Сейфуллин оқулары – 9



жүктеу 32.89 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі32.89 Kb.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый  вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.2 – Б. 110-112



АДАМ МЕН ТАБИҒАТ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ

ӨМІР САПАСЫ

Сатова К.М., Ширимбекова М.Ж., Бекназарова А.С.

Адам мен табиғат арасындағы қатынас — динамикалық арақатынас. Ол

қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс  «табиғатты

бағындырумен»,  «иемденумен» ғана  емес,  сондай-ақ адам  денсаулығы  мен

тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық  өзгерістермен айқындалады.

Қоршаған  ортаның



табиғи  және

әлеуметтік  элементтері  тығыз

байланысты.

Ол 


байланыс

әлеуметтік 

элементтердің, 

әлеуметтік

жаратылулардың

табиғи 


элементтерге, 

табиғи 


ортаға 

арақатынасымен

айқындалып қана қоймай, табиғи элементтердің әлеуметтікке, әлеуметтік ортаға,

мәдениетке әсер  етуімен  айқындалады.    Баяғы  көне  заманнан  бастап әлемнің

бүтіндігі  туралы  идеясы  бар  болды  және  макрокосмос — Әлем    мен

микрокосмос — Адам арасында ұқсастық тұжырымдамасы дамыған.  Шығыстың

ұлы  энциклопедияшы ғалымы  Абу  Райхан  Беруни  мың жыл  бұрын  айтқан:

«Адамның денесі — әлеммен бірдей».

Адамның табиғатпен  ара қатынасы – мәңгілік  және әрқашан    заманауи,

өйткені адам өзінің пайда  болуымен,  тіршілігімен  және  болашағымен табиғи



ортамен байланысты. Табиғаттың элементі ретінде ол «табиғат – қоғам» деген

күрделі  жүйенің

бір  бөлігі  болып  келеді.  Адамзат

өзінің


көптеген

мұқтаждықтарын табиғаттың есебінен қамтамасыздандырады.

Табиғаттың барлық элементтері қоршаған  ортаны құрайды.  «Қоршаған

орта» түсінігіне адамның қолымен жасалған нысандар (ғимараттар, автокөліктер

және  т.  б.)  кірмейді, өйткені  олар  бүкіл қоғамды  емес,  жеке  адамдарды ғана

қоршап тұр. Бірақ адамның қызметі арқылы өзгерген табиғат телімдері (қалалар,

ауыл  шаруашылығы  жерлері,  су қоймалары,  орман  алқаптары) қоғам ортасын

түзгендіктен, қоршаған ортаға кіреді.

Қоршаған орта (ҚО) – адам  мен басқа да тірі ағзаларды қоршап  тұрған

табиғи  орта,  адам қолымен  жасалған    материалдық    құрамдас    бөліктер,

құбылыстар мен үдерістер, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық құрауыштар.

ҚО келесі қызметтерді  орындайды: қор өндіру,  орта  түзу,  табиғат

қорғау  және  медициналық-географиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық-

психологиялық.

Н.Ф.  Реймерс  бойынша адамды қоршап  тұрған  орта өзара  байланысқан

төрт қурауыш-жүйешелерден тұрады: а) табиғи ортаның өзінен, ә) туындалған

агротехникалық ортадан – «екінші  табиғаттан»  немесе  квазитабиғи  ортадан,  б)

жасанды ортадан – «үшінші ортадан» немесе артетабиғи ортадан,  в) әлеуметтік

ортадан.


«Екінші табиғат»  немесе  квазитабиғи  орта

табиғи  ортаның адам



қолымен  жасалған  жүйелі,

өзін


өзі

қолдаушы


қасиетінің

болмауымен

сипатталатын,  барлық түрленулері  (жыртылған  жерлер,  мәдени  ландшафтар

және т. б.; ыза жолдар; жасыл желектер). Бұл түзілімдердің бәрінің тегі табиғи,

бұлар  табиғатта  жоқ жасандылар  емес,  тек  түрлендірілген  табиғи  орта  болып

келеді.


«Үшінші  табиғат»  немесе  артетабиғи  орта

– адамның  қолымен

жасалған барлық жасанды, табиғи ортада заттық - энергетикалық ұқсастығы жоқ,

оған  жат  және жаңартып  отырмаса,  тез  арада қирайтын әлем.  Бұларға  заманауи

қалалардың асфальт жолдарын, бетонды, тіршілік пен қызмет орындарының ішкі

кеңістігін,  технологиялық  құрылғыларды,  көлік  нысандарын,  жиһаздарды  және

басқа заттарды, барлық синтетикалық заттарды және т. б. жатқызуға болады.

Заманауи адамды негізінен артетабиғи орта қоршайды.



«Өмір  сүру  сапасы» ұғымының  әртүрлі  түсінігі  бар: өйткені  оны әртүрлі

тұрғыдан


қарастыруға

болады: 


физикалық,

медициналық-экологиялық,

экономикалық және әлеуметтанулық. «Өмір сапасының» сипаттаушы ерекшелігі

болып келетіні тұрғындардың тіршілік деңгейі.

Өмір  сапасы  мен ҚО  сапасының  өзара  байланыстылығын  заманауи

экологиялық

дағдарыс  нәтижесінде  пайда  болған  адамның

биологиялық

болмысын  жеңу  көзқарасынан қарастыру қажет.  Ол  түсініктердің  өзара

байланыстылығын

әлеуметтік 

тұрғыдан 

адам 

биологиялық



деңгейде

қалыптасқан  (және  дамып  келеді)  және  оны қоршаған  табиғи  ортадан  (ҚТО)

бөліп әкетуге  болмайды  деп қарастырған  жөн.  Сондықтан өмір  сапасы  мен ҚО

сапасын бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. ҚТО экологиялық тепе-теңдік

бұзылысымен өмір сапасының проблемасы шыға келді.

Өмір  сапасы — адам  сұранысының белгілі  бір қоғамдық жағдайда

қамтамасыздандырылуы.  Сұраныс  сәйкес  тәсілмен,  белгілі  бір  ауқымда  және

құндылық

бағыт 

шеңберінде 

орындалды 

деп 

ойлаудан 

ондай

қамтамасыздандырылудан адам ләззат алуы керек.

Заманауи  адамға ғылыми-техникалық төңкеріс    нәтижесінде  пайда  болған

сыртқы ортаның зиянды және жоғары уытты факторларының күшті легі  басына

төнді.    Көптеген  ағзаға  жат қосылыстардан  адамның ішіне    тамақпен,    ауамен

және  сумен  шамамен    100  мың улы  немесе  керексіз  заттар  түседі  екен.  Ішкі

ортаның ластану  көздері  болып  келетіндері  тұрмыстық химияның дамуы,  ауыл

шаруашылығын қарқынды химияландыру және, ең соңында, саны күннен-күнге

алып қарқынмен өсіп  келе  жатқан  дәрі- дәрмектер.    Азық-түліктің сақтау

мерзімін ұлғайту үшін қосатын әралуан    тағамдық  қоспалар  да  ағзалар үшін

қауіпсіз емес.

Өмір  сапасына әсер  етуші  келесі  фактор  азық-түлік  мәселесі  және  оның

сапасы. Дамыған әлемнің нарығына  түсетін  тамақ  өнімдерінде  тұтынушылық

қасиеті  жоғары  (ақуыздың, майдың және  көмірсудың  құрауыштарының тиімді

мөлшері,  эстетикалық сипаттамалары  және  т.б.),  ал  дамушы  елдердің нарығына

түсетін азық-түліктің басым бөлігінде ондай сапалық көрсеткіштері жоқ. Осының

бәрі  адам өмірінің сапасына  нұқсан  келтіріп, өмірдің  қысқаруына  алып  келеді.

Тамақтың жетіспеуінен зардап шегетіндер тұрмыстары төмен халық топтары, ең

қиын  жағдайда  кірістері  төмен әрі  шектеулі  топтар  болып  саналады.  Жүкті



әйелдердің жеген тамақтарының сапасының төмендігінен балалары әлжуаз болып

туады. «Үшінші әлем» тұрғындарының ¼ бөлігі тамаққа тоймайды.

ТМД  елдерінде  экономикалық даму  пирамида  пішінімен  бейнеленеді

(сурет,  а),  мұнда  тұрғындарының басым  көпшілігін  кедейлер құрайды –70  %  ,

орта топ – 20 %, аухаттылар – 10 %.  Дамыған елдерде дамуды ромб пішінімен

көрсетуге  болады  (сурет, ә), онда  мемлекеттің бар  тұрғыны  орта  топтың  (75 %)

есебінен құралады, кедейлер тек 10 % құрайды.

а

ә



Сурет - ТМД елдеріндегі даму (а) типі және дамыған елдердегі

экономикалық өсу (ә)

Нәтижесінде  кедей  халық тіршілігін  сақтап қалу үшін ҚТО қорларын

тауысуға мәжбүр болады, бірақ онымен байып кетпейді. Сонымен мына өрнекке

сәйкес байлар әрі қарай баииды, кедейлер – кедейлене береді:

Нақты экономикалық даму – Экономикалық даму – Тұрғындар санының

артуы.

Сондықтан өмір  сапасын  көтеру үшін  ең алдымен  азық-түлік өндірісін

ұлғайту керек. Ал ауылшаруашылығы өнімдерін шексіз өндіре беру мүмкін емес,

сонда өмір сапасын жақсарту үшін адам санының өсу қарқынын қысқарту керек.

Әрине  дамушы  елдер  туралы  айтқанда,  мұнай өндіруші    Таяу  және

Орталық Шығыс  елдері  туралы әңгіме өзгеше.  Азық-түлік  проблемасын  шешу

үшін  «үшінші әлем»  мемлекеттерінің аграрлық секторіне  тән  бүтін  жүйесінің

қарама-қайшылығынан арылу  керек.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал