiлген 

сертификаттағы балдарға сәйкес 

конкурстық негiзде олардың 

өтiнiштерi бойынша жүзеге асы-

рылады. Кешендi тестiлеу өткен 

жылдардағы жалпы орта бiлiм 

беру ұйымдарының бiтiрушiлерi, 

техникалық және кәсiптiк бiлiм 

беру ұйымдарының бiтiрушiлерi, 

ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық 

оқушылармен алмасу желiсi 

бойынша шетелде оқыған жалпы 

бiлiм беретiн мектеп бiтiрушiлерi, 

республикалық музыка мектеп-

интернаттарының бiтiрушiлерi, 

сондай-ақ оқу орнын шетелде 

бiтiрген тұлғалар үшiн өткiзiледi. 

Ұлттық жоғары оқу орындары-

на ақылы негізде оқуға ағымдағы 

жылғы ҰБТ немесе кешендi те-

стiлеу нәтижесi бойынша мына-

дай пәндерден кемiнде 70 балл: 

мемлекеттiк немесе орыс тiлiнен 

(оқу тiлi), Қазақстан тарихы, ма-

тематика және таңдау бойынша 

пәнінен, оның iшiнде бейiндiк 

пәннен кемiнде 7 балл (әрбiр 

шығармашылық емтихан бойынша 

кемiнде 10 балл), ал қалған пәндер 

бойынша кемiнде 4 балл алған та-

лапкерлер қабылданады. 

Сондай-ақ, ҰБТ немесе ке-

шендi тестiлеу  шеңберiнде 

тапсырылған пәндердiң бiре-

уiнен 4 балдан кем жинаған 

тұлғалар ақылы негiздегі оқуға 

қабылданбайды әрі бiлiм беру 

гранттарын тағайындау конкур-

сына қатыса алмайды.

Білім беру грантын иелену 

конкурсына қатысу үшін талапкер 

жоғары оқу орнының қабылдау 

комиссиясына белгіленген үлгідегі 

бланкіде өтiнiш, білімі туралы 

құжат (аттестат немесе диплом 

түпнұсқасы), ұлттық бірыңғай 

немесе кешенді тестілеудің сер-

тификатын (түпнұсқасы), 3х4 

көлемiндегi екi фотосурет, 086-У 

нысаны бойынша медициналық 

анықтаманы, сондай-ақ жеке ба-

сын куәландыратын құжаттың 

көшірмесiн тапсырады. 

Жалпы жоғары оқу 

орындарының қабылдау комис-

сиялары жыл сайын 20 маусым 

мен 31 тамыз аралығында жұмыс 

атқарады. 20 маусым мен 9 шіл-

де аралығында кешенді тестілеу 

өтетін талапкерлерден құжаттар 

қабылданады, ал шығармашылық 

мамандықтарды таңдағандар 

20 маусымнан 1 шілдеге дейін 

құжаттарын тапсырады. 23-31 

шілдеде грант тағайындау тура-

лы конкурсқа құжат қабылдау 

жүргізіледі. 10 шілдеден 30 шіл-

деге дейінгі аралықта магистра-

тура мен PhD докторантураға 

түсуші талапкерлерден құжаттар 

қабылданады. Ақылы бөлімге 

қабылдау 25 тамызға дейін 

жүргізіледі.

ЖОО-ға оқуға қабылдау 

кезiнде ҚР Үкiметiнiң шешiмімен 

бекiтiлген мөлшерде қабылдау 

квотасы белгiленедi. Ауылдық 

бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген 

тұлғалар үшiн Қазақстан Респу-

бликасы ЖОО-ның қабылдау 

квотасы белгiленген бакалаври-

ат және жоғары арнайы бiлiм 

мамандықтарының тiзбесiн бiлiм 

беру саласындағы уәкiлеттi орган 

бекiтедi. Сондай-ақ, шетел аза-

маттарын бөлiнген мемлекеттiк 

бiлiм беру тапсырысының квотасы 

бойынша және мемлекетаралық 

келiсiмдер негiзiнде құрылған 

халықаралық жоғары оқу орын-

Білімді, өнерлі, қабілетті 

жастарға есік ашық

дарына қабылдауды жоғары 

білім беру ұйымы дербес жүзеге 

асырады. Шетел азаматтарын 

ақылы негiзде жоғары оқу орын-

дарына қабылдау жоғары оқу 

орындарының қабылдау комисси-

ялары өткiзетiн әңгiмелесу түрiнде 

жүзеге асырылады.

Шығармашылық дайындықты 

талап ететiн мамандықтарға 

қабылдау шығармашылық емти-

хандар есебiнен жүзеге асырыла-

ды. Жоғарыда атап өткеніміздей, 

бұл үшін талапкерлер өтiнiштерiн 

қабылдау комиссиясына 20 мау-

сым мен 1 шiлде аралығында тап-

сырулары тиіс. Шығармашылық 

мамандықтарға қабылданатындар 

бiр ғана шығармашылық 

мамандықты көрсетедi және 

өздерi таңдаған ЖОО-ның 

қабылдау комиссияларына екі 

шығармашылық емтихан тапсыра-

ды. Шығармашылық емтихандар 

2-7 шiлде аралығында өткiзiледi. 

Әр емтиханның ең жоғарғы балл 

саны – 25. Ал әр шығармашылық 

емтиханнан 10 балдан төмен 

алған немесе емтиханға келмеген 

тұлғалар осы мамандыққа түсу 

үшiн кешендi тестiлеуге жiберiл-

мейдi. Шығармашылық емти-

ханды қайта тапсыруға рұқсат 

етiлмейдi. Осы мамандықтарға 

түсетiн тұлғалар үшiн мемлекет-

тік білім грантының конкурсы-

на қатысуда және ақылы негізде 

оқуға қабылдауда шығармашылық 

емтихандардың нәтижелері мен 

тестiлеу нәтижесінде алған екi 

пәннің балдары ескерiледi, олар: 

мемлекеттiк тіл немесе орыс тiлi 

және Қазақстан тарихы. 

Қазіргі таңда университетте 

13 факультет жұмыс атқарады, 

осы факультеттерде бакалавриат 

бойынша 65 мамандық, магистра-

тура – 66 мамандық және PhD 

докторантурада 33 мамандық 

бойынша мамандар даярлана-

ды. 2014 жылы барлығы 5062 

білім алушы оқуға қабылданды. 

Оның ішінде 3143 – қазақ тілінде 

оқитындар, ал 1919 – орыс тілінде 

оқитындар. 

Мемлекеттік білім грант-

тары жоғары оқу орындарына 

бөлістіріліп берілмейді, олар 

Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрлігі тарапы-

нан өткізілетін конкурс бойын-

ша тағайындалады. Әрбір та-

лапкер осы конкурсқа қатысуға 

құжаттарын тапсыру барысында 

4 жоғары оқу орнын, тиісінше, 

сол оқу орындарында әзірленетін 

таңдаған бейіндік пәніне сәйкес 

келетін 4 мамандықты көрсетіп, 

өтініш береді. Демек жоғары оқу 

орны иеленетін мемлекеттік білім 

гранттарының саны олардың білім 

беру деңгейі, әлемдік рейтингтерде-

гі орындары және басқа да жетістік-

тері негізінде талапкерлердің 

таңдауына тікелей байланысты. 

Мемлекеттік білім беру грантымен 

қабылданған талапкерлер саны әр 

жылы өзгеріп отырады. Мысалы, 

2013 жылы университетімізге 3000-

ға  жуық студент мемлекеттік білім 

гранты бойынша оқуға қабылданса, 

2014 жылы олардың саны 3096-

ға жуық болды. Ал магистратура 

мен PhD докторантураға білім 

гранттары тікелей оқу орындары-

на бөлістіріліп беріледі, олардың 

саны жыл санап артуда.  Өткен 2014 

жылы магистратураға 1102 маги-

странт және  PhD докторантураға 

75 докторант мемлекеттік білім 

гранттарымен қабылданды.

Университеттің стратегиялық 

жоспарының басты бағыттарының 

бірі – жылдан-жылға бакалавриат 

сатысындағы мамандарды дайын-

дауды азайтып, жоғары оқу орны-

нан кейінгі сатылардағы магистра-

тура мен PhD докторантурадағы 

мамандықтар мен оларда оқитын 

білім алушылардың санын арттыру, 

осы негізде ғылыми-зерттеу уни-

верситетіне айналуға қол жеткізу. 

Бүгінгі таңда осы мақсатта 

«6D070500 – Математикалық 

және компьютерлік моделдеу» 

және «6М074600 – Ғарыштық 

техника және технологиялар» 

мамандықтары бойынша лицензия 

алынған болса, «6D021000 – Ше-

тел филологиясы», «5В041900, 

6М041900 – Мұражай ісі 

және ескерткіштерді қорғау», 

«6D090100 – Көлікті пайдала-

ну және жүк қозғалысы мен та-

сымалдауды ұйымдастыру»  т.б. 

мамандықтарды ашу үшін Білім 

және ғылым саласындағы бақылау 

комитетіне өтініш беріліп, тиісті 

құжаттар тапсырылды.

Талапкерлердің өз 

мамандықтарын жаңылыспай 

таңдауына және таңдаған 

мамандығы мен оқу орнына 

қабылдануларына тілектеспін! 

Алдағы қабылдау науқанында 

білімді, өнерлі, қабілетті жастардың 

біздің университетті таңдап, 

болашақ білікті маман болып 

шығатынына сенімім мол.



3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 8-9 (189-190), 

сәуір, 2015 жыл

ҰЛТТЫҚ  ТАРИХЫМЫЗДЫ 

ҰЛЫҚТАУ   ЖОЛЫНДА

Қазақстан Республикасының 

Президенті – Ұлт Көшбасшысы 

Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – 

болашаққа бастар жол» атты 

Қазақстан халқына Жолдауында: 

«2015 жыл – ұлттық тарихымызды 

ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді 

бағалау тұрғысынан мерейлі 

белестер жылы» деп атап 

өткеніндей, биылғы жыл   тарихи   

оқиғаларға  бай  жыл.  Еліміз Қазақ 

хандығының 550 жылдығын, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен 

Конституциямыздың 20 жылдығын 

және Ұлы Жеңістің 70  жылдығын  

атап    өтеді. 

Н.Ә. 


На     зар баев 

тарихшылардың ұлттың тарихи 

санасын қалыптастыру жұмысын 

жалғастыруы керектігін Қазақстан 

халқына Жолдауларында, сөйлеген 

сөздерінде үнемі атап өтеді.  2013 

жылдың  маусым  айын да Л.Н.Гумилев 

атындағы ЕҰУ-дің ғимаратында 

өткен Қазақстан Республикасының 

ұлттық тарихын зерделеу 

жөніндегі ведомствоаралық жұмыс 

тобының кеңейтілген отырысында 

 

Отан  тарихын оқытудың 



өзекті мәселелері талқыланды. 

Отырыстың төрағасы, сол кездегі 

мемлекеттік хатшы М.Тәжин Елбасы 

тапсырмасы бойынша «Тарих 

толқынындағы халық» деген атпен 

тарихи зерттеулердің арнаулы 

бағдарламасымен таныстырды. 

Бұл бағытта тарих факультеті 

айтарлықтай табыстарға қол 

жеткізді. Факультетке қарасты 

Қазақстан тарихы, археология және 

этнология, еуразиялық зерттеулер 

кафедраларының профессор-оқыту-

шылар құрамымен тарих тың көптеген 

беттері қайта қарастырылып, 

ақтаңдақтары зерделенді. Тұтас 

тарихи-мәдени кезеңдер, тарихи 

құбылыстар зерттеу нысанына 

айналып, нәтижесінде  іргелі еңбектер 

жазылды. 

Тарих ғылымдарының докторы, 

профессор Тілеген Садықұлының 

басшылығымен қызмет жасайтын 

Тарих факультеті құрамында, 

сондай-ақ елімізде Кемел Ақышевтің 

бастамасымен негізі қаланып бүгінгі 

күні ірі ғылыми, әрі оқыту кешеніне 

айналып отырған археология және 

этнология кафедрасымен қатар 

К.Ақышев атындағы ғылыми-зерттеу 

институты қызмет атқарады.

Факультетімізде жоғары білікті 

оқытушы-профессорлар қызмет 

атқарады, оның ішінде ҚР ҰҒА 

толыққанды мүшелері: белгілі 

қыпшақтанушы-ғалым 

Болат  

Ешмұхамедұлы Көмеков пен 



тарих ғылымдарының докторы, 

университетіміздің ректоры Ерлан 

Бәтташұлы Сыдықов. Жалпы, 

факультет бойынша ғылыми  дәреже 

74% -ды құрайды. Олардың арасында  

«ЖОО үздік оқытушысы» гранты 

мен Қазақстан Республикасы 

Президентінің «Болашақ» 

халықаралық шәкіртақысының 

иегерлері бар. Сонымен бірге, 

факультетте Ресей Федерациясы, 

Түркия, Италия, Нидерланды, 

Ұлыбритания, Болгария, Франция 

және тағы басқа да алыс және жақын 

шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары 

оқу орындарының ғалымдары 

дәріс оқиды. Бұл болашақ тарих 

мамандарына білім беруші ұстаз-

ғалымдардың сапалық деңгейінің 

айқын көрінісі.

Факультетте үш деңгейлі оқыту 

бағдарламасы бойынша мамандар 

даярланады. Олар: «5B020300-

Тарих», «5В020800-Археология 

және этнология», мамандықтары 

бойынша 


(бакалавриат),  

«5М020800-Археология және 

этнология» «6М020300-

Тарих» мамандықтары бойынша 

(магистратура), «6D020300-

Тарих», 6Д020800-Археология 

және этнология мамандығы 

бойынша (докторантура) кәсіби 

мамандарды даярлайды. Сонымен 

қатар,  факультетте «5В0208000-

Археология және этнология» 

мамандығынан «Археология», 

«Этнология және әлеуметтік 

антропология», «Өнер тарихы 

(алғашқы қауымдық, архаикалық 

және дәстүрлі өнер)»  бағыттары 

бойынша мамандандырылған қос 

дипломды бағдарлама бойынша 

мамандар да даярлануда. 

Қорыта атйқанда, «Тарихын 

білмеген халықтың бүгіні де, ертеңі 

де жоқ» деген дана сөз бар. Тарих, 

әсіресе, Тәуелсіздігін ширек ғасыр 

уақыт қана бұрын алған халыққа 

ең керек, ең қымбат дүние. Себебі, 

тарихымыздың өне бойына ата-

бабаларымыз жинақтаған тәжірибе, 

ақыл-өріс, дін, сана-сезім, мәдениет – 

барлығы тізбектелген. 

Күлзира ИСКАКОВА, 

Қазақстан тарихы 

кафедрасының профессоры

Ұлан ҮМІТҚАЛИЕВ, 

археология және этнология 

кафедрасының меңгерушісі


4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 8-9 (189-190), 

сәуір, 2015 жыл

Механико-математический факультет

Механико-математический факультет 

функционирует с 1962 года  как физико-

математический факультет в структуре 

Целиноградского государственного 

педагогического института им. С.Сейфуллина 

(ЦГПИ). 


После создания в 1996 году Евразийского 

национального университета им. 

Л.Н.Гумилева на базе ЦГПИ и ЦИСИ 24 

декабря 2002 года был образован факультет 

математики и информационных технологий 

(ФМИТ). В июне месяце 2010 года из 

состава ФМИТ был выделен механико-

математический факультет. 

Деканом ФМИТ с 2006 года и в 

последующем механико-математического 

факультета по настоящее время является 

доктор физико-математических наук, 

профессор Н.Ж.Джайчибеков – 

выпускник Ленинградского (ныне Санкт-

Петербургского) государственного 

университета, специалист в области механики 

жидкости и газа, обладатель государственной 

награды – медали «Ерен еңбегі үшін» (2012 

год). 

В настоящее время на механико-



математическом факультете функционируют 

5 кафедр: 

•  кафедра  фундаментальной  математики 

(зав. кафедрой к.ф.-м.н. Б.С. Кошкарова);

•  кафедра  алгебры  и  геометрии  (  зав. 

кафедрой  проф.У.У.Умирбаев);

•  кафедра  высшей  математики  (  зав. 

кафедрой проф.Н.А.Бокаев);

• кафедра механики ( зав. кафедрой проф. 

А. Г. Ибраев).

• 

кафедра 


математического 

и 

компьютерного моделирования (зав. 



кафедрой проф. А.А. Адамов).

На факультете работают 23 докторов 

наук, профессоров, более 40 кандидатов наук, 

доцентов и 15 доктора философии Ph.D. Из 

них один академик НАН РК (М.Отелбаев), два 

члена-корреспондента НАН РК (Р.Ойнаров, 

У.У.Умирбаев), два Лауреата государственной 

премии Республики Казахстан в области 

науки и техники (М.Отелбаев, У.У.Умирбаев), 

один Лауреат премий Мура Американского 

математического общества (У.У.Умирбаев), 

три Лауреата государственных научных 

стипендий для ученых и специалистов, 

внесших выдающийся вклад в развитие науки 

и техники (Р.Ойнаров, Е.Д.Нурсултанов, 

Н.Темиргалиев), один Лауреат премии 

имени К.И.Сатпаева за лучшие научные 

исследования в области естественных наук  

(Е.Д.Нурсултанов). Лауреат государственной 

премии для молодых ученых  «Дарын» - 

А.М.Темирханова.

Начиная с 2005 года, МОН РК 

объявляет конкурс на присуждения гранта 

«Лучший преподаватель вуза».  За этот 

период профессора и доценты факультета 

стали обладателями 21 грантов «Лучший 

преподаватель вуза»: 

• 

2005  год  –  М.  Отелбаев, 



Н.Темиргалиев, А.Б. Тунгатаров, 

К.Н.Оспанов, Н.А.Бокаев, Е.Д. Нурсултанов; 

• 

2006 год – У.У. Умирбаев 



• 

2007 год – Н.Ж.Джайчибеков, 

Р. Ойнаров, Е.С. Темирбеков; 

• 

2010  год  –  М.  Отелбаев,  



Н.Темиргалиев, К.Н. Оспанов, Н.А. Бокаев, 

Е.Д. Нурсултанов; 

• 

2011 


год 

– 

Б.Нурбеков, 



К.Б.Нуртазина, Мусалимов Т.К.

• 

2013 год – К.М. Аканова



• 

2014 год – Т.К. Самуратова, 

О. Ойнаров.  

На факультете осуществляется подготовка 

по трехуровневой системе:

Бакалавриат: 

• 

5B060100 



– 

Математика 

(естественно - научное направление); 

• 

5B010900 



– 

Математика 

(направление образование); 

• 

5B060300 – Механика; 



• 

5B070500  –  Математическое  и 

компьютерное моделирование. 

Магистратура: 

• 

6M060100 – Математика; 



• 

6M010900 – Математика; 

• 

6M060300 – Механика; 



• 

6M070500  –  Математическое  и 

компьютерное моделирование. 

Ph.D докторантура: 

• 

 6D060100 – Математика; 



• 

6D070500  –  Математическое  и 

компьютерное моделирование

Всего на факультете обучаются 461 

студента, 180 магистранта и 11 докторантов. 

Факультет является единственным в регионе 

по непрерывной подготовке  бакалавров, 

магистров и Ph.D докторов по направлению 

математика и механика. В дальнейшем 

предполагается, что  магистратура  и 

докторантура станет основной формой 

 

подготовки кадров на факультете.



В составе факультета функционируют 

два научно-исследовательских института: 

«Евразийский математический институт» 

- директор академик НАН РК, Лауреат 

государственной премии РК, Заслуженный 

деятель РК М.Отелбаев, «Институт 

теоретической математики и научных 

вычислений» - директор профессор 

Н.Темиргалиев.

У факультета сложились тесные научные 

связи со странами СНГ и дальнего зарубежья: 

механико-математический факультет МГУ им. 

М.В. Ломоносова, Математический институт 

им. В.А. Стеклова РАН, Санкт-Петербургский 

государственный университет, Институт 

математики СО РАН (Новосибирск, 

Россия), Новосибирский государственный 

университет, Массачусетский 

технологический университет (США), 

Государственный университет Уейн 

(Детройт, США), Институт математики 

Макса Планка (Бонн, Германия); Университет 

Лион – 1 (Лион, Франция); Университет 

Манитоба (Виннипег, Канада); Кардиффский 

университет (Англия); Университет Сан-

Пауло (Бразилия); Университет Гонконг 

(Гонконг); Миланский университет (Милан, 

Италия); Королевская Академия докторов 

(Барселона, Испания); Международная 

ассоциация математического моделирования 

(AMSE, Париж, Франция); АН Чехии (Прага, 

Чехия);  Университет  Лулео  (Швеция).  А 

также  фонды  Сорос-Казахстан,  ACCELS, 

IREX, DAAD и др.

В совместной подготовке Ph.D 

докторантов принимают участие:

• 

Московский государственный 



университет им.М.В.Ломоносова 

(профессора Шкаликов А.А., Дьяченко М.И.);

• 

Технологический университет 



Лулеo (Швеция, профессор Ларс-Ерик 

Персон);


• 

Университет Падуа (Италия, 

профессор Массимо Ланца де 

Кристофорис);

• 

Центр математических 



исследований (Испания, профессор С.Ю. 

Тихонов);

• 

Университет Измира (Турция, 



профессора Айдын Трояки, Алемдар 

Хасаноглы); 

• 

РУДН (Россия, профессора В.И. 



Степанов, М.И.Гольдман); 

• 

Университет Быдгош (Польша, 



профессор В.А. Скворцов);

• 

Берлинский свободный 



университет (Германия профессор Г. Бегер);

• 

Университет Фридриха Шиллера 



(Йена, Германия профессора Ханс Юрген 

Шмайссер, Винфрид Зикель);

• 

Университет Южной Каролины 



(США, профессора В.Н.Темляков, 

К.И.Осколков);

• 

Государственный университет 



Уейн (Детройт, США,  профессор Л.Макар-

Лиманов).

На сегодняшний день факультет 

выполняет 28 научно-исследовательских 

проектов на сумму 130  млн. тенге. Публикации 

ППС в международных рейтинговых 

журналах, имеющих импакт-фактор,  из года 

в год имеет тенденцию роста. Только за 

2013-2014 учебные годы  профессорско-

преподавательским составом факультета было 

опубликовано в международных рейтинговых 

журналах, имеющих импакт-фактор, 53 статей. 

В том числе 36 статья в 2014 году. 

Профессора механико-математического 

факультета являются членами в редакционных 

коллегиях международных журналов:

• 

Академик  НАН  РК  М.Отелбаев  – 



член редакционной коллегии международного 

журнала  «APPLIED  AND  COMPUTA-

TIONAL  MATHEMATICS»  National  Acad-

emy of Sciences of Azerbaijan, Baku State Uni-

versity, Azerbaijan State Economical University. 

• 

Профессор 



Н.Темиргалиев 

является членом редакционной коллегии 

одного из ведущих российских журналов 

“Известия высших учебных заведений. 

Математика» Министерства образования и 

науки Российской Федерации.

• 

Член-корреспондент  НАН  РК, 



профессор Р. Ойнаров является членом 

редколлегии зарубежного журнала «Journal of 

mathematical inequalities», Zagreb, CROATIA.

Приоритетными научными 

направлениями развития механико-

математического факультета являются:

– Функциональный анализ и его 

приложения,

– Теоретическая математика и научные 

вычисления,

– Математическое и компьютерное 

моделирование,

– Фундаментальная математика 

и математическое моделирование 

технологических, экономических, социальных 

и др. процессов,

– Математические модели и алгоритмы 

обработки сигналов и изображений

– Некоммутативные методы исследования 

проблем аффинной алгебраической 

геометрии,

– Математическое и компьютерное 

моделирование и расчет движения нефти и 

газа в вязко-пористых грунтах,

– Механика жидкости и газа,

– Механика деформируемого твердого 

тела, 

Академик  М.Отелбаев  внес существенный  



вклад в организацию и развитие науки 

и образования в Казахстане. В качестве 

характерных черт его деятельности можно 

выделить разносторонность его научных 

интересов, фундаментальность исследований

стремление решать задачи в наиболее общей 



Декан механико-

математического 

факультета: Н.Ж.Джайчибеков

постановке и доводить решение до уровня 

критерия. Большое количество печатных 

работ М.Отелбаева характеризует его 

высокую работоспособность, трудолюбие 

и научную продуктивность. С 2000 года 

М.Отелбаев руководил Центром «Научных 

математических и технических исследований», 

зате쬬 возглавил Научно-исследовательский 

институт «Математическое моделирование 

и инновационные технологии», позже 

переименованного в «Евразийский 

математический институт» при Евразийском 

национальном университете. В 2001 году 

был назначен  на должность заместителя 

директора Казахстанского филиала МГУ 

имени М.В.Ломоносова. М.Отелбаев 

ведет большую работу по подготовке 

высококвалифицированных научно-

педагогических кадров. 

Член-корреспондент  НАН  РК  У.У. 

Умирбаев– заведующий кафедрой «Алгебра 

и геометрия» с 2001 года. В 2001 году 

Умирбаев У.У. совместно с Шестаковым И.П. 

решили одну из самых интригующих проблем 

математики – проблему Нагаты, известную 

уже  более  40  лет.  За  это  им  в  2007  году 

присудили премию Мура Американского 

математического общества – одну из 

самых престижных премий в этой области 

математики. 

В 2004 году У.У. Умирбаев решил 

также известную проблему английского 

математика П.Кона об автоморфизмах 

свободных ассоциативных алгебр. Полное 

решение проблемы Кона было опубликовано 

в авторитетном математическом журнале 

Европы - Journal für die Reine und Angewandte 

Mathematik. 

Решения проблем Нагаты и Кона 

открыли новые перспективные направления 

в дальнейших математических исследованиях 

и привлекли за внимание математиков 

многих стран мира. За решения этих проблем 

Умирбаев У.У. в 2009 году удостоился 

Государственной премии РК в области науки 

и техники.

С 2010 года на факультете выпускается 

«Eurasian 

mathematical 

Journal» 

на 


английском языке. 

Учредители журнала ЕНУ им 

Л.Н.Гумилева совместно с МГУ имени М.В. 

Ломоносова, РУДН и университетом Падуи.

Журнал размещен на общероссийском 

математическом 

портале 

Math-Net.

Ru  в  разделе  "Журналы"  —  ключевой 

компонент 

портала 

— 

связывает 



российские периодические издания в 

области математических наук в единую 

информационную систему.

Студенты факультета активно 

участвуют в университетских, городских 

и республиканских мероприятиях.  В 

продвижении здорового образа жизни 

студенты факультета задействованы в 9 

секциях при спортклубе ЕНУ. В представлении  

интересов  студентов активно работает 

Молодежное правительство, аким факультета 

является организатором и инициатором 

различных мероприятий.


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 8.07 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет