Сборник материалов по итогам республиканской научно-практической конференции «Великая Отечественная война: история, опыт и современное осмысление»



жүктеу 116.94 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.02.2017
өлшемі116.94 Kb.
түріСборник

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 



Акимат Западно-Казахстанской области 

Западно-Казахстанский государственный университет им. М.Утемисова 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы Отан соғысының ардагері, тарихшы – ғалым, ұстаз 

Х.Ж.Сүйіншалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған 

«Ұлы Отан соғысы: тарихы, тәжірибесі  

және жаңаша пайымдау» 

 атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция материалдар жинағы 



 

 

 



 

 

Сборник материалов по итогам 

республиканской научно-практической конференции  

«Великая Отечественная война:  

история, опыт и современное осмысление», 

посвященной 90-летию ветерана Великой Отечественной войны, историка-

ученого Х.Ж.Суйншалиева 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Орал – 2015 



 

 


ЕРЛІК  – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА – ҮЛГІ  

 

Байғазиев Н. Ф. 

Ежелден ел тілегі - ер тілегі, 

Адал ұл ер боп туса - ел тірегі. 

Бауыржын Момышұлы 

 

«Ерлік  –  елге  мұра,  ұрпаққа  –  үлгі»  бабаларымыздың  әрбір  жүріп  өткен  жолы  –  біз  үшін 

үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептейміз.  

Қазақ  халқының  ұлы  перзенті,  қаһарман  жауынгер,  даңкты  қолбасшы,  Кеңес  Одағының 

Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға. 

″Туады ерлер, ел үшін″ 

Өлмейді ісі мәңгілік, 

Өшпейді абзал есімдер. 

Ұрпаққа жетіп мәңгілік 

Кетпейді естен асыл ер,- 

деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлағандай  мен баяндамама «Ерлік – елге мұра, 

ұрпаққа  –  үлгі»  деген  тақырып  таңдай  отырып,  Бауыржан  Момышұлының  ерліктері,  нақыл 

сөздері, шығармалары арқылы өскелең ұрпақ бойына патриоттық рух дәнін себу.  

Осы тақырыпты зерттеу кезінде Бауыржан Момышұлы халық қаhарманы, жауынгер-жазушы 

ғана емес, соғыс стратегі, қоғам қайраткері, сөз шебері ретінде елеулі орын алатындығын және ел 

есіндегі ұлы тұлға екендігін аңғарамыз. 

Балалық  шағын  Қаратау,  Алатау  қойнауларында  өткізіп,  асау  заманмен  арпалыса  жүріп 

есейген,  қоғамның  небір  сұрапыл,  қиян  -  кескі  кезеңдерінде  алған  бағытынан  қайтпастан  өз 

заманының биігіне көтерілген қазақ баласы көзі тірісінде бүкіл Кеңес Одағы мақтан тұтатын және 

шет елдер танитын аңыз - адамға айналды. 

КСРО-лағы  ірі  әскербасы-маршалдармен  бірге,  өз  қол  астындағы  мыңдаған  қарапайым 

жауынгерлермен  жұп  жазбай  жүріп  Б.  Момышұлы  1941  жылдың  жазында  басталған  Ұлы  Отан 

соғысына  1945  жылдың  көктеміне  дейін  үзбей  қатысып,  елімізді  фашист  басқыншыларынан 

қорғап қалу жолындағы қан майданды қаһармандықпен қақ жарып өтті Қарапайым командирден 

даңқты қолбасшы тұғырына көтерілді. 

Аты  бүкіл  әлем  халқына  тараған  қазақ  елінің  ақиық  қыраны  Бауыржан  Момышұлының 

қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындылары жөнінде сан тарапты пікір 

айтылып, талассыз жазылып келе жатқан мақала, зерттеу кітаптар қаншама!  

1. Бауыржан Момышұлының өмірі 

«Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны 

ақиқат,  халық  мұндай  қаһарман  ұлдарын  жыр  аңызға  айналдырып,  өшпес  ерлігін  ауыздарынан 

тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын 

шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. 

Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, 

Ішсем суы татиды шекер, балдай 

Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа 

Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, – 

деп  өзі  жырлағандай  Бауыржан  Момышұлы  1910  жылы  Жамбыл  облысы,  Жуалы  ауданы, 

Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.  

„Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің”,-  деп,  дана  халқымыз  айтқандай,  оның  бойындағы 

адамгершілік  –  асыл  қасиет,  алдымен  анасының  ақ  сүтінен  дарыса,  екіншіден,  өскен  ортасының 

тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын. 

Қаршадайынан-ақ жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, 

жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады. 

Бауыржан  жеті  жылдық  мектепті  бітіргеннен  кейін  біраз  уақыт  мұғалім  болған.  Сонда 

жүргенде  кезекті  әскери  міндетін  өтеуге  шақырылып,  онда  бір  жарым  жыл  жүріп,  запастағы 

командир  атағын  алады.  Туған  ауылына  қайтып  оралған  соң,  ол  біраз  жыл  қаржы  мекемесінде 

қызмет  істейді.  Содан  қайтадан  Қызыл  Армия  қатарына  шақырылып,  түрлі  әскери  бөлімдерде 

взвод, рота, командирі болады. 

Бауыржан  Момышұлы  жау  шептеріне  ішкерлей  еніп  ұрыс  жүргізу  теориясын  соғыс 

тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. 


Ол  Ұлы  Отан  Соғысының  жан  беріп,  жан  алысқан  қиян-кескі  майданында-ақ  асқан  ер 

жүректілігімен,  әділетсіздікке  қаны  қас,  қиындыққа  қайыспас  қайсарлығымен,  соғыс  тактикасын 

жете  меңгергені,  дарынды  қолбасшылығымен  аңызға  айналып,  қаншама  өнер  туындыларының 

басты кейіпкеріне айналды.  

Бауыржан  Момышұлы  туралы  қаншама  көркем  шығармалар  дүниеге  келді.  Бауыржан 

Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған 

дара  тұлға.  Соғыс  кезіндегі жеке  басының  қаһармандық  ерлігімен және ұрыс  жүргізудегі әскери 

шеберлігімен  ерекше  көзге  түседі.  Бірнеше  рет  жау  қоршауынан  жауынгерлерін  аман  сау  алып 

шығады.  Москва  түбіндегі  шайқастағы  ерлігі  сол  кездің  өзінде  Одақ  көлеміне  аңыз  болып 

жайылады.  Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас  жолы» („Арпалыс”), атты 

кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылып, 

Әзілхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз”, келіні Зейнеп Ахметованың „Шуақты күндер”, ұлы 

Бауыржан  Момышұлының  „Жанымның  жарық  жұлдызы”  және  тағы  басқа  шығармалар  жарық 

көрді. 


Тумасынан  асқан  дарынды  Баукең  1956  жылы  ең  алғаш  қаруын  қаламға  айырбастап, 

бірыңғай жазушылықпен айналысады. Оның қарымды қаламынан туған „Ұшқан ұя”, „Артымызда 

Москва”  ,  „Майдандағы  кездесулер”,  „Куба  әсері”,  „Жон  арқа”,  „Өмір  өшкен  жоқ”  атты  түрлі 

шығармалар әдебиетімізге қосылған ерлік рухқа толы, елеулі де мол мұра болды. 

Соғыстан  кейін  Бауыржан  Совет  Армиясы  Бас  штабының  Жоғары  әскери  академиясын 

бітіреді.  Әскери  педагогикалық  жұмыспен  айналысып,  Совет  Армиясы  әскери  академиясында 

сабақ  береді.  1956  жылы  полковник  атағымен  отставкаға  шыққан  Бауыржан  біржола 

шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде 

көрген  білгендерін  арқау  етеді.  Оның  қаламынан  туған,  өмір  шындығын  арқау  еткен  тамаша 

романы  мен  әңгіме,  повестері  қалың  оқушының  іздеп  оқитын  шығармаларына  айналады.  Олар 

бірнеше қайтара басылып  

Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын 

алды.  Алайда  халықтың  өзі  «батырым»  деп  танып,  ардақтаған  қаһарман  ұлына  бұл  атақ  Отан 

соғысы  біткеннен  кейін  жарты  ғасырдай  уақыт  өткенде  барып  берілген  болатын.  Ел  тәуелсіздік 

алғаннан  кейін  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың  жарлығымен 

оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. 

2. Бауыржан қаһарман жауынгер 

Батыс  майданындағы  16  армияның  316  (1941  жылдың  қарашасынан  бастап  8-гвардиялық 

Қызылту  атқыштар  дивизиясы  1073  атқыштар  полкінің  (1941  жылдың  қарашасынан  19  Гвардия 

полкі)  және  батальон  командирі.  Ұлы  Отан  соғысына  генерал-майор  И.В.  Панфилов  басқарған 

әйгілі  дивизиясының  құрамында  1941  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап  қатысты.  Батальон 

командирі  ретінде  аға  лейтенант  Бауыржан  Момышұлы  Москва  үшін  шайқаста  207  рет  ұрысқа 

қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған 

жорығы  кезінде  аға  лейтенант  Момышұлы  басқарған  батальон  дивизиядан  қашықта,  Матронино 

деревнясының  жанында  Волоколамск  тасжолында  асқан  ерлікпен  ұрыс  жүргізді.  Білікті 

комбаттың  басшылығы  арқасында  3  күн  бойы  фашистер  шабуылын  тойтарып,  батальон  үлкен 

шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2]. 

Москва  түбіндегі  шайқас  Бауыржан  Момышұлының  өміріндегі  ерекше  кезең  болды.  Жас 

сардар,  1073  атқыштар  полкінің  батальон  командирі,  аға  лейтенант  Бауыржан  Момышұлы 

сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып 

шығып,  жалпы  саны  27  рет  қол  бастап  ұрысқа  кіріп,  соғыс  тарихында  болмаған  тактикалық 

маневрлер  жасап,  әскери  өнерге  жаңалық  енгізген.  Командир  Момышұлы  жетік  стратег,  асқан 

тактик, психолог еді. 

1941  жылдың  16-18  қараша  күндері  аралығында  Вермахтың  Мәскеуге  екінші  дүркін 

шабуылы  кезінде  Б.Момышұлы  басқарған  батальон  өз  дивизиясынан  қашықта  Матронино 

селосының  маңында  Волоколам  тас  жолыда  аса  ерлікпен  соғысты.  Комбаттың  дарынды 

басшылығының  арқасында  неміс  әскері  бұл  маңда  3  күнге  іркіліп  қалды.  Бұл  ерлігінен  соң  жас 

комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты. 

Алайда  аласапыран  шақта  қысылтаяң  жағдайға  ұшыраған  кейбір  полктердің  батальон, 

роталарымен  байланысы  үзіліп,  жауынгерлердің  қай  жерде,  қандай  халде  екенін  білу  қиынға 

соғады.  Сондай  жағдайға  ұшырағандардың  бірі  –  Бауыржан  басқарған  бірінші  батальон  еді. 

Баукең  енді  шегінудің  нақты жоспарын  жасайды. Батальонның  алдында  жүретін он  бес адамнан 

құрылған  (алдыңғы  жақты  барлайтын)  барлаушы  қойып,  взвод-взводпен  бөлек-бөлек  болып, 


бірінің  ізімен  бірін  жүргізе  жылжуды  ұйғарады.  Батальон  алдындағы  барлаушыларды  аға 

лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарады. 

Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың 

тоғайда  тыныстап,  түнде  барлаушылар  арқылы  белгіленген  бағытпен  сақтана  жүріп  отырған 

жауынгерлер  табандылық  пен  төзімділік  көрсетіп,  қалың  қарағайлы  тоғай  ішінің  қалың  қарын 

омбылай  жүре  отырып,  екі  күннен  кейін  Новлянск  пен  Ивановск  деревняларының  аралығынан 

шығады.  Барлаушылардың  айтуынша,  осы  Ивановск  деревнясында  панфиловшылардың  1075-

полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады. 

Әдісқой,  тәжірибелі  комдив  И.В.  Панфилов  бұл  полкті  уақытша  әдейі  резервте  ұстап  тұр 

екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген 

лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан 

бастаған  батальон  жауынгерлерін  көргенде  И.В.Панфилов  қуанғаннан  көзіне  жас  алады.  Иван 

Васильевич  көптен  көрмеген  бауырын  кездестіргендей  Бауыржанды  қаусыра  құшақтай  алып, 

бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады. 

19  гвардиялық  атқыштар  полкінің  командирі  ретінде  1941  жылдың  26-30  қараша  күндері 

гвардия  капитан  Момышұлы  Мәскеу  облысының  Соколово  деревнясының  маңында  неміс 

әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында 

омыртқаға  оқ  тиіп,  жарақат  алды.  Әзілхан  Нұршайықовтың  "Ақиқат  пен  Аңыз"  кітабында 

Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, 

бірақ  ол  тапаншамен  дәрігерді  қорқытып,  оқты  сол  жерде  шығаруды  бұйырғанын  айтады.  Оқты 

алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады. 

Кеңес  әскерлерінің  1942  жылғы  қаңтар-ақпан  айларындағы  ұрыстарында  8-гвардиялық 

дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі 

ай  ішінде  батысқа  қарай  500-600  шақырым  алға  басып,  фашистердің  мыңдаған  солдаты  мен 

офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді. 

Сол  уақыттан  1944  жылдың  наурызына  дейін  госпитальде  жатады.  Сол  жылы  Бас 

Штабытың  Әскери  Академиясының  жанындағы  офицерлердің  біліктілігін  арттыру  курстарын 

бітіріп шығады. 

1945  жылдың  21  қаңтарынан  бастап  гвардия  полковник  Бауыржан  Момышұлы  Екінші 

Прибалтика  майданының,  6  гвардиялық  армиясының,  2  гвардия  атқыштар  полкінің  9  гвардия 

атқыштар  дивизиясын  басқарды.  1945  жылдың  ақпан-наурыз  айларында  Бауыржан  Момышұлы 

басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің 

үш  бекінісін  бұзып  өтеді.  Дивизия  шабуылының  нәтижесінде  15  елді  мекен  босатылды,  ал  жау 

әскеріне үлкен зиян тиген болатын. 

Бауыржан  Момышұлының  қатардағы  жауынгерлер  жайлы  айтқан  нақылға  бергісіз  сөздері 

халқымыздың  есінде.  Даңқты  қолбасшы  солдаттың  мінез-құлқын,  парасатын,  елі  үшін  шыбын 

жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге  бастап, 

жігерлендіріп отырған. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы 

болып  қана  қойған  жоқ, сонымен қатар қарамағындағы  жауынгерлер  мен офицерлердің  ақылгөй 

жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді. 

3. Бауыржан-сөз шебері 

Намыс – азаматтың алтын түбі. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Оларды 

ұялтпайтын, сүйегіне таңба түсірмейтін, өлсем өлейін, бірақ ата-анамды, ағайын-жұртымды жерге 

қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы, Отаны - өз үйі деп Бауыржан Момышұлы  айтқан. 

Ал Бауыржан ата „Адамгершілік – ар тазалығы” дейді. Адам адамға дос болу үшін мейірім, 

шыншылдық, тату достық, таза жүрек керек дейді.  

„Талаптының  тоқпағы  жерге  қада  қағады”,  „Адамгершілігі  жоғары  адамның  алдында  жат 

қалықтар  жасауға  ешкімнің  батылы  бармайды.  Себебі,  оның  мысы  болады”,  „Жан  жүрегі  таза, 

рухы биік адамды ешкім басына алмайды”. 

«Қазақстан–2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім мен сапалы 

өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, намыс жатыр.   

Менің ғылыми жұмысымның негізгі мақсатында айтайын деген ойым, ұлы тұлғаның, қоғам 

қайраткерінің  халқым  деп  қалтқысыз  қызмет  еткен,  елім  деп  емірене  сүйген  бабаларымның 

шығармашалығында іздену болды. 

Өзімнің 


азды-көпті 

ой  толғаныстарымменен,  ізденімпаздығымды 

хәл-қадірімше 

ашқандаймын. 



Бауыржан атаның нақыл сөздерімен таныстырғым келеді. Мысалға: 

- Ердің туы — намыс. 

- Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. 

- Ердің Еділ тобығынан келмейді. 

- Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың. 

- Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті. 

- Жауды өлтірсең — өлімнен қүтылдың, өлтірмесең — өлімге тұтылдың. 

- Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа — елдікі, оған тимегін. 

- Қырағының өзі де, көзі де батыр. 

- Ерлік елеусіз қалмасын. 

- Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. 

- Арпалысып жүріп алған абырой — өмірдің ең шырын рақаты. 

- Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта. 

- Ежелден ел тілегі — ер тілегі, 

  Адал ұл ер боп туса — ел тірегі. 

- Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады. 

- Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында. 

- Өз қадірін білмеген — ер қадірін білмейді. Ер қадірін білмеген — ел қадірін   білмейді. 

- Қорқақ қаққа шөгіп өледі. 

- Белдескеннің белін сындыр, 

  Тірескеннің тізесін бүктір. 

  Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, 

  Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. 

  Ептілік те — ерлік. 

- Қара бет болып қашқанша, 

  Қайрат көрсетіп өлген артық! 

- Таяқтан тайсалмасаң, 

  Семсерден сескенбесең, 

  Жеңдім дей бер… 

Міне  ғұлама,  ойшылдың  ақыл-парасатқа  толы  қалдырған  мұраларынан  отансүйгіштікті, 

елжандылықты  шығармаларынан  нәр,  үлгі  ала  отырып,  XXІ  ғасырдың  иегерлері,  біздер, 

Бауыржаншыл ұрпақ болып өсеміз. Елімізді, жерімізді шексіз беріле сүйіп, туған халқымызға адал 

еңбек етеміз. 

Қазақ  халқының  біртуар  батыр  ұлы  Бауыржанның  Кеңес  үкіметі  мен  қазақ  халқы  үшін 

жасаған  ерліктері  мен  еңбектері  өте  зор  болды.  Ол  тек  қана  әскери  адам  ретінде  ғана  емес, 

сонымен  бірге  жазушы  ретінде  де  танылды.  Оның  еңбектерін  оқыған  жас  буын  өкілдері  Отанға 

деген  сүйіспеншілікті  бойларына  сіңіріп  өсті.  Өскелең  ұрпақ  алдында  өзінің  ерлігі  мен  тікмінез 

қайсарлығын көрсете білді.  

Қазірге  кезде  батыр  ұлының  құрметіне  еліміздің  үлкенді-кішілі  әскери  және  құқық  қорғау 

органдарының  оқу  орындары,  ауылдары  мен  көшелері  батырдың  атымен  аталады.  Тек 

Қазақстанда  ғана  емес  Ресейде  де  батырдың  есімімен  аталатын  мектеп  пен  көше  бар.  Ел 

тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың 

жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. 

2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына 

арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың 

Мәскеу  мұрағаттарында  сақталған,  бұрындары  жарияланбаған  жазбалары  және  жауынгер 

әріптестері Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған. 

Б.  Момышұлының,  өміріне  арналған  Ә.Нұршайықовтың  «Ақиқат  пен  аңыз»  (1976)  роман-

дилогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы,«Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін 

түсірді.  Москва  акад.драма  театры  Момышұлы  туралы  «Волоколамск  тас  жолы»  спектаклін 

қойды. 

“  Әділетті  басшы  еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  кейін  Қазақстан  Республикасының 



тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың  жарлығымен  Бауыржан  Момышұлына  «Кеңес  Одағының 

батыры»  “Халық Қаһарманы” атағын беріп, бар қазақтың жүрегіне нұр шуағын төкті. 

Елбасымыздың  Жолдауында  көрсетілгендей,  дамыған  елу  мемлекеттің  қатарына  енуге 

барлық білім парасатымыз бен дарынымызды бағыттап, аямай тер төгуіміз қажет.  



Ұлттық  болмысы,  яғни  ұлттық  рухы  жоқ  ұлт  –  ұлт  емес.  Ұлттық  болмысымыз  жоғалса, 

мәдениетіміз,  салт-дәстүріміз,  тіліміз,  дініміз  ұмыт  болып,  өзге  ұлттың  жетегінде  кетеміз.  Қазақ 

халқының  егемендік  алып,  тәуелсіз  ел  болуы  бір  ай  немесе  бір  жыл  емес,  сан  ғасырлық 

жинақталған  рухының  жемісі.  Егер  бойларында  ұлтқа  деген  патриоттық  сезім,  рух  болмаса, 

тамыры  терең  тарихымызда  бостандық  пен  болашақ  бақыты  жолында  қылыш  сермескен  ата-

бабаларымыз жеңіс тұғырынан көрінбес еді. 

Соғыс  жылдарында  қарт  Жамбыл  Бауыржан  Момышұлына  былай  деп  бата  берген  екен: 

Батырдың  жолы  болсын!  Самсаған  қолы  болсын!  Түсі  де  суық  екен,  Ісі  де  долы  болсын! 

«Жаңбырмен  жер  көгерер,  батамен  ел  көгерер»  деп  халқымыз  бекер  айтпаған.  Мәні  зор  осы 

рәсімді өзінің шығармаларында молынан пайдаланғанын кездестіреміз. 

Әсіресе,  батаның,  наным-сенімнің  әрбір  халықтың  өмірінде  алатын  орны  өзгеше.  Ұлттық 

тәлім-тәрбиенің  дамуы  мен  қалыптасуына  үлкен  үлес  қосқан  қазақтың  көптеген  зиялы 

оқымыстылары  жеке  басқа  табынудың  құрбаны  болды,  қудалауға  түсті.  Мұның  өзі  ұлт 

мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Бұл дегеніміз тамыры шабылған қарағай еді. 

Тек тектілердің ұрпағы ғана, жері үшін, ұрпағы үшін, мойымай ғасырларды артқа тастай отырып, 

қайдадан тамырларымызға нәр, нұр бере ХХІ ғасыр белестерін бағындыра бастадық. 



 

Әдебиеттер: 

1.  М.Мырзахметұлы.  «Бауыржан  Момышұлы  туралы  естеліктер»  2-басылым.  –Алматы: 

«Білім» баспасы, 2007. 208 бет. 

2. Б.Момышұлы.  «Ұшқан ұя» повесть. -Алматы. «Санат», 2005. 224б.  

4.  С.Әбжанова.  «Бауыржан  Момышұлы  қанатты  сөздерінің  тәрбиелік  мәні».  //Қазақстан 

мектебі//, 2009. 52 б. 

5.  Ш.Мұртаза  «Бауыржан  Момышұлы  –рух  пен  намыстың  төресі».  //Қазақстан  тарихы 

әдістемелік журнал//, 2006. № 12. 5-8б. 

6. Ә.Садықова «Батырдан қалған өсиет». //Егемен Қазақстан//, 2007. 22-наурыз. 9б. 

Жеңіс жұлдызы: Совет Армиясы туралы жыр-кітап.-Алматы: Жазушы, 1980.-352 б. 

7. Ер мен елдің жеңісі/ Құраст. М. Кеңбейілов.- Алматы: Қазақстан, 1985.- 256 б. 

8. Байқұлов М. Жеңіске дейінгі жеті өткел.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 80 б. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ-СОДЕРЖАНИЕ 

 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС / ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНЕ 

 

Кужабергенова Хамида Ихсановна - БҚМУ –нің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты 

«Ардагер ұстаз, талантты тарихшы, қарымды қайраткер»....................................5 



Мухамбетов  Мырзағали  Абулкасович  –  Ардагерлер  Кеңесінің  төрағасы  -  «Майдан  мен 

тыл бірлігі: Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі»...................................7 

Сдықов  Мұрат  Наурызғалиевич  –  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Батыс 

Қазақстан тарих және археология институтының директоры «Актуальные проблемы национальной 



истории Казахстана»....................................................................................................9 

           Бақтығұлова  Б.Н.-  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-нің  аға  оқытушысы  -  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің майданға көмегі.......................................................12 

 

 



Секциялық жұмыс / Работа секций 

 

I секция 

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи және геосаяси маңызы 

Историческое  и  геополитическое значение победы Великой Отечественной войны  

(1941-1945 гг.) 

 

ІІ секция 

Майдан мен тыл бірлігі: Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі (1941 – 

1945 жж.) 

Единство фронта и тыла: вклад Казахстана в победу Великой Отечественной войне  

(1941 – 1945 гг.) 

 

ІІІ секция 

Ұлы Отан соғысы батырлары мысалында қазіргі жастарға патриоттық тәрбие беру 

Патриотическое воспитание современной молодежи на примере героев  

Великой Отечественной войны 

 

ІV секция 

Ұлы Отан соғысын жаңаша пайымдау: ХХІ ғасыр көзқарасы. 

Осмысление Великой Отечественной войны: взгляд из XXI века 

 

Абулкасова Д.Б., Шайхиев Т.Т 

Военная проблематика в трудах П.Сорокина.........................................................................16 

Айдарова Ш.Ә., Жалекенова Г.Т. 

Барлық күш Ұлы Отан соғысына жұмылдырылсын..............................................................18 

Амангалиева Г.М., Кабдрахманова Т.Г. 

Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Батысқазақстандықтардың қосқан үлесі.....................20 

Амиргалиева Н. С.  

Ұлы  Отан  соғысы  батырлары  мысалында  қазіргі  жастарға  патриоттық  тәрбие 

беру...............................................................................................................................................24 

Алхамова Л.К. 

Соғыс тарихының ашылмаған парақтары.............................................................................28 

Асауп А.З. 

Единство  фронта  и  тыла:  вклад  Казахстана  в  Победу  в  Великой  Отчественной  войне 

(1941-1945гг)..............................................................................................................................31 

Ахмет А.Қ. 

Ақтоғайлық майдангер ағалар туралы....................................................................................34 

Ахметова Ж.М. 

Асыл ерлер - ерлігі, ел жадында мәңгілік.................................................................................38 

Ахметова Ұ.Т. 

         П.Р.Букаткин Ұлы отан соғысы тарихын зерттеуші............................................................41 



Аяпбергенова С.М. 

Майдангерлер ерлігі ұмытылмайды.........................................................................................44 

Байболсынова А.С.  

Капитан Қаби Нугманов...........................................................................................................46 

Байғазиев Н.Ф. 

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі..............................................................................................49 

Бакишева Д., Осипов В.  

Проект «Живая память» в Саратовском техникуме железнодорожного транспорта..54 

Бауенов Н.Б. 

Батыс Қазақстан облысы еңбеккерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі................................55 

Бисенгалиева Б.Е. 

Фашизмді жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы.................................................................58 

Джакупова А.Г., Аймукашева Ш.С.  

Психология участников вооруженных конфликтов...............................................................60 

Досқазиев Қ.М . 

Қаратөбеліктер отты жылдарда...........................................................................................64 

Есеева Г.Н., Науанова К.М. 

Взгляд на войну через призму демографии...............................................................................67 

Ерланова А. С. 

Батыс өңіріндегі соғыстың алғашқы астығы........................................................................70 

Журасова А.Ш. 

Ұлы Отан соғысы жылдары әскери операциялар...................................................................72 

Журасова Б. Ш



Ұлы  Отан  соғысындағы  Қазақстандықтардың  майдандағы  ерліктеріне  жаңаша 

көзқарас..........................................................................................................................................75 

Иксанова Л.М.  

Роль  школьных  музеев  и  местного  краеведческого  материала  в  патриотическом 

воспитании современной моложежи.......................................................................................79 

Кабулова Г.К.  

Основные аспекты патриотического воспитания молодежи.............................................82 

Казиева Г.Х., Карагужина У.Е. 

Тема  Великой  Отечественной  войны  и  ее  героев  на  уроках  русского  языка  и 

литературы................................................................................................................................86 

Кайыпканова Л.А.  

Ұлы Отан соғысы батырларының мысалына қазіргі жастарға патриоттық тәрбие 

беру...............................................................................................................................................89 

Камыспаева Б.К. 

Майдан  мен  тыл  бірлігі:  Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңіске  Қазақстанның  қосқан 

үлесі..............................................................................................................................................92 

Кенжегулова А.А., Тажибаева Т.С. 

Ұлы отан соғысының әлеуметтік-демографиялық салдары.................................................95 

Китигулова Ж.А. 

Ұлы Отан соғысы – жастарды патриотизмге тәрбиелеу негізі.........................................96 

Косаренко А.В.Камнева Е.М. 

Воспитание  казахстанского  патриотизма  на  уроках  истории  и  во  внеклассной 

работе.........................................................................................................................................99 

Күлтаева А. 

Ұлы Жеңіс – бабалар аманаты...............................................................................................103 

Курумбаев А.Ш.Курумбаева Ж.Ш. 

Братские  могилы  времен  Великой  Отечественной  войны  на  территории  Букейординского 

района Западно-Казахстанской области………………………………105 

Құттыбаева Д. М. 

Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қазақстанның қосқан үлесі............................................111 

Маутова К.С. 

Патриотическое воспитание молодежи на примере героев ВОВ......................................113 

Муканова А.Б

Қазақстандықтардың  ұлы жеңіске қосқан сүбелі үлесі....................................................117 

Муканова К.Х. 

Бокейординский и Джаныбекский районы в годы войны.....................................................120 

Мұқтар Ә.Қ., Нурмуханов Ж.К. 

Атырау облысының Махамбет ауданы соғыс (1941-1945 жж.)........................................121 

Муталова Д.С.  

Патриоттық тәрбие –отаншылдық бастауы....................................................................124 

Мухамедхалилов К

Ерлік ізі мәңгі жүрегімізде......................................................................................................128 

Мухлисова З.К. 

Попытки дискредитации Победы Советской Армии во ІІ мировой войне........................130 

Мырзабаева Б.М.  

Академик Р.Б.Сулейменов еңбектеріндегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан 

мәдениеті..................................................................................................................................135 

Оразымбет А.Д.  

Ұлы жеңісті жақындатқан жерлестерге құрмет..............................................................137 

Пастухова Л.А. 

Солдаты Великой Победы. Подольный Петр Павлович......................................................140 

Рахматуллина М.Ж.

  

Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәурінде........................................142 

Садыкова А.М

Патриотическое воспитание молодежи..............................................................................145 

Самбаева Л.О., Бекмуханова А.Х

Священный долг – Отчизну защищать..................................................................................148 

Саркулова Г.С

У войны не женское лицо.........................................................................................................149 

Сахуалина У.Ш. 

Майдан мен тыл бірлігі:Исатай ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында.......................151 

Сенгалиева Н.М. 

Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні......154 

Спешилова О.И. 

Аккордеон в годы Великой Отечественной войны...............................................................156 

Сулейменова Г.Б.  

Работники тыла и чекисты Западного Казахстана в Великой Отечественной войне...158 

Тажғалиева А.К. 

Қазақстанның Ұлы отан соғысы жылдарындағы орны......................................................160 

Ткишева Н.Е. 

Вклад завода фронту...............................................................................................................162 

Тулегенов И.Х.  

Қаратөбенің қайсар ұлы..........................................................................................................169 

Тулеушева Г.С. 

Өшпес  ерлік  үлгілері...............................................................................................................170 

Ізбас С. А. 

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи және геосаяси маңызы...................................172 

Файзуллина Г.К.  

Командир – политрук минометной роты 312 стрелковой дивизии Хайруллин Кажим...177 

Хатепова Г.Г.                      

Ұлы  Отан  соғысы  батырлары  мысалында  қазіргі  жастарға  патриоттық  тәрбие 

беру............................................................................................................................................180 

Шыманов Ж. 

С.Кубашевтың соғыстан кейінгі халық шаруашылығындағы қызметі.............................185 

Чеснокова С.Р.  

Трудовой подвиг казахстанцев в годы Великой Отчественной Войны..............................188 

 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 116.94 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет