Сейфуллин оқулары – 9



жүктеу 31.37 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.02.2017
өлшемі31.37 Kb.
#2248

Қазақстан Республикасының Бірінші  Президенті  күніне  арналған «Сейфуллин  оқулары – 9:

жоғарғы  білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық

конференция материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции

«Сейфуллинские чтения – 9: новый вектор развития высшего образования и науки» посвященная

дню Первого Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.2, ч.1. – Б. 251-253



СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫНАЙЫ ӨМІРІ

Абубакиров  А.Ж.

Қазақ совет әдебиетінің негізін  салушы,  Октябрь  революциясы  мен

Азамат  соғысының ардагері, Қазақстанда  Совет өкіметін  орнату  жолында

күрескен  революционер-ақын,  республика қаламгерлерінің бетке ұстар

беделді серкесі, драматург – Сәкен Сейфуллин 1894 жылы Ақмола уезі Нілді

болысының – кәзіргі Қарағанды  облысы  Жаңаарқа  ауданының бірінші

ауылында  дүниеге  келді.  Ал  осыдан  біраз  жыл  бұрын,  кәзір  арамызда  жоқ

ақиық ақынның  100 жылдығына  арналған  салтанатты  кеш – Елбасы

Нұрсұлтан  Назарбаевтың жалынды  сөздерімен  басталған  еді.  Н.Ә. Сәкенді

халық жадында мәңгі қалар жан, Асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы

деп еске түсіре отырып, мемлекет және қоғам қайраткері, сиқырлы прозашы

және  сырлы  да  сазды әндер  шығарушы  композитор  екендігін  ескерте  кетті.

Барлық адам  баласы,  оның ішінде қазақ елі  дамылсыз  дамып  келе  жатыр.

Осынау өркендеу  мен өрлеу  жолында  небір қиыншылықтардың,  құлди  мен

өрдің, құз бен шыңның кездесері мәлім. Сол жолда бастаушы болғандардың

біреуі және бірегейі – Сәкен Сейфуллин.

Қазақ фольклоры  революциядан  кейін  алғашқы  істердің бірі  болып,

мемлекет қамқорлығына алынды. Осыдан соң қазақ ауыз әдебиетін зерттейтін

арнайы ғылымның туып қалыптасқанын  көреміз.  Ал  оған  дейін  жекелеген

кісілердің қолында болып, күш салуларының арқасында зерттеліп, басылып та

отырды.

Революциядан  кейін қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін  жинап,  оны  алғаш



бастырып  шығарушылардың бірі  Сәкен  болды.  Ол  1920  жылдың екінші

жартысынан бастап осындай ізгі іспен шұғылданды. Сәкеннің ауыз әдебиетін

жинаушылық еңбегі, қызметі «Көкшетау»  атты  атақты  поэмасына  материал

жинаудан басталған көрінеді.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны іледі» - дейді халық даналығы. Сәкеннің

халық  өнерімен  танысу  жолындағы  алғашқы мектебі өзінің  әкесі  мен  анасы.

Сәкен өз өмірі туралы  «Мен қалай жаздым» деген мақаласында: «Әкем мен

шешемнің үлгісі бойынша ел аузындағы әңгіме, қызықты ертегілерге мен де

бой ұрып қиялды жүгіртуші едім» дейді. Сәкенге қатты әсер еткен өнерлі әке

мен ананың үлгісі болса керек-ті.

Сайып  келгенде  Сәкен  жинаған  ауыз әдебиетінің озық  үлгілері,

фольклор туралы қазақ әдебиетінің тарихы туралы жазылған өзінің еңбектері

бүгінгі оқырман қауымның қолына тиюге хақылы.


Сәкеннің  «Туған  жер»,  «Жазғы  кеш»,  «Нұра»  атты өлеңдерінің  өмірге

келуіне  бірден  бір  себепкер– Сарыарқаның сүбелі  бір  арнасы  Нұра,  Есен

өзендерінің батысқа қарай бет алғандағы өрісі, Аба таудың бауыры.

Шындығында саялы тау арасында тал-терек, ақ қайың, шіліктер араласа

өскен, көк майсалы абат жердің сай қуалай аққан бұлақ суы да табиғаттың бар

сұлулығын  осы  жерге  жинап  тастағандай әсер қалдырады.  Оңтүстігінде  мен

мұндалаған Ор және батысқа қарай жақпартасты Аба тауларының баурайына

«Қарашілік» атты қыстау орналасқан. Сейфолланың үйі ақ тұма бұлаққа тақау

жарбаққа  салынған. Әйнектен  бұлақ жағалай  шоқтала өскен  ақ  қайың,

тал-теректер мен көк шалғын көзге бірден шалынады. Аба тауының қыстауға

төніп  тұрған  төскейіндегі қойтастардың арасында,  ауылды  тамашалауға

қолайлы  алаңқай  бар.  Сәкен  көбінесе  осы  жерде  отырып,  кітап  оқып,

дәптеріне сандаған таңбалар түсірген. Содан  да болар, ақынның туған туыс,

жақын бауырлары мен дос жарандары бұл жерді «Сәкеннің сандық тасы» деп

атайды. Ақын:

Ор, Аба, Есен, Нұра жерім еді,

Қуандық, Қаратоқа елім еді, - деуінің сыры осыдан.

Ол аса ауқатты отбасында дүниге келмесе де, өз күндерін өздері көріп

отырған. Әрине көп балалы үйге қиын соғатыны анық, сондықтанда кейде аш

отырған  кездері  де  болды.  Ал,  ол  осыған қарамастан,  ауыл  молдасынан  хат

танып, оқудың маңызын ерте жастан-ақ түсінген.

1905  жылы  Успенский  (Нілді)  мыс қорыту  заводындағы  орыс-қазақ

мектебіне түсіп, онда жұмысшы қызметкерлердің балаларымен бірге оқыды.

Нілдіде оқып жүргенде көрген білгенін Сәкен: «1905 жылы жұмысшылардың

көтерілісін 

көрдім. 


Орыс 

шешендерінің

сөзін 

естідім. 



Көтеріліс

жасаушылардың  қозғалысы  менің ой  дүниемде  шу  деп  із қалдырды»  деп

жазады.  Мұнда  жеке  баспанасының болмауы,  жоқшылық, кедейлік қарекеті

оның жергілікте халықпен етене араласып кетуіне себепші болды.

Нілдіде үш жыл оқығаннан кейін Ақмоладағы Приходская школада екі

жыл,  оны  тәмамдағаннан  соң  қалалық училищеде  оқуы, қала өмірімен

танысуы  Сәкенге  ірі, өнерлі  жерде  білім  алу қажеттігін  аңғартты.  Сәкеннің

осында оқып жүрген  кездерінде  жалпы білімі қаншалықты  молайып отырса,

әдебиетке деген бейім, қабілеті де тез оянып, қалыптаса бастады.

Сәкен Сейфуллин 1913 жылы күзде Омбы оқытушылар семинариясына

көп қиындық көріп қабылданды. Жеті талапкердің ішінен оза шауып шыққан

Сәкен,  бірінші  классқа  алынып,  1916  жылы  бітіріп  шығады.  Омбыға  келу

Сәкенің Бұрынғыдан да  терең білім  алуына  кең жол  ашумен  бірге,  саяси

–қоғамдық көзқарасын қалыптастыруға қолайлы жағдай тудырады.

Қазақтың пейілі  кең. Көңілі  түскен  жанға  «Сәкеннің сәнін,  Күләштің

әнін,  Жамбылдың

жасын  берсін»  дейді.  Осыған  байланысты  Сәбит

Мұқановтың «еркек  кіндіктіде  Сәкендей  сұлу  адамды  кездестірген  емен», -

деп жазуы босқа емес.

Тәңір  жомарттықты  жасайын  десе  аямайды,  бәрін  бірдей  бере

салады.Сәкенді сұлу, сымбатты қылып жаратты, дарқан дарын берді, ал кіндік

кескен жеріне көрікті табиғат сыйлады. Сол кезде ақын Сырбай Мәуленовтың:

«Өлімге жан екенсің қия алмайтын,


Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

Қазақты көргің келсе, міне, осы  деп,  Көрсетсе жер  жүзіне ұялмайтын»

деген арнау шумақтары еске түседі.

Көп қыз-келіншектің жүрегін  жаулаған  Сәкеннің Ақмолада  оқыған

кездегі әшейінгі жастық желігі болмаса, жігітшілік құрғанына дәлел болардай

деректер кездестіру қиын. Омбы секілді жерден ауылға келіп демалып жатқан

кезде, қала көріп, жылтыр түймелі форма киген Сәкенге сынай да, сүйсіне де

қараған қазақ аруларының болғандығы  жасыратын  жайт  емес.  Оқуға  түсіп

Омбыға  кетерде  де,  болашақ ақынның  қимасы,  сүйген  сұлуы  болғандығын,

оның кейбір өлең шумақтары арқылы растауға болады.

Қазақ әдебиетінің  өлең  өнері – ұзақ тарихи  жанр. Өмірдің талай

соқпақтарын  көрсе  де  рухы биі қазақ,  өнерін – өлең мен ән,  күй, әдебиетін

демеу етіп келеді.Сол өнері қоғам шындығы мен адам жанының сырын ашар

біраз  дүниелер қалдырған.  Бұның ішінде  ақын  жазған өлең  өнерінің  өзіндік

үлкен  орны  бар. Қазақ  әдебиетінің ерте үлгілерінен  бастап,  бүгінгі  поэзияға

дейін қаншама  ақын  жырласа  да әрқайсысынікі әр қилы.  Міне,  Сәкеннің

шығармалары да сондай дара, ешкімдікіне ұқсамайды

Тарих әр қайраткерге өз  бағасын  беріп,  тиісті  орнына  отырғызады

дегенде әр  кезеңде  айтылған.  Халқын  сүйгені үшін  «қызыл»  Сәкенді қызыл

империя – Совет өкіметі – ұлтшылсың деп  айыптады,  атты.  Жазған

сызғандарын құртты, кітап қоймаларынан аластатты, жойды, өртеді. Бірақ ел

есінен, халық жүрегінен өшіре алмады.

Жеке  адамға  табынудың  қисынсыз  жазасына  душар  болып  1937 жылы

тұтқындалған, творчестволық өмірдің өрелі биігіне шығып, өзгеге үлгі өнеге

көрсеткен, өзінің ерлік  ісімен  аңызға  айналған  азамат  ақынның  1939 жылы

қаза табуы қанша өкінішті болғанымен оның рухани тіршілігі халықтың кең

жазира жадында сақталып, жасай береді. «Жағасыз тон, ағасыз ел болмайды»

дейді қазақ мәтелі.  Осындай  ағаларамыздың бар  болғанына әрбір қазақ



қуанып, мақтан тұтуы керек.

Ғылыми жетекші М.К. Ертаева


жүктеу 31.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет