Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет1/21
Дата12.03.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
 
 
Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев) 
 
 
 
 
 
 
 
ЖАНТАНУ НЕГІЗДЕРІ 
 
Жоғары оқу орындары студенттеріне 
Арналған дəрісбаяндар жинағы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы  
2006 

ББК 88.3  
Б 12 
 
 
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік 
университетінің оқу-əдістемелік Кеңесінің шешімімен  
ұсынылды 
 
 
Пікір жазғандар: К.Б. Жарықбаев – педагогика 
    ғылымдарының докторы
                                         профессор. 
           Ж.І. Намазбаева – психология  
   ғылымдарының докторы, 
                                   профессор. 
Жауапты редакторА.П.Əбуов – философия 
                                     ғылымдарының докторы
                                     профессор 
 
 
Бап-Баба С. Б. 
Б 12    Жантану  негіздері. (Жалпы  психология).  Жоғарғы  оқу    
орындары студенттеріне арналған дəрісбаяндар жинағы. 
Алматы, 2006.—306 бет. 
 
ISBN 9965-620-26-1 
 
Дəрісбаяндар жинағы түрінде берілген бұл оқу құралы жоғарғы 
оқу  орындарында  қабылданған  «Жалпы  психология»  курсының 
дəстүрлі  типтік  бағдарламасына  сай  жазылды.  Психологияның 
жалпы  мəселелері,  танымдық  процестер,  жеке  адам  проблемасы 
жəне  тұлғаның  сезімдік  аймағы  мен  қасиет,  сапалары  жөніндегі 
ғылыми-қолданбалы  ақпарат  осы  заманғы  психолоялық  теориялар 
негізінде терең əрі ауқымды ашылды. 
 
                                                                            
 ББК 88.3 
Б 
03
(05)
 
00
0303000000

                                                                               
                               
                                                        
© Бап-Баба С.Б., 2006.                                               
  
ISBN 9965-620-26-1
                        © Заң əдебиеті, 2006
                   

М А З М Ұ Н Ы
 
  
Алғы сөз
 
 
 
ЖАНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРI
 
1 дəрiсбаян.
  Психология мəн-мағынасы жəне оның барша ғылымдар жүйесiндегi орны
 
2 дəрiсбаян.
  Психика дамуы. Сана.
 
3 дəрiсбаян.
  Тəн жəне жан.
 
4 дəрiсбаян. 
 Психологияда қалыптасқан ғылыми бағытбағдарлар
 
5 дəрiсбаян. 
 Iсəрекет психологиясы.
 
6 дəрiсбаян. 
 Адам аралық қатынастар психологиясы.
 
7 дəрiсбаян. 
 Тiлдесу психологиясы.
 
 
 
ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АЙМАҒЫ. 
 
8 дəрiсбаян. 
 Зейiн.
 
9 дəрiсбаян.  
Түйсiк жəне қабылдау.
 
10 дəрiсбаян.
 Ес.
 
11 дəрiсбаян.
 Ойлау.
 
12 дəрiсбаян. 
Қиял.
 
 
 
ТҰЛҒА ЖƏНЕ ОНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҚАЛЫПТАРЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ
 
13 дəрiсбаян.
 Түлға жəне оның психикалық қасиеттерi.
 
14 дəрiсбаян.
 Ерiк.
 
15 дəрiсбаян. 
Сезiм.
 
16 дəрiсбаян
. Темперамент.
 
17 дəрiсбаян.
 Мiнез.
 
18 дəрiсбаян. 
Қабiлет.
 

Алғы сөз
Елiмiзде туындаған объектив жағдайларға байланысты жоғары оқу орындарындағы кiтап тапшылығын 
басынан кешпеген бiрде де бiр студент не оқытушы жоқ шығар. Əсiресе қазақ тiлiндегi оқулықтар 
жетiспеуi оқу процесiне үлкен қиындық келтiруде. Осы орайда С.Бабаевтың ұсынып отырған "Жантану 
негiздерi" атты дəрiсбаяндар жинағы құптарлық iс. 
 
Көп жылғы оқытушылық тəжiрибесi негiзiнде құрастырылған бұл дəрiсбаяндар тобы жоғары мектептегi 
психология курсына байланысты кең де, əрi көлемдi теориялық байыпты, практикалық ұтымды ғылыми 
деректер мен тұжырымдарды қамтыған. Оқу құралында жоғары мектеп студенттерi мен оқытушыларына, 
жалпы бiлiм мекемелерiнiң мұғалiм, қызметкерлерiне қажеттi негiзгi психологиялық бiлiмдер толық 
баяндалған.
 
Оқу құралында психологияның жалпы мəселелерi, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер 
жөнiндегi түсiнiктер жанжақты ашылған, оларға байланысты осы заманғы теориялар мүмкiндiгiнше 
кеңiнен келтiрiлiп, проблемалардың даму тарихы нақты суреттелген.
 
Нарықтық экономика заманындағы қоғам мүшесiн тəрбиелеуге орай адамаралық қатынастар 
психологиясына, жеке адамның психологиялық қорғаныс, мiнез, қабiлет қалыптастыру мəселелерiне 
баса назар аударылған. Осыдан кiтаппен таныс болған əрбiр оқырман ең алдымен өз психологиялық 
болмысын танып, өзiнөзi психологиялық тəрбиелеудiң қырлары мен сырларын үйренетiнi кəмiл.
 
Дайындалған оқу құралының жəне бiр құнды тарапы  əр дəрiсбаян мəтiнi сабақтар барысында қажет 
болатын əдiстiк көрсетпе, нұсқауларымен жабдықталған: дəрiсбаяндардың барлығы бағдарлама 
мазмұнынан хабар беретiн жоспардан басталады, соңынан нақты проблемаға байланысты қайталау 
жəне бекiту сұрақтары, семинар дайындығына бағытбағдар, өзiндiк ғылымиiзденiс тақырыптары мен 
əдебиеттердiң ауқымды тiзiмi келтiрiлген, яғни студент пен пəн оқытушысы жүргiзетiн оқу жұмыстарының 
тиiмдiлiгiн арттырып бару үшiн барлық жағдай жасалған.
 
Еңбек бiр оқытушының тəжiрибесiнен, сондықтанда мұнда кейбiр олқылық, кемшiлiктердiң болуы орынды 
құбылыс, олардың барлығы жұмыс барысында түзетiлуi қиын емес, кейiнгi авторлар да бұларды көре 
бiлiп, əрi қарай өңдеп жалғастыра түсер деген үмiттемiз. 
 
Қорытындыласақ, С.Бабаев ұсынып отырған "Жантану негiздерi" дəрiсбаяндар жинағын 
ғылымитеориялық, оқуəдiстемелiк тұрғыда келелi дайындалған, қазақ тiлiнде алғашқы рет жазылған өте 
керектi оқу құралы деп таныған жөн. еңбектi басылымнан өткiзiп, жоғары оқу орындарының студенттерi 
мен мамандарының қолына жеткiзгендi мақұл деп бiлемiз.
 
 
 
Қ.Б.Жарықбаев  педагогика ғылымдарының докторы, профессор

ЖАНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРI
 
1 дəрiсбаян
 
Жантану ғылымы  психологияның мəнмағынасы жəне оның барша ғылымдар жүйесiндегi 
орны
 
Жоспары: 
 
1. Психология пəнi жəне оның мiндеттерi
 
2. Психиканың рефлекторлық сипаты. 
 
3. Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi. 
 
4. Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орыны. 
 
5. Психология салалары. 
 
1. Психология пəнi жəне оның мiндеттерi
 
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар əулетiнiң зерттеу объектi болып келдi. Өз тарихы мен 
қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тiлi мен əдеттерiн танып бiлуге деген адамзат 
құштарлығының шегi болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса 
ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, 
төңiрегiндегi басқа адамдармен қарымқатынасының ерекшелiктерiне деген психология дамуының 
негiзiнде жатқан қызықсыну уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеңде өндiрiс, ғылым, 
медицина, өнер, оқу, ойын жəне спорт салаларындағы бiрдебiр iсəрекет психологиялық заңдылықтарды 
түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкiн емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының 
жасампаздық мүмкiндiктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн өте қажет. Адам əр 
түрлi ғылым тұрғысынан жанжақты зерттелетiн объект, ал ғылымдардың əрбiрi өзiне тəн ерекше 
көкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi 
зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi тiптi мүмкiн емес. Солай болса да, əрқандай ғылым 
басқасынан өз пəнiнiң ерекшелiгiмен ажырап тұрады. Л.С.Рубинштейн "Жалпы психология 
негiздерi" (1940) атты еңбегiнде “Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анық көрiнiп тұр  
олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықласниеттерiмiз бен тiлектерiмiз, т.б., яғни бiздiң 
өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз үшiн денiмiзге ажырамастай болып сiңген 
құбылыстар жиыны  деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi  əр тұлғаның (индивид) өз меншiк 
толғанысының болуы  ол түйсiк, сезiмнен ғана көрiнедi де оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, 
қаншалықты əдемi, нəрлi суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезiнуi қиын; керең  тiкелей 
қабылдамаған соң, əнкүй əуенiн танымайды; махаббат лəззатына өзi бөленбеген адамға ол жөнiндегi 
əңгiмедастан да түкке де тұрмайды.
 
Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, 
тылсым құбылыс болуында. Себебi əрқандай нақты заттың өзi мен оның қабылданған кейпi бiрбiрiнен 
ажыралып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тəннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға 
терең ұялауы бүған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзi де адамдар мен жануарлардың өлетiнiн, 
адамның түс көретiнiн сезiп, бiлген. Осыған орай адам ұстамға келетiн тəннен жəне көрiнбейтiн жаннан  
бiрiненбiрi дербес екi бөлiктен тұрады деген сенiм туындады; яғни адам өлмейiнше, жан оның тəнiнде 
жасап, өлгеннен соң тəннен шығып кетедiмыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тəнiнен уақытша 
ажырап, қандай да бiр басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар 
ғылыми талдауға түсiп, зерттелгенге дейiн адамдардың бiрiнiң екiншiсi жөнiндегi қарапайым тұрмыстық 
психологияға тəн пайымдаулары жинақтала бердi. Адам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмiр 
тəжiрибесi негiзiнде топтайды. Əлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлiктi тұрмыс 
құруға, iсəрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар 
ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын қүрады. Осы бiршама бiлiктер əр адамға қоршаған 
ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылықəрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның 
бəрi тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дəлелсiз. Оларды бiз күнделiктi тұрмыстық 
тəжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем əдебиеттен, халық ауыз əдебиетi үлгiлерiнен (мақалмəтел, 
ертек, əпсана) ұғып, түсiнiп келдiк. Қазiргi заман психология теориялары мен психология салаларының 

бастаулары нақ осы өмiр тəжiрибесi мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiп шығады.
Психологияның жантану ғылымы ретiнде мəнi неде? Оның ғылыми денi (предмет) не?
 
Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан iздеп, психологияның əр даму кезеңiне орай 
өзiнiң зерттеу пəнiне деген көзқарасының өзгерiп барғанын байқаған жөн. Психология өте ежелгi де, өте 
жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы əлi алда. 
Психологияның дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол 
шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пəлсапамен бiрге келе 
жатыр.
 
ХIХ ғ. соңы  ХХ ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дəл былай деген: 
Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп 
отырғанымыз психологияның пəлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң 
эксперименттiк зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дəуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi шерегi болғанымен, 
психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды.
 
Пəн атының өзi де грек тiлiнен аударуында психология  жан туралы ғылым (психо – "жан", логос – 
"ғылым") дегендi аңғартады. Кең тараған түсiнiктерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни 
ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек 
философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн 
жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ойпiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде  
жан жөнiндегi дiнимифологиялық көзқарастарға қарсы күресiнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөнiндегi 
зерттеулер мен түсiнiктер психологияның пəндiк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да 
психология əуел бастан жан туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу 
оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсiндiрдi. Психика мəнiне 
байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мəселесiн  материя мен 
сана, заттық жəне рухани болмыстардың ара қатынасын  шешуге тəуелдi болып келдi.
 
Дəл осы мəселенiң шешiмi төңiрегiнде бiрбiрiне тiкелей қарсы философия бағыттары  идеализм мен 
материализм  пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға 
тəуелсiз, белгiсiз бiр зат деп қарастырды. Ал материалистiк танымда психика  туынды, материяға тəуелдi 
құбылыс. 
 
Идеалистiк бағыт өкiлдерi материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, 
психиканың əрекетi тəнсiз, мəңгi жойылмас жанның көрiнiсi деп бiледi. Ал барша заттасқан дүние мен 
процестер, оларша, бiздiң түйсiгiмiз бен елестерiмiздiң нəтижесi.
 
Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметi жөнiнде дұрыс танымы болмаған, 
психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуiмен тəнге енiп, оның өлуiмен ұшып кететiн жан жəне рух 
əрекетi деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның əр түрлi мүшелерiнде 
жасайтын ерекше бiр жұқа зат не тiршiлiк иесi деп бiлген. Дiннiң пайда болуымен жан "о дүниемен" 
байланысты, көрiнбейтiн əрi мəңгi жасайтын, тəннiң өзгеше бiр екiншi баламасы  рухтық зат деп 
танылды. Бар əлемнiң бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген 
əртүрлi идеалистiк бағыттар қанат жайды. Адам психикасы  рухи өмiрдiң көрiнiсi, сондықтан ол 
материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен дiни догматтар адам жан 
дүниесiн материалистiк тұрғыдан түсiндiруге ұмтылған ғылыми ойпiкiрлердi көп ғасыр кейiнге ысырып 
тастады.
 
Жан жөнiндегi танымдар қандай құбылысөзгерiстерге енгенiмен өмiрлiк iсəрекеттiң қозғаушы күшi  жан 
деген тұжырымға ешбiр шүбə келтiре алмады. Тек ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт 
жаңа дəуiр есiгiн ашты. Ол адамның iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға ешқандай 
қатысы болмайтыны жөнiнде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен 
ықпал жасады. Декарт ғылымға екi түсiнiктi  рефлекс жəне сана  бiрдей енгiздi. Бiрақ ол өз тағылымында 
жан мен тəндi бiрбiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз екi болмыс  материя жəне рух  жасайтынын 
уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы "дуализм" (екi тарапты) атауын 
алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметiнiң өнiмi емес, мидан тыс, оған тəуелсiз, 
өз бетiнше жасайтын құбылыс екенi түсiндiрiлдi. Бұл бағыт ғылымда обьективтi идеализм деп аталды. 
 
Дуалистiк тағлиматты арқау етiп ХIХ ғ. Психологиясында психофизиологиялық параллелизм атанған 
идеалистiк бағыт кең өрiс алды. Бұл бағыттың мəнi: психика жəне тəн қатар, бiрақ өзара тəуелсiз 

жасайды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б.
Шамамен осы дəуiрде психология денi жөнiнде жаңа түсiнiктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау 
қабiлеттерiне сана атауы берiлiп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы 
орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Бiрақ сана көп уақытқа дейiн басқа табиғи процестердiң 
бəрiнен оқшауланған ерекше құбылыс ретiнде қаралды. Ендi саналық өмiр Алла жаратқан ақыл көрiнiсi 
немесе сананы құраған қарапайым элементтерi бар субьективтiк сезiм нəтижесi деп есептелдi. Бiрақ 
идеалистiк бағыттағылардың бəрiн бiрiктiрген жалпы пiкiр: психикалық болмыс  бұл ғылыми талдауға 
келмейтiн, себебiн түсiндiру мүмкiн емес, тек қана өзiндiк бақылаумен танылатын субъектив дүние 
екендiгi. Мұндай түсiнiм кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттiк (iшке үңiлу) сана 
тағылымы атын алды. Осыдан сана өзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъекттiң өзiнен 
де толығымен ара байланысын үздi. 
 
ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi 
мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiрбiрiн ауыстырып отырған теориялар 
таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама тағылымдар 
сананың осы интроспекттiк психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Бұл теориялар бойынша психологиялық 
зерттеулердiң бəрi қоршаған орта мен адам iсəрекетiне байланыссыз жан толғаныстарымен 
көрiнiстерiне негiзделдi. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында 
шешiмiн тапты. 
 
Интроспекттiк психология аймағындағы теориялардың бiрбiрiнен айырмашылығы сананы құрылымы, 
мазмұны жəне белсендiлiк дəрежесiне қарай əрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп 
есептелiндi. Осы тұрғыдан идеалистiк сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды: 
 
саналық элементтер теориясы (В.Вундт, Э. Титченер); 
 
саналық əрекеттер психологиясы (Ф.Брентано); 
 
саналық ағым (сел) теориясы (У.Джемс); 
 
дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология); 
 
Дильтей суреттеме психологиясы. 
 
Бұл теориялардың бəрiне ортақ түсiнiм: қоршаған дүниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана 
қойылып, оның бар iсəрекетi сана белсендiлiгi деп танылды. 
 
Психологияда эксперименттiк əдiстiң орнығуына қарамастан, бұл дəуiрде аталған теориялардың бəрiне 
тəн ерекшелiк  психикалық құбылыстардың мəнiн түсiндiру емес, тек қана суреттеп нақтылау. 1879 ж. 
Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды лаборатория ұйымдастырды. Сана психологиясына 
эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердiң 
өтуiн бақылап барды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi: адам өзiнiң iшкi жанкүйiн, сезiмiн, ой 
толғанысын өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспекттiк аталған əдiс қолданылды. Мұндай 
бақылау, əлбетте, басты ғылыми талапобьективтiлiкке сай келмейдi. Осының салдарынан ХХ ғ. басында, 
бiр жағынан  ғылыми объектив бiлiмдер дамуына орай талаптардан, екiншiден  əлеуметтiкэкономикалық 
өркендеу сұраныстарынан интроспекттiк психологияның дағдарысы көрiнiс бердi. 
 
Адам əрекетқылығын қадағалап, бақылау құралжабдықтарын дайындауды қажет еткен капиталистiк 
өндiрiс əдiстерiнiң дамуына байланысты практикалық мiндеттер алдында "сана психологиясы" өз 
дəрменсiздiгiн байқатты. 
 
Осыдан ХХ ғ. екiншi он жылдығында психологияның жəне бiр бағыты пайда болып, оның өкiлдерi 
психологияның жаңа пəнiн жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, 
негiзiнен адам қозғалысының жиынтығы  əрекетқылық (поведение) едi. Бұл бағыт 
"бихевиоризм" (ағылш. behaviourқылық) аталып, психология пəнi жөнiндегi түсiнiктер дамуының үшiншi 
кезеңiн қалады. Бихевиоризмнiң iрге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның мiндетiн қоршаған ортаға 
бейiмделушi тiршiлiк иесiнiң қылықəрекетiн зерттеу деп бiлдi. Тек бiр онжылдықтың өзiндеақ 
бихевиоризм бүкiл дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының бiрiне айналды. 
 
Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда  жан туралы ғылым, кейiн  жансыз ғылым, ақырында  
санасыз ғылымға айналды. Психология пəнiн осылай пайымдаудан оның келесi, жəне бiр дағдарысқа 
кезiгуiнiң мəнiн түсiнемiз. Əрине, қылықəрекеттi бақылаумен объектив деректердi зерттей аламыз, бiрақ 
мұндай объективтiк жалған, себебi бiздiң əрқандай əрекетқылығымыздың астарында өзiмiздiң ой, сезiм, 

ниеттерiмiз жатыр. Сондықтан осы ой, сезiм, ынтаықыласты бiлмейiнше, əрекетқылықты тану мүмкiн 
емес. 
 
Психология пəнiн (предмет) нақтылауда болған дағдарыстар себебi аталған теориялардың негiзге алған 
əдiснамалық тұжырымдарында болып отыр. Атап айтсақ, саналық психология болмыс пен сананың, 
объектив дүние мен субъектив болмыстың ара қатынасын идеалистiк тұрғыдан шештi. Бихевиористер 
болса, сол мəселенi дөрекi материализм көзқарасымен түсiндiрдi. Олар үшiн психикалық құбылыс пен 
материалдық дүние арасында айырмашылық болмады. Осылай, қате əдiснамалық бастаулар өз пəнiн 
дұрыс анықтауда психологияның жолына кесекөлденең тұрып алды. Бұл тығырықтан шығудың жолын 
диалектикалық материализм тапты. Диалектикалық материализм үшiн барша дүниенiң негiзi жалғызақ  
материя, ал психика, ойлау, сана одан туындағын екiншi сатыдағы құбылыс.
 
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана  екiншi, одан туындаушы, яғни 
объектив дүниенiң мидағы бейнесi. Осы түсiнiкке орай материалдық болмыс (заттар, дүние 
құбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенiң сезiм, ой т.б. түрiнде бейнеленуi) бiрбiрiне тiкелей 
қарамақарсы. Бiрақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебi түйсiк, ой, сезiмдер т.б.  материалдық 
органның  мидың əрекетi, сыртқы тiтiркендiру энергияларының сана өмiрiне айналуының нəтижесi. 
Психика, сана ми қызметiнен ажырауы мүмкiн емес, олардың басқа жасау тəсiлi жоқ. Материя, психика 
жəне сананы бұлайша түсiну диалектикалық материализмнiң дүние заттығы (материальность) жөнiндегi 
ережесiмен түбегейлi сай болып тұр. Əлемде əр түрлi қасиеттерге ие, мəңгi қозғалыста болып, мəңгi 
жасаушы материядан басқа ешқандай бастау болуы мүмкiн емес. Материяның қозғалысы бұл тек орын 
ауыстыру емес, оның қалаған өзгерiмi, құбылуы, бiр күйден екiншi күйге түсуi. 
 
Материяның дамуы  бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетiлуi, қарапайым қозғалыстан 
жоғары қозғалысқа өтуi. Алғашқыда тек органикалық емес материя, өлi табиғат болды. Дамудың белгiлi 
бiр сатысында, өзiнiң ұзаққа созылған эволоциясының нəтижесiнде материя органикалық қасиеттерге ие 
болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиетi  өмiр, табиғат жиынтығына ендi. 
Табиғаттың даму процесiнде өсiмдiктер, жануарлар, келекеле материяның ең жоғары туындысы  санаға 
ие адам пайда болды. Ғылыми психология тiрек еткен диалектикалық материализм категориялары 
жүйесiнде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебi осы категорияға орай психиканың жалпылама 
жəне мəндi сипаты ашылады: əрқандай психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив 
бейнеленуiнiң түрлi формалары мен деңгейлерiн көрсетедi. Бейнелеу теориясы психология ғылымының 
мəнiн анықтауда, оның əдiстерiн таңдауда, деректер, түсiнiктер, тұжырымдар тобынан қажеттiсiн 
ажыратуда жалпы əдiснамалық бағдар ролiн атқарады. 
 
Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиетi ретiнде сапалық ерекшелiгi неде? 
 
Барша материя бейнелеу қасиетiне ие. Психика  материя қасиетi, мидың қызметi болумен психика 
дамуының алғы шарты  бейнелеудiң ерекше формасы. Психика материяның даму желiсiнде, оның бiр 
қозғалыс формасынан екiншiсiне өзгерiп барады. Биологиялық эволоция барысында заңдылықты пайда 
болып, психика сол эволюцияның маңызды фактор бiрлiгiне айналады. Бейнелеу қасиетi негiзiнде 
организмнiң қоршаған ортамен кең салалы жəне сан алуан байланыстары түзiледi. 
 
Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша тiршiлiк иесiнiң iшкi психикалық өмiрi болуы мүмкiн емес, яғни 
сана, психика өзiнен тыс жəне тəуелсiз жасайтын танымды болмыстың бейнесi. Егер де осы қоршаған 
объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесi жөнiнде əңгiме қозғау қажетсiз. Əрқандай психикалық 
акт  нақты болмыстың бiр бөлшегi де жəне оның бейнесi де. 
 
Сонымен, психиканың қызметi, бiрiншiден  қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн, 
байланыстарын бейнелеу, екiншiден  осының негiзiнде адам қылығы мен қызмет  əрекетiн реттестiру. 
Психиканы диалектикаматериалистiк тұрғыдан қарастыру  əрқандай iшкi жанкүйлiк құбылыстардың 
өзiмен өзi шектелмегенiн, шындықтан бөлiнбей, онымен түбегейлi əрi тығыз байланыста екенiн 
танытады. 
 
Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми бiлiмдердiң құрамы неден тұрады, яғни 
пəнi не? Бұл  ең алдымен психикалық өмiр деректерi. Мысалы, психикалық дүние дерегi ретiнде 
адамның тəжiрибе топтау қабiлетi  жад, естi қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану психологиялық 
құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның мiндетi  түсiндiру, яғни осы деректер мен 
құбылыстарды басқаратын заңдарды ашып, олардың мəнiн айқындап беру. Əрқандай ғылым мақсаты  
зерттелетiн процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгiлеу. Теориялық жəне 
экспериментальды зерттеулердiң бəрi нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзi 

құбылыстар арасындағы мəндi, қажеттi, тұрақты, қайталанып жүретiн байланыс, қатынастарды бiлуден 
келiп шығады. Мысалы, ес (жад) өзiнiң қызметтiк заңдылықтарына бағынады. Естiң түрлерi болатыны 
белгiлi. Жақсы есте қалдыру қайталуға тəуелдi екенiн бiлемiз, байланыссыз материалға қарағанда, 
жоспарланғаны жеңiл əрi тез еске түсетiнi мəлiм. 
 
Ғылымдағы күрделi мiндеттердiң бiрi  заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. 
Ғылымдық қатал талап  объектив заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекеттiк аймағы мен 
қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зерттеулерiнiң объектi  психологиялық 
деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар. 
 
Сонымен бiрге ескеретiн жəйт, заңдылық байланыстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын 
нақты тетiктердi (механизм) ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi. психологиялық 
деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iсəрекеттi қозғаушы механизмдердi де 
анықтап бiлу. Ал ендi сол механизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты 
анатомияфизиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен 
əрекетiн психология басқа ғылымдармен бiрлiкте зерттейдi. 
 
Қорытындыласақ, жантану ғылымыпсихология  психика деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн 
зерттейтiн бiлiмдер саласы. 
 

Каталог: repository -> history
history -> Салқынбай А. Б. Көккөзова М. Б
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К
history -> М. Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы
history -> Қанапия Ғабдуллина
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> А 82 «Жеті жарғы» мемлекет жəне құқық ескерткіші
history -> Булгакова Д. А
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ
history -> Е. Б. Бизнес этикасы. Анкара, Йепа, 1997; Профессиональная этика сотрудников правоохранительных органов. М: Щит и меч, 1998

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет