1
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Западно-Казахстанский государственный университет им.М.Утемисова
Е.А. Ағелеуов және А.З. Петренконы
еске алуға арналған
«ИВАНОВ ОҚУЛАРЫ - 2016»
«Қазақстан экожүйесінің алуантүрлілігінің өзекті мәселелері»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми
мақалалар жинағы
28 қыркүйек 2016 ж.
Сборник научных статей
республиканской научно-практической конференции
«ИВАНОВСКИЕ ЧТЕНИЯ –
2016»
на тему:
«Актуальные проблемы биоразнообразия
экосистем Казахстана»,
посвященной памяти
Е.А.Агелеуова, А.З.Петренко
28 сентября 2016 г.
Орал-Уральск, 2016
2
ӘОЖ: 371.337
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДАҒЫ «ЖАНУАРЛАР» БӨЛІМІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Атаева Г.Н.
Орал қ.
Оқушыларды оқытудағы проблемалық тәсіл олардың белсенді түрде білім алуына септігін
тигізеді. Бұл әдістің басты мақсаты оқушылардың білім алуы кезінде оқу материалдарын
тәжірибемен ұштастыру. Проблемалық тәсілдер арқылы бағыттау-ынталандыру, жедел
атқарушылық, рефлекстік бағалау секілді оқу қызметінің деңгейлерін іске асыруға болады.
Нәтижесінде оқушылар оқу процесінің басты субъектісіне айналып, оқыту үрдісінің сапалы
дамуына әкеледі. Проблемалық оқыту тәсілінің негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық
қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. Биология
пәнін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастыратын болсақ, проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз
Қ.Бітібаева:«Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін
жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта
оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді» - , деген [1]. Сонымен қатар,
педагогикалық тәсілдер мәселесіне арналған М.В. Кларин, Т.Т.Галиев, Ж.А.Қараев, В.В.Давыдов,
П.Я.Гальперин т.б. ғылымдардың еңбектерінде педагогикалық технологиясын ғылыми тұрғыдан
ұғыну жөнінде түрліше пікірлер қарастырылған.
Мектептегі оқытудың негізгі формасы – сабақ. Дәл осы сабақ кезінде оқытудың мақсаты,
міндеті, мазмұны және оқытудың әдістері қалыптасады. Қызықты және танымдылықты
арттыратын биология сабақтарының арқасында, оқушылардың жаңа білімді игеруге деген
құлшынысын оятуға болады. Сабақта компьютерлік технологияны қолданудың пайдасы өте көп,
сонымен қатар көру және есту арқылы қабылдау бойынша қиыншылықтары бар оқушыларға өз
септігін тигізеді. Бұл жерде мұғалімнің негізгі қызметі оқушыларды белсенді ойлауға,
танымдылыққа ұмтылуға итермелеу, өнімді және нәтижелі сабақ өткізуге жағдай жасау [2].
Біз сабақ берген кезде қолданатын проблемалық әдістің технологиясы сабақ берудің
мәселелерін, критикалы ойлаудың элементтерін біріктіріп, оқушылардың шығармашылық
белсенділігін арттыру арқылы іске асыруды қалыптастыруды алға қойдық.
Биология сабағында мәселелік сәттерді туғызу, мәселелік сұрақтарды қою оқу үрдісін
белсендіреді, бұл өз кезегінде шынайы ойлау, сабақта шығармашылық зерделеу арқылы білім
алуды қамтамасыз етеді. Мәселелік ситуацияны қолданғанда, тапсырма орындау барысында
оқушының психологиялық жағдайы өзгеріп, аталған мәселені шешу үшін қандай да бір құбылыс
немесе объект туралы жаңа білім қажет екендігін түсінеді.Мысал ретінде,оқушылардың
қызығушылығын тудыратын мәселелік сұрақтан басталып, парадоксты, саяси тарихтың
аяқталмауын қарастыратын мәселелік дәрісті атай аламыз [3].
Сонымен қатар, биология сабағында мәселелік тәсілді қолдануда өзінің қиыншылықтары
бар.
Материалды түсіндіру үшін «дәстүрлі» оқытудағыға қарағанда көп уақыт керек.
Оқушының білім қоры мол болу керек, себебі білімі жеткіліксіз болса, қойылған
тапсырманы шеше алмауы мүмкін.
Мұғалім қашан да өзінің білімділік деңгейін көтеріп отыруы тиіс, жұмыс барысында және
сабақ үстінде жан - жақты түсіндіруге дайын болуы қажет.
Алайда, сабақта мәселелік тәсілді қолданудың артықшылықтары ерекше:
Оқушылардың белгілі бір деңгейде өз бетімен ізденіп, оқуға құштарлығын арттырады.
Шығармашылық дағды қалыптасып, оқу тапсырмаларын стандарттық емес әдістермен
шеше алады.
Сабақ оқытуда мәселелік тәсілді қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттырады.
Биология пәніне деген қызығушылық оқушылардың тірі ағзалар туралы қосымша
әдебиеттерді көп оқып, өздерінің флора мен фауналардың көп түрлілігіне және олардың
ерекшеліктерін меңгеруге деген ынтасын арттырады.
3
Сабақ ортасында тақырыптың қандай да бір сұрақтарына жауап беру үшін оқытудың
мәселелік тәсілін қолдануға болады, осыдан соң сұрақ жауабын шешу үшін ізденіс жұмыстары
басталады. Сонымен қатар, практикалық жұмыстар туралы ұмытпаған жөн. Ботаника пәніндегі
сияқты, мұнда да тәжірибенің өтетін жері, байқауы болады. Зоологияда байқау: ауылшаруашылық
зиянкестеріне, құстарды қорғау, ауылшаруашылық жануарларына қарау. Зоология курсында
бөлшектеуге көп көңіл бөлінеді. Мысалы, үйге өзен шаянының денесін картонға орналастыру,
балықтың скелетін құрастыру сияқты. Адам анатомиясы физиологиясы мен гигиенасынан да үй
жұмыстары ретінде практикалық және эксперименттік жұмыстар жүргізуге болады. «Тірек-қимыл
жүйесі» тақырыбын бекіткенде практикалық жұмыс ретінде сүйекті өртеу, оны қышқылға салу,
сүйектердің түрлерін картонға жапсыру ( ұзын сүйек, формасы әртүрлі сүйек, жалпақ сүйек ).
Оған жануарлардың сүйектері қолданылады.7-10 сыныптарда биологияны оқыту кезінде басты
орынды жануарлардың рефлексін анықтау болып табылады. Мұғалім кімде балықтар, құстар
сияқты т.б. үй жануарлары бар екенін анықтаған соң, оқушылардың қалауымен оларға
рефлекстерді анықтап, күнделік жүргізуге тапсырма беруге болады. Келесі сабақтарда оқушылар
өздерінің жүргізген тәжірибелері мен күнделіктерін баяндап, ғылыми ізденіс жүргізуге болады.
Жануарлар бөліміндегі «Ағзаның ішкі ортасы» тақырыбында маңызды сұрақтардың бірі
болып қан жүйесінің жұмыстарынан туындайды: «Теріні кескен кезде қан ұйып, ағуы тоқтайды.
Ендеше неге жануарларда қан тамырларындағы қан ұйымайды? Неліктен сүлікке сорғызғаннан
кейін жарадан қан көпке дейін ұйымайды? Сүліктерді медицинада қолдануды қалай түсіндіруге
болады?».Осы сұрақтарға оқушылар жауап беруге тырысады, алайда көбінде дұрыс жауап бере
алмайды. Бұл кезде базалық білім аздық етеді, қосымша білім қажет. Нәтижесінде оқушылар білім
алуға ынталанып, көп материалдарды ауқымды қамтуға ұмтылады. Жануарлар бөлімінде жаңа
тақырыпты түсіндіру барысында мәселелік сұрақтарды көбірек қою қажет. Мысалы 8-сыныптың
биология сабағындағы мынадай сұрақтар: «Жануарларда қандай су шөлді тез қандырады, тұщы ма
тұзды ма? Қан жоғалтқан кезде қан орнына су жіберуге бола ма? Жануарларға профилактикалық
екпелер жасаған кезде ауруды тудыратын бактерияларды ағзаға әдейілеп ендіру процесін қалай
түсіндіруге болады?» Аталған мәселелік сұрақтар оқушыларға жаңа, әлі танылмаған, қарама –
қайшылықтарға толы сұрақтар болып табылады, нәтижесінде оқушы өмірде қажетті сұрақтар
болғандықтан жауабын табуға тырысып, ізденуге кіріседі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында
оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен
еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік,
қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану
міндеті қойылған [4]. Тәжірибелі ұстаздар педагогикалық қызметтерінде сабақтағы әртүрлі
жағдайларда және әртүрлі деңгейде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады
[5].
Білім беру жүйесін технологиямен қамтамасыз ету туралы ұлы ғалым Я.А. Коменский оқыту
“технологиялық” яғни жемісті болуы қажеттігін айтып кеткен болатын [6]. Ғалым - академик
В.М. Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп,
оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: “Технология – оқушы мен ұстазға бірдей
қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық
әрекетті жобалаудың жан – жақты ойластырылған үлгісі” [7].
Қиын тақырыптарды игеру барысында, сабақ үстінде методикалық құралдар жетпеген кезде
жануарлар туралы презентацияны қолдану оқушыларға тақырыпты терең түсінуге, тез естерінде
сақтауға көмегін тигізеді.
Қазіргі таңда қолданысқа енген интерактивті тақта, оқушыларға тақырыпты кең көлемде
көрнекі түрде түсіндіруге мүмкіндіктерді береді. Тақырыпты оқушыларға кескін, суреттер арқылы
түсіндіру мұғалімге әлдеқайда жеңіл, әрі сабақ үрдісінің сапасын арттырады, мұғалімнің уақытын
үнемдейді. Интерактивті тақта сабақ барысында мына жағдайларда қолданылады:
1.
Презентациялар мен демонстрациялар көрсетуде. Интерактивті тақта проектор секілді
объектілерді көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар презентациялармен жұмыс жасап,
электронды маркермен өзгерістер енгізуге, түрлі-түсті белгілер салуға, бейнебаяндарға
түсіндірмелер жасауға, қателіктерді түзетуге мүмкіндік береді.
2.
Ол сабақтың барысын және деңгейін жақсартады. Интерактивті тақта сабақты
жоспарлауға, сабақ барысын қадағалауға, материалды түсінуге септігін тигізеді. Тақтаны дұрыс
қолдану арқылы, оқушылардың білім деңгейін тексеріп білуге болады. Жануарлар туралы сұрақ –
жауап қызықты, тақтадағы жазуларды еркін қозғап, өзгертуге болатындықтан динамикалық түрде
4
тартымды болады. Интерактивті тақта арқылы сурет, диаграммаларға түсіндірмелер енгізіп,
қажетті аумақты белгілеп, ерекшелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сұрақ қойғанда
жауаптарын жасырып қойып, дәрістің қажет кезінде шығарып, оқушыларға көрсетуге болады.
Оқытушы немесе оқушылар өз ойын тақтаға жаза алады.
Оқушылардың тақтада барлық жасағандарын сақтап, келесі сабақта қолдануға мүмкіндік
бар. Қажетті жағдайда жануарды эскиз түрінде орналастыруға болады. Осылайша сабақ басында
қолданған материалды кері шығарып, тақырыптың маңызды тұстарын түсінбеген оқушылардың
естеріне түсіруге болады. Жануарлар әлеміндегі объектілерді кетіруге, кесіп алуға, әрекетті
қайталауға, кері қайтаруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде оқушылар оқылған нәрсеге кері
қадам жасап, түсініп алуларына мүмкіндік бар екендігіне сенімді болады.
Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқытуға арналған маңызды құрал. Тақырыпты
жандандыратын, оқушыларды қызықтыратын визуалды ресурс. Оны әр сабақта қолдану міндетті
емес. Кей тақырыптарды тақта арқылы оқыту тиімсіз. Кейде тақта сабақтың басында немесе
тақырыпты талдағанда және кей фрагменттерді түсіндіргенде ғана қажет. Әртүрлі
мультимедиялық құралдарды қолдануға болады. Бір ғана сызба арқылы бірнеше тапсырманы
шешуге болады. Қолмен жазылған жазбаларды тез кетіруге болады.
Оқу процесін іске асыруда жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы
өте зор. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу үрдісіне қалыпты түрде еніп,
оқытушыға сабақ беруде көмегін тигізуі қажет [8].
Заманауи мұғалім қазіргі заманғы құралдарымен оқушыға сапалы білім бере алуы үшін
жұмыс жасай білу қажет. Бұл ең маңызды мақсат. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа
технологияларды қолдану мұғалімнің деңгейін жоғарлатады, яғни мұғалім өзінің және
оқушылардың заманға сай біліктілігін арттырады.
Оқу үрдісінің келесі бір әдісі – жобалау қызметі, бұл оқушылардың жеке қабілетін
арттыруға бағытталады (мәселе, мақсат, міндеттерді қоя білу, ақпаратты жинау, талдау,
эксперименттер жасау, нәтижелерге анализ жасау, шешімін табу). Аталған әдісті мысалы 7 –
сынып оқушыларына «Құстар» тақырыбын түсіндіргеннен соң, оларға ұсынылған (еркін
тақырыптағы) жобалармен жұмыс жасауға тапсырма беріп, жобаны жасаған соң олар «Ярмарка
знаний», «Птичий калейдоскоп» сайыстарына қатыса алады.
Бұл жастағы оқушыларға жобаның мазмұнының негізгі бөлімдері мынадай болғаны дұрыс:
1) кіріспе
2) тақырыпты ашу
3)құстар туралы жұмбақтар, өлеңдер
4) менің құстарды бақылауым
5) викторина, кроссворд, «сиқырлы бөшке»
6) қолданылған әдебиеттер
7) қосымшалар.
Жобаны жасау барысында қойылатын негізгі талаптар: тақырыпқа сай білімдерін тереңдету,
өзіндік жұмыс жасай білу, қосымша әдебиеттермен және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс
жасау алуы, жобалық жұмысты дұрыс рәсімдей, көркемдей алуы, презентациялық материал
дайындау.
Қорытындылай келе, әр жоба соңына дейін жасалуы тиіс, себебі бұл алынған нәтиже
оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады. Жануардың түріне арналған жобаны бітірген соң,
оқушы өз ізденісі жайында таныстырып айтқаны жөн. Егер нәтиже жақсы, үздік болса оқушыны
мақтап, ынталандыру керек. Жоба нәтижесімен таныстыру барысында тек оқушылар ғана емес,
ата-аналарды да шақыруға болады. Жоба оқушылардың шығармашылық ізденістерін және
логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, өмірде басты мәселелерде дұрыс шешім қабылдауға
септігін тигізеді.
Әдебиеттер:
1.
Бітібаева Қ.О., Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1999
2.
Кларин, М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках /
М.В. Кларин. – М.: Издательство «Арена», 1994. – 222 б.
3.
Насимова Г.О. Инновационные технологии в преподавании политических дисциплин:
учебно-методическое пособие. – Алматы: Қазақ унивеситеті, 2013.- 3-4 б.
4.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
5
5.
Мұхамбетжанова
С.Т.,
Мелдебекова
М.Т.
Педагогтардың
ақпараттық
–
коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру
әдістемесі. Алматы. ЖШС «Дайыр Баспасы», 2010 ж.
6.
Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. соч. в 2-х томах. -М.:Педагогика, 1982.
7.
Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Советская
педагогика. – 1990. – № 7. – 7-23 б.
8.
Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. – М.: Знание, 1989. – 80 б.
6
МАЗМҰНЫ/СОДЕРЖАНИЕ
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС/ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ
РЕКТОРДЫҢ АЛҒЫ СӨЗІ/ПРИВЕТСТВЕННОЕ СЛОВО РЕКТОРА
3
РУСТЕНОВ А.Р.
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ГЕНЕТИЧЕСКОГО УЛУЧШЕНИЯ ПОТЕНЦИАЛА
ЖИВОТНЫХ
МЕТОДАМИ
КРИОКОНСЕРВАЦИИ
ГАМЕТ
ПУТЕМ
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ТЕХНОЛОГИИ ХРАНЕНИЯ
5
КАЙСАГАЛИЕВА Г.С.
АГЕЛЕУОВ ЕСЕНБАЙ АГЕЛЕУОВИЧ - ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН
12
ДАРБАЕВА Т.Е.
АНАТОЛИЮ ЗАХАРОВИЧУ ПЕТРЕНКО- ПАМЯТИ УЧИТЕЛЯ
13
СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІСТЕР/СЕКЦИОННЫЕ ЗАСЕДАНИЯ
СЕКЦИЯ 1
ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ЗЕРТТЕУ, ҚОРҒАУ
ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ИЗУЧЕНИЕ, ОХРАНА И РАЦИОНАЛЬНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ
РАСТИТЕЛЬНОГО И ЖИВОТНОГО МИРА
Альжанова Б.С., Жаксылыкова Е.Б.
БҚО АЛЫП СОҚЫР ТЫШҚАННЫҢ (Spalax giganteus)ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ
БИОЛОГИЯСЫ
20
Аманбаев К. С.
ДИНАМИКА ИЗМЕНЕНИЯ ПОЙМЕННОЙ РАСТИТЕЛЬНОСТИ РЕКИ ЧАГАН В
ПРЕДЕЛАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
24
Дарбаева Т.Е.,Салимгереева А.Е.
ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫНЫҢ ЖАЙЫЛМА ОРМАНДАРЫНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
27
Дарбаева Т.Е.,Сарсенова А.Н.
В.В.ИВАНОВ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША СОЛТҮСТІК КАСПИЙ МАҢЫНЫҢ СУ
ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
31
Джангазиева Б.Ж., Дарбеккызы Д.
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЗИЯНКЕСТЕРІ
36
Джангазиева Б.Ж. Кожантаева Ш.
ШЕГІРТКЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ БИОГЕОЦЕНОЗДАҒЫ ОРНЫ
39
Жароева А.Ғ., Мұстажапова Қ.А.
ДУАДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ
44
Жароева А.Г., Нурадилова Г.
ДЕМОДЕКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ – ДЕМОДЕКС КЕНЕСІНІҢ МОРФО-
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
47
Зинуллин З.А., Махимова Ж.Н.
ARTEMIA
SALINA
ШАЯНШАЛАРЫНЫҢ
ТАБИҒИ
ЖАҒДАЙДА
ӨСУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ӨСІРУ
50
Кадисова Г.Н.
ИММУНОБИОЛОГИЧЕСКИЕ СВОЙСТВА КРОВИ ГЕРЕФОРДСКОГО
СКОТА ОПЫТНОЙ СТАНЦИИ
54
Кадисова Г.Н.
НАСЛЕДУЕМОСТЬ ЖИВОЙ МАССЫ
57
Койшекенова Ж.А.
59
7
КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫМЕН ДАЛА ТӘЖІРИБЕСІН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мазяркина Т. Н.
ДЕТСКИЙ ЗООПАРК КАК СРЕДСТВО ОБУЧЕНИЯ
И ВОСПИТАНИЯ ШКОЛЬНИКОВ
63
Майданова М.Х., Садыков Р.С., Альжанова Б.С.
ЖАНАМА
АУЫЛЫ
МАҢЫНДАҒЫ
ОРМАН
ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
68
Садыков Р.С.,Орынғалиева Н.С.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА ӨСКЕН ҚАРА ЖӘНЕ
АЩЫ ЖУСАННЫҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТЕУ
71
Сахарнова З.Я.
БИОТОПИЧЕСКАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА НАЗЕМНЫХ МОЛЛЮСКОВ ЛЕСНОГО
МАССИВА КАРА-АГАЧ
75
СЕКЦИЯ 2
ЭКОЖҮЙЕНІ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ПРОБЛЕМЫ СОХРАНЕНИЯ ЭКОСИСТЕМ
Абишева Ф.Н., Тауова Н.Р., Мустафина А.
ПРОБЛЕМЫ БИОРАЗНООБРАЗИЯ ВОДНОЙ АКВАТОРИИ КАСПИЙСКОГО
РЕГИОНА
78
Альжанова Б.С., Уразаева Л.М.
КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫНА ДАЛА ӨРТТЕРІНІН ӘСЕРІ
80
Бисембаева Т.Ш.
УТВА ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫНЫҢ ФЛОРАСЫН ТАЛДАУ
84
Кайсагалиева Г.С., Габдулов Б.Г.
БУДАРИН МЕМЛЕКЕТТІК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚШАСЫНА СИПАТТАМА
88
Кубашева А. С.
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНДАҒЫ ДУБРАВА ҚОРЫҚШАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
91
Мулдаханов Н.Р.
МОЛОЧНАЯ ПРОДУКТИВНОСТЬ КОБЫЛ В ЗАВИСИМОСТИ ОТ ТИПА ИХ
ТЕЛОСЛОЖЕНИЯ В ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ УСЛОВИЯХ
97
Мустафина А.Ж.,Абишева Ф.Н., Тауова Н.Р.
ЖАЙЫҚ - КАСПИЙ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ГИДРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
99
Тауова Н. Р., Абишева Ф.Н., Мустафина А.Ж.
ЖШС «ҚҰЛСАРЫГАЗ» ӨНДІРІСТІК АЛАҢЫНАН АУАҒА ШЫҒАРЫЛАТЫН
ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ШЕКТІ РАУАЛДЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН АНЫҚТАУ
101
Тулегенова Д.К., ЕрмухановаН.М.
ТАБИҒАТТАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ - ПАРЫЗ
103
Дарбаева Т.Е., Удреева К.С.
ЖАЙЫҚ
ӨЗЕНІНІҢ
ОРТАҢҒЫ
АҒЫСЫНДАҒЫ
ШЕГІРШІН
ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ АНАЛИЗІ
106
Уалиахметова Ж.Н., Нарегеева Г.С.
ШАЛҚАР КӨЛІ АҢҒАРЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Утебалиева Б.Е., Имашев Э.Ж.
ОЦЕНКА
ЗАГРЯЗНЕНИЯ
АТМОСФЕРНОГО
ВОЗДУХА
И
ОХРАНЫ
ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ БАССЕЙНА РЕКИ ЧАГАН
110
113
Чекалин С.Г., Стороженко Н.А.
БИОИНДИКАЦИОННАЯ ОЦЕНКА СОСТОЯНИЯ ВОЗДУШНОЙ СРЕДЫ С
ПОМОЩЬЮ ДРЕВЕСНЫХ РАСТЕНИЙ
118
120
8
Чекалин С.Г., Фартушина М.М., Толстова Ю.
ОСНОВНЫЕ ПУТИ ВОССТАНОВЛЕНИЯ ЭКОЛОГИЧЕСКИХ ФУНКЦИЙ ПОЧВ
ТЕХНОГЕНННО НАРУШЕННЫХ ЗЕМЕЛЬ КНГКМ
Череватова Н.К., Мухаева С.В.
НЕКОТОРЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ ПРИРОДНЫХ ПОДЗЕМНЫХ ВОД ЗАПАДНОГО
КАЗАХСТАНА
124
СЕКЦИЯ 3
ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
СОВРЕМЕННЫЕ МЕТОДИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ПРЕПОДАВАНИЯ
Ануарбекова Л. Ғ.
НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЕВА ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
127
Атаева Г.Н.
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДАҒЫ «ЖАНУАРЛАР» БӨЛІМІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
129
Ашимова Р.С.
АҚЫН САТЫБАЛДЫ ДАУМОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ,
ӨСКЕН ӨЛКЕ ТАБИҒАТ
132
Бергалиева Г. К.
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
136
Бимагамбетова Г.А., Ахметова А.М., Даржигитова А.К.
КӨП ТІЛДІ БІЛІМ – КӨП МӘДЕНИЕТТІ ҰРПАҚ
139
Бимагамбетова Г.А., Базарбаева М., Адилгереева К.Д.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЗАМАН ТАЛАБЫ
143
Бимагамбетова Г.А., Бердіханова У.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
147
Бимагамбетова Г.А., Демекова Б.
КӘСІБИ ДЕҢГЕЙДЕГІ МҰҒАЛІМ – БИОЛОГИЯ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
БАСТЫ ТАЛАБЫ
150
Бимагамбетова Г.А., . Есенова К.Қ.
БАҒАЛАУ – САБАҚ НӘТИЖЕСІНІҢ КӨЗІ
152
Бимагамбетова Г.А., Мукашева Г.А., Құрмекеш Ә.Д.
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС- ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨЗІ
156
Бимагамбетова Г.А.,Мурзашева М.Б., .Адилгереева К.Д
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ
159
Бимагамбетова Г.А., Орынбасар С.М., Ережепова Т.А.
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
162
Газизова Л.Н., Байдулова Л.А., Усиев Е.Т.
ВЕСО-РОСТОВЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ УЧАЩИХСЯ Г.УРАЛЬСКА
166
Гайсина Г.А.
Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» РОМАНЫНДАҒЫ АЛҒЫС СӨЗДЕРДІҢ
ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
168
Ергалиева Г.А. Байырбек С.
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ
ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
170
Ергалиева Г.А. Кайрлиева У.Б.
МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫН
РУХАНИ
АДАМГЕРШІЛІККЕ
ТӘРБИЕЛЕУ
ЖОЛДАРЫ
172
Ергалиева Г.А. Кунарова Б.Б.
ОТБАСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
175
9
Ергалиева Г.А. Мамбеталиева А.З.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ РУХАНИ
ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ
178
Закиева Г. Ө.
СӘТТІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСПАЛДАҚТАРЫ
181
Ихласова Ж.М.
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
184
Қыдыршаев А. С.,Қыдыршаев О. А.,Меңдіғалиева А. С.
ШЕШЕНДІК – КӨШБАСШЫЛЫҚ НЕГІЗІ
187
Ляпина Л.Б.
РАЗВИТИЕ
МУЗЫКАЛЬНЫХ
СПОСОБНОСТЕЙ
У
СТУДЕНТОВ
С
ОГРАНИЧЕННЫМИ
ВОЗМОЖНОСТЯМИ
НА
ПРЕДМЕТЕ
«КОНЦЕРТМЕЙСТЕРСКИЙ КЛАСС»
192
Серікұлы Н.
ТЕРМОДИНАМИКА САЛАСЫНДА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫБІЛІМ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
194
Байдулова Л.А., Булатова К.Б. , Газизова Л.Н.
ОРНИТОФАУНА ПАРКА КУЛЬТУРЫ И ОТДЫХА Г.УРАЛЬСКА
198
Бисенгазиева А.С., Ізмағамбетова А.Б.
БҚО КЕЗДЕСЕТІН ANSERIFOMES ОТРЯДЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ КӘСІПТІК МАҢЫЗЫ
201
Бисенгазиева А.С., Нұржанова Б.А., Нұралиева Ж.М.
ДАЛАЛЫҚ САРАМАН УАҚЫТЫНДА PASSERIFORMES ОТРЯДЫН
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
204
Болатова Қ.Б., Зағыпарова А., Идеятолла А.
СИНАНТРОПТЫ БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР – АДАМ ПАРАЗИТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
207
Елеугалиева Н.Ж., Максутова А.
ФИЗИОЛОГО-БИОХИМИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ КРОВИ РЫБЫ
СИНЦА
(
BALLERUS BALLERUS)
РЕКИ УРАЛА
211
Рустенова Р.М.
БИОРИТМЫ И ФИЗИЧЕСКАЯ РАБОТОСПОСОБНОСТЬ УЧАЩИХСЯ
214
Сергазиев И.М., Хасангалиев Т.С.
СРЕДСТВА И МЕТОДЫ ЗАКАЛИВАНИЯ УЧАЩЕЙСЯ МОЛОДЕЖИ
220
Шайхиева М.А., Бохорова С.Н.
МАҢҒЫСТАУ КЛИМАТЫНА ТӘН ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕМДІК
ҚАСИЕТТЕРІ
224
Рустенов А.Р., Шайтімова А.Қ.
ЖЕМШӨПТІ СҮРЛЕМДЕУ КЕЗІНДЕ BACILLUS SUBTILIS БАКТЕРИЯ ТҮРІН
ҚОЛДАНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
227
Ахмеденов К.М.
РЕКРЕАЦИОННО-БАЛЬНЕОЛОГИЧЕСКИЙ ПОТЕНЦИАЛ
СОЛЯНОКУПОЛЬНЫХ ЛАНДШАФТОВ ЗАПАДНОГО КАЗАХСТАНА
229
Сарсенова Б.Б., Усенов Ж.Т., Шоныраев М.Ж., Сагадатова А.Ж.,
Ахбалина А.А.
ГЕОБОТАНИЧЕСКОЕ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЗАПАДНОГО УЧАСТКА ОКОТА
САЙГАКОВ УРАЛЬСКОЙ ПОПУЛЯЦИИ ЗА 2015 ГОД
233
Сарсенова Б.Б., Усенов Ж.Т., Шоныраев М.Ж.
ИТОГИ СОЦИОЛОГИЧЕСКОГО ОПРОСА ПРОВЕДЕННОГО СРЕДИ МЕСТНОГО
НАСЕЛЕНИЯ НА ТЕРРИТОРИИ ОБИТАНИЯ САЙГАКОВ
УРАЛЬСКОЙ ПОПУЛЯЦИИ
236
Ергалиев А.С., Беккалиева Г.М.
БИОЛОГИЯ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ІЗДЕНІС
ӘРЕКЕТІНЕ ҮЙРЕТУ НЕГІЗДЕРІ
240
10
Жигербаева А.У.
СОДЕРЖАНИЕ НЕКОТОРЫХ МИКРОЭЛЕМЕНТОВ В КРОВИ РЫБ В
ВОДОЕМАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
242
Муканова А.Д., Муканаева А.С
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
246
Кажымуратова Ж.С , Естайқызы Б.
ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫ ЖАЙЫЛМА ОРМАНДАРЫНДАҒЫ ЕМДІК
ҚАСИЕТІ БАР ӨСІМДІКТЕРДІҢ БИОЛОГИЯСЫ
249
Мулдаханов Н.Р.
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ КОБЫЛЬЕГО МОЛОКА ДЛЯ ДЕТСКОГО ПИТАНИЯ
254
Поделитесь с Вашими друзьями: |