Сборник материалов международной заочной научно-практической конференции аспирантов, магистрантов и студентов



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата04.05.2017
өлшемі2.8 Kb.
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

AL CHILDREN 
Қазіргі  таңда  дарынды  оқушылармен  жұмыс  жасаудың  негізгі 
бағыттары  берілген.  Бұл  бағыттардың  мақсаттары  мен  міндеттері 
төмендегідей:  дарынды  оқушының  ақыл-ойының,  эмоционалдық 
және  әлеуметтік  дамуы  мен  ерекшеліктерінің  өзіндік  ашылу  деңгейі 
мен  өлшемін  ескеру;  жан-жақты  ақпараттандыру;  коммуникативті 
бейімдеу; 
дарынды 
оқушының 
шығармашылық 
бағытының 
ашылуына көмек көрсету; дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-
өзі жарнамалауы; жеке бас құзыреттілігін дамыту. 
                                                           

 Жанабекова Ж.Ж., науч. рук. Булакбаева М.К., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
57 
Бұл  мақсаттар  мен  міндеттерді  орындау  үшін  мынандай  жұмыс 
түрлерін жүргізу керек: 1. Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді 
және  ұтқыр  жоспарын  құру;  2.  Жеке  пәндерді  оқытуда  тәуелсіз 
қозғалыс  жасау;  3. Дарынды  оқушының  өзінің  жұмысын  өзі 
жоспарлап,  шешім  қабылдауына  ықпал  ету;  4. Дарынды  оқушының 
қызығушылығына  байланысты  оқу  жоспарын  құру;  5.  Оқушының 
мектептегі  тьюторлық  орталық  пен  тринитаризм  академиясымен 
тығыз  байланыс  жасауына  ықпал  ету;  6.  Ара  қашықтық  оқуды 
ұйымдастыру. 
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай мәселелерге 
баса  назар  аудару  керек:  1.  Пән  сабақтарында  шығармашылық 
сипаттағы  тапсырмаларды  іріктеу,  орындау,  талдау  жұмыстарын 
жүйелі жүргізу. 2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың 
өз  мүмкіндіктерін  пайдалану  көрсеткішін  арнайы  әдістемелер 
бойынша  жүйелі  түрде  тексеріп  отыру.  3.  Сабақтан  тыс  мезгілінде 
жүргізілетін жұмыстарды-пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, 
интеллектуальдық  турнирлер  мен  шығармашылық  байқауларға 
дайындық  жұмыстарын  жыл  бойы  жоспарлы  жүргізу  керек.  4.  Білім 
беру  мекемелерінде  дарынды  оқушылар  үшін  арнайы  сыныптар  мен 
топтар 
құрып, 
оқу 
бағдарламаларын 
жеделдетіп 
оқытуды 
ұйымдастыру. 
Жеделдетіп  оқыту  бағдарламасын  мұғалім  оқушымен  және  ата-
анамен бірігіп құруы тиіс. 
Аралас  сыныптарда  дарынды  оқушылардың  танымдық  қабілетінің 
дамуына бақылауды мынандай бағыттарда жүргізу керек: 1. Оқушының 
өзіне  деген  сенімділігін  орнатуына  жағдай  туғызу;  2. Мұғалім  мен 
оқушының  ынтымақтастығы  /Витогендік  технология/;  3. Бастапқы 
кезеңде бағасыз бақылауды қолдану; 4. Оқушыны мадақтау, марапаттау; 
5. Оқушыға  дер  кезінде  бақылау  жүргізудің  логикалық  түсініктемесі; 
6. Сабақ үстінде шағын топ әдісін қолдану, т.б. 
Мектепте  дарынды  оқушылармен  жұмыс  нәтижелі  болу  үшін, 
балалардың  ата-аналарымен  де  бірқатар  жұмыстар  жүргізілуі  керек: 
ата-аналар күндерін ұйымдастыру; мектеп психологы тарапынан ата-
аналарға кеңес беру. 
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне 
тестілеу жүргізілді. 
Қазақстан 
Республикасының 
«Білім 
туралы» 
заңында 
мемлекеттік  саясат  негізінде  ең  алғаш  рет  «Әр  баланың  жеке 
қабілетіне 
қарай 
интеллектуалдық 
дамуы, 
жеке 
адамның 
дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны 
белгілі. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
58 
өнегесін  оның  санасына  сіңіре  білу,оларды  шығармашылық  бағытта 
жан-жақты  дамыту  –  бүгінгі  күннің  басты  талабы  екенін  әр  ұстаз 
естен шығармауы абзал. 
Дарынды балалармен жұмыс істеуде шығармашылық әдістердің 
алатын  орны  ерекше.  Е.Торрес  төменгі  шығармашлыық  әдістерді 
бөліп  көрсетеді:  бұрын  қабылдамағанды  қабылдау  немесе 
пайдаланбаған  мүмкіндіктерді  пайдалану;  баланың  өзбетімен  жұмыс 
істеу  ынтасын  құрметтеу;  шығармашылық  әрекет  процесіне  кедергі 
жасамауға  өзін  өзі  ұстауға  іскерлігі;  мақсатқа  жетудің  әдістерін 
таңдау  мен  күш  салуға  оқушыларға  ерік  беру;  оқушылардың 
ерекшелігіне  байланысты  жеке  оқу  бағдарламаларын  таңдау; 
шығармашылық  идечларды  жүзеге  асыруға  жағдай  туғызу;  топтың 
жалпы ісіне үлес қосуға мүмкіндік беру; оқушы ұсынған проектілерді 
мадақтау;  балаға  қысым  жасамау;  үлгермейтін  оқушылардың 
потенциалды  мүмкіндіктерін  құрметтеу;  нашар  және  мықты  оқитын 
оқушылардың  бірлесіп  жұмыс  істеуіне  жағдай  туғызу;  балаға  өзін 
басқа  іс-әрекетте  сынауға  мүмкіндік  беру;  балаларға  сүйікті  ісімен 
шұғылдануға мүмкіндік беру. 
Кез-келген жобалар мен бағдарламалардың аясында жұмыс істеу 
барысында  әрбір  балаға  өзінің  сезімі  мен  эмоцияларын  шығаруға 
мүмкіндік  беруіміз  қажет.  Бұл  өзара  тиімді  іс-әрекет  жасау  және 
жемісті 
жұмыс 
істеу 
үшін 
қажетті 
қолайлы 
жағдайдың 
қалыптасуының негізгі шарты. Демек, тәрбие мұраты – өзін-өзі тануға 
баулу. 
Қорыта  келе  айтарымыз,  дарынды  балалармен  жұмыс 
мазмұныны құрғанда төмендегі жағдайларды ескеру керек: оқушылар 
мен  мұғалімдерді,  мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы 
балаларды  жеке  және  жан-жақты  интеллектуалды  тексеруден  өткізу; 
дарынды  балалар  мен  жастарды  анықтау  және  психологиялық 
зерттеу;  балалар  мен  жастарды  жеке  тұлға  ретінде  және 
интеллектуалдық  жағынан  дамыту  мақсатында  психологиялық 
тренингтер  ұйымдастыру  және  өткізу;  балаларға,  жастарға  және 
ересектерге жеке психологиялық кеңес жүргізу; дарынды балалар мен 
жастарды  психологиялық  қолдауда  ғылыми  әдістемелік  жағынан 
қамтамасыз  ету:  әдістемелік  оқулықтар,  психологиялық  көмек 
бағдарламалары, ғылыми жұмыстар дайындау және шығару; балалар 
мен ересектерді психологиялық диагностикалау әдістемелері мен тест 
банкісін  таңдау  және  жасау;  дарынды  балалармен  жұмыс  жүргізетін 
педагогтар  және  психологтар  үшін  психологиялық  курстар, 
семинарлар  өткізу;  тренинг  бағдарламасының  мазмұнын  құрастыру 
және  өткізу;  мектеп  психологиялық  қызметіне  дарынды  балалармен 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
59 
жұмыс  істеуде  әдістемелік  және  консультациялық  көмек  көрсету; 
балаларға және олардың ата-аналарына балаларының дарындылығын 
анықтаған  және  дамыту  кезеңінде  кездесетін  нақты  проблемаларды 
шешуде кеңес беру. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Қазақстан  Республикасында  2005-2010  жылдары  білім  беруді 
қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004. – 46 б. 
2. Бұлақбаева 
М.К. 
Жоғары 
білім 
беру 
жүйесіндегі 
шығармашылық әлеует /Монография. –Алматы, 2010. 
3. Әмірова  Ә.С.  Шығармашылық  іс-әрекет  ерекшеліктері  // 
Ізденіс. – Алматы, 2010. 
4. Туғанбаева  Б.А.  Ұстаздық  шығармашылық:  Монография.  – 
Алматы, 2007. 
 
УДК 745 
Жеңсікбаева А.Н. 

 
Ғылыми жетекшісі – Алдиярова А.А. 
(Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) 
Қазақстан, Ақтөбе қаласы 
ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
Женсикбаева А.Н. 
Научный руководитель – Алдиярова А.А. 
(Актюбинский региональный государственный университет  
им. К. Жубанова) 
ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ МИРОВОЗРЕНИЯ УЧЕНИКОВ  
ЗА СЧЕТ РУКОДЕЛИЯ 
Zhengsikbaeva A.N. 
(Aktobe Regional State University named after K.Zhubanov)  
Kazakhstan, Aktobe 
WAYS OF FORMING PUPILS’ WORLDVIEW WHILE HANDI-
CRAFTS 
Дүниетаным 
қалыптасуына 
саяси,адамгершілік 
және 
эстетикалық  көзқарастар  көп  әсер  етеді.  Дүниетаным  –  адамдар  мен 
табиғатқа,жалпы құндылықтарға, қоршаған ортамен қарым – қатынас 
қалыптастырудағы негізгі өлшем. 
                                                           

 Женсикбаева А.Н., науч. рук. Алдиярова А.А., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
60 
Оқыту  жеке  адамның  жан-жақты  дамуына  көмектесе  отырып, 
білім  беру,  тәрбие  және  даму  функцияларының  бірлікте  іске  асуына 
мүмкіндік  туғызады.  Л.С.Выготскийдің  айтуы  бойынша  оқыту 
дамудың  алдына  шығып  отырса,  ол  бала  дамуының  «ең  таяу  даму 
зонасын»  жасайды,  баланы  ізденуге  талаптандырады  және  дамудың 
бірнеше  ішкі  процестерін  қозғалысқа  келтіреді.  «Ең  таяу  даму 
зонасы»  одан  әрі  «актуальды  даму  зонасына»  көшуі  тиіс,  яғни  бұл 
зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды. 
Оқытуды  іске  асыру  адам  баласына  белгілі  заңдылықтарды, 
білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. 
Дүниетанымды  қалыптастыру  өткінші  процесс  емес.  Ол  адам 
өмірін  түгел  қамтиды.  Оқушының  жалпы  дамуында  бұл  процесс 
тұрақты  және  үздіксіз  өзгерістерге  ұшырайды.  Оқушылардың 
дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы  ғылыми біліммен 
қаруландыруға  сүйенеді.  Оқушылардың  дүниетаным  көзқарасын 
қолөнер арқылы  тәрбиелеу  дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны 
қабылдау  және  бағалау  қабілетін  қалыптастырудың  мақсатқа 
бағыттала ұйымдастырылған процесі. 
Дүниетанымды көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және 
үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет 
атқарады.  Ол  іс-әрекеттің  барлық  түрлеріндегі  әсемдік  нышанын 
анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, 
қалыптасуы  құралына  айналдырады.  Бұған  мектепте  оқытылатын 
барлық пәндердің қатынасы бар. Соның ішінде бейнелеу өнерінің бір 
саласы  қолөнер  арқылы  балалардың  дүниетанымын  қалай 
қалыптастыруға болады? 
Біріншіден,  табиғат  пен  қоғамдық  өмірдің  танылуға  тиісті 
құбылыстарына  оқушылардың  жеке  қатынасын  қалыптастыру. 
Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды 
қатынасы оның ақиқат екендігіне сенімін қалыптастыру.   
Екіншіден, оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі 
жинауы. Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен 
бекіту, оқушыны қоршаған орта, оны қоғамның – саяси белсенділікке, 
өз бетіндік іс-әрекетке және жауапкерлікке итермелейтіндей жағдайда 
қоюды талап етеді. 
Үшіншіден,бүгінде заман талабына сай,қазыналы сарқылмайтын 
қолөнердің  эстетикалық  талғамын,  көркемдік  білім  деңгейін  көтеру, 
халық  қолөнерінің  мұрасын  қайта  жаңғыртып  тұрмыста  сән  құра 
білуге үйрету маңызды мәселелердің бірі болып отыр. 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
61 
Төртіншіден,оқушылардың  өнерге  әуестігін,  қызығушылығын, 
талғамын  дамытуда  қолөнер  үлкен  роль  атқарады.  Қолөнер  арқылы 
дүниенің  қызығын,  өнердің  биік  құндылықтарын  жаңа  идеялармен 
толықтырып,көне мұралардың жоғалмауына үлестерін қосуға үйрету. 
Сыныптан  тыс  эстетикалық  жұмыстың  барлық  түрлері 
оқушылардың  еріктік,  қызығушылық,  бейімділік  принциптері 
негізінде іске асырылады. 
Эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  құралдарының  бірі  –  өнер.  Олар 
зор  идеялық  тәрбиелік  роль  атқарады.  Өнер  адамдары  қуанышқа 
бөлейді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер адам 
санасына  белгілі  көзқарастарды  әр  түрлі  құралдар  арқылы 
(кескіндеме – жанр, баталия, пейзаж; мүсінде – бюст, т.б.). 
Белгілі  орыс  суретшілері  П.А. Федотовтың,  В.Г. Пероговтың, 
И.Е. Рениннің, 
В.В. Верещагиннің, 
И.И. Шишкиннің, 
И.Н. Левитанның 
және 
қазақ 
суретшілері 
Ә. Қастеевтің, 
М. Кенбаевтың, 
Қ. Шаяхметовтың 
т.б. 
шығармашылығымен 
байланысты  бейнелеу  өнері  адамдардың  тәрбиесіне  күшті  ықпал 
етеді. 
Өнер  шығармалары  баланың  сезімін  оятады.  Шығармаларды 
талдау, 
салыстыру, 
қорытындылау 
баланың 
дүниетанымын 
қалыптастырады. 
Өнердің  түрлі  салаларында  оқушылардың  іс-әрекет  жасауы 
дүниетанымның  қалыптасуына  орасан  зор  әсер  етеді.  Оқушылар 
өнердің  тілімен  танысып,  тәжірибеде  жұмыс  істеуге  үйренеді, 
дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық 
шақта  жақсы  жүреді,  сондықтан  көркем  өнерпаздар  үйірмесін  құру, 
өнер  шығармаларын  жасату,  шығармалар  жаздыру,  сахналық 
қойылымдардағы  рөлдерде  ойнату  баланың  дүние  туралы  ой-әрісін 
кеңейтіп,  көзқарастары  мен  сенімін  тексеруге  көмектеседі. 
Оқушының  дүниетанымының  қалыптасқандығын  оның  ғылыми 
білімдерінің  тереңдігінен,  жүйелілігінен,  диалектикалық  ойлауынан 
байқауға болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  Арғынбаев  Х.  Қазақ  халқының  қол  өнері.  –Алматы:  Өнер, 
1987. –128 б. 
2.  Қасиманов  С.  Қазақ  халқының  қол  өнері.  –  Алматы: 
Қазақстан, 1995. –240 б. 
3. Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. 
– А.: «Алматы кітап» ЖШС, 2007. 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
62 
УДК 371.3 
Зілтай М.С. 

 
Ғылыми жетекші – Рысбаева А.К. 
(Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) 
Қазақстан, Ақтөбе қаласы 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ІЗГІЛІКТІ  
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Зілтай М.С. 
Научный руководитель – Рысбаева А.К. 
(Актюбинский региональный государственный университет 
им. К. Жубанова) 
Казахстан, г. Актобе 
ФОРМИРОВАНИЕ ГУМАННЫХ ВЗАИМООТНОШЕНИЙ  
ДЕТЕЙ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ 
Ziltay M.S. 
 (Aktobe Regional State University named after K.Zhubanov) 
Kazakhstan, Aktobe 
FORMATION OF HUMANERELATIONSHIPS  
OF PRIMARYSCHOOLCHILDREN 
Болашақ  ұрпақтың  жеке  тұлға  болып  қалыптасуында  тәрбиенің 
адамгершілік  бағыт  алуы,  педагогика  ғылымында  адамның  қарым-
қатынасында  адамгершілік  қасиетті  қалыптастырудың  ең  тиімді 
мүмкіндіктерін,  жолдарын  зерттеп,  оны  жастар  тәрбиесінде  ұтымды 
пайдалану  өте  маңызды  мәселе.Адамның  тұлғалық  бейнесінің 
көрсеткіштерінің 
бірі 
ізгіліктің 
болуы, 
бүкіл 
адамзаттық 
құндылықтардың біріне саналады. Адамдар арасында ізгілікті қарым-
қатынасты  қалыптастыру  барлық  оқу  –  тәрбие  ұйымдарының,  оның 
ішінде,  әсіресе  мектептің  негізгі  міндеті.  Сондықтан  да  мектеп 
оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  сай  таным  мүмкіндіктерін 
дамыту  және  оқыту  мақсаттарының  оқушы  тұлғасын  тәрбиелеуге 
бағдарлануы – табиғи нәрсе. Мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының 
қуатты  жүретін  ерекше  құнды  қайталанбас  кезеңі  болғандықтан, 
оқушылардың  шығармашылық  негіздері,  ортаға,  адамдарға  қарым  – 
қатынасы қалыптаса бастайды. 
                                                           

 Зілтай М.С., науч. рук. Рысбаева А.К., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
63 
Ізгілік  идеялары  ертеден  айтылып  келгенмін,  «гуманизм» 
терминін  алғаш  рет  ғылымға  XIX  ғасырда  неміс  педагогы 
Ф. Нитхаммер  енгізді  (1).  Содан  бері  «гуманизм»  немесе  «ізгілік» 
терминіне  көптеген  ғалымдар  әртүрлі  анықтамалар  беріп  келеді. 
Ғылыми әдебиеттерде ізгілікке әртүрлі бағытта анықтамалар берілген. 
Философиялық  сөздікте  –  «ізгілік  –  «humanus»  латын  сөзі,  кең 
мағынада  адамшылық,  адамгершілік  деген  ұғымды  білдіреді. 
Адамшылық  –  тарихи  көзқарастың  дамуында  жеке  адамның 
құндылығын, оның бJстандыққа, бақытқа ие болу құқын құрметтейтін, 
қабілетінің дамуына негіз болатын мүмкіндік деп бағаланады. Адамдар 
арасындағы  әділдік,  теңдік,  адамшылық  принциптер  негізгі  көрсеткіш 
өлшемі  болып  есептелінеді.  Тар  мағынасы,  қайта  құру  дәуіріндегі 
мәдени қозғалыс дегенді білдіреді» (2). 
Қазіргі  қоғамның  өтпелі  кезеңінде  бізге  адамның  ішкі  жан 
дүниесінің  байлығынан,  білімділігінен  өмірге,  адамға,  табиғатқа, 
қоғамға  қатынасындағы  тазалық,  шынайылық  негізінде  құрылған 
ізгілік  керек.  Себебі,  қазіргі  кезде  қоғамдағы  әлеуметтік  – 
экономикалық  қайшылықтардың  асқынуы  жас  жеткіншектер 
арасында  қылмыстық  істер  жасауына  жағдай  туғызуда.  Міне  оқушы 
өмірдің  осындай  келеңсіз  құбылыстарын  қабылдауға  бейім  келеді. 
Сондықтан ұстаз тарапынан көрсетілетін ізгілік оқушыларды жігерлі, 
қайратты, қайырымды, кешірімді, ізгілікті болуға тәрбиелей отырып, 
кез-келген  педагогикалық  жағдайды  баланың  мүмкіндігіне  қарай 
шешумен  сипатталуы  қажет.  Мұғалім  оқушыны  алдын  –  ала 
сақтандырып,  дұрыс  бағыт  беріп  отыруы  керек..  Сондықтан  баланы 
саналы  қатынас  жасауға  бейім  субъект  ретінде  ізгілікті  білім  беру 
арқылы тәрбиелеу талап етіледі. Ізгілікті қасиет қарым  – қатынастан 
көрінетіндіктен,  «қарым  –  қатынас»  ғылыми  зерттеулерде  арнайы 
қарастырылады.  «Қарым  –  қатынас»  ұғымын  педагогика  мен 
психология ғылымында алғаш А.Ф. Лазурский енгізген. Ол тұлғаның 
сыртқы  объектіге, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүние  мен 
табиғатқа,  әлеуметтік  қатынасын  білдіретін  экзопсихикалық  ұғым. 
А.Ф. Лазурский  бұл  ұғымды  «жеке  тұлғаның  сыртқы  ортаға, 
табиғатқа,  материалдық  заттарға,  адамдарға  және  олардың  рухани 
байлығына қатынасы», – деп түсіндіреді (3). 
Ізгілікті қарым – қатынас өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Ол 
– адамның адамға дүниенің ең үлкен құндылығы ретінде қарап, өзара 
қатынасқа  түсуі.  Сонымен  қатар  қатынастардың  шеңбері  күн  өткен 
сайын  кеңейіп,  өзінің  рухани  –  ізгілік  өлшемін  басқа  көптеген 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
64 
құбылыстарға  (баланың  әлеуметтік,  отбасылық,  ұжымдық)  таратуда. 
Мысалы,  қазіргі  уақытта  адамдар  жастардың  саяси  топтарының, 
қозғалыстарының  қызметіне,  рухани  –  ізгілікті  құндылықтарының 
негізіне баға беріп, әсемдік пен ізгіліктің бірлігін көркем әдебиетпен 
қатар  өмірдің  өзінен  тауып,  адамгершіліктің  өлшемін  барлық  тірі 
және  өлі  табиғатқа  таратуға  көмектесуі  қажет.  Ізгілікті  қарым  – 
қатынас  жиі  қолданылатын  ұғым.  Философтардың  анықтауы 
бойынша  ізгілікті  қарым  –  қатынас  –  адамдардың  іс  –  әрекеті  мен 
өмір сүру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастың ерекше түрі. 
Ізгілікті  қарым  –  қатынасты  қалыптастыру  үшін  жеке  адамның 
ізгілікті  қасиеттерді,  қоғамдық  принциптерді,  өзінің  мінез  –  құлқын 
саналы  түсінуі  маңызды  кезең  болып  есептелінеді.  Мысалы, 
Д.А. Волкогонов  «ізгілікті  қарым  –  қатынастың  обьективті 
(қызығушылығын,  қажеттілігін,  мақсатын  жүзеге  асыру)  және 
субьективті  (сезім,  сенім,  талпыну,  себеп  –  салдар)  жақтарын 
қарастырып, бұл екеуі қарым  – қатынастың бірлігін құрайды»,  – деп 
түйіндейді (4). 
М.А.  Вейт  зерттеу  жұмысында  ізгілікті  қарым  –  қатынасты 
қалыптастыруды 
төмендегі 
тұжырымдарды 
ескере 
отырып 
қарастырады: 
тұлғаның ізгілікті қасиеттері оның санасында, сезімінде, көңіл – 
күйінде  көрінеді  және  әлеуметтік мінез  –  құлқында,  іс  –  әрекеті мен 
қарым – қатынасында жүзеге асырылады; 
оқушылардың  ізгілікті  тұлғасын  қалыптастыру  өзін  –  өзі 
тәрбиелеу  және  әлеуметтік  ортаның  бірлігі  мен  өзара  әрекетінде 
пайда болады және т.б. (5). 
Ізгілікті  қарым  –  қатынас  –  адам  бойындағы  адамгершілік 
түсінік,  сезім  және  мінез  –  құлықтың  тұтастығымен,  бірлігімен 
айқындалады. Сонымен бірге біздің пайымдауымызда, ізгілікті қарым 
–  қатынас  оқыту  процесі  барысында  оқушылардың  адамгершілікке 
бағытталған  ізгілікті  іс  –  әрекетінің  жағымды  мотивінің  бірі  ретінде 
қатысатын тұлғалық қатынастың ерекше түрі деп бағаланады. 
Ізгілікті  қарым-қатынас  адам  бойындағы  ізгілікті  білім,  сезім 
және  мінез  –  құлықтың  тұтастығымен  анықталады.  Ізгілікті  қарым-
қатынасты  оқыту  процесі  барысында  оқушылардың  адамгершілікке 
бағытталған іс  –  әрекеті адамгершілік ісінің  жағымды  мотивінің бірі 
ретінде қатысатын тұлғалық қатынастың ерекше түрі деп бағалаймыз. 
Осыдан,  мектеп  оқушыларының  ізгілікті  қарым-қатынасын 
қалыптастыру  жеке  тұлғада  ізгілікті  қасиет  пен  сезімді,  мінез  – 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
65 
құлықты  тәрбиелеу  барысында  тиімді  әдістер  мен  тәсілдерді 
ұйымдастыру процесі деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Жарықбаев 
Қ.Ж. 
Аймауытовтың 
психологиялық 
көзқарастары. – Алматы, 2000. – 71-73 б. 
2. Философская энциклопедия. – М.:Сов. энцик., 1960. – 613 с. 
3. Философский словарь / Под ред. И.Т. Фролова.  – 4-е издание. 
– М.: Политиздат, 1981. – 445с. 
4. Волкогонов  Д.А.  Моральные  конфликты  и  способы  их 
разрешения. – М.: Знание, 1974. –64 с. 
5. Мясищев  В.  И.  Социальная  психология  и  психология 
отношений. – М.: Педагогика, 1965. – 280с. 
 
УДК 371 
Иванов Г.В. 

 
Научный руководитель – Мунасыпов И.М. 
(Стерлитамакский филиал Башкирского государственного университета) 
Россия, г. Стерлитамак 
ФОРМИРОВАНИЕ ТВОРЧЕСКОЙ АКТИВНОСТИ  
УЧАЩИХСЯ НА УРОКАХ ТЕХНОЛОГИИ 
Ivanov G.V. 
(Sterlitamak branch of the Bashkir state university)  
Russia, Sterlitamak 
FORMATION OF CREATIVE ACTIVITY STUDYING  
AT TECHNOLOGY LESSONS 
В  настоящее  время  меняется  характер  деятельности  человека, 
она  «все  больше  становится  принципиально  инновационной,  растет 
инновационная активность  человека  во всех областях его деятельно-
сти». Это связано с новыми социальными реалиями в России – пере-
ходом человечества к постиндустриальному, информационному этапу 
своего развития и экономике, основанной на информационных техно-
логиях и знаниях. 
В  этих  условиях  образование  становится  важнейшим  ресурсом 
социально-экономического,  политического  и  культурного  развития 
страны. Поэтому цель современного школьного образования – разви-
                                                           

 Иванов Г.В., науч. рук. Мунасыпов И.М., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
66 
тие человека как активного, творческого субъекта деятельности, что в 
свою  очередь  предусматривает  мобильность  выпускника  школы,  его 
умение  оперативно  реагировать  на  постоянно  возникающие  измене-
ния  в  практической  деятельности,  быть  открытым  новому  опыту, 
иметь творческое отношение к действительности. 
Эффективность  работы  школы  в  настоящее  время  определяется 
тем, в какой мере  учебно-воспитательный процесс обеспечивает раз-
витие творческих способностей каждого ученика, формирует творче-
скую личность школьника, готовит его к творческой познавательной 
и общественно-трудовой деятельности. 
В процессе формирования творческой активности учащихся жела-
тельно  в максимальной степени опираться  на  их положительные эмо-
ции (удивления, радости, симпатии, переживания успеха и т.д.). Отри-
цательные эмоции подавляют проявления творческого мышления. 
Практика  показывает,  что  развивать  способности  –  это,  значит, 
вооружить  школьника  способами  деятельности,  дать  ему  в  руки 
ключ, принцип выполнения работы, создать условия для выявления и 
расцвета его одаренности. Способности не просто проявляются в тру-
де, они формируются, развиваются, расцветают в нем и гибнут в без-
действии. Поэтому  для развития  творческой деятельности  необходи-
мо создание определенных условий: раннее начало; умная, доброже-
лательная  помощь  взрослого;  доверительная  атмосфера  сопережива-
ния, сотрудничества; мотивация задания. 
Творческие  занятия  не  только  развивают  фантазию,  но  и  дают 
ученику  множество  практических  навыков.  Пришить  себе  пуговицу, 
приготовить завтрак, сделать своими руками подарки родным и дру-
зьям – все это пригодится в жизни школьнику. 
И  еще  одно  очень  важное  дополнение:  умение  что-нибудь  сде-
лать самому позволяет учащемуся чувствовать себя увереннее, избав-
ляет от ощущения беспомощности в окружающем его мире взрослых. 
А ведь вера в себя, уверенность в своих силах – необходимое условие 
для того, чтобы маленький человек был по-настоящему счастлив. 
Творческая направленность уроков технологии состоит в актив-
ном  включении  воспринятого  в  структуру  личности  ученика.  Учи-
тель, понимая специфику предмета творчества, должен создать соот-
ветствующую  атмосферу.  При  наличии  соответствующих  установок, 
стимулов и ориентиров проявляется побудительная сила, которая мо-
билизует усилия ученика, направляет его воображение на поиски спо-
собов их  удовлетворения.  Активность  учащихся зависит от  правиль-

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
67 
ной организации их деятельности, от применения разнообразных эф-
фективных методов и приемов, направленных на побуждение эмоций 
и чувств, от них к размышлению и творческим видам работ. 
В предметной области  «Технология»  –  это творческие  проекты, 
проблемные ситуации, творческие задания и упражнения. Их решение 
дает первый толчок, создает импульс к творческому усилию, поиску, 
не ограничивает полет фантазии и движения мысли. Задания должны 
быть  вариативными  и  дифференцированными,  чтобы  в  эту  работу 
включились все ученики. 
Таким образом, широко используя различные приемы активиза-
ции творческой деятельности и применяя их в учебном процессе, мы 
добиваюсь  положительных  результатов  в  обучении  и  воспитании 
школьников.  Технологическое  творчество  стало  доступно  практиче-
ски  всем  обучающимся.  Но  особенности  личностного  развития  от-
дельных  детей  иногда  могут  требовать  использования  со  стороны 
педагога  различных  видов  помощи,  активизирующих  потребность,  в 
том  числе  творчества  и  мотивацию  к  технологической  творческой 
проектной  деятельности.  Для  этого  мы  стараемся  показать  в  своем 
исследовании практическую значимость для школьника данного вида 
творчества, связав его с современным состоянием рынка труда. 
Список литературы 
1. Бобровская  А.Н.,  Долинина  Г.Ф.  Использование  проектной 
деятельности на  уроках технологии. 9 класс.  – Волгоград: ИТД «Ко-
рифей», 2006. – 112 с. 
2. Бешенков А.К. Технология. Методика обучения технологии. – 
М.: Дрофа, 2004. 
3. Бобунова И.В. Технология. – Волгоград: Учитель, 2004. 
4. Горенков Е.М. Технологические особенности совместной дея-
тельности учителя и учащихся в дидактической системе Н.В. Занкова 
// Начальная школа. –  2003. –№4. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет