Сборник материалов международной заочной научно-практической конференции аспирантов, магистрантов и студентов



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет7/25
Дата04.05.2017
өлшемі2.8 Kb.
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

 
 
 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
68 
УДК 376 
Идирисова Г.Д. 

 
Ғылыми жетекші – Туретаева Г.І. 
(Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті) 
Қазақстан г. Актобе 
НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ 
Идирисова Г.Д. 
Научный руководитель – Туретаева Г.И. 
(Актюбинский региональной государственный университетим.  
К. Жубанова) 
Казахстан г. Актобе 
РАЗВИТИЕ РЕЧИ СЛАБОСЛЫШАЩИХ ДЕТЕЙ 
Idirisova G. D. 
Aktobe Regional State University named after K. Zhubanov 
Kazakhstan, Aktobe 
THE DEVELOPMENT OF SPOKEN LANGUAGE OF DEAF 
CHILDREN 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығында  бала 
тәрбиесі  мен  білім  беру  жүйесін  нығайтуда  баланың  эмоциялы  күй-
жағдайына  көбірек  көңіл  бөле  отырып  дамытудың  негізгі  мәселесі 
болып  қарастырылған.  Қоғамның  дамуындағы  жеке  адамның 
эмоциясы  тұрақты  нормада  болуының  қоғамға  әсері,  экономикалық 
техниканың  жетістіктеріне  жетуге  итермелеуіне  орай,  бүгінгі  таңда 
осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. 
Есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  мінез-құлық  ерекшеліктері 
мен  психологиясы  алғаш  рет  ХІХ  ғасырдың  орта  шенінде  зерттеле 
бастады.  20 жылдары  Л.С. Выготскийдің  басшылығымен  арнайы 
психологиялық 
мәселелер 
жүйелі 
түрде 
қарастырылды. 
Сурдопсихология 
саласындағы 
зерттеулер 
И.М. Соловьевтың 
жетекшілігімен 
жүзеге 
асырылды. 
Сурдопсихологияның 
қалыптасуының 
кезеңдерінде 
А.П. Гозова, 
Г.Л. Выгодская, 
Н.Г. Морозова,  М.М. Нудельман,  В.Г. Петрова,  Т.В. Розановна, 
Л.И. Тигранова және т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты (1). 
Естуін жоғалту баланың дамуына алғашқы күндерден бастап- ақ 
әсер етеді. Ол қоршаған ортаны көлемді кеңістікті қабылдай алмайды, 
                                                           

 Идирисова Г.Д., науч. рук. Туретаева Г.И., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
69 
тек көру аумағындағы және тактильді, вибрациялық сезінулерге ғана 
жауап береді. 
Э.И. Леонгардтың айтуынша, есту қабілеті төмендеген балаларда 
толыққанды  полисенсорлы  қабылдаудың  қалыптасуы  қиындайды, 
яғни қалыпты дамудың бір шарты зақымдалады. 
Кез-келген  балалардың  жағымды  психикалық  дамуын  қажетті 
жағдай,  сыртқы  әсердің  санының  ерекшелігінің  және  күрделілігінің 
жүйелі  және  маңыздылығы  және  олардың  сөйлеу  арқылы  жүзеге 
асатыны болып табылады. Бірақ, сыртқы әсердің көлемі, есту қабілеті 
зақымдалған  балалар  үшін  өте  тар,  сөйлеу  арқылы  әсер  ету  өте 
шектелген,  қоршаған  ортамен  әсері  кедейленген,  қоршаған 
адамдармен  қатынасы  қиындаған  болады.  Осыған  байланысты  бұл 
балалардың психикалық іс-әрекеті қарапайым болып келеді. 
Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларда  психиканың  құрам 
бөліктері еститін балалармен салыстырғанда басқаша дамиды. Нашар 
еститін  балалардың  ойлауының  даму  ерекшелігі  сөйлеудің  өте  баяу 
және  өзіндік  ерекшелігі  бар  дамуымен  байланысты.  Нашар  еститін 
балаларды  сөйлеуге  үйрету  жағдайында  олардың  сөйлеуі  еститін 
балалармен салыстырғанда өте баяу және өзіндік ерекшелігі болады. 
Естімейтін балалардың сөйлеу ерекшелігінің көрініс беру деңгейі тек 
естудің  зақымдалуына  емес,  сондай-ақ,  естудің  зақымдалған 
уақытымен де анықталады. 
Нашар  еститін  балалардың  сөйлеуінің  дамуының  өзіндік 
ерекшелігі бар, ал ауызша сөйлеуді түсіну қиындығы және дыбыстап 
айту  кемшілігімен  қоса,  сөздікті  меңгеру  және  сөйлеудің 
грамматикалық қатарын меңгеру, байланыстырып өз бетімен сөйлеуін 
дамытуда  көрінеді.  Н.В. Яшкованың  зерттеулердің  қорытындылары 
бойынша  естімейтін  және  нашар  еститін  балалар  өздерінің  даму 
деңгейлері бойынша еститін балалардан сәби және ерте жаста қалып 
қояды екен. Бұл артта қалушылық мектепке дейінгі жаста одан бетер 
күшейеді,  егер  ерте  оқытуды  бастамаса  және  сөйлеу  мен  ойлаудың 
дамуына қолайлы жағдай жасалмаса, ол артта қалушылық одан бетер 
күшейеді  және  керісінше  тәрбиелеу  мен  сөйлеуге  ерте  үйретудің 
арнайы алдымен отбасында кейін бала-бақшада болса, нашар еститін 
балада  еститін  балалармен  арадағы  айырмашылықты  азайту 
мүмкіндігі күшейеді (2). 
Баланың  жеке  тұлғасы  оның  ересек  адамдармен  және 
құрдастарымен  қарым-қатынас  процесінде,  әлеуметтік  тәжірибелерді 
игеру  барысында  қалыптасады.  Нашар  еститін  бала  тап  болған  орта 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
70 
оның  белгілі  бір  жеке  тұлғалық  белгілерінің  пайда  болуы  мен 
қалыптасуында  маңызды  рөл  атқарады.  Ерте  сәбилік  кезінде  есту 
қабілетін  жоғалтқан  бала  қалыпты  балалармен  салыстырғанда 
қоршаған  ортадағы  адамдармен  қарым-қатынасының  түрі  өзгеше 
түрде  қалана  бастайды.  Нашар  еститін  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың  жеке  тұлғалық  дамуы  мен  эмоционалды  саласына  әсер 
ететін бірнеше факторларды атап көрсетуге болады. 
Нашар  еститін  баланың  сөйлеу  арқылы  жасалатын  қарым-
қатынасының  бұзылуы  оны  айналасындағы  сөйлейтін  адамдардан 
бөлектейді, әлеуметтік тәжірибелерді игеруде қиындықтар туғызады. 
Нашар  еститін  балаларда  ауызша  сөйлеудің  мәнерлі  жақтары  мен 
музыканы  қабылдауда  кедергілер  болады.  Сөйлеудегі  тежелу 
олардың  өздерінің  және  өзгелердің  эмоцияларын  сезінуге  кедергі 
жасайды, тұлғааралық қарым-қатынастарды қысқартады. 
Көркем  әдебиет  әлеміне  кеш  ену,  олардың  эмоционалды 
күйлерінің  жұпыны,  жадағай  болып  қалуына  әкеп  соғады,  басқа 
адамдар  мен  көркем  шығарма  кейіпкерлері  үшін  қайғыру  мен  қуану 
сезімдерінен ада болады. 
Нашар  еститін  балалардың  жеке  тұлғасы  мен  эмоционалды 
саласына  мимика,  ымдау,  айқын  қимыл-қозғалыстар  сияқты 
эмоцияны жеткізе алатын тәсілдер жақсы әсер етеді. 
Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың эмоционалды-
ерік  саласының  қалыптасуында  отбасы  тәрбиесінің  маңызы  зор. 
Мұндағы  тұлға  дамуына  ықпал  ететін  маңызды  фактор  –  ол  ата-
ананың  өздерінің  есту  қабілеттерінің  бұзылуы  немесе  бұзылмауы. 
Мысалы,  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ата-анасы  саңырау 
болса,  олар  өздерінің  интеллектуалды  эмоционалды  күйлерін 
жеткізуде сау балалардан кем емес, ал ата-анасы еститін есту қабілеті 
бұзылған балалардың мінез-құлқындағы эмоционалды көріністер өте 
жұпыны болып келеді 
Есту қабілеті бұзылған балалар басқа адамдардың эмоцияларын, 
эмоционалды  реңктерін,  жоғары  әлеуметтік  сезімдерді  ұғыну 
қиындығы  кездеседі.  Сондай-ақ,  эмоционалды  күйлердің  себеп-
салдарын  нашар  түсінеді,  моральдық-этикалық  мағыналар  мен 
ұғымдар кешігіп қалыптасады. 
Әрине, бұл аталған кемшіліктердің барлығы тиісті коррекциялық 
оқыту-тәрбиелеу 
үдерісінде 
түзетіледі 
немесе 
анағұрлым 
жеңілдетіледі.  Өзіндік  бағалау  деңгейі  жоғарылайды,  сыни  көзқарас 
пайда  болады,  өз  мүмкіндігіне  сәйкес  талап  қалыптасады.  Басқа 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
71 
адамдардың  эмоционалды  күйлерін  дұрыс  әрі  нәзік  түрде  сезіну 
қабілеттері қалыптасады (3). 
Естудің нашарлауына  күрделі түрдегі сөйлеу тілі бұзылған есту 
қабілеті  нашар  балалар  жатады.  Нашар  еститін  балаларда  20-50  дБ 
кезіндегі  естудің  жоғалуы  (І  деңгей)  және  50-70  дБ  (2  деңгей) 
кезіндегі естудің жоғалуы кездеседі. 
Рахиль  Морковна  Боскис  есту  қабілеті  бұзылған  балалардың 
ішінде  нашар  еститін  балаларға  психологиялық-педагогикалық  әсер 
ету өте маңызды деп көрсетті. Нашар еститін балалардың естімейтін 
балалардан айырмашылығы ауызша сөйлеу тілін аз да болса меңгере 
алады.  ХХ ғасырдың  50-60  жылдары  Р.М. Боскись,  К.  Г. Коровин, 
А.Г. Зикеев  және  басқа  да  мамандар  нашар  еститін  балаларға  арнап 
арнайы оқыту мен тәрбиелеудің методикалық жүйелерін құрды. 
Сөйлеу 
тілін 
игерудің 
бірінші 
кезеңінде 
бала 
сурдопедагогикалық  көмекті  ала  алмаса,  ол  өз  бетімен  сөздің  тек 
қалдықтарын игере алады. Сол себепті Б.А. Корсунская дактильді тек 
естімейтін балалар ғана емес, сонымен қатар нашар еститін балаларға 
да  қолдану  керектігін  айтқан.  Бұл  өз  кезегінде  нашар  еститін 
балалардың әріптерді есінде  сақтап, сөздің құрамын түсінуге  жағдай 
жасайды (4). 
Қорыта  келе,  нашар  еститін  балаларға  жалпы  білім  беретін 
мектептерде 
білім 
беру 
процесі 
– 
сөйлеу 
әрекетіндегі 
ерекшеліктермен  айрықшаланатын  күрделі  процесс.  Бұл  кезде 
мұғалімнен  шыдамдылық  пен  балаға  деген  махаббат  қана  емес, 
арнаулы білімнің де көмегі қажет болады. 
Пайдаланған әдебиеттер 
1. Соловьев  И.М.,  Шиф  Ж.И.  Развитие  образного  мышления  у 
слабослышащих и слышащих школьников младшего школьного.  – В 
сб.: О психическом развитии глухих и нармольно слышащих детей. – 
М.: Изд-во АПН РСФСР, 1962. 
2. Яшкова  Н.В.  Наглядно-действенное  мышление.  –  В  кн.: 
Психология  глухих  детей  /  Под  ред.  И.М.Соловьева  и  др.  –  М.: 
Педагогика, 1971. – 448 с. 
3. Тебенова  Қ.С.,  Рымханова  А.Р.  Арнайы  психология-Алматы 
ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. 
4. Развитие  способностей  у  глухих  детей  в  процессе  обучения  / 
Под ред. Т.В. Розановой. – М.: Педагогика, 1991. 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
72 
5. Головчиц  Л.А.  Дошкольная  сурдопедагогика:  Воспитание  и 
обучение дошкольников с нарушением слуха: Учеб. пособ. для студ. 
ВУЗов. – М.: ВЛАДОС, 2001. –304 с. 
 
УДК 37.035.461 
Исангильдин Э.Р. 

 
Научный руководитель – Мунасыпов И.М. 
(Стерлитамакский филиал Башкирского государственного университета) 
Россия, г. Стерлитамак 
РАЗВИТИЕ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ  
В СИСТЕМЕ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
Isangildin E.R. 
(Sterlitamak branch of the Bashkir state university)  
Russia, Sterlitamak 
THE DEVELOPMENT OF CREATIVE ACTIVITY OF SCHOOL-
BOYS IN ADDITIONAL EDUCATION SISTEM 
Из-за  сложившейся  сложной  политической  ситуации  в  мире  на 
сегодняшний  день  и  в  скором  будущем,  в  России  будет  ощущаться 
нехватка иностранных автомобилей, техники и разных бытовых при-
надлежностей. К примеру, только недавно пришла новость из General 
Motors  –  руководство  этой  компании  приняло  решение  прекратить 
продажи автомобилей марки Opel в России в конце этого года. Серь-
езно пострадает и Chevrolet из-за падения курса рубля. Все эти ново-
сти  наводят  на  мысль  о  том,  что  немедля  нужно  поднимать  отече-
ственную  автомобильную  промышленность,  поднимать  промышлен-
ность в области технологии и техники. И чтобы все это реализовать, 
стране  нужно  огромное  количество  образованных,  технологически 
подготовленных,  опытных  и  амбициозных  молодых  людей,  которые 
преданы своей профессии и занимаются любимым делом. 
Что  бы  вырастить  и  воспитать  огромное  количество  опытных 
кадров педагогам необходимо уже с раннего возраста мотивировать и 
заинтересовывать своих учеников. И главную роль во всем этом игра-
ет  дополнительное  образование.  Согласно  Указу  Президента  Прави-
тельству  Российской  Федерации  поручено  обеспечить  достижение 
следующих  показателей  в  области  образования:  увеличение  к  2020 
году числа детей в возрасте от 5 до 18 лет, обучающихся по дополни-
                                                           

 Исангильдин Э.Р., науч. рук. Мунасыпов И.М., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
73 
тельным  образовательным  программам,  в  общей  численности  детей 
этого  возраста  до  70-75 %,  предусмотрев,  что  50 %  из  них  должны 
обучаться за счет федерального бюджета, а  также подготовить  пред-
ложения о передаче субъектам Российской Федерации полномочий по 
предоставлению  дополнительного  образования  детям,  предусмотрев 
при необходимости софинансирование реализации названных полно-
мочий  за  счет  средств  федерального  бюджета.  В  условиях  сокраще-
ния  часов  на  технологию  именно  дополнительное  образование  во 
многом позволит компенсировать пробелы в технологической подго-
товке школьников. 
Школьники, получая дополнительное образование, находят себе 
занятия,  которые им  действительно по душе и самое главное то, что 
им нравится заниматься этим. Ведь главное в том, что дети свободны 
в выборе своей работы. Они и самостоятельны и могут реализовывать 
собственные новшества в свои проекты, как например, выбирая цвет, 
размер,  форму.  Могут  сами  выбрать  вид  материала,  и  делать  тот 
творческий  проект,  который  им  понравится.  К  примеру,  возьмем 
кружок «Авиомоделирования», школьники разрабатывают и создают 
летательные  аппараты  разных  размеров,  классов  и  конструкций.  Со-
здание летательного аппарата является сложным и трудоемким заня-
тием, и без определенных навыков практически невозможно. Заинте-
ресовавшись  авиомоделированием,  они  открыли  для  себя  новый 
увлекательный мир. И в будушем эти школьники могут создавать уже 
настоящие  самолеты,  автомобили  и  много  другой  техники,  которые 
так необходимы в настоящее время для импортозамещения. 
Занятия  в  системе  дополнительного  образования  детей  имеют 
явное преимущество перед уроками школьного цикла, так как предо-
ставляют возможность развивать детям свои творческие способности 
и заниматься любимым делом. Чтобы пробудить у ребенка интерес к 
трудовой  деятельности,  педагогу  самому  нужно  «гореть».  Педагог 
должен создать такие  условия,  чтобы ребенок любого уровня  подго-
товки и развития чувствовал себя творческой личностью. 
Поэтому мы считаем, что дополнительное образование является 
фундаментом развития творческой деятельности и повышает качество 
подготовленности  школьников  и  при  реформировании  образователь-
ной  системы  России  необходимо  отнести  дополнительное  образова-
ние к сферам наибольшего благоприятствования для развития творче-
ской деятельности каждого ребенка. 
 
 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
74 
УДК 372.854 
Ишмуратова В.З. 

 
Научный руководитель ─ Файзуллина Н.Р. 
(Стерлитамакский филиал Башкирского государственного университета) 
Россия, г. Стерлитамак 
ПРОФИЛЬНОЕ ОБУЧЕНИЕ ХИМИИ В СРЕДНЕЙ ШКОЛЕ 
Ishmuratova V.Z. 
(Sterlitamak branch of the Bashkir state university)  
Russia, Sterlitamak 
PROFILE TRAINING OF CHEMISTRY IN HIGH SCHOOL 
Профильное обучение – это средство обучения, позволяющее за 
счет изменений содержания и организации образовательного процес-
са создавать условия для обучения старшеклассников в соответствии 
с их профессиональными интересами. Реализация идеи профильности 
в  обучении  ставит  выпускника  основной  общеобразовательной  шко-
лы  перед  необходимостью  выбора  будущего  профиля  обучения.  В 
связи  с  этим  решение  проблемы  предпрофильной  подготовки  выхо-
дит на одно из первых мест в практике работы современной школы. И 
эту  работу  по  нашему  мнению,  необходимо  начинать  с  диагностики 
интересов,  образовательных  запросов,  склонностей  учащихся,  что 
позволит  найти  соответствие  между  предполагаемой  профессией  и 
возможным профилем обучения, имеющимся в школе. 
Внедрение профильного обучения возможно только при условии 
относительного  сокращения  учебного  материала  непрофильных 
предметов  и  углубления  профильных  предметов  –  предметов  повы-
шенного уровня, определяющих направленность каждого конкретно-
го профиля обучения. 
Исследования,  проводимые  студентами  биолого-химического 
отделения в ходе педагогической практики в школах г. Стерлитамака 
показали,  что  профили  естественнонаучного  цикла  по  популярности 
среди учащихся 9-х классов стоят на 4-ом месте, а первые три места 
занимают  соответственно  технический,  гуманитарный  и  социально-
экономический профили. 
                                                           

 Ишмуратова В.З., науч. рук. Файзуллина Н.Р., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
75 
Было  установлено,  что  заинтересованность  химией  и  физикой 
составляет по результатам анкетирования 42 %. Учеников интересует 
при изучении данных предметов практические и лабораторные рабо-
ты, технологии производств, прикладной характер знаний. 
В 
классах 
гуманитарно-филологического 
и 
социально-
экономического  профилей  курс  химии  должен  обеспечить  освоение 
минимума  химических  знаний.  Это  необходимо,  чтобы  выпускник 
средней школы был в состоянии ориентироваться в общественно зна-
чимых проблемах, связанных с химией. Курс химии для этих профи-
лей  должен  быть  в  значительной  мере  культурологическим,  раскры-
вающим роль химии как элемента человеческой культуры. 
В содержании курсов химии для классов технико-технологического 
профиля  должны  раскрываться  основные  направления  использования 
химии  в  различных  областях  производственной  деятельности:  строи-
тельстве, машиностроении, сельском хозяйстве и т.д. 
В  классах  физико-математического  профиля  «химия»  может 
быть включен учебный материал, касающийся свойств и применения 
веществ,  экологических  проблем,  связанных  с  производством  и  ис-
пользованием веществ, вопросы о природных круговоротах веществ и 
влиянии антропогенного воздействия на закономерности циклических 
процессов  в  природе.  Особое  внимание  должно  уделяться  изучению 
закономерностей  протекания  химических  процессов,  знакомству  с 
достижениями  современной  науки  и  техники,  их  внедрением  в  про-
мышленность. 
Курс  химии  для  классов  химико-биологического  профиля  дол-
жен  быть  систематическим.  Для  достижения  более  высокой  химиче-
ской  подготовки  учащимся  могут  быть  представлены  спецкурсы: 
«Химия  высокомолекулярных  соединений»,  «Основы  химического 
анализа», «Основы биохимии», «Химия и медицина». 
 
 
 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
76 
УДК 37 
Қайрадин А.Б. 

 
Ғылыми жетекші – Рысбаева А.К. 
(Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) 
Қазақстан, Ақтөбе қаласы 
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
Кайрадин А.Б. 
Научный руководитель – Рысбаева А.К. 
(Актюбинский региональный государственный университет 
им.К.Жубанова) 
Казахстан, г. Актобе 
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ В СОВРЕМЕННОМ 
ОБРАЗОВАНИИ 
Kayradin A.B 
 (Aktobe Regional State University named after K.Zhubanov) 
Kazakhstan, Aktobe 
EDUCATIONAL TECHNOLOGY IN MODERN EDUCATION 
Дамудың  ең  биік  көкжиегінен  көрінгісі  келетін  кез  келген 
мемлекет,  ең  алдымен,  білім  беру  саласын  жолға  қойып,  сапасын 
көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік 
ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің еншісіне тиері анық. Қазіргі қоғам талап 
ететін  заман  мұғалімі  –  педагогикалық  құралдардың  барлығын 
меңгерген,  тәрбие  мен  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдерін  шебер  де, 
тиімді  қолдана  білетін,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған, 
рухани  дамыған,  толысқан,  шығармашыл  тұлға.  Оқыту  үрдісі  жаңа 
әдіс-тәсілдерді,  жаңаша  идеяларды,  оқыту  құралдары  мен 
технологияларын қолдануды талап етеді. 
Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінің  құрылымдарында  оқытудың 
айқындалған  көптеген  технологияларын  пайдаланып  жатқандығы 
белгілі.  Болашақ  маманға  тәжірибе  беруде  ақпаратпен  жұмыс  істеу 
әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы  – әлемнің 
дамуы  туралы  білімдердің  қажетті  деңгейін  қалыптастыратын 
әдістерге  үйрету.  Сондықтан  әрбір  оқытушыға  және  оқушыға 
«оқыту» мен «үйрену» процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: 
ана  тілін,  ғылым  тілін  және  технология  тілін.  Технология  көмегімен 
                                                           

 Кайрадин А.Б., науч. рук. Рысбаева А.К., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
77 
білімдерді,  іскерлікті,  дағдыларды  игеру  процесінде  тұлғалық 
қасиеттің  дамуында  нәтижелі  шешімге  жету  мүмкіндігі  қамтамасыз 
етіледі.  «Педагогикалық  технология»  оның  ішінде  «оқыту 
технологиясы» ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды 
үш  маңызды  жағдайлармен  біріктіреді:  іс-әрекетінің  жиынтығы 
түріндегі  қажет  ететін  үлгіні  дәл  анықтау  негізінде  оқытуды 
жоспарлау; оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген 
қатаң  тізбекті  әрекеті  түріндегі  оқытудың  барлық  процесін 
«бағдарламалау»;  алғашқы  белгіленген  эталонмен  оқытудың 
нәтижесін  салыстыру.  М.Чошанов  оқыту  технологиясы  негізінен 
педагогикалық  процестегі  «Қалай  нәтижелі  етіп  оқыту  керек?» 
мәселесін  шешуге  бағытталатынын  айтады.  Оқыту  технологиясы 
жөніндегі  ой-пікірлерді  саралай  келе,  біздер  оны:  біріншіден, 
оқытудың  мақсатқа  сәйкес  нәтижесіне  қол  жеткізудегі  нақты 
қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; 
екіншіден,  оқытудың  нақты  жағдайда  нәтижелі  жүзеге  асырылуын 
белгілейтін  жобалау  немесе  модельдеу;  нақты  оқыту  процесін 
нәтижелі етіп оқытудағы процеcс деп білеміз (1). 
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби 
қызметін  жан-жақты  қамтамасыз  ететін  және  жоспардағы  басты 
міндетті  орындаудың  басты  кепілі  бола  алатын  технологиялық  іс-
шаралар жиынтығы (2). 
Педагогикалық  технологиялардан  төмендегілерін  бөле  жарып 
көрсетуге болады: 
– ойын  арқылы  оқыту  технологиясы;  проблемалық  оқыту 
технологиясы;тірек сигналдары арқылы оқыту; 
– деңгейлік саралап оқыту; 
– міндетті 
нәтижелерге 
негізделген 
деңгейлік 
оқыту 
технологиясы;бағдарламалап 
оқыту 
технологиясы; 
оқытудың 
компьютерлік технологиясы; 
– дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы; 
– дамыта оқыту технологиясы; модульдік оқыту. 
Сондай-ақ  Қазақстандық  ғалымдардың  оқыту  технологиялары 
белсенді 
түрде 
білім 
беру 
жүйесінде 
қолданылуда. 
Бұл 
технологиялардың  өздеріне  тән  ерекшеліктері  бар.  Мәселен, 
В.Ф. Шаталовтың  тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясының 
ерекшелігі: үнемі қайталау; ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке 
бағдарлы  қарым-қатынас,  ықпал;  ізгілік;  зорлықсыз,  еркімен  оқыту; 
әр  оқушының  табысының  жариялылығын  түзетуге,  өсуге,  табысқа 
жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру (1). 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
78 
Жалпы  «Педагогикалық  технология»  түсінігі  қаншалықты 
қолданыста  болғанымен,  ол  жөніндегі  түсінік  ұғыныңқы  болмаған. 
Білім  берудің  қазіргі  кездегі  практикасында  бұл  ұғым  стандартты 
емес  ғылыми  көріністерде  ереже  ретінде  қолданылып,  педагог 
жұмыстарының  өндірілген  әдіс-тәсілдерін,  құралдарын  білдіреді. 
В.П. Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық 
іс-әрекеттің  өндірушілік  белгісіне  көңіл  аудару  қажеттігіне  зейін 
аударады,  әлеуметтік  тұрғыдан  бұл  белгі,  технологияның  басқа 
белгілерінен 
оның 
жалпылық 
сипатымен 
байланыстылығын 
сипаттайды.  Қазіргі  білім  беру  технологияларын  Г.К.  Селевко 
технологияның 
классификациялық 
параметрлері 
тұрғысынан: 
қолдану  деңгейі,  негізгі  дамыту  факторы,  меңгеру  тұжырымы,  жеке 
тұлғаның  құрылымына  бағдарлау,  мазмұн  сипаты,  басқару  типі, 
ұйымдастыру  формалары,  балаға  ықпал  ету  тәсілдері,  әдістердің 
басымдылығы,  жетілдіру  бағыттары,  оқушылар  категориялары 
бойынша нақтылап көрсетеді (3). 
Педагогикалық  технология,  оқыту  технологиясы  туралы 
мәселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, әр 
түрлі қырынан зерттелуде. 
Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бip формасы болып 
табылатын 
бағдарламалап 
оқыту 
мәселелері 
А.И. Берг, 
В.П. Беспалько,  Б.С. Блум,  M.В. Кларин,  И.Я. Лернер,  В. Оконь, 
Б. Скиннер,  Н.Ф. Талызина  және  тағы  басқалардың  еңбектерінде 
көрініп дамыды. 
Оқытудың 
ойындық 
технологиясының 
теориясы 
мен 
тәжірибесіне  байланысты  мәселелер  M.Ж. Арыстанов,  Н.К. Ахметов, 
Б.А. Қойшыбаев, 
П.И. Пидкасистый, 
Ж.С. Хайдаров 
және 
басқалардың еңбектерінде зерттелген. 
Қазіргі  кезде  қай  салада  да  маңызға  ие  болып  отырған 
ақппараттық  технологияның  мәні,  мазмұны,  қолданылуы  және  оны 
оқу  процесіне  еңгізу  мәселесі  Б.С. Гершунский,  Ж.А. Қараев, 
Н.М. Шахмаев сынды ғалымдар еңбектерінің өзегіне айналып отыр. 
Оқушылардың  оқу  процесіндегі  компьютерлік  ойындардың, 
компьютер  негізінде  дербес  оқытудың  дидактикалық  мүмкіндіктері 
туралы  Қ. Аганина,  Ж. Сардарова,  К. Халықова  және  басқалардың, 
мектеп,  жоғары  оқу  орнында  математиканы  оқыту  процесінде 
Монахов 
технологиясын 
қолдану 
туралы 
Л. Оразбекова, 
И.В. Логинова және басқалардың зерттеулері бар. 
Мұғалім  үнемі  ізденіс  үстінде  болып,  өз  біліктілігін  арттырып, 
жаңа  әдістер  мен  технологияларды  нәтижелі  қолдану  мақсатын 
көздеп, шәкірттерін білім бере отырып тәрбиелей, тәрбиелей отырып 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
79 
дамыту  міндеттерін  жүзеге  асыруы  шарт.  Осы  орайда  жаңа 
технологияларды  тиімді  пайдалану  –  жарқын  болашақтың  жаңа 
тұтқасы болары анық. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Қуанбаева 
Б. 
Оқытудың 
педагогикалық 
жүйесін 
технологиялық  негізде  жетілдірудің  дидактикалық  шарттары:  дисс. 
пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет. 
2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары.–Алматы, 2007. 
3. Селевко  Г.К.  Современные  технологии  в  образовании:  Учеб. 
пособие. –  М.: Народное образование, 1998. – 256 с.  
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет