СЕнбі 24 маусым 2017 жыл Жаңарған өңір 2



жүктеу 477.88 Kb.

бет1/5
Дата11.09.2017
өлшемі477.88 Kb.
  1   2   3   4   5

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті.  

              Батыс Қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан бастап шығады

         №25 (7632) 

zhanarqan_onir@mail.ru

  СЕнбі

24 маусым 2017 жыл

Жаңарған өңір

 2

www.facebook.com/zhanarqan_onir

http://www.zhanarqanonir.kz

Жаңақала жаңалықтары

4

Жаңақалада жаңа дүкен

Сергек сана, жаһандық жаңғыру - уақыт 

талабы


   Несие - қарыз, қайтару - парыз

3

Мәдениет - халықтың рухани жан азығы



Зейнетақы мен 

жәрдемақы өзгерістері

Жаңақала  ауданының  орталығында  сандық-

тұрмыстық  техникалар  дүкені  ашылды.  Орал 

қаласының  тұрғындары  -  «ТехноСила»  ЖК-

ның  басшылары  Қамбар  Тұрланов  пен  Бахтияр 

Дарбаевтың 

бірлесе 

ашқан 


дүкені 

аудан 


тұрғындарына  кең  көлемде    қызмет    көрсетуде. 

Кәсіпкерлердің сөзіне жүгінсек, дүкендегі сан алуан 

сандық-техникалық  тауар  «Альфа»  банкі  арқылы 

үш  айдан  үш  жылға  дейін  несиеге  беріледі  екен. 

Сондай-ақ  көлемі  үлкен  тауарларды  тұтынушының 

үйіне дейін жеткізіп беру, каталог арқылы кез келген 

тауарға  тапсырыс  жасау  сияқты  қызмет  түрлері  де 

көрсетіледі.  «Не  себепті  дүкен  ашуға  Жаңақала 

ауданын таңдадыңыздар?» деген сұрағымызға: 

-  Мұндай  дүкен  Жаңақала  ауданында  жоқ.  Әрі 

аудан қаладан алшақ орналасқан. Ауыл тұрғындары 

тауарды  қаладан  алғанымен,  ауылдарына  жеткізіп 

алудың өзі оларға қиын әрі қосымша қаржыны талап 

етеді. Ал біз ашып отырған дүкен тауарды үйлеріне 

дейін тегін жеткізіп береді. Бізде жоқ тауарлар болса, 

каталог арқылы тапсырыс береді. Біз оларға қалаған 

тауарын  әкеліп  береміз,-дейді    ашылғандарына 

бір-екі  апта болса да, қаладан тауар тасып үлгере 

алмай жатқан кәсіпкерлер.         

Н.ҒАББАС. 

Жаңақала аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының құрамы

"Болашақтың энергиясы"

 Орналасқан мекені:

Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, 44 үй, 307, 

309- бөлме.

Тел: (871141) 21847, 21244, факс 21837.

Жұмалиев Марс Такесұлы – комиссия төрағасы, аудан 

әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және құқықтық 

жұмыстары бөлімінің меңгерушісі.

Меңдіхан  Ермек  Мақсотұлы  –  комиссия  төрағасының 

орынбасары, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Ишанов  Абат  Тимурұлы  –  комиссия  хатшысы,  аудан 

әкімі аппаратының бас маманы.

Қарағойшин  Берік  Сансызбайұлы  –  комиссия  мүшесі, 

Жаңақала ауылдық округі әкімінің орынбасары. 

Жұмасалихов  Әзілхан  Талапұлы  –  комиссия  мүшесі, 

«Наурыз» шаруа қожалығының маманы.

Ибрашева Айнагүл Жасқаламқызы – комиссия мүшесі, 

Жаңақала мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Ғұмар Руслан Қонысбайұлы – комиссия мүшесі, аудан 

әкімі аппаратының бас маманы.

Елбасының  биылғы  Жолдауында  берген  тапсырмасына 

сәйкес,    2016  жылғы  29  қарашадағы  №25-VІ    Қазақстан 

Республикасының 

«2017-2019 

жылдарға 

арналған 

республикалық  бюджет  туралы»  Заңының  7-бабына  сәйкес 

2017  жылдың  1  шілдесінен  бастап  зейнетақы  төлемінің  ең 

төменгі мөлшері – 31245 теңге.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 14466 

теңге болып белгіленді.

1.  Заңның  8-бабына  сәйкес  2017  жылдың  1  шілдесінен 

бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 11 пайызға өседі.

2017  жылдың  1  шілдесінен  жаңадан  тағайындалатын 

зейнетақы  мөлшерін  есептеу  үшін  ең  жоғарғы  табыстың 

шектеуі - еселеу мөлшері 46 АЕК өзгертілді.

2. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа туылған сәбиге бір 

жолғы  берілетін  жәрдемақы  мөлшері  бірінші,  екінші,  үшінші 

сәби дүниеге келгеніне 86222 теңгеге (еселеу мөлшері 38,0 

АЕК)  өзгертілді.

Отбасында төртінші және одан да көп бала дүниеге келгеніне  

142947 теңгеге  (еселеу мөлшері 63,0 АЕК)  өзгертілді.

Р.ЕСЕНАлиЕв, 

«Азаматтарға арналған үкімет»МК» 

КеАҚ БҚО бойынша филиалы-«ӘТвЕО» 

департаменті Жаңақала аудандық 

бөлімшесінің басшысы. 

14  маусым  күні  Жаңажол 

ауылдық  округінде  Астана 

қаласында 

өтіп 

жатқан 


«ЭКСПО -  2017»  халықаралық 

көрмесін  қолдау  мақсатында 

Жаңажол  ауылдық  мәдениет 

үйі  қызметкерлерінің  ұйым-

дастыруымен 

«ЭКСПО 


2017»  «Болашақ  энергиясы» 

тақырыбында  дөңгелек  үстел 

өтті.  Бұл  шараға  ауылдық 

әкімшілік 

қызметкерлері, 

ұстаздар, мектеп оқушылары, 

қоғамдық  ұйымдар  өкілдері 

қатысты.  Алдымен,  шара-

мыздың  жүргізушісі  Айнагүл 

Асылбекқызы  көрме  туралы 

баяндап  берсе,  ауыл  әкімі 

Әсия Иманғалиқызы көрменің 

мақсаты мен маңыздылығына 

тоқталып 

өтті. 


Рухани 

жаңғыру  бағдарламасы  аясында  сөз  қозғаған 

ауыл  ақсақалы,  Жаңажол  ауылдық  мәдениет 

үйі жанынан құрылған  «Атамекен» ардагерлер 

клубының  мүшесі  Шабақов  Жүзжасар  атамыз 

былтыр  аудандық  әкімшіліктің  қолдауымен  

Астана  қаласында  болғанын,  «ЭКСПО  -  2017» 

көрмесінің  құрылысымен  танысқаны  жөнінде 

сөз  қозғап,  өзінің  қызықты  сәттерімен  бөлісіп, 

фотосуреттерін  оқушыларға  көрсетті.  Кеш 

арасында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып 

отырды.  Сонымен  бірге  мектеп  жанындағы 

жазғы  лагерь  тәрбиеленушілері  арасында 

«ЭКСПО  -  2017»  көрмесіне  орай,  «Асқақтай 

бер, Астана» тақырыбында суретшілер байқауы 

оздырылып, Жаңажол ауылдық мәдениет үйінің 

директоры  Асқар  Бақытұлы  мен  Айдархан 

ЖОББМ-нің  ұйымдастырушы  педагогі  Жаннұр 

Мұратбек  жеңімпаздарды арнайы дайындалған 

дипломдармен  марапаттады.



Асқар ОРАЗАлиЕв. 

Жаңажол ауылы.

2

Жаңарған  

  ө  ң  і  р

   24 маусым

   2017 жыл

          Болашаққа бағдар



Сергек сана, жаһандық жаңғыру - 

уақыт талабы

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті, 

Ұлт 

Көшбасшысы 



Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

"Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру" 

жөніндегі  мақаласы  қоғамға  ерекше 

серпін берді.

Еліміздің 

ақпарат 


құралдарында 

қарапайым еңбек адамдарынан бастап 

көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерлері, 

зиялы 


қауым 

өкілдері 

Елбасы 

мақаласына  үн  қосып,  келешекте  ұлт 



бағдары  қандай  болуы  керек,  ол  үшін 

қазірден  бастап  қандай  мәселелер 

қолға  алынуы  қажет,  осы  бағытта 

көптеген ұсыныс-пікірлер айтылуда. 

Әрине,  тәуелсіздік  алғаннан  бергі 

ширек  ғасыр  мерзім  ішінде  ұлттық 

идеологиямызды  дамытуда  қыруар 

істер атқарылғанын білеміз.

Сонау 

тәуелсіздіктің 



алғашқы 

жылдарынан  бастап  Елбасымыз  әр 

жылға  «Ауыл  жылы»,  «Мәдениет 

жылы»,  «Денсаулық  жылы»,  «Білім 

жылы»  деп  атау  беріп,  осы  орайда 

көптеген 

жұмыстар 

атқарылды. 

Халқымыздың  ұлы  тұлғалары  Абай, 

Мұхтар  Әуезов,  Қаныш  Сәтбаев, 

Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтердің 

мерейтойлары  ЮНЕСКО  деңгейінде 

өтті.  Қазақ  хандығының  550  жылдығы 

атап  өтілді.  Осы  жылдарда  көптеген 

көркем шығармалар жарық көріп, тарихи 

көркемфильмдер  түсірілді.  Осының 

бәрі  де  сөз  жоқ,    біздің  мемлекет 

болып 


қалыптасуымызға, 

ұлттық 


идеологиямыз негізінің қалануына, ұлт 

ретінде  санамыздың  серпілуіне  елеулі 

ықпалын  тигізді.  Сөйтіп,  қоғамның 

идеялық  бірлігін  нығайттық.  Кеңестік 

жүйедегі  сірескен  саясат  сынды, 

өзімізді ұлт ретінде сезіне бастадық.

Елбасымыз  тарихи  еңбегінде  қандай 

жағдай  болмасын  ұлттық  кодымыздың 

сақталуы  қажет  екендігін  еске  салып, 

олай болмайынша ісіміздің бәрі бекерге 

шығатынын еске салады. Мынау дүние 

күн сайын өзгеріп жатырған алмағайып 

заманда 

қайткенде 

ұлт 

болып 


сақталып  қалуымыз  керектігін  айтып 

отырған  Елбасымыздың  жанайқайы 

кеудесінде  намысы  бар  адамдарды 

енжар  қалдырмаса  керек.  Сондықтан 

да ұлттық кодымызды сақтап, болашақ 

ұрпағымызды шынайы патриоттық рухта 

тәрбиелеуді,  санамызды  сілкіндіріп, 

жаңа  бағытта  жаңғыруымызды  біз 

өзімізден бастауымыз керек. 

Біз  –  көпұлтты  мемлекетпіз.  Кезінде 

тағдыр  талайымен  әрқиырдан  келген 

діні, ділі, тілі, ұлттық ұстанымы, дүниеге 

деген  көзқарасы  әр  алуан  жұртты 

бір  шаңырақтың  астына  ұйыстырып 

ұстап  отыру  әрине,  оңай  шаруа  емес. 

Міне,  осы  орайда  Елбасымыздың 

ішкі  және  сыртқы  саясаттағы  мол 

тәжірибесінің, жанкешті жұмыстарының 

куәсі  болып,  оның  жемісін  де  көріп 

отырмыз.  Сондықтан  да  жер  иесі  мен 

ел  иесі  негізінен  қазақ  ұлты  екенін 

ескере  отырып,  өзара  бірлігімізді, 

ұлтаралық 

қарым-қатынасымызды 

нығайта  түскеніміз  абзал.  Еліміздегі 

саяси 


тұрақтылықты, 

халықтар 

арасында  бірлікті  қамтамасыз  етуде 

Елбасымыздың  тікелей  бастамасымен 

құрылған 

Қазақстан 

халқы 

ассамблеясының  рөлі  және  атқарып 



жатырған  жұмыстарының  маңызы  зор 

екенін ерекше айтуымыз керек. Мынау 

қилы-қилы кезеңдегі көпұлттылық – бұл 

да  бізге  тарих  сыйлаған  баға  жетпес 

байлық.

Мемлекет  басшысының  ішкі  және 



сыртқы 

саясатын 

жұртшылық 

арасында  жүзеге  асыруда,  елімізде 

татулық 

пен 


бірлікті 

нығайтуда 

қоғамдық келісім кеңестерінің белсенді 

түрде  жұмыстанып  келе  жатырғанын 

айтқанымыз 

жөн. 


Елбасымыздың 

мақаласында  қойылған  міндеттерді 

жүзеге  асыруда  да  қоғамдық 

келісім  кеңестернің  рөлі  ерекше 

болмақ. 

Сананы 


жаңғырту 

– 

ол 



Елбасымыз 

айтқандай, 

ескі 

әдеттерден  арылу.  «Дәстүрдің 



озығы бар, тозығы бар» дегендей, 

әсіресе,  жершілдік,  жүзшілдік, 

рушылдық, сыбайластық, тамыр-

таныстық  сынды  жат  әдеттер 

кейінгі  ұрпаққа  берілмеуі  керек. 

Сондай-ақ 

мансапқорлық, 

табысқа 


масаттанушылық, 

орынсыз  ысырапқорлық  сияқты 

келеңсіз 

құбылыстардан 

да 

біржола арылғанымыз жөн. 



Сонда  ғана  біздің  қоғамда 

Елбасымыз  айтқандай  кемел-

денген сана қалыптасады.  

Заңғар жазушымыз М.Әуезовтің 

«Ел  боламын  десең,    бесігіңді 

түзе»  деген  сөзі  бар.  Демек 

әр  адамның  туған  жеріне, 

ұлтына,  жалпы  Отанына  деген 

сүйіспеншілік 

тал 


бесіктен 

басталу керек. 

Ал  тал  бесік  –  біздің  әр-

қайсысымыздың туған ауылымыз, 

өскен ортамыз. Сондықтан ауылды 

өркендету яғни, ауыл мәдениетін 

жоғары  деңгейге  көтеру  ол  біз-

дің әрқайсысымыздың парасатты 

парызымыз, қасиетті борышымыз. 

Міне,  сананы  жаңғыртудың  ең  жарқын 

көріністерінің бірі де осы болмақ. 

Ой-санамызды  жаңғыртып,  ұлттық 

идеямызды, 

бағыт-бағдарымызды 

уақыт, заман талабына сай өркениетке 

жеткізу үшін не істеуіміз керек? 

Ол үшін құндылықтарымызды алыстан 

іздеп әуре болудың қажеті жоқ. 

Сонау 

Асан 


қайғыдан 

бастап 


абыздарымыз  бен  ақындарымыздың, 

көсемдеріміз  бен  шешендеріміздің 

нақыл сөздері, халықтың ауыз әдебиеті, 

ұлтымыздың  мақал-мәтелдері,  жұм-

бақ,  жаңылтпаштары  баға  жетпес 

байлық,  таусылмас  қазына.  Осыны 

тек  әрқайсысымыз  бесіктен  бастап 

сәбилеріміздің 

құлағына 

құйып, 


саналарына  сіңіруіміз  керек.  Сонда 

ғана 


мемлекет 

басшысы 


айтып 

отырғандай сана да жаңғырады, ұлттық 

болмысымыз да қалыптасады. 

Сананы  жаңғырту,  ол  –  құқықтық 

мемлекет  болып  қалыптасуымыздың 

басты 


нысаны 

болмақ. 


Жалпы 

жадымызды,  санамызды,  ой-өрісімізді 

құқықтық 

негізде 


дамытпайынша, 

біз  жаңа  дәуірдің,  жаңа  заманның 

толыққанды  адамы  бола  алмаймыз. 

Себебі ең дамыған, ең демократиялық 

елдер  ғана  құқықтық  жүйемен  өмір 

сүреді. 


Елбасымыздың  мақаласында  айтыл-

ғандай,  ашық  сана,  ашық  қоғам 

қалыптастырудың да бастауы осындай 

өрелі істерден басталса керек. 

Осыдан 

төрт 


жыл 

бұрын 


Елбасымыздың  «Халық  –  тарих 

толқынында» деген еңбегі жарық көрген 

болатын.  Бүгінгі  көтеріліп  жатырған 

мәселелер  сол  кезде  Елбасымыздың 

қойған  өзекті  міндеттерінің  заңды 

жалғасы дер едік. 

Қасиетті  Нарынның  қойнауындағы 

Жаңақала  өңірінде  де  іс  Елбасымыз-

дың  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы 

және  жоғарыда  аталған  еңбегі  жарық 

көргеннен  бастап  қолға  алынған 

болатын. 

Исатай  мен  Махамбет  бастаған 

Тастөбе  шайқасының  175  жылдығына 

орайластырылып,  аудан  орталығынан 

зәулім  кешен  бой  көтерді.  Сөйтіп 

өзгелер түгілі өзіміз ұмытып, санамызда 

көмескілене 

бастаған 

Тастөбе 


шайқасындағы  бабаларымыздың  ерлік 

істері  қайта  жаңғырып,  олардың  рухы 

асқақтай түсті. 

Сонау,  өткен  ғасырдың  отызыншы 

жылдарындағы  ойран,  одан  кейін  де 

жалғасқан қуғын-сүргін құрбандарының 

ұрпақтары әлі де арамызда жүр. Арада 

қанша  жыл  өтсе  де,  сол  бір  сұрапыл 

кезеңнің  зардабы  санадан  өшпек 

емес.  Ендеше  саяси  қуғын-сүргін 

құрбандарына арналып қойылған және 

Бөкей  көшін  еске  түсірерлік  белгілер 

де  жас  ұрпақтың  туған  елінің  тарихын 

білуіне септігін тигізеріне күмән жоқ. 

Жаңақала  –  әлемге  аты  танылған 

күйшілердің 

кіндік 

қаны 


тамған 

атамекені.

Күй  алыптары  Құрманғазы,  Дина, 

Мәмен,  республикадағы  ұлы  күйшінің 

есімін  алған  академиялық  халық 

аспаптар оркестрінің негізін қалағандар 

Қали, Оқап бабаларымызға, қазақ өнерін, 

ұлттық оркестрді дүние жүзіне танытқан 

Шамғон,  бүкіл  саналы  ғұмырын  киелі 

өнер ұжымының қабырғасында өткізген 

Тұяқ  сынды  саңлақтарға  тұрғызылған 

ескерткіштердің де маңызы зор. 

Өңірімізге 

іс-сапары 

кезінде 

халқымыздың  ұлы  перзенті,  халық 

жазушысы Әбіш аға Кекілбаев алыптар 

бейнесіне бас иіп тұрып «Күй астанасы 

-  Жаңақала»  деген  болатын.  Бұл  күй 

өнеріне,  алыптар  мекеніне  берілген 

тарихи баға болды. 

Ұлы  Отан  соғысы  тарих  бедерінде 

жиырмасыншы 

ғасырдың 

қасіреті 

болып мәңгі қалмақ. 

Осы ғазауат майданда ерлік көрсеткен 

төрт бірдей батырымыздың ұлықталып, 

олардың  ескерткіштерінің  көтерілуі  де 

туған елдің тарихын қасиеттеудің үлгісі 

болмақ.  Азалы  ана  бейнесі  туралы  да 

осыны айтамыз. 

Ал 

аудан 


орталығынан 

Даңқ 


саябағының  ашылуы  ерен  еңбектің 

ескерілуі 

болса, 

Тәуелсіздік 



монументінің 

бой 


көтеруі 

ел 


тәуелсіздігінің 

асқақ 


бейнесін 

ұлықтайды.

Осы  тәуелсіздік  жылдары  аудан 

жөнінде  екі  дүркін  тарихи-танымдық 

анықтамалық жарық көріп, өткен жылы 

баспадан 

аудан 

энциклопедиясы 



шықты. 

«Жасампаз  жылдар  жаңғырығы», 

«Жаралы  жылдар  жаңғырығы»,  үш 

томдық  «Қамыс-Самар  –  Жаңақала: 

өткені  мен  бүгіні»  атты  тарихи-

танымдық 

кітабы 

жинақтары, 



мектеп  оқушыларының  тырнақалды 

туындыларынан 

құралған 

«Қанат 


қақты» жинағы, бәрі де ауданның 

тарихи  шежіресін  –  өмір  дерегін 

баяндайды.  Ауданның  барлық 

округтерінде 

және 

аудан 


орталығында 

мұражайлар 

ашылды.  Бұл  істер  әлі  де 

жалғастыруды қажет етеді. Аудан 

орталығында  ашылған  «Рухани 

орталықтың»   да мәні зор болғанын, 

сонымен  бірге  Елбасымыздың 

«Мәдени  мұра»  бағдарламасы 

бойынша  Пятимар,  Қызылоба 

мәдениет  үйлерінің  жөнделгенін, 

7  кітапхананың  модельдік  жүйеге 

көшкенін айтқанымыз абзал. 

Қазақта  «Өлі  риза  болмай, 

тірі  байымайды»  деген  сөз  бар. 

Ауданымызда  дүниеден  озған 

соғыс  және  еңбек  ардагерлері, 

мәдениет 

майталмандарының 

үйлеріне  қойылған  ескерткіш 

тақталарының тәрбиелік мәні бар 

екендігін айтқанымыз жөн. 

Осы  тәуелсіздік  жылдарында 

ауданда мешіт бой көтеріп, алғаш 

рет медресе ашылды. Осы орайда 

белгілі  өлкетанушы  Мұратбек 

қажы  Жақатовтың  «Құлпытастар 

сөйлейді» 

атты 


кітабының 

тарихи-танымдық  рөлінің  ерекше 

болғанын айтқанымыз жөн. 

Осындай 


сүбелі 

еңбектің 

нәтижесінде аудан өңірінен тарихи 

тұлғалардың  жерленген  орындары, 

бастарына  қойған  белгілері  табылып, 

аудан  шежіресі  тың  деректермен 

толығуда. 

Әрине  замана  жүгі  жеңіл  емес. 

Сондықтан  да  ұлы  көштен  қалмай, 

Елбасы  қойған  міндеттерге  жүрдім- 

бардым  қарамай,  оның  орындалуына 

бір  кісідей  атсалысуымыз  керек 

деймін. 

Елбасы мақаласының қоғамда ерекше 

ықыласпен қабылданғанын айтқанымыз 

жөн.  Ауданда  құрылған  жұмыс  тобы 

барлық  ауылдық  округтерде  болып, 

мақаланың 

мазмұнын, 

міндетін 

жұртшылыққа түсіндірді.

Жоғарыда  айтқанымдай,  осы  кезге 

дейін  барлық  ауылдық  округтерде, 

мектептерде 

мұражай 

ашылса, 


Елбасымыздың 

мақаласындағы 

тапсырмаларға 

сәйкес 


ауданда 

биылғы 


жыл 

«Өлкетану 

жылы» 

болып 


жарияланды. 

Сондай-ақ 

аудан  орталығынан  арнайы  орын 

беріліп,  білім  саласының  мұражайы 

жабдықталуда. Өлкеміздегі Жәңгір хан 

мектебінен  кейінгі  байырғы  оқу  орыны 

–  қазіргі  Кеңестер  Одағының  батыры 

Мәжит  Жүнісов  атындағы  мектептің 

150  жылдығына  дайындық  та  қызу 

жүргізілуде. 

Осы істердің бәрі де ауданның өкілетті, 

атқарушы органдары, қоғамдық келісім 

кеңесі, басқа да қоғамдық ұйымдармен 

бірлесе отырып атқарылуда. 

Келешектегі мақсат – рухани орындар 

мен  мектептерде,  қалың  жұртшылық 

арасында  дөңгелек  үстелдер  өткізіп, 

көрнекі үгітті жақсартып, Елбасымыздың 

тарихи  еңбегін  жұртшылық  санасына 

зерделеу және іс жүзіне асыру. 

Мұндай  мүмкіндік  тарихта  қайталана 

бермейді. Сондықтан да уақыт, Елбасы 

берген 

мүмкіндікті 



пайдаланып, 

өркениетті  дәуірге  ескі  қағидаттардан 

арылып, 

санамызды 

жаңаша 

қалыптастырып,  дамыған  елдермен 



терезі тең мемлекет болып барғанымыз 

жөн.


Закария СиСЕНҒАли,  

аудандық мәслихат 

хатшысы, аудандық 

қоғамдық келісім 

кеңесінің төрағасы.

Қазақстан 

Республикасы 

мемлекеттік 

қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  Батыс  Қазақстан 

облысы  бойынша  департаменті,  Қазақстан 

Республикасының «Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік  қызметі  туралы»  Заңының  51-

бабына  сәйкес,    егер  мүдделер  қақтығысы 

орын  алған  болса,  мемлекеттiк  қызметшiнің 

лауазымдық  міндеттерін  жүзеге  асыруына 

тыйым  салынатындығын  барша  тұрғындардың 

назарына  салады  (мүдделер  қақтығысы  деп 



–  мемлекеттік  қызметшінің  жеке  басының 

мүдделері  өзінің  лауазымдық  өкілеттіктерін 

орындамауына  немесе  тиісінше  орындамауына 

әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік 

қызметшінің  жеке  басының  мүдделері  мен 

оның  лауазымдық  өкілеттіктері  арасындағы 

қайшылық танылады)

Егер,  сіз  мемлекеттік  қызметшілер  тарапынан 

мүдделер  қақтығысына  жол  беру  фактісіне 

кезіксеңіз  немесе  оған  куәгер  болсаңыз,  сондай 

ақ  осы  бойынша  толық  мәлімет  алғыңыз  келсе, 

мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бойынша  уәкілетті 

органға  келесі  байланыс  нөмірлері  арқылы 

хабарласуға болады: 

8 (7112) 50-46-38, 50-41-18, 50-99-75.

азаматтардың назарына!



   24 маусым

   2017 жыл

   Мәселе

несие - қарыз, 

қайтару - парыз

Басқаны 


қайдам, 

өз 


басым 

бабаларымыздың 

даналығына, айтқыштығына 

қай  кезде  де  тәнті  болып 

отырамын. Қараңызшы, осы 

қарыз жөнінде «Қарыз күліп 

барып,  жылап  қайтады» 

дейді.  Не  деген  астарлы 

сөз, 

дәлелдеуді 



қажет 

етпейтін  шынайы  шындық! 

Расында,  қарыз  алушы 

қиын  жағдайына  қайғырып, 

өзінің мұқтаждығына налып, 

қайтарудың жауапкершілігін 

ойлап  жылап  келмейді, 

бір  саусағын  ішіне 

бүгіп,  қайткенде  де 

сұрағанын  алудың 

амалын  ойлап,  іші-

баурыңа кіріп, күліп 

келеді.  Хош  делік. 

Қарызын қайтаруға 

келгенде  алғысын 

айтып,  уақытында 

әкеліп, құтылғанына 

қуанып  күліп  келе 

ме? 

Жоқ! 


Қырық 

сылтау  айтып,  жоқ  деп 

өтірік  мүсәпірлік  таны-

тып,  қарызын  қайтарудан 

қашқақтап,  өтірік  жылап, 

қарыз  берушіні  қайдан 

бердімге  түсіріп,  жүйкесін 

құртып бітеді.

Енді  мәселенің  мәнісі 

– 

несие 



қайтарымына 

келелік.  Несие  де  –  қарыз. 

«Алаған  қолым  береген» 

дегендей,  керегінде  өз 

еркіңмен  саналы  түрде 

алған қарызыңды қайтаруың 

керек. Өкінішке орай, несие 

аларда  соншама  асығып, 

керек 

құжаттың 



бәрін 

түгендеп,  жарғақ  құлағы 

жастыққа  тимей  жүгіретін 

жерлестеріміз 

қайтаруға 

келгенде  кежегесі  кейін 

тартып, 

керенауланып 

қала  қояды.  Олай  етуінің 

де  бірнеше  себебі  бар. 

Алдымен,  алған  несиені 

мақсатты 

пайдаланып, 

бизнес  жоспарын  мүлтіксіз 

жүзеге асыруға, сол арқылы 

мақсатына жетіп, шаруасын 

түзеп  алуға  ұмтылмайды. 

Алған  қаржы  оңды-солды 

жұмсалып  кетіп,  жағдайы 

бұрынғы  күйінде  қалады. 

Несие аларда оның сұрауы 

барын, ол қаржымен жұмыс 

жасауға  өзінің  қабілет-

қарымы 


жетер-жетпесін 

санамен 


сараламау, 

е р т е ң і н е 

б о л ж а м 

жасамау  немесе  «қолы 

көтере алмайтын шоқпарды 

беліне байлау» деген осы.

Екіншіден, 

қарызды 


қайтару 

жауапкершілігін 

сезінбейді. 

Сезінбегені 

сол,  2012  жылы  аудан 

бойынша 


құрылған 

57 


несие серіктестігі үкіметтен 

382800  мың  теңге  несиені 

бес жыл мерзімге алған еді. 

Уақыттан  жүйрік  не  бар? 

Көзді  ашып-жұмғанша  бес 

жыл  да  өте  шықты.  Жоқ, 

несие  серіктестіктері  қым-

қуыт шаруамен жүріп несие 

алғандарын  ұмытып  не 

өтеуге мұрса таппай қалған 

жоқ. Өйткені бес жыл бойы 

несие 


қайтарымының 

мардымсыздығын біз үзбей 

жазумен,  естеріне  салумен 

келеміз.  Оларда  қарызды 

қайтаруға  құлық  болған 

жоқ.  Оған  дәлеліміз  –  2012 

жылы несие алған 57 несие 

серіктестігінің күні бүгін 47-

сі үкіметке 268190310 теңге 

берешек  болып  отыр.  Атап 

айтсақ,  «Лесов  И.Р»  несие 

серіктестігі  күні  бүгінге 

16902238  теңге,  «Шакрат 

Ж» 


несие 

серіктестігі 

16105437  теңге,  «Жұбан-

5» 


несие 

серіктестігі 

15250160  теңге,  «Болашақ 

Ж»  несие  серіктестігі 

12243878 теңге несие 

қарызын  қайтармай 

жүр. 

Берешегі 



бар  47  несие 

серіктестіктерін 

тізіп жазуды жөн 

көрмедік, 

тек 

қарызы көптерін 



ғана 

атадық. 


Бірақ,  қарыздың 

бәрі 


қарыз. 

Алғасын  қайтару 

керек.  Қайтарымы 

мерзімінен 

асса, 

өсім  есептелетінін  де 



естен шығармау керек. 

Несие берген банк алдына 

жылап 

келіп, 


кешірім 

сұраса, атасының да құнын 

кешетін  қазақ  емес.  Банк 

қарызын  қалай  болса  да 

өндіріп  алады.  Дүниесін, 

мал-мүлкін 

тәркілейді, 

басқа да әкімшілік шаралар 

алуға құқылы. Айтқандай-ақ 

несие қарызын қайтармаған 

47  несие  серіктестігінің  32-

інің  ісін  заңды  шара  алу 

үшін  сотқа  жолдаған  екен. 

Облыстық 

экономикалық 

сот  судьялары  22  маусым 

күні  ауданға  келіп,  істі 

қарауға тиіс. Оның шешімін 

кейін жариялай жатармыз.

Сондықтан, 

алған 

несие 


қарызын 

өсім 


ойнатып  қордаландырмай 

қайтарғаныңыз 

абзал, 

жерлестер.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал