Сенбі Суббота 14 ақпан февраля 2015 жыл года 17-18 (5380-5381)



жүктеу 0.52 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата06.05.2017
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4   5

Сенбі

Суббота

14

ақпан

февраля

2015

жыл

года

17-18 (5380-5381)

Жамбыл облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық 

дамуының негізгі көрсеткіштерін облыстық газет бетінен оқып, 

облыс экономикасында дамудың оң динамикасы сақталғанына 

көз жеткіздім. Барлық сала қамтылып, көрсеткіштер айшықты 

әрі түсінікті етіп жазылыпты. Халық игілігі үшін жасалған 

іргелі істер өңір шырайын келтіріп тұрғаны қуантты. 

Өзім бар саналы ғұмырымды ұстаздыққа арнағандықтан, 

әрине,  білім  беру  саласының  көрсеткіштеріне  үңілдім. 

Қаржының  алдыңғы  жылдан  едәуір  көп  мөлшерде  бөлінуі 

нәтижесінде  білім  мекемелерінің  материалдық-техникалық 

базасы нығайып, білім беру деңгейі өсіпті. Облыста мектепке 

дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтуге ерекше назар 

аударылғаны байқалады. Жыл ішінде 23 балабақша, 9 шағын 

орталық  ашылған.  Мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік 

негізінде ашылған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 

саны 11 нысанға артқан.

Облыс  оқушылары  жалпыға  білім  беретін  пәндер 

бойынша  2014  жылғы  республикалық  олимпиада  мен 

ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша командалық 

бірінші  орынды  жеңіп  алып,  Дүниежүзілік,  Халықаралық 

олимпиадалар  мен  жарыстарда  71  медальды  иемденіпті. 

202 педагог жоғары деңгейде өткізілген сындарда жеңімпаз 

атанған.


Білім  беру  нысандарының  құрылысы  да  қарқын  алған. 

Өткен жылы 6 мектеп, 7 балабақша, 1 колледж пайдалануға 

беріліпті.

Айта  берсек,  жетістіктер  жетерлік.  Техникалық  және 

кәсіптік білім саласында мемлекеттік білім беру тапсырысының 

көлемі  4355  орынды  құраған.  Жыл  ішінде  24  колледжде 

21  мамандық  бойынша  дуальды  оқыту  жүйесі  енгізіліп, 

әлеуметтік серіктестермен 123 келісім-шарт жасалған.

Осындай  оң  нәтижелерді  көріп  риза  болдым.  Өскелең 

ұрпақтың  алаңсыз  білім  алып,  тәрбиеленуі  үшін  жасалып 

жатқан қамқорлық көңілімді өсірді. Алдағы уақытта да облыс 

әкімі халық игілігі жолында аянбай еңбек ететін болады деп 

сенім артамын.

Амангелді ҚОҢЫРБАЕВ,

Пионер ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасын бүкіл әлем біледі. 

Дүниежүзін  шарпыған  экономикалық  дағдарыс  кезеңінің 

өзінде біздің еліміз өзінің алдына биік мақсаттар қойып, сол 

алып асуларды алу үшін тың серпіліс танытып келеді. 

Еліміздің  ХХІ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  даму 

көрсеткіштерінің  толайым  табысты  болуына  Жамбыл 

облысы  да  зор  үлес  қосатынына  сеніміміз  арта  түсуде. 

Жамбыл облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық 

дамуының  жыл  қорытындысымен  облыстық  «Ақ  жол», 

«Знамя  труда»  газеттері  арқылы  таныса  отырып,  мен 

де  үлкен  қуаныш  сезіміне  бөлендім.  Айтайын  дегенім, 

облысымызда әлеуметтік-экономикалық дамуда барлық салада 

ілгерілеулер  бар  екені  айқын  көрініп  тұр.  Мәселен,  білім 

беру саласында біршама табыстарға қол жеткізілген. «Жыл 

қорытындысындағы»: «Білім беру жүйесіне 2014 жылы 75,8 

млрд теңге (2013 жылы – 64,6 млрд теңге) бөлінді. Осының 

нәтижесінде,  облыстық  білім  мекемелерінің  материалдық-

техникалық  базасы  нығайып,  білім  беру  деңгейінің  өсуіне 

қол жеткізілді», – деген сөздер көңілімізден шығады. Елбасы, 

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауларында айтып 

келе  жатқандай,  еліміздің  болашағы  білімді,  тәрбиелі  жас 

ұрпақ екеніне дау жоқ. Білім саласына облысымызда үлкен 

мән берілуі құптарлық.

2014  жылы  «Мәдениетті»  қаржыландыруға  қаржы 

2013 жылға қарағанда 16,3 пайызға артыпты. «Көне Тараз» 

қалашығына  ғылыми-археологиялық  зерттеу  жұмыстары 

жүргізілуде. Оған 150 млн теңге бөлініп, игерілген. Бұл игі іс 

2015 жылы жалғасады деп ойлаймын. 

Облысымызда  басқа  да  көптеген  жақсы  бастамалар 

атқарылғаны  қуанышты.  Соның  ішінде,  Жамбыл  ауданы 

Айшабибі ауылында және Сарысу ауданы Саудакент ауылында 

«Модельді ауылдық кітапханалары» ашылған. Облыста кітап 

қоры толыға түскен. 

Жалпы, облысымызда облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың 

басшылығымен  көптеген  игі  істер  атқарылып  жатқаны 

көңілімізді  қанағаттандырады.  Өңір  басшысының  еңбегі 

жемісті бола берсін дегіміз келеді. 



Бақыт СЫРЛЫБАЕВ,

Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. 

Әрине, әркім де өз туған жерінің өсіп-өркендеуіне, дамуына 

қызығушылықпен  қарайды.  Осы  орайда  өз  облысымыздың 

жылдан  жылға  әлеуметтік-экономикалық  жағынан  жаңа 

белестерге  шығып  келе  жатқаны  қуанышты.  Жергілікті 

басылымдар арқылы облысымыздың 2014 жылғы әлеуметтік-

экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерімен осындай 

қызығушылық үстінде танысқанымды жасыра алмаймын. 



ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ҚАРСАҢЫНДА: ОЙЛАР, ПІКІРЛЕР, ҰСЫНЫСТАР

ЕР МҰРАТЫ — 

ЕҢБЕК ЕТУ

Облысымыздың қазіргі беталысы жақсы. Өңірімізде барлық 

салада да көп ізденістер, тындырылған тірліктер бар. «Жыл 

қорытындысынан»  айқын  көрініп  тұрғаны  –  облысымызда 

өнеркәсіп саласы өрге басып, ауыл шаруашылығы айдыны 

кеңейе түскен. Солар жайлы оқи отырып, ризашылық сезіміне 

бөлендім.  Еліміздің  экономикасының  дамуына  облысымыз 

қосар үлес арта беретініне көзіміз жете түскендей. 

Халқымызда  «Кәсібің  –  нәсібің»  деген  жақсы  сөз  бар. 

Бұл  әр  адам  белгілі  бір  кәсіпті  игеріп,  өмірден  өз  орнын 

табуы  қажеттігін  аңғартса  керек.  Ұлы  Абай  атамыз:  «Сен 

де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан» деген ғой. 

Облыста кәсіпкерлікті дамытуға жете көңіл бөлініп отырғанын 

құптаймын.  Өзім  зейнетке  шықсам  да  кәсіпкерлікпен 

айналысып  келемін.  Меніңше,  кәсіпкерлік  –  жаңа  жұмыс 

орындары,  өнім  молшылығы.  2015  жылдың  1  қаңтарына 

шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 

44373 бірлікке (2013 жылы 43739 бірлік болған) жетуі өңірдегі 

кәсіпкерлік саласының дамуын нақты көрсете алады. Облыста 

әлеуметтік қорғау, еңбек нарығы, басқа да салалар бойынша 

атқарылып жатқан істер көңілімізді жылытты. 

«Жыл қорытындысымен» таныса отырып, облысымыздың 

жедел өрлеу үстінде екенін сездім. Жамбыл өңірі – қасиетті 

өңір.  Биыл  550  жылдығы  тойланатын  Қазақ  хандығы  1465 

жылы біздің облымыздың аумағында ту тіккені белгілі.

Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев өңіріміздің ел 

дамуына қосар үлесі мол болуы жолында тиянақты жұмыстар 

жүргізіп келеді. Облысымыз алар асулар биік бола берсін.



Жақсылық СӘЛЕМОВ, 

Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

ЖЫЛ 


ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

ҚУАНТАДЫ


ҰРПАҚҚА 

ҚАМҚОРЛЫҚ — 

ӨНЕГЕЛІ ІС

Өмір шырайын ашқан әрбір 

жақсы  істі,  көңілге  жаққан 

жаңалықты,  өңір  жетістігін, 

алда  атқарылар  қабырғалы 

жобаларды  естіп,  көрудің 

өзі  бір  ғанибет.  Аудан  әкімі 

Рүстем  Рысбайұлы  Дәулеттің 

қорытынды  есептік  кездесуде 

ж а с а ғ а н   б а я н д а м а с ы н а н 

о с ы н ы   б а й қ а д ы қ .   Т і п т і , 

кездесу өткен Мәдениет үйінің 

фойесіне  қойылған  жекелеген 

құрылымдардың көрсеткіштері 

жыл ішінде атқарылған істердің 

дәйекті  дәлеліндей  болып  көз 

алдымызда тұрды. 

А у д а н   б а с ш ы с ы н ы ң 

тұрғындар  алдындағы  жарты 

сағаттық қорытынды есебі нақты 

талдаулар  мен  сараптауларға, 

көпшілікпен  ашық  пікірлесуге 

құрылуымен  ерекшеленді. 

Жалаң  сөз  бен  құрғақ  уәдеге 

жол  берілмеді.  Қандай  мәселе 

қозғалса да нақты шешімдермен 

үндесіп жатты. Жетістіктер де, 

жетпей тұрған тұстар да тасада 

қалған  жоқ.  Ауданның  бүгіні 

мен ертеңі жайында салмақты да 

салиқалы сөздер айтылды. 

Кездесуді  тағатсыздана 

күтіп  жүрген  жұртшылық 

көкейдегі мәселелерді ірікпеді. 

Әрине,  залдан  ұсыныс  айтқан 

тұрғындарды жеке бастың қамы 

емес, елдік мақсат-мүдделер тол-

ған дыратынын анық аңғардық. 



АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІНЕН 

ӨРЛЕУ ДЕ, ӨСУ ДЕ БАР

Аудан  басшысына  алғыс 

айтып, жыл ішіндегі жұмысына 

« қ а н а ғ ат т а н а р л ы қ »   б а ғ а 

бере  сөз  бастаған  Өрнек 

ауылының  тұрғыны  Әмір 

Мырзаев:  –  Аудандағы  43  елді 

мекеннің  бүгінгі  таңға  27-сі 

газдандырылған. Дейтұрғанмен, 

газдандыру  бойынша  әлі  де 

аудан аумағында 16 елді мекенге 

газ желісі тартылмай тұр. Осы 

мәселе  шешім  тапса,  –  десе, 

Ас а  ауылының  тұрғыны, 

Жамбыл  ауданының  Құрметті 

азаматы  Жақсылық  Сәлемов: 

–  Елбасымыздың  сарабдал 

саясатын  жүзеге  асырудағы 

еңбектеріңізге аудан тұрғындары 

атынан  алғыс  айтамын.  Ендігі 

жерде  Аса  ауылында  шешімін 

таппай  отырған  Абай  көшесі 

бойындағы  төрт  қабатты  екі 

тұрғын  үйге  күрделі  жөндеу 

жүргізілсе,  –  деген  уәжін 

жеткізді.  Ауданымыздың  тағы 

бір Құрметті азаматы, Бесағаш 

ауылдық  округі  ақсақалдар 

кеңесінің  төрағасы  Жетібай 

Бөрібеков Бесағаш ауылындағы 

бастауыш мектептің ғимаратын 

қайта  жаңғыртып,  75  орындық 

шағын  орталық  жасауға  ықпал 

етсеңіздер деген тілегін айтты. 

Құмтүйін  ауылының  тұрғыны 

Жарылқасын Смайылұлы егінсу 

мәселесін қозғады.

Айтылған ұсыныс-пікірлерді 

мұқият  тыңдаған  Рүстем 

Рысбайұлы  мәселенің  мәнісін 

байыппен түсіндіріп, қойылған 

сұрақтарға  тұщымды  жауаптар 

қайтарды. 

Кездесуде  сөз  алған  облыс 

әкімі  аппаратының  басшысы 

Р а х м е т і л д ә   С е г і з б а й ұ л ы 

Рахманбердиев  2014  жыл 

облысымыз  үшін  табысты 

жыл  болғанын,  алда  ауқымды 

тірліктер күтіп тұрғанын айтып, 

сын  сағаттан  мүдірмей  өтуге 

тілектестігін білдірді. Ауданның 

әлеуметтік-экономикалық 

дамуында  е скерілуі  тиіс  

тұстарды да атап өтті. 

Қорытынды кездесу көпшілік 

көңілінен  шықты  деуге  толық 

негіз  бар.  Оған  қатысушылар 

ауданның  тыныс-тіршілігін 

шынайы  танып,  елдің  діңгекті 

тірегі  –  ертеңге  деген  сенімін 

арқалап қайтты.

Дүйсенбек ОРМАНОВ.

С у р е т т е р д е :   е с е п т і 

кездесуден көріністер.

Суреттерді түсірген

Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.


2 бет

14 ақпан 2015 жыл №17-18

Аудан әкімі Рүстем Рысбайұлы Дәулет сейсенбі 

күні Қарой, Ақбұлым, Бесағаш, сәрсенбіде Тоғыз­

тарау және Аса ауылдық округтерінің тұрғында ры­

мен кездесіп, жыл қорытындысын жариялап, 2015 

жылы ауданда атқарылатын жұмыстарға тоқталды. 

Бесағаш ауылдық округі

Округ  тұрғындары  аудан  әкімінің  2014  жылы 

атқар ған жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріп, 

ұсыныс-пікірлерін  білдірді.  Кездесуде  ауыл  тұрғыны 

Б.Байулиев аудан әкімінің ел игілігі жолында атқарған 

жұмысына  табыс  тілеп,  ауыл  маңындағы  дренажды 

ретке  келтіру  бойынша  аудан  басшысынан  көмек 

сұрады. Ал, зейнеткер Ә.Сапиев Бесағаш ауылындағы 

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің 

алауы жанып тұрса деген тілегін алға тартты. Түрксіб 

ауылы ның тұрғыны С.Досанов ауылға қатынайтын №4 

бағыттағы қоғамдық көліктің жүру тәртібін жүйелі жолға 

«Нұр  Отан»  партиясы  Жам-

был  аудандық  филиалы  жанын-

дағы  Жемқорлыққа  қарсы  әре-

кет  жөніндегі  қоғамдық  кеңесі  өз 

қызметінде Қазақстан Республика-

сының  Конституциясын,  ҚР 

«Сыбай лас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес  туралы»  Заңын,  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің 

актілерін,  партия  Жарғысы  мен 

Бағдарламасын,  партияның  Саяси 

Кеңесінің қаулыларын басшылыққа 

ала отырып жұмыс атқаруда.

Партия  тарапынан  ұйымдас-

тырылып  жүрген  «Мемлекеттік 

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ – МІНДЕТ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕМІСІН БЕРЕДІ

бағдарламалардың  орындалуына 

азаматтық бақылау» акциясы бары-

сында  мемлекеттік  «Ақбұлақ», 

«Балапан», «100 мектеп, 100 ауру-

хана» бағдарламасы аясында құры-

лысы  жүргізіліп  жатқан  нысандар 

бойынша мерзімдік жұмысшы тобы 

зерделеу  жұмыстарын  жүргізді. 

«Нұр  Отан»  партиясының  мүшесі 

болып  табылатын  мемлекеттік  ор-

ган бас шыла рының өздері бас қа рып 

отыр ған мекемелердегі жем қор лық  қа 

қарсы әрекет ісі нің жағдайы тура лы 

есеп терін тыңдап, қажетті ұсыныс тар 

жасау – кеңестер қызме тінің ық палды 

өкілеттілік терінің  бірі.  Сондықтан 

оты рыстарда қаралатын мәселелер 

бойын ша мәліметтер жинау, партия-

ның  қабылдау  бөлмесіне  түскен 

өтініш терге  тақырыптар  бойынша 

талдау  жасаудан  бөлек,  газетке 

Жақында  аудан  әкімдігінің  кіші  мәжіліс  залында  Қаратау  аймағы 

бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл  басқармасының  басшысы  Сапарғали  Әмірбеков  (суретте  оң 



жақта) ауданның жеке азаматтары мен заңды тұлғаларын қабылдап, өтініш-

пікірлерін тыңдады.

Қабылдауға  келген  Раушан  Меңлібаева  Аса  ауылы  «Бәйтерек» 

массивінің бір топ тұрғындары атынан көшеге шағал төсеп беруін өтінумен 

қатар, электр жарығы жоқтығын, газ желісі жүргізілмегенін айтып, көмек 

сұрады. Оның сөзін мұқият тыңдаған Сапарғали Әліұлы бұл мәселені ауыл 

әкімі қарайтынын, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.

Сондай-ақ  «Жастар  тәжірибесімен»  жұмысқа  орналасқан  Айжан 

Оразбекова  «Мемлекеттік  қызметте  бос  жұмыс  орындарына  конкурс 

жарияланады, осыған байланысты тестілеу сұрақтары қиынға түсіп жүр. 

Алдағы уақытта тест сұрақтары өзгеріп, жеңілдіктер жасала ма?» деген 

сауалын жолдады.

– Бұл мәселе облыс көлемінде қаралып жатыр және заң талаптарының 

өзгеруіне байланысты тест сұрақтарына да өзгерістер енгізілуі мүмкін, – 

деді С.Әмірбеков.

Мақсат ЖҰМАБАЕВ.

ӨТІНІШТЕР ҚАПЕРГЕ АЛЫНДЫ

Жақында  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалының  қабылдау 

бөлмесінде аудан прокуроры Руфат Құттықов (суретте оң жақта) партия 

аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков-

пен  бірлесіп,  қоғамдық  қабылдау  жүргізді.  Қабылдауға  келген  аудан 

тұрғындары  өздерінің  талап-тілектерін,  мұң-мұқтаждарын,  сауалдарын 

жолдауға мүмкіндік алды. 

Мәселен, мал ұрлығы, денсаулық саласы, жер телімі, жеке бас мәселесі, 

жол белгілерінің дұрыс қойылуы бойынша өздеріне қажетті тілектері мен 

ұсыныс-пікірлерін бүкпесіз жеткізді. 

Түрлі  сұрақтар  мен  өтініштерін  тыңдаған  Руфат  Бауыржанұлы  бұл 

мәселелер қараусыз қалмайтынына сенім білдірді. 



ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

хабар ландыру  беру  де  тәжірибеге 

енгізілді. 

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл 

аудандық  филиалы  жанындағы 

Жемқорлыққа  қарсы  әрекет 

жөніндегі  қоғамдық  кеңе сі 

отырыстарында Гродеково, Қарой, 

Бесағаш,  Пионер,  Көлқайнар, 

Ерназар ауылдық округтері әкімдері 

мен аудан әкімдігінің ветеринария 

және  аудан  әкімдігінің  сәулет, 

қала  құрылысы  және  құрылыс 

бөлім  басшыларының  сыбайлас 

же м қ о рл ы қ қ а   қ а р с ы   к ү р е с 

заңнамасын  орындауы,  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы,  оның  алдын 

алу бойынша жүргізген жұмыстары 

туралы есептері тыңдалды. 

Қоғамдық  кеңестің  жұмыс 

жоспарына сәйкес «Жемқорлыққа 

қарсы  үздік  плакат»  аудандық 

б а й қ ау ы   б а с т ау ы ш   п а р т и я 

ұйымдарында да ұйымдастырылды.

Сонымен қатар аудандық құқық 

қорғау органдары, аудандық Әділет 

басқармасы,  Халыққа  қызмет 

көрсету  орталығы  және  өзге  де 

мекеме-ұйымдармен бірлесіп аудан 

аумағында  «Қоғамда  сыбайлас 

жемқорлыққа  төзімсіз  көзқарас 

қалыптастыру»,  «Жемқорлықтың 

алдын  алудың  тиімді  жолдары», 

«Жастар  жемқорлыққа  қарсы», 

« Же м қ о рл ы қ   –   же г і   қ ұ рт » 

тақырыбында  акциялар  мен 

«дөңгелек  үстел»  отырыстары, 

семинар-кеңестер ұйымдастырылды 

және  бұл  игілікті  шаралар  ары 

қарай жалғасын табуда. Аталған іс-

шаралар барысында жемқорлыққа 

қарсы  әрекеттерді  үнемі  назарда 

ұстау, мекемелердегі мамандар мен 

жастарға жемқорлықтың келтіретін 

залалдары,  болашаққа  кері  әсерін 

тигізетіндігі  жөнінде  кеңінен 

түсіндірілуде. 

2014  жылы  «Нұр  От ан» 

партиясының 2015-2025 жылдарға 

арналған  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл бағдарламасының 

ж о б а с ы   б а с т ау ы ш   п а р т и я 

ұйымдарында  талқыланып,  тиісті 

ұсыныстар беріліп, сол жылдың 11 

қарашасында Партия Саяси кеңесі 

отырысында  бекітілді,  бүгінде 

бұл  бағыттағы  жұмыстар  сәтімен 

атқарылуда. 

Аудан  аумағында  сыбайлас 

жем қорлыққа қарсы күрес заңнама-

ларының орындалуы, оның алдын 

алу, түсіндіру, насихаттау бойынша 

жүйелі түрде жұмыс жүргізу әрбір 

партия  мүшесінің  міндеті  деп 

білемін.


Маржан АҚТАНОВА,

«Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалы саяси кеңесінің мүшесі.

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕРІНЕН 

ХАЛЫҚ ҚАЖЕТІ ӨТЕЛЕДІ

қойғызсаңыз  деген  өтінішін  жолдаса,  ауыл  тұрғыны 

Қ.Тұмабаев  «Алтын  алқа»  мен  «Күміс  алқа»  алған 

аналарымыз  қалаішілік  қоғамдық  көліктерде  ақысыз 

жүретінін,  ал  ауылға  қатынайтын  автобуста  жеңілдік 

берілмей отырғанын қынжыла жеткізді. Аудан әкімі бұл 

көте рілген екі мәселе бойынша қала әкімшілігімен сөйле-

сіп, шешімін табу мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

* * *


Ақбұлым ауылдық округі

Кездесуде  сөз  алған  зейнеткер  Жібек  Байжанова 

ауылдағы  дәрігерлік  амбулатория  қызметкерлерінің 

жұмысына  ризашылығын  білдіріп,  ендігі  кезекте 

ауыл  тұрғындары  бір балалар  дәрігеріне зәру  екенін 

сөз  етті.  Бұл  жөнінде  аудандық  аурухананың  бас 

дәрігері  Алтай  Саурықов  жауап  қатып,  Ақбұлым 

дәрігерлік  амбулаториясына  тіркелген  халық  саны 

аз  болғандықтан,  бір  бас  дәрігер  бөлінгенін,  алдағы 

уақытта аудан орталығынан балалар дәрігері арнайы 

келіп  қабылдауына  мүмкіндік  іздестіретінін  айтты. 

Ауыл  тұрғыны  Әбдібай  Әбілдаев  ауылдағы  жас 

отбасылар санының өсуіне байланысты үй салуға жер 

телімін  беру  мәселесі  қай  уақытта  шешіледі  деген 

сауалын  көлденең  тартты.  Бұл  сауалға  аудан  әкімі 

Ақбұлым ауылының бас жоспары жасалынып, аудандық 

мәслихатта қаралуда екенін, болашақта жер телімдері 

берілетінін  жеткізді.  Зейнеткер  Қалдыбек  Ниязов 

Байзақ ауданы мен Жамбыл ауданын байланыстырып 

тұрған Төрегелді каналының үстіндегі көпір жөнделсе 

деген өтінішін білдірді. Өңір басшысы каналға арнайы 

мамандарды жіберіп, қанша қаржы кететінін зерделеп, 

келесі тоқсанда қолға алатынын айтты.

* * *


Қарой ауылдық округі

Жамбыл  облысы  әкімі  аппаратының  персоналды 

бақылау бөлімінің басшысы Нұржан Ержанов қатысқан 

басқосуда  сөз  алған  зейнеткер  Ә.Әкімбеков  ауыл, 

аудан  әкімінің  жыл  ішінде  атқарған  жұмысына 

қанағаттанарлық  деген  баға  бере  отырып,  ауылда 

Мәдениет  үйі,  балабақша,  стадион,  ауызсу  сынды 

бірқатар  мәселелер  әлі  күнге  дейін  шешімін  таппай 

отыр деген уәжін жеткізді. Бұл жөнінде аудан басшысы 

жеке кәсіпкер Г.Нұрымова балабақша және сауықтыру 

орталығы  үшін  жер  алғанын,  сол  жерде  биыл  100 

орындық балабақша құрылысын бастайтынын, жалпы 

округте 2020 жылға дейін 280 орындық балабақша салу 

жоспарда тұрғанын тілге тиек етіп, көтерілген мәселе 

күн тәртібінен түспейтінін жеткізді. Ал, ауыл тұрғыны 

зейнеткер Ж.Мұсаев ауыл жастарының басым көпшілігі 

спортпен шұғылдану үшін қалаға баратынын, бұрынғы 

білім ордасының жанындағы спорт мектебі қазіргі таңда 

бос тұрғанын, кезінде сол спорт мектебінен талай спорт 

майталмандарының шыққанын айтып, осы ғимаратты 

жөндеп ауыл жастарына берсек деген пікірін білдірді.

* * *


Тоғызтарау ауылдық округі

Аудан,  ауыл  әкімдерінің  есепті  баяндамасынан 

кейін сөз алған ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы 

Рысбек  Аптауов  есеп  берген  әкімдердің  жұмысына 

қанағаттанарлық  деген  бағасын  бере  отырып, 

Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат ауылдарын ауызсумен 

және табиғи газбен қамтамасыз етуге ықпал етсеңіз 

деген  өтінішін  жеткізсе,  Т.Тоқтаров  атындағы  орта 

мектептің мұғалімі Еркін Қадыров: – Мектептің ішкі 

жылу жүйесі толығымен ауыстырылса, ескі ғимараты 

күрделі жөндеуден өткізілсе, сонда спорт, ән сабағы 

үйірмелерін  ашуға  мүмкіндік  болар  еді,  –  деді. 

Құмсуат ауылының тұрғыны Еркінбек Әбдіқалықов 

ауылға  кіреберіс  2  шақырым  және  ауылішілік  бір 

шақырым жолға қиыршық тас төсеуге ықпал етсеңіз 

деген  сұранысын  айтты.  Ал,  Жаңаөткел  ауылының 

тұрғыны  Наталья  Мартинова  ауыл  жанынан  өтетін 

теміржолдың астынан өткел жасатып берсеңіз деген 

уәжін жеткізді.

Рүстем  Рысбайұлы  жолданған  ұсыныс-пікірлер 

бойынша мәселенің мән-жайын жан-жақты түсіндірді. 

* * *


Аса ауылдық округі

Аудан әкімі Рүстем Дәулеттің есебінде барлық сала 

қамтылды. Облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі 

және  автомобиль  жолдары  басқармасы  басшысының 

орынбасары  Бекежан  Мамажанов,  аудандық 

мәслихаттың  хатшысы  Рүстем  Бегалиев  қатысқан 

есепті кездесуде Елбасының Жолдауларындағы нақты 

тапсырмалар  негізінде  қабылданған  бағдарламалар 

бойынша ауданда атқарылған жұмыстардың ауқымды 

екені  аңғарылды.  Барлық  саланың  ауыз  толтырып 

айтарлық жетістіктері жетерлік.

Есепті жиынның соңында Рүстем Рысбайұлы Аса 

ауылдық  округінде  биылғы  тиянақталар  тірліктерді, 

қаралған  қаржының  қай  мақсатқа  жұмсалатынын 

жұртқа таратып айтып берді.

Аудан басшысының есебінен кейін тұрғындар сөз 

алды.  Рахат  ауылының  тұрғыны  Пердебек  Оспанов 

аудан  басшысының  жыл  ішінде  атқарған  жұмысын 

қанағаттанарлық деп бағалап, өтініш ретінде иелігіндегі 

жерге  егінсудың  жетіспеуіне  байланысты  мәселені 

шешуге  жәрдемдесуін  сұрады.  Ал,  Аса  ауылының 

зейнеткері,  жеке  кәсіпкер  Молдиярбек  Күмісбеков 

жолдардың  жөнделгеніне  ризашылығын  білдіріп, 

ендігі  жерде  аудан  орталығындағы  4  қабатты  екі  үй 

қашан  жөнделеді  деген  сауалын  көлденең  тартты. 

Асалық  Раушан  Меңлібаева  өзі  тұратын  «Бәйтерек» 

массивіне инженерлік инфрақұрылым жүргізілсе деген 

тілегін жеткізді. Кездесуде көше жолдарын жөндеуге, 

жарықтандыруға,  теміржолдан  өтетін  аспалы  көпір 

салуға қатысты пікір-ұсыныстар айтылды. Жиында сөз 

алған Аса ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Рахым Жапаров аудан өмірі жайында мол мағлұматқа 

қаныққанын,  істегі  ілгерілеушіліктің  көзге  көрініп 

тұрғанын айтып, басшы еңбегіне табыс тіледі.

Тұрғындардың талап-тілектерін, пікір-ұсыныстарын 

тыңдаған Рүстем Рысбайұлы сөз сөйлеген әрбір азамат 

көтерген  мәселе  бойынша  қарапайым  тілде  жөн-

жосығын түсіндіріп, нақты жауаптар қайтарды.



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет