Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.7 Mb.
Pdf просмотр
бет59/70
Дата09.01.2017
өлшемі7.7 Mb.
түріСборник
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

 

1.М.Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.  -272 б.  

2. http://www.mywebs.su/blog/history/1051.html 

3. ҚРОММ, 2367-қ., 1-т., 1-іс.  

4. ҚРОММ, 2367-қ., 1-т., 24-іс.  

5

. ҚРОММ, 2367-қ., 1-т., 58-іс. 



6. ҚРОММ, 2367-қ., 1-т., 15-іс. 

7. Б.Қасымова Қазақстанның қыздары – Ұлы Отан соғысы жылдарында. Астана, 2005. -371 б. 

 

 

 

 

 

 


 

417 


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫ 

                         

 

А.Ж. Архыматаева  

Тарих магистрі, Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы 



М.А. Райымбекова  

5В020300 «Тарих» мамандығы 3 курс студенті 

Қазақ инновациялық гуманитралық заң университеті 

(Семей, Қазақстан ) 



                                                 

Қазақстан Республикасы тәуелсіз өркениетті даму жолына түсіп, барлық ұлттық рухани 

байлығымызды қайта жаңғыртқан тұста, елдің өткен тарихын жаңаша зерделеуге мүмкіндік 

туды.  Өйткені,  еліміздегі  тарихи  мәселелерге  деген  тұжырымдардың  өзгеруі, 

методологиялық  ұстанымдар,  шығармашылық  ойлауға  еркіндік,  бұрынғы  зерттеушілердің 

қолына  тимеген  көптеген  құнды  тарихи  деректердің  ғылыми  айналымға  тартылуы  тәрізді 

жаңа  мумкіндіктерге  жол  ашылды.  Қазіргі  таңда  тарихымыздың  ақтаңдақтарын  ашуда, 

жекелеген  аймақтың  ауыл  шаруашылығы  салалары  мен  өнеркәсіп  орындарының  еліміздің 

әлеуметтік  -  экономикалық  дамуына  қосқан  үлесін  зерттеп,  зерделеу,  тарих  ғылымының 

негізгі бағыттары қатарына еніп отыр.  

Ұлы  Отан      соғысынан  кейінгі  жылдары  Қазақстанның  өнеркәсіп  салалары  соғысқа 

қажет  деп  шығарылған  өнімдерін  қысқартып,  бейбіт  өмірге  қажет  өнім  шығаруға  кірісті, 

халық  тұтынатын  тауарларды  көбейтуді  қолға  алды.  Шикізат  қорына  бай  еліміздің  қазба 

байлықтарын  игеру,  оны  өндіру  кеңейтілді,  сөйтіп  Қазақстан  сол  кездегі  одақтас 

республикаларды  шикізат  көзімен  қамтамасыз  ететін  негізгі  қорлардың  отаны  болды. 

Қазақстан  өнеркәсібінің  дамуы  соғыстан  кейінгі  жылдарда  соғысқа  дейінгі  қарқыннан  екі 

еседей асып тусті.  

Бесжылдықта  Қазақстанда    қара  және  түсті  металлургия,  тау-кен  өндіріс  саласы 

өркендеді.  Зауыттар,  көмір  өнеркәсібі  жабдықтары,  ұсталық  станоктар  ауыл 

шаруашылығына  қажетті  құралдар  мен  жабдықтар  шығара  бастады.  Өнімдердің  жаңа 

түрлерін  шығаратын  ауыр  машиналар  зауыттары,  мұнай  көсіпшіліктері  өнімдері 

арттырылды. Еліміздің жеңіл өнеркәсіп орындары да қарапайым болса да ел тұтынатын аса 

қажетті  тауарларды  жасады.  Себебі  өнеркәсіп  өндірісінсіз  халықтың  тұрмыс-жағдайы 

түзелмейтін  еді.  Өнеркәсіпті  қысқа  мерзім  ішінде  өркендету    үшін      жұмысшы  қолы, 

өндіретін  шикізат  материалдары  да  ескерілді.  Әсіресе  жоғары  қарқынды  дамыған  көмір, 

мұнай,  металлургия  ,  химия,  құрылыс  материалдары  жөне  басқа  да,  өнеркәсіп  салалары 

болды. Соғыс кезінде қираған халық шаруашылығын  қалпына келтіру жұмысы тек күрделі 

жөндеу  негізінде  ғана  іске  асып  қойған  жоқ,  осы  уақыттарда  елімізде  өндіріс  ошақтары 

арттырылды. Ауыр индустрияның құрылыстары жоспарланып жүргізіле бастады. 

Соның  ішінде  Ұлы  Отан  соғысынан  кейінгі  жылдардағы  ауыл  шаруашылығының 

алатын  орны,  оның  дамуы,  қарапайым  еңбек  адамдарының  қажырлы  еңбегі,  олардың 

әлеуметтік тұрмысын зерделеу өте маңызды. Өткен тарихымыздың қай кезеңі болмасын, оны 

жанаша көзкараспен, жаңа деректерді келтіре отырып жазу, тарихи қордын тагы бір құнды 

дерекпен  толығуына  септігін  тигізеді.  Ұлы  отан  соғысы  жеңіспен  аяқталғаннан  кейін  аса 

жауапты  міндет  -  бүлінген  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  және  оны  одан  әрі 

өркендету  алда  тұрды,  ол  халықтың  барлық күш  -  жігерін    жұмылдыруды  талап  етті.  Осы 

ортақ  міндетті  орындауда  Қазақстанның  алатын  орны  ерекше  болды.  Соғыс  зардаптары 

Қазақстан  экономикасы    үшін  де  ауыр  болған  еді.  Өнеркәсіп  өнімдері    және  ауыл 

шаруашылығының материалдық - техникалық базасы да, еңбек ресурстарының проблемасы 

да шиеленіскен. Халық шауашылығын қалпына келтіру шаралары жүзеге асырыла бастады  

және  мәдени  құрылысқа  мемлекеттік  бюджеттен  қаржы  бөлінді.  Өнеркәсіпте  8  сағаттық 

жұмыс күні қайта қалпына келтірілді, мерзімінен тыс жөне демалыс күндері жұмыс істеуге 

тыйым салынды, жұмысшылар мен қызметшілерге ақы төленетін еңбек демалыстары беріле 

бастады.  Төртінші  бесжылдықтың  негізгі,  экономикалық  және  саяси  міндеті  -  өнеркәсіпті, 



 

418 


көлікті,  байланысты  және  ауыл  шаруашылығын  одан  әрі  дамыту.  Соғыстан  кейінгі 

бесжылдықта  бүкіл  Қазақстанмен  бірге  Батыс  Қазақстан  облысының  еңбекшілері  едәуір 

табысқа  жетті.  1946  -  1950  жылдары  облыстың  ұжымшарларында  қоғамдық  мал  барлық 

түліктерден, оның ішінде ірі қара малы 75 мың (49,8% ), қой мен ешкі 2 мыңнан астам  (99% 

), жылқы 39 мың (100% ), түйе 37,7%, ал шошқа 2 есе өсті. [ 1; 248б] 

Бесжылдықта  қара  металургия  мықтап  дамыды.  Теміртаудағы  зауытта  үш  прокат 

станогы  мен  екі  мартен  пеші,  Ақтөбе  ферросплав  зауытында  оның  үшінші  кезегі  іске 

қосылды. 1950 жылдың аяғына таман металлургиялық процесстердің тұйық циклімен жұмыс 

істейтін  Қарағанды  металлургия  зауыты  құрылысын  жүргізуге  дайындық  жұмыстары 

басталды.  1947  жылы  Өскеменде  қорғасын  -  мырыш  комбинаты  алғашқы  мырыш  берді. 

Балқаш  мыс  қорыту  зауытының  қуатын  арттыру  жөніндегі  жұмыстар  одан  әрі  қарай 

жүргізілді.  Қарағанды  көмір    бассейініндегі  шахталарда  жоғары  өнімді  50  "Донбас" 

комбайны,  көмір  қазып,  тиейтін  жөне  түсіретін  100-ге  жуық  машина,  көмір  және  кен 

жыныстарын тиейтін 40 машина, 1000-нан астам қуатты қырнағыш, конвейер жұмыс істеді. 

Қостанай  жасанды  талшық  зауытында  өнімнің  алғашқы  тонналары  шығарылды.  Сонымен 

қатар,  Қарағанды  синтетикалық  сағыз  зауытында  екі  цех  қатар  қосылды,  Ақтөбе  химия 

зауыты  кеңейтілді.1950  жылы  электр  қуатын  өндіру  1946  жылға  қарағанда  2,3  есе  өсті, 

бесжылдық тапсырмасы 1,5есе дерлік асыра орындалды. Құрылыс материалдарынан кірпіш, 

әк, алебастр және басқа кейбір заттарды өндіру соғысқа дейінгі деңгейінен асып түсті. Кен 

орындарындағы  шахталардың  ашылып,  іске  қосылуы    қарқынды  істердің  бастамасы  еді. 

Сондықтан    осындай  өнімдер  толассыз  іске  асырылу  үшін  тасымал  жұмыстарын  жақсарту 

барысында  транспортты  тездетіп  дамытып,  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстары  етек  алды. 

[1;249б] 

Көлік  және  байланыс  одан  әрі  қарай  дамыды.  1950жылы  ұзындығы  438  шақырым 

Мойынты-Шу  темір  жолының  құрылысы    одан  әрі  жалғасты.  Темір  жолдардың  жалпы 

ұзындығы 1940 жылғы  6581шақырымның орнына 1950 жылы 8407 шақырымға жетті. Тас 

жолдардың  желісі  ұлғайды,  әуе  және  өзен  көлігі  дамыды.  Бесжылдықтың  соңғы 

жылдарының  өзінде  ғана  119  мың  адам  су  жолдарымен  сапар  шекті.  Байланыс  құралдары 

шапшаң  дамыды,  аудан  орталықтарында  телефон  жүйесі  іске  қосылды,  көпшілігі  телефон 

арқылы аудан орталықтарымен байланыс жасайтын болды.[1;248б] 

60  жылдардың  ортасына  таман  ауыл  шаруашылығында  жалпы  ел  экономикасының 

дамуына  кері  әсер  еткен  мәселелер  шоғырланды.  Оларды  шешу  жаңа  аграрлық  саясатты 

жүргізуді  қажет етті. КОКП Орталық Комитетінің 1965 жылғы наурыз Пленумы осы мәелені 

қарап,  "КСРО  ауыл  шаруашылығын  одан  әрі  дамыту  жөніндегі  кезек  күттірмес  шаралар 

туралы" қаулысын қабылдап, жаңа аграрлық саясатты жариялады. Аграрлық саясат кешенді 

механикаландыру мен электрлендіруді енгізу, жерді пайдаланудың тиімділігіне қол жеткізу, 

суландыруды  кеңейту,  кооперативтік  меншікті  жетілдіру  және  қоғамдастыру, 

агроөнеркәсіптік  интеграция  негізінде  ауыл  шаруашылық  өндірісін  мамандандыру  мен 

шоғырландыру  арқылы  ел  экономикасын  тұрақты  да  ырғақты  дамытуға  бағыт  ұстады.  [2; 

29б] 


Сонымен  бірге,  1960-1965  жылдары  Батыс  Қазақстан  облыстарында  ірі  шаруашылық 

ұйымдары  мен  екі-төрт  ұжымшарларды  біріктіру  негізінде  ауыл  шаруашылық  өндірісін 

шоғырландыруды  күшейту  ерекше  орын  алды.  Алайда  мұндай  ірілендіру  негізінен 

механикалық  түрде  жүргізілді,  бірақ  біріккен  шаруашылықтар  көп  салалы  әрі  әмбебап 

күйінде қала берді. Мұнда басты салаға мән берілмеді. Дегенмен, ауыл шаруашылығын қайта 

қалпына  келтіру  шараларының  барлығы  да  сәтті  жүргізілмеді.  1951жылдың  өзінде  ірі  қара 

саны  (4,5млн),  жылқы  (1,5млн),  түйе  (127мың)  болды.  1951жылы  қой    саны  180,36мың  

болды.  Ауыл  шаруашылығындағы  қиын  жағдайға  қарамастан,  республикадан  жаудан  азат 

етілген республикаларға көмек ретінде ақысыз 17,5мың ірі қара, 22мың жылқы, 350мың қой 

және арнайы жеңілдетілген бағамен 500мың мал жіберілді.[3;151б] 

Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбек ақысы төмен болды, себебі мемлекеттің 

ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  сатып  алу  бағасы  өте  төмен  еді.  Осыған  байланысты 



 

419 


респубика  ауыл  шаруашылығы  халықтың  азық-түлікке,  өндірістің  шикізатқа  сұранысын 

қанағаттандыра алмады. Республика ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығарудың 2 жолы 

болды. Бірінші жолы - өндірістік қатынастарды қайта қарау, нақтырақ айтқанда, осы уақытқа 

дейінгі  жүргізіліп  келе  жатқан  бағыттан  бас  тарту,  жерді  жеке  меншікке  беру,  нарықтық 

қатынасқа  көшу,  осы  арқылы  ауыл  еңбеккерлерінің  өз  еңбегінің  нәтижесіне  ынтасын 

арттыру.  Екінші  жолы  -  ауыл  шаруашылығын  дамытудың  экстенсивті  жолы,  яғни  осы 

уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағытты сақтай отырып, оны жеделдету жолы.  

1954 


жылдан  бастап  тез  арада  ауыл  шаруашылығының  тарихта  болмаған  дамуын 

қамтамасыз  ету  үмітімен  Қазақстанға  тікелей  қатысты  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру 

науқаны  басталды.  Қазақстан  басшылығы  бұл  бастаманы  қолдай  қоймады.  Осыған 

байланысты, 1954жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы 

Ж.Шаяхметов,  екінші  хатшы  Л.И.Брежнев  сайланды.Жергілікті  жердің  қазақ  басшылары 

сынға  ұшырап,  үш  айдың  ішінде  тың  өлкесіндегі  алты  облыстың  1-ші  хатшылары 

ауыстырылды. [4; 50б] 

Тарихта  бұрын  болып  көрмеген  көлемді  жер  жырту  орны  толмас  экологиялық 

апаттарға мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді.  

Соғыстан  кейінгі  алғашқы  жиырма  жылдағы  ел  экономикасы  тұрақсызданып,  өз-өзін 

қамтамасыз ете алатындай жағдайда болғанымен, өнімнің біраз бөлігін Ресейдің тапшылық 

көріп отырған өңірлеріне жеткізумен болды. Қабылданған қаулылар іс жүзінде кеңес атқару 

комитеттері  мен  шаруашылық  ұйымдарының  атқаратын  міндеттерін  облыстық,  аудандық 

және бастауыш партия ұйымдарына жүктеп, өндіріс орындары, колхоздар мен совхоздарды 

өзіндік  еркіндіктен    айырды.  Осылардың  салдарынан  бір  жағынан  Қазақстанның 

экономикасының қуаты арта түссе, екінші жағынан оны орталыққа тәуелділігі күшейе түсті. 

Халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  жөне  оның  одан  өрі  дамуы  еңбекшілерді  тұрмыс 

дөрежесінің  біршама артуына көмектесті. 1947 жылы ақша реформасы жүргізілді, карточка 

жүйесі  жойылды,  халықты  азық-түлік  және  өнеркәсіп  тауарларымен  жабдықтау  жөнінде 

бірқатар  нақты  шаралар  жүзеге  асырылды.  Еңбекшілердің    тұрғын  үй  жағдайы  біртіндеп 

жақсара бастады.  Бес  жылда жалпы көлемі 87680 шаршы метр үй салынды, 312 мың адам 

баспана жағдайын жақсартты.[1;251б] 

Қорытындылай келгенде, өткен ғасырдың ең сұрапыл соғысы - адамзат баласы басынан 

өткерген  қатерлі,  қатігез  соғыс  болатын.  Осынау  қан  майдандағы    соғыстан  кейін 

Қазақстандықтардың атқарған қызметтері тарихта қаларлықтай орасан зор. Халық ерлігі қай 

қоғамда, қай идеология кезінде болмасын өшпейді де, ол адам баласының жадында ғасырлар 

бойы сақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, өзінің жалғасын таба береді. 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

 

1. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. - Алматы: "Санат",1999 ж 247-251б. 



2.  Сүлейменов  Б.  1946-1980жж.  Кеңестік  аграрлық  саясаттың  Қазақстандағы  ерекшеліктері: 

экстенсивті бағдар мен дағдарыс Орал. 2010ж - 29б  

3. Рысбеков Т.З. Советы Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1998ж. - 151б 

4.  Әліқұлов  К.А.  Қазақстан  ауылдары  мен  селоларының  1946-1980жж  әлеуметтік  жағдайы:  тарихы 

мен сабақтары. -Алматы, 2001. - 50б 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

420 


БАУЫРЖАН  МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЕРЛІК МҰРАСЫН ПАТРИОТТЫҚ  

ТӘРБИЕ  БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУ 

 

Г.У. Ахметшина  

Тарих магистрі, аға оқытушы 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 

(Астана, Қазақстан) 

 

 

Ұзақ  тарихымыздың  қай  белесінде  де  халқымыздың  абыройын  өсіріп,  ұлттың 



мақтанышына  айналған  даналар  аз  болмаған.  Ел  шетіне  жау  тиіп,  сүттей  ұйып  отырған 

бейбіт  қауымның  басына  қатер  төнгенде  халық  ұранын  байрағындай  желбіретіп,  елім  деп 

еңіреген  түкті  жүрек,  мықты  білек  ұлдардың  да,  елдің,  жердің  амандығын,  бауырдың  да 

бүтіндігін  көксеген  басқаны  билердің  де,  жалын  атқан  жырымен,  жүрекжарды  сырымен 

алыс-жақынды бірдей баураған от ауызды орақ тілді абыз ақындардың да талайының атын 

атай аламыз. Ұлттың рухын асқақтатып, мерейін өсірген, келер ұрпақты күлес биік, мұзарт 

шыңдарға шақырып тұратын халықтың жақсысы мен жайсаңын біз қашанда мақтан тұтамыз.  

Кеңес  Одағы  кезінде  жоғары  оқу  орындарында  студенттерді  тәрбиелеудің  арқауы 

болған «Социалистік патриотизм» ұғымы сол идеологиямен бірге жойылды. Қазіргі заманда 

біздің  халқымыздың  патриотизмі  экономиканы  қайта  құруда,  қоғамды  рухани  жаңартып 

демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы 

сол  бір  тоқырау  кезеңдерінің  әсерінен  туған  жікшілдік  пен  бұрмалаушылықты  жоюдағы 

күреске  бар  күшті  ынталандыру  болып  табылады.  Мұның  бәрі  келешек  жас  ұрпақты 

патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.  

Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның бүгінгі күнгі талабы 

әрбір  адамды  Отанын  сүюге,  туған  жерін  құрметтеуге,  ата-бабаның  озық  салт-дәстүрінің 

құндылығын  мақтаныш  тұтуға,  әлемде  халықтар  арасындағы  бейбітшілік  үшін  достықты 

нығайтуға  бағыт  беруде  талмай  еңбек  етуді  қажет  деп  санайды.  Сондықтан  болашақ 

мамандардың  патриоттық  тәрбиесіне  еркше  мін  беру,  олардың  бойында  патриотизмді 

қалыптастыру  қоғам  болашағының  өркендеуін,  елімізде  тыныштық  пен  бейбітшіліктің 

мәңгілік  қанат  жаюын  қамтамасыз  ететіні  анық.  Өйткені,  патриотизм  әлемдегі  бейбітшілік 

үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық 

апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді 

бекітумен,  өзара  түсінікті негізге  алумен  тәуелсіз  елдермен  және  басқа  да  мемлекеттермен 

көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді. 

Отанымыз  аумағының  бүтіндігін  сақтау,  халықтың  тыныштығын  алатын  лаңкестерге 

қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі 

күштерге  қарсы  тұрудың  өзі  жастарды  отаншылдық  рухта  тәрбиелеу  міндетін 

жүктейді.Осыған  орай  паториоттық  тәрбие  мәселесі  адамзат  тарихының  өн  бойындағы 

ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  ұлы  мақсат  болғандықтан,  студент  жастар 

бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дамытуда халқымыздың 

біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Батыр, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан 

Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және релікке 

толы шығармаларының орны ерекше[1,7 б]. 

Көзінің  тірісінде-ақ  аңызға  айналған  ұлы  тұлға  –  Бауыржан  Момышұлы  жаужүрек 

батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер. Әрине, қазақ даласында батыр да, қолбасшы 

да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан асып әріге асып 

көрген  емес.  Ал,  Баурыжан  атаны  төрткүл  дүние  халқы  түгел  таныды,  оның  қаһармандық 

қайсар  тұлғасы  мен  адамзат  баласында  сирек  кездесетін  озық  ақыл-ойы,  қарағайға  қарсы 

біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнтті етті. 

Бауыржан  Момышұлын  өзгелерден  даралап  тұрған  айырықша  қасиеті  –  оның  қалам 

мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Бауыржан ата Ұлы 

Отан соғысы барысында 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімінің құрсауында қалған, 2 рет 

өлімші болып жараланған. Бірақ өліммен бетпе-бет келген сәттердің барлығында не негізгі 

жауынгерлік  құрамымен  қоршаудан  аман-есен  шығып,  өз  дивизиясына  қосылып  отырған. 


 

421 


Бұл,  әрине,  ол  кісінің  терең  ойлай  білетін  әскери  даналығы  мен  талантының  арқасында 

жүзеге асқан. 

Бауыржан  ата  –  қазақтың  кешегі  от  тілді,  орақ  ауызды,  әрі  ақын,  әрі  батыр 

тұлғаларының  заңды  жалғасы,  түйіндей  айтсақ,  ұлттық  рухтың  ХХ  ғасырдың  басындағы 

айқын  көрінісі.  Бұдан  кейін  Баукеңді  әскери  тарихшы  деп  атауға  болады.  Оның  үстіне  ол 

фольклор  білгірі  болғандықтан,  өзінің  тамаша  мақал-мәтелдерін  шығарды.  Ең  соңында 

Баукең  қазақ  әскери  әдебиетінің  негізін  салушы  болды.  Мемлекет  болғаннан  кейін  әскери 

әдебиет  керек.  Әскери  әдебиет  –  патриотизмның  мәйегі  екендігі  бүгінгі  таңдағы  ең  өзекті 

мәселе. 

Жиырма  жылдық  өмірін  әскер  қатарында  өткізген  Бауыржан  атамыз  өмірінің  соңына 

дейін  әскери-патриоттық  тақырыптарға  шығармалар  жазды.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс 

кезінде  атақты  генерал  И.Панфиловтың  сегізінші  гвардиялық  дивизиясындарота,  батальон, 

полк  кейін  дивизия  командирі  қызметін  атқарып,  неміс-фашист  басқыншыларына  соққы 

беріп, батальонды бірнеше рет жау қоршауынан алып шықты. 

Атамекен жер үшін, 

Қасиетті ел үшін, 

Әзиз ана, қарт ата, 

Ботакөз сұлу қарындас 

Күң, құл болмасын,- 

деген  жыр  жолдары  арқылы  жауынгерлерге  рух  беріп,  ерлік  істерге  шақырады. 

Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты 

біраз терминдерге анықтама берген.Енді соларға тоқталайық! 

Патриотизм  дегеніміз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-

саулығыныңқоғамдық-мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстығын  сезіну,  ал 

мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда 

патриотизм  мемлекет  деген  ұғымды  жееке  адаммен,  яғни  оның  өткенімен,  бүгінгі  күнімен 

және  болашағымен  қарым-қатынасты  білдіреді.Ұлттық патриотизмді  қалыптастыруда  салт-

дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. 

Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен белгілі бір ұлттың өкіліне сүйіспеншілікпен 

қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. 

Ерлік  дегеніміз-табиғат  сыйы  емес,  ең  алдымен  өзінің  ар-намысын  және  адамзаттың 

қасиетті  абыройын  ұятқа  қалу,  опасыздық  пен  масқара  болу  сезімінен  қорғай  отырып 

адамның  ең  ұлы  сезімін-азаматтық  парызын  орындау  үшін,  осындай  адамгершілік  теңдікті 

өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп-қатерін де 

бөлісіп, жауды барынша жою, жанға жанмен, қанға –қанменаяусыз кек алу  жолымен жеке 

басыңды  және  отандастарды  қауіпсіз  етуге  ұмтылып,  саналы  түрде  қауіп-қатерге  бас  тігу. 

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық. 

Табандылық  –  батырлардың  қалқаны.  Өжеттілік,  қайсарлық  –  адамның  тіпті  мүмкін 

емес  деген  жағдайдың  өзінде  абыроймен  өлімге  бас  тігуге  тәуекел  етушілік,  игілікті 

құлшыныс.  Сондай-ақ,  Бауыржан  атамыз  халықты  ерлікке,  елжандылыққа  тәрбиелеуде 

артына көптеген мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы: «Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр», 

«Ерлік  тәрбиеден  туады»,  «Ерлік  бірлікте  емес,  жүректе»,  «Отанда  опасызға  орын  жоқ», 

«Тізе  бүгіп  тірі  жүргеннен,  тік  тұрып  өлген  артық»  деп  халық  атынан  ащы  да  әділ  үкім 

айтқан [2, 5 б]. 

Тіпті Бауыржан атамыз туған ауылына келіп, ауыцл адамдарының ынтымақсыздығын, 

қарттардың  қадірсіздігін,  жастардың  тәртіпсіздігін  көріп  ызаланады.  Дастарханға  ас 

қайырып  бата  бергенде,  бұрынғы  халықтық  бата-тілекті  жаңаша  жаңғыртып,  «Я,  Құдай 

дозақтың  отынан  сақта,  қаңғыған  оқтан  сақта,  ынтымақсыз  туыстан  сақта,  қара  жүрек 

батылдан сақта, адамды қадірлемес есерден сақта, кеудесін керген келіннен сақта, мезгілсіз 

келген  өлімнен  сақта,  нанды  басқан  есерден  сақта,  ұятсыз  қызыңнан  сақта,  қайырымсыз 

жекжаттан  сақта,  жалқау  баладан  сақта,  жастарында  әдеп  жоқ,  өлгенінде  бәтуә  жоқ,  құр 

айғай шат-шәлекей даңнан сақта» деген батасының тұнып тұрған тәлім, өзіндік үлгі-өнеге, 

қлмес, ескірмен өсиет екендігінде дау жоқ. 


 

422 


Осыдан  жазушы,  тәлімгер  Бауыржан  Момышұлының  шығармашылығы  патриоттық 

тәлім-тәрбиенің  қайнар  көзі  екендігін  байқаймыз.  Қазақтың  батыр ұлы,  жазушы  Бауыржан 

Момышұлының ұлт руханиятының асыл арналарына қатысты жазылған өзекті толғаныстары 

бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің алар асуына, шығар биігіне бағыт-бағдар берумен құнды. 

Ұлттық патриотизм өз тарихыңды қастерлеу, ата-бабаларыңның асыл қасиетін ардақтау 

және  елдік  сана  қалыптастырар  тәлім-тәрбиенің  өзегі  ету  барысында  бойға  сңіру  сияқты 

келелі мәселермен қашанда сабақтас. 

Қатал  қайрат  иесі  болып  табылатын  азаматтар  қазақ  қоғамы  үшін  қаншалықты 

маңызды  орын  алады  дегенде  ғалым  басты  орынға  ұлттық  патриотизмді  еселеудегі 

құндылықтарды  ерекше  атайды.  «Қатал  қайрат  иесі  болған  адам  ел-жұртын  басқалардан 

артықша жан-тәнімен сүйетін, нағыз патриот болады. Қазақты ауызға анда-санда бір алып, 

Аманкелдіні  қосып  айта  салатын  бірлі-жарым  сөзден  елін-жұртын  жақсы  көргендік 

тумайды»  дей  келіп,  қатал  қайрат  пен  намысты  ту  еткен  азаматтардың  ел-береке  бірлігін 

нығайтудағы мұратын ұлттық мүддемен тығыз бірлікте қарастырады [3, 260 б]. 

Жеке  тұлғаның  өзекті  сапасы  ретінде  ғылымда  дәлелденген  патриотизм  мен  ерлік 

туралы бастау қағидалар патриотты тәрбие үрдісінің әдіснамалық негізін ашады. Қазақстан 

мемлекетінің,  халықтың  өткен  кезеңдердегі  ерлік  істері,  халықтың  жетілген  дәстүрлерімен 

терең байланысын көрсетіп, Республиканың бүгінгі жағдайында рухани байлықты дамытып, 

байытады. 

Қазақ халқы «Отан» ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысқан, оны туған жер, ата-

мекен,  ел-жұрт  ұғымдарымен  байланыстырған.  Қазақ  баласы  үшін  Отан-отбасынан,  ата-

жұртынан, туып-өскен топырақтан басталады.Бұны қазақ халқының мына мақалынан айқын 

аңғаруға  болады:  «Малым-жанымның,  жаным-арымның  садағасы».Осылаша  халық  ар-

намысты  жоғары  қойған.  Қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесінің  ең  биігі-ата-анасын,  үлкенді 

құрметтеу қабысып, отаншылдық, елжандылық ұғымдарына алып келеді. 

Мұндай ұғымдар негізінде тәрбиеленген ұрпақта патриоттық сезім қалыптасатындығы 

анық.  Бүгінгі  ұрпаққа  адамзат  тарихында  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  осы 

патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты студенттердің бойына дарыту бүгінгі 

күннің көкейкесті мәселелерінің бірі. 

ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын 

дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай 

қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын 

мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан-жай емес. 

Оның  адами  қасиеттер  қатарына  жатқызатын  –  ақыл,  ар,  ерік-жігер,  намыс,  сезім,  парыз, 

ұлттық рух, ұлттық мінез-құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары 

арнайы  зерттеуді  қажет  етеді.  Бұл  ойлардың  әрісі  Абайдың  «Тегінде,  адам  баласы  адам 

баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген  нәрселермен  озады»,  берісі  Мұстафа  Шоқайдың 

«ұлттық  рухсыз  ұлт  тәуелсіздігінің  болуы  мүмкін  емес»  деген  қағидаларымен  сабақтасып 

жатыр.  Осы  мақсатта  еліміздегі  өршіп  тұрған  тіл  мен  дін  мәселесін  шешу  үшін  ұрпақты 

отансүйгіштікке  тәрбиелеу  қажет.  Жат  діннің  жетегінде  кеткенше,  ұрпағымыз  ел  үшін 

қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман 

батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор. 

Біз  ел  қорғайтын  ер  азаматтар  тәрбиелеуде  халықтың  ерлік  дәстүрін  яғни  Бауыржан 

Момышұлының ерлік мұрасын қазіргі әскери тәрбие саласына терең енгізіп, студенттердің 

қазақ  батырларының  ерлік  істерін  оқып-үйренуіне  баса  назар  аударсақ,  мұның  бәрі 

студенттерді сабырлылыққа, ұстамдылыққа үйретіп, Отанды сүю, яғни патриоттық тәрбиеге 

өз үлесін қосары даусыз.     

 

 



жүктеу 7.7 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет