Семинар тақырыбы: Оқыту әдістері. Оқыту әдістерін жіктеу немесе классификациялау. Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін жіктеу



жүктеу 21.09 Kb.
бет1/2
Дата10.05.2022
өлшемі21.09 Kb.
#19600
түріСеминар
  1   2
Семинар та ырыбы О ыту дістері. О ыту дістерін жіктеу немесе

12 семинар тақырыбы: Оқыту әдістері.


1.Оқыту әдістерін жіктеу немесе классификациялау.


2.Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін жіктеу.


3. Оқытудың бағдарламаланған әдістері.
1.Қазіргі уақытта оқыту әдістерінің оншақты классификациясы бар. Білім көзін жалпы белгі ретінде алып оқыту әдістерінің классификациясы жасалған. Бұрыннан келе жатқан басты көздердің саны үшеу болды: практика, көрнекілік, сөз. Мәдениет прогресінің барысында оған тағы біреу – кітап қосылды, ал соңғы жылдары қағазсыз ақпарат көзі – жаңа компьютер жүйелерімен қоса видео қосылды. Бұл классификацияда бес жалпы әдіс бөлінеді: практикалық, көрнекілік, сөздік, кітаппен жұмыс, видеоәдіс. Бұлардың әрбіреуі әр түрлі модификацияда /түрін өзгерте алады/ бола алады.


Орнына немесе негізгі дидактикалық мақсатына қарай әдістердің классификациясы. Классификацияның жалпы белгісі ретінде сабақтағы бірізділікті кезеңдер және сонда орындалатын мақсаттар болады. Соған орай мына әдістер бөлінеді: а) білім алу; б) іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; в) білімді қолдану; г) шығармашылық іс-әрекет; д) бекіту; е) білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру.


Танымдық іс-әрекет типіне қарай әдістердің классификациясы: түсіндірмелі – иллюстративтік; репродуктивтік /қайталап айту/; проблемдік баяндау; бөліктік-іздеушілік /эвристикалық/; зерттеушілік.


Оқушылардың белсенділігінің дәрежесіне қарай классификация: белсенді және пассивті оқыту әдістері.


Дидактикалық мақсатына қарай оқыту әдістерінің екі тобы бөлінеді: оқу материалын бастапқы меңгертуге әсер ететін әдістер және алынған білімді бекітетін және жетілдіретін әдістер. Бірінші топқа жататындар: ақпараттық-дамытушылық әдістер /мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, кітаппен жұмыс/; оқытудың эвристикалық әдістері /эвристикалық әңгіме, зерттеушілік әдіс/. Екінші топқа жататындар: жаттығулар /үлгі бойынша, түсіндіріліп отыратын жаттығулар, вариативті жаттығулар т.б./.


Ю.К.Бабанскийдің классификациясы бойынша оқыту әдістері үлкен үш топқа бөлінген: оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың және жүзеге асырудың әдістері; оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандырудың және себептендірудің әдістері; қадағалаудың және өзін-өзі қадағалаудың әдістері.


2.Мұнда мынадай оқу әдістері бөлінеді: түсіндірмелі-иллюстративтік ақпараттық-рецептивтік (қабылдау) әдіс. Оны сипаттайтын белгілер:



  • Оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады;







  • Оқушылар білімді қабылдауды /рецепция/ және ұғынуды жүзеге асырады, оларды өзінің есінде қалдырады.



Рецепция /қабылдау/ кезінде ақпараттың бүкіл көздері /сөз, көрнекілік және т.б./ қолданылады, баяндаудың логикасы индуктивтік және дедуктивтік жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Репродуктивтік (қайтадан айту) әдіс мынадай белгілерге ие:



  • Оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады;







  • Оқушылар білімді саналы меңгереді, оларды түсінеді және еске сақтайды. Меңгергеннің өлшемі – білімді дұрыс қайта айту /репродукциялау/ қажетті берік меңгергендік білімді көптеп қайталау жолымен қамтамасыз етіледі.



Бұл әдістің артықшылығы – үнемділігінде. Ол аз уақыттың ішінде көп көлемді білімді, іскерлік пен дағдыны оқушыларға бере алады. Дегенмен, репродуктивтік әдіс басқа оқыту әдістерімен ұштастырылғаны дұрыс.
Проблемалық баяндау әдісі – орындаушылықтан шығармашылық іс-әрекетке өтпелі болады. Оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар өздігінен проблемдік міндеттерді шешуге әлдері келмейді, сондықтан мұғалім проблеманы зерттеудің жолын көрсетеді, ол үшін оның шешімін бастан аяғына шейін баяндайды. Оқытудың мұндай әдісінде оқушылар қатысушы емес, тек бақылаушылар ғана, бірақта олар танымдық қиыншылықты шешуге байланысты жақсы сабақ алады.



жүктеу 21.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет