СЕнбі 8 сәуір 2017 жыл Жаңарған өңір 3



жүктеу 409.96 Kb.

бет1/4
Дата25.05.2017
өлшемі409.96 Kb.
  1   2   3   4

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті.  

              Батыс Қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан бастап шығады

         №14 (7621) 

zhanarqan_onir@mail.ru

         СЕнбі

8 сәуір 2017 жыл

Жаңарған өңір

 3

www.facebook.com/zhanarqan_onir

http://www.zhanarqanonir.kz

Жаңақала жаңалықтары

Жуырда  Орал  қаласында  қазақ 

күресінен  2002-2003  жылы  туған 

кіші  жасөспірімдер  арасында  Батыс 

Қазақстан 

облысының 

іріктеу 

чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты 

бәсекеге  12  аудан  мен  қалалық  спорт 

мектептерінің  білекті  жас  балуандары 

қатысып, өзара бақ сынады. 

Төл  спортымыз  төрге  озған  күні 

жаңақалалық 

Замир 


Батыров 

жаттықтыратын 

ұландардың 

да 


қанжығалары  бос  қайтпады.  Олар 

дүбірлі додада топ жарып, аудан мерейін 

асқақтатты.

Атап  айтсақ,  Дулат  Мирамғалиев  (42 

келі),  Арман  Қасанғалиев  (50  келі), 

Амандық Қадыровтар (60 келі) өз салмақ 

дәрежелерінде  III  орынды  олжаласа, 

66  келі  салмақта  Әділет  Мәліков  II 

орынды  еншіледі.  Бұлардан  бөлек 

38  келі  салмақта  белдескен  Жалғас 

Тілекқабылов,  Ералхан  Өтегенов  (50 

келі),  Нұрлан  Жұмағұловтар  (60  келі) 

жарыстың жеңімпазы атанды. 

Жеңімпаз  және  жүлдегер  балуандар  Қызылорда  қаласында  өтетін  ел  біріншілігінде  облыс 

намысын қорғайтын болады.

Ақсұңқар СӘДІР.

Әскерге бару таңдау 

      ма, талап па?

  

 

Дирижерлік өнердің 

дарабозы

Тоғызқұмалақшылар 

топ жарды

Ағымдағы  жылдың  24-31 

наурыз  күндері  аралығында 

Семей 


қаласында 

тоғыз-


құмалақтан  Қазақстан  Рес-

публикасының 

чемпионаты 

өтті.  Жасөспірімдер  арасында 

өткен аталмыш додаға еліміздің 

15 облысынан  200-ге тарта жас 

спортшы  қатысты.  Олардың 

арасында  облыс  намысын 

қорғаған  Қайрат  Шаутенов 

шыңдаған  біздің  ауданның  да 

спортшылары  бар  еді.  Соңғы 

кездері  ұлттық  спорт  түрі  – 

тоғызқұмалақ  ойынын  аудан 

жастары  арасында  дәріптеп 

қана 

қоймай, 


шәкірттерін  

облыс,  республика  көлемінде 

өтетін  жарыстардың  шыңына 

шығарып  жүрген  Қайраттың 

шәкірттері  бұл    жолы  да      құр    

қол қайтпады. Нақтырақ айтсақ, 

12  жастағы  қыздар  арасын-

да    Ақгүл  Бауыржанқызы 

қоланы  қолтықтаса,  8  жастағы 

қыздар  арасында  жүрісінен 

жаңылмаған  Айназ  Сақтаған 

қанжығасын күміспен майлады. 

Ал    10  жастағы  қыздар 

арасын-да  қарсыластарын  бет 

қаратпаған  Інжу Қайыржанова 

алтыннан алқа тағып, чемпион 

атанды.  Зияткерлік  ойынды 

өмірлеріне  серік  қылған  жас 

спортшыларымзға  тек  жеңіс 

тілейміз. 



Н.ҒАББАС.

Жүректің қылын 

  тербеген кеш

Жақында аудандық мәдени демалыс 

орталығында  эстрада  әншісі  Нұржан 

Керменбаевтың  ән  кеші  өтті.  Сахна 

төрінде  Нұржан  Керменбаев  жанды 

дауыста  ән  шырқап,  көпшіліктің 

көңілінен  шықты.  Ауыл  тұрғындарын 

әнмен  сусындатқан  керемет  кеште 

«Өмір-ай»,  «Қаланың  сұлулары», 

«Есіңде  ме?»,  «Жылайды  жүрек», 

«Егіз  лебіз»,  «Қара  бала»,  «Әттең-

әттең», «Әке арманы», «Мұның дұрыс 

болмады»  және  басқа  да  әндерін 

қалықтатып,  көрермендердің  ыстық 

ықыласына бөленді. 

Құлақ  құрышын  қандырған  думанды 

кешке  жиналған  жұртшылық  әндерді 

бірге  шырқап,  көтеріңкі  көңіл  күйде 

отырды.  Концерт  барысында  кеш 

иесінің шәкірті Шоқан Уәлихан «Маған 

ұнап қалдың» әнін тарту етті. Сондай-

ақ, ол гитараның сүйемелдеуімен әуезді 

әндерді бірінен соң бірін орындады.

Алматы  шаһарынан  ат  терлетіп  келіп,  Жаңақала  аспанында  ән  әуелеткен 

ерекше дарын иесіне өнер сүйер қауым дән риза болып, қолдау-қошеметтерін 

аямады. Елдің есінде қаларлықтай ерекше ән кеші мән-мазмұнын жоғалтпай 

мәресіне жетті.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ.

Оғландар Оралдан 

олжалы келді

 

4-5

 6

нарынқұмнан 

нарынқолға дейін

Мамандық таңдауда, 

қателеспеңіз жастүлек!


Өткен аптада

«Нұр Отан» 

партиясының 

ғимаратында бос 

жұмыс орындарының 

жәрмеңкесі өтті. 

Жәрмеңкеде  ауылдық 

округтер мен аудандағы 

мекемелерден 50-ден 

астам бос жұмыс орны 

ұсынылды.

«Нұр  Отан»  партиясының 

мәжіліс  залына    келген 

жәрмеңке 

қонақтарының 

алдында 


«Нұр 

Отан» 


партиясының 

аудандық 

филиалы 

төрағасының 

орынбасары  Р.Саматов  сөз 

сөйлеп,  еңбек  нарығында 

сұраныс пен ұсыныстың сай 

келуін,  жұмыссыз  жастар-

ды  жұмысқа  орналастыру 

мәселесіне  мемлекет  та-

рапынан 

көңіл 


бөлініп 

отырғандығын,  осы  орай-

да  жәрмеңкенің  жұмыссыз 

жүрген  жастарға  септігі 

тиетіндігін  айтып  өтті. «Нұр 

Отан»  партиясының  аудан-

дық филиалы мен аудандық 

халықты  жұмыспен  қамту 

орталығы қолға алған шараға  

30  жұмыс  беруші    мекеме 

қатысып,   50-ден  астам  бос 

жұмыс орындары ұсынылды. 

Байқағанымыздай, 

бұл 


жолғы  жәрмеңкеде  кәсіптік 

мамандармен қатар, жоғары 

және арнаулы орта білімі бар 

мамандарға сұраныс жоғары 

екені 

байқалады. Әсіресе 



денсаулық  сақтау,  білім 

беру саласының мамандары 

қажет. 

Шарада 


жұмыс 

берушілер 

мен 

жұмыс 


іздеушілер тікелей жүздесіп, 

бос 


орындар 

туралы 


ақпарат алмасты. Жаңақала 

ауылының  тұрғыны  Нұрсая 

Суталиева  бос  орындар 

жәрмеңкесіне  алғаш  рет 

келіп отыр.

-Менің 


мамандығым 

-

акушер-гинеколог. 



Биыл 

Қазақстан-Ресей  медицина 

университетін  тамамдадым. 

Жәрмеңкенің 

арқасында 

мен  аудандық  ауруханаға 

акушер  болып  жұмысқа 

орналастым. 

Жәрмеңке 

жақсы 


ұйымдастырылған, 

ұ й ы м д а с т ы ру ш ы л а рд ы ң 

бұл  іске  жауапты  қарағаны 

көрініп  тұр,  жұмыс  беру-

шілер  де,  жастар  да  көп. 

Жәрмеңке барлық санаттағы 

азаматтарға 

есептелген, 

жас  бойынша  шектеу  жоқ. 

Адамдар  осы  жерде  жұмыс 

таба  алады,  өйткені  бос 

орындар 


көп, 

таңдауға 

мүмкіндік бар,-дейді  Нұрсая 

Қадырғалиқызы. 

Айта  кетейік,  жәрмеңкенің 

қорытындысы 

бойынша 

барлығы  22  адам  жұмысқа 

орналасты.  Оның  ішінде 

10  адам  тұрақты  жұмысқа 

орналасуға  мүмкіндік  алса, 

1  адам  әлеуметтік  жұмыс 

орнына,  9  адам  жастар 

тәжірибесі бойынша жұмыс-

қа  жолданды.  Ал  2  адам 

қоғамдық жұмысқа тартылды.  

Жалпы 

тоқсан 


сайын 

тұрақты ұйымдастырылатын 

жәрмеңке жыл аяғына дейін 

әлі 3 мәрте өткізілмек.



Н.ЕСЕТОВА.

2

Жаңарған  



  ө  ң  і  р

       8 сәуір

   2017 жыл

Ақпарат


Жер  -  Қазақстанның  негізгі  байлығы,  халықтың 

өмір  сүру  ахуалының  басты  көзі.  Сондықтан  жер 

қатынастары  мәселесі  қашан  да  басты  назарда. 

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында  осы 

мәселеге қатысты екі нақты қадам белгіленген.

Оның  бірі  -  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы 

жерлерді  тиімді  пайдалану  үшін  оны  нарықтық 

айналымға  енгізу.  Ауыл  шаруашылығы  жерлерінің 

пайдалануына тұрақты түрде мониторинг жүргізу.

Бүгінде  жердің  тиімсіз  пайдалануы  салдарынан 

топырақ құнарлығының төмендеуі басты проблемаға 

айналды.  Бұл  мәселе  жер  ресурстары  саласында 

жоғарғы  технологияны  жүйелі  қолданған  жағдайда, 

сондай-ақ 

ауыл 

шаруашылығы 



құрылымдары 

иелігіндегі 

алқаптарды 

пайдалануды 

тиімді 

ұйымдастырса, 



толықтай 

шешіледі. 

Яғни 

топырақ    эрозиясына  қарсы  қорғау  шараларын 



жасақтап,  егістікте  жаңа  талап  -  ауысу  жүйелерін 

қолданғанда,  жайылым,  шабындықтарды  тиімді 

пайдаланып, 

өндірістік 

инфрақұрылымдарды 

жөнімен  орналастырған  жағдайда  жерімізді  азып-

тозудан құтқарып қалуға әбден болады. Жерді тиімді 

пайдалану  және  оларды  қорғау  мәселелерін  жолға 

қойсақ,  ауданымыздың  экономикасы  өркендеп,  әрі 

ауыл тұрғындарының әл-ауқаты жақсарар еді. Бүгінгі 

таңда  жер  мәселесі  тек  біздің  өңірімізде  ғана  емес, 

сондай-ақ  барша  ел  көлемінде  өзекті  болып  отыр.    

Ауданымыздың  жер  аумағы  2 076,0  мың  гектарды 

құрайды, жер қорының басым бөлігін, яғни 1 768,8 мың 

гектарын  ауыл  шаруашылығы  алқабы  алып  жатыр. 

Оның ішінде табиғи жайылымдардың да үлесі мол. 

Жер  балансына  сәйкес  2016  жылғы  1  қарашадағы 

жағдай бойынша ауданда 472 шаруа қожалығы болса, 

5  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  тіркелген. 

Мемлекеттік  емес  шаруашылық  түрлерінің  иелігіне 

920,0 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 

жер  учаскелері  бекітіліп  берілген.  Мемлекет 

басшысының тапсырмасына сәйкес барлық жерлерде 

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу 

жұмыстары  жүргізілгені  белгілі.  Осы  жұмыстардың 

қортындысы көрсеткендей, жердің меншік иелері мен 

жер пайдаланушылардың барлығы бірдей жерлерін өз 

мақсатында  пайдаланбай отыр. Ал кейбір азаматтар 

жермен  жұмыс  жасауға  құштар  болғанымен,  жер 

учаскесін  ала  алмай  кезекте  тұр.  Өкінішке  орай, 

олар  сұрап  отырған  жерлер  бос  жатқанымен,  құжат 

бойынша  басқа  жер  пайдаланушының    иелігінде 

тұр.  Осыған  орай  ауданымызда  мақсатына  сәйкес 

пайдаланбаған  8  шаруа  қожалығының  5759  гектар 

жер  учаскелері  сот  тәртібімен  қайтарып  алынды.  Ал 

2016  жылы  7  шаруа  қожалығы  жер  учаскелерінен 

өз  еріктерімен  бас  тартып,  иеліктеріндегі  4430 

гектар  жерді  мемлекет  меншігіне  қайтарып,  ол 

жерлер  қайтадан  ауыл  шаруашылық  айналымына 

енгізілді.  Болашақта  Жер  кодексіне  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  жоспарлануда.  Оның  мәтіні 

қысқаша төменде көрсетіліп отыр.

Жер  реформасы  бойынша  комиссияның  жер 

заңнамасын    жетілдіру  жөніндегі  дайындалған 

ұсыныстарын  заңнамалық  реттеу  мақсатында,  Жер 

кодексіне  келесі  қарастырылған  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу  қарастырылуда:

1.Қазақстандықтарға  ауыл  шаруашылығы  жерлерін 

жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;

2.Қазақстандықтарға 

жалға 

берілетін 



ауыл 

шаруашылығы    жерлерінің  шектеу  (ең  жоғары) 

мөлшерін белгілеу; 

3.Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы 

жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;

4.Халықтың 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыру 

үшін    елді  мекендер  маңындағы  жайылымдардың 

алаңдарын 

анықтау. 

Қазақстандықтарға 

ауыл 

шаруашылығы  жерлерін  жалға  беру  институтын 



сақтай  отырып,  заң  жобасымен  ауыл  шаруашылығы 

жерлерін конкурстық негізінде берудің бөлек тәртібін 

белгілеу қарастырылуда.

Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды 

қатысушыларға 

бірдей 


қатысуды 

қамтамасыз 

ету  мақсатында  жаңа  тәртіп  –  конкурсты  өткізу 

туралы  хабарламаны  БАҚ,  әкімдіктердің  және  Ауыл 

шаруашылығы    министрлігінің  ресми  интернет-

ресурстерінде жариялау қарастырылуда.

Конкурстың  жеңімпазын  анықтайтын  конкурстық 

комиссияның  құрамына  коғамдық  кеңестер  мен 

ұйымдардың  өкілдері  қатысады,  олар  комиссия 

мүшелерінің жалпы санының  50 пайызынан  астамын 

құрайды.

Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру 

мақсатында  заң  жобасымен  тұрақты    мониторинг 

жүргізу  қарастырылған:  жалға  алудың  алғашқы    5 

жылында – жыл сайын, келесі кезеңдерде суармалы 

егістікте әрбір 3 жылда, телімді жерде  әр 5 жылда.

Ауыл  шаруашылығы  жерлерінің  үлкен  мөлшерін 

«бір  қолға»  беруге  жол  бермеу    мақсатында,  заң  

жобасымен    қазақстандықтарға  жалға  берілетін 

ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін 

алқаптар бойынша республика,  облыс және әкімшілік 

аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылуда. 

Бұдан  басқа,  Заң  жобасымен    мемлекеттік 

шекараның  шекара белдеуінде және аймағында ауыл 

шаруашылығы  жерлерін  беру  талаптарын  күшейту 

қарастырылған,  онда  шетелдіктерге,  азаматтығы 

жоқ  адамдарға,  шетелдік  заңды  тұлғаларға    және 

шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді 

иеленуге шектеу қойылады.

Ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін жайылымдық 

алқаптардың жетіспеу  проблемасын шешу үшін заң 

жобасымен  елді  мекендер  маңында  тұрғындардың 

жеке 

 

малдарын 



ұстауға 

мұқтаждықтарын  

қанағаттандыру  үшін  қажетті  жайылымдардың 

көлемдері анықталатын болады.

Бұдан  басқа  заң  жобасымен  жер  комиссиясының 

статусын  анықтау, жер учаскесінің бөлінуі, елді мекен 

жерлердегі жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын 

ауыстыру және тағы басқа мәселелерді қамтитын Жер 

кодексінің нормаларын жетілдіру де көзделуде.

Жоғарыда  аталған  нормаларды  қабылдау  теріс 

әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға  

әкеліп  соқпайды  және  ауыл  шаруашылығы  жерлерін 

тиімді пайдалануға жол ашатын болады.

Сонымен  қатар,  2017  жылдың  20  ақпанында 

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңы қолданысқа енгізілді. Заңға сәйкес жайылымдар 

жеке ауланы ұстау, шаруа немесе фермер қожалығын 

жүргізу үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін 

жүргізу үшін беріледі.

Жайылымдарды  басқару  және  оларды  пайдалану 

жөніндегі  жоспарға  сәйкес  жайылымдарды  беру 

кезінде ескерілетін шарттар:

1)  Ауыл  шаруашылығы  жануарлары  мал  басының 

болуы;


2)  Жайылымдық  инфрақұрылым  обьектілерінің 

болуы және олардың жайы;

3) Жер учаскесінің өнімділігі.

Екі  жыл  бойы  жайылымдарда  жаю  үшін  ауыл 

шаруашылығы жануарлары болмаған, не олардың саны 

жайылымдардың  жалпы  алаңына  түсетін  жүктеменің 

шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан 

аз  болған  және  жемшөп  дайындау  мақсатында  шөп 

шабу  болмаған  жағдайда  жер  учаскелері  Қазақстан 

Республикасының  жер  заңнамасында  көзделген 

тәртіппен қайтарып алуға жатады.

Жер қатынастарына қатысты Заңның негізгі мақсаты 

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді нарық 

айналымына  тарту,  тиімді  және  ұтымды  пайдалану. 

Жер  мәселесі  «100  нақты  қадам»  бағдарламасы 

шеңберінде оң шешімін табуы тиіс.



Т.ҮмБЕТОВ, 

 аудандық ауыл 

шаруашылық және жер 

қатынастары  бөлімінің 

бас маманы.

Дін мамандарымен 

жүздесті

Таяуда  аудан  әкімдігінің  үлкен  мәжіліс  залында  аудан  әкімдігі 

жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы 

өтті.  Оған  облыстық  дін  істері  басқармасының  бас  маманы,  теолог 

Мақсат  Раманқұлов,  облыстық  «Дін  мәселелерін  зерттеу  орталығы» 

МКМ басшысы Жарас Аханов, кеңес мүшелері, аудандық ақпараттық-

насихат тобының мүшелері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңесті  аудан  әкімінің  орынбасары  Айзада  Шүкірғалиева  ашып, 

жүргізіп  отырды.  Ол  алдымен  күн  тәртібіндегі  мәселелерді  хабарлап, 

баяндамашыларды таныстырды.

Ең  бірінші  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы  Қ.Теміров 

аудандық  ақпараттық-насихат  тобының  (АНТ)  діни  экстремизм  және 

терроризм идеологиясы таралуының алдын алу бойынша атқарылған 

жұмыстардың  барысы  туралы  баяндама  жасап,  толыққанды  мәлімет 

берді. Мұнан соң жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының 

басшысы Ж.Хайрелов дәстүрлі емес діни ағым қатарындағы жастармен 

жұмыстың  жай-күйін  әңгімеледі.  Сосын  Жаңақала  колледжінің 

оқытушысы  Р.Ғайсақызының  колледж  оқытушыларымен  жүргізілген 

рухани-имандылық  және  патриоттық  бағыттағы  іс-шаралар  туралы 

баяндамасы тыңдалды.

Бұдан  кейін облыстық дін істері басқармасының бас маманы, теолог 

Мақсат Раманқұлов пен облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» 

МКМ  басшысы  Жарас  Ахановқа  сөз  берілді.  Олар  облыстағы  діни 

ахуалды  кеңінен  әңгімелеп,  теріс  ағымдармен  күресу  жолдарын, 

адасқандардың алдын алу, екпе, тағы да басқа өзекті деген мәселелерді 

қаузады.  Сонымен  қатар,  кеңеске  қатысушылардың  тарапынан 

туындаған сауалдарға тұшымды жауап берді. 

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ.

Көпке ұнаған 

жәрмеңке

Жерді тиімді пайдаланайық    



  

Айтпағым, 

әскердегі 

жас 

жауынгердің қауіпсіздігіне жауапты 



жан бар ма? Аман-есен отбасына 

оралуына    кім  кепіл?  Сауалдар 

көп,  жауаптар  мардымсыз.  Бұл 

жігіттерді  жаппай  жақтағаным 

емес.  Олардың  да  жалынсызы, 

көзінде  от,  кеудесінде  жігер, 

сөзінде  салмақ  жоқтары  бар. 

Жақында  жиырмаға  енді  толған 

соқпалдай  екі  жігіттің  әңгімесін 

өз  құлағыммен  естіп  қалдым. 

«Әскерге  баруға  ниет  жоқ»  дейді 

олар.  Тұрқына  қарасаңыз  мығым 

денелі,  апайтөс,  тіпті,  ұрса  адам 

құлатардай  сом  білекті.  Ал  бар 

тапқан сылтаулары – анау.

Кеңес  үкіметінің  кезінде  әскерге 

бару бедел болса, қазір қазақтың 

тепсе  темір  үзетін  жігіттері 

«армия»  десе  ат-тондарын  ала 

қашады. Бұның себебі неде? Осы 

ретте  біз  әскерге  шақырудың 

талаптары мен жаңадан енгізілген 

өзгерістерін  білу  үшін  аудандық 

келісімшарт  бойынша  әскери 

қызметшілерді  қабылдау  және 

әскерге  шақыру  бөлімшесінің 

басшысы, 

аға 


лейтенант 

Есенгелді  Ағысты  сөзге  тартқан 

болатынбыз.

-Есенгелді 

Жеткербайұлы, 

бүгінгі  таңда  сарбаздарды 

іріктеуде 

қандай 

талап 

қойылады? 

Болашақ  сарбаздарды  қалай 

бағалайсыз?

-Қазір 


заң 

қатал, 


әскерге 

шақыру  талабы  күшейтілді.  Ең 

бастысы, әскерге барғысы келетін 

жастардың денсаулығында   кінә-

рат болмауы керек. Сондай-ақ,  әр 

бозбаланың денсаулығымен қоса, 

оның  моральдық-психологиялық 

жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. 

Сондықтан  қазіргі  жігіттерімізді 

зерделеу  кезінде  олардың  ата-

аналарымен 

жүздесіп, 

бала-

ларының жай-күйін білеміз. Әскер-



ге  жарамды  дегендері  облыстық 

іріктеуге  қатысады.  Медицина-

лық  тексерумен  бірге  психолог 

мамандардың 

сұрыптауынан 

өтеді. 


Бізде кейбір ата-аналар әскерге 

шақырушыларды  шақыртуды  сол 

арада  әскер  қатарына  аттану 

деп  ұғып,  соған  бола  үрейлері 

ұшып,  балаларын  қорғаныс  істер 

жөніндегі  бөліміне  жібермей, 

түрлі  сылтаулар  айтып  жатады. 

Әскерге  шақырушыларға  және 

ата-аналарына 

айтарымыз, 

азаматтарға  шақырту  қағазы 

оларды  аудандық  медициналық 

комиссиядан  өткізу  үшін,  яғни 

олардың  денсаулығын  бағалау 

шараларына  қатысуға  беріледі.  

Бұдан  кейін  анықталған  ауру 

түрлері бойынша азаматтар тегін 

емдеуге  облыстық  денсаулық 

сақтау 

орталығына 



немесе 

аудандық аурухана дәрігерлеріне 

жіберіледі. 

Азаматтардың 

денсаулығы 

әскер 


қатарына 

арамды  болып  танылған  кезде 

ғана әскер қатарына аттанады.

Кейбір  бозбалаларды  көзбен 

шолып 

қана 


азаматтық 

борышын 


өтеуге 

жарамсыз 

екенін  білуге  болады.  Спортпен 

шұғылданбаған, 

күндіз-түні 

компьютердің  алдында  отырған, 

анасының  әлпештеген  еркелерін 

бірден  танисың.  Ал  оларды  тек-

сере келгенде әртүрлі дерті шыға 

келеді,  бойында      қайрат-жігер 

жоқтығы  да  анықталады.  Бүгінгі 

таңда  әскерге  шақырушыларға 

жалпақ 

табандылық, 



көзінің 

нашар көруі, омыртқа қисықтығы, 

тұтықпа,  ой  қабілетінің  төмен 

дамуы,  салмақ  жетіспеушілігі 

сияқты диогноздар жиі қойылады. 

Әрине,  мұндай  жастарымыз 

азаматтық 

борышын 


өтей 

алмайды.  Шын  мәнісінде,  бұл, 

бәрімізді  қынжылтатын  мәселе. 

Өскелең ұрпағымыз осындай әлсіз 

болса,  елдің  ертеңі  не  болмақ 

деген ой қылаң береді.



-  Былтырғы  жылы  аудан 

бойынша  қанша  бозбала  әскер 

қатарына аттанды? 

Жарамсызы қай мөлшерде?

-  Өткен  жылы  аудан  бойынша 

сәуір-маусым  айларында  350-

ден  астам  әскерге  шақырылушы 

шақырылса,  оның  13  пайызының 

денсаулығы  жарамсыз,  әскерге 

аттанғаны 13,7 пайызды құрайды. 

Ал, күзгі шақыру маусымында 300-

ге  жуық  әскерге  шақырушылар 

шақырылды. Соның ішінде әскерге 

кеткені – 16,3 пайыз, 16,1 пайызы 

әскери қызметке жарамсыз болса, 

9,9  пайызы  уақытша  жарамсыз 

болып 


танылып, 

кейінгіге 

қалдырылды.

-Әскерге 

барудан 

бас 

тартқандарға  қандай  шаралар 

алынады?

-  18-27  жасқа  дейін  әскерге 

бару  ерікті  түрде  жүргізіледі. 

Белгілі бір себептер болып жатса 

(ЖОО  оқыса,  үйленсе,  басқа  да 

себептер)  онда  борышты  өтеу 

мерзімі  белгілі  мерзімге  дейін 

шегеріле  береді.  Ал  жаңадан 

қабылданған  «Қылмыстық  және 

әкімшілік 

құқық 

бұзушылық 



туралы» кодекске сәйкес, әскерге 

барғысы келмейтін азаматтар үшін 

түрлі  жазалар  қарастырылған. 

Тіпті, қылмыстық кодекс бойынша 

жауапкершілікке 

тартылады. 

Мәселен, шақыру қағазын бірнеше 

рет  алып,  ешқандай  себепсіз 

Отан 

алдындағы 



борышын 

өтегісі  келмегендер  1000  АЕК 

мөлшерінде  айыппұл  төлейді, 

не  болмаса  1  жылға  дейін  бас 

бостандығынан айрылуы мүмкін. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал