Сенбі Суббота 14 ақпан февраля 2015 жыл года 17-18 (5380-5381)



жүктеу 0.52 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата06.05.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5

Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ,

Дүйсенбек ОРМАНОВ,

«Шұғыланың» арнаулы тілшілері.

3 бет

14 ақпан 2015 жыл №17-18

Бөбекжайымызда  өткен  ертеңгілік  басқа  іс-шаралардан  өзгеше 

өрбіді. Балғындар түрлі ұлт өкілдерінің ән-биінен шашу шашты. Өнерлі 

өрендер:


– Қазақ жері – қонақжай төрдің жері

Қазақ елі – қассақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың толқын көрген,

Барша жұртқа құт мекен болған еді, – деп жыр төгілдірді. 

Шынайы қалыпта өткен ертеңгілік Қазақстан халқы Ассамблеясының 

салтанатты  ашылуына  арналған  болатын.  Музыкалық  жетекшіміз 

Н.Манамбаева,  тәрбиешілеріміз  Л.Уатбаева,  Б.Құрманалиева, 

Н.Қырықбаева, Г.Сайдалиева, А.Байназарованың және тәрбиешілеріміздің 

ұйымдастыруымен өткен іс-шарадан балғындар достықтың, татулықтың, 

бірліктің не екенін түсіне білді. «Ақ көгершін» тобы грузин халқын сомдаса, 

қарлығаштықтар – өзбек, «Балдәурен» тобы – қазақ, «Ботақан» тобы – түрік, 

балапандықтар орыс халқының ұлттық ән-билерін орындады.



Г. БЕРДАЛИЕВА,

«Ақбота» бөбекжайының меңгерушісі.

К ү л і м д е й   с а п   т ү з е г е н 

бүлдіршіндеріміздің лебізінен

«Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз  бәріміз»  деген 

жыр жолдары төгіліп тұрды. Олар 

Ассамблея  жылының  басталуына 

орай  ұйымдастырылған  «Біз  – 

б а қ ы т т ы   б а л а м ы з ! »   а т т ы 

ертеңгілікте  түрлі  ұлт  өкілдерінің 

киімдерін киіп, әнін орындап, биін 

билеп, көпшілікті қайран қалдырды. 

Неткен өнерлі дегің келеді сондайда. 

Солай айттық та.

Ертеңгілік жүргізушісі Марина 

Ахметова  бөбекжай  балғындары 

Жаннұр, Аружан, Ақбота, Нұрдәулет 

және басқа бүлдіршіндерді ортаға 

шақырғаннан-ақ,  олар  өздерін 

талантты,  өнерлі  екендіктерін 

көрсете білді. Сонда тәрбиеленуші 

Мерейдің:

– Тыныштық пен достықтан,

Артық нәрсе табылмас.

Бірін-бірі пір тұтқан,

Екеуі  –  аға-қарындас,  –  деген 

жыр жолдары көптің көңіліне қона 

кетті. 


Ертеңгілікті  жоғары  дәрежеде 

өткізген  тәрбиешілер  Гүлнұр 

Төлепбергенова  мен  Майра 

Қожагелдіге ата-аналар риза болды. 

Көңілді  кештің  соңы  тәрбиешілер 

мен  бүлдір шіндер  орындаған 

«Атамекен» хорымен аяқталды. 

Жадыра АБЫЛАЕВА,

«Балдырған» бөбекжайының 

әдіскері.

Байтақ жері, көпұлтты елі бар, 

татулық  пен  достығы  жарасқан, 

бейбітшілікті  ұран  еткен  халқы 

бар Қазақстанымызды бүкіл әлем 

жақсы  біледі.  Бүгінде  елімізде 

130-дан  астам  ұлт  өкілдері  бір 

атаның баласындай жарқын өмір 

кешуде. 

Таяуда  ғана  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  жылы  салтанатты 

түр де ашылып, барша жұртшылық 

қуаныш құшағына енді. Осындай 

қуанышты сәт біздің бөбекжайда 

да өтіп, бүлдіршіндер жұлдыздай 

ж а р қ ы р а д ы .   « Қ ы з ғ а л д а қ » 

тобының  кішкентай  өнерлі 

өрендері  сол  күні  сахнаның 

сәніне  айналған.  Бірі  түрлі  ұлт 

өкілдерінің әнін әуелетсе, енді бірі 

би билеп көптің көңілін баурады. 

Балғындардың ертеңгілікке үл-

кен дайындықпен келуіне тәрбие-

шілер  Сәуле  Әлімбекова,  Арай 

Сәуірбаева,  Назира  Сырғабаева, 

Тұмар  Найманбаева,  Жұлдыз 

Бақтыбаева, ән жетекшісі Жұлдыз 

Әмірбекова,  тіл  маманы  Олжас 

Дайрабай  және  кіші  қызметкер 

Жасұлан  Таңатардың  көп  көмегі 

тиді. Кезегінде олар да сахнадан 

табылып, өнер көрсетті. 

Бұл игі істің бастамасы ғана, 

әлі  жыл  бойына  Ассамблеяға 

а р н а л ғ а н   і с - ш а р а л а р ы м ы з 

жалғасын табатын болады. 



Үмітжан ЖАПАРОВА,

«Жауқазын» бөбекжайының 

меңгерушісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына орай «Жұлдыз» 

балабақшасында  меңгеруші  Г.Оразқұлованың  ұйымдастыруымен 

«Бақытты балалық шақ» атты іс-шара өтті. Онда бүлдіршіндердің ата-

аналары түрлі ұлт өкілдерінің киімін киіп, әр ұлт кейпінде өз өнерлерін 

ортаға салды. Сондай-ақ, «Бәріміз бір шаңырақ астындамыз» атты ойын 

ұйымдастырылды.  Балақайлар  тақпақ  айтып,  би  биледі.  Одан  бөлек, 

«Атамекен», «Отан», «Әрқашан күн сөнбесін» әндері балалар таңдайында 

хормен шырқалды.

Айнұр СЫЗДЫҚОВА, 

әдіскер.

«Бірлесу-Еңбек»  орта  мектебі  жанынан  ашылған  шағын  орталықта 

Ассамблея жылы құрметіне арналған «Достық шеңбері – бала көзімен» 

тақырыбында қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті. Сондай-ақ, «Саламатты 

болу  –  өз  қолымызда»  атты  ата-аналар  қатыстырылған  эстафеталық 

жарыс ұйымдастырылды. Бұл бәсекеде бағы жанып, ерекше көзге түскен 

ата-ана  Ұ.Тортаева  І  орын  иеленсе,  ІІ  орын  С.Каукеноваға  бұйырды. 

Ұ.Мырзағалиева ІІІ орынға қол жеткізіп, жүлде иелері мақтау грамотасымен 

марапат талды. Ұлтаралық татулық пен бірлікті көксейтін аталмыш шара 

«Біз бақытты баламыз» атты бүлдіршін дердің кон церттік бағдарламасына 

ұласты. 

А. ЖУАНЫШОВА,

шағын орталық әдіскері.

Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, отбасын сыйлауға, өнерді сүюге 

үйретуге балғындар тәрбиеленетін орынның рөлі ерекше.

Жуырда  мектеп  жанындағы  «Балапан»  шағын  орталығының 

тәрбиешілері  А.Мақұлбекова,  С.Әбдікерімованың  ұйымдастыруымен 

Ассамблея жылына орай «Біз – бақытты баламыз!» атты ертеңгілік өтіп, 

онда Арсен, Нұрай, Мейірім, Айзере, Асылзат, Нұрислам, Русалина, Елнұр, 

Нұрайдын, Нұржамал, Нұрай есімді балғындар тақпақтар айтса, балапандық 

кішкентай бишілер «Ча-ча-ча» және «Қамажай» биін келтіре орындады. 

Олардан «Испан» биін билеген қыздар тобы да, «Тұлпарым» биін орындаған 

ұлдар да қалыспады. Ертеңгілік барысында үнді, өзбек, түрік билерін де 

көпшілік тамашалады. Әсем әндерге де құлақ түрді.

Ертеңгілік  соңында  Ә.Тарази  атындағы  орта  мектептің  директоры 

Н.Әйтешова балаларға алғыс айтты.



Р. БАЙДЕЛИЕВА,

«Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 

жылының құрметіне орай «Гүлдер» 

балабақшасы «Ортақ Отанымызға 

– 20 жыл» атты тақырыпта байқау 

ұ й ы м д а с т ы рд ы .   Б а й қ ауд ы ң 

ашылу  салтанатында  балабақша 

меңгерушісі  Әмина  Байкеева 

сөз  алып,  «Татулық  пен  бірлікті 

ту  еткен  қазақ  халқы  қашанда 

өзге  ұлт  өкілдерін  құрметтеп, 

қамқорлық көрсеткеннен жалыққан 

емес.  Жыл  бойы  тойланатын  бұл 

мереке  –  осы  сөзіміздің  дәлелі», 

–  деп,  жарысқа  қатысушыларға 

сәттілік  тіледі.  Тәрбиешілер  мен 

тәрбиеленушілерден  құралған  6 

команда, яғни өзбек, украин, корей, 

грузин,  орыс,  қазақ  ұлттарының 

салт-дәстүрімен  таныстырып, 

ұлттық  тағамдары  туралы  ұлттық 

тілде  толық  мағлұмат  берді. 

Жасөспірімдер де әр ұлттың тілінде 

тақпақ айтып, ән шырқап, би биледі. 

Нәтижесінде  бірінші  орынды 

«орыс»  ұлты  жеңіп  алса,  екінші 

орын «украин» халқына бұйырды. 

Ал, үшінші орынды «корей» халқы 

қанағат  тұтты.  «Достықты  үлгі 

санаған  халық»  номинациясы 

бойынша «грузин», «Өнерлі халық» 

номинациясы  бойынша  «өзбек», 

«Бауырмашыл халық» номинациясы 

бойынша қазақ ұлты марапатталды.    



Айсұлу ТІЛМАНБЕТОВА,

«Гүлдер» балабақшасының 

әдіскері.

Айшабибі  ауылындағы  140  орындық  «Қарлығаш»  бөбекжайында  3 

ұлттың  балалары  тәрбиеленуде.  Тілдері  ортақ,  тілегі  бір  бүлдіршіндер 

тәрбиеленіп  жатқан  мекемеде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жылына 

орай апталық ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған 

бөбекжай  меңгерушісі  Г.Мұқашева  алда  тұрған  ауқымды  міндеттерді 

баяндап,  тағылымға  толы  танымдық  сағаттардың  тәрбиелік  мәніне 

тоқталды.  Әдіскер  Г.Бекжігітова  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  – 

тұрақтылық пен татулық кепілі» тақырыбында баяндама жасады. 

Адамның артықшылығы алған тәрбиесінде. Бүгінгі бала – ертеңгі ел 

болашағы. Бар бала ата-анасына қарап бой түзейді, ой қалыптастырады. 

Кішіпейілділік  пен  достық  ұғымын  бүлдіршіндер  санасына  сіңіру 

мақсатында  тіл  маманы  А.Арыстанбекова  «Бір  шаңырақ  астында» 

атты  тренинг  өткізді.  «Құлыншақ»  ортаңғы  топ  тәрбиешілері  Индира 

Тәжіқұлова мен Асият Туғанбаева тәрбиеленушілермен «Достық шеңбері 

–  бала  көзімен»  атты  қылқалам  шеберлері  көрмесін  ұйымдастырды. 

Сонымен бірге тәрбиешілер Айсана Заурбекова мен Эльмира Айтқұлова  

ұйымдастырған  кітап  пен  сурет  көрмесіне  келген  қонақтар  мен  ата-

аналардың назарына ілінді. Ересек топ тәрбиешілері Айнұр Биболова мен 

Айтолқын Жаманқұлова ұйымдастырған «Біз – бақытты баламыз!» атты 

кон церттік бағдарлама тыңдармандардың көңілін тербеді. Бүлдіршіндер 

орын даған әсем әндер мен түрлі ұлттардың дәстүрлі билері кеш шырайын 

ажар лан дыра түсті.  

Назира ОРАЗҚЫЗЫ,

«Қарлығаш» бөбекжайының музыка жетекшісі.

«Көпұлттылық – Қазақстанның бақыты», – дейді Елбасы. Бүгінде әр 

ұлтқа өз мәдениетін, тарихын ұмытпауға, жаңғыртуға мүмкіндік берілген. 

Балаларға да өз ана тілін үйренуге жағдай жасалған. Халық – жарқын 

болашақтың бағдары, Елбасы бастаған «Нұрлы жолға» бет бұрды. Ұлы 

жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болуы ел бірлігіне тікелей 

қатысты екені анық.

Осыған  орай  жақында  Ә.Ысмайылұлы  атындағы  орта  мектеп 

жанындағы «Еркетай» шағын орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы 

жылына арналған мерекелік кеш өтті.

Онда әдіскер Гүлшат Төлендиева «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 

жыл» атты тақырыпта баяндама оқыды. 

«Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Ұлдана Тлекеева «Саламатты болу 

–  өз  қолымызда»  атты  ата-аналар  мен  топ  бүлдіршіндерінің  арасында 

эстафеталық жарыс ұйымдастырып, оған қатысқан «Тұлпар» тобы мен 

«Қыран» тобы мадақтау грамотасымен марапатталды.

«Балапан»  тобының  тәрбиешісі  Калима  Сманова  ұйымдастырған 

«Достық шеңбері – бала көзімен» атты қылқалам шеберлері көрмесінде 

бүлдіршіндер салған «Ақ көгершін» бейнесі бейбітшілік пен достықтың 

символы іспетті көпшілік көзайымына айналды. 

«Біз – бақытты баламыз!» атты концерттік бағдарламада «Балапан» 

тобының бүлдіршіндері Балжан Өктембай мен Нұрай Қамысбай «Айгөлек» 

әнін орындап, «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері Нұрасыл Орынбек, 

Әдемі Нүркенқызы, Адина Желеубай «Қара жорға» биін биледі. 

Шағын  орталық  тәрбиешілері  орындаған  «Ақ  көгершін»  әні  көкте 

қалықтады. 



Сания АЙДАРОВА,

тәрбиеші.

Әр  күннің,  әр  жылдың  өз 

ерекшелігі  болады.  Биылғы  жыл 

көптеген тарихи-саяси мерекелерге 

толы.  Сол  мерекелердің  бірі  – 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 

мерейтойы. 

Өткен  аптаның  жұмасында 

к ө п ұ л т т ы   Қ а з а қ с т а н   ха л қ ы 

Ассамблея  жылының  ашылу 

салтанатына  қатысып,  мерейлерін 

үстем  етті.  Сондай  мереке  Абай 

атындағы орта мектеп жанындағы 

«Күншуақ» шағын орталығында да 

өтіп, бүлдіршіндер шуақты күннің 

қуанышын көрді. 

Мектеп  директоры  Қайыржан 

Сисенғалиев,  оқу  ісі  және  тәрбие 

ісі жөніндегі орынбасарлары Гүлнәр 

Қарақұлова,  Сара  Үсенбекова, 

әдіскерлер  Күлайым  Қырықбаева, 

Ләззат  Маймышова,  Нағима 

Көлбаева  және  тәрбиешілер 

Айгүл  Ибрагимова  мен  Гүлмира 

Әбдуғаниеваның ұйымдастыруымен 

өткен  ертеңгілікте  Сағыныш  пен 

Ақжүніс  «Қара  жорғаны»  билесе, 

Сауран  мен  Ақбота  грузиндердің 

«Лезгинка» биін кәнігі бишілердей 

орындады.  Ал,  Нұрай,  Інжу, 

Айсұлудың  орындауындағы  өзбек 

биі  «Андижан»  көптің  көңілінен 

шықты.  Кішкентай  бишілердің 

үстіндегі  киімдері  де  өздеріне 

сондай  жарасып  тұрды.  Орыс, 

татар  билері  де  паш  етілді.  Ән 

жетекшісі  Жадыра  Жаппарованың 

сүйемелдеуімен  бүлдіршіндер 

«Әрқашан доспыз» әнін шырқады. 

Ертеңгілік  соңы  «Балдәурен» 

тобы  ұйымдастырған  «Достығы 

жарасқан  ел»  атты  концерттік 

бағдарламаға  ұласты.  Мұнда  да 

балалар ән айтып, би биледі, тақпақ 

айтты.

«Күншуақтағы»  шуақты  күн 



балғындардың бойына нұр құйғаны 

анық  еді.  Өйткені,  олар  көңілді 

тарқасты. 

Салима ЖҰМАДІЛОВА,

«Күншуақ» бөбекжайының 

әдіскері.

Татулық, бірлік, келісім кез келген ел үшін ең асыл 

дүние десек, азаттықтың туын жоғары ұстаған көпұлтты 

мемлекетіміз биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 

жылын зор құрметпен атап өтпек. Жуырда оның ашылу 

салтанаты да болды.

Аудан орталығында өткен осы салтанатты ашылу 

рәсімінің  жалғасындай  болған  мерекелік  іс-шара 

Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектеп жанындағы 

«Балдырған» шағын орталығында ұйымдастырылды.

Балдырғандықтардың  алдында  аудан  әкімдігі 

білім бөлімінің әдіскері Жұмакүл Мирова Қазақстан 

халқының бірлігі мен достығы туралы айтты. Аудандық 

білім  бөлімі  өкілінің  сөзінен  қанаттанған  балғындар 

ортадан табылып, бірі ән айтса, бірі би биледі. Әсіресе, 

«Біз – бақытты баламыз!» атты әнді шырқаған Алтынай 

Абдуллаға  риза  болыстық.  Өзбек  биімен  ортадан 

көрінген Аяла, Нұрай, Арсен, Мағжан, украин биімен 

тамсандырған Жанель мен Қайнар, орыс биін орындаған 

Нұрай мен Нұрдәулет, тәжік биімен тәнті еткен Мөлдір, 

«Ақ көгершін» әнін әуелеткен Арсен мен Нұрдәулет, 

Зарина болашақта дәстүрлі өнер иелері болатындарына 

сендірді.

Мерекелік  іс-шараны  ұйымдастырған  әдіскер 

С.Қосароваға, тәрбиешілер Р.Құлбаева мен А.Оспановаға 

мектеп директоры Б.Валиев алғысын жеткізді.



Д. САЛЫМҰЛЫ.

БІЗ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ!

ЫНТЫМАҒЫМЫЗ ЖАРАССА, 

ЫРЫСЫМЫЗ АРТАДЫ

БАЛА БІТКЕН ДОС-БАУЫР

ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ – БІРЛІК

«БАЛАПАННЫҢ» 

БАЛАПАНДАРЫ – САХНАДА

ҚАЗАҚ ЖЕРІ – ҚОНАҚЖАЙ 

ТӨРДІҢ ЖЕРІ

ИГІ ІС ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

БАЛДЫРҒАНДЫҚТАР 

ӨНЕРІ


«КҮНШУАҚТАҒЫ» ШУАҚТЫ КҮН

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

ҚЫЗЫҚТЫ ІС-ШАРА

ДӘСТҮРЛЕР 

ДӘРІПТЕЛДІ


4 бет

14 ақпан 2015 жыл №17-18

1. Жалпы ережелер

1.  «Жамбыл  облысы  Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесі  ветеринария  саласында 

басшылықты  жүзеге  асыратын 

Қазақстан Республикасының мемле-

кеттік органы болып табылады.

2.  «Жамбыл  облысы  Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесінің ведомстволары жоқ.

3.  «Жамбыл  облысы  Жам был 

ауданы  әкімдігінің  ветери нария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесі  өз  қызметін  Қазақстан 

Республикасының  Консти туция-

сына  және  заңдарына,  Қазақстан 

Ре спубликасының  Президенті 

мен  Үкіметінің  актілеріне,  өзге  де 

нормативтік-құқықтық  актілерге, 

сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге 

асырады.

4.  «Жамбыл  облысы  Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесінде  мемлекеттік  мекеме 

ұйымдық-құқықтық  нысанындағы 

заңды  тұлға  болып  табылады, 

мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі 

мен  мөртаңбалары,  белгіленген 

үлгідегі  бланкілері,  сондай-ақ 

Қ а з а қ с т а н   Ре с п убл и ка с ы н ы ң 

заңнамасына  сәйкес  қазынашылық 

органдарында шоттары болады.

5.  «Жамбыл  облысы  Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесі  азаматтық-құқықтық 

қатынастарға өз атынан түседі.  

6.  «Жамбыл  облысы  Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесіне  егер  заңнамаға  сәйкес 

осыған  уәкілеттік  берілген  болса, 

мемлекеттің  атынан  азаматтық-

құқықтық  қатынастардың  тарапы 

болуға құқығы бар.

7.  «Жамбыл  облысы  Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесі  өз  құзыретінің  мәселелері 

бойынша  заңнамада  белгіленген 

т ә рт і п п е н   « Жа м б ы л   о бл ы с ы 

Жа м б ы л   ауд а н ы   ә к і м д і г і н і ң 

ветеринария  бөлімі»  коммуналдық 

мемлекеттік  мекемесі  басшысының 

бұйрықтарымен  және  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында 

көзделген  басқа  да  актілермен 

ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.  «Жамбыл  облысы  Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесінің    құрылымы  мен  штат 

санының  лимиті  қолданыстағы 

заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.  Заңды  тұлғаның  орналасқан 

жері:  пошталық  индексі  080206, 

Қазақстан  Республикасы,  Жамбыл 

облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, 

Абай көшесі, №123-үй.    

10. Мемлекеттік органның толық 

атауы  -  «Жамбыл  облысы  Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесі.

11 .   О с ы   Е р е же   « Жа м б ы л 

облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 

ветеринария  бөлімі»  коммуналдық 

мемлекеттік  мекемесінің  құрылтай 

құжаты болып табылады.

12.  «Жамбыл  облысы  Жам был 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесінің қызметін қаржыландыру 

республикалық  және  жергілікті 

бюджеттерінен жүзеге асырылады.       

13.  «Жамбыл  облысы  Жам был 

ауданы  әкімдігінің  ветери нария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен  

«Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті 

мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы» 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 

Заңына,  «Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік 

органының  үлгі  ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы 

№410 Жарлығына және «Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің 

аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан 

Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы 

№898 Жарлығына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі 



ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы Жамбыл 

ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2.  «Жамбыл  облысы  Жамбыл  ауданы  әкімдігінің 

ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет 

органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми 

жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі 

аппаратының басшысы Е.Қыдыралыұлына жүктелсін.

4.  Осы  қаулы  әділет  органдарында  мемлекеттiк 

тiркелген  күннен  бастап  күшiне  енедi  және  оның 

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

Аудан әкімі Р. ДӘУЛЕТ.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысы

2015 жылғы 27 қаңтар   

 

 

№15  

 

 

 

Аса ауылы

 «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 

ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік 

мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы №15 қаулысымен бекітілген 

«Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 

ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік 

мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

әкімдігінің  ветеринария  бөлімі» 

к о м м у н а л д ы қ   м е м л е к е т т і к 

мекемесінің      функциялары  болып 

табылатын  міндеттерді  орындау 

тұрғысында  шарттық  қатынастарға 

түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесіне  заңнамалық  актілермен 

кірістер  әкелетін  қызметті  жүзеге 

асыру құқығы берілсе, онда осындай 

қ ы зм е т т е н   а л ы н ғ а н   к і р і с т е р 

республикалық  бюджеттің  кірісіне 

жіберіледі.



2. Мемлекеттік органның 

миссиясы, негізгі міндеттері, 

функциялары, құқықтары мен 

міндеттері

14.  «Жамбыл  облысы  Жамбыл 

ауданы  әкімдігінің  ветеринария 

бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесінің миссиясы:

Эпизоотиялық қолайлы жағдайды 

және ветеринариялық - санитариялық 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

1)  халықтың  денсаулығын  адам 

мен  жануарларға  ортақ  аурулардан 

қорғау;


2)  жануарларды  аурулардан 

қорғау және оларды емдеу;

3) ветеринариялық- санитариялық 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4)  жеке  және  заңды  тұлғалар 

ветеринария  саласындағы  қызметті 

жүзеге  асырған  кезінде  қоршаған 

ортаны  ластаудың  алдын  алу  және 

оны жою;

16. Функциялары:

1)  облыстың  жергiлiктi  өкiлдi 

органына  бекiту  үшін  жануарларды 

а с ы р ау   қ а ғ и д а л а р ы н ,   и т т е р 

мен  мысықтарды  асырау  және 

серуендету  қағидаларын,  қаңғыбас 

иттер  мен  мысықтарды  аулау  және 

жою  қағидаларын,  жануарларды 

а с ы р а у д ы ң   с а н и т а р и я л ы қ 

аймақтарының шекараларын белгiлеу 

жөнiнде ұсыныстар енгізу;

2)  қаңғыбас  иттер  мен  мысық-

т а р д ы   аул ауд ы   ж ә н е   жо юд ы 

ұйымдастыру;

3)  ветеринариялық  (ветери-

нариялық-санитариялық) талаптарға 

сәйкес мал қорымын (биотермиялық 

шұңқырларды) салуды ұйымдастыру 

ж ә н е   о л а р д ы   к ү т і п - ұ с т ауд ы 

қамтамасыз ету;

4)  мүдделі  тұлғаларға  өткізіліп 

жатқан  ветеринариялық  іс-шаралар 

туралы ақпарат беруді ұйымдастыру 

және қамтамасыз ету;

5)  ветеринария  мәселелері 

бойынша халықтың арасында ағарту 

жұмыстарын  ұйымдастыру  және 

жүргізу;

6 )   ж а н у а р л а р   ө с і р у д і , 

ж а н уа рл а рд ы ,   ж а н уа рл а рд а н 

алынатын  өнімдер  мен  шикізатты 

дайындауды (союды), сақтауды, қайта 

өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын 

өндіріс  объектілерін,  сондай-ақ 

ветеринариялық  препараттарды, 

жемшөп  пен  жемшөп  қоспаларын 

өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі 

ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын 

м е м л е ке т т і к   ком и с с и я л а р д ы 

ұйымдастыру; 

7)  жануарлардың  саулығы 

м е н   а д а м н ы ң   д е н с аул ы ғ ы н а 

қауіп  төндіретін  жануарларды, 

жануарлардан  алынатын  өнімдер 

мен  шикізатты  а лып  қоймай 

залалсыздандыру (зарарсыздандыру) 

және қайта өңдеу;

8)  жануарлардың  саулығы 

мен  адамның  денсаулығына  қауіп 

төндіретін, алып қой май залал сыздан-

дырылған  (зарар сыздандырылған) 

және қайта өңделген жануарлардың, 

жануарлардан алынатын өнімдер мен 

шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

9) аудан аумағында жануарлардың 

жұқпалы  аурулары  пайда  болған 

жағдайда  тиісті  аумақтың  бас 

мемлекеттік  ветеринариялық-

санитариялық  инспекторының 

ұсынуы бойынша карантинді немесе 

шектеу iс-шараларын белгілеу туралы 

шешімдер қабылдау;

10) аудан аумағында жануарлардың 

жұқпалы  ауруларының  ошақтарын 

жою  жөніндегі  ветеринариялық  іс-

шаралар кешені жүргізілгеннен кейін 

тиісті  аумақтың  бас  мемлекеттік 

ветеринариялық-санитариялық 

инспекторының  ұсынуы  бойынша 

шектеу  іс-шараларын  неме се 

карантинді тоқтату туралы шешімдер 

қабылдау;

11) мемлекеттік ветери нариялық-

санитариялық бақылау және қадағалау 

объектілеріне  ветеринариялық-

санитариялық  қорытынды  беруге 

құқығы  бар  мемлекеттік  ветери-

нариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

12)  тиісті  әкімшілік-аумақтық 

б і р л і к   ш е г і н д е   ж е к е   ж ә н е 

заңды  тұлғалардың  Қазақстан 

Республикасының  ветеринария 

саласындағы  заңнамасын  сақтауын 

мемлекеттік  ветеринариялық-

санитариялық  бақылауды  және 

қадағалауды  ұйымдастыру  және 

жүзеге асыру;

13)  эпизоотия  ошақтары  пайда 

болған  жағдайда  оларды  зерттеп-

қарауды жүргізу;

14)  эпизоотологиялық  зерттеп-

қарау актісін беру;

15) Қазақстан Республикасының 

ветеринария саласындағы заңнамасы 

талаптарының сақталуы тұрғысынан 

мемлекеттік ветеринариялық-санита-

рия лық бақылауды және қадағалауды:

ішкі сауда объектілерінде;

жануарлар өсіруді, жануарларды, 

жануарлардан  алынатын  өнімдер 

м е н   ш и к і з ат т ы   д а й ы н д ауд ы 

(союды),  сақтауды,  қайта  өңдеуді 

және  өткізуді  жүзеге  асыратын 

өндіріс  объектілерінде,  сондай-ақ 

ветеринариялық  препараттарды, 

жемшөп  пен  жемшөп  қоспаларын 

сақтау  және  өткізу  жөніндегі 

ұйымдарда  (импортпен  және 

экспортпен  байланыстыларды 

қоспағанда);

ветеринариялық  препараттар 

өндіруді  қоспағанда,  ветеринария 

саласындағы  кәсіпкерлік  қызметті 

жүзеге асыратын адамдарда;

экспортын  (импортын)  және 

транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-

аумақтық  бірлік  шегінде  орны 

ауыстырылатын  (тасымалданатын) 

объектілерді  тасымалдау  (орнын 

ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

экспортты  (импортты)  және 

транзитті  қоспағанда,  жануарлар 

ауруларының  қоздырушыларын 

тарататын  факторлар  болуы  мүмкін 

көлік  құра лдарының  барлық 

түрлерінде,  ыдыстың,  буып-тыю 

материалдарының  барлық  түрлері 

бойынша;

тасымалдау  (орнын  ауыстыру) 

маршруттары өтетін, мал айдалатын 

жолдарда,  маршруттарда,  мал 

жайылым дары  мен  суаттардың 

аумақтарында;

экспортты  (импортты)  және 

т р а н з и т т і   қ о с п а ғ а н д а ,   о р н ы 

ауыстырылатын  (тасымалданатын) 

объектілерді  өсіретін,  сақтайтын, 

ө ң д е й т і н ,   ө т к і з е т і н   н е м е с е 

пайдаланатын  жеке  және  заңды 

тұлғалар дың аумақтарында, өндірістік 

үй-жайларында  және  қызметіне 

жүзеге асыру;

16)  мал  қорымдарын  (биотер-

миялық  шұңқырларды),  орны 

ауыстырылатын  (тасымалданатын) 

объектілерді  күтіп-ұстауға,  өсіруге, 

пайдалануға,  өндіруге,  дайындауға 

(союға),  сақтауға,  қайта  өңдеу  мен 

өткізуге  байланысты  мемлекеттік 

ветеринариялық-санитариялық 

бақылау және қадағалау объектілерін 

орналастыру, салу, реконструкциялау 

және пайдалануға беру кезінде, сон-

дай-ақ  оларды  тасымалдау  (орнын 

ауыстыру)  кезінде  зоогигие налық 

және  ветеринариялық  (ветери-

нариялық-санитариялық)  талап тар-

дың сақталуына мемлекеттік ветери-

нариялық-санитариялық  бақы лауды 

және қадағалауды жүзеге асыру;

17)  жеке  және  заңды  тұлға-

ларға  қатысты  мемлекеттік  ветери-

нариялық-санитариялық  бақылау 

және қадағалау актісін жасау;

18)  тиісті  әкімшілік-аумақтық 

бірліктің  аумағында  жануарлардың 

энзоотиялық  аурулары  бойынша 

ветеринариялық іс-шаралар өткізуді 

ұйымдастыру; 

19)  уәкілетті  орган  бекітетін 

тізбе  бойынша  жануарлардың  аса 

қауіпті  ауруларының,  сондай-ақ 

жануарлардың басқа да ауруларының 

профилактикасы,  биологиялық 

материал  сынамаларын  алу  және 

оларды  диагно стикалау  үшін 

жеткізу  бойынша  ветеринариялық 

і с - ш а р а л а р д ы ң   ж ү р г і з і л у і н 

ұйымдастыру;

20)  ауыл  шаруашылығы  жа-

нуар ларын  бірдейлендіру,  ауыл 

ш а р у а ш ы л ы ғ ы   ж а н у а р л а р ы н 

бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды 

жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді 

ұйымдастыру;

21)  ауыл  шаруашылығы  жа-

нуар ларының  жеке  нөмірлеріне 

қажеттілікті айқындау және облыстың 

жергілікті  атқарушы  органына 

ақпарат беру;

22)  ветеринариялық  есепке  алу 

мен  есептілікті  жинақтау,  талдау 

және  оларды  облыстың  жергілікті 

атқарушы органына ұсыну;

23) облыстың жергілікті атқару-

шы органына жануарлардың жұқпалы 

және  жұқпалы  емес  ауруларының 

п р о ф и л а к т и к а с ы   б о й ы н ш а 

ветеринариялық іс-шаралар жөнінде 

ұсыныстар енгізу;

24) облыстың жергілікті атқару-

шы  органына  профилактикасы  мен 

диагностикасы  бюджет  қаражаты 

есебінен жүзеге асырылатын жануар-

лардың  энзоотиялық  ауруларының 

тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

25)  ветеринариялық  препарат-

тардың республикалық қорын қоспа-

ғанда,  бюджет  қаражаты  есебінен 

сатып алынған ветеринариялық препа-

раттарды сақтауды ұйымдастыру;

2 6 )   о бл ы с т ы ң   ж е р г і л і к т і 

атқарушы органына тиісті әкімшілік-

аумақтық  бірліктің  аумағында 

ветеринариялық-санитариялық 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі 

ветеринариялық  іс-шаралар  туралы 

ұсыныстар енгізу; 

2 7 )   а у р у   ж а н у а р л а р д ы 

санитариялық союды ұйымдастыру;

28)  жергілікті  мемлекеттік 

басқару  мүддесінде  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасымен 

жергілікті  атқарушы  органдарға 

жүктелетін  өзге  де  өкілеттіктерді 

жүзеге асыру кіреді.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1)  өзіне  жүктелген  міндеттерді 

жүзеге  асыру  үшін  ветеринария 

саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік 

органнан  және  өзге  ұйымдардан 

қажетті  ақпаратты  сұратуға  және 

алуға;


2)  ветеринария  саласында 

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын 

заңды және жеке тұлғалар белгіленген 

ветеринариялық-санитариялық 

ережелер мен нормативтерді бұзған 

жағдайда,  олардың  лицензияларын 

заңнамада  белгіленген  тәртіппен 

тоқтату  немесе  қайтарып  алуға 

бастамашы болуға;

3)  белгіленген  тәртіппен  эпи-

зоотияға қарсы төтенше комиссиялар 

құру туралы ұсынысты шығаруға;

4) аудан әкімдігіне жануарлардың 

жұқпалы  аурулары  таралуының 

алдын алуға және жоюға бағытталған 

карантиндік  режимді  неме с е 

шектеу  іс-шараларын  жүргізе 

отырып,  карантиндік  аймақтың 

ветеринариялық режимінің белгілеу 

туралы ұсыныс шығаруға;

5) аудан әкімдігіне жануар лардың 

жұқпалы аурулары таралуының алдын 

алуға және жоюға бағытталған шектеу 

іс-шараларын немесе карантинді алып 

тастау туралы ұсынысын шығаруға;

6) жануарлардың және адамның 

денсаулығы  үшін  қауіп  төндіретін 

жануарлардан  алынатын  өнімдер 

мен шикізатты алу және жою туралы 

шешім қабылдауға;

7) тиісті уәкілетті орган белгілеген 

тәртіппен  аумақты  аймақтарға  бөлу 

туралы шешім шығаруға құқылы.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет