Семинар 15 ожсөЖ 15 СӨЖ 15 Барлығы 90



жүктеу 1.03 Mb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата23.05.2017
өлшемі1.03 Mb.
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 

 

 



 

            

 

 

 



 

Филология  факультеті  



Қазақ филологиясы    кафедрасы 

050205 «Қазақ  тілі  мен əдебиеті» мамандығы   

бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын 

сырттай оқу  бөлім  студенттеріне арналған 



 

«Қазіргі қазақ тілі. Лексикология» 

(пəннің атауы) 



ПƏНіНІҢ ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ  

 

Курс – 2 



Кредит – 2 

Семестр – 3 

Дəріс – 15 

Семинар - 15 

ОЖСӨЖ – 15 

СӨЖ – 15 

Барлығы – 90 

 

 



 

 

 



                                                   

 

 



 

Орал, 2012ж. 

 

1.  «Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы.»  пəні  бойынша  оқу 

бағдарламасы - SYLLABUS 

  

2011-2012  оқу  жылы,  3-семестр,  2  кредит.  Қазақ  тілі  мен  əдебиеті 



мамандығының  3-курс  студенттері  үшін  кредиттік  оқыту  технологиясы 

бойынша «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология » пəнінен оқу-əдістемелік кешен.  

ҚР МЖМБС №3.08.017-2007   жылы   Абай атындағы ҚазҰПУ   дайындаған 

жоғары оқу орындарына арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылды  

жəне  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  04.08.2004  жылғы  №  528 

бұйрығымен бекітілген типтік бағдарлама негізінде жасалған.  

 

Құрастырушы    ______    ф.ғ.к.,    доцент  Ұ.Р.Ержанова.–  қазақ 



филологиясы    кафедрасының  доценті,  филология  ғылымының  кандидаты. 

Кафедрада болатын уақыты  9 -17 сағ. 

 

 

Қазақ филологиясы  кафедрасының отырысында қарастырылды. 



15.10.2011 ж. №  3 хаттама. 

Филологиялық  факультетінің  оқу-əдістемелік  кеңесінің  отырысында 

бекітілді. 

17.10.2011ж.  № 3  хаттама. 



 

 

                 Пайдалану  үшін  басшылыққа  алынатын   материалдар: 

«Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы»  пəнінің  оқу-  əдістемелік    кешеніне  

сырттай  оқу  бөлімінің   студенттерін   қашықтан   оқыту  үшін  төмендегідей  

материалдар  кіреді: 

 

1.Оқу бағдарламасы – SYLLABUS 



 «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» курсының  жұмыс   бағдарламасы.  

2. Бағдарлама  бойынша  лекциялар.   

3.Өзін-  өзі    тексеру    сұрақтары,    емтиханға    даярлық    үшін      берілген  

тапсырмаларды  орындау  үшін   методикалық   нұсқаулар.   

 

                                        Жүйелік  талаптар. 



Оқу-  əдістемелік      кешенмен      тиімді      жұмыс      жасау    үшін      компьютер   

төмендегідей   талаптарға  жауап  беруі  тиіс:  

 Операциялық      жүйе    MS  Windows  /2000/XP/;  процессор  166  МГц;  128  Мб 

оперативті    есте    сақтау    ;    оқу    үшін    құралдар      DVD-дисков;    дыбыс  

картасы  ; «мышь». Браузер: Internet Explorer, Opera. 

Құжаттар   тілі : HTML. 



1.  Оқытушы туралы мəлімет 

Ф.ғ.к. доцент   Ұлдай  Рсқалиқызы  Ержанова 

Байланыс телефоны : ж/т. -  ү/т.  26-21-95; 

Бас ғимарат, 4 қабат, 409 дəрісхана  

Кафедрада болатын уақыты: 9.00. – 17.00. 

Электронды пошта: uldayerganova@mail.ru                                                  

   

2. Пəн туралы мəлімет:    

Атауы:   «Қазіргі  қазақ  тілі  лексикологиясы»       

Кредит саны: 2. 

 «Қазіргі  қазақ  тілі     лексикологиясы» пəні  

    сырттай  оқу  бөлімінде де 2  кредит.  Семестр 4 оқу аптасынан жəне 2 апта 

сессиядан  тұрады.  Бір  аптада  1  кредит  сағат  саны,  əр  кредит  сағат  саны 

(дəріс,  практика)  екі  байланыс  сағаттан  жəне  1  сағат  СӨЖ,  1  ОЖСӨЖ 

тұрады.  



Лексикология

 

пəні  – 


жоғары 

оқу 


орындарында  филология 

мамандықтарына  оқытылып  жүрген  негігі  пəн.  «Қазіргі  қазақ  тілінің»  

лексикология   пəнінің оқу-əдістемелік кешені Қазақстан Республикасы Білім 

жəне  ғылым  министрлігі  ҚазМУ  (Алматы,  2005)  даярлаған  филология 

факультеттеріне арналған типтік бағдарламалар негізінде жасалды. 

 


 

«Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы»  оқу-əдістемелік  кешенінде 

лексикологияның  тіл  білімінің  бір  саласы  болып  табылатындығы  оның 

объектісі,  салалары,  сөздердің  мағынасы,  шығу  термині,  стильдік  мəні  мен 

сипаты,  қазіргі  қазақ  тілі  лексикасының  шығу  арналары,  сөздік  қор  мен 

сөздік  құрам,  лексикография  мəселелері  айтылған.  Фразеологизм  туралы 

түсінік,  зерттеулу  тарихы  белгілері,  мағыналары,  функциясы,  варианттары, 

қолданысы берілген. 

 

Оқу-əдістемелік  кешенде  «Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы» 



курсының  оқу  бағдарламасы,  тақырыптық  жоспары,  студенттердің  өздік 

жұмыс  тапсырмалары,  алған  білімін  тексеруге  арналып  құрастырылған  тест 

тапсырмалары,  жазба  жұмыстардың  тақырыптары  жəне  емтихан  сұрақтары 

берілген. 



 

«Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы»  оқу-əдістемелік  кешенінде 

лексикологияның  тіл  білімінің  бір  саласы  болып  табылатындығы  оның 

объектісі,  салалары,  сөздердің  мағынасы,  шығу  термині,  стильдік  мəні  мен 

сипаты,  қазіргі  қазақ  тілі  лексикасының  шығу  арналары,  сөздік  қор  мен 

сөздік  құрам,  лексикография  мəселелері  айтылған.  Фразеологизм  туралы 

түсінік,  зерттеулу  тарихы  белгілері,  мағыналары,  функциясы,  варианттары, 

қолданысы берілген. 

 

Оқу-əдістемелік  кешенде  «Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы» 



курсының  оқу  бағдарламасы,  тақырыптық  жоспары,  студенттердің  өздік 

жұмыс  тапсырмалары,  алған  білімін  тексеруге  арналып  құрастырылған  тест 

тапсырмалары,  жазба  жұмыстардың  тақырыптары  жəне  емтихан  сұрақтары 

берілген. 

      -барлық  материалдарды  ғылыми негізде  түсіндіру; 

-   студенттердің  төменгі  курстарда  алған  білімдерін  теориялық  жақтан 

кеңейту; 

-   Лексикологияны  негізгі  объектілерінің  мəнін  ашып,  оларды  бір-

бірінен ажырата білуге дағдыландыру; 

  Курстың мақсаты   –  Лексика (немесе сөздік құрам) жөніндегі түсінік. 

Сөздер  мен  тұрақты  тіркестер  тілдің  лексикасын  құрастыратын  негізгі 

бөлшектер.  Лексикология  қарастыратын  негізгі  мəселелер  –  сөздің 

лексикалық  жүйеде  алатын  орны,  лексикалық  мағына,  сөздің  пайда  болу, 

даму,  қалыптасу  заңдылықтары,  жасалуы  мен  шығу  тегі,  қарым-қатынас 

кезіндегі қолданылу қабілеттілігі, функциялық қызметінің аясы мен шеңбері, 

эмоциялық-стильдік сипаты, тағы басқалар. Тілдің басты элементі саналатын 

сөздің  əр  салаларында  əр  қырынан қарастырылатындығы.  Лексикологияның 

өз  тілінен  бірнеше  салаға  бөлінетіндігі.  Семасиология,  ономасиология, 

ономастика,  фразеология,  лексикография,  лексикалық  стилистика,  тарихи 

лексикология,  этимология  туралы  қысқаша  мағлұмат.  Қазіргі  қазақ  тілі 

лексикологиясының зерттелуі.  

Сөздің  анықтамасы.  Сөздің  формалары.  Сөздік  форма.  Омоформалар. 

Омофондар.  Омографтар.  Тұрақты  тіркестер.  Сөздің  мазмұны.  Лексикалық 

мағына,  грамматикалық  мағына,  эмоционалды-экспрессивтік  мағына, 


контекстік-стилистикалық  мағына,  тақырыптық-семантикалық  мағына, 

коннотациялық  мағына  тағы  басқалар  сөздің  мазмұнын  құрайтындығы. 

Лексикалық-семантикалық  жүйе  туралы  түсінік.  Парадигмалық  мағына. 

Синтагмалық  мағына.  Денотаттық  мағына.  Сигнификаттық  мағына. 

Коннотациялық  мағына.  Сөз  мағынасының  кеңеюі.  Сөз  мағынасының 

тарылуы. Сөз мағынасының өзгеруі, ауыспалы мағынада қоданылу себептері. 

Сөздердің  мағыналық  қатынасына  қарай  жіктелуі.  Қазіргі  қазақ  тілі 

лексикасының шығу арналары. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мəні 

жəне қолдану шеңбері. Лексикография.       

 

Практикалық сабақтардың əдістемелік өту барысы: 

Оқыту  негізінен  негізгі  оқу  материалдарын  түсіндіретін  жəне  тəжірибелік 

дағдыларды    қалыптастыратын  практикалық  сабақтар  түрінде  өтеді. 

Студенттердің  білімін  тексеру  ауызша  жəне  жазбаша  жаттығулар,  тест 

жұмыстары жəне жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру 

ретінде  болады.  Студенттердің  білім  кемшіліктерін  жою  үшін  алдын-ала 

белгіленген кесте бойынша əр апта сайын кеңестер жүргізіледі.  

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті 

жəне  барлық  студенттер  үшін  міндетті.  Əрбір  оқытушы  студенттерге  сабақ 

барысында тəртіп ережелерін, оқытушымен жəне басқа студенттермен өзара 

қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді

.

 



Студенттерге қойылатын талаптар:

 

Курс бойынша жоғары балл алу үшін əрдайым жұмыстану қажет. Себебі 

пəн  бойынша  баға  жалпы  семестр  бойы  жинақталады.  Сабаққа  белсенді 

қатысып,  барлық  тапсырмаларды  нақты,  дұрыс,  ұқыпты,  толық  орындаған 

жағдайда  студентке  жоғары  баға  қойылады.  Студент  əрбір  кредит  сағат 

бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пəн 

бойынша білімді бағалау жəне апталық тақырыптық кесте бойынша) 

1. Сабаққа қатысу 

 

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пəннің оқу-



əдістемелік  кешенінде  көрсетілгендей  толық  көлемде  орындалу  қажет. 

Пəннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. 

2. Аудиториядағы тəртіп: 

Студент  сабаққа  кешікпеу,  сабақ  уақытында  сөйлеспеу,  газет  оқымау, 

ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет. 

3. Үй тапсырмасы 

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. 

Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады. 

4. Жеке тапсырмалар 

Семестрлік  жеке  тапсырмалар  міндетті  болып  табылады.  Олар  реферат 

(баяндама,  хабарлама 

т.б.) 


ретінде  орындалып,  қорғалады. 

Бұл 


тапсырмалардың  əрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады. 

5. Бақылау жұмысы. 



Бақылау  жұмысы  сабақ  уақытында  орындалып,  тапсырылады. 

Студенттердің  білімін  бақылау  негізінен  тест  тапсырмаларын  орындату 

арқылы тексеріледі. 

6. Пікірлесу. Пікірлесу əр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің 

білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін. 

 

Постреквизиттері:  Алған  білімдерін  тілдің  басқа  салаларымен 

байланыстыра  білуде,  орта  мектепте  болашақта  «Қазақ  тілі»  пəнінен  сабақ 

беретін  мұғалім  лексикологияның  барлық  мəселелерін  түсіндіруде  жəне 

ғылыми мақала жазуда пайдалануға болады. 



 

- қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 

- қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы 

- қазіргі қазақ тілінің морфологиясы 

 

Пререквизиттер:    Пəнді  оқыту  барысында  студенттерге  сөздердің 

мағынасы,  шығу  термині,  стильдік  мəні  мен  сипаты,  қолдану  мүмкіншілігі 

туралы,  жалпы  айтқанда,  тілдің  лексикалық  жүйесі  жөнінде  жан-жақты 

мағлұмат  беру  көзделеді.  I  курс  студенттері  сонымен  қатар  оқу  процесінде 

қазіргі уақыттағы лексикологияның өзекті мəселелерінен де хабардар болуға 

тиіс.  Пəнді  терең  меңгеру  үшін  ғылымның  соңғы  жаңалықтарымен 

таныстырып отыруға да кең көңіл бөлінеді. Лексикология мəселелерін түсіне 

білу, реферат, мақала, курстық жəне дипломдық жұмыс жазуда қажетті тілдік 

материалдарды пайдалану.  

 

3. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы курсының жұмыс программасы 

–  

(SILLABUS) 

 

  

№1- дəріс 

Дəріс тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. 

Дəріс мазмұны:  

Жоспар: 

1) Қазақ тілі лексикология пəні, мақсат-міндеттері, зерттеу объектісі. 

2) Қазақ тілі лексикологиясының қалыптасуы, дамуы, тарихы, зерттелуі. 

3)  Лексикологияның  тіл  білімінің  фонетикасы  жəне  грамматикамен 

байланысы. 

4) Лексикологияның салалары. 

 Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  ғылыми  тұрғыдан  кең  түрде 

зерттеліп келеді. Жалпы, лексикология – сөз туралы ғылым. 

Лексикология – гректің “lexis” “Сөз” жəне “logos” – “ілім” деген сөздерінен 

жасалған термин. Сөз - өте күрделі тілдік категория. Сөздің сан-салалы 



қабаттары бар. Атап айтар болсақ мағыналық, дыбыстық жағы, шығу төркіні, 

даму тарихы, қолдану ерекшелігі, жасалу жолы, өзгеру жүйесі жəне басқа да 

жақтары сөздің күрделілігін аша түседі. 

Тілімізде  қанша  сөз  болса,  солардың  тұтас  жиынтығын  тіл  ғылымында 

лексика (грек сөзі – сөздік) немесе сөздік құрам деп атайды 

 

Əдебиеттер: Негізгі əдебиеттер: 

1.  Ə.Болғанбайұлы,  Ғ.Қалиұлы.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы. –Алматы, 2003.  

2.  І.Кеңесбаев,  Ғ.Мұсабаев.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лексика.  Фонетика.  –Алматы, 

1975. 


3. К.Аханов. Тіл  білімінің негіздері. –Алматы, 1993.  

4. М.Оразов. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы, 1991. 

5.  Ғ.Қалиев,  Н.Оралбаева,  Б.Қасымова,  Б.Шалабаев,  О.Төлегенов.  Қазіргі 

қазақ тілі (жаттығулар жинағы) –Алматы, 1997. 

6. Г.Смағұлова. Фразеологизмдердің варианттылығы. –Алматы, 1996. 

7. Б.Хасанов. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы.     –Алматы, 

1966. 

8. Л.Нұржекеева. Метонимияның лингвистикалық табиғаты.          –Алматы, 



1992. 

9.  Р.Барлыбаев.  Қазақ  тілінде  сөз  мағынасының  кеңеюі  мен  таралуы.  –

Алматы, 1968. 

10. Ə.Болғанбаев. Қазақ тіліндегі синонимдер. –Алматы, 1970. 

 

   

Семинар № 1 

Семинар тақырыбы:  Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. 

Семинар мазмұны:   Тілдің лексика – семантикалық жүйесі туралы мəселе, 

тілдік  единицалардың  ішінде  сөздің  алатын  орны,  сөзге  тəн  басты  белгілер, 

сөз  бен  ұғымның  арақатынасы,  сөздің  лексикалық  мағыналарының  түрлері, 

сөздік  лексикалық  жəне  грамматикалық  мағыналарының  ара  қатысы  жəне 

т.б. мəселелерді қарастырады. Ал нақты бір ғана тілдің лексикасы жəне оның 

ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. 

  

Əдебиеттер: Негізгі əдебиеттер: 

1.  Ə.Болғанбайұлы,  Ғ.Қалиұлы.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы. –Алматы, 2003.  

2.  І.Кеңесбаев,  Ғ.Мұсабаев.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лексика.  Фонетика.  –Алматы, 

1975. 

3. К.Аханов. Тіл  білімінің негіздері. –Алматы, 1993.  



4. М.Оразов. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы, 1991. 

5.  Ғ.Қалиев,  Н.Оралбаева,  Б.Қасымова,  Б.Шалабаев,  О.Төлегенов.  Қазіргі 

қазақ тілі (жаттығулар жинағы) –Алматы, 1997. 

6. Г.Смағұлова. Фразеологизмдердің варианттылығы. –Алматы, 1996. 



7. Б.Хасанов. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы.     –Алматы, 

1966. 


8. Л.Нұржекеева. Метонимияның лингвистикалық табиғаты.          –Алматы, 

1992. 


9.  Р.Барлыбаев.  Қазақ  тілінде  сөз  мағынасының  кеңеюі  мен  таралуы.  –

Алматы, 1968. 

10. Ə.Болғанбаев. Қазақ тіліндегі синонимдер. –Алматы, 1970. 

 

ӨЖСӨЖ мазмұны:

 

Лексикология – сөз туралы ғылым. 



 Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  ғылыми  тұрғыдан  кең  түрде  зерттеліп 

келеді. Жалпы,  

Лексикология  –  гректің  “lexis”  “Сөз”  жəне  “logos”  –  “ілім”  деген 

сөздерінен жасалған термин. Сөз - өте күрделі тілдік категория. Сөздің сан-

салалы қабаттары бар. Атап айтар болсақ мағыналық, дыбыстық жағы, шығу 

төркіні, даму тарихы, қолдану ерекшелігі, жасалу жолы, өзгеру жүйесі жəне 

басқа да жақтары сөздің күрделілігін аша түседі. 

СӨЖ  мазмұны:Тілімізде  қанша  сөз  болса,  солардың  тұтас  жиынтығын 

тіл ғылымында лексика (грек сөзі – сөздік) немесе сөздік құрам деп атайды. 

Қазақ  тілінің  негізгі  сөздік  қоры  мен  сөздік  құрамын,  оның  дамып, 

жетіліп,  баю  жолдарын,  сөздің  шығу  төркінін,  қолданылу  қабілеттілігін, 

күнделікті  қарым-қатынастағы  көрінісін,  сөздердің  экспрессивті  – 

эмоционалды  сипатын  жəне  сан  қырлы  стильдік  ерекшеліктері  мен 

қолданылу аясы туралы зерттейтін ғылымды лексикология дейміз. 

  

Əдебиеттер: Негізгі əдебиеттер: 

1.  Ə.Болғанбайұлы,  Ғ.Қалиұлы.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы. –Алматы, 2003.  

2.  І.Кеңесбаев,  Ғ.Мұсабаев.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лексика.  Фонетика.  –Алматы, 

1975. 


3. К.Аханов. Тіл  білімінің негіздері. –Алматы, 1993.  

4. М.Оразов. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы, 1991. 

5.  Ғ.Қалиев,  Н.Оралбаева,  Б.Қасымова,  Б.Шалабаев,  О.Төлегенов.  Қазіргі 

қазақ тілі (жаттығулар жинағы) –Алматы, 1997. 

6. Г.Смағұлова. Фразеологизмдердің варианттылығы. –Алматы, 1996. 

7. Б.Хасанов. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы.     –Алматы, 

1966. 

8. Л.Нұржекеева. Метонимияның лингвистикалық табиғаты.          –Алматы, 



1992. 

9.  Р.Барлыбаев.  Қазақ  тілінде  сөз  мағынасының  кеңеюі  мен  таралуы.  –

Алматы, 1968. 

10. Ə.Болғанбаев. Қазақ тіліндегі синонимдер. –Алматы, 1970. 



 

  

 

№2 дəріс 

Дəріс тақырыбы: Лексиканың семантикалық сипаты. 

 Дəріс мазмұны:Жоспар: 

1. Сөз – лексикалық бірлік. (единица) 

2. Сөзге берілген түрлі анықтамалар жайында. 

3. Сөз жəне оның мағынасы. Ұғым жəне сөз. 

4. Сөз жəне оған тəн белгілер. 

5. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. 

6. Сөздің ауыспалы мағынасы жəне оның берілу жолдары. 

Сөздің  лексикалық  мағынасы  –  белгіленуші  заттың  немесе  құбылыстың 

жиынтық бейнесі болып табылатын сөз мазмұны. 

Сөздің лексикалық ма,ынасы – коммуникацияда көрінетін 

мағыналарының жиынтығы мен валенттілігі қасиеттерінен тұратын күрделі 

тұрақты жасалым. 

Сөздің  көп  мағыналылығы  сөздің  лексикалық  мағынасының  алуан  түрлі 

болып ажыратылуына мүмкіндік береді. 

а)  Номинация  тəсілі  нəтижесінде  –  тура  жəне  ауыспалы  мағына  болады. 

Тура  жəне  негізгі  номинациялық  (атауыштық)  мағына  таңбаланушы  объект 

пен құбылысқа тікелей қатысты контекске тəуелді бола бермейді мыс, «қара» 

сөзі «көмір түсті» негізгі мағынасына ие. 

Ауыспалы  жəне  туынды  номинативті  мағына  түрлі  себептермен  бір 

құбылыстың атауын өзге құбылыс атауымен ауыстыруда көрінеді. Мыс: қара 

сөзі  «қапас,  қараңғы»,  «көңілсіз,  жайсыз,  солғын»,  «ауыр»,  «мұң,  зар»  жəне 

т.б. 


Контекст  (лат.  –  бірігу,  байланыс)  Kontext  –  Мəтін  үзіндісі,  бөлігі.  Ол 

құрамына енген бөлшектің мəнін анықтау үшін қажет. 

Валенттілік (лат. valentia - күш) – сөздің өзге элементтермен синтаксистік 

байланысқа түсу қабілеті. 

  

№ 2 семинар 

Семинар тақырыбы: Лексиканың семантикалық сипаты

 

Сөздің  лексикалық  мағынасы  дегеніміз  –  дыбыстық  комплекстің  ақиқат 



өмірдегі  құбылыстардың  бірімен  белгілі  бір  тілде  сөйлеуші  ұжым  арқылы 

белгіленген байланысы  болып  табылады.  Сөздің  тура, негізгі  мағынасы  мен 

ауыспалы  мағынасы  бір-бірімен  берік  байланыста  болады.  Сөздің  тура 

мағынасы  -–затпен  тікелей  бірліктегі  əрекет  пен  құбылысты,  адамның 

ойымен  байланысты  түсініктерді,  түйсікті  білдіретін  негізгі  мағынасы.  Ал 

сөздің ауыспалы – келтірінді мағынасы – сөздің əдеттегіден тыс, табиғи емес 

мағынасы.  Сөздердің  тура  негізгі  мағыналары  тұрақты  сөз  тіркестерінде  де 

бар.  Сөздердің  фразеологиялық  мағынасы  дегеніміз  –  фразеологиялық 

тұтастық, бірліктегі сөздердің лексикалық мағынасы. 

Сөздер лексикалық мағынамен қатар грамматикалық мағынаға да ие 

болатынын білеміз. Заттар мен құбылыстар тілдегі сөздерден тыс оларға 

тəуелсіз өмір сүреді, бірақ сөздер арқылы аталып, сөз мағынасы арқылы 



аңғарылады. Қандай да бір дыбыстық комплекстің белгілі бір мағынамен 

байланысы болады.  

 

  Негізгі əдебиеттер: 



1.  Ə.Болғанбайұлы,  Ғ.Қалиұлы.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы. –Алматы, 2003.  

2.  І.Кеңесбаев,  Ғ.Мұсабаев.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лексика.  Фонетика.  –Алматы, 

1975. 


3. К.Аханов. Тіл  білімінің негіздері. –Алматы, 1993.  

4. М.Оразов. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы, 1991. 

5.  Ғ.Қалиев,  Н.Оралбаева,  Б.Қасымова,  Б.Шалабаев,  О.Төлегенов.  Қазіргі 

қазақ тілі (жаттығулар жинағы) –Алматы, 1997. 

6. Г.Смағұлова. Фразеологизмдердің варианттылығы. –Алматы, 1996. 

7. Б.Хасанов. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы.     –Алматы, 

1966. 

8. Л.Нұржекеева. Метонимияның лингвистикалық табиғаты.          –Алматы, 



1992. 

9.  Р.Барлыбаев.  Қазақ  тілінде  сөз  мағынасының  кеңеюі  мен  таралуы.  –

Алматы, 1968. 

10. Ə.Болғанбаев. Қазақ тіліндегі синонимдер. –Алматы, 1970. 

 

ӨЖСӨЖ  мазмұны:

 

  Мағына  туралы  ойымызды  əрі  қарай 



жалғастыратын  болсақ,  мағына  –  сөздердің  ұғыммен  байланысты  мəн, 

мазмұны. Сөз мағынасы мен оның ұғымы тығыз байланысты болғанымен екі 

бөлек  құбылыс  болып  табылады.  Сөздің  ұғымы  тұтас,  дербес  болғанымен 

мағынасы  əлдеқайда  кең,  бірнешеу  болады.  Көпмағыналық  əрқашанда 

контекспен байланысты болып келеді.  

 

Көп  мағыналы  сөз  дара  ұғымның  емес,  өзара  байланысты  заттар  мен 



құбылыстардың  ұғымдарының  бүтіндей  тобының  өмір  сүруінің  формасы 

болып табылады. 

  

СӨЖ  мазмұны:    Жаттығу.  Диалект  сөздерді  тауып,  мағынасын 

ашыңыздар. 

 

1.  Қазіргі  жарық  түннің  тыныштығының  ортасында  Кеңөзек  ұйқыға 



кеткен  сұлудай  болымсыз  дымқыл  тұманмен  бусанып,  тыныс  алған  сияқты. 

2.  Өзек  бойына  шашырап  қонған  ақ  шұбар  ауылдан  əр  жерде,  тарғақтың, 

үйрек-қаздың  ұядағы  жұмыртқасындай  болып,  өзінше  бір  жарастықпен 

дөңгеленіп, үймелей отыр еді. 3. Ауылдардың көпшілігі жатқан. 4. Түңліктері 

жабылған  ақ  үйлер  ай  сəулесі  түсіп  маңқиып,  қара  үйлер  тұнжырай 

қарауытып,  түн  тыныштығына  бойсұнып  қалғығандай.  5.  Қотандағы  мал 

тегіс  жатқан  –  тегіс  қалғытқан  ұйқыда.  6.  Өзек  бойында  бір-біріне  сүйеу 

болғандай  болып,  анда-санда  даланы  жаңғыртып  айқайлаған  күзетшілердің 

айтағы  естілді.  7.  Əр  жерде  бірен-саран  иттер  үреді.  8.  Күзетші  сарылған 


дауыспен  дағдылы  айғайын  созып,  зорайтып  айтады.  9.  Ұйқы  түніндегі 

күзетші  айқай  тұманды  түс  көргендей  болып  қалғыған  Кеңөзекті  əлдилеп 

тербеткендей  еді.  10.  Күзетшінің  айтағы  ұйқыға,  тыныштыққа,  демалысқа 

шақырғандай болады. 

 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 1.03 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет