Сборник статей Международной научно-практической конференции к 80-летию Государственного музея искусств рк имени А. Кастеева Алматы 2015



жүктеу 13.27 Kb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата12.01.2017
өлшемі13.27 Kb.
түріСборник статей
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

омарова Ләйлә Әріпқызы,
Қазақстан Республикасы 
Тұңғыш президенті Музейінің 
бас ғылыми қызметкері,
Астана, Қазақстан
ҚАЗАҚсТАн РЕспубЛИКАсы ТұңғыШ пРЕЗИДЕнТІ 
МуЗЕйІнДЕ өМІРбАЯнДыҚ МАТЕРИАЛДАРДың жИнАҚТАЛуы 
МЕн нАсИхАТТАЛуы
Әр  халықтың  өткенсіз  келешегі  бұлыңғыр  екендігі  белгілі.  Халқының 
тарихынан тағылым, өнегелі тұстарынан үлгі ала отырып алға ұмтылған елдің 
болашағы  да  жарқын  болары  сөзсіз.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдар 
ішінде ел тарихын қаттап, халық мұрасын көз қарашығындай сақтап, болашаққа 
жеткізу мәселесінің өзектілігі арта түсті. 
Елбасы  бастамасымен  жүзеге  асырылып,  бүгінде  егеменді  ел  дамуының 
нышандық  белгісіне  айналған  –  жаңа  елордада  бұл  мәселелер  оң  шешімін 
тапты.  Жаңа  астана  төрінде  тәуелсіз  халқымыздың  тарихын  зерттеу,  мәдени 
мұраларын  жинақтап,  болашақтың  игілігіне  айналдыру  мақсатында  бірнеше 
мәдениет орындары, бірегей мәдениет ордалары ашылды. 
Осындай  игі  себеппен,  Елбасы  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасы 
Тұңғыш Президентінің Музейі 2004 жылдың 28-тамызында құрылды. Музей 
ашылған алғашқы күннен бастап Тәуелсіз Қазақстанның табыстарын Елбасы  
Н.  Ә.  Назарбаевтың  қоғамдық,  мемлекеттік  қызметі  арқылы  сабақтастыра 
көрсету, зерделеу біздің негізгі мақсатымыз болды. Бүгінгі уақыт тұрғысынан 
қарасақ, еліміздің осы жылдар ішіндегі қол жеткізген жетістіктерін насихаттау, 
көпшілікке  таныту  жұмысы  Музейде  жоспарлы,  үздіксіз,  жүйелі  түрде 
ұйымдастырылып келді, әрі қарай да жалғаса береді.
Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  Музейінің 
алдында  әлеуметтік  құрылымның  бірі  ретінде  қоғамдағы  болып  жатқан 
өзгерістерді  уақытында,  дер  кезінде  байқап,  қоғамның  айнасы  іспетті 
халықтың  игілігіне  пайдалануға  ұсыну  міндеті  тұр.  Бұл  міндетті  жүзеге 
асыруда, Музейдің қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыттарын анықтауда 
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2007-2009 жж., 2010-
2012  жж,  2013-2015  жылдарға  арналған  Даму  тұжырымдамалары»  негізге 
алынды.  Музейдің  ғылыми-зерттеу,  ғылыми-әдістемелік,  музейтанушылық, 
ағартушылық  секілді  сан-салалы  қызметі  осы  құжаттарды  жетекшілікке  ала 
отырып жүзеге асырылуда.
Музейдің  бір-бірімен  тығыз  байланыста  жұмыс  атқаратын  құрылымдық 
бөлімшелері: Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау, Ғылыми-зерттеу, 
Музей  педагогикасы,  Экспозицияларды  және  көрмелерді  ұйымдастыру, 
Экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, Ақпараттық орталықтарының 
қызметтері  күн  сайын  өсіп  келе  жатқан  көпшіліктің  рухани  талабын 

65
Музей XXI века. Стратегия развития
қанағаттандыруға,  тәуелсіз  Қазақстанның  болашағына  лайық  жастарды 
тәрбиелеу сынды ортақ міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  қалыптасуы  мен  дамуының  тарихы,  Тұңғыш 
Президент Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы маңызды құжаттар, 
экспонаттар музейдің 15 тақырыптық экспозицияларында көрініс тапқан. 
Музейге келушілер саны бүгінде бір миллионнан асты. Астана тұрғындарына, 
елордаға шет елдерден, республика аймақтарынан келген қонақтарға арналып 
қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінде  жиырма  жеті  мыңнан  астам  экскурсия 
жүргізілді. 
Музейде бүгінгі уақытта «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 
–  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев:  өмірбаяны,  бастамалары  және  саяси  ұстанымы» 
ғылыми бағдарламасының аясында бес ғылыми жоба бойынша жүйелі жұмыстар 
жүргізілуде.  Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижелері  конференциялар, 
«дөңгелек үстелдер», семинарлар, конкурстар, дәрістер, кездесулер, сабақтар 
өткізу  барысында  пайдаланылады,  сондай-ақ  жинақ,  альбом,  кітапша, 
әдістемелік құрал, дайджест т.б. баспа өнімдері ретінде көпшіліктің игілігіне 
ұсынылуда.
Музейдің  білім  беру  бағдарламаларының  аясында  «Қазақстан 
Республикасының  қалыптасуы  мен  дамуындағы  Н.Ә.  Назарбаевтың  саяси 
бастамалары», «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті», «Бала және мәдениет» 
жобалары,  «Жастардың  бойында  лидерлік  қасиетті  дамыту  жағдайлары», 
«Астанатану»,  «Елбасытану»  курстары  бойынша  өткізілген  дәрістер,  ашық 
сабақтар, кездесулер, іс-шаралар ел тарихын зерделеуге талпынған көпшіліктің, 
әсіресе жастардың талап деңгейінен, талғам үдесінен шыға білді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлға 
болып қалыптасуына қатысты оқиғаларды тереңдете зерттеу, мұражай қорын 
жаңа  деректермен  толықтыру  мақсатында  Елбасының  кіші  Отанына,  қызмет 
атқарған  жерлері  Алматы,  Қарағанды,  Теміртау  қалаларына  іссапарлар 
ұйымдастырылды.  Іссапарлар  барысында  Елбасының  Шамалған,  Қаскелең, 
Алматы,  Теміртау,  Қарағанды  қалаларындағы  ұстаздары,  замандастарымен 
кездесіп,  сұхбаттар,  естеліктер  алынды,  Алматы  қаласындағы  мұрағат, 
кітапханалар  қорларынан  маңызды  мәліметтер  іздестірілді.  Нәтижесінде 
Елбасының  өмірі  мен  қызметіне  қатысты,  ата-бабаларының  тарихы  туралы 
жаңа деректер, мәліметтермен музей қоры толықтырылды.
2005  жылы  музейдің  алғашқы  экспозицияларын  жасақтау  мақсатында 
Теміртау, Қарағанды қалаларына және Алматы облысының Қаскелең қаласы 
мен  Шамалған  ауылына  жасалған  екі  іссапар  барысында  маңызды  құжаттар 
жинақталып, музей қоры құнды мәліметтермен толықтырылды. 
2006  жылы  музей  қызметкерлері  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың 
Украинада  оқыған  кезеңіне  қатысты  материалдар  жинастыру  үшін 
Днепродзержинск қаласына іссапар жасады. Іздестіру жұмыстары барысында  
Н.Ә. Назарбаевтың № 8 кәсіптік-техникалық училищеде оқыған жылдарынан 
мағлұмат  беретін  тарихи  материалдар  жинақталды.  Олардың  ішінде, 
Украинадағы 1960-шы жылдардың тұрмысын бейнелейтін заттар, Президенттің 
металлург мамандығын игеруде жасаған алғашқы қадамдары туралы құжаттар 
маңызды мәліметтер болып табылады. 

66
XXI ғасыр мұражайы. Даму Стратегиясы
2007  жылдың  9-14  желтоқсанында  Қарағанды  және  Теміртау  қалаларында 
жүргізілген  жинастыру  жұмыстары  барысында  Қарағанды  облыстық 
мемлекеттік  мұрағат  қорынан  Н.Ә.  Назарбаевтың  1960-1979  жылдар 
аралығындағы  еңбек  жолы  мен  қоғамдық-саяси  қызметі  туралы  баяндайтын 
құжаттық материалдар алынды. 
2008 жылы Теміртау қаласына «Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы» тақырыбы 
бойынша  жасалған  ғылыми-іздестіру  жұмыстарының  барысында  «Арселор 
Миттал  Теміртау»  АҚ  фотозертханасынан  алынған  материалдармен  музей 
қоры толықты. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлға 
болып қалыптасуына қатысты оқиғаларды тереңдете зерттеу, мұражай қорын 
жаңа деректермен толықтыру мақсатында Елбасының туған өлкесі Қаскелең, 
Шамалған, Үшқоңырға, қызмет атқарған Алматы қаласына 2011, 2012 жылдары 
ғылыми  іздестіру  экспедициялары  ұйымдастырылған  болатын.  Жинақтау 
жұмыстарының  барысында  Елбасының  Шамалған,  Қаскелең,  Алматыдағы 
замандастарымен кездесіп, сұхбаттар, естеліктер алынды, Алматы қаласындағы 
мұрағат,  кітапханалар  қорларынан  құжаттар  іздестірілді.  Нәтижесінде 
Елбасының  өмірі  мен  қызметіне  қатысты,  ата-бабаларының  тарихы  туралы 
жаңа деректер, мол мәліметтер табылды. 
Жинақталған маңызды құжаттар қатарына Қазақстан Республикасы Орталық 
мемлекеттік  мұрағатының  қорынан  алынған  Нұрсұлтан  Әбішұлының  атасы 
Назарбай Сапақбайұлының 1909 жылы Шамалған өңіріндегі № 4 ауылдың биі 
болып сайланғанғандығын айғақтайтын деректерді қосуға болады.
Елбасының ұстазы, соғыс және еңбек ардагері Сейітхан Исаев, сыныптастары 
Сәдуақас  Есімбай,  Қыдырғали  Бәйбек,  Рая  Сиразидтинова,  Сайлаубек 
Қыдырәлиев, Жомарт Сексенбаев, замандастары Рая Әлменбаева, Валентина 
Дундыч, «Коммунизм үшін» газетінің редакторы қызметін атқарған Үсенбай 
Тастанбековтерден алынған сұхбаттар, естеліктер Елбасының бізге беймәлім 
балалық,  оқушылық  кезеңі  туралы  толымды  мәліметтер  беретін  дүниелер 
болды. 
Іздестіру  жұмыстарының  барысында  Н.Ә.  Назарбаевтың  азамат 
болып  қалыптасуына  ерекше  ықпал  еткен  ұстаздары  туралы  мәліметтер 
жинастыруға  назар  аударылды.  Нұрсұлтан  Әбішұлына  Шамалғандағы  
Д.  Фурманов  атындағы  мектепте  дәріс  берген  ұстазы,  орыс  тілінің  маманы, 
«Білім  және  еңбек»  журналының  негізін  салушылардың  бірі  Талапбек 
Сұлтанбеков, қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс берген Мырзатай Ихамберлин, 
Қаскелеңдегі  Абай  мектебінде  әскери  тәрбие  сабағынан  дәріс  берген  ұстазы 
Рагим Дурсунов сынды тәлімгерлері туралы мәліметтер жинақталды. 
Ғылыми-зерттеу,  іздестіру-жинастыру  жұмыстары  барысында  Елбасының 
балалық,  жастық  шағына  қатысты  әрбір  оқиғаға  үлкен-кіші  деп  қарамай, 
тереңдете зерделеуге ден қойылды. Елбасы сыныптастары, замандастарының 
жеке мұрағаттарында сақталған, мұражайларға қойылған көп жылдар тарихын 
бүккен сарғайған фотосуреттерді зерттеу бір жағынан қызықты жұмыс болғаны 
сөзсіз. Мысалы, осындай зерттеулердің нәтижесінде бүгінге дейін көпшілікке 
беймәлім болып келген деректер бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы 
наградасын  он  алты  жасында  алғандығы  анықталды.  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

67
Музей XXI века. Стратегия развития
9-сынып  оқып  жүрген  кезінде  мектеп  жанындағы  «Жас  натуралистер» 
ұйымына  мүше  болады.  1956  жылы  жас  натуралистердің  Москва  қаласында 
өтетін  Бүкілодақтық  ауылшаруашылық  көрмесіне  жіберген  өнімдері 
жүлделі орындарға ие болады. Нұрсұлтан Назарбаев жеңімпаздар қатарында 
Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысушы медалін иеленіп, өзінің 
алғашқы наградасын 16 жасында омырауына тағады.
Нұрсұлтан  Әбішұлының  Қарағанды  металлургия  зауытында  жұмыс 
атқарған  жылдары  мекемедегі  комсомол  ұйымы,  қала  өміріндегі  қоғамдық  - 
саяси шараларға белсене араласқандығы, сол жылдары металлург жастардың 
шынайы  жетекшісіне  айналғандығы  тарихи  деректерден  белгілі.  Іссапарлар 
барысында  Елбасының  жастық  шағына,  тұлға  болып  қалыптасу  кезеңіне 
байланысты  құжаттар  жинастыруға  назар  аударылды.  Осыған  сәйкес,  2011 
жылғы іссапар кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында, 
Қазақстан  Республикасы  Орталық  мемлекеттік  кинофотоқұжаттар  мен 
дыбыс  жазбаларының  мұрағатында,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 
кітапханасында  ғылыми  іздестіру  жұмыстары  атқарылды.  Нәтижесінде, 
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс 
жазбалары  мұрағатының  қорынан  Н.Ә.  Назарбаевтың  1962  жылы  өткізілген 
Қазақстан  ЛКЖО  Х  съезіне,  1970  жылы  өткізілген  Қазақстан  ЛКЖО  ХІІ 
съезіне  қатысуы  туралы  деректі  фильмдер  алынды.  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  Мұрағаты  қорынан  1962-1979  жылдар  аралығын  қамтитын  
Н.Ә. Назарбаевтың баяндамаларының көшірмелері алынды. Баяндамалардың 
арасында  Н.  Назарбаевтың  Қазақстан  комсомолының  Х-съезінде  жасаған 
баяндамасының  орны  ерекше.  Баяндама  мәтінінен  21  жастағы  Нұрсұлтан 
Әбішұлын сол кездегі тұрмыстың қиындығы мен адамдардың жағдайы ерекше 
алаңдатқанын аңғаруға болады.
Іздестіру-жинақтау жұмыстары кезінде бұрыннан көпшілікке белгісіз болып 
келген  деректерді  табуға  назар  аударылды.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 
кітапханасының қорынан Елбасының өмірі мен қызметіне қатысты мақалалар 
алынды. Оның ішінде, Елбасының қоғамдық қызметіне қатысты жаңа деректер 
табылды,  Н.Ә.  Назарбаевқа  космонавт  В.Ф.  Быковскийдің  «Восток-5» 
кораблімен ғарышқа аттанған сапарында 1963 жылы 14-19 маусым аралығында 
өзімен  бірге  алып  ұшқан  комсомол  төсбелгісін  табыс  етуі  туралы,  сонымен 
бірге Н.Ә. Назарбаевқа БЛКЖО ІІІ пленумында «БЛКЖО Құрмет белгісінің» 
табыс етілуі туралы «Комсомольская правда» газетінде жарияланған мақалалар 
мен фотосуреттер табылды. 
Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  барысында  Музей  қорында  сақталған, 
бірақ  мәліметтері  белгісіз  болып  келген  фотосуреттер  туралы  ақпараттарды 
айқындауға  да  мән  берілді.  Музей  қорындағы  Н.Ә.  Назарбаевтың  космонавт 
Ю.А.  Гагаринмен  бірге  түскен  суреті  туралы  деректер  айқындалды.  Суретте 
бейнеленген  Елбасының  замандастары  Ғайникен  Бибатырова,  Күләш 
Құнантаева,  Үкітай  Байжомартовтармен  хабарласу,  сұхбаттасу  нәтижесінде 
суреттегі оқиғаның мазмұны ашылды.
Осылайша, 1960 жылдары Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің хатшысы 
қызметін атқарған Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Үкітай Байжомартовтан 
Н.Ә. Назарбаевтың 1962 жылы 27 шілде – 5 тамыз аралығында Финляндияның 

68
XXI ғасыр мұражайы. Даму Стратегиясы
Хельсинки  қаласында  өткен  VIII  Бүкіләлемдік  Жастар  мен  студенттер 
фестиваліне қатысқаны туралы фотосуреттер мәліметі анықталды.
2014  жылы  Теміртау,  Қарағанды  қалаларына  іссапар  барысында 
замандастары  Қуаныш  Омашев,  Сұлтан  Досмағамбетов,  Владимир 
Колбаса,  Жүнісов  Арғын,  Ермек  Төлеубаев,  Виктор  Никонов,  Тоқтархан 
Ысқақов,  Шайхиден  Жукушев,  Виктор  Стринжа,  Нина  Вахитовалардан 
сұхбаттар  алынды.  Сонымен  қатар,  Қарағанды  техникалық  университетінен 
«Замандастары 
Қазақстан 
Республикасының 
Тұңғыш 
Президенті  
Н.Ә.  Назарбаев  туралы»  атты  Қ.  Омашев,  В.  Никонов,  Қ.  Сарекенов,  
Е. Төлеубаевтардың бейнедәрістерінің көшірмелері алынды.
Теміртау  қаласындағы  Тұңғыш  Президенттің  тарихи-мәдени  орталығы, 
Теміртау  қаласының  тарихи-өлкетану  музейі,  Елбасы  Н.  Назарбаевтың 
оқыған  жоғары  оқу  орындары  –  Қарағанды  мемлекеттік  индустриялық 
университеті (Теміртау қ.), Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 
тарихына  арналған  мұражай  экспозицияларымен,  Елбасы  еңбек  атқарған 
«АрселорМитталТеміртау» мекемесі (Қарметкомбинат) жұмысымен танысып, 
қажетті мәліметтер жинақталды. 
Іздестіру, жинақтау жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының 
Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  өмірі  мен  қызметі,  қоғамдық 
жұмыстарға  қатысуы  туралы  жаңа  ақпараттар,  бейнедәрістер,  Елбасы 
замандастарының  сұхбаттары  сынды  материалдармен  музей  қоры 
толықтырылды. 
Қазіргі  уақытта  Музей  қорында  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  өмірі  мен 
қызметін,  еңбек  жолын  баяндайтын,  тәуелсіз  ел  тарихын  ашып  көрсететін 
мазмұнды  материалдар  мен  музейлік  заттар  жинақталған.  Тақырыптық 
жинақтау жұмыстарының нәтижелері музей экспозицияларында көрініс тапты, 
өмірбаяндық  сипаттағы  материалдарды  іздестіру,  жинастыру  нәтижелері 
«Атамекен», «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы» экспозицияларын жасау, 
реэкспозициялау  жұмыстарына,  ғылыми-әдістемелік  ұсынымдар,  экскурсия 
мәтіндерін  жазуға,  көрмелер  ұйымдастыруға,  «Атамекен»,  «Қазақстан 
Республикасы  Тұңғыш  Президенті  Музейінде  ғылыми-іздестіру  жұмысының 
ұйымдастырылуы: тәжірибе, мәселелері және келешегі», «Елбасы: өмірбаяны, 
бастамалары  және  саяси  ұстанымы.  Замандастар  естеліктері»  атты  музей 
басылымдарына негіз болды. 
Музейде  жинақталған  өмірбаяндық  материалдар  «Елбасытану»  элективті 
курсы,  «ҚР  Тұңғыш  Президенті  Н.  Назарбаев:  тарихи  тұлғаның  қалыптасу 
кезеңдері»  тақырыбы  бойынша  дәрістер  өткізу  барысында,  баспасөз  ақпарат 
құралдарына сұхбаттар беру арқылы кеңінен насихатталды. 
Елбасытану  курсы  аясында  өткізілген  «Атамекен  –  алтын  бесік»  атты 
дәрісте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің атамекені, туған жері, 
ата-аналарының  тәрбиелік  өнегесі  туралы,  «Адам  тәрбиешісі  –  қоғам»  деп 
аталатын дәрісте Н. Ә. Назарбаевтың ұстаздары, оқуы, өнерпаздығы, спортпен 
айналысуы,  қоғамдық  жұмыстарға  қатысуы  туралы,  «Ер  еңбегімен  еңселі» 
атты дәрісте Украинаның Днепродзержинск қаласында білім алуы, Елбасының 
1958-1991  жылдар  аралығындағы  еңбек  жолы,  тұлға  болып  қалыптасуы 
туралы  баяндалып,  мазмұнды  ақпараттар  берілді.  «Нұрсұлтан  Назарбаев  – 

69
Музей XXI века. Стратегия развития
тарихи  тұлға»  деп  аталатын  дәріс  барысында  оқушылар  тақырып  бойынша 
өз  пікірлерін  ортаға  салды.  Курс  аясында  Елбасының  замандастарымен 
кездесулер  ұйымдастырылды,  деректі  фильмдер,  бейнедәрістерден  үзінділер 
көрсетілді. «Елбасытану» курсы елорда мектептерінің оқушыларына, сонымен 
қатар  Ақмола  облысы  Еңбекшілдер,  Аршалы  аудандарының  ұстаздары  мен 
оқушыларына өткізілді. 
Қаншама  құнды  деректер  жинақталып,  зерттеу,  насихаттау  жұмыстары 
жүргізілсе  де  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаевтың  өмірі  мен  қызметіне  қатысты  материал,  деректерді  зерделеу 
жұмыстары  бұл  шаруалармен  шектелмейді.  Себебі,  Елбасы  тағдырының 
ел  тарихымен  сабақтасып  жатқандығын  ескерер  болсақ,  бұл  зерттеулердің 
келешек үшін қажет болары сөзсіз.

70
XXI ғасыр мұражайы. Даму Стратегиясы
Ахмедова нигора Рахимовна,
доктор искусствоведения, 
заведующая отделом изобразительного
искусства Института искусствознания
Академии художеств узбекистана
Ташкент, узбекистан
ИнВАРИАнТы ТРАДИцИонной КуЛьТуРы В жИВопИсИ 
цЕнТРАЛьной АЗИИ 30- х ГоДоВ хх ВЕКА: 
А. КАсТЕЕВ И у. ТАнсыКбАЕВ. 
(К пРобЛЕМЕ ФоРМИРоВАнИЯ МуЗЕйных КоЛЛЕКцИй) 
    
Юбилейная  дата  –  110  лет  со  дня  рождения  выдающегося  художника 
Казахстана,  вызывает  много  размышлений,  привлекая  к  новым,  ранее  не 
изученным вопросам его творчества. Вновь с неизменностью подтверждается 
мысль  об  актуальности  искусства  подлинных  классиков  во  все  времена. 
Примечательно,  что  не  так  давно  автору  данного  материала,  приходилось 
рассматривать формирование основоположников региональной живописи (А. 
Кастеев, У. Тансыкбаев, Б. Нурали) в специфических контекстах 30-х годов ХХ 
века, раскрывая всю самобытность и уникальность их становления (1, 2).   
Однако  современный  научный  дискурс  актуализирует  новый  комплекс  
вопросов, позволяя их рассматривать в более сложной оптике.  
Речь  идет  о  точке  бифуркации  в  начале  ХХ  века,  когда  многовековая 
традиционная культура испытывала огромное потрясение в ходе модернизации 
региона.  Колоссальный  потенциал  духовных  и  эстетических  традиций  в 
контексте  новой  европейской  культурной  парадигмы  упорно  проявлялся, 
«пульсировал»  в  творчестве  национальных  мастеров,  обогащая  общие 
советские идеи оригинальной выразительностью. С одной стороны, устойчивые 
признаки  (инварианты)  традиционной  культуры  проживали  новую  жизнь  в 
неком «наивном» дискурсе, как например, в живописи А. Кастеева, с другой, – 
можно видеть явление неопримитивизма в раннем творчестве У.Тансыкбаева. 
Оба феномена  как «природное» и  как «авангардное» (художественный прием) 
в контексте каждой национальной школы были закономерны.
Абылхан Кастеев представлял собой пример уникального таланта, стихийно 
проявившегося из местной, традиционной среды, еще не освободившегося от 
многих патриархальных представлений, но который по-своему адаптировался 
в  сфере  профессионального  искусства.  Трудно  его  однозначно  определить 
в  «примитивы»,  придерживаясь  теоретических  оснований  о  трех  уровнях 
художественной  культуры,  изложенных  в  фундаментальном    исследовании 
В.  Прокофьева  «Примитив  и  его  место  в  художественной  культуре  Нового 
и  Новейшего  времени»  (3).  Очевидно,  что  условия  исторического  времени, 
а  также  переход  от  доиндивидуального  к  индивидуальному  типу  искусства, 

71
Музей XXI века. Стратегия развития
способствующий  рождению  собственного  мира  художника,  в  контексте 
живописи Казахстана были специфичны и не укладываются в известные схемы. 
Теоретическое рассмотрение этих проблем с учетом всех особенностей процесса 
еще  ждет  своих  исследователей.  Но  пока  важно  определить,  что  искусство  
А. Кастеева «наивно» лишь постольку, поскольку оказалось в окружении более 
развитых  эстетических  требований.  Он,  тем  не  менее,  не  был  «срединным» 
явлением, так как развивался в профессиональной среде и ее представлял. Его 
истинное простодушие и как будто впервые обретенная радость художественного 
открытия  мира,  ярко  пробивались,  раскрывая    особенности  фольклорного 
мировосприятия,  но  не  наивность  дилетанта.  Художник  ставил  перед  собой 
сложные профессиональные проблемы и решал их, хотя своеобразно, однако в 
актуальном контексте развития казахской живописи тех лет.
В  исторической  перспективе  так  же  интересно  рассмотреть  сквозь  новую 
оптику  отдельные  аспекты  формирования  Урала  Тансыкбаева,  обозначив 
оригинальность  генезиса,  невероятную  скорость  и  восприимчивость  этого 
художника,  который  своим  появлением,  словно  обогнал  привычный  ход 
времени. Как и живопись молодой  национальной школы Узбекистана, развитие 
Тансыкбаева  проходило  по  самостоятельной  логике:  сразу  с  пластических 
исканий  авангарда,  а  не  привычно  –  «от  робкого  ученика  к  шедеврам». 
Безусловно,  оказывала  влияние  бурная  реальность  тех  лет-  крушение 
старого  мусульманского  мира  и  пафос  созидания  нового  Востока.  Такие  же 
невероятные совмещения и ускоренность развития отразились в творчестве и 
жизни художника. 
Как  известно,  учиться  Тансыкбаеву  пришлось  недолго  и  отрывочно  –  в 
1927  г.  в  художественной  студии  Н.В.  Розанова,  с  1928-29  гг.  в  Пензенском 
художественном училище. По существу, формирование Тансыкбаева началось 
в Ташкенте в среде авангардных по творческим ориентациям русских мастеров, 
с  ними  он  «закалялся»  в  атмосфере  острых  дискуссий  о  путях  развития 
художественной школы. 
Интересно заметить, что логика пейзажной эволюции Тансыкбаева 40-70-х 
годов  привычно  выводилась  из  раннего  творчества,  тем  самым  обосновывая  
закономерность перехода художника в реалистический пейзаж. Такой подход в 
целом допустимый, тем не менее, снимает остроту вопроса о «сломе» авангардных 
позиций,  «выпрямляет»  эволюционную  линию,  подтверждая  неминуемость 
его  обращения  в  пейзажиста.  Между  тем,  и  это  важно,  формирование 
Тансыкбаева в 30-е годы было более разнообразным и непредсказуемым. Об 
этом, в частности, можно судить по монументальным  эскизам, а так же жанру 
портрета,  который  еще  не  привлекал  внимание  исследователей  творчества 
мастера. По существующим источникам более десяти работ в собрании ГМИ 
РУ, ГМИ РК им. В. Савицкого можно отнести к портретам и автопортретам 
довоенного  периода.  Как  оказалось,  Тансыкбаев,  обращаясь  к  этому  жанру, 
много экспериментировал над образом и с техникой. Одни выполнены маслом 
и гуашью, другие – представляют собой образцы первоклассной черно-белой 
графики, выполненной карандашом, соусом, тушью.
 Первая известная работа художника, датируемая 1925 г. – это графический 
портрет «Девушка в профиль» (ГМИ РК им. В. Савицкого). Затем были тоже 

72
XXI ғасыр мұражайы. Даму Стратегиясы
портреты - «Узбечка» (ГМИ РК им. В. Савицкого,1928) и широко известный  
импрессионистический «Портрет узбека» из музея Востока (1927), на котором 
изображен друг художника по студии Н.Розанова А. Ташкентбаев
Начав с импрессионизма, Тансыкбаев быстро усваивает главное и переходит 
к пластике П.Сезанна и А.Дерена в многочисленных рисунках углем (ГМИ РК 
им. В. Савицкого). 
С  присущей  молодости  энергией  развитие  Тансыкбаева  в  эти  годы 
проходило ускоренно и неровно. То он возвращался к импрессионистическим 
вариациям  в  работах  1934  года,  то  осваивал  опыт  постимпрессионизма  и 
кубизма, ради которого посетил в 1929-м  Музей Нового Западного искусства 
в Москве. В  портретах 30-х годов интересны не только влияния, которые он 
испытывал,  пробы разного метода и стилистики. Создается впечатление, что 
живя  в  такое  стремительное  время,  когда  язык  искусства  не  «поспевал»  за 
историей,  молодой художник также  постоянно шел на поиски нового языка, 
адекватного современности. Главное, что он нисколько не опасался потерять 
индивидуальность: во всем у него убедительно пробивалось что то свое, все 
преодолевала его природная интуиция и воображение.
Это  относится  и  к  работам  Тансыкбаева,  связанным  с  концепцией 
неопримитивизма, которой были увлечены в те годы и А. Волков, В. Уфимцев, 
М. Курзин. По фовистстки «дикими», открытыми цветами написан  «Портрет 
узбека  на  желтом  фоне»  (ГМИ  РК  им.  В.  Савицкого,1934),  в  котором  
национальный  типаж  дан  в  профиль,  и  достаточно  репрезентативно.  Мы 
видим смуглое лицо и крепкую фигуру молодого человека на ярко желтом 
фоне  со  схематично,  стилизованными,  словно  «неумело»  нарисованными 
деревьями.  По  краям  композиции  художник  обозначил  орнаментальную 
кайму. Также легко и не замысловато трактованы красные  цветы-узоры на 
голубом  халате  и  тюбетейке  персонажа,  звучно,  декоративно  выделяясь  на 
желтом фоне, напоминающем сюзане. Безусловно, это произведение трудно 
назвать портретом в традиционном понимании. Главное здесь – образ-знак 
и символы, идущие из глубины традиционного сознания. Примитивистский 
принцип полностью реализован в фоне, растениях – орнаментах, лице – маске. 
Чувствуется и игровой, и провокационный характер этой оригинальной работы 
Тансыкбаева. Поэтому  этот «примитив» заявлен как нечто народное, исконное 
не  только  в  стилистике,  оно  в  ощущении  прямой  демонстрации  простоты, 
мощи  этого  «человеко-схемы»,  а  также  некоем  маскарабозном  (народный 
цирк)  начале,  которое  приоткрывается  в  ней.  Как  писал  М.  Бахтин  «маска 
связана  с  радостью  смен  и  перевоплощений,  с  веселой  относительностью,  
с  веселым  отрицанием    тождества  и  однозначности,  с  отрицанием  тупого 
совпадения с самим собой» (4). Здесь это соотносится с присущим авангарду 
снижением, архаизацией образа. Искусство авангарда  возвращало  маске ее 
первоначальную природу, игровые моменты. Это видно и по многочисленным 
портретам  мастеров фовизма, кубизма и экспрессионистов. Известно, что У. 
Тансыкбаев был увлечен и народными росписями, что отразилось в недавно 
обнаруженном панно «Восточная элегия» (1927). Поэтому и в работах 30-х 
годов,  связанных  с  примитивистскими  тенденциями,  можно  видеть  как 
элементы  народной  эстетики,  трансформируясь,    составляли  основу  его 

73
Музей XXI века. Стратегия развития
авангардных поисков. Они нашли отражение  и  в других работах тех лет - 
«Казах и казашка», «Казашка», «Самарканд. Узбек»  (все - ГМИ РК им. В. 
Савицкого).
И  хотя  после  этого  портрета  У.  Тансыкбаев  опять  возвращался  к 
импрессионистическим вариациям, этот опыт имел большое значение, например 
в автопортрете 1935 года (ГМИ РК им. В. Савицкого). Он написан экспрессивно, 
на  темном  фоне.  Тансыкбаев  –  в  образе  загадочной  артистической  натуры  с 
необычной челкой, прикрывающей лоб, в элегантном черном костюме, рубашке 
с высоким воротником и бабочкой. Взгляд вопросительный и в то же время 
вызывающий,  дерзкий.  Трудно  узнать  в  этом  молодом  человеке  недавнего 
рабочего.  Перед  нами  сложная  творческая  натура,  артист.  В  авангарде  роль 
художника  всегда  имела  специфическую  стратегию,  в  которой  многое  было 
рассчитано на открытый диалог, публичность, вызов. Художник понимался как 
личность исключительная, он - Творец.
Автопортреты Тансыкбаева этих лет отражают его постоянные напряженные 
трансформации в творчестве, он находился на пике исканий. Ощущая в себе 
соединение  разных  истоков,  он  позиционировал  себя  как  человек  Нового 
времени, который принял культуры Запада и Востока. Поэтому и обращение 
Урала Тансыкбаева к портрету было явлением уникальным не только в плане 
оригинальных  пластических  исканий.  Оно  –свидетельство  приобщения  и 
адаптации  к  европейской  традиции  искусства,  которая  видит  важнейший 
смысл культуры в размышлении о Человеке.  Поэтому авангардные интенции 
Урала Тансыкбаева не ограничивались  только освоением приемов модернизма, 
за  ними  он  понимал    концептуальные  основания  нового,  современного 
мироощущения.  Сын  Азии,  ввергнутой  в  модернистский  революционный 
проект, он и сам был образцом и объектом мощнейших совмещений. Вместе 
с тем и это характерно, Тансыкбаев всегда облекал свою пластическую мысль 
в очень ясные, точно найденные, обдуманные формы, в «простоте» которых, 
тем  не  менее,  отражался  и  опыт  модернизма,  и  ментальность  носителя 
традиционной  культуры    народов  Средней  Азии.  Во  всех  упомянутых 
произведениях  проглядывает  его  темперамент,  глубокая  искренность  и 
правда переживаний, а природный дар живописца своей энергией казалось, 
искупал  не знание им сложных систем анализа формы и цвета. В целом это 
был и в жизни мощный человек без опасливой умеренности и мелочности. 
Как  описывал  его  Л.  Ремпель:  «Узкий  прищур  глаз  то  сверлит  пришельца, 
то  раскроется  вширь,  и  Урал  зальется  радостным  смехом.  Приземистый, 
плотный, он будто только что спрыгнул с седла. В прошлом рабочий винных 
заводов, он воспринял лучшие черты передовой культуры Европы и Азии» 
(5). 
Урал  Тансыкбаев  разделил  непростую  судьбу  художников  авангарда  в 
Узбекистане.  “Главу  узбекистанских  колористов”,  вскоре  будут  критиковать 
как «горе-теоретика декоративизма». Впоследствии он отказался от работы в 
жанре портрета.
Оригинальный  опыт  и  инварианты  традиционной  культуры  на  этапе 
формирования  живописи  Центральной  Азии  имеют  большое  историко- 
художественное  значение.  Его  исследование  расширяет  представление  о 

74
XXI ғасыр мұражайы. Даму Стратегиясы
культурной  модернизации  прошлого  века,  о  развитии  известных  течений  на 
новой почве, а так же вносит корректировки и значительно дополняет картину 
развития мирового искусства в ХХ столетии. 
Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 13.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет