Сборник научных статей республиканской научно-практической конференции «ивановские чтения 2016»



жүктеу 132.75 Kb.

Дата19.05.2017
өлшемі132.75 Kb.
түріСборник

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 



Министерство образования и науки Республики Казахстан 

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 



Западно-Казахстанский государственный университет им.М.Утемисова 

 

 

 

 

 

 

 

 

Е.А. Ағелеуов және А.З. Петренконы 

еске алуға арналған 



«ИВАНОВ ОҚУЛАРЫ - 2016» 

«Қазақстан экожүйесінің алуантүрлілігінің өзекті мәселелері» 

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми 

мақалалар жинағы 

 

 

28 қыркүйек 2016 ж. 

 

 

 

 

 

Сборник научных статей 

республиканской научно-практической конференции 

«ИВАНОВСКИЕ ЧТЕНИЯ –  

2016» 

на тему: 



«Актуальные проблемы биоразнообразия  

экосистем Казахстана», 

посвященной памяти 



Е.А.Агелеуова, А.З.Петренко

 

 



 

28 сентября 2016 г. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал-Уральск, 2016 



 

 



 

ӘОЖ 58009 



 

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫ ЖАЙЫЛМА 

ОРМАНДАРЫНДАҒЫ ЕМДІК ҚАСИЕТІ БАР 

ӨСІМДІКТЕРДІҢ БИОЛОГИЯСЫ 

 

Кажымуратова Ж.С , Естайқызы Б.   

Орал қаласы 

 

Дәрілік  өсімдіктер  дегеніміз  –  (Plantae  medicinalis)  немесе 

шипалы  өсімдіктер  медицинада  аурудың  алдын-  алу  мақсатында 

қолданылатын өсімдіктер. 

Дәрілік  өсімдіктер  құрамында  көптеген  биологиялық  әсерлі  заттар  болады,  оларды  емдік 

мақсатта  пайдаланғанда  сол  заттар  адам  организміне  еніп,  әр  түрлі  физиологиялық  өзгерістер 

туғызады.  Өсімдіктердің  дәрілік  қасиеті  осы  биологиялық  белсенді  заттардың  түрлері  мен 

мөлшеріне  байланысты.  Батыс  Қазақстан  облысындағы  дәрілік  өсімдіктердің  көптеген  түрлері 

кездеседі. 

 

 

 

 

 

Сурет 1. БҚО-дағы  емдік қасиеті бар өсімдіктер. 



 

 

Тұқымдасы: Бұршақтар 

Туыс: Түйежоңышқа  

Түрі:Дәрілік түйежоңышқа- (Melilotus officinalis L. Desr.)  

 

Сурет 2 .Кең таралған өсімдік дәрілік түйежоңышқа. 



 

 

 

 

 

 

 

Бұл өсімдіктің гүлдері бала арасын еліктеріп, таптырмайтын бал зауыты болып табылады, ал 

жапырағы беде тәрізді үш құлақты, түрлік атауы «officinalis» дәрілік түрге жататынын білдіреді. 

Ботаникалық сипаттамасы: Дәрілік түйежоңышқа – биіктігі 30-100 см, екіжылдық шөптесін 

өсімдік.  Сабағы  тік,  тегіс,  тек  жоғарғы  бөлігі  ғана  қырлы.  Жапырақтары  кезектескен,  сағақты,  

Дәрілік өсімдіктер 

 

Түйежоңышқа 

Итмұрын 

Жолжелкен

  

Итшомырт 



Бүлдірген

  


 

күрделі,  үш  құлақты;  төбе  жапырақтары  ұзын 



сағақты;  жанама  жапырақтары  –  отырмалы. 

Тостағаншаларының  ұзындыңы  2  мм,  жартысына 

дейін үшбұршты-ланцентті бөлікке кесілген. Күлте 

жапырақшалары  сары,  көбелек  тәрізді.  Желкен 

және  ескектері  қайықшадан  ұзындау.  Аталық 

жіпшелері  9-ы  біріккен,  тек  1-еуі  ортасында  бос 

орналасқан.    Жемісі-  жұмыртқа  тәрізді,  сұр  түсті, 

жылтыр,  1  немесе  2  тұқымды,    біреуі  жасыл-сары 

түсті-  бұршаққап .Гүлдеу уақыты – мамыр айынан 

шілдеге дейін. 

Таралуы:  Оңтүстік  құмды  және  биік  таулы 

айм  ақтардан  басқа  Қазақстанның  барлық 

аймақтарында таралған. 

 

Тұқымдасы: Қаражемістер 



Туыс: Қаражеміс 

Түрі:Ішайдағышитшомырт – Rhamnus cathartica R.  

Сурет 3. Тікeнекті итшомырт. 

 

 



 

 

 



 

Шикізатты жинау және өңдеу. Шөпті гүлдейтін уақытында төбе және жанама өскіншелерін 

жуан  сабағына  тигізбей 30  см-ге  дейін  пышақпен  кесіп  алу  керек.Түйежоңышқаны  темір  немесе 

шыны ыдыста,  астына  5-7  см   қалыңдықта  қағаз немесе  мата  төсеп кептіреді.Сақтау  мерзімі  –  2 

жыл. 

Қолданылуы. 



Түйежоңышқа 

препаратын 

тітіркендіргіш  құрал  ретінде  және  жұмсартқыш 

ретінде  сыртқа  қолданады.  Түйежоңышқа  шөбінен 

жасыл  пластырь  дайындайды.  Сонымен  қатар, 

түйежоңышқа  шөбі  жұмсартқыш    жинаманың 

құрамына 

кіреді. 


 

Халық 


медицинасында 

түйежоңышқа  шөбінен  дайындалған  қайнатпа  өкпе 

және  тыныс  алу  аурулары  кезінде  қақырық  түсіргіш 

құрал  ретінде  пайдаланылады  және  де  жұмсартқыш 

жинаманың  (шәй)  құрамына  кіреді.  Ұйқысыздық 

кезінде  тыныштандырғыш  құралы  ретінде  және  жел 

айдағыш ретінде  пайдалануға болады. Ыстық суда буланған түйежоңышқа гүлдерін іріңді ісікте, 

сыздауық  шыққанда  пайдаланады.  Түйежоңышқаны  темекі,  сабын  және  парфюмерияда 

иістендіргіш ретінде қолданады. 

Кумариннің  қатты  иісіне  байланысты  балғын  шөп  күйінде  және  пішен  түрінде  жануарлар 

көп  жемиді.  Сүрленген  шөп  ретінде  және  жасыл  тыңайтқыш  ретінде  пайдалануға  болады. 

Экпорттық  өнім  болып  табылады.  Францияда  түйежоңышқаны  антисептикалық  құрал  ретінде 

және бояғыш зат ретінде қолданады. Үндістанда ароматтық, жұмсартқыш, қан тоқтатқыш ретінде 

пайданылады.  Австрияда  дәрілік  түйежоңышқаны  «бал  бедесі»  деп  атап,  асқазан  ауруларында, 

бронхитте қолданады. Польшада жүрек, бас ауруларында, ұйқысыздыққа қарсы  қолданады. 

Тұқымдасы: Жолжелкендер  

Туыс: Жолжелкен 

Түрі:Бақажапырақты жолжелкен – Plantago media 



 

Сурет 4. Орманда жерге төселіп жататын жолжелкен. 

 

 

 



 

 


 

 



Қаражемістің  туыстық  атауы  Rhamnus  итшомырт  тікенекті  өсімдік  атауына  байланысты 

(Диоскорид, Теофраст, Никандр т.б авторлар). Ram  сөзі кельт тілінен аударғанда тікенді дегенді 

білдіреді, қаражеміс бұталарының ұшында үлкен тікендері бар. 

Ботаникалық сипаты: Көп жылдық бұталар немесе биіктігі 2-4 м, кейде 8 м болатын аласа 

ағаштар.  Жас  бұталардың  қабығы  қызыл-қоңыр,  жылтыр,  ал  ескі  бұталарының  қабығы  қара, 

бұдырлы,  шытынағыш  және  уатылғыш.  Бұталары 

тікенекті. 

Жапырағы 

эллипс 

немесе 


дөңгелек-

жұмыртқа  пішінді,  шеттері  араның  тістері  тәрізді, 

жоғарғы жағы анық жасыл, төменгі жағы ашықтау. 

Төменгі  жағында  3  жұпты  доға  тәрізді  жапырақ 

орналасқан. 

Гүлі 


мүшелі, 


қолтық 

жапырақшаларына  10-15-тен  шоғырланған,  екі 

үйлі,  біреуінде  тек  аналық,  екіншісінде  аталық 

орналасқан.  Тостағанша  жапырақшалары  3  өткір 

бөліктен тұратын воронка немесе қоңырау тәрізді. 

Күлте  жапырақшалары  жасыл  түсті,  тостағанша 

жапырақшадан  2  есе  қысқа,  аталықты  қоршай 

орналасқан.  Аталық  –  4.  Жемісі  –қара,  жылтыр,  4-5  сүйекшеден  тұратын  сүйекті,  шырынды. 

Тамыз – қырқүйек айларында піседі.Гүлдеу уақыты – мамыр – маусым айлары. 

Таралуы.  Құмды  және  биік  таулы  жерлерден  басқа  Қазақстанның  барлық  аймақтарында 

таралған.  

Шикізатты  жинау  және  өңдеу.  Жемістерді  толық  піскен  уақытында(  қыркүйек-  қазан 

айларында) қолмен үзіп шелекке немесе себетке жинайды.Сақтау мерзімі – 2 жыл. 

Қолданылуы.  Қаражеміс  жемістері  айдағыш  ретінде  қайнатпа  немесе  сұйық  сығынды 

күйінде  қолданылады.Өсімдіктің  айдағыш  әсері  құрамындағы  антрагликозид  мөлшеріне 

байланысты. Қаражеміс қабығынан созылмалы іш қату кезінде қолданылатын франгин препараты 

алынады.Қаражеміс жапырағында С витамині көп болады. Оның қабығы жемісіи сияқты айдағыш 

әсерге  ие,  бірақ  оның  әсері  күштірек,  сондықтанда  қолданар  кезде  сақ  болу  керек.  Қаражеміс 

препараттарын  қолданар  кезде  дәрігер  ұсынған  мөлшерін  қатаң  сақтау  керек,  әсіресе  балаларға. 

Артық  мөлшерде  қолдану  іш  өту,  құсу  және  асқорыту  жолдарының  қабынуына  әкеледі.  Емдік 

қасиеті құрамындағы антрагликозид мөлшеріне байланысты.  

Қаражеміс  тұқымында  май  заттары  бар.  Қаражемістің  қай  түріде  «бал  зауыты»  болып 

табылады.  Жемісінде  антратуынды  заттар  бар:  рамнокатартин,  рамноксантин,  франгулаэмодин, 

жостерин. Сонымен қатар, флавоноидтар: рамноцитрин, ксанторамнетин, рамнетин кездеседі. 

Өсімдіктің жолжелкен деп аталу себебі жолдың жиегінде өсетін болғандықтан.  

Ботаникалық  сипаттамасы.  Екі  жылдық  шөптесін  өсімдік.Тамыры  вертикальды  бірнеше 

тармақталған жіп тәрізді,талшықты тармақтары бар. 

Сабағы-тік  бір  немесе  бірнеше  (биіктігі  10-50  см)  көлденең  немесе  аздап  иілген  жоғарғы 

жағында  масақ  тәрізді  гүлшоғыры  бар.  Жапырағы  жиектері  тұтас  немесе  ұсақ  тісшелері  бар 

,жұмыртқа  тәрізді  немесе  эллипс  тәрізді.  Гүлдері  цилиндр  тәрізді  жіңіщке  тығыз  масаққа 

жинақталған,төменгі  жағында  ғана  гүлдері  сирек  орналасқан.  Күлте  жапырақшалары  жұмыртқа 

тәрізді,тостағанша  жапырақшаларынан  қысқа,кейде  деңгейлес  келеді.  Тұқымы-екі  үйлі,дәндері 

жұмыртқа тәрізді,қою қоңыр түсті,жылтыр.Гүлдеу мерзімі - мамыр-қыркүйек 

Таралуы. Қазақстанның барлық өлкесінде таралған. Өсетін жерлері, шөлді жерде, ылғалды 

шалғындықта, өзен жағалауларында, тоғайда, құрғақ сайлы жерлерде де өседі.Жолдың жиегі мен 

тұрғын үй маңайында жиі өседі. 

Кептіруі.  Жапырақтарды  таза  ауада  немесе  жақсы  желденетін  жерлерде,төсеп  кептіреді. 

Жапырақтар ұстап майыстырғанда сынатындай болғанша кептіреміз. Сақтау мерзімі-2 жыл 

Қолданылуы. 

Жапырақтан 

жасалған 

дәрі-дәрмекті 

гастрит,жедел 

асқазан-ішек 

ауруларында(энтерит,колит)жедел  және  созылмалы  колит  кезінде  қолданады.  Клиникалық 

зерттеулер нәтижесі бойынша жаңа жиналған жапырақтың сөлі жаралардың тез жазылуына жақсы 

әсер  етеді.Күзде  жолжелкеннің    жабысқақ  тұқымы  қорапшасынан  жерге  шашылады.Оны 

адамдар,үй  жануарлары,  әсіресе  тұяқты:  жылқы,қой,ешкі,сиырлардың  аяқтарына  жабысып  жер-

жерге таралады. 

 


 

Тұқымдасы: Раушангүлділер 



Туыс: Бүлдірген  

Түрі:


 

Көгілжім бүлдірген- Rubus caesus 

 

Сурет 5. Көгілжім бүлдірген өсімдігі. 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ботаникалық сипаттамасы. Көпжылдық түкті, шөптесін өсімдік, жидекті дақыл.Бүлдіргеннің 



биіктігі    5-25  см,  бұтақталған  сабағы    ұзарған    жер  асты    өркенін  құрайды.  Тілімденген  ұзын 

сағақты  жапырағы  үш-үштен  топтасады.  Гүлі  ақ    немесе    сары,  қос  жынысты,  гүлшоғыры  –

көпгүлді қалқанша. Жемісі-жидек (қызыл, қызғылт, шырынды).  

Мамырда гүлдеп,  маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, 

гүл  сағақтарынан  және  мұртшалардан  тұрады.  Қысқа  мүйізшелері  гүл  бүршігімен  аяқталады, 

келесі  жылы  олардан  гүл  сағағы  өсіп  шығады.  Бұтағы  арқылы  көбейеді.  Бүлдіргендер  бал-

шырынды  және дәрілік өсімдіктер.  

Жемісі  дәмді,  хош  иісті,  құрамында  А,  В1,  В2....  В9,    РР,  К  витаминдері,    органикалық 

қышқылдар, фосфор, темір, кальций және т.б. пайдалы  заттар  болады. Бүлдіргеннің зиянкестері: 

қой  бүлдірген  ұзынтұмсығы,  бүлдірген  жұмыр  құрттары,  бүлдірген  кенесі.  Аурулары:  ақұнтақ 

(қалталы  саңырауқұлақтардан  туындайтын  өсімдік  ауруы),  шірік.  т.б.  Жемісін  жинап  алғаннан 

кейін  мұртшаларын  қиып,мезгілімен суарып,  түбін  қопсытып,  тыңайтқыштармен  қоректендіреді. 

Тамыры ағаш тәрізді тығыз орналасқан . 

Сабағы  кейбіреуі  тік,көпшілігі  тармақталған,көбінесе  қызғылт-күлгін  түсті,төрт  қырлы,іші 

қуыс.  Жапырағы  сабақтың  төменгі  бөлігінен  жоғарыға  қарай  көлемі  кішірейген;жоғарғы  бөлігі 

ашық  жасыл  түсті,төменгі  бөлігі  тығыз  орналасқандықтан  сұрғылт  түсті;төменде  орналасқан 

жапырақтары  дөңгеленіп  келген  немесе  жұмыртқа  пішінді,түп  жағы  жүрекшк  тәрізді;сабақтың 

ортасына дейін төменгі жапырақтары бессаусақты,эллипс немесе ланцет тәрізді Гүлдері қызғылт, 

қызғылт-күлгін  түсті,  қос  ерінді,  тостағанша  жапырақшалары  5,  біз  тәрізді  тісшесі  бар.  Жемісі 

тостағаншада  орналасқан  4  сына  тәрізді,үшқырлы,  қою  коңыр  түсті,  жаңғақша.  Гүлдеу  мерзімі-

маусым-қыркүйек. 

Таралуы. 

Бұрынғы 

КСРО 


жерінің 

Еуропалық 

бөлігінің 

барлығында 

дерлік 

таралған.Солтүстік, Батыс сібір,Кавказдан басқа. 



Кептіруі.  Жиналған  сабақ  бастарын  жұқа  қағаздан  немес  матадан  жасалған  төсеніш  үстіне 

жайып  ,  жақсы  желдетілетін  жерде  кептіреді.  Негізінен  50-60

0

С  температурада  кептірген 



дұрыс.Құрғақ жақсы желдетілетін жерде 3 жылға сақтауға  болады. 

Қолданылуы.Практикалық  медицинада  валериан  тұнбасының  орнын  басатын  препарат 

ретінде 

қолданылады. 

Жүрек 

неврозы,гипертониялық 



аурудың 

бастапқы 

стадиясында,кардиосклерозда және жүйке тыныштандыратын дәрі ретінде қолданады. 

 

 



 

 

 



 

 

Тұқымдасы: Раушангүлдер  



Туыс: Итмұрын 

Түрі: Итмұрын –Rosa cinnomomea  

 

Сурет 6. Итмұрын –өсімдігі. 



 

 


 

 



 

 

 



 

Итмұрын  деп    раушангүлділер  тұқымдасына    жататын    жапырақ    тастайтын  бұта    не  

шырмауық өсімдіктердің  жемісін  атайды.  

Ботаникалық сипаттамасы. 

Жапырағы    күрделі,  тақ  қауырсынды,  әдетте  2-3  тен    жұптасқан  көлемді    эллипс    тәрізді,  

жиегі    ара  тісті,    ал    астыңғы  жағын  қою  да  жұмсақ    түк  басқан.Гүлі  қос  жынысты,  дұрыс  гүл 

(актиноморфты)  тостағаншасы    жіңішке  жасыл  түсті,  күлтесі    ашық    күлгін    немесе  қызғылт  

түсті.Тостағаншалар  мен    күлтелер  саны    бірдей    (5  тен),    аталық  пен    аналықтары    көп  (саны 

анықталмаған),  гүлі  көлемді  (диаметрі  6  см-ге  дейін),  ұзын    гүл    табанына  көбінше  жалғыздан, 

сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндәктерді  өзіне  тартады, ара, үлкен  тозаң 

жейтін  қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге  ұшып –қонып жүріп айқас  тозаңдандырады.  

Итмұрынның  ерекшелігі-бағалы  дәрумендерге  бай,  жемісі  және    одан  дайындалған  дәрі-

дәрмектер медицинада негізінен асқазан  және  бауыр  ауруларын емдеуге  қолданылады, гүлдерін 

шайдың  орнына  пайдалануға  болады,  күлтелерден  дайындалған    эфир  майы-парфюмерия 

өндірісінде  пайдаланылады. 

Итмұрын. Жемісінің құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы  дәрумендер, каротин, 

қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде  белок, май, гликозидтер бар.Итмұрын  жемісі, 

тұнбасы малға да,  адамға да  өте пайдалы . 

Имұрынның  құрамында  Менделеев  кестесінің  жартысы  бары  деуге  болады.    Итмұрынның 

тамыры,    жапырағы,  жемісі  адам    ағзасына    өте  шипалы.  Құрамындағы  аскорбин  қышқылы 

қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға  қарағанда  50 есе  артық мөлшерде  болады. Медициналық  

тұрғыдан    итмұрынның  құндылығын    оның  құрамында  көп  мөлшерде    болатын    С  дәрумені  

арттырады.  Сонымен    қатар  итмұрынның  құрамында    В,  К,    Р  дәрумендері,    тұқымында    Е 

дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік,  пектинді,  бояулық  заттар,  органикалық  қышқылдар,  

минералды    заттар,    макро  микроэлементтер    болады.    Медицинада    итмұрынды    поливитамин  

ретінде,  ағзада    дәрумендер    жетіспегенде,  атеросклерозға    қарсы,  қан  қысымы  көбейгенде,  қан 

аздыққа,    иммунитетті   көтеруге,    сынған    сүйекті    тез  бітіретін  және  бауыр  ауруларынемдейтін  

дәрілік    өсімдік  ретінде  пайдаланады.  Итмұрыннан  тосап  жасайды.  Жемісін  кептіріп,  қыста  

емдейтін  дәрілік өсімдік ретінде  пайдаланады. Гүлдерін  шайға  қосып  бұқтырып ішеді.  Әдемі 

гүлдерінің  арқасында  көгалдандыруда    кең    қолданыста.  Бұтағы  тікенекті    болғандықтан,  

қоршаудың  орнына  өсіруге  болады.  

 

Әдебиеттер: 

1.

 

Петренко  А.З    и  др.  Природно  –  ресурсный  потенциал  и  проектируемые  объекты 



заповедного фонда Западно – Казахстанской области. Орал, 1998. б. 34-35. 

2.

 



Энциклопедия лекарственных растений . Отпечатано в Испании, 2004 

3.

 



Лагерь А.  Травник от всех болезней.  Москва , 1999 

4.

 



Курамысова И.И. , Аксенова В.Ф .,  Лекарственные растения . Алма-ата Кайнар , 1989 

5.

 



Иващенко Н.И. Қазақстанөсімдіктерәлемініңасылқазынасы. « Алматы », 2006 

6.

 



Қалиев  С.  Қазақемініңрецептері  мен  Тибет  медицинасыныңаудармалары.  «  Алматы  », 

1997 


7.

 

Іскендіров Ә. « Қазақстанның дәрілік өсімдіктері ». Алматы. Қазақстан, 1982 ж. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

МАЗМҰНЫ/СОДЕРЖАНИЕ 

 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС/ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 

 

РЕКТОРДЫҢ АЛҒЫ СӨЗІ/ПРИВЕТСТВЕННОЕ  СЛОВО РЕКТОРА                   





РУСТЕНОВ А.Р. 

АКТУАЛЬНЫЕ  ПРОБЛЕМЫ  ГЕНЕТИЧЕСКОГО  УЛУЧШЕНИЯ  ПОТЕНЦИАЛА 

ЖИВОТНЫХ 

МЕТОДАМИ 

КРИОКОНСЕРВАЦИИ 

ГАМЕТ 


ПУТЕМ 

СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ТЕХНОЛОГИИ ХРАНЕНИЯ 



КАЙСАГАЛИЕВА Г.С.  

АГЕЛЕУОВ ЕСЕНБАЙ АГЕЛЕУОВИЧ - ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН                                                     

12 

ДАРБАЕВА Т.Е. 

АНАТОЛИЮ ЗАХАРОВИЧУ ПЕТРЕНКО- ПАМЯТИ УЧИТЕЛЯ 

13 

 

СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІСТЕР/СЕКЦИОННЫЕ ЗАСЕДАНИЯ 



 

СЕКЦИЯ 1 

 

ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ЗЕРТТЕУ, ҚОРҒАУ 



ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 

 

ИЗУЧЕНИЕ, ОХРАНА И РАЦИОНАЛЬНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ 



РАСТИТЕЛЬНОГО И ЖИВОТНОГО МИРА 

 

Альжанова Б.С., Жаксылыкова Е.Б. 

БҚО АЛЫП СОҚЫР ТЫШҚАННЫҢ (Spalax giganteus)ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ 

БИОЛОГИЯСЫ 

20 

Аманбаев К. С. 

ДИНАМИКА  ИЗМЕНЕНИЯ  ПОЙМЕННОЙ  РАСТИТЕЛЬНОСТИ  РЕКИ  ЧАГАН  В 

ПРЕДЕЛАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ 

24 


Дарбаева Т.Е.,Салимгереева А.Е. 

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫНЫҢ ЖАЙЫЛМА ОРМАНДАРЫНЫҢ 

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 

27 


Дарбаева Т.Е.,Сарсенова А.Н. 

В.В.ИВАНОВ  ДЕРЕКТЕРІ  БОЙЫНША  СОЛТҮСТІК  КАСПИЙ  МАҢЫНЫҢ  СУ 

ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

31 


Джангазиева Б.Ж., Дарбеккызы Д. 

ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЗИЯНКЕСТЕРІ 

36 

Джангазиева Б.Ж. Кожантаева Ш. 

ШЕГІРТКЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ БИОГЕОЦЕНОЗДАҒЫ ОРНЫ 

39 

Жароева А.Ғ., Мұстажапова Қ.А. 

ДУАДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ 

44 

Жароева А.Г., Нурадилова Г. 

ДЕМОДЕКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ – ДЕМОДЕКС КЕНЕСІНІҢ МОРФО-

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

47 

Зинуллин З.А.,  Махимова Ж.Н. 

ARTEMIA 


SALINA 

ШАЯНШАЛАРЫНЫҢ 

ТАБИҒИ 

ЖАҒДАЙДА 



ӨСУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ӨСІРУ 

50 

Кадисова Г.Н. 

ИММУНОБИОЛОГИЧЕСКИЕ  СВОЙСТВА  КРОВИ  ГЕРЕФОРДСКОГО 

СКОТА ОПЫТНОЙ СТАНЦИИ 

54 


 

Кадисова Г.Н. 

НАСЛЕДУЕМОСТЬ ЖИВОЙ МАССЫ 

57 


Койшекенова Ж.А. 

КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫМЕН ДАЛА ТӘЖІРИБЕСІН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

59 


Мазяркина Т. Н. 

ДЕТСКИЙ ЗООПАРК КАК СРЕДСТВО ОБУЧЕНИЯ  

И ВОСПИТАНИЯ ШКОЛЬНИКОВ 

63 


Майданова М.Х., Садыков Р.С., Альжанова Б.С. 

ЖАНАМА 


АУЫЛЫ 

МАҢЫНДАҒЫ 

ОРМАН 

ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ 



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 

68 


Садыков Р.С.,Орынғалиева Н.С. 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА ӨСКЕН ҚАРА ЖӘНЕ 

АЩЫ ЖУСАННЫҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТЕУ 

71 


Сахарнова З.Я. 

БИОТОПИЧЕСКАЯ  ХАРАКТЕРИСТИКА  НАЗЕМНЫХ  МОЛЛЮСКОВ  ЛЕСНОГО 

МАССИВА КАРА-АГАЧ 

75 


 

СЕКЦИЯ 2 

 

ЭКОЖҮЙЕНІ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 



 

ПРОБЛЕМЫ СОХРАНЕНИЯ ЭКОСИСТЕМ 

 

Абишева Ф.Н., Тауова Н.Р., Мустафина А. 

ПРОБЛЕМЫ  БИОРАЗНООБРАЗИЯ  ВОДНОЙ  АКВАТОРИИ  КАСПИЙСКОГО 

РЕГИОНА 

78 


Альжанова Б.С., Уразаева Л.М. 

КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫНА ДАЛА ӨРТТЕРІНІН ӘСЕРІ 

80 

Бисембаева Т.Ш. 

УТВА ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫНЫҢ ФЛОРАСЫН ТАЛДАУ 

84 

Кайсагалиева Г.С., Габдулов Б.Г. 

БУДАРИН МЕМЛЕКЕТТІК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚШАСЫНА СИПАТТАМА 

88 

Кубашева А. С. 

ТЕРЕКТІ  АУДАНЫНДАҒЫ  ДУБРАВА  ҚОРЫҚШАСЫНЫҢ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖАҒДАЙЫ 

91 


Мулдаханов Н.Р. 

МОЛОЧНАЯ  ПРОДУКТИВНОСТЬ  КОБЫЛ  В  ЗАВИСИМОСТИ  ОТ  ТИПА  ИХ 

ТЕЛОСЛОЖЕНИЯ В ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ УСЛОВИЯХ 

97 


Мустафина А.Ж.,Абишева Ф.Н., Тауова Н.Р. 

ЖАЙЫҚ  -  КАСПИЙ    СУ  РЕСУРСТАРЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ  ГИДРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖАҒДАЙЫ 

99 


Тауова Н. Р., Абишева Ф.Н., Мустафина А.Ж. 

ЖШС  «ҚҰЛСАРЫГАЗ»  ӨНДІРІСТІК  АЛАҢЫНАН  АУАҒА  ШЫҒАРЫЛАТЫН 

ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ШЕКТІ РАУАЛДЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН АНЫҚТАУ 

101 


Тулегенова Д.К., ЕрмухановаН.М. 

ТАБИҒАТТАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ  -  ПАРЫЗ 

103 

Дарбаева Т.Е., Удреева К.С. 

ЖАЙЫҚ 


ӨЗЕНІНІҢ 

ОРТАҢҒЫ 


АҒЫСЫНДАҒЫ 

ШЕГІРШІН 

ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ АНАЛИЗІ 

106 


Уалиахметова Ж.Н., Нарегеева Г.С. 

ШАЛҚАР КӨЛІ АҢҒАРЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 



Утебалиева Б.Е., Имашев Э.Ж. 

ОЦЕНКА 


ЗАГРЯЗНЕНИЯ 

АТМОСФЕРНОГО 

ВОЗДУХА 

И 

ОХРАНЫ 



ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ БАССЕЙНА РЕКИ ЧАГАН  

110 


 

113 


 

Чекалин С.Г., Стороженко Н.А. 

118 


 

БИОИНДИКАЦИОННАЯ  ОЦЕНКА  СОСТОЯНИЯ  ВОЗДУШНОЙ  СРЕДЫ  С 



ПОМОЩЬЮ ДРЕВЕСНЫХ РАСТЕНИЙ 

 

Чекалин С.Г., Фартушина М.М., Толстова Ю. 

ОСНОВНЫЕ  ПУТИ  ВОССТАНОВЛЕНИЯ  ЭКОЛОГИЧЕСКИХ  ФУНКЦИЙ  ПОЧВ 

ТЕХНОГЕНННО НАРУШЕННЫХ ЗЕМЕЛЬ КНГКМ 

120 


Череватова Н.К., Мухаева С.В. 

НЕКОТОРЫЕ  ПОКАЗАТЕЛИ  ПРИРОДНЫХ  ПОДЗЕМНЫХ  ВОД  ЗАПАДНОГО 

КАЗАХСТАНА 

124 


 

СЕКЦИЯ 3 

 

ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 

 

СОВРЕМЕННЫЕ МЕТОДИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ПРЕПОДАВАНИЯ 

 

Ануарбекова Л. Ғ. 

НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЕВА ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

127 

Атаева Г.Н. 

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДАҒЫ «ЖАНУАРЛАР» БӨЛІМІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ 

ТӘСІЛДЕРДІ  ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 

129 


Ашимова Р.С. 

АҚЫН САТЫБАЛДЫ ДАУМОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТУҒАН  ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ, 

ӨСКЕН ӨЛКЕ ТАБИҒАТ 

132 


Бергалиева Г. К. 

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

136 


Бимагамбетова Г.А., Ахметова А.М.,  Даржигитова А.К. 

КӨП ТІЛДІ БІЛІМ – КӨП МӘДЕНИЕТТІ ҰРПАҚ 

139 

Бимагамбетова Г.А., Базарбаева М., Адилгереева К.Д. 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЗАМАН ТАЛАБЫ 

143 

Бимагамбетова Г.А., Бердіханова У. 

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

147 

Бимагамбетова Г.А., Демекова Б. 

КӘСІБИ  ДЕҢГЕЙДЕГІ  МҰҒАЛІМ  –  БИОЛОГИЯ  ОҚЫТУ  ӘДІСТЕМЕСІНІҢ 

БАСТЫ ТАЛАБЫ 

150 


Бимагамбетова Г.А.,  .Есенова К.Қ. 

БАҒАЛАУ – САБАҚ НӘТИЖЕСІНІҢ КӨЗІ 

152 

Бимагамбетова Г.А., Мукашева Г.А., Құрмекеш Ә.Д. 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС- ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨЗІ 

156 

Бимагамбетова Г.А.,Мурзашева М.Б.,  .Адилгереева К.Д 

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ 

159 

Бимагамбетова Г.А., Орынбасар С.М., Ережепова   Т.А. 

СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 

162 

Газизова Л.Н., Байдулова Л.А., Усиев Е.Т. 

ВЕСО-РОСТОВЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ УЧАЩИХСЯ Г.УРАЛЬСКА 

166 

Гайсина Г.А. 

Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» РОМАНЫНДАҒЫ АЛҒЫС СӨЗДЕРДІҢ 

ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

168 


Ергалиева Г.А. Байырбек С. 

БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ 

ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

170 

Ергалиева Г.А. Кайрлиева У.Б.   

МЕКТЕП 


ОҚУШЫЛАРЫН 

РУХАНИ 


АДАМГЕРШІЛІККЕ 

ТӘРБИЕЛЕУ 

ЖОЛДАРЫ 

172 


 

 


10 

 

Ергалиева Г.А. Кунарова Б.Б. 

ОТБАСЫНДА  ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  

ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

175 

Ергалиева Г.А.  Мамбеталиева А.З. 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ РУХАНИ 

ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ 

178 


Закиева Г. Ө. 

СӘТТІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСПАЛДАҚТАРЫ 

181 

Ихласова Ж.М. 

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

184 


Қыдыршаев А. С.,Қыдыршаев О. А.,Меңдіғалиева А. С. 

ШЕШЕНДІК – КӨШБАСШЫЛЫҚ НЕГІЗІ 

187 

Ляпина Л.Б. 

РАЗВИТИЕ 

МУЗЫКАЛЬНЫХ 

СПОСОБНОСТЕЙ 

У 

СТУДЕНТОВ 



С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 

ВОЗМОЖНОСТЯМИ 

НА 


ПРЕДМЕТЕ 

«КОНЦЕРТМЕЙСТЕРСКИЙ КЛАСС» 

192 

Серікұлы Н. 

ТЕРМОДИНАМИКА САЛАСЫНДА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫБІЛІМ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

194 


Байдулова Л.А., Булатова К.Б. , Газизова Л.Н.  

ОРНИТОФАУНА ПАРКА КУЛЬТУРЫ И ОТДЫХА Г.УРАЛЬСКА 

198 

Бисенгазиева А.С., Ізмағамбетова А.Б. 

БҚО КЕЗДЕСЕТІН ANSERIFOMES ОТРЯДЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ 

ОЛАРДЫҢ КӘСІПТІК МАҢЫЗЫ 

201 


Бисенгазиева А.С., Нұржанова Б.А., Нұралиева Ж.М. 

ДАЛАЛЫҚ САРАМАН УАҚЫТЫНДА PASSERIFORMES ОТРЯДЫН 

 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ 

204 


Болатова Қ.Б.,  Зағыпарова А., Идеятолла А.  

СИНАНТРОПТЫ БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР – АДАМ ПАРАЗИТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ 

207 


Елеугалиева Н.Ж., Максутова А. 

ФИЗИОЛОГО-БИОХИМИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ КРОВИ РЫБЫ

 СИНЦА

 

(



BALLERUS BALLERUS

 РЕКИ УРАЛА 

211 

Рустенова Р.М. 

БИОРИТМЫ И ФИЗИЧЕСКАЯ РАБОТОСПОСОБНОСТЬ УЧАЩИХСЯ 

214 

Сергазиев И.М., Хасангалиев Т.С. 

СРЕДСТВА И МЕТОДЫ ЗАКАЛИВАНИЯ УЧАЩЕЙСЯ МОЛОДЕЖИ 

220 

Шайхиева М.А., Бохорова С.Н.  

МАҢҒЫСТАУ КЛИМАТЫНА ТӘН ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕМДІК 

ҚАСИЕТТЕРІ 

224 


Рустенов А.Р., Шайтімова А.Қ.  

ЖЕМШӨПТІ СҮРЛЕМДЕУ КЕЗІНДЕ BACILLUS SUBTILIS  БАКТЕРИЯ  ТҮРІН  

ҚОЛДАНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ 

227 


Ахмеденов К.М. 

РЕКРЕАЦИОННО-БАЛЬНЕОЛОГИЧЕСКИЙ ПОТЕНЦИАЛ 

СОЛЯНОКУПОЛЬНЫХ ЛАНДШАФТОВ ЗАПАДНОГО КАЗАХСТАНА 

229 


Сарсенова Б.Б., Усенов Ж.Т., Шоныраев М.Ж., Сагадатова А.Ж., 

 Ахбалина А.А.  

ГЕОБОТАНИЧЕСКОЕ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЗАПАДНОГО УЧАСТКА ОКОТА 

САЙГАКОВ УРАЛЬСКОЙ ПОПУЛЯЦИИ ЗА 2015 ГОД 

233 


Сарсенова Б.Б., Усенов Ж.Т., Шоныраев М.Ж. 

ИТОГИ СОЦИОЛОГИЧЕСКОГО ОПРОСА ПРОВЕДЕННОГО СРЕДИ МЕСТНОГО 

НАСЕЛЕНИЯ НА ТЕРРИТОРИИ ОБИТАНИЯ САЙГАКОВ  

УРАЛЬСКОЙ ПОПУЛЯЦИИ  

236 

Ергалиев А.С.,  Беккалиева Г.М.  

240 


11 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

БИОЛОГИЯ  САБАҒЫН  ОҚЫТУ  БАРЫСЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫ  ІЗДЕНІС 

ӘРЕКЕТІНЕ ҮЙРЕТУ НЕГІЗДЕРІ 

 

Жигербаева А.У. 

СОДЕРЖАНИЕ НЕКОТОРЫХ МИКРОЭЛЕМЕНТОВ В КРОВИ РЫБ В  

ВОДОЕМАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ 

 

242 



Муканова А.Д.,Муканаева А.С

  

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ 

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

246 


Кажымуратова Ж.С , Естайқызы Б.   

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫ ЖАЙЫЛМА ОРМАНДАРЫНДАҒЫ ЕМДІК 

ҚАСИЕТІ БАР ӨСІМДІКТЕРДІҢ БИОЛОГИЯСЫ 

249 


Мулдаханов Н.Р. 

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ КОБЫЛЬЕГО МОЛОКА ДЛЯ ДЕТСКОГО ПИТАНИЯ 

254 


12 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал