Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 31.91 Kb.

бет1/51
Дата07.09.2017
өлшемі31.91 Kb.
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. АМАНЖОЛОВА 
 
 
 
 
 
 
 
 
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫН  
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР  
ИННОВАЦИЯСЫ» 
 
студенттер мен жас ғалымдардың  
 
ҒЫЛЫМИ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ 
ЖИНАҒЫ 
 
 
 
 
 
СБОРНИК  
НАУЧНЫХ МАТЕРИАЛОВ 
 
студентов и молодых ученых 
 
«ИННОВАЦИИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ДЛЯ РЕАЛИЗАЦИИ  
ТРЕТЬЕЙ МОДЕРНИЗАЦИИ КАЗАХСТАНА» 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өскемен – Усть-Каменогорск 
2017
 


 
ӘОЖ 378:001 
КБЖ  74.58  
     Қ  18 
Бас редактор: 
Ә.Ө. Қуандықов, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, экон.ғ.д. 
 
Бас редактордың орынбасары: 
А.Б. Мырзағалиева, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор,  
б.ғ.д., профессор 
 
  
Редакция алқасы: 
М.Е. Утегенова, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы 
директорының міндетін атқарушы, техн.ғ.магистрі; 
А.Қ. Қайратова, Жас ғалымдар мен студенттер кеңесінің маман-төрайымы;  
Ш.Х. Найзабаева, Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту 
 орталығының маманы; 
Б.З. Медеубаева, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы;  
С.З. Шагалақова, ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің  ғылым бойынша үйлестірушісі;  
Н.Б. Алимбекова, Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімінің бастығы; 
Д.Р. Сапарова, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы,  
педагогика және психология магистрі
А.К. Игібаева, п.ғ.д., педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының профессоры; 
Р.С. Бейсембаева, г.ғ.к., экология және география кафедрасының профессоры;  
А.Т. Казбекова, 6D020300-«Тарих» мамандығының 3-оқу жылының докторанты. 
 
 
 
 
Қ
 35  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруын»  жүзеге  асырудағы  жас  ғалымдар 
инновациясы» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми материалдарының жинағы = 
«Инновации  молодых  ученых  для  реализации  Третьей  модернизации  Казахстана»: 
сборник  научных  материалов  студентов  и  молодых  ученых.  –  Өскемен:  С.  Аманжолов 
атындағы ШҚМУ баспасы, 2017. – 384 б. 
 
ISBN 978-9965-871-51-1 (2-том) 
 
Жинаққа  қазақстандық  қоғамның  жаңа  тарихи  кезеңге  аяқ  басу  тұсындағы  ғылым  мен  білім 
кеңістігінің  кеңеюі  мен  осы  мәселенің  құқықтық  және  экономикалық  сипаттарын  қарастыруға,  жас 
ғалымдардың  жаңа  легін  даярлау  міндетіндегі  нақты  ғылымдардың  орнын  айшықтауға, 
гуманитарлық  ғылымдардың  мәселелері  бойынша  жас  ғалымдар  мен  студенттердің  көзқарастарын 
белгілеуге бағытталған мақалалар енгізілген.  
 
В сборнике представлены статьи молодых ученых и студентов, направленные на рассмотрение 
расширения  научно-образовательного  пространства,  правовых  и  экономических  аспектов  данного 
вопроса, обозначение важности точных наук в выполнении задачи подготовки новой волны ученых, 
определение актуальных проблем гуманитарных наук через призму взглядов молодых ученых в свете 
модернизации  казахстанского  общества  и  вступления  его  на  новый  исторический  период  своего 
развития.  
 
 
ӘОЖ  378:001 
КБЖ  74.58  
 
 
ISBN 978-9965-871-51-1 (2-том)                                                 © С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2017 


 
3-СЕКЦИЯ 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЖАСТАР ШЕШІМІ 
 
СЕКЦИЯ 3 
ПРОБЛЕМЫ ГУМАНИТАРНЫХ НАУК: РЕШЕНИЯ МОЛОДЫХ 
 
 
ӘОЖ 811.512.122 
АДЕХАНОВА А.М., БАРБОСЫНОВА Қ.Т. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ЖЫРАУЛАР МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ТАБИҒАТЫ 
 
Халық – жасампаз. Әр халықтың да өз тарихы мен мәдениеті, өз тарихының шежіресі, 
өз мәдениетінің асылы тәрізді көркем әдебиеті бар. Халық арасынан талай саңлақ жыраулар 
мен жыршылар, бармағынан өнер төгілген күйшілер шыққан. Талант – гүл, халық соның нәр 
алар топырағы. 
Қазақ  халқының  біршама  мол  сақталған  әдеби  мұрасы  –  жыраулар  мен  ақындар 
поэзиясы.  Сан  ғасыр  сынынан  өтіп,  халық  көкірегінде  жатталып,  жыраудан  жыршыға 
ұласып, біздің дәуірімізге жеткен сұңғыла сөз зергерлері – ХV-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген 
Асан  қайғы,  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Жиембет,  Марғасқа,  Ақтамберді,  Тәтіқара, 
Үмбетей,  Бұқар,  Шал,  Көтеш  сияқты  ақын-жыраулар.  Олардың  жыр-толғаулары  Қазан 
төңкерісіне дейін де, кеңестік дәуірде де жинақтар мен мерзімді баспасөз беттерінде сан рет 
жарық  көрді.  Алайда  бұрынғы  шыққан  басылымдар  қалың  оқырман  қолына  тие  бермеді. 
Себебі  олар  сирек  кездесетін  кітаптар  еді.  Соңғы  жиырма-жиырма  бес  жылдан  бергі  кезде 
жарияланған  жинақтар  ғана  ХV-ХVІІІ  ғасырларда  өмір  сүоген  ақын-жыраулар  мұрасын 
оқушы жұртшылққа кеңірек таныстыруда ерекше роль атқарады. 
ХV-ХVІІІ  ғасыр  ақын-жырауларының  өмірі  мен  шығармашылығы  хақында  да  бірқатар 
зерттеулер жарияланды. Демек, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы сөз зергерлері оқушы қауымға біршама 
жақсы  таныс.  Әйтсе  де,  бұл  дәуірдегі  ақын-жыраулар  мұрасының  әлі  ашылмаған  қыры  мен 
сыры аз емес. Солардың бірі – ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшеліктері. Өйткені 
көркемдік өрнек-ерекшеліктер ақын-жыраулардың жан сезімі мен ой қиялын, арман-мұратын, өз 
дәуіріне, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен белгілі адамдарға деген көзқарасын, сайып келгенде, 
суреткер мұрасын шынайы танып-білуімізге мүмкіндік береді. 
Ақын-жыраулар  поэзиясындағы  бейнелі  сөздер  жүйесінің,  суреттеу,  мәнерлеу 
құралдарының,  сөз  қолдану  шеберлігінің,  сөз  саптау  ерекшелігінің,  сұлулық  әлемінің 
жұмбақ-құпиялары  ала-бөтен,  жаратылысы  қызық.  Поэзияның  ішкі  астар-қабаттарындағы, 
тереңдері  мен  қойнауларындағы  қайнар  көздерін  ашу,  қисапсыз  көркемдік  құбылыстарды 
айқындау,  кестелеу  тәсілдерінң  табиғатын  тану,  сөздің  көркемдік,  эстетикалық  қасиеттерін 
тану, бейнелі түрде қолданылуын контекспен тұтастықта алып тексеру поэзия тілінің тарихы 
мен теориясын зерттеу екені белгілі. 
Сонау Аристотельден бастап әдебиеттің болмыс-бітімі сөз болып келеді. Белгілі ғалым 
А.А.Потебняның ғылыми-теориялық ойлары поэзияның көркемдік табиғаты, ақындық ойлау 
және шығармашылық психологиясы дегенге саяды [1]. 
Поэзияның гармониясы, тілі, образдық-музыкалық кестесі туралы Аристотельден басқа 
Лукреций,  Гораций,  Батыс  Европа  классиктері  Н.Буало,  Скалигер,  Антонио  Минтурио, 
Лодовико Кастельветро, Торквато Тассо, Филип Сидин, Франсуа Малерб, Мартин Опиц, т.б. 
да оқымыстылардың ой-толғамдары айрықша маңызды.  
Атадан балаға, жыраудан жыршыға ұласып, ертелі-кешті қағаз бетіне түсіп, негізгілері 
ғана  сақталған  ХV-ХVІІІ  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясы  –  оны  туғызған  жыраулар  мен 
ақындардың талант-дарынын әйгілеп, олар өмір сүрген алыс замандар жайлы сыр шертеді. 
Жыраулар  мен  ақындардың  қоғамдағы  ролі,  олардың  шығармашылық  ерекшеліктері 


 
хақында  әдебиеттану  ғылымында  бірқатар  уақыттан  бері  әңгіме  болып  келеді.  Бұл  салада 
жазылған зерттеулер мен пікірлер аз емес. Әсіресе, Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, 
С.Мұқанов,  Қ.Жұмалиев,  В.Жирмунский,  Ә.Марғұлан,  Е.Ысмайылов,  Б.Кенжебаев, 
Ә.Қоңыратбаев,  Х.Сүйіншәлиев,  Ә.Дербісалин,  М.Мағауин,  Р.Бердібаев  т.б.  ғалымдардың 
әдеби қауымға кеңінен таныс еңбектері жыраулар мен ақындар өнерінің әлеуметтік мәні мен 
бірқатар  көркемдік  сыр-сипаттарын  тануға  мол  мүмкіндік  жасады.  Жыраулық  поэзияның 
жанрлық сырлары, өлең құрылысы, көркемдік қисындары хақында З.Қабдолов, М.Базарбаев, 
З.Ахметов еңбектерінде де құнарлы жолдар,  құнды пікірлер кездеседі. Соның нәтижесінде, 
әсіресе  жырау  мен  ақын  анықтамасы,  оларға  тән  ерекшеліктер,  өлеңдік  түрлер,  дәстүрлі 
әдеби  орта  сырлары,  т.б.ғылыми  мәнді  мәселелер  айқындала  түсті.  Қазір  жыраулар  мен 
ақындар, олардың атқарған қызметтері туралы пікірлер қалыптасты. 
Замана  шындығын,  дәуір  сырын  бейнелеген  жолдар  ақын-жыраулар  мұрасында  да  аз 
емес.  Мұндай  реалистік  элементтер  «Қырында  киік  жайлаған»,  «Әй,  хан,  мен  айтпасам 
білмейсің» сияқты Асан толғауларында, «Би Темірге айтқаны», «Алай Яным» сияқты Шәлгез 
толғауларында, Ақтамберді, Бұқар, Көтеш т.б. ақын-жыраулар мұраларында да мол. «Төрден 
орын тимейді, патша болсын малы  азға»  (Асан қайғы)  – бұл  айна қатесіз замана шындығы 
еді. «Сүйгенінен ер жігітім айырылса, жүрегінің басы-дағы қан болар» (Шәлгез) - әлеуметтік 
теңсіздік көрінісі. «Аспан ұшып, Арқа кезіп көп көріп, әділдікті еш көрмедім көзіммен», «Ақ 
сүйектер  ары-бері  тартысса,  әзіз  орда  абдырарға  ұқсайды,  әзіз  орда  алпыс  болып  таралса, 
ауыр ноғай аз болғанға ұқсайды» - бұл сол дәуірдің Шәлгез байқаған шын сыры, бақ, дәреже, 
даңқ жолындағы текетірес салдарынан бірлік, береке ыдыраған ноғай ордасының ауыр халі. 
Сондай-ақ  Ақтамберді  жырларындағы  жетім  көрген  зорлық-зомбылық,  Шәлгез,  Бұқар 
толғауларында  жалғыздың  жапа  шегуі  біршама  шынайы  суреттелген.  Бұл  әуен  Бұқарда, 
кейінгі дәуір ақыны Шортанбайда да бар. Ақтамберді де, Бұқар да, Шортанбай да, тіпті Абай 
да  шаруа  мен  жалшы  халін  көре  білді,  көрсете  білді.  Бұл  сол  дәуірлердегі  ой-сана 
эволюциясына,  халық  өмірінің  даму  процесіндегі  тарихи  жағдайларға  байланысты  жай 
болатын.  Ал,  сол  нашарларға  қабырғасы  қайыса  білудің  өзі  аталмыш  дәуір  поэзиясы  үшін 
ілгерілеу еді. 
Аздың ісі бітер ме?!, Көптің ісі жетер ме?!Көп ішінде бір жалғыз,Сөйлеп те сөзі өтер 
ме?! НемесеРулының оғы қалса табылар [2,114 б].  
Бұл  тап  қайшылығы  мол,  әлеуметтік  теңсіздік  үстемдік  еткен  дәуірлердің  қай-
қайсысына да тән бір кезде Шәлгез көре білген дәуір шындығы еді. Бұқар өмірдің осы тектес 
ащы  шындығын  айта  білумен  қатар  «Жарлы  байға  теңеліп,  жарыса  қонбас  демеңіз»  деп 
басталатын шумақта бір орында мәңгі тұрар, өзгермейтін нәрсе жоқ  – жарлы байға, жалғыз 
көпке теңелер, қу тақырға қурай бітер дегендей дүниені даму, өзгеру рухында көре біледі. Ал 
Көтеш  ақынның  «Қаратаудың  басынан  көш  келеді»  шумақтарында  халық  басынан  өткен 
қайғылы кезеңнің нақты шынайы суреті бар. 
Әдетте,  автор  тарихи  жағдайға,  өмір  шындығына  өң  беріп,  ой  қосады,  демек  көркем 
шығарма  дәл  тарих  емес,  суреткер  қиялына  бөленген  өмірдің  көркем  шежіресі.  ХҮ-ХҮІІІ 
ғасырлардағы  қазақ  поэзиясы  туралы  да  осыны  айтамыз.  Әйтсе  де,  бұл  дәуір  мұраларында 
ақын-жырау  қиялынан  туған  образ  кездеспейді.  Көбінесе  жыраулар  мен  ақындар 
поэзиясындағы мекен, кісі аттары тарихи деректерге сәйкес келеді. 
Ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік кестесінде терең мағыналы сөздер ұшан-теңіз. 
Алдымен  көркем  теңеулердің  нендей  себептерге  байланысты  туындайтындығына  үңілейік. 
Сыртқы дүниеге әсерлері  мен түйсік-түсініктерді  синтездейтін және өнерпаздықпен жүйеге 
түсіретін,  болмыстың  бейнелері  мен  моделін,  әлемді  көркемдік,  рухани,  практикалық 
тұрғыдан  игерудің  принциптерімен  үйлестіре  суреттейтін  сана  қабілеті  көркемдік  қиял  деп 
аталады.   
ХV-ХVІІІ  ғасырлардағы  жыраулар  мен  ақындарда  жан-жақты  сомдалған  адам  образы 
болмағанмен шебер бейнеленген портреттер мен мінездеулер, батырдың жан күйін суреттеу 
эпизодтары,  батырлар  мінген  сайгүлік  сипаттары  біршама  кездеседі.  Ал,  мінез-құлық 
нормаларын жақсы-жаман әдеттерді қарама-қарсы қойып шендестіре суреттеу адам образын 


 
бейнелеуге барар жолдағы нышандар еді. 
Ақын-жыраулар  өз  дәуірінің  белгілі  батырлары  мен  хан,  билерінің  сыртқы,  ішкі 
сипаттарын  бейнелеген.  Халық  әуелі  жұртқа  танымал  тарихи  адамдарды  ғана  құмарта 
тыңдаса керек. 
Бәрін айт та, бірін айт
Қабағын қара сусар бөрік басқан 
ауырынын күшіген жүнді оқ жанышқан, 
Қалжуардай шаншылған, 
Күшігендей шоңқайған, 
Он екі құрсау жез айыр, 
Қара мылтық жұмсаған... 
Міне, бұл «Ер Шобандағы» Жақан батырдың портреті. 
Бұдырайған екі шекелі, 
Мұздай үлкен көбелі, 
Айдаса қойдың көсемі, 
Сөйлесе қызыл тілдің шешені
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы, 
Қалайылаған қасты орданың сырығы, 
Мұсылман мен кәуірдің, 
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан, 
Сүйінішұлы Қазтуған!  [2] (Қазтуған) 
Сан алуан эпитеттер мен ұлғайған метафораны қатар қолдана бейнелеген бұл үзіндіде 
Қазтуған батырдың ішкі һәм сыртқы сипаттары да бар. 
Сондай-ақ  Асан  толғауларындағы  «Ай,  хан,  мен  айтпасам  білмейсің»  тирадасында 
өркөкірек, менмен, тәкаппар ханның сыртқы бейнесі көз алдыңа келеді. Ал, Бұқар Бөгембай 
батырдың ерлігін баса айтып былай мінездейді: 
Қиядан қиқу төгілсе, 
Аттың басын тартпаған. 
Қисапсыз қол көрінсе, 
Қорқып жаудан қайтпаған [2]. 
Ақын-жыраулар  батырлар  мінген  сайгүліктер  мен  тұлпарларды  да  тамылжыта  шебер 
суреттеген: 
Келбетіне қараса, 
Омырауы даладай, 
Әлпетіне қараса, 
Сырлап соққан моладай. 
Немесе 
От басар орны отаудай, 
Қабырғасы халық орнаған жонсаудай, 
Ор қояндай қабақты, 
Сары мысықтай азулы
Саптыаяқтай ерінді....., 
Табаны жалпақ тарланды 
Таңбалап мінер ме екенбіз?!  (Ақтамберді) 
Жауынгер жырау Ақтамберді армандаған мықты да берік, сұлу да сымбатты, жүйрік те 
төзімді арғымақтар мен тұлпарлардың сыртқы бейнесі осындай. Мұндай шынайы да шебер 
суреттеу арғымақ баптап, мал шаруашылығымен айналыспаған елдің ақындарының қолынан 
келе  бермеуі  мүмкін.  Ат  бейнесін  суреттеудегі  осындай  сыншылдық  Ақтамберді  дәуірінен 
бері  талай  ақынға  өнеге  болды.  Бәр-бәрін  санамағанның  өзінде  Бұқар,  Абай,  Ілияс 
шығармаларындағы ат бейнелері (аттың сындары) – қазақ поэзиясындағы үздік өрнектер. 
Бұқар  жырау  «Ай,  айтамын,  айтамын»  толғауындағы  «құлында  емген,  тайда  емген» 
тирадасында «кекілін қаздай тараған, тостаған көзді торыны» бағзы ауыз әдебиеті дәстүрінде 


 
тебірене сипаттаған және адам өмірін әрбір кезеңге сай санамалап суреттеу әдісін мұнда да 
қолданады (құлын, тай, құнан, дөнен, бесті, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он жасына орай). 
Жыраулар  адам  жан  дүниесін  аса  терең,  жан-жақты  суреттеуден  гөрі  қысқа  да  шола 
суреттеуді, сол кездегі оқиғаға байланысты бейнелеуді машық еткен. 
Сондай-ақ  Шәлгез  толғауларындағы  «Арқаның  құба  жонында»  сегіз  жол  үзіндінің 
өзінде  елдік,  бірлікті  көксеген,  қызғыштай  болған  есіл  ер  де,  шолақ  ақылмен  шорт  кесер 
тоңмойын топас та көз алдыңызға келеді. Сонымен қатар мұнда қимыл мен әрекет те, уақыт 
пен кеңістік те айқын сезіледі. 
Ақын-жырауларда  табиғат  бейнесін  суреттеуге  арналған  толғау-өлеңдер  кездеспейді. 
Әйтсе  де  қоршаған  ортаның  жануарлар  дүниесі  мен  өсімдік  әлемін,  ауа  райының  кейбір 
құбылыстарын  елестетерлік  ойдым-ойдым  әсерлі  де  әрлі  жолдар,  образды  тіркестер  мол 
табылады.  Ақын-жыраулар  ондай  бейнелеулерді  суреттеп  отырған  адамның  көңіл-күйімен 
салыстыра беру үшін, не өткенді еске алу барысында қолданады. 
Ақын-жыраулар поэзиясындағы суреттеу әдісі әрқилы. Өз атынан бірінші жақта сөйлеу 
өте  сирек  ұшырайды  (Доспамбет:  «Тоғай,  тоғай,  тоғай  су»,  Шал:  «Пасыл  да,  пасыл, 
пасылман»  т.б.).  Ал,  екінші-үшінші  жақта  суреттеу  –  ақын-жыраулардың  ең  көп  қолданар 
әдісі  (екінші  жақта  –  Доспамбет:  «Озушылар,  озмаңыз»,  Бұқар:  «Садыр,  қайда  барасың», 
Көтеш:  «Абылай,  Ботақанды  сен  өлтірдің»,  үшінші  жақта  –  Доспамбет:  «Қалаға  қабылан 
жаулар  тигей  ме»,  Шәлгез:  «Арқаның  құба  жонында»  т.б.).  Әсіресе,  ақын-жыраулардың 
көбірек қолданған әдісі – үшінші жақтағы бейтарап суреттеу. 
Жыраулардың  бейнелеу  әдістерінде  юморлық,  сатиралық,  трагедиялық,  қаһармандық, 
романтикалық образдарға тән нышан – элементтер де байқалады. 
Жау жағадан алғанда, 
Ит етектен алғанда, 
Ер Абылай қорыққан жоқ
Әншейін еңкейе бере жылысты.  (Тәтіқара) 
Қалмақпен шайқас кезіндегі  Абылай әрекетін  бейнелеуде осылайша  зілсіз, жеңіл  ғана 
әжуамен сынап өтеді. Ал, Асанның  «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің», Бұқардың  «Атаңды 
білмес  құл  едің»,  Шалдың  «Басеке,  мал,  жануар  басқа  бітер»  деп  басталатын  өлеңдерінде 
сатиралық  образ  детальдары  елес  береді.  Ал,  Доспамбеттің  «Арғымаққа  оқ  тиді» 
тирадасында  жауынгер  жырауды  бейнелеуде  әрі  трагедиялық,  әрі  қаһармандық,  Үмбетей, 
Бұқар жырларындағы Бөгембайды суреттеуде қаһармандық образ көріністері аңғарылады. 
Әлемді түгел көрсе де, 
Алтын үйге кірсе де, 
Аспанда жұлдыз арайлап, 
Ай нұрын ұстап мінсе де, 
Қызыққа тоймас адамзат! 
Бұл жыраулық тебіреніспен көтеріңкі рухта келетін романтикалық сипаттағы бейнелеу. 
Осынау жолдардағы бұрын қиял, арман көрінген бірқатар жайттар қазіргі дәуірде қол жеткен 
шындыққа айналды. Әр дәуірдегі озық ой, қисынды қиял, асыл арман осылайша келешекпен 
табысып, ақиқатқа айналып отырған. 
Ойды  шашыратпай  жүйелі  айту,  толғау  құрылысының  мазмұны  мен  идеясына  лайық 
келуі  –  ХҮ-ХҮІІІ  ғасырлардағы  біз  қарастырған  жыраулар  мен  ақындарға  тән  көркемдік 
әдістердің бірі. Ақындар ман жыраулар поэзиясының композициялық ерекшеліктері арнайы 
зерттеу  обьектісіне  айнала  бастады.  Жыраулар  мен  ақындар  толғауын  ой,  мазмұн  жағынан 
бірнеше бөлімге жүйелеуге болады. Әдетте, сол кезде өтіп жатқан оқиға, әрекет суреттеледі 
де, жырау оған өз қатынасын білдіреді, яки қорыта шешім айтады. «Қырында киік жайлаған» 
деп басталатын Асан толғауының алғашқы бөлімінде Жем мен Ойылды қоныс етпей Еділге 
келген  Жәнібек  мінезін  мінеп,  бірақ  көнбес  сыңай  таныған  жырау  соңғы  жолдарда  Еділ, 
Жайықтың  елге  тиімдігіне  келіскендей  пікір  білдіреді.  Мұндай  сипаттар  Шәлгездің  «Би 
Темірді  қажы  сапарынан  тоқтатуға  айтқаны»  толғауында  да  бар.  Шәлгез  өлеңнің  алғашқы 
бес жолында  


 
Кебеге кетпек болған Би Темір әрекетін баяндап, оған жалғас бес жолда бұл әрекетке өз 
қатынасын (өз пікірі мен сұрағы), оған жалғас он бес жолда Би Темір әрекетіне елдің әсерін 
(Би  Темір  сапарына  қайғыруын)  суреттейді.  Одан  кейінгі  қырық  алты  жолда  жырау  Би 
Темірге баға береді, өзінің бағы жүріп дәуірлеген кезін еске алады. Шәлгез Би Темір әрекетін 
екі  дүркін  қайталап  суреттеп,  арасында  өз  пікірін  білдіріп,  сұрақ  қойып,  иесіз  қалар  елінің 
халін  баяндап,  Темірді  тебіренте  мадақтағанмен  негізгі  қорытынды  ойын  (қажы  сапарынан 
тоқтату) соңғы он бір жолда ғана білдіреді. Демек, алдыңғы Асан толғауына қарағанда мұнда 
ой, мазмұн жүйесінде біраз күрделілене түскендік байқалады. 
Өмір  көрінісін,  болмысты,  сол  дәуірде  өткен  оқиғаны,  әрекетті  айтып,  оған  ақын, 
жырау қатынасын, көзқарасын, пікірін көрсететін бағзы дәстүр ХҮ-ХҮІІІ ғасыр поэзиясында 
негізінен  сақтала  тұрса  да,  толғаулардың  ой,  мазмұн  жүйесі  –  композициялық  құрылысы 
ғасырлар  өткен  сайын  күрделілене  түскен.  Бұған  Асаннан  үш  ғасыр,  Шәлгезден  екі  ғасыр 
кейін  өмір  сүрген  Үмбетей  жыраудың  «Бөгембай  өлімін  Абылай  ханға  естірту»  толғауы 
толық  дәлел  бола  алады.  Толғауды  ой,  мазмұн  жағынан  шартты  түрде  болса  да  бірнеше 
бөлімге бөліп қарастыруға болады: 1. Әуелі қатқылдау, қаратпа сұрақ («Ей, Абылай, Абылай, 
Абылай ханым бұл қалай?»), сосын сыпайылау тілек («Бұл қалайдан сескеніп, сөзімді қойма 
тыңдамай»), оған жалғас өткен дәуренді шоли еске алу («Өтіп еді-ау жасыңнан, қиын,қызық 
әрбір жай»). Бұлар толғаудың кіріспесі іспетті.  
2.  Жырау  негізгі  айтпақ  ойына  апаратын  байланысқа  көбірек  орын  берген.  Бұл 
бөлімдегі  тоғыз  шумақтың  тоғызында  да  жырау  Абылай  басынан  өткен  жайлар  мен  сол 
дәуірді  суреттейді  (жастық  шағы,  жігіттік  кезі,  ерлігі,  қалмақтармен  шайқасуы,  хан  болуы, 
қалмақ  ханы  Қалданның  қолына  түсіп  құтылуы,  Абылай  тұсындағы  батырлар  мен  билер  – 
Керей  батыр  Жәнібек,  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Қу  дауысты  Құттыбай,  Қаракерей  Қабанбай, 
Қанжығалы  Бөгенбай),  сол  дәуірді  мадақтау,  Абылайдың  дәуірлеген  кезі,  жолы  болған 
жорықтар.  Жырау  шумақ  соңында  өткен  күндер  оқиғасын  айта-айта  келіп,  «Ұмыттың  ба 
соны, Абылай» - деп ойын бекітіп, әрі өткен тарихты Абылайдың есіне салып отырады. 
3.  Бөгембай  өлімін  сездіру  –  оқиғаның  шарықтай  түсуі  («дүние  кезек,  Абылай!... 
Табылар батыр тағы да-ай, сондай ерлер көп тусын, деп тілей бер, а құдай!»). 
4. Естірту – шиеленіс һәм шешілу іспетті («Батырың өлді – Бөгембай»). 
5.  Толғаудың  аяқталу  сәтін  де  (яки  қорытынды  бөлімі)  бірнеше  жүйеге  бөліп  қарауға 
болады.  Бұл  бөлімде  жырау  өз  парызын  өтегенін  толғап,  көңіл  айтады  («Қазаға  жақсы 
қасқарар, Ойбайлап жаман бас салар, көзінің жасын тыя көр, жақсылық бата қыла көр»), игі 
тілек білдіріп, бата береді («Береке берсін артына-ай, сабыр берсін халқына-ай»).  
Демек,  жырау  әуелі  ханды  сабасына  түсіріп  әріден  қозғап,  бағзы  тарихын  баяндап 
байырқатып  алып,  қайғыны  сатылап  сездіріп  барып  естіртеді.  Сосын  дағдылы  мұң-шер 
өлеңдеріне  тән  дәстүрде  жұбату,  бата  айтады.  Осының  бәрін  жырау  рет-ретімен,  жүйелі 
жеткізген. 
Жыраулар әрбір шумақ соңында негізгі айтпақ ойын қайталап, бекітіп отырады. Бұқар 
жыраудың  Абылайға  Бөгембай  өлімін  естірту  толғауында  алты  шумақтың  алтауы  да 
«Батырың  өтті,  Бөгембай!»  деген  жолмен  аяқталады.  Жырау  әр  шумақтың  алғашқы 
жолдарында батырдың қадір-қасиетін еске алып, соңғы жолды айтуға негіз жасайды.   
Жыраулар  поэзиясындағы  дәстүрге  айналған  бір  көркемдік  тәсіл  –  санамалап,  нақпа-
нақтап суреттеу, жеке-жеке мінездеу. Ер Шобан толғауындағы әрбір батырды мінездеу тәсілі 
кейінгі көптеген ақын-жырауларға үлгі болған. Бұл дәстүрді Қалнияз «Ер Қармыс» жырында, 
Мұрат «Шәлгез» толғауында жалғастыра, дамыта түскен. 
Толғауларда  ақын,  жырау  болған  істі,  әрекетті  ғана  суреттеп  қоймайды,  өз  болжамы 
мен пікірін де қоса білдіреді. 
Кейбір  толғаулардың  алғашқы  жолы  сұрақпен  басталып,  қалған  жолдары  жауап 
күйінде келеді (Асан қайғы: «Бұл заманда не ғарып?»). Бұл өрнекті Асаннан бес ғасыр кейін 
өмір сүрген Қашаған ақын «Бұл дүниеде не жетім?» толғауында қолданған. Ақын-жыраудың 
негізгі ойы – толғау мазмұны жауап бөлімінде қамтылады. 
Ақын-жыраулар  толғауды  ақыл,  нақыл  күйінде  өтіп  жатқан  оқиғадағы  құбылысты 


 
дағдылы баяндау ретінде бастап, соңынан өзі қорытып отырады. 
Сары аязда қата ма, 
Қайнардың аққан тұнығы?! 
Қап түбінде жата ма, 
Болаттың асыл сынығы. 
Халқы тозып кем болмас, 
Әділ болса ұлығы.  (Ақтамберді) 
Негізгі  ой  соңғы  екі  жолда.  Сондай-ақ  Бұқардың  «Асқар  таудың  өлгені»,  «Жал, 
құйрығы  қаба  деп»  толғаулары  да  осы  іспеттес.  Алғашқысында  жырау  өмір  сырын  әрқилы 
мысалдармен  нақыл  күйде  суреттеу  келіп,  соңынан  қорытынды  жасайды  («Жақсының  аты 
өлмейді, Әлімнің хаты өлмейді»). Екінші толғау ақыл күйінде басталып, нақыл ретінде бітеді 
(Жақсыдан жаман туса, тартпай қоймас негізге»). 
Бірқатар  толғауларда  ақын-жыраулар  өзі  туралы  мәлімет  береді,  не  өзінің  шабыт-
дарынын, ата-тегін, т.б. деректерімен таныстырады. Бұлар – ақпа-төкпе ақын, жыраулардың 
шабыты  қозып,  рухы  көтеріліп,  қанаттана  түскен  сәттерінде  туатын  жыр  жолдары,  әрі 
тыңдаушымен  арадағы  қатынасты  нығайтып,  ерекше  әсерге  бөлеп,  баурай  түсудің  көне 
дәуірден  келе  жатқан  тиімді  тәсілі.  Мысалы,  Бұқар  «шашырап  қандар  көп,  шашау  жатқан 
малдар  көп,  қайсы  бірін  айтайын,  Айта  берсем  сөздер  көп»  деп  бастап  барып,  әрі  қарай 
өрбіте түседі. Ал, Шал ақын «Домбыра қолда қарағай, қолға да оны алған соң, жүйрік туған 
ағаңыз, 
Арыдан 
бері 
тербетер» 
дейді. 
Мұндай 
мысалдар 
ақын-жыраулар 
шығармашылығында  көптеп  кездеседі.  Толғау  арасында  кездесетін  ақын-жыраудың  өзі 
туралы тебіренісі кейде толғаудың басында, кейде орта жерінде, не аяғында келеді. 
ХҮ-ХҮІІІ  ғасырларда  өмір  сүрген  жыраулар  мен  ақындардың  көпшілігінің  эпостық 
жырларды  тудыруға  қатысы  болған  не  кәрі  әжесіндей  сол  жырлардан  өнеге  алған. 
Сондықтан  да  ақын,  жыраулар  толғауларының  композициялық  құрылысында  эпос  әсері 
айқын  аңғарылады.  Ол  заңды  да  (Бұқар:  «Абылай  ханның  қасында  Бұқарекең  жырлайды. 
Жырлағанда не дейді, соғыспа деп жырлайды...») 
Жыраулар  поэзиясындағы  бір  ерекшелік  –  жыр  жолдарындағы  сөздердің,  не  басқы 
буындардың қайталанып келуі (Асан қайғы: «Ұсар ма, билер, ұсар ма?», Қазтуған: «Алаң да, 
алаң,  алаң  жұрт»,  Шәлгез:  «Алп,  алп  басқан,  алп  басқан»,  «Ор,  ор  қоян,  ор  қоян»,  «Ау, 
бөрілер,  бөрілер»,  «Алып,  алып  ал  сақын»,  «Асқар,  асқар,  асқар  тау»,  Доспамбет:  «Сіреу, 
сіреу, сіреу қар»,  «Тоғай, тоғай, тоғай су», Ер Шобан:  «Ол тұрысқан, тұрысқан», Жиембет: 
«Ей, қыңыр ер, қыңыр ер», Ақтамберді: «Көк көгершін, көгершін», «Бұлан да, бұлан, бұлан 
сан», «Жел, жел есер, жел есер», Бұқар: «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек», «Ай, заман-ай, заман-
ай»,  «Ай,  айтамын,  айтамын»).  Мұндай  қайталаулар  көбінесе  толғаудың,  яки  шумақтың 
басқы  тармағында  кездеседі.  Қайталаулардың  бірқатарында  жырау  бір  нәрсеге  яки 
құбылысқа тыңдаушы назарын ерекше аударып, сосын барып, ол туралы өз толғамын айтады 
(«Тоғай,  тоғай,  тоғай  су»,  т.б.).  Кейбіреуінде  жырау  адамға,  яки  заманға  қарата  сөйлеп, 
тікелей тіл қатады. («Ау, бөрілер, бөрілер», «Ай, заман-ай, заман-ай», т.б.). 
Жыр  жолдарындағы  сөздер  мен  буындардың  қайталанып  келуі  жыраулар  мұрасынан 
өнеге  алған  ХІХ,  ХХ  ғасыр  басындағы,  тіпті  қазіргі  халық  ақындары  шығармаларында  да 
кездеседі.  Жыр  айту  процесінде  Шашубайдың  «Сөйле,  Шашеке»,  Өскінбайдың  «Ой, 
шіркіннің ағылуын-ай» деп өздеріне дем беріп, қанаттандырып айқайлап отыратыны сияқты 
біз  айтып  өткен  қайталаулар  жыраулардың  тебіреніс-толғанысына,  шалқып-шамырқануына 
кең тыныс, мол мүмкіндік беретін тәсілі болғанға ұқсайды. 
Ақын-жыраулардың  өз  атынан  монолог  ретінде,  не  кезектесіп  диалог  ретінде  келетін 
толғау,  өлеңдері  көп  емес.  Бірінші  жақта  монолог  ретінде  өз  атынан  айтылатын  өлеңдер 
өзгелерден  гөрі  Шал  ақында  бар  («Әр  жерде  қадір,  құрмет  көрген  жанмын»,  «Түседі  өлең 
десе  қайғы  шерім»).  Ал,  Ер  Шобан  толғауындағы  Биғазы  мен  Шобан  сөздері,  сондай-ақ 
«Шал ақын мен Дегдар қыз» сияқты Шалдың бірқатар өлеңдерін ғана диалог үлгісі ретінде 
қарауға болады.Кейбір толғауларды қисса, эпос дәстүрімен жыр мен қара сөз аралас келеді 
(Ер Шобанда, Жиембеттің Есім ханға айтқан толғауларында). 


 
Ақын-жыраулар  шығармашылығының  пікір,  ой  өрбіту,  жырлау  жүйесіндегі  осы 
мысалдардың  өзі  толғаулардың  композициялық  құрылысындағы  олар  қолданған  көркемдік 
әдіс, тәсілдердің сан алуан болғандығын байқатады. 
Жыраулар  мен  ақындар  халық  тілі  қазынасынан  мол  сусындап,  оның  бейнелі  де 
өрнекті,  отты  да  өткір,  мағыналы  да  қанатты  түрлерін  өз  шығармаларында  мол  пайдалана 
білегн, өздері де халықтың сөз қазынасына елеулі үлестер қосқан. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Аристотель. Поэтика. -Алматы, 1959. 
2.
 
Ахметов З. Өлеңсөздіңтеориясы. -Алматы, 1973. 
3.
 
Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық). -Алматы, 1989. 
4.
 
Негимов С. Өлең өрімі. -Алматы., 1980;  Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі.  -Алматы, 1991. 
5.
 
Өмірәлиев Қ.  15-19 ғғ.қазақпоэзиясыныңтілі. -Алматы, 1976. 
6.
 
Сыдықов Қ.  Көркемдік өрнектер.  Алматы, 1992 
 
 
ӘОЖ 811.512.122 
ӘДІЛБЕКОВА Қ.Ә., БАРБОСЫНОВА Қ.Т. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал