Сборник задач по математическому анализу. М., 2003. Аннотация Понятие предела функции одна из важнейших концепций математического


ИНФОРМАТИКА. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


бет17/27
Дата22.04.2017
өлшемі
түріСборник задач
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

ИНФОРМАТИКА. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
ИНФОРМАТИКА, МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ИНФОРМАТИКИ 
______________ 
ИНФОРМАТИЗАЦИЯ О Б Р А З О В А Н И Я ________ _________
учащимися самого процесса решения в его развитии  очень важно для формирования их 
воображения.  Научив  видеть ход решения задач, как в его непосредственном рождении, 
так  и  в  итоге,  важно  сформировать  у  учащихся  представление  о  взаимосвязи  между 
различными  понятиями  всего  курса математики  и  понимание  особой  значимости  этих 
взаимосвязей.
Многие  задачи  школьного  курса  математики  могут  быть  решены,  кроме 
общепринятого  способа,  еще  и  с  помощью, понятий  теории  графов.  Кроме  того, 
первоначальные понятия теории графов помогают школьникам в поиске решения задач, 
как  программных так и повышенной трудности.  Соблюдение учащимися определенной 
точности и аккуратности при построении графов имеет важное воспитательное значение, 
а отсутствие необходимой наглядности при решении задач является основным тормозом 
к осознанным мыслительным действиям.
Таким  образом,  этапы  решения  задач  являются  формами  развития  мыслительной 
деятельности  учащихся. 
Наблюдается  активизация  их  мыслительной  работы, 
формируется  умение  проводить  исследование.  При  правильной  организации  работы  у 
учащихся развивается активность, наблюдательность, находчивость, сообразительность, 
смекалка,  абстрактное  мышление,  умение  применять  теорию  к  решению  конкретных 
задач и закрепление на практике приобретённых умений и навыков.
1.  Абылкасымова  А.Е.  Теория  и  методика  обучения  математике.  Учебное  пособие.- 
Алматы: Мектеп, 2014. -224с.
2.  Темербекова  А.А.  Методика  преподавания  математики:  Учебное  пособие  для 
студ.высш.учеб.заведений. -М .: Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2003.176 с.
3. Мельников, О.И., Занимательные задачи по теории графов / О.И. Мельников. -  Изд.- 
е 2-е, стереотип. -  Минск: ТетраСистемс, 2001.
Аңдатпа.  Мацала  есеп  шешімін  іздеуді  оцыту  мәселелеріне  арналган.  Есепті  иіешу 
кезеңдері  царастырылган.  Графтардың  көмегімен  есепті  иіешуді  оцыту  үиіін  пайдаланатын 
әдістер  сипатталган.  Шешуді  іздеу  үшін  графтарды  визуализациялау  және  әр  түрлі 
алгоритмдерді цолданып оларды өңдеу үшін орта пайдаланылды.
Мектеп  курсындагы математиканыц  көптеген  есебі графтар  теориясы  ұгымдарының 
көмегімен шешілуі мүмкін. Сонымен цатар, графтар теориясының бастапцы үгымдары мектеп 
оцушыларына есеп шешілуін программалыц және жогары циындыцта іздеуге көмектеседі.
Түйін создер: графтар теориясыныц үгымы,  есепті иіешу кезецдері, графтарга есептер
Abstract.  The  article focuses  on  training  students find solutions  to  problems.  The  stages  of 
problem solving.  We describe the techniques used for training the search for solutions to problems using 
graphs.  To find solutions used medium for graph visualization and processing using various algorithms. 
Many problems in school mathematics can be solved with the help o f the concepts o f graph theory.  In 
addition,  the  initial concept o f the theory of graphs to help students in finding solutions to problems, 
both software and increased difficulty.
Keywords: concepts of graph theory, the steps for solving the problem, the problem on graphs.
192

Хабаршы  •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы
  * 
Серия «Физико-математические науки»,
№2 (50) -2015
ӘОЖ 378
И.Ү. Бекболатова, К.М. Беркімбаев, С.Т. Нышанова, Г.Ж. Ниязова 
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ӘЛЕУЕТІН 
ДАМЫТУДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІН ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
(Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті)
Аңдатпа. 
Мацалада  «элеует», 
«колшуникативтік  элеует», 
«коммуникативтік 
цабілеттер»  түсініктері  царастырылган.  Шетел  тілін мецгерудің  цажеттілігі  айцындалып, 
болаиіац мачанныц  коммуникативтік элеуетін шетел тілін оцыту арцылы  цалыптастырудың 
педагогталыц мүмкіндіктері айцындалган.  Шетел тілін оцытуда цолданылатын компьютерлік 
технологиялардың  цысцаша  сипаттамасы  беріліп,  Интернет  желісінің  тілдік  царым- 
цатынасты  даыытудагы  маңыздылыгы  көрсетілген.  Болашац  маманның  коммуникатнвтік 
әлеуетін цалыптастыруда пайдаланылатын бірцатар тілдік білім алуга негізделген элеуметтік 
желілерге  сипаттама  берйііп,  оцыту  үдерісіндегі  Интернет  цорлардың  мүмкіндіктері 
талдатан.
Кйіттік  сөздер:  элеует,  коммуникативтік  элеует,  агылшын  тілі,  компъютерлік 
технологш,  интернет желісі,  әлеуметтік желі.
Қазіргі  қоғамдағы  қалыптасқан  нарықтық  қатынастар,  ғылым  мен  техниканың 
даму қарқыны,  өндіріске шетелдік  жаңа технологиялар мен әдістердің көптеп  енгізілуі 
оқу-ағарту  жұмыстарын  ұйымдастырудың  барлық  сатысына  жоғары  талаптар  қоюда. 
Көп  жылдан  бері  қалыптасқан  дәстүрлі  сабақ  беру  әдісіне  заманауи  ақпараттық- 
коммункиациялық  технологиялардың  тың  өзгеріс  пен  жаңа  идеялар  қосқаны  баршаға 
мэлім.  Енді  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  болашақ  маманның 
коммуникативтік  әлеуетін  қалыптастырудағы  мүмкіндіктерін  қарастырмас  бұрын 
алдымен элеует,  коммуникативтік элеует ұғымдарына қысқаша тоқталайық.
«Әлеует»  түсінігі  латынның  «potentia»  сөзінен  шығып,  жасырын  түрдегі  эрі 
анықталған жағдайларда өзін байқата алатын күш,  қуат, мүмкіндік, қабілеттілік ретінде 
мазмұндалады.
Арнайы  мэнінде  -   бұл  қандай  да  бір  әрекет  немесе  функцияның  пайда  болуы 
мүмкін дәрежесі. Кеңірек мағынада элеует -  анықталған мақсаттарға, нәтижелерге жету 
үшін пайдаланылатын немесе іс-әрекеттік қалыпқа келтірілетін факторлар жиыны.
«Әлеует  тұлғалық  дамудың  болжанған  деңгейлеріне  жету  мүмкіндігі  арқылы  іс- 
эрекеттердің  алуан  түрлерін  іске  асыруға  даярлық.  Сондай-ақ,  түлға  әлеуеті  адамның 
индивид 
ретіндегі 
қабілеттері 
мен 
арнайы 
іс-әрекет 
субъектісі 
ретінде 
интерпретацияланатын ішкі қүрылымын қүрайды»[1].
Б.Ф.Ломованың  пікірінше  ересек  адамның  жетістіктерге  жетуі  мен  кез-келген  іс- 
эрекетті  орындау  мүмкіндігіне  жол  ашатын  үш  негізгі  элеуетті  атауға  болады: 
интеллектуальдық, еріктік жэне коммуникативтік элеуеттер.
Түлғааралық  қүндылықтар,  ақпараттар  мен  іс-әрекеттер  алмасуға  мүмкіндік 
беретін  эрі  кәсіби  жоғары  деңгейде  байланыстар  орнатуда  коммуникативтік  элеуеттің 
ьщпалы өте жогары.
Коммуникативтік  элеуеттің  негізгі  қүраушылары  ретінде  коммуникативтік 
қасиеттер  мен  қабілеттерді  атауга  болады.  Коммуникативтік  қабілеттер  —   бүл 
түлғаның табыстылығының кепілі бола отырып, адамдармен тілдік карым-катынас жасау 
біліктері мен дағдыларына негізделеді.
Түрлі  педагогикалық-психологиялық  зерттеулерді  талдау  нэтижесінде  тұлғаның 
коммуникативтік элеуетін қүраушыларды айқындауға болады (1-сурет).
193

ИНФОРМАТИКА.  ИНФОРМАТИВНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
ИНФОРМАТИКА, МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ИНФОРМАТИКИ 
_______________________ИНФОРМАТИЗАЦИЯ ОБРАЗОВАНИЯ______________________
Болашақ маманньщ өзінің тұлғалық коммуникативтік әлеуетін көрсетуде оның жеке 
коммуникативтік ерекшеліктері маңызды рөл атқарады.
1-сурет.  Тұлғаның коммуникативтік элеуетіннің құраушылары
Болашақ  маманның  коммуникативтік  элеуетінің  негізгі  компоненттерінің  бірі 
тілдік  даярлық  болып  келеді.  Оның  коммуникативтік  іс-эрекетінің  нэтижелілігі 
вербальді даму ерекшеліктеріне байланЫсты.  Сөйлеудің түсініктілігі, айтылатын ойдың 
байланыстылығы,  сұхбаттасушының  назарын  аудару  мен  көңіл  күйіне  ықпал  ете  білу, 
қандай да бір бірлескен іс-әрекетке қызығушылық тудыру болашақ маманның ықпалды 
тілдік байланыс жасауына дәлел бола алады.
Коммуникативтік  элеуеттің  жоғары  деңгейде  дамуы  нэтижесінде  түлғаның 
коммуникативтік  мэдениетінің  қалыптасуына  экеледі.  Тұлғаның  коммуникативтік 
мэдениетін -  тілдік қарым-қатьшас қүралын адекватты таңдау мен пайдалану, сондай-ақ, 
айтылған  пікірлердің  эңгімелесушіге  эсерін  болжай  білу,  ауызша  жэне  жазбаша 
коммуникация  барысында  ақпаратты  сауатты  іріктей  білу  білігін  қамтамасыз  ететін 
білімдерге  негізделген  тұлғааралық  мақсатты  эрі  ьпсдалды,  өзара  әрекеттестікті 
қамтамасыз ететін білімдер,  біліктер мен дағдылар жиыны ретінде пайымдауга болады.
Сонымен 
қатар, 
коммуникативтік 
мәдениетті 
оны 
қалынтастырушы 
эмоциональдық  мэдениет,  когнитивтік  мэдениет,  сөйлеу  мәдениеті  жиыны  ретінде 
қарастыруға болады.
Қазіргі  кезде  білім  берудс  шетел  тілін  оқыту  мынадай  торт  мақсатты  көздейді: 
коммуникативтік  мақсат,  білімділік,  тәрбиелік  жэне 
жетілдіру. 
Осы  аталған 
мақсаттардың  ішінде  коммуникативті  мақсат  жетекші  рөл  атқарады,  қалған  үшеуі 
коммуникативтік мақсатты орьшдау арқылы жүзеге асырылады.
Шетел тілін ЖОО-да оқытуда бөліп-жаруға болмайтын, міндетті болып саналатын 
бірнеше негізгі маңызды факторларды атап айтқан жөн:
- сабақта практикалық, білім, тәрбие жэне даму мақсаттарын шешудегі түтастық;
- шетел тілін оқыту үдерісінің коммуникативті бағытталуы;
- эр сабаққа оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдау;
- шетел тілін  меңгеруде  эрбір  студенттің  сабаққа белсенді  араласуын  қамтамасыз 
ететін үйымдастыру формасы ретінде диалогты қолдану;
-топта  оқытушы  мен  студент  арасында  жэне  білімгерлер  өзара  тілдік  қатынасқа 
түсу үшін жақсы психологиялық жағдай қалыптастыру.
Қазіргі  кезде  болашақ маманның коммуникативтік мәдениетін  қалыптастыру мен 
оны кәсіби деңгейде тілдік қарым-қатынасқа даярлау үдерісінде инфокоммуникацияльщ 
технологияларьшың  маңыздылығы  басым.  Енді  осы  оқытудың  техникалық  ортасы 
сапасында  қолданыльш,  білім  берудің  тың  әрі  жаңа  эдістемелерінің  найда  болуына
194

Хабаршы  •  Вестник
«Физика-математика гыльшдары» сериясы •  Серия «Физико-математические науки», 
_________________________________М2 (50) -2015_________________________________
әкеліп  отырған  компьютерлік  технологиялардың  бірнеше  даму  кезеңцерін  ерекшелеп 
көрейік.
Автоматтандырылган компъютерлік оқу технологиялары.  Оқу технологиясьшың 
атауы ескірген, бірақ компьютерді оқуда белеенді пайдалану үшін бастау болган. Уақыт 
кезеңі алуан түрлі тэсілдерді, компьютерлік оқу жэне бақылау бағдарламаларын үйрену 
жэне  дайындау  алгоритмдерін  барынша  жеткілікті  іздестірді.  Жеке  ЭЕМ  -  
компьютерлердің  пайда  болуы  компьютерлік  оқу  технологияларының  қалыптасуына 
жэне дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Компъютерлік  мулътимедиялъщ  оцу  технологиялары.  Ақпараттық,  одан  кейін 
оқытушы  материапды  дайындау  үшін  түрлі  органы  қолдануға  мүмкіндік  берген 
компьютердің  функционалды  мүмкіндіктерінің  кеңеюімен  бірге  мулътимедиялъщ  оцу 
технологиясы  жаңа термині пайда болды.
Желілік  компьютерлік  оқу  технологиялары.  Ақпаратты  жеткізуцің  дамыған 
қүралдары,  интерактивті тәртіпте жүмыс  істеу мүмкіндігі, түрлі езара толықтырупіы оқу 
технологияларын  кешенді  пайдалану қазіргі  білім  алу кезеңін дамыту ерекшелігі болып 
табылады. 
Әлемдік  қоғамдастықты  дамытудың  атапмыш  кезеңійде  оның  тіршілік 
әрекетінің барлық салаларында желілік оқу жэне оқыту технологияларына ерекше көңіл 
бөлінеді. 
Желілік 
немесе 
басқаша 
айтқанда 
коммуникациялық 
қатынас 
технологияларының  дамуы  цаиіъщтъщтан  компъютерлік  оқыту  технологиячарыныц, 
Интернет-технологияларының дамуына жаңа серпін берді  [4].
Бөліп  қарастырған  оқу  технологияларының  негізін  компьютер,  оның  ақпаратгы 
алыс  қияларга  үсыну  жэне  жеткізу  бойынша  үздіксіз  дамушы  мүмкіндіктері  қамтып 
тұрғанын айрықша ескерген жөн.
Қазіргі  кезде  шетел  тілдерін  оқыту  ортапары  дербес  компьютерлерде,  ақпарат 
тасымалдағыштарда орнатылуы немесе телекоммуникация желісі қорларында сақталуда, 
мұның  эрі  қол  жетімділігі  жогары.  XXI ғасырда  пайда болган  Интернет  желісі  тың  эрі 
жаңа  бағыттың  дамуына алып  келді.  Ол -  тілді  контактілі  жэне  қашықтықтан  оқытуға 
негізделген электронды лингводидактика [5].
Ғалымдар  Интернеттің  «дайын  түрде»  білім  бермейтін,  бірақ  өз  бетінше  ойлай 
беретіндірге  ақпаратты  белсенді  түрде  іздей  білетіндерге  талдай  білетіндерге  мол 
мүмкіншіліктер бере алатын орта ретінде қарастыруда.
Google  қолдауымен  2013  Интернетті  дамыту  Қоры  қаржыландырган  зерттеулер 
нәтижесінде  ересектер  мен  жасөспірімдердің  интернет  желісіндегі  іс-әрекеттерінің 
негізгі бағыттары мен сандық үлесі томендегі кестеге сәйкес анықталған (кесте  1).
Кесте  1.  Ересектер  мен  жасөспірімдердің  интернет  желісіндегі  іс-эрекеттерінің 
негізгі бағыттары мен сандық үлесі
Пайдаланушының интернеттегі іс-әрекет 
түрі
Ересектер (%)
Жасөспірімдер(%)
Түрлі қызықты ақпараттар іздеу
75
76
Білім беру порталдары мен онлайн курстарды 
•пайдалану
36
49
Интернетте тілдесудің барлық мүмкіндіктерін 
қолдану
28
41
Әлеуметтік желілерде жаңа достар іздеу
22
40
Онлайн және мобильді ойындар
12
33
Жаңалықтар лентасын оқу
50
27
Тегін жүктеуге болатындардың барлығын 
жүктеу
14
24
195

ИНФОРМАТИКА. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. 
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
ИНФОРМАТИКА, МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ИНФОРМАТИКИ 
ИНФОРМАТИЗАЦИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Онлайн ойындар мен виртуальды элемде 
богде адамдармен тілдесу
7
14
Оку (кәсіби қызмет) үшін ақпарат іздеу
9
7
Сайттар, бағдарламалар, қосымшалар құру
3
5
Оз контентін қүру жэне орналастыру
3
5
Комментарийлердегі сьш, пікір, тіл тигізулер, 
бэсеке
3
5
Интернет дүкендердегі жаңалықтар мен 
акциялар
9
4
Түрлі заттарға тапсырыс беру, саатьш алу
16
4
Ақша табу мүмкіндік герін іздеу
7
3
Интернет  желісінің  ақпараттық  қорлары  мен  байланыс  мүмкіндіктерін  оңтайлы 
қолдану шетел тілдерін оқыгуда оқыту үдерісін:
-оқу жэне оқу-әдістемелік материалдармен;
-оқытушы мен білімгердің оңтайлы кері байланысын;
-шетелдік және отандық ақпараттық анықтамалық қорларға ену мүмкіндігін; 
-электронды кітапхаыаларға ену мумкіндігі;
-отандық жэне шетелдік жетекші баспасөз құралдары қорларына ену мүмкіндігі; 
-оқыту жүйесі ішінде басқарушылық ақпарат алмасумен қамтамасыз етеді.
Шетел  тіліне  оқыту  -   тілдік  қарым-қатынасқа,  ақпаратты  қабылдау  мен 
тасымалдауға  оқыту  деген  сөз.  Интернет  желісінің  коммуникативтік  мүмкіндіктерін 
қолдануда  білімгерлер  сабақтан  тыс  уақытта  нақты  коммуникацияға  дайын  болулары 
тиіс.
Интернетте түрлі типтегі коммуникациялар бар, оларды негізгі типтері синхронды 
жэне асинхронды коммуникациялар. Асинхронды коммуникация екі немесе одан да коп 
қатысушылар  арасында  түрлі  ақпарат  алмасу  құралдар  комегімен  бір  мезеттік  емес 
коммуникация,  сэйкес  келмейтін  уақыт  кесінділерінде  қарым-қатынас  жасауды 
білдіреді.  Ақпарагтық хабарлама алмасу  құралы  электрондық пошта,  қонақ кітапшасы, 
форум  жэне  асинхронды  конференция  болуы  мүмкін.  Ағылшьш  тілін  меңгертуде 
ақпараттық-коммуникациялық  құзырлықты  қалыптастыруда  Интернет  желісінде  кең 
көлемде  таралған  коммуникация  түрі  болып  табылатын,  компьютер  желісі  бойынша 
адрестік  хабарламаларды  жэне  файлдарды  аіімасуды,  тасымалдауды  іске  асыратын 
электронды поштанын  коммуникативтік  элеуеті  зор.  Электрондық поштаның мэдениет 
аралық  жэне  тұлға  аралық  құндылығы  оныц  интерактивтілік  қасиетіне  ягни 
оқытушымен,  өз  қүрбы-қүрдастарымен,  тіл  тасымалдаушылармен  тікелей  озара 
эрекеттесу  мүмкіндігінің  болуымен  ерекшеленеді.  Сондай-ақ,  электрондық  пошта 
қарым-қатынас құралы ретінде білімді айтарльтқтай кеңейтуге мүмкіндік береді.
Интернет  желісіндегі  асинхронды  коммуникацияньщ  бастамашыл  түрлерініц  бірі 
форум  больш  табьшады.  Ағылшын  тілін  оқытудағы  форум  оқытушының  басқаруымен 
студенттің  арнайы  үйымдастырылған  озіндік  іс-әрекетін,  үйымдастыру  жэне  откізудің 
негізгі  мақсаты  коммуникация  бойынша  оқу  міндеттеріне  жету,  сондай-ақ,  оқу  жэне 
оқуға  қатыссыз  сипаттагы  түрлі  мэселелерді  талқылау  болып  табылатын  қүрал 
сапасында болады.  Синхронды коммуникация бір уақыт мезетіндегі,  яғни, бірдей уақыт 
кесіндісі  шегіндегі  екі  немесе  одан  да  коп  қатысушылардың  қарым-қатынас  жасауы 
болып  табьшады.  Бұл  жағдайдағы  хабарламаның  жіберілуі  мен  алынуы  арасында 
санаулы  секунд  уақыт  өтуі  мүмкін.  Синхронды  интернет  коммуникация  қүралы 
оқшауланған  немесе  аралас  Web-апплеттер  жэне  коммуникатор  бағдарламалар  немесе
196

Хабаршы  •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы •  Серия «Физико-математические науки»,
________________________________ М2 (50) -2015_________________________________
чат, дауыстық қарым-қатынас жэне бейне конференция сияқты мәтіндік қарым-қатынас 
мүмкіндіктерін  іске  асыратын  месенджерлер  (хабарлама)  болып  табылады.  Интернет 
желісі  мүмкіндіктерін  ағылшын  тілін  меңгертуде  қолдану  қазіргі  кезде  өзекті  болын 
табьшады.
Қазіргі кезде әлеуметтік желілер кеңінен таральпт, қызметін пайдаланушылар саны 
күннен-күнге  артуда..  Әлеуметтік  желілер  Интернетте  қызығушылықтары  немесе  іс- 
эрекет аялары ұқсас адамдар қауымдастығын құруға бағытталған.  Байланыс ішкі пошта 
қызметімен немесе хабарламаларды мезеттік алмасу арқылы іске асырылады.
facebook.com - ең танымал әлеуметтік желілердің бірі.  Өз аккаунтыңызды ағылшын 
тіліне  ауыстыра  огырып,  сіз  жиі  қолданыстағы  ағылшын  тілді  хабарламалар  мен 
фразаларды  тиімді  есте  сақтау  жолын  таңдайсыз.  Ағылшын  тілін  үйренушілер  тобына 
қсоылуға да мүмкіндігіңіз бар.
Busuu.com —  бірнеше шетел тілдерін үйренуге арналған желі. Оқыту ойын түрінде 
іске асырылады. Жеілде  10 млн. Астам пайдаланушылар тіркелген. Ақылы жэне ақысыз 
қызмет түрлерін ұсынады.
Livemocha.com  —  америкалық  танымал  тілдік  әлеуметгік  >£елі.  27  шетел  тілі 
бойынша  сабақ  үрлерін  ұйымдастырады.  Жоба  авторларыньщ  пікірінше  Livemocha — 
оқу үдерісі мен  Интернет қауымдастықты біріктіретін алгашқы тілдік қызмет үсынады.
Lingualeo.ru —  ағылшын тілін үйренушілерге арналған ресейлік жоба. Ақпараттық 
қорлар  мен  желі  жүмысы  сапалы  ұйымдастырылган.  Бес  жүз  мыңнан  аса 
пайдаланушылары  бар.  Сайттан  бейне,  аудио,  мэтіндің  материалдарды  көптеп 
кездестіруге болады.
Italki.com  —  екі  жүзден  астам  елден  700  мыңнан  аса  пайдаланушысы  бар 
әлеуметтік  тілдік  желілердің  бірі.  Оқу  материалдары  мен  қатар  сіз  ақылы  түрде 
репетитор қызметін пайдалануыңызға болады.
www.youtube.com-  сөйлеу  мен  тыңдауды  дамытуға  арналған  әлеуметтік  қызмет 
түрін үсынатын видеохостинг.
Интернет  ақпараттық  жүйесі 
өз  пайдаланушыларына  көптеген  ақпараттық 
қорларды  үсынады.  Солардың  бірі  тікелей  сөйлесуге  мүмкіндік  беретін  Skype 
бағдарламасы.  Бұл  бағдарлама  шетел  тілдерін  үйренудің  қаржы  мен  уақытқа  тәуелсіз 
мүмкіндіктерін үсынады.
Компьютерлік  желінің  тағы  бір  оң  жетістіктерінің  бірі  вебинар  өткізуге  арналған 
сайттар  қызметі.  Вебинар  немесе  .онлайн  семинар,  ағылш. 
webinar  -   веб- 
конференциялардың,  онлайн-кездесулер  мен  нақты  уақыт  мезетінде  Интернетте 
презентация жасаудьщ бір түрі.
Вебинар  өткізуге  арналған  AnyMeeting  (http://www.anymeeting.com/ )  онлайн 
қызметі  нақты  уақыт  мезетінде  200  қатысушыға  дейін  кішігірім  вебинарлар, 
пікірталастар откізуге мүмкіндік береді. Вебинар откізу үшін тіркеліп, қатысушылардыц 
электрондьтқ адрестерін ендіру жеткілікті, ал олар өз кезегінде сіздің веб-семинарыңызға 
қатысу  туралы  мерзімі,  уақыты,  қысқаша  түсіндірме  мазмүндалғап  сілтеме  алады 
Сауалнама  жүргізу,  вебинарды  жазып  алу  мүмкіндігі  де  бар.  Веб-камераны  қолдану 
арқылы  бейне  конференция  өткізуге  де  болады.  Вебинардың  ықпалдылығы  мен 
қатысушыларға талдау жасау қүралдары да қарастырылған.
Соцғы  кездері  пайда  болған  «Білім  берудегі 
web-Keecm» 
эдістемесінің  де  өзіндік 
ерекшеліктері бар.  Бүл Интернеттің ақпараттық қорларын пайдаланып шешуге арналған 
проблемлық тапсырмасы бар рөлдік ойын түрінде үйымдастырылады.  Web-квест ретінде 
гиперсілтеме  жүйесімен  біріктірілген  парақтар  жиыны  айтылады.  Әрбір  бет  -   бір 
оқиғаныц  бөлігі.  Білімгер  сайтта  тапсырмаларды  орындау  арқылы  саяхаттайды.  Ал 
соңында  нәтижелерді  өзінің  есеп  беті  ретінде  безендіреді.  Web-квест  нэтижелері 
үйренілетін  оқыту  материальша  байланысты  қүжат,  презентация,  web-парақ  және  т.б.
197

ИНФОРМАТИКА. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
ИНФОРМАТИКА, МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ИНФОРМАТИКИ 
______________________ИНФОРМАТИЗАЦИЯ ОБРАЗОВАНИЯ_______________________
болуы мүмкін.
Сонымен  қатар,  Интернеттің  ақпараттық  қорлары  мүмкіндіктерін  лекдика  мен 
грамматиканы  оқытуда,  білімді  тексеруце,  бақылауда  (лексикалық,  грамматикалық, 
фонетикалық  түрлі  жаттығулар,  оқуға,  грамматикаға  тесттер,  IQ  тесттер  жэне  т.б.) 
пайдалануға  болады. 
Интернет  білімгерлердің  әлеуметтік  жэне  психологиялық 
сапаларын:  өзіне  сенімділігін,  олардьщ  үжымда  жүмыс  жасау  қабілеттерін  дамытып, 
интербелсенді тэсіл ортасы сипатында оқытуға оң ықпал етеді.
Білім  беру  мақеатында  Интернет  желісі  мүмкіндіктерін  пайдалану:  ақпаратты 
сыйымды  хабарламаны  құрастыру,  анықталған  белгілері  бойынша  ақпаратты  іріктеу 
іскерлігін  қалыптаетыруға;  орталық  ақпараттар  банкі  мэліметтерімен  пайдаланушы 
қарым-қатынаеының  үзіліссіздігін  қамтамасыз  етуге;  қызығушылыгы  бойынша 
«бөлінген»  жэне  шығармашьшық  үжьшға  біріктірілген  елдің  эртүрлі  аймақтарында 
бірнеше  топтардың  бірмезгілде  оқуы  кезінде  аддыңғы  қатарлы  педагогикалық 
технологияны тираждауға (көбейтуге) мүмкіндік береді.
Қорыта  айтқанда,  студенттердің  Интернет  желісінің  мүмкіндіктерін  қолдана 
отырып,  ағьшшын тілін кәсіби меңгеру білімін  тереңдету,  практикалық іскерліктер мен 
дағдьшарды 
қалыптастыру, 
ғылыми-зерттеу 
жұмысына 
бейімдеу, 
ақпараттық 
технологияны  пайдалану  дайындығын  белсендендіру,  ойлау  қабілетін  дамытады, 
болашақ  мамандардың  коммуникативтік  элеуетін  қалыптастыру,  жетілдіру  мақсатында 
интернет желісіндегі қазақ тілді білім беру қорларының сапасын арттыру, үдайы жаңарту, 
толықтыру, әдістемелік жетілдіру жүмыстарын жүргізу қажет.
1.  Красильникова  В.А.  Использование  информационных  и  коммуникационных 
технологий в образовании: учебное пособие/ Оренбург, 2012. -291  с.
2. Раицкая JI.K. Дидактические и психологические основы применения технологий Веб 
2.0.  в  высшем  профессиональном  образовании:  Монография  /Л.К.  Раицкая.  -   М.: 
МГОУ, 2011. -  173 с.
3.  Трифонова  И.  С.  Развитие  ценностного  потенциала  личности  будущего  учителя 
иностранного  языка:  монография.  -   Ижевск:  Изд.-во  «Удмуртский  университет»,
2013.-206 с.
4.  Лингводидактический  аспект  обучения  иностранным  языкам  с  применением 
современных интернет технологий:  Коллективная монография. -М.:  МЭСИ, 2013.  - 
119 с.
Аннотация. 
В 
статье 
рассматриваются 
значения 
понятий 
«потенциал», 
«коммуникативный потенциал», «коммуникативные способности». Говорится о необходимости 
изучения  иностранных языков,  а так же раскрываются педагогические условия формирования 
коммуникативного  потенциала  будущих  специалистов.  Представлены  краткие  описания 
компьютерных  технологий  применяемых  при  обучении  иностранному  языку,  объясняется 
важность  сети  Интернет  в  развитии  речевого  общения.  Дана  краткая  характеристика 
некоторым социачьным сетям,  направленным на обучение языкам,  а так же используемым при 
формировании  коммуникативного  потенциала  будущего  специалиста.  Проведен  анализ 
использования Интернет ресурсов в процессе обучения.
Ключевые  слова: 
потенциал, 
коммуникативный  потенциал, 
английский  язык,
компьютерные технологии,  сеть Интернет,  социальная сеть.
Abstract.  This  article  deals  with  the  notions  as  “potential”,  “communicative  potential”, 
'‘communicative  abilities ”.  The  necessity  o f acquiring  a foreign  language  was  identified  and  the 
pedagogical  possibilities  of forming  future  specialist’s  through  a  foreign  language.  A  brief 
characteristic o f computer technologies that are used in teaching a foreign language was given and the
198

Хабаршы  •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы •  Серия «Физико-математические науки», 
_________________________________ М2 (50) -2015_________________________________
importance o f the Internet in developing linguistic relations was depicted. A general characteristic o f 
some  social  nets  based  on  getting  linguistic  knowledge  used  in  forming  future  specialist’s 
communicative potential was given and the possibilities o f using the Internet stocks in teaching process 
was analyzed.
Keywords: 
potential, communicative potential, English language, computer technology, Internet.
0 04.91:519.6:378.091.27  (574)
Каталог: journals -> 2455
journals -> Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева
journals -> Л-фараби атында ы аза лтты
journals -> Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук
journals -> Казахский национальный
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Казахский национальный
journals -> №4(68)/2012 Серия филология
2455 -> Сборник задач по математическому анализу. М., 2003. Аннотация Понятие предела функции одна из важнейших концепций математического

жүктеу

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет