Сейсенбі №18 (9829) 26 сәуір 2016 жыл



жүктеу 492.73 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі492.73 Kb.
  1   2   3   4

Сейсенбі № 18 (9829)  26 сәуір 2016 жыл

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Іс-шаралар атауы



Өткізілетін уақыты

Шараның  өткізілетін  орны 

және нысаны

1

«Бірлігі  дәстүрге  ұласқан»  әдеби 



қонақжай (өзге ұлт өкілдерімен)

29 сәуір


Аудандық кітапхана

2

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 



мекеме қызметкерлері арасында көктемгі 

спартакиада (қол күресі,асық ату)

29 сәуір

С.Датұлы атындағы саябақ

3

Ауыл  командалары  арасында  шағын 



футболдан сайыс

29 сәуір


С.Датұлы атындағы саябақ

4

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі 



күніне орай «Мақсат бірлігі – рух бірлігі» 

тәрбие сағаты

30 сәуір 

Барлық кітапханада

5

Қазақстан халықтары бірлігі мерекесіне 



арналған салтанатты шаралар

1 мамыр


Барлық ауылдық округтерде

6

 



«Бірлігіміз 

жарасқан» 

атты  

оқушылардың флеш- мобы



1 мамыр

С.Датұлы атындағы саябақ

7

1  мамыр  –  Қазақстан  халықтарының 



бірлігі  күніне  арналған  мерекелік    шеру.  

«Халықтар  бірлігі  жасасын»  атты 

мерекелік концерт

1 мамыр


Аудан  орталығы,  мәдениет 

үйінің сыртқы сахнасы



Құрметті аудан тұрғындары!

Тәуелсіз  еліміздің  тарихында  1  мамыр  –  Қазақстан  халықтарының  бірлігі  күні 

мемлекеттік  мерекесі  ретінде  аталып  өтіп  келеді.  Бүгінгі  таңда  бұл  тамаша 

мейрам сан ғасырлар бойы қазақтың сайын даласын мекен еткен 130-дан аса ұлттар 

мен  ұлыстардың  ынтымағын  нығайтып,  арман  тілегін  бір  арнаға  тоғыстырған 

күшті  дәнекерлеуші  құралға  айналып  отыр.  Адамзаттық  келісімге  ұмтылу  әрбір 

қазақстандықтың жүрегінде жатыр. Қазақстанда адамдар мен әлеуметтік топтар, 

халықтар арасында қалыптасқан достық қатынастар қажеттілік және алға басудың 

маңызды  факторы  ретінде  жалпыұлттық  келісімді  айқындайтын  объективті 

жағдайлар жасалды. Қазақстан бүкіл әлем алдында тең құқылы ұлттардың тату-

тәтті отбасы ретінде көрінді. Талай ұлт пен ұлыстың басын қосып, этностар мен 

конфессиялар арасында түсіністік пен татулық орната білдік.

Ұлтаралық  келісімді  биік  дәрежеге  көтеруге  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

қосқан үлесі орасан зор. Бүгін Елордамыз Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 

XIV сессиясы өтуде. Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке 

бөлеген Ассамблеяның бұл сессиясы – бүкіл қазақстандықтардың игілігі жолындағы 

тағы бір жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау боларына сенеміз.

Биылғы жылы Егемен ел болғанымызға 25 жыл толғалы тұр. Тәуелсіздік – біздің 

барша жеңістеріміз бен табыстарымыздың бастауы. Осынау жылдар ішінде егемен 

еліміздің өсіп-өркендеу ісіне қазақстандықтардың қосқан үлесі ортақ. Қазір біз елімізді 

әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосу жөнінде алдымызға ұлы 

мақсат  қойдық.  Жүрегі  Қазақстан  деп  соққан  барлық  азаматтар  осы  ұлы  мұрат 

жолында  тізе  қосып,  ынтымақтаса  еңбек  ететін  болса,  алынбайтын  асу  болмақ 

емес.

Көптеген мемлекеттер қызыға да, қызғана қарап отырған осынау жайма-шуақты 

берекелі  де  мерекелі  күніміз  ауызбірліктің  арқасында  ғана  сақталуда.  Сол  себепті 

көктемнің жарқын мейрамы – Қазақстан халықтарының бірлігі күні біз үшін өте 

ыстық.  Бауырмалдықты,  достықты,  ынтымақты  ту  еткен  көп  ұлтты  еліміздің 

мерекесі  –  Қазақстан  халқының  бірлігі  күнімен  барлық  сырымдықтарды  шын 

жүректен құттықтаймын!

Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгі болсын! Барша аудан 

жұртшылығына бірлік пен береке тілеймін!

Сырым ауданының әкімі

А.ШЫНЫБЕКОВ

Сырым ауданы бойынша  1 мамыр – Қазақстан халықтарының

бірлігі мерекесіне арналған  іс-шаралардың

ж о с п а р ы

Біздің Мұқадес

Жазушы, жерлесіміз Мұқадес 

Есламғалиұлының  туғанына 

70  жыл  толуына    арналған 

мәдени  шаралар  26  сәуірде 

облыс  орталығында  өткізілсе, 

27  сәуірде  аудан  орталығында 

өткізілгелі  отыр.  Жазушының 

70 жылдығына арналған шараға 

республика,  облыс  көлемінен 

қонақтар арнайы қатысатын болады.

Жазушының  70  жылдығына  байланысты  топтама 

материалдарды газеттің 4-5 беттерінен оқисыздар.

Отбасы, ана мен бала 

күн тәртібінен түспейтін 

тақырып. Отан отбасынан 

басталатындықтан 

да шығар. Бұлдырты 

ауылдық әйелдер 

кеңесінің төрайымы 

Ағиба Төлегенова саналы 

ғұмырын ұстаздықпен 

өткізіп, бүгінде нәзік 

жандылардардың 

басын біріктіріп, отбасы 

құндылығын арттыруға 

үлес қосып жүрген жан. 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдық 

мерейтойына  орай  және  «Мерейлі 

отбасы» 


фестивалі 

аясында 


Бұлдырты ауылында  әйелдер істері 

және  отбасылық  демографиялық 

саясат  жөніндегі  ауылдық  кеңестің 

төрайымы  Ағиба  Төлегенованың 

ұйымдастыруымен  «Отбасындағы 

әйел  және  қоғам»  атты  семинар 

өтті.  Семинарға  аудандық  мәслихат 

хатшысы,  аудан  әкімі  жанындағы 

аудандық  әйелдер  істері  және 

отбасылық  демографиялық  саясат 

жөніндегі    кеңесінің  мүшесі 

Шынар  Дүйсенғалиева,  аудандық 

«Демалыс  орталығы»  МКҚК-ның 

саябақтарының меңгерушісі Ақкүміс 

Мұрадимова,  аудандық  аурухана 

акушеры  Дария  Мүтиева,  ауылдық 

округ әкімі Ерлан Мақашев, кеңестің 

мүшелері, әйел-аналар қатысты. 

Шараны  ауылдық  округ  әкімі 

Е.Мақашев  ашып,  А.Төлегенова 

«Отбасындағы  әйел  және  қоғам» 

атты  баяндама  жасады.  Ағиба 

Семғалиқызы  кеңестің  жұмысымен 

таныстырып, 

тәуелсіздік 

жылдарында  дүниеге  келген  егіз 

балалары  бар  отбасылар  мен  жасы 

28-32  жас  аралығындағы  бес-алты 

баланы  өмірге  әкелген  аналарды 

марапаттады.  Бұлдырты  ауылдық 

дәрігерлік 

амбулаториясының 

меңгерушісі  Ә.Мақашева  ауыл 

тұрғындарының, соның ішіндегі ана 

мен баланың басты байлығы жөнінде 

баяндады. 

Аудандық  мәслихат  хатшысы, 

аудан  әкімі  жанындағы  аудандық 

әйелдер  істері  және  отбасылық 

демографиялық  саясат  жөніндегі  

кеңесінің 

мүшесі 


Шынар 

Дүйсенғалиева  Бұлдырты  ауылдық 

әйелдер  істері  және  отбасылық 

демографиялық  саясат  жөніндегі 

кеңестің жұмысына оң баға берді. 

Әйел-аналардың  алқалы  мәжілісі 

Бұлдырты 

ауылдық 


мәдениет 

үйіндегі  «Отбасы  –  алтын  діңгек» 

атты отбасылық сайыспен ұштасты. 

Жексенбаевтар, 

Сауырғалиевтер, 

Хайруллиндер отбасы өздерін әнмен, 

өлеңмен,  слайдпен  таныстырып, 

өнерлерін көрсетті, салт-дәстүрлерге 

қатысты  сауалдарға  жауап  беріп, 

тағамдар 

дайындап, 

қолөнер 


бұйымдарын жасады, балалар сурет 

салды.  «Тәуелсіздік  –  тұғырым» 

тақырыбында 

көрініс 


қойып, 

азаттықтың  ақ  таңына  жетудегі 

шежірені бейнеледі. 

Сайыс  соңында  отбасылар  түрлі 

аталымдармен марапатталды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Әйел-аналар 

семинарда бас қосты

Жазушы, жерлесіміз М.Есламғалиұлының туғанына 70 жыл


2

26 сәуір 2016 жыл

қоғам

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу 

мерзімі жақындаған сайын 

түлектердің де жүректері 

лүпілдеп, дайындықтарын 

күшейте түсентіндігі баршаға 

аян. Түлектердің сұранысы 

бойынша біз үстіміздегі 

жылы ҰБТ ұйымдастырып 

өткізудегі өзгерістерге 

тоқталуды жөн көрдік.

Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  (ҰБТ) 

– орта білімнен кейінгі немесе жоғары 

білім  беретін  білім  беру  ұйымдарына 

түсу  емтихандарымен  біріктірілетін, 

жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында 

білім 

алушыларды 



қорытынды 

аттестаттау 

нысандарының 

бірі. 


Тестілеу  мақсаты  –  жоғары  сапалы 

білім мен жоғары білімге қол жеткізуде 

әлеуметтік  әділеттілікті  қамтамасыз 

ететін 


оқытудағы 

жетістіктердің 

сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру. 

Тестілеудің міндеттері: 

-бірыңғай  өлшеу  материалдарының 

көмегімен  білім  беру  сапасын 

басқару  және  мемлекеттік  бақылауды 

қамтамасыз ету;

-білім беру сапасын бағалауда әділдік 

пен нақтылықты көтеру;

-білім  грантына  қол  жеткізу  үшін 

әлеуметтік  әділеттілікті  қамтамасыз 

ету.

Сырым  ауданы  бойынша  13  орта 



мектептен барлығы  189  түлек бітіреді, 

сонын ішінде 156 мектеп бітіруші ҰБТ-

ға қатысуға өтініш беріп отыр.

ҰБТ-ға  дайындық    жұмысы  оқу 

жылының  қыркүйек айында басталып 

кетті.  Жыл  бойы  мектеп  әкімшілігі, 

пән мұғалімдері мен класс жетекшілері 

оқушыларды 

ҰБТ-ға 

дайындау, 



орта  мектеп  курсы  бойынша  білім 

мазмұнын  қайталату,  тестілеулер 

өткізу,  оқушылардың  психологиялық 

дайындығы  сияқты  жұмыстарды 

жүргізуде.

Биылғы  ҰБТ  қалай  өтеді? 

Өзгерістер қандай?

ҰБТ-ға  ерікті  негізде  мемлекеттік 

немесе  орыс  тілдерінде  жалпы  білім 

беретін  мектептердің  бітірушілері 

үшін, міндетті түрде «Алтын белгі» 

мен  «Үздік  аттестатқа»  үміткерлер, 

ағымдағы 

жылғы 


оқушылардың 

ғылыми  жарыстары  мен  жалпы  білім 

беретін  пәндер  бойынша  республика-

лық  олимпиадалардың  жүлдегерлері 

және  биыл  ЖОО-ға  түскісі  келетін 

мектеп 


бітірушілердің 

барлығы 


міндетті түрде ҰБТ-ға қатысуға тиіс.

Пәндер  бойынша  өзгерістер  жоқ. 

Бұрынғыдай  математика,  оқыту  тілі 

(қазақ  мектептерін  бітірушілер  қазақ 

тілі,  орыс  мектептерін  бітірушілер 

орыс  тілі),  Қазақстан  тарихы  және 

таңдау  пәні.  Әрбір  пән  бойынша 

тапсырмалар 

саны-25. 

ҰБТ-ның 


нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша 

және жалпы орта білім туралы аттестат 

алу  үшін  бес  балдық  жүйе  бойынша 

бағаланады. Білім грантын тағайындау 

конкурсына  ҰБТ  нәтижесі  бойынша 

50  және  одан  артық  балл  жинаған 

(«Жалпы медицина» мамандығы үшін 

55  балл),    бейіндік  пәннен  -  7  балл 

(әрбір шығармашылық емтиханнан 10 

балл),  ал  қалған  пәндерден  4  балдан 

кем  жинамаған  талапкерлер  қатыса 

алады. Бір пәннен 4 балдан кем жинаған 

жағдайда,  талапкер  білім  грантын 

тағайындау  конкурсына  жіберілмейді. 

Тестілеу  уақыты-3,5  астрономиялық 

сағат,  яғни  210  минөт.  Биылғы 

басты  өзгеріс  –  конкурсқа  қатысуға 

мүмкіндік  беретін  шектік  балдың 

өзгеруінде.  Биыл  еліміздің  ұлттық 

университеттерге  түсу      үшін 

шектік  балл-70.  Олардың  қатарына 

Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық 

университеті,  Гумилев  атындағы 

Еуразия университеті, Абай атындағы 

Қазақтың 

мемлекеттік 

ұлттық 

педагогикалық университеті, Қазақтың 



ұлттық 

аграрлық 

университеті, 

Қ.Сәтпаев 

атындағы 

Қазақтың 

ұлттық  техникалық  университеті, 

Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық 

консерваториясы, 

Ұлттық 


өнер 

университеті,  Т.Жүргенов  атындағы 

Қазақ  ұлттық  өнер  академиясы, 

С.Асфендияров 

атындағы 

Қазақ 


ұлттық  медицина  университеті  кіреді. 

Басқа ЖОО-ларға 50 балл.

Өткізу  мерзіміне  келетін  болсақ, 

өтініш  қабылдау  жылдағыдай  10 

наурыз – 25 сәуір. 2016 жылы тестілеу 

өткізу уақыты  1-15 маусым аралығын-

да 


жүргізіледі. 

Шығармашылық 

емтихандар 7 шілдеге дейін аяқталады. 

Конкурстық  комиссияның  жұмысы  1-

10 тамыз аралығында жүргізіледі. Білім 

беру  грантының  иегерлері  бұқаралық 

ақпарат 

құралдарында 

(«Егемен 

Қазақстан»,  «Казахстанская  правда») 

жарияланады.

Биыл да тест тапсыруға кірер алдында 

талапкерлерді  металл іздегіш арқылы 

тексеріп  өткізеді.  Оған  қоса  ҰБТ 

өтіп  жатқан  кезде  ұялы  байланысты  

тұншықтыру 

қондырғылары 

пайдаланылады.  ҰБТ-ны  өткізуге 

қатысты  талап  қатаң.  Әр  аудиторияда 

ҚР БҒМ  өкілі міндетті түрде болады. 

Оларға тәртіп бұзушыны өз шешімімен 

аудиториядан  шығарып  жіберуге 

өкілеттілік берілген. Осының барлығы 

бақылауды  күшейту  үшін  және  әрбір 

оқушының өзінің әділ бағасын алуына 

жағдай жасау үшін қажет.

Апелляцияға өтініштерді беру уақы-

ты тестілеу нәтижелері хабарланғаннан 

кейін келесі күнгі сағат 14.00-ге дейін.

Ереже бойынша ҰБТ кезінде  талапкер  

(сөйлессе, бір орыннан екінші орынға 

ауысып  отырса,  емтихан  материалда-

рын  басқа  бітірушімен  ауыстырса, 

көшіріп  жазса,  шпаргалкаларды,  

оқулықтарды және басқа да әдістемелік 

әдебиеттерді, 

калькуляторды,  

фотоаппаратты,    мобильді    байланыс  

құралдарын 

 

(пейджер, 



ұялы 

телефондар, планшетниктер, iPad, iPod, 

iPhone,  SmartPhone,  ноутбуктарды, 

плейерлерді) аудиторияға кіргізіп  және 

пайдаланса    және  т.б.  аудиториядан 

шығарылып,  министрлік  өкілі  акт 

жасап,  талапкердің  тест  нәтижесі 

жойылады. Сонымен  қатар, тестілеуге 

берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші 

емтихан    материалдарын  тапсырудан 

бас  тартқан  жағдайда,  осы  фактіні 

тіркеу туралы акті жасайды.

  Осы  өзгерістермен  біз  мектеп 

басшылары  мен  педагогтарды,  ата-

аналарды, оқушыларды, сонымен қатар 

жалпы  жұртшылықты  хабардар  етуді 

жөн санадық. Себебі, әр мектеп түлегі, 

олардың  ата-анасы  мен  ұстаздары 

ҰБТ-ға  дайындықты  саналы  түрде 

жүзеге  асырып,  қалған  аз  уақытты 

ұтымды  пайдаланып,  психологиялық 

тұрғыдан дайын болуға ұмтылуы тиіс 

деп есептейміз.

Барша түлектерге сәттілік тілейміз!



Шынғыс АҚШИеВ,

 770 ҰБТӨП, №52 филиал 

жетекшісі

Өзгеріссіз қалған 

талаптар мен 

жаңалықтар

Сырым ауданының 

прокуратурасымен 

кәмелетке 

толмағандарға қатысты 

зорлау және жыныстық 

қатынас немесе 

сексуалдық сипаттағы 

өзге де әрекеттер жасау 

фактілерін анықтау, 

олардың алдын алу және 

болдырмау бағытында 

жұмыстар атқарылуда.

Ауданда  соңғы  4  жылда 

жасөспірімдерге  қатысты  зорлау 

және жыныстық қатынас немесе 

сексуалдық  сипаттағы  өзге  де 

әрекеттер  жасау  қылмыстары 

жыл сайын тіркеліп отыр (2012 ж. 

– 1, 2014 – 2, 2015 ж. - 1), соның 

ішінде 3 (2012 ж. -1, 2014 ж. -1, 

2015  ж.  -1)  зорлау  және  1  (2014 

ж.  –  1)  он  алты  жасқа  толмаған 

адаммен  жыныстық  қатынас 

немесе  сексуалдық  сипаттағы 

өзге де әрекеттер жасау.

Аталған 

санаттағы 

қылмыстарды  ескерту  және 

алдын  алу  қазіргі  таңда  құқық 

бұзушылық 

профилактика 

жүйесінін алдында тұрған өзекті 

мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан  Республикасының 

«Қазақстан  Республикасындағы 

баланың  құқықтары  туралы» 

Заңының  (бұдан  әрі  -  Заң)  6 

бабының  2  тармағына  сәйкес 

балалар  мүддесiн  көздейтiн 

мемлекеттiк  саясат  мемлекеттiк 

органдар  қызметiнiң  басым 

саласы  болып  табылады  және 

баланың  құқықтары  мен  заңды 

мүдделерiн  бұзғаны,  оған  зиян 

келтiргенi  үшiн  лауазымды 

тұлғалардың, 

азаматтардың 

жауаптылығына негізделген.

Заңның    10  бабына  сәйкес 

әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке 

басының  бостандығына,  қадiр-

қасиетiне және жеке өмiрiне қол 

сұғылмауға құқығы бар.

Мемлекет баланың жеке басына 

ешкiмнiң  тиiспеуiн  қамтамасыз 

етедi,  оны  тәнiн  және  (немесе) 

жанын  жәбiрлеуден,  адамдық 

қадiр-қасиетiн 

қатыгездiкпен, 

дөрекiлiкпен 

қорлаудан, 

кемсiтуден,  жыныстық  қатынас 

сипатындағы 

әрекеттерден, 

баланы 


қылмыстық 

iс-


әрекетке  және  қоғамға  жат 

әрекеттер  жасауға  тартудан, 

және  оны  адам  мен  азаматтың 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясында 

бекiтiлген 

құқықтары  мен  бостандығына 

қысым  жасаудың  өзге  де 

түрлерiнен  қорғауды  жүзеге 

асырады.

Дегенмен,  аудан  аумағында 

орын  алып  отырған  кәмелетке 

толмағандарға  қатысты  зорлау 

және жыныстық қатынас немесе 

сексуалдық  сипаттағы  өзге  де 

әрекеттер жасау қылмыстарының 

жиі  орын  алуы  құқық  қорғау, 

білім  беру  ұйымдары  және  ата-

аналар  тарапынан  бұл  мәселеге 

аса назар аударуды қажет етеді.

Қазіргі 


қолданыстағы 

Қылмыстық  кодексте  кәмелетке 

толмағандарға  қатысты  зорлау, 

сексуалдық  сипаттағы  зорлық-

зомбылық  әрекеттері,  он  алты 

жасқа 


толмаған 

адаммен 


жыныстық  қатынас  немесе 

сексуалдық  сипаттағы  өзге 

де  әрекеттер  жасағаны  үшін 

қылмыстық 

жауапкершілік 

көзделген.

Осы  санаттағы  қылмыстарды 

жасағаны  үшін  10  жылдан  15 

жылға  дейінгі  мерзімге  бас 

бостандығынан  айыру  жазасы 

белгіленген.

Егер  Сіздерге  жанұядағы 

және  балаларға  қарсы  болып 

жатырған 

зорлық-зомбылық 

фактілері  туралы,  сондай-ақ 

өмірлік  қиын  жағдайға  душар 

болған  балалар  және  балалары 

бар 

қолайсыз 



отбасылар 

жөнінде  мәліметтер  белгілі 

болса,    немқұрайлы  қарамай, 

келесі 


сенім 

телефондары 

арқылы  хабарласыңыз.  Сырым 

ауданының  прокуратурасы:  31-



1-56; Сырым аудандық ішкі істер 

бөлімі:  31-1-37,  102;  Сырым 

аудандық  білім  беру  бөлімінің 

қорғаншылық, 

қамқоршылық 

органы: 31-3-20.



М.ИЗИМОВ,

Сырым ауданының 

прокуроры

Балаларды зорлық-зомбылықтан 

қорғай білейік

Сырым ауданының Аралтөбе, Жетікөл ауылдық 

округтерінің мерзімінен бұрын шығып қалған 

әкімдерінің орнына сайлау тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңын 

және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 «Қазақстан Республикасының 

аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен 

ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып, 

Сырым ауданы әкімінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 03-9/552 хатына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы 



ШеШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Сырым  ауданының  Аралтөбе,  Жетікөл  ауылдық  округтерінің  мерзімінен  бұрын  шығып  қалған 

әкімдерінің орнына сайлауы 2016 жылдың 30 мамырына тағайындалсын.

2. Сайлау бойынша келесі мерзімдер белгіленсін:

1) Әкімдікке кандидаттарды ұсыну – 2016 жылдың сәуір айының 30-нан мамыр айының 4 күндері;

2) Әкімдікке кандидаттарды тіркеу – 2016 жылдың сәуір айының 30-нан мамыр айының 14 күндері.

3.  Сырым  ауданының  Аралтөбе,  Жетікөл  ауылдық  округтерінің  мерзімінен  бұрын  шығып  қалған 

әкімдерінің  орнына  сайлауын  әзірлеу  мен  өткізу  жөніндегі  негізгі  іс-шаралардың  күнтізбелік  жоспары 

бекітілсін.

4.  Сайлау  шаралары  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы» 

№2464 Конституциялық Заңына және Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі 

№555  Жарлығымен  бекітілген  «Қазақстан  Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық 

округтері,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары  әкімдерін  қызметке  сайлау, 

өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидасына» сай жүргізілсін. 

5. Осы шешім Сырым ауданының әкіміне және Сырым аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

6. Осы шешім аудандық «Сырым елі» газетінде жариялансын.



Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары    

                       С.Нурпейсов

Аудандық сайлау комиссиясының 

хабарламасы

20 сәуір 2016 жыл   №1

Аты-жөні



Комиссияға қатысы 

1

Саркулов Асланбек Ахметоллаұлы



Төраға

2

Нурпейсов Салауат Жолайұлы



Төраға орынбасары

3

Кубаев Тимур Берікұлы



Комиссия хатшысы

4

Мырзабеков  Сатыбалды  Айтқалиұлы



Комиссия мүшесі

5

Беккужина  Гүлнұр Өтепбергенқызы



Комиссия мүшесі

6

Қайырғалиев Мейрам Нұрмағамбетұлы



Комиссия мүшесі

7

Тайшиев  Досжан  Ересұлы



Комиссия мүшесі

2016 жылдың 30 мамырында өткізілетін Сырым ауданының Аралтөбе, Жетікөл ауылдық округтерінің 

мерзімінен бұрын шығып қалған әкімдерінің орнына сайлау орны: Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі 


Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 492.73 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет