Сборник материалов международной заочной научно-практической конференции аспирантов, магистрантов и студентов


Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии  110  УДК 376



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет11/25
Дата04.05.2017
өлшемі2.8 Kb.
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
110 
УДК 376 
Машай С.М. 

 
Ғылыми жетекші – Төретаева Г.І. 
(Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті) 
Қазақстан г. Ақтөбе 
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАНҰЯЛАРЫНА 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК 
КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
Машай С.М. 
Научный руководитель – Туретаева Г.И. 
(Актюбинский региональный государственный университет 
им.К.Жубанова) 
Казахстан г. Актобе 
ПУТИ ОКАЗАНИЯ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ И СОЦИАЛЬНОЙ 
ПОМОЩИ СЕМЬЯМ, ИМЕЮЩИМ ДЕТЕЙ  
С ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ 
Mashai S.M. 
 (Aktobe Regional State University named after K.Zhubanov) 
Kazakhstan, Aktobe 
WAYS TO PROVIDE PSUCHOLOGICAL AND SOCIAL ASSIS-
TANCE TO FAMILIES OF CHILDREN WITH DISABILITIES 
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы – бұл ерекше мәртебеге 
ие  отбасы.  Олардың  ерекшеліктері  мен  проблемалары,  сол  отбасы 
мүшелерінің  жеке  ерекшеліктері  мен  проблемалары,  сол  отбасы 
мүшелерінің  жеке  ерекшеліктерімен,  олардың  өзара  қарым-
қатынастарымен ғана анықталмайды,  бұл отбасында кемтар баланың 
проблемалары  басым  болады,  көп  жағдайда,  мүгедек  баланың 
анасына, жұмыс істеуден бас тартуға тура келеді. Кішкентай мүгедек 
балалар  оқшау  өмір  сүрмейді,  отбасы,  бала  үшін  анағұрлым  жайлы, 
әрі  жақын  әлеуметтік  орта.  Бірақ,  отбасында  кемтар  баланың  болуы 
тәрізді  жағдай  отбасының  кейбірмүмкіндіктерін  шектейді.  Мысалы, 
отбасы  мүшелеріне  мол  табыс  табу  мүмкіндігінен,  әлеуметтік 
белсенділіктен  немесе  алыс,  қымбат  жерлерде  демалу  тәрізді 
мүмкіндіктерден бас тартуға тура келеді. 
                                                           

 Машай С.М., науч. рук. Туретаева Г.И., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
111 
Отбасы  немесе  жанұя  –  қоғамның  бөлінбес  ұясы,  және  оның 
мәнін өзгерту мүмкін емес. Жанұясыз бір де бір ұлт, бір де бір қандай 
болсын өркениетті қоғам өмір сүрген емес. Сондай-ақ, қоғамның көз 
жетерлік болашағын да жанұясыз елестетуге болмайды. Әр адам үшін 
отбасы  –  бастаулардың  басы.  Бақыт  деген  ұғымды  әр  адам  өз 
отбасымен  жалғайды:  өз  үйінде  бақытты  болған  адам  ғана  бақытты 
деп саналады. 
Отбасының  классикалық  ережесін  алсақ,  отбасы  –  бұл  әр 
мүшелері  некемен,  ата-аналық  және  ұрпақтық  парызымен, 
тұрмысымен,  жалпы  бюджеті  және  өзара  ізгі  жауапкершілігімен 
байланысқан кішігірім әлеуметтік топ болып табылады.  Отбасы – ең 
көне  әлеуметтік  институттардың  бірі.  Ол  некеге  қарағанда,  күрделі 
қатынастардың  жүйесін  құрайды.  Өйткені,  отбасы  ерлі-зайыптылар 
мен  олардың  балаларын  ғана  емес,  басқа  туыстарын  немесе 
жақындары мен керекті адамдарын да біріктіреді. 
Отбасы  –  баланың  тығыз  араласатын,  ең  жақын  әлеуметтік 
ортасы. Отбасында кемтар баланың дүниеге келуі, әрине ата-анаға өте 
ауыр  соққы  болып  тиеді.  Егер  отбасында  дені  сау  баланың  дүниеге 
келуі,  адамзат  баласына  жаңа  бір  қуаныш,  мақтаныш,  рахат  сезім 
әкелетін  болса  кеміс  баланың  тууы  керісінше,  отбасындағы  зұлмат 
тәрізді бағаланады. 
Бала  миының  ерекшелігі  болып,  оның  азғантай  кемістіктері 
белгілі  бір  жердің  аумағынан  асып,  орталық  нерв  жүйесінің  даму 
(жетілу)  процесіне  кері  әсерін  тигізуі  табылады.  Ал  қатты  бұзылу 
кезінде,  оның  іздері  көп  жылдарға  созылады,  кейде  өмір  бойына 
созылуы  мүмкін.  Баланың  әрі  қарай  дамуы  орталық  нерв  жүйесінің 
потологиялық  жағдайына  байланысты  жүреді.  Егер  ертерек  емдеу 
және  түзету-оқыту  жұмыстарын  ұйымдастырмаса,  онда  баланың 
психикалық дамуы қалыс қалады. 
Әлеуметтік  қызметкерлер  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ата-
аналарымен  тығыз  байланыста  болып,  ақыл-кеңес  беру  мақсатында 
арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерінің сапалы өркендеуі үшін аянбай 
еңбек  етіп,  етене,  қоян-қолтық  араласуына,  мамандар  білімдерін 
жетілдіріп,  ой-өрістерін  жаңа  әдіс-тәсілдермен  дамытып,  әрдайым 
ізденісте  болып,  еңбекке  деген  құлшыныстың,  белсенді,  жауапты, 
тыңғылықты, аса іскерліктің арқасында қол жеткізуге ғана болады. 
Әке-шешенің  шектен  тыс  өбектеуі  кемтар  баланы  әлеуметтік 
ортаға  бейімдеуді  қиындатады.  Психологтар  ата-аналарға  мүгедек 
баламен  тең  қатарлы,  дені  сау  адам  сияқты  қарым-қатынас  жасауға, 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
112 
басқа  мүгедек  балалармен  араласудан  қашқақтамауға,  артық 
өбектеуден  бас  тартуға  кеңес  береді.  Оқу  мекемесін  таңдағанда  да 
баланың  тұлғалық  ерекшелігін  ескерген  жөн  екенін  айтады. 
Мамандар  ата-анаға  баласының  кемтарлығына  өзін  кінәлі  сезінуден 
арылып,  отбасындағы  басқа  балалар  мен  өз  қамын  да  ойлауға  кеңес 
береді. 
Кейбір ата-аналар, өз баласын кез келген нақты және әлсіз қауіп-
қатерден  қорғауға  тырысып,  оны  өмір  қиыншылықтарына  төзімсіз 
етіп  қалыптастырады.  Осының  бәрі  баланың  дұрыс  өркендеуіне, 
шығармашылық  қабілеттерінің  жүзеге  асырылуына,  үлкендермен 
және өз қатарларымен араласуына кедергі жасайды. 
Ата-аналардың  көбісі,  өз  іс-әрекеттерінің  баланың  мінез-
құлқына  әсер  ететінін  біле  бермейді.  Бұл  ата-аналармен  түсіндіру 
шараларын  жүргізіп,  оларға  оқуға  арнайы  кітаптар  ұсынып  және 
оқытушылар мен психологтарға жүгінуін талап ету керек. 
Шын мәнінде, алаңдағыш балалардың ата-аналарының өздерінің 
де  үрейлену  деңгейі  жоғары  келеді.  Сондықтан  да  олар  өзін  төмен 
бағалауға  бейім,  және  өзіне  де,  өзқ  істеріне  де  қанағаттанбайды. 
Мұндай  адамдарға,  ең  алдымен,  өзін-өзі  тәрбиелеу  жұмысымен 
айналасу керек. 
Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне 
келгенде  жайбарақаттығы,  салғырттығы  басым.  Көптеген  ата-аналар 
балаларының  тілі  жай  шыққанына,  есте  сақтау  қабілетінің 
нашарлығына  дер  кезінде  мән  бермейді,  білікті  маманға  апарып 
көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде 
қаражат  жоқтығын  сылтауратып  қозғала  қоймайды.  Олардың  көбі 
психологиялық-медициналық-педагогикалық  көмектің  қызметі  тегін 
екенін  логопедтен,  дефектологтан,  психологтан  тегін  кеңес  алуға 
болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар 
деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады. 
Психологиялық-медициналық-педагогикалық 
комиссия 
– 
принциптері: 
– Мүмкіншілігі  шектеулі  балалар  мен  олардың  жанұясына 
әлеуметтік қолдау көрсетіп оңалту көмегіне кепілдеме беру. 
– Мүмкіншілігі  шектеулі  балалардың  жанұясымен  бірлесе 
отырып,  оларға  мекеменің  мамандары  әлеуметтік  медициналық-
педагогикалық түзетуге көмек көрсетеді. 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
113 
– Балаларға ерте көмек көрсетуде олардың тең құқылы және қол 
жеткізу  мүмкіншіліктерінің  шектеулігіне  қарамай  жасына  және 
әлеуметтік жағдайына байланысты білім беру. 
– Әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзету  көмегін 
көрсету мақсатында әр балаға жеке жағдай жасау. 
– Мүгедек  балалармен  айналысатын  мұғалімдерді  кадрлық 
жағынан іріктеу. 
– Мүмкіншілігі  шектеулі  балалармен  тікелей  жұмыс  істеу  үшін 
жоғарғы  оқу  орындарында  арнайы  мамандар  дайындайтын 
факультететер ашу. 
– Мүмкіншілігі  шектеулі  балаларды  оңалтудың  жаңа  әдісітерін 
енгізу. 
– Мүгедек  балаларды  оңалту  мен  әлеуметтік  бейімделуге 
мемелекеттің саясатын жүргізу. 
– Бүгінгі заман талабына сай мүгедек балалалардың оқуына және 
келешекте жұмысқа орналасуына мүмкіншілік жасау. 
– Әр балаға жеке жағдай жасау үшін шағын мамандандырылған 
жаңа оқу орындарын ашу. 
– Дамуында  қандай  бір  ауытқуы  бар  баласы  бар  ата-аналардың 
мінез-құлқының бірнеше түрін ажыратады: 
– Ата-ананың  баланы,  оның  кемістігімен  бірге  қабылдауы  – 
баланың  кемістігін  қабылдайды,  адекватты  бағалайды  және  балаға 
шынайы  адалдық  көрсетеді,  оның  кемістігіне  деген  жағымсыз 
көзқарас, өзін, баланы кінәләу сезімі болмайды. 
– Теріске  шығару,  мойындамау  реакциясы  –  баланың  кемістігі 
мен  мүмкіндіктерінің  шектелуі  теріске  шығарылады,  сондықтан, 
баласының қабілетінің жоғары болуын талап етеді. 
– Шектен  тыс  қорғау  реакциясы  –  бұл  тым,  күшті  қамқорлық 
жасау,  балаға  аяныш  сезімімен  қарау  және  шектен  тыс  жақсы  көру. 
Баланың  орындайтын  істерін  өздері  орындайды,  нәтижесінде,  бала 
өздігімен  әрекеттенуге  дәрменсіз,  өмір  бойы  инфантильдік  деңгейде 
қалып қояды. 
– Баладан жасырын бас тарту, шеттету – мұнда кемістік масқара, 
ұят  болып  саналады.  Ата-аналар,  өздерінің  жиреніш,  жеккөрініш 
сезімдерін, шектен тыс қамқорлықпен бүркемелейді. 
– Баладан  ашық  бас  тарту,  шеттету  –  мұндай  ата-аналар 
өздерінің  жауығу,  жеккөру  сезімдерін  жасырмайды.  Ата-аналар 
өздерінің  бақытсыздығына,  қоғамды,  дәрігерлерді,  мұғалімдерді 
кінәлайды,  балаға,  оның  кемістігіне  адекватты  емес  көзқараспен 
қарайды. 
Қорыта  келгенде,  жалпы  аналарының  өз  перзентін  тәрбиелеу 
барысындағы  жағымсыз  сезімдерге  баласын  тәрбиелеу  мен  аяққа 
тұрғызуда  өзін  жалғыз  сезінуімен  қарбаласады.  Баланың  әкесінің 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
114 
көмегін, демеушілігін сезінбейді деген сөз, бұл  да жалпы  аналардың 
өз  перзентіне  қатынасынындағы  сезімдердің  негативтілігін  асырады 
деуге  болады.  Осы  сезімдердің  барлығы  дерлік,  әсіресе  аналары 
тарапынан саналы сезілмейді деп қорыта аламыз. 
Пайдаланған әдебиеттер 
1. Намазбаева Ж., Сүлейменова Р. Дефектологиялық сөздік. – А., 
1993. 
2. Назарова  Л.П.  Методика  слуховой  работы  в  школе 
слабослышащих. – М., 1981. 
3. Өмірбекова Қ., Серікбаев Қ. Логопедия. – А., 1996. 
4. Петров  Ю.И.  Организация  и  методика  обучения  слепых 
ориентировке в пространстве. – М.: ВОС, 1988. 
5. Плаксина  Л.И.,  Григорян  Л.А.  Проблемы  воспитания  и 
социальной адаптации детей с нарушением зрения. – М.: ВОС, 1995. 
6. Рубинштейн 
С.Я. 
Психология 
умственно 
отсталого 
школьника. – М.: Просвещение, 1986. – 192 с.  
7. Серкебаев Қ. Менинго-энцефалит ауруының зардабынан ақыл-
ойларының  даму  процестері  бұзылып  жетілмей  қалған  балалар  // 
Ұлағат . – 2006. – № 4. 
 
УДК 378 
Мунасыпова Л.И. 

 
Научный руководитель – Амиров А.Ф. 
(Башкирский государственный медицинский университет) 
Россия, г. Уфа 
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ АКТИВИЗАЦИИ  
ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СТУДЕНТОВ 
Munasypova L.I. 
(Bashkir state medical university) 
Russia, Ufa 
PEDAGOGICAL TECHNOLOGIES OF ACTIVIZATION OF 
COGNITIVE ACTIVITY OF STUDENTS 
Многие  проблемы,  решаемые  современной  российской  высшей 
школой, связаны с повышением продуктивности обучения. Технология 
и  инновации,  вошедшие  в  образовательный  процесс  в  последние  де-
сять-пятнадцать лет, при всех имеющихся различиях в целевых, содер-
жательных,  организационных  аспектах  в  конечном  счете  направлены 
                                                           

 Мунасыпова Л.И., науч. рук. Амиров А.Ф., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
115 
на  повышение  продуктивности  учебной  деятельности,  превращения 
обучающегося в активного субъекта собственного учения. 
Технология, в отличие от методики, более или менее жестко за-
программированный (алгоритмизированный) процесс взаимодействия 
преподавателя  и  студентов,  гарантирующий  достижение  поставлен-
ной цели (1). Технологию мы понимаем, как алгоритм в обучении, как 
определенную  парадигму  процесса  обучения,  применение  которой 
ведет к достижению цели – формированию вполне определенных ка-
честв личности (познавательных умений, способов мышления и т.д.). 
Одна из качественных характеристик и особенностей технологии 
– это ее воспроизводимость, переносимость, означающая, что одна и 
та же технология в руках разных преподавателей, работающих в раз-
личных группах, с различным контингентом, дает одинаково высокие 
результаты.  В  педагогических  технологиях  элемент  субъективности 
доведен  до  минимума,  хотя  в  педагогической  деятельности  исклю-
чить полностью действие субъективного личностного фактора невоз-
можно (2). 
Важная  роль  в  активизации  познавательной  деятельности  сту-
дентов в современном информационном обществе отводится высоки-
ми темпами развивающимся информационным и коммуникационным 
технологиям, а их возможности становятся основой для развития че-
ловека и эффективного решения многих профессиональных задач. 
Необходимо  отметить,  что  развитие  компьютерных  технологий 
позволяет  нам  быть  не  только  потребителями  информации,  но  и  ак-
тивными  участниками  процесса  производства  новых  знаний.  Пре-
имущество  новых  цифровых  технологий  состоит  в  возможности  ис-
пользования  единой  аппаратной  части  цифровой  системы  для  обра-
ботки всевозможной аудиовизуальной информации (звукозапись, фо-
тография, видеозапись и др.), при этом следует отметить универсаль-
ность современных цифровых носителей информации. 
Для  того,  чтобы  студент  стал  субъектом,  то  есть  инициатором 
собственной  активной,  познавательной  деятельности,  необходимо, 
чтобы: 
1) Образование стало свободным, открытым, обновляющимся  и 
способствовало  самопознанию,  самоопределению  и  самореализации 
обучающихся. 
2) Изменились  традиционные функции  педагога:  он  из  ретранс-
лятора  знаний  должен  превратиться  в  организатора,  помощника,  ко-
ординатора и советчика учебной деятельности студента. 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
116 
3)  Произошел  переход,  от  авторитарного  к  демократическому 
стилю взаимоотношений участников образовательного процесса. 
4)  Эффективно  использовались  практически  безграничные  воз-
можности новых информационных технологий, позволяющих ориен-
тироваться в новом информационном пространстве. 
Список литературы 
1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: 
Народное образование, 1998. – 256 с. 
2. Воронько 
В.И. 
Педагогической 
технологии.– 
URL: 
http://voronko.ucoz.ru/ publ/statja_na_temu_pedagogicheskoj_tekhnologii/ 
1-1-0-2 (дата обращения 02.04.2015). 
 
УДК 37.38 
Мырзабаева А.С., Қалыбай Г.С. 

 
Ғылыми жетекші – Сутеева М.А. 
(Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) 
Қазақстан, Ақтөбе қаласы 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ  
ОҚУШЫЛАРДЫ БЕЙІНДЕУ 
Мырзабаева А.С., Қалыбай Г.С. 
Научный руководитель – Сутеева М.А. 
(Актюбинский региональный государственный университет 
им.К.Жубанова) 
Казахстан, г. Актобе 
ПРОФИЛЬНОЕ ОБУЧЕНИЕ ШКОЛЬНИКОВ В СИСТЕМЕ 
ТЕХНОЛОГИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
Mypzavaeba A.S., Kalyvai G.S. 
 (Aktobe Regional State University named after K.Zhubanov) 
Kazakhstan, Aktobe 
PROGILE EDUCATION OF PUPILS IN TECHNOLOGICAL  
EDUCATION SUSTEM 
Технология  сабағында  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін 
жүзеге асыруда бейіндік мектепте пән мұғаліміне зор көңіл бөлінеді. 
Жалпы технологиялық даярлықты жүзеге асырудың негізгі қағидасы-
оқушыладың  танымдық  қажеттіліктерін  ескеретін  нақты  тәжірибелік 
                                                           

 Мырзабаева А.С., Қалыбай Г.С., науч. рук. Сутеева М.А., 2015 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
117 
қызмет  үдерісінде  оқыту.  Оқытудың  негізгі  әдістері  тапсырмалар, 
қолданбалы тапсырмаларды шешу, тәжірибенің және лабораториялық 
− 
тәжірибелік 
жұмыстар, 
экскурсиялар, 
модельдеу 
және 
конструкциялау. 
«Технология»  мазмұны  материалды  руханимен  қоса  адамзат 
қызметінің  бір-бірімен  тығыз  байланысты  әлеуметтік  аспектін  де 
қамтиды.  Бұл  –  материяны  (материалды),  энергияларды  және 
ақпараттарды  жоспар  бойынша  және  адамның,  қоғамның,  табиғатты 
қорғаудың  мүддесі  тұрғысынан  қолданылатын  білім,  әдістер  мен 
құралдар  саласы.  Бұл  жеке  тұлғаның,  оның  ойының  дамуына 
бағытталады. 
Мазмұны  жағынан  «технология»  −  көп  модульді  және  көп 
деңгейлі  пән,  ол  өзінің  логикасы  мен  пән  саласының  функционалды 
және  эстетикалық  қасиеттерін  қалыптастыру  мақсатын  көздейтін 
жобалық  және  атқарушылық  қызметтің  барлық  кезеңдерінде 
оқушыларды жұмылдыру арқылы құрылған. 
Оқытуда  оқушылардың  танымдық  және  шығармашылық 
қабілеттерінің  дамуына  көп  көңіл  бөлінеді,  соның  арқасында 
мұғалімнің  басшылығымен  жақсы  жобалар  жасалып,  мектептегі 
шағын  кәсіп  орындарда  оқушылардың  оларды  жүзеге  асыруына  өз 
әсерін тигізді. 
«Технология»  жалпы  және  технологиялық  мәліметті  беруді 
қамтамасыз  етеді,  жастарды  өз  бетінше  өмір  сүруге  және  нарықтық 
экономикасы  бар  демократиялық  азаматтық  қоғамда  еңбек  етуге 
даярлайды,  негізінде  адам  және  қоғам,  табиғатқа  технологиялық 
көзқарас 
жүйесі 
жататын 
технологиялық 
дүниетанымды 
қалыптастырады. 
(Р.М. Чудинский, 
О.Г. Калашникова, 
А.Д. Райымбекова, Б. Ортаева, Ж.Б. Қасымбекова және т.б). 
Технологиялық  білім  –  технологияның  әлемді  тану  нәтижесі 
және  оны  ұғым,  елес,  ойлау,  ой  қортындылау  түріндегі  адам 
сапасында бейнеленуі. Оқушылар базалық технологиялық ұғымдарды 
білуі  тиіс:  технология,  технологиялық  орта,  технологиялық  үдері, 
түрлендіру  қызметтерінің  әдістері  және  т.б.  Одан  басқа  олар 
материалды және рухани өндірістің оөық технологиялары және адам 
қызметінің негізгі формалары туралы білуі тиіс. 
Технологиялық  іскерлік  дегеніміз−алған  ғылыми  білімнің 
негізінде адам игерген қызмет әдістері. Оған төмендегілер жатады: өз 
қызметін жоспарлай білу, оның нәтижесі мен тиімділігін болжау және 
бағалау,  қажетті  білімін  өз  бетінше  іздеу,  графикалық  жұмыстар 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
118 
атқару,  технологиялық  ортаға  жұмыс  орны  мен  өмір  сүру  ортасына 
дизайн-талдау жүргізу, өзінің кәсіби қажеттілігін анықтау. 
Оқушыларға  технологиялық  білім  берудің  мазмұнының  өзгеруі 
жалпы  білім  берудің  тиімділігін  өзгертеді.  Ол  технологиялық 
ақпараттың, 
жобаның 
құзіреттіліктер 
деңгейі 
мен 
мектеп 
бітірушілердің кәсіптік өзін –өзі анықтаулары болып табылады. 
Оқушылардың  заманауи  кәсіптік  білім  беру  қажеттіліктері 
қоғамдық  өндірістің  түрлі  салаларындағы  технологиялық  қызмет 
мазмұнына жаңа талаптар қояды. Тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік 
−  экономикалық  жағдайлардың  өзгеруімен  нақты  өндіріс  үдерісінде 
оқушылардың  тәжірибелік  даярлығы  мен  диагностикасын  жүзеге 
асыруды 
қолдайтын 
кәсіп 
орындардың 
оқу 
учаскелерінің 
мүмкіндіктері  мен  қызметтері  тез  қысқарды.  Білім  беру  жүйесінің 
экономикалық  базасының  заманауи  қысқаруы  жағдайында  жалпы 
және  кәсіптік  білім  беру  мекемелерінің  білім  беру  ресурстарын 
кешенді қолдану мен байланыстыру мүмкіндіктері аз қолдануда. 
Технологиялық білім беру жүйесінің ерекшеліктерінің арасынан 
оның  шаруашылықтық  қызметінің  салалары  мен  компоненттері 
бойынша  базалық  бөлігінің  әлеуметтік  негізделген  құрлымының 
негізін атап өтсек болады. Бұл кәсіптік қызметтің объектісімен типіне 
сәйкес,  оқушылардың  кәсіптік  маңызды  оқуларын  тұлғалық  – 
бағдарлық  құрастыру  міндеттерімен  қарама  –  қайшылықта  болады. 
Сонымен  қатар  технологиялық  оқу  үдерісіндегі  оқушыларды 
жынысына  қарай  бөлу  контингентті  (балалар  және  қыздарға) 
болымыстық  еңбек  бөлінісі  үдерінде  өзін−өзі  қамтамасыз  ету 
мәселелерін дәстүрлі шешуге жауап беред, бірақ оқушылардың кәсіби 
бағдарланған  міндеттерін  шешпейді.  Оқушылады  жалпы  және 
еңбектік  оқытудың  кәсіптік  мотивациясының  төменгі  деңгейін  және 
осы маңызды құраушыны оқу үдерісінде қамтамасыз ету қажеттілігін 
атап өту қажет. 
Технологиялық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытуды дамыту 
мен жетілдіруқажеттілігі озық отандық және шетелдік педагогикалық 
тәжірбені  және  жастарды  еңбекке  даярлаудың  бар  тәжірибесі  мен 
технологиялық  бейін  бойынша  мамандық  алуды  (мамандану  − 
ақпараттық  технология,  агроттехника,  индустриалды  технология, 
қызмет көрсету саласы технологиясы,медицина, педагогика және т.б.) 
бекітеді, дәлелдейді. 
Аталған  бағыттардың  бейіндік  пәндері  (курстары)  инвариантты 
мазмұнда  болуы  тиіс,  және  төмендегілерді  қамтиды:  қолмен, 

 
Современные проблемы и перспективы развития техники и технологии 
119 
машинамен және автоматтандырылған технологиялық операцияларды 
атқарудағы  қызмет  түрлерімен  танысу;  кәсіби  жұмыс  орындарының 
материалды  техникалық  жабдықталуымен  танысу  (оның  ішінде 
ұйымдастырушының  техникасымен  де);  интелектуалды  күш 
жұмсауды талап ететін және талап етпейтін қарапайым және күрделі 
операцияларды  атқару  тәжірибесі;  материалдық  және  материалдық 
емес  құндылықтарды  құрудың  түрлі  салаларында  мамандардың, 
техниктердің, жұмысшылардың еңбектерінің сипаттары туралы білуі; 
мамандықтарды  жіктеу  және  олардың  салалық  ерекшеліктерін  білу; 
жұмыстың  әр  түрлі  жағдайларының  ерекшеліктері  туралы  мәліметі; 
әр  түрлі  біліктіліктері  бар  жұмысшылардың  еңбек  жалақыларының 
түрлері  мен  ерекшеліктері;  кәсіптік  білім  беру  жүйесімен,  қабылдау 
ережелерімен, жағдайларымен және бәләм беру мазмұнымен танысу; 
еңбек нарығының құрлымы туралы ұғым; жұмысқа орналастыру және 
қызметінің  жүйесімен  танысу;  жұмысқа  жалдану  шарттарымен 
танысу,  жұмысқа  қабылдау  туралы  хабарламалар  мен  жарнамалар 
ерекшеліктері. 
Технологиялық  білімдер  жүйесіндегі  бейіндік  оқыту  мазмұны 
еңбек пәні мен субьектісінің тұлғалық қарым−қатынасы болмайынша 
бейнелеуін  қамтамасыз  ету  маңызды:  «адам  –  адам»,  «адам  – 
табиғат»,  «адам  –  техника»,  «адам  –  белгі  жүйесі»,  «адам  −  көркем 
бейне» экономикалық барлық салаларына сәйкестендірілді, заманауй 
салалық  технологияларға  негізделді  және  оқушылардың  еркін 
шығармашылығының қызметіндегі өзін–өзі жүзеге асыруға әсер етті. 
Оқушылардың  жас  ерекшеліктік  және  жалпы  білім  беру 
мүмкіндіктері,  еңбектің  даярлық  міндеттерін  шешу  мен  кәсіби 
өзін−өзі  анықтау  технологиялық  оқыту  қағидаларын  негіздейді: 
еңбекке  кіріспе,  еңбек  негіздері,  мамандыққа  кіріспе,  оқушылардың 
таңдап  алған  салалық  технологияларына  сәйкес  бейіндік  оқыту. 
Соңғы  кезеңі жалпы білім беретін оқу орындарының бітірушілерінің 
әлеуметтік қорғануының жоғарылауына әсер ететін кәсіптік деңгейге 
дейін даярлыққа апарады. 
Пайдаланған әдебиеттер 
1. Жолдасбекова  С.А.,  Камалов  Ю.Н.,  Қонақбаева  Ұ.Ж. 
Оқушылардың  бейіндік  оқуларын  ұйымдастыру.  Пед.  маманд.  студ. 
Арналған оқу құралы.– Алматы, 2013 – 201 б. 
2. Назаралиева З.С. Педагогика профильного образования: Учеб. 
пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2008. – 344 с. 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет