Сенбі Суббота 14 ақпан февраля 2015 жыл года 17-18 (5380-5381)



жүктеу 0.52 Mb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата06.05.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5

А. АҚМОЛДАҰЛЫ,

Жамбыл аудандық ҚАИ 

бөлімінің аға инспекторы, 

әділет капитаны.

Жиынның  күн  тәртібіне 

ауд а н д ы қ   Т Ж   г а р н и з о н ы 

қызметкерлері  мен  жеке  құрам 

арасында  сыбайлас  жемқорлық 

көріністеріне жол бермеу бойынша 

іс-шаралар,  жыл  сайынғы  салық 

декларациясын  тапсыру  мәселесі 

қойылды. Алдымен Р.Сұлтанов сөз 

алып, аудандық төтенше жағдайлар 

қызметкерлері  қызмет  бабында 

және  жыл  сайынғы  декларация 

тапсыру  барысында  сыбайлас 

жемқорлық  фактілеріне  жол 

бермегенін айтты. 

Б ұ д а н   ке й і н   с ө з   а л ғ а н 

М.Сәмбетов 2015-2025 жылдарға 

арналған сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы  іс-қимыл  бағдарламасы 

қолданысқа  енгізілгенін,  ендігі 

ма қ с ат   о с ы   б а ғ д а рл а ма н ы 

іске  асыруда  қоғамның  рөлін 

күшейту  қажет  екенін,  түрлі 

сала  қызметкерлері  арасында 

сыбайластықты  тоқтату,  жою 

мақсатында  партия  тарапынан 

түрлі  шаралар  ұйымдастырылып 

жатқанын,  арнайы  по сттар 

құрылып,  қадағалау,  бақылау 

жұмыстары  жүйеге  қойылғанын 

тілге  тиек  етіп,  «Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес» 

Заңын қатаң сақтау әр азаматтың    

парызы екендігіне баса мән берді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе 

бойынша  Қ.Исламов  мемлекеттік 

қ ы з м е т к е р л е р   ж ы л   с а й ы н 

тапсыратын  декларацияның  заң 

талаптарына  сай  толтырылуын 

және  ережелерін  толығымен 

түсіндіріп,  сыбайлас  жемқорлық 

фактілеріне жататын іс-әрекеттерді 

мысалға  келтірді.  Сонымен 

қатар,  ауданның  ТЖ  гарнизоны 

қызметкерлері  мен  жеке  құрамы 

көкейдегі сауалдарына нақты жауап 

ала алды.

Н. СЫРҒАБАЕВ.

Кәсіподақ дегенде қарапайым еңбек адамын қолдайтын, қорғайтын, 

әділдік  пен  теңдікке  бастайтын  ұйым  еріксіз  еске  түседі.  Жуырда 

облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы құқықтық еңбек 

инспекциясының ұйымдастыруымен облыстық кәсіподақ орталығының 

мәжіліс  залында  «Кәсіподақ  үйірмелерінің  жұмысын  ұйымдастыру 

ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. Онда «Кәсіподақ дегеніміз не? 

Кәсіподақ ұйымының негізгі мақсат-міндеттері мен құрылымы», «Жұмыс 

уақыты және демалыс уақыты», «Еңбек заңының орындалуы», «Еңбек 

заңы және оның жасақталуы», «Кәсіподақтық үйірмелер жетекшілеріне 

қажетті оқытудың әдістері мен нысандары, оларды пайдалану тиімділігі», 

«Еңбек заңдылығын қолдану мен кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелері» 

тақырыптарында дәріс оқылды. 

Семинарда  аудан  әкімдігінің  білім  бөліміне  қарасты  мемлекеттік 

мекемелер, қазынашылық кәсіпорындар мен «Қазақстандық салалық білім 

және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» облыстық ұйымының аудандық 

комитеті  филиалы  арасында  2015-2017  жылдарға  жасалған  ұжымдық 

шарт кітабы табыс етілді. Себебі, осы ұжымдық шартты басшылыққа ала 

отырып жұмыс жүргізетін бастауыш кәсіподақ ұйымына бұл ең керекті 

дүние болғалы тұр. Кәсіподақ үйірмелерінің жетекшілеріне жол сілтер, 

мазмұны мол семинардан кейін облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасының 

орынбасары Е.Мағзымбековке, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы 

комитетінің төрағасы Е.Тәжібаевқа алғыс білдіргенді жөн көрдім. Одан 

бөлек, кәсіподақ ұйымының жұмысын алға бастырар осындай тағылымы 

мол оқулар жалғасын таба берсе деген тілегім бар. 

Жеңіскүл БЕРКІМБАЕВА,

Б.Кейкиев атындағы орта мектеп бастауыш кәсіподақ 

ұйымының төрайымы.

ЕРНАЗАР АУЫЛЫ

Е к і - ү ш   ж ы л   б ұ р ы н 

Әбдіһайым  көшесі  бойындағы 

электр  бағаналарының  басына 

жарық  беретін  қондырғылар 

орнатылғанымен,  ол  жанбай 

келген. Енді арнайы трансформатор 

қойылып,  көшеге  жарық  беріле 

бастады.

ТЖ ҚЫЗМЕТІ

Аудандық  ТЖ  бөлімінің  аға 

инженері, өртке қарсы қызметінің 

майоры  Р.Сұлтановтың  мәліметі 

бойынша өрт қауіпсіздігі ережесін 

сақтамау  салдарынан  6  ақпан 

күні  Аса  ауылы,  Ш.Уәлиханов 

көшесі,  №11-үйдің  бір  тұрғыны 

көгілдір  отыннан  уланса,  екінші 

оқиғадан Жамбыл ауылдық округі, 

Қоңыртөбе  ауылы,  Виноградная 

көшесі, №13/2-үйдің бес тұрғыны 

қатты  отыннан  (көмір)  уланған. 

Зардап  шеккендердің  бәрі  де 

қалалық ауруханаға жеткізілген.

ӨРНЕК АУЫЛЫ

Өрнек ауылдық округінің әкімі 

Қанат Темешбаевтың бастамасымен 

осындағы  мекеме  қызметкерлері 

көктемгі тазалық және көріктендіру 

жұмыстарына әзірлікті бастап кетті. 

Олар айыр, тырма, кетпен, күрегін, 

әк, сыр, тағы басқа қажетті құрал-

саймандарын түгендеуге бүгіннен 

кіріскен.

Айшабибі орта мектебінде «Жүзімізді балаларға бұрайық» атты акция 

өтті.  Оған  ауыл  тұрғындары,  ата-аналар,  мұғалімдер  және  оқушылар 

қатысты. Мектептің әлеуметтік педагогы Ж.Айтекова, тәлімгер Ш.Көпбаева, 

психолог  Р.Мұсатаева  ұйымдастырған  шарада  көпшілікке  концерттік 

бағдарлама  ұсынылды.  Акция  8-сынып  оқушысы  Ернұр  Әлібаевтың 

орындауындағы «Ерке сылқым» күйімен ашылды. Сондай-ақ 5-10 сынып 

арасындағы өнерлі оқушылар «Анама», «Ананың сүюі», «Ана деген ұлы 

есім» атты өлеңдерді мәнерлеп оқыса, өзге оқушылар әуелете ән салып, 

би биледі. Мектеп директоры Ж.Қалыбаев балалар жайын түсініп, көмек 

қолын созған «Дәурен», «Аида», «Береке» дүкендерінің иелеріне және 

«Орақбай» кафесінің қожайынына, А.Керімқұловтың жеке шаруашылығына 

алғыс білдірді. Өз кезегінде қамқоршылар мектептегі қамқорлыққа алынған 

оқушыларға сырт киім, аяқ киім және спорттық үлгідегі киімдер үлестірді. 

Қысқасы, бұл акция бала көңілінің шаттануына сеп болды.

Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы 

десек, алдымен ойға дене шынықтыру мен спорт ойындары 

оралады. Денсаулықтың нығаюы, салауатты өмір салтын 

ұстану дене тәрбиесі арқылы қалыптасатынын күнделікті 

өмірде көріп жүрміз. Сондықтан да Жеңістің 30 жылдығы 

атындағы  орта  мектеп  жанындағы  «Балдырған»  шағын 

орталығының әдіскері С.Қосарова, тәрбиешілер Р.Құлбаева 

және А.Оспанова эстафеталық жарысты «Саламатты болу 

– өз қолымызда» деп текке атамаса керек. 

«Шынықсаң шымыр боласың» деген аталы сөзге осы 

жарыста тағы көз жеткіздік. Жарысқа шыққан «Қыран», 

«Жұлдыз», «Жалын» топтарының балғындары ата-анала-

рымен бірге жарыс алаңынан табылып, желаяқтар, кенгуру, 

тасы мал, пингвин, арқан тарту секілді бәсекелерде барын 

сал ды.  Олар  өздерінің  епті,  шапшаң,  батыл  екендігін 

көрсетті.

Қызықты да тартымды өткен ойынның қорытындысында 

қырандықтар  топ  жарса,  жалындықтар  екінші  орыннан 

табылды. Жұлдыздықтар үшінші орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлерге  дипломдар  табыс 

етілді. 

П. ЛЕСИН.

СЕМИНАР

КӘСІПОДАҚ

ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ



ИНСПЕКТОР СӨЗ АЛАДЫ

ЖАҢА ЗАҢНЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІГІ БАР

БЕРЕРІ МОЛ СЕМИНАР



АКЦИЯ

МЕЙІРІМДІЛІК ТАНЫТТЫ

КӨҢІЛГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

АҚПАРАТТАР АҒЫНЫ

АУДАНДА НЕ 

ЖАҢАЛЫҚ?

ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС

ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН

САЛАМАТТЫ БОЛУ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның төтенше 

жағдайлар гарнизонының семинар-кеңесі өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі 

М.Сәмбетов, «Нұр отан» партиясы аудандық филиалының сектор меңгерушісі 

А.Жолдасбай, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы 

Қ.Исламов, аудандық ТЖ бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Сұлтанов, 

аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері Г.Жамантаева, аудандық №6 өрт сөндіру бөлімі 

басшысының орынбасары Е.Сазымбеков және аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің 

жеке құрамы қатысты.


Кезекші редактор

Б. ТӨЛЕНТАЕВ

Газет ҚР Инвестициялар 

және даму министрлігінде 

12.11.2014 жылы 

тіркелген. 

Тіркеу куәлігі №14622-Г

Біздің мекен-жайымыз:

Индексі 080200, Аса ауылы, 

Абай көшесі, 78 үй.

Телефон: бас редактор 2-17-98

Бас редактордың орынбасары 2-20-24

Компьютер орталығы 2-13-44

Меншік иесі:

Жамбыл аудандық 

«Шұғыла»-«Радуга» газеті 

редакциясы» ЖШС

Редакция авторлардың 

көзқарасы, жарнама мазмұны 

үшін жауап бермейді.

Жарияланбаған хатқа 

жауап қайтарылмайды.

Газет  аптасына  2  рет,  сәрсенбі, 

сенбі күндері шығады.

Газета выходит 2 раза в неделю, 

в среду и в субботу.

Индекс 68991

Газет  «Шұғыла»-«Радуга»  газеті  редак-

циясында  компьютерде  теріліп,  беттеліп, 

«Қанатты  қалам  әлемі»  ЖШС  баспаханасында 

басылады. Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36 «б».

Электронды пошта: 

asa_66@bk.ru

Тапсырыс №12   

 

Таралымы 3000



Бас редактор

Сансызбай

МАХАМБЕТҚҰЛОВ

Акция Амангелді орта мектебінде өтті. Басқосуды 

ұйымдастыруға мұрындық болған аудандық салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыру  филиалының  жетекшісі 

Жеңіс Раушанбекұлы темекі шегу сияқты зиянды әдеттер 

туралы  сөз  қозғап,  жастарды  жаман  мен  жақсыны 

ажырата  білуде  қателеспеуге  шақырды.  Іс-шара 

барысында сахналанған «Нашақордың соңғы сөзі» атты 

көрініс  жиналғандарға  жамандықтың  айқын  бейнесі 

ашылғандай  әсер  қалдырды.  Патриоттық  өлеңдер 

айтылып,  мектеп  мейірбикесі  Жадыра  Байтұманова 

«Темекінің құрамындағы зиянды заттар» тақырыбында 

баяндама  жасады.  Оған  қоса  мектеп  оқушылары 

арасында  ұйымдастырылған  «Темекіден  бас  тарт!» 

атты үнқағазға сурет салу байқауы қорытындыланды. 

Суреттерді  арнайы  бекітілген  комиссия  мүшелері 

саралап, үздіктер СӨСҚО аудандық филиалының мақтау 

грамотасымен мадақталды. Аталмыш шараға қатысты 

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Нұрхат Жақсынбетовтың оқушылармен етене араласуы 

көп көңілінен шықты.

Н. БОЛАТҰЛЫ.

В  целях  обеспечения  безопасной  эксплуатации 

и  исправного  состояния  газовых  приборов  бытовые 

потребители обязаны заключить договор на техническое 

обслуживание с газораспределительной организацией, 

осуществляющей  подачу  газа,  либо  независимой 

специализированной  организацией  (аттестованной), 

в  соответствии  со  статьей  19  Закона  РК  «О  газе  и 

газоснабжении». Отопительные печи при переводе на 

газовое топливо во всех случаях должны оснащаться 

газогорелочными  устройствами  с  автоматикой 

безопасности по отключению горелок при погасании 

пламени  и  нарушении  тяги  в  дымоходе.  Дымовые  и 

вентиляционные  каналы  подлежат  периодической 

проверке и очистке, независимо от их конструкции.

Потребитель обязан следить за нормальной рабо той 

газовых  приборов,  исправностью  дымовых  и  венти-

ляционных  каналов,  систематически  проверять  тягу 

в дымоходе до и после включения газового прибора. 

При  слабой  тяге  или  ее  отсутствии  запрещается 

использование  газовых  приборов.  Периодически 

очищать «карман» дымохода. В строящихся частных 

домах  отвод  продуктов  сгорания  газа  допускается 

предусматривать  устройство  приставных  (стальные 

трубы)  дымоходов,  которые  должны  быть  покрыты 

теплоизоляцией (утепленный). Тяга зависит от высоты 

дымохода:  чем  больше  высота,  тем  лучше  тяга.  В 

зимний  период  из-за  отсутствия  теплоизоляции  в 

дымовой  трубе  продукты  сгорания  охлаждаются,  в 

результате чего происходит конденсация водяных паров 

в  дымовой  трубе  и  образуется  ледяная  закупорка.  В 

результате чего происходит нарушение естественной 

тяги. При отсутствии достаточного количества воздуха 

в камере сгорания горение протекает не полностью и 

в продуктах его появляется окись углерода (угарный 

газ).  При  отсутствии  тяги  пользоваться  газовыми 

отопительными приборами категорически запрещается, 

так как отсутствие тяги влечет за собой неполное сго-

рание газа с образованием угарного газа, который ядовит 

и, поступая в помещение, вызывает тяжелое отравление.

Категорически запрещается оставлять зажженную 

газовую плиту без присмотра, а также допускать детей 

к  ее  использованию.  Использовать  газовые  плиты 

для  обогрева  помещения.  Пользоваться  огнем  для 

обнаружения утечек газа (для этой цели необходимо 

применять мыльный раствор). Самостоятельно менять 

место  установки  газовой  плиты.  Если  в  помещении 

чувствуется запах газа, немедленно вызвать аварийную 

службу  по  телефону  «104».  До  прибытия  аварийной 

службы закрыть кран газовых приборов и проветрить 

помещение.  Запрещается:  курить,  зажигать  спички, 

включать  и  выключать  электрические  приборы  и 

освещение.

Помните!  Нарушая  правила  безопасности  при 

пользовании газом, вы подвергаете опасности не только 

себя, но и своих близких. Во избежание несчастных 

случаев соблюдайте правила безопасного пользования 

газовыми приборами. Проверь тягу в дымоходе и следи 

за  его  исправностью,  угарный  газ  смертелен!  Ваша 

жизнь – в ваших руках!



Жамбылский производственный филиал 

АО «КазТрансГазАймак».

Тараз  қаласында  орналасқан  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына 

қарасты 2035 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік 

комитеті  Шекара  қызметіне  келісім-шарт  негізінде  әскери  қызметке 

үміткерлерді қабылдайды.



Толық ақпаратты мына мекен­жайдан аласыздар: Тараз қаласы, 

Әшімбаев көшесі 1.



Телефондар: 8 726-2-940523, 8 726-2-940524, 8 726-2-940526.

Айшабибі орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында оқытушылардың ұйымдастыруымен «Мен 

Отанды сүйемін» тақырыбында мәнерлеп оқу сайыс сабағы өтті.

Ол  «Отанды  не  үшін  сүйеміз»  атты  психологиялық  тренингпен  басталды.  «Отаным  –  мақтанышым» 

бейнеролигі, мақал-мәтелдер, ой қозғау, сергіту сәті, «Балаларға базарлық» слайдтары көрсетіліп, «Мен Отанды 

сүйемін» тақырыбында мәнерлеп өлең оқылды. Сабақ соңында Балауса Нұрполатқызы, Жанерке Мамбеталы, 

Айгерім Шанжарова, Арнат Қалман үздік деп табылып, тиісті орындарды иеленді.

Күмісай РАЙМБЕКОВА,

Айшабибі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Жамбыл  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы  жеке 

тұлғалардың көлік құралы салығын әкімшіліктендіру мақсатында төмендегі 

жайды хабарлайды. 

Жеке  тұлғалар  үшін  бюджетке  салық  төлеу  мерзімі  салық  кезеңінің 

31  желтоқсанынан  кешіктірілмей,  салық  салу  объектісінің  тіркелген  орны 

бойынша салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша 

салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес 

есептейді және көлік құралдарын тіркеуден, қайта тіркеуден, мемлекеттік немесе 

міндетті техникалық байқаудан өткізген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетілген 

әрекеттерді жасағанға дейін салық Кодексінде белгіленген тәртіппен салықты 

есептейді және бюджетке төлеуді жүргізеді.

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша соңғы 

5  жылға  әкімшіліктендіру  жұмыстарын  толық  жүргізу  мақсатында  2014 

жылы ҚР салық заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы хабарламалар 

таратылып,  мерзімінде  төленбеген  255  салық  төлеушіге  сот  бұйрықтарын 

шығару мақсатында Жамбыл аудандық сотына жолданып, заң талаптарына 

сәйкес автокөлік құралдарына тоқтау қойылды. Ал, жыл басынан бері бюджетке 

қарызы  бар  жеке  тұлғалардың  көлік  құралдарына  салынатын  салықтарды 

төлемеген 45 салық төлеушіден мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында Жамбыл 

аудандық сотына талап-арыз жолданды. 

Осыған  орай,  көлік  құралдары  иелерін  салықты  уақытында  төлеуге 

шақырамыз.

Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

2003-2004 оқу жылында Жамбыл ауданы, Ерназар ауылы, Б.Кейкиев 

атындағы  орта  мектепті  бітіргендігі  жөнінде  Туребеков  Умирхан 

Кудайбергеновичтің  атына  берілген  ОБ  №1236500  аттестат  жоғалуына 

байланысты жарамсыз деп табылсын.

Айшабибі  орта  мектебі  ұжымы  Айшабибі  дәрігерлік 

амбулаториясының аға дәрігері

ЕЛУБАЕВ Керімжан Әбуұлының

қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына және туыстарына 

қайғырып көңіл айтады.

Жуырда  мектебімізде  қазақ  поэзиясының  саңлағы,  ақиық  ақын 

Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай әдеби-танымдық кеш болып 

өтті. Кеште ақын жырларына саяхат жасаған оқушылар ақын өлеңдерін 

жатқа оқыды. Расында, сөз зергерінің әр жазғанынан рухани байлықтың 

қазынасын тапқандай боласың.

«Ащы жырым құйылса өтке барып,

Ашырқанып, алайда, сөкпе халық», – дейді ақын жырында. Бұл – өмір 

шындығы.

Кеште 4-сынып оқушысы Мирас Хаджимұратов ақын өмірі жайында 

әңгіме өрбітті. Оқушылар Нұржанат Ділдәбек, Нұрдәулет Ысқақ, Береке 

Ибраим,  Дінмұхамед  Хаджимұратов  ақынның  жырларын  мәнерлеп 

оқыды. 4-сынып оқушысы Кәмшат Әбдімомынова Мұқағали Мақатаевтың 

сөзіне жазылған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» әнін шебер орындап, 

тыңдармандардың ықыласына бөленді.

Ертеңгілікте  қонаққа  келген  ақын  Тұрсынкүл  Ентаева  Мұқағали 

ақынның  «Туған  жер»  жырын  оқып,  ақын  жайлы  сырымен  бөлісті. 

Ақын  апайымыз  құрқол  келмепті,  ақынның  өлеңдері  мен  поэмалары 

топтастырылған «Аманат» атты жыр жинағын мектепке сыйға тартты.

Іс-шараны ұйымдастырған мектеп мұғалімі Сандуғаш Байұзақоваға 

ұстаздар да, оқушылар да риза болды.

Апталық аясында біздің бастауыш мектебіміз бен Амангелді атындағы 

орта  мектеп  ұжымы  тәжірибе  алмасу  тұрғысында  ашық  сабақ  және 

сыныптан тыс жұмыстар жүргізді.

Негізгі мақсатымыз орындалды. Мәселен, 2-сыныптықтар арасында 

өткен  «Болашақ  баспалдағы»  атты  ашық  сабақ  сұрақ-жауап  бойынша 

өткізіліп, мұнда сынып жетекшісі Қ.Тоғанбаева апталыққа шәкірттерін 

жақсы дайындағанын көрсетті. Оқушылар «Дені саудың – жаны сау» атты 

спорттық  іс-шараға  да  қатысты.  Мектеп  медбикесі  Д.Шоқаева  «Спорт 

–  денсаулық  кепілі»  тақырыбында  баяндама  жасады.  «Мен  –  бақытты 

ұланмын» сағатында 1-сынып оқушысы Ә.Қайынбек үздік танылды. Ал, 

«Шебер қолдар» сайысында 2-сынып оқушысы М.Абдуллаева шеберлік 

көрсетсе,  3-сыныптық  А.Үсен  екінші  орынды  еншіледі.  Үшінші  орын 

4-сынып оқушысы Н.Ділдәбекке бұйырды.

Ашық сабақ екі мектепте де өтіп, Амангелді атындағы орта мектептің 

әдіскері  М.Райымбердиева  ана  тілі  пәнінен  дәріс  оқыса,  математика 

пәнінің мұғалімі З.Дидарбекова сабағын тартымды өткізді. «Жырың болып 

төгілемін» бөлімінде оқушылар өнер көрсетті. Әсіресе, Д.Асарбаеваның 

шәкірті  А.Үсен  «Әлия»  әнімен  замандастарын  тәнті  етті.  Төртінші 

сыныптықтар  «Сағынады  Мұқаңды  сыздап  жүрек»  атты  ашық  сабақта 

ақын М.Мақатаевтың жырларын мәнерлеп оқыды.

Қорытындысында апталық жұмысына «өте жақсы» деген баға берілді.



Гауһар НИЕТБАЕВА,

Ы.Алтынсарин бастауыш мектебінің меңгерушісі.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАБЫЛСЫН

БІР МЕКТЕПТЕ

АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА 

СӨЗ ЗЕРГЕРІ –

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ



ХАБАРЛАНДЫРУ

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ САЛЫҒЫН 

ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

К СВЕДЕНИЮ ПОТРЕБИТЕЛЕЙ ПРИРОДНОГО ГАЗА

ҒИБРАТЫ МОЛ САЙЫС САБАҚ



ТӘЛІМ

АКЦИЯ

“ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТ!”



Адам бойындағы 

барлық жақсы қасиет 

күннің нұрынан, 

ананың сүтінен 

таралған.

Осынау  сипатты  сөзді  санаға 

түйген  Әйтиев  атындағы  орта 

мектеп  мұғалімдері  2-12  ақпан 

аралығында  «Өзін-өзі  тану: 

махаббат  пен  шығармашылық 

педагогикасы»  атты  дәстүрлі 

онкүндік өткізді. Онкүндік «Өзін-өзі 

тану» пәні арқылы жалпы азаматтық 

құндылықтарды  оқушылардың 

бойына  сіңіруді,  шығармашылық 

белсенділігін арттыруды мақсат етті. 

Жылдағы  дәстүр  бойынша 

онкүндікті  мектеп  директоры 

Күлзахира Ратбекова ашып, өзінің 

жылы лебізін білдірді. Өзін-өзі тану 

пәнінің жеті мұғалімі маңызды іс-

шараға белсене қатысты. Онкүндікте 

«Мейірімділік  –  асыл  қасиет», 

«Утро радостных встреч», «Өнеге 

–  отбасынан»,  «Қызығы  толы  бұл 

әлем» атты ашық сабақтар өткізілді. 

Іс-шараны  мектеп  психологы 

К.Әкімбекова  жүргізді.  «Алтын 

жүрек  анамыз»  атты  мәнерлеп 

оқу сайысында 9-сынып оқушысы 

Д.Болатбекова  «Бар  баланың 

анасы»,  10-сынып  оқушысы 

С.Реймбаева «Алтын жүрек анамыз» 

атты  өз  жүрегінен  шыққан  өлең 

шумақтарын оқыды. «Ән көңілдің 

ажары» атты ән байқауында 7-сынып 

оқушысы  Д.Қабылова  марапатқа 

ие  болды.  Жоспарланған  іс-шара 

аясында  демеушілер  Ж.Асылбаев 

пен  А.Мадалиевтің  қатысуымен 

«Жүректен  –  жүрекке»  атты  кең 

көлемді қайырымдылық акциясы өз 

жалғасын тапты. 

Онкүндікті  мектеп  психологы 

Күлжан  Әкімбекова  «Адамның 

өмірінде  жақсы  мен  жаманды 

ажырата  алуына,  жақсы  адам 

болуына,  өзін-өзі  тәрбиелеуіне, 

өз  орнын  т абуына,  ат а-ана 

м е н   м е кт е п т і ң   а р а с ы н д а ғ ы 

ортақ  белгілер  –  жанашырлық, 

м е й і р і м д і л і к ,   с ы п а й ы л ы қ , 

о т а н с ү й г і ш т і к ,   ә д е п т і л і к , 

бауырмалдық,  қайырымдылық, 

кішіпейілділік қасиеттерін баланың 

жандүниесіне  сіңіретін,  жас 

ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді 

ұялататын – біз ұстаздар қауымы» 

деген  жүрекжарды  сөздерімен 

қорытындылады. 



З. ЕСІРКЕПОВА,

мектеп директорының 

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Г. ДАМИЕВА, 

мектеп директорының 

құқықтық ісі жөніндегі 

орынбасары.

ТӘРБИЕ

 ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – АДАМГЕРШІЛІК 



ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет