Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.7 Mb.

бет50/70
Дата09.01.2017
өлшемі7.7 Mb.
түріСборник
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Қозыбаев М.К. История и Современность. Алматы, 1991. стр. 14 

2.

 



Ширер У. Взлет и падение третьего рейха. т.2, М.1991.стр.343 

3.

 



Букаткин П.Р. От Уральска до Эльбы и Прага.Уральск.1994 стр 3. 

4.

 



Народное хозяйство Казахстана.Статистический сборник. -  Алматы.1968, стр 8. 

5.

 



ГА ЗКО, ф.850.оп.9. д.218.л 2. 

6.

 



ГА ЗКО, ф.850.оп.9. д.218.л 3. 

7.

 



РФ. ф. 7913.оп 1. д.61.л 107. 

8.

 



ГА ЗКО, ф.4.оп.10.ед.хр 678.л 53. 

9.

 



Зауыттың 70 жылдығына  арналған материал. (1941-2011 ж). Орал қаласы.40 бет. 

10.


 

ГА.ЗКО. ф.н.оп.10.ед.хр.100.л.21 

11.

 

Сталин И.В. жеделхат,грамота.слайд, сурет. 



 

 

 

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЛЕУДІҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ 

 

Қ.Қ. Байсарина  

т.ғ.д., профессор 

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 

 

(Семей, Қазақстан) 



 

Бауыржан Момышұлының еңбектері аса құнды әскери-теориялық еңбек, сонымен бірге   

тағылымдық мәні зор рухани дүние екендігін де байқайды. Жастарды рухани-адамгершілік 

тұрғыда  дамытуда  негіз  болуымен  ғана  шектелмейді,  ол  патриотизімді  қалыптастырудың 

ұтымды  факторы  болып  табылады.  Жастарды  төзімділікке,  өзін-өзі  ұстай  білуге,  тәртіпке, 

адалдыққа,  туған  жерін  сүюге,  өз  отандарының  мүддесі  үшін  үлгі  боларлықтай  жоғары 

деңгейде  қызмет  етуге  баулиды,  аға  ұрпақтың  ерлік  дәстүрін  өнеге  жасауға  және  оларды 

келешек ұрпаққа жеткізе білуге үйретеді. 

Әскери  әдебиетте  Бауыржан  Момышұлының  өткен  заман  мен  біздің  заманымызда 

болып  өткен  әлем  халықтарын  қамтыған  соғыстардың  қайталанбас  үш  түрлі  ерекшелігі 

болғанын  атап  өтумен  бірге,  өз  танымын  жіктей  отырып  көрсетете  білді.  «Әскери  ғылым 

адамзат тарихында үш дәуірге бөлінеді: мануфактуралық, машиналық және  термоядерлық. 

Үшеуінің  үш  түрлі  ұғымы  бар.  Үшеуінің  үш  түрлі  қару-жарағы  бар.  Үшеуінің  үш  түрлі 

тактикасы  мен  стратегиясы  бар.  Ол  тарихи  нәрсе.  Осы  таным  тұрғысынан  қарағанда  түркі 

халықтары  басынан  кешкен  соғыстардың  болмысын,  тарихын  танып  –  білуге,  ол  жайында 

ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүргізгенде  осы  ой  танымдарды  әскери  теориялық  қағида 

ретінде қарап, үнемі сүйеніп отыруға болатын идеялық бағыт – бағдар болып табылады.  

Қазақ  халқы  өз  тарихында  соғыс  жүргізудің  машиналық  дәуірі  деп  аталатын  түріне 

яғни  мейлінше  жетілген  түріне  алғаш  рет  Кеңестер  Одағы  мен  фашистік  Германия 

арасындағы  соғыста араласты. Қазақ солдаттары мен қазақ командирлері майдан төрінің бұл 

дәуірдегі  қару-жарақтың  барлық  түрін  тез  арада  меңгеріп,  әлем  жұртын  таңдандырған 

ерліктер  жасап  жатты.  Яғни  тарихтың  қатал  сынынан  абыроймен  өтті.  Өз  халқының  қас 

батыры  атанған  Бауыржан  Момышұлы  да  алғаш  рет  соғыс  жүргізіудің  мейлінше  жетілген 

машиналық дәуіріне араласып, ерлік даңқы бүкіл әлем халықтары назарына ілікті. Ата жауға 

қарсы Отанды қорғау жолында жауына қарсы соғыс қару-жарақтарымен бірге қаламын яғни 

қамал бұзар қаһарлы сөзін де қоса жұмсаумен ерекшеленеді. Бұл тақыр жерде пайда болған 



 

354 


кездейсоқ  құбылыс  емес,  ол  көне  заман  ата-бабаларынан  берімен  қарай    жалғастық  тауып 

келе жатқан дәстүр жалғастығы болды. 

Соғыс  жүргізудің  осы  түрінің  алғашқы  екі  кезеңінде  әскери  әдебиет  жанры  пайда 

болып,  дамудың,  жетіліп  қалыптасудың  ұзақ  жолдарын  бастан  кешті.  Әскери  әдебиет  деп 

нені  айтамыз,  оның  тақырыптық  негізі  мен  зерттеу  нысандарына  нелер  жатпақ  деген 

сұрақтардың  алдымызды  тұратыны  да  шындық.  Әскери  әдебиет  деп  әскери  ғылым 

түрлерімен  бірге,  көркем  өнердің  өзіндік  ерекшелішгіне  орай  пайда  болған  көне  заманнан 

бүгінге  дейін  дамып,  қалыптасу  үстінде  келе  жатқан  рухани  құбылыстың  қомақты  бір 

саласын айтамыз. 

Әскери  әдебиеттің  көркем  әдебиет  саласында  пайда  болған  түрлерін,  оның  өзіндік 

дербес  саласына  жататын,  жалпы  әскери  көркем  әдебиет  пен  соғыс  майданына  тікелей 

қатысып, толарсақтан қан кешіп, Отан үшін жан беріп, жан алысқан әрі майданда қарумен 

бірге  қамал  бұзар  қаһарман  сөзді  қосу  жұмсағын  дарынды  жауынгер  мен  қолбасшылар 

қаламынан  туған  әскери  көркем  әдебиеттің  жөні  бір  басқа  екенін  баса  айтамыз.  Әскери 

әдебиеттің түрі бізде Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған көркем әдебиет туындыларын 

айтып жүреміз. Кеңес дәуірінде Ұлы Отан соғыс тақырыбында жазылған көркем туындылар 

бойынша қазақстандық жазушылар, Ресей мен Украинадан кейінгі орынды иемденеді. Кеңес 

үкіметіне  қараған  түркі  халықтарының  ішінде  қазақтар  әскери  әдебиет  тарихында  жетекші 

орында. 

Қырғын соғысқа қаспай-ақ сырттан бақылап, майдан өмірі туралы  әдебиеттің әртүрлі 

жанрында жазатын ақындар, жазушылар, драматургтар да болды. Мысалы, Л.Толстой орыс 

халқының  басынан  өткен  1812  жылғы  Отан  соғысы  шындығын  суреттеутін  өзінің  «Соғыс 

және  бейбітшілік»  романын  жазса,  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  жайында 

Ғ.Мүсірепов  «Қазақ  солдаты»  романын,  М.Әуезов  «Намыс  гвардиясы»  пьесасын  жазды. 

Басқа ақын-жазушылар да майдан тақырыбына қызу атсалысты. Әрине, бұларды да әскери 

көркем әдебиет саласына жатқызамыз [1]. 

Түркі халықтарының көне дәуірден бігінге дейін дәстүрлі жалғастық тауып дамып келе 

жатқан  әскери  әдебиеті  болғандығын  жазба  тарих  ескерткіштері  де  айғақтайды.  Сол 

замандағы түркі халқының тәуелсіздігі жолында болып өткен қырғын соғыстарға қатысып, 

қарумен  де,  қаламымен  де  күреске  түскен  Тоныкөк  бабамыз  –  түркі  халықтары  әскери 

әдебиетінің  басында  тұрған  тарихи  тұлға.  Түркі  қағандығы  дәуірінен  кейін,  Қараханидтер 

заманында  бұрынғы  он  садақ  аталған  елден  әлемге  әйгілі  «Құдатғу  білік»  (ХІ  ғасыр) 

кітабының  авторы  Жүсіп  Хасхаджибтің  еңбегінде  сол  заманда  ғұмыр  кешкен  қоғамның 

саяси-әлеуметтік  топтарын  жүйелеп,  әскери  қолбасшылар  туралы  сарапталған  пікірлері 

бүгінгі  таңда  да  ғылыми  айналысқа  сұранып  тұрған  ой  танымдарға  тұнып  тұр.  Автордың 

майдан  төрінде  әскери  қолбасшылардың  шешуші  орнын  анықтап,  жеке  тұлғаның 

қаншалықты  ықпалы  барын  сараптай  келіп:  ...Мың  арыстанды  бастаған  қой  бастаған,  мың 

қойды  бастаған  арыстан  бастық  артық,-  деген  аталы  сөзі  тек  майдан  төріндегі  әскери 

қолбасшы туралы ғана емес, қазіргі қоғамдық билеу сатысындағы әрбір бастыққа қолдануға 

болатын шындық екенін анық сезінеміз. 

Біз  осындай  мысалдар  қатарына,  әскери  әдебиет  туралы  ой-танымның  өлшеміне 

Моғолстан мен шағатай өлкесіндегі Әмір Темір әулеті заманында да ақын, ғалым, қолбасшы, 

патшалық  билік  еткен  айтулы  тұлғалардың  әрекет  еткенін  тарта  аламыз.  Мысалы,  атақты 

З.Бабыр патшаның өз мақсатына жету жолында жүргізген күрестерінде қаруы мен қаламын 

қатар жұмсап, артына өз өлеңдері мен әлем мойындағын «Бабырнама» туындысын қалдыруы 

– 

осының нақты айғақты дәлелі. 



Бауыржан  Момышұлының  өмірі  Кеңестер  Одағы  мен  фашистік  Германия  арасында 

болып  өткен  Ұлы  Отан  шайқасында  соғыс  жүргізудің  мейлінше  жетілген  машиналық 

дәуіріне  тұспа-тұс  келді.  Соғыс  басталғанға  дейін  Бауыржан  Момышұлы  1932  жылдан 

әскери  қатарында  қызмет  етіп,  әскери  білім  мен  іс  –  тәжірибесін  жете  менгерген  аға 

лейтенант дәрежесіне дейін көтерілген еді. Ол бұған дейін де даярлығы жетілген жауынгер 

командир  ретінде  қалыптасқан  еді.  Мұның  үстіне,  рухани  дүниесі  де  қордаланып  баий 



 

355 


түскен  еді.  1928  жылдан  бастап  қолына  қалам  ұстап,  алғашқы  өлең  жолдарымен, 

публицистикалық  тұңғыш  «Тау  сағыз  бен  көк  сағыз»  аталатын  мақаласымен  бірге 

күнделіктер, естеліктер жазу арқылы қалам ұштау үстінде өсіп келе жатты [1]. 

Ұлы Отан соғысы басталып, қанды майдан қызған тұста  «  Барлығы да майдан үшін» 

ұраны  белең  алды.  Майдан  жауынгелеріне  рух  беріп,  отаншылдық  сезімін  ұштай  түсуге 

барша  өнер  қайраткерлері  жұдырықтай  жұмыла  түскен  кезде,  кең  мағынадағы  әскери 

әдебиет  саласындағы  қаламгерлер  өнері  де  қалыптасу,  даму  жолына  түсті.  Осы  тұрғыдан 

қарағанда  әскери  әдебиеттің  шеңберіне  енетін,  әрі  қайталанбас  өз  ерекшелігімен 

дараланатын  ақын-жазушылар  өз  бастарынан  кешкен  өмір  шындығын  жазды.  Майданның 

өтінде болып, жауымен бетпе-бет келіп алысқан жауынгер ақын-жазушылар: Б. Момышұлы, 

Қ.Аманжолов,  М.Ғабдуллин,  Б.Бұлқышев,  Ә.Нұрпейісов,  Т.Ахтанов,  Ж.Молдағалиев, 

С.Мәуленов, А.Жұмағалиев,  т.б. 

Аталған  ақын-жазушылардың  бәрі  де  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  әскери  әдебиеттің 

қалыптасып дамуына өз үлестерін қосып, тақырып аумағын кеңейтіп, майдан жаңалықтарын 

дер  кезінде  жеткізіп,  халық  рухын  көтеріп  отырды.  Жоғарыда  аталған  әскери  әдебиеттің 

өкілдеріне  қарағанда  үшінші  топтағы  ақын-жазушылар  туындысы  арасынан 

Б.Момышұлының алар орны бөлекше. Ол ата-бабадан бермен келе жатқан әскери әдебиеттің 

терең  таныс  болып,  ата  дәстүрді  айрықша  дамыта  жалғастырып,  түркі  халқтыры  әскери 

әдебиетінің  негізін  салып,  соны  шынайы  қалыптастырушы  қайталанбас  тұлғаға  айналып 

үлгерді. 

Бауыржан  Момышұлы  қатысып,  қолбасшылық  еткен  майдан  төрі  соғыс  жүргізудің 

машиналық  дәуірі  еді.  Мұндай  тарихи  тағдыр  шешілетін  соғыс  жүргізудің  бұрын  сонды 

болмаған  жаңа  техникалық  құралдарды  пайдалану,  оны  жете  меңнеру,  соны  майданда 

шеберлікпен  қолдану  үшін  қолбасшы  әскери  ғылым  салаларын  жетік  білу  шарты  алға 

қойылды. Ал, ширек ғасыр өмірін кеңестік тұрақты армия қатарына қызмет атқарып, соғыс 

кезінде аға лейтенант шенінен дивизия командиріне дейін өсу жолында Б.Момышұлы армия 

уставына өзгеріс ендіріп, стратегия мен тактика саласында жаңалық ендірген әскери ғылым 

саласында мейлінше жетіліп, теңдесіз ерліктер жасап, атағы әлемге танылып, халық танып 

мойындаған дарынды тұлғаға айналды. Соғыс аяқталған соң Ұлы Отан соғысының ең озық 

әскери қолбасшыларынан іріктеп таңдап алынған 250 командирден жасақталған бір мезгілдік 

әскери академияға оқуға алынған түркі халықтарынң жалғыз өкілі еді. Әскери академияны 

бітіріп, әскери академияда стратегияда мен тактика саласы бойынша дәріс беретін профессор 

қызметін атқарған, әскери саладағы тұнғыш қазақ болуымен де ерекшеленетін [2].  Бауыржан 

Момышұлы әскери жолдағы болашақ мансап-беделінің өз ойындағыдай болмайтынын білген 

соң,  жазушылық  өнерге  бағыт  алып,  тез  таңылды.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік 

сыйлығын  алды.  Бұл  өзгерісті  замандастары  Б.Момышұлының  екінші  ерлігі  деп  бағалады 

[3]. 

Қазақтың  намыстан  жаралған  халық  екендігін  әр  ісімен,  өзіндік  болмысымен 



басқаларға мойындата білген  халқымыздың ардақты перзенті, аты аңызға айналған батыры, 

қолбасшысы,  айтулы  жазушысы  Бауыржан  Момышұлының  шығармалары,  оның  ішінде 

негізінен  Ұлы  Отан  соғысының  отты  жылдарында  қағаз  бетіне  түскен,  баспа  бетін 

«Психология войны» немесе «Қанмен жазылған кітап» деген жалпы атпен көрген дәрістері 

мен  әңгімелері  үлкен  тәрбиелік  мәні  бар  ұлттық  құндылықтардың  қатарына  жатады. 

Кітаптың  ішіндегі,  қаһарлы  күндердің  белгісіндей  ешуақытта  мән-мағынасын  жоймайтын, 

биік патриотизмге толы, келер ұрпаққа сабақ болар оның өзіндік ойларының болашақ үшін 

маңызы зор [4]. 

 

Осы  бір  баға  жеткіссіз  туындыны  қолына  алып  танысқан  оқырман,  оның  тек  аса 



құнды  әскери-теориялық  еңбек  қана  емес,  сонымен  бірге      тағылымдық  мәні  зор  рухани 

дүние  екендігін  де  байқайды.  Бұл  еңбектер,  шын  мәнінде,  жастарды  рухани-адамгершілік 

тұрғыда  дамытуда  негіз  болуымен  ғана  шектелмейді,  ол  патриотизімді  қалыптастырудың 

ұтымды  факторы  болып  табылады.  Өйткені,  кітап  мазмұнындағы  оқиғалар,  шытырманнан 

шығудың  жолдары,  әртүрлі  категориялық  анықтамалар  мен  тұжырымдар  және  т.б.  оларды 


 

356 


төзімділікке, өзін-өзі ұстай білуге, тәртіпке, адалдыққа, туған жерін сүюге, өз отандарының 

мүддесі үшін үлгі боларлықтай жоғары деңгейде қызмет етуге баулиды, аға ұрпақтың ерлік 

дәстүрін өнеге жасауға және оларды келешек ұрпаққа жеткізе білуге үйретеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



           

1. 


Мәмбетов  Қ.  Соғыс  жүргізудің  машиналық  дәуіріндегі  әдебиет  //  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орыс 

мектебінде. - 2008. -  № 9. – 12-20 б. 

2. 

Мәмбетов,  Қ.  Бауыржан  Момышұлы  -  соғыстың  қатал  тілімен  жазған  жазушы  /  Қ.  Мәмбетов  // 



Ұлағат. - 2008. - 14-22 б. 

3. 


Жаналиева, А. Аты аңызға айналған батыр/ А. Жаналиева // Қазақ және әлем әдебиеті. - 2006. - № 

4.- 


18 б. 

4. 


Момышұлы  Б.  Екі  томдық  шығармалар  жиынтығы.  Т2.  Роман,  әңгімелер  -  Алматы:  Жазушы.  – 

2004.  - 

381 б.;  Қанмен жазылған кітап. – А.: Қазақстан. -1991. - 400 б.; Генерал Панфилов. 12-том: 

көптомдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өнер. - 2009. - 288 б. 

  

 

 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ ХАҚЫНДА 

 

Т.С. Қаленова  

т.ғ.к., доцент 

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  



 

(Астана, Қазақстан) 



 

Ұлы  Отан  соғысы  басталысымен  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Алқасының  әскер  қызметіне 

міндетті  адамдарды  мобилизациялау  туралы  Бұйрығы  шығады.    1941  жылдың  23 

маусымынан  әскер  қатарына  алу  басталды.  Алдымен  1905-1918  жж.  туған  азаматтар 

шақыртылды.  Мобилизациялау  жұмыстары  жедел  және  ұйымдасқан  тәртіппен  жүргізілді. 

Алғашқы кездің өзінде-ақ 5,3 млн адам Кеңестік Әскер қатарына алынды [1]. Қазақстаннан 

1,9  млн    адам  мобилизацияланған.  1939  жылғы  санақ  нәтижесі  бойынша  соғысқа  дейін 

жалпы халық саны 6,1 млн адам болса [2], республиканың әрбір төртінші азаматы соғысқа 

аттанған.  Партия  қатарынан  82 251  коммунист,  жастардан    241 996  комсомол  майданға 

жіберілді [3].   

Соғыстың  алғашқы  кезінен-ақ  Қазақстан  территориясында  әскери  құрамалар  мен 

бөлімдер  жасақтала  бастады.  Олар  әскери  тәртіп  талабына  сәйкес  құпия  түрде  жүзеге 

асырылды.  Оларға  қатысты  мәліметтер  тек   Жоғарғы  әскери  органдарына  (Бас  Штаб)  ғана 

берілді. Бұл жылдары республика майданға 12 атқыштар дивизиясын, 4 ұлттық атты әскер 

дивизиясын,  7  атқыштар  бригадасын  аттандырғаны  мәлім.  Соғыс  басталысымен  алғашқы 

болып  ұрыстарға  қатысқан  қазақстандық  әскер  құрамасы-219-атқыштар  полкі.  Бұл 

республикадағы  азамат  соғысы  жылдарында  құрылған  жалғыз  полк  болды.  Полк  кейіннен 

Латвия, Эстония, Ленинградты қорғау ұрыстарына қатысқан [4].  

Қазақстанда  құрылған    алғашқы  әскери  құраманың  бірі  –  1941  жылы  шілде  айында 

Алматыда  жасақталған  316-атқыштар  дивизиясы.  Бұл  дивизия  генерал-майор  И.В. 

Панфиловтың басшылығымен құрылды. Дивизия құрамында қазақ, қырғыздар басым болған, 

ал орыстар 20-25 пайызын құраған[5]. Бұл әскери құрама 1941 жылы 18 тамызда майданға 

аттанып,  Мәскеу  түбіндегі  шайқасқа  қатысып,  онда  көрсеткен  ерлігі  үшін  осы  жылдың  17 

қарашасында 8-гвардиялық дивизиясы құрметті атағы беріледі.   

1941  жылы  жазушы  Илья  Эринбургтің  8-гвардиялық  дивизия    туралы  «Правда» 

газетінің  бетіне  «Қазақтар»  деген  көлемді  мақаласын  жарияланады.  Ол  мақала  тақырыбын 

неге «Қазақтар» деп атады? 8- гвардиялық дивизияның құрамында 34 ұлт пен ұлыс өкілі бола 

тұра, біздің қазақтардың Мәскеуді қорғауда көрсеткен ерлігі бәрінен де басым болатындығы. 

Сондағы қолға түскен бір неміс офицері:  «Сұмдық бір қорқынышты солдаттар бізге қарсы 


 

357 


шабуылға  шықты.  Олар  біздің  қарсы  боратқан  оғымызды  елемей,  атой  салып  келе  жатты. 

Олардың  қазақ  деген  ұлттан  деген  екенін кейін  білдім,-  депті.  Эринбург  мақаласын  аяқтай 

келе:  «қазақтар  жел  жетпес  жүйрік  мініп  дағдыланған,  ол  бірақ  қажет  болса,  еңбектей  де 

біледі, биік тауға өрмелеп те шыға алады. Саз батпаққа малтып та жата береді. Оларды ешкім 

де, ештеңе де тоқтата алмайды» [6],- деп жазды  

Мәскеу  түбіндегі  ұлы  қырғын  соғыс-  екінші  дүниежүзілік  соғыстағы  ең  жойқын 

ұрыстардың бірі- 1941 жылғы қыркүйек айының соңында басталған болатын. Ол орасан кең 

байтақ  көлемде  өрістеді.  Кеңес  әскерлерінің  ұрыс  әрекеттерінің  сипаты  және  олардың 

міндеттері  жөнінен  бұл  ұрыс  екі  кезеңге:  қорғану  (1941  жылдың  30  қыркүйегі  мен  4 

желтоқсан  аралығы)  және  қарсы  шабуыл  жасау  (1941  жылдың  5-6  желтоқсаны  мен  1942 

жылдың  7-8  қаңтар  аралығы)  кезеңдеріне  бөлінеді.  Қарсы  шабуыл  жасау  одан  кейін  кеңес 

әскерлерінің Батыс (Мәскеу), Солтүстік Батыс және Оңтүстік батыс бағыттарындағы жалпы 

шабуылына (1942 жылдың 7-10 қаңтары мен 1942 жылдың 20 сәуірі аралығы) ұласты[7]. 

Бауыржан  Момышұлы  осы  қанды  шайқас  кезінде  өз  батальонын  27  рет  шабуылға 

бастап, бес рет қоршаудан шығып, өзін шебер әскери маман және қолбасшы ретінде танытты. 

Батырлық,  әскери  қолбасшылық    турасында  Халық  батыры:  «Ешкім  іштен  батыр  болып 

тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. 

Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол» деген еді. 

Бауыржан Момышұлының майдандағы ерліктері мен әскери шеберлігі майдандас қазақ 

жауынгерлері үшін үлгі және үлкен мақтаныш болды. Олардың Б. Момышұлына деген үлкен 

құрметтерін оның майдандастары Мәлік Ғабдуллин мен Мадияр Мұхамедяровтың Бауыржан 

Момышұлының отбасына жазған хаттан байқауға болады. Хатта: «Мы вместе с Бауыржаном 

разгромили  не  мало  крепостей,  и  кровного  врага  беспощадно  и  беспрестанно  гоним  с 

советской  земли  на  Запад.  В  бою  Бауыржан  замечательно  смелый  и  бесстрашный.  Он 

оправдывает  надежды  Родины  и  белое  молоко  своей  матери.  Мы  его  друзья  и  боевые 

товарищи, радуемся  его героизму, проявляющему в борьбе за правое дело народа и Родины. 

Мы  славим  матерей,  родивших  и  вырастивших  таких  мужественных  сыновей.  Мы  также 

славим Вас, его подругу жизни, и желаем Вам всех благ и счастья в жизни. 

Бауыржан Момышулы стал командиром батальона. 

Свое мужество он проявил в боях, показал на деле. Верховное командование оценило 

его  заслуги  и  доверило  ему  командовании  полком.  Мы  радуемся,  за  такую  высокую  честь, 

оказанную  казаху,  нашему  старшему  боевому  собрату.  Недавно  ему  присвоили  звание 

гвардии  майора.  Мы  от  всего  сердца  поздравляем  его.  Спешим  сообщить  и  Вам  об  этой 

радостной вести. Поздравляем Вас» [8] делінген. 

Бауыржан  Момышұлының  соғыста  көрсеткен  ерлігін  И.  В.  Панфилов  тірі  кезінде 

дәлелдей  отырып,  оны  Ленин  орденімен  марапаттауды  ұсынған,  ал  генерал  Серебряков  Б. 

Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағын беруді 5 машинкалық бет өтініш толтырып, 

Жоғары  Кеңеске  жіберген  болатын-ды.  Бұл  ұсыныстар  жауапсыз  қалды  [6,  19].  Өкінішке 

орай, Кеңес Одағының Батыры атағы Б. Момышұлына тек қана 1990 жылы берілді. Алайда, 

кеңес  үкіметі  тарапынан  оның  ерлігін  әділетті  бағаламағаны  Бауыржан  Момышұлының 

ешқашан  сағын  сындырған  емес.  Алайда,  даңқты  жауынгер  барша  адамзат  баласына  орны 

толмас  қайғы-қасірет  әкелетін  сұм  соғыс  турасында  өзінің  «Қанмен  жазылған  кітабында» 

терең  бойлап,  соғыс  психологиясын  жіті  екшелейді.  «Мен  неліктен  соғыс  жөнінде  жазып 

жүрмін?  Өйткені,  соғыс-  адам  өміріндегі  ең  бір  дүр  сілкіндірерлік, жан  түршігерлік  оқиға. 

Тылда  адам  соғыс  туралы  ойша  елестетіп  қана  жүреді...  сіздер  театрдан  немесе  кино 

экранынан  соғыстың  көріністерін  көріп  жүрсіздер,  бірақ  сіздер  оның  ішкі  мән-мазмұнын 

кинодан  да,  театрдан  да  көре  алмайсыздар,  себебі  көптеген  жазушылар  мен  өнер 

қызметкерлері соғыс туралы шындықты, ақиқатты терең түсіне алмайды, долбарлап, қиялдан 

шығарып  жазады,  мұнысы  шындыққа  сай  келмейді»[9].  Соғыс  -  өмір  мен  өлім  арпалысы, 

адам жаны шүберекке түйілер қас-қағым сәттен тұратын зұлмат. Оның психологиясын соғыс 

майданына  қатысқан  жауынгер  ғана  бар  жан-тәнімен  түйсіне  алады.  Ұрыс  алдындағы 

жауынгердің ішкі жан дүниесі тебіренісін ұшқыш, қазақтың қаһарман ұлы, Кеңес Одағының 



 

358 


Батыры Нұркен Әбдіровтің 1942 жылдың 23 қазанында тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар 

алдында  туғандарына  жолдаған  хатынан  дәл  ұғынуға  болады.  Хатта:  «Амандық  хат!  Аса 



қадірлі  ата-ана,  Сәрсен,  Асқап,  Светлена.  Қалай  аман-есен  денсаулықтың  арқасында 

жақсы жағдайда жүріп жатқан боларсыздар. Қалдарыңыз жақсы болар. Меннен қал хабар 

білмек  болсаңыздар  аман  сау  жақсы  жағдайда  жүрып  жатқан  жағдайым  бар.  Қалым 

жаман емес... Апа! Бірталайдан бері дайындалған уақыт бітті...ештеңе болмаса бүгін бе 

сол  қызу  болып  жатқан  жерге  барамыз.  Сондықтан  бүгін  түнгі  ұйқыны  төрт  бөліп 

сіздерге-  қайран  әке-шеше,  аға-жеңге,  қарындасқа  керосин  лампасының  жарығының 

астында кешірім сұрап- кең- жазық уақытта ең ақырғы хатымды жазып оырмын. 

Кім  біледі:  соғыс  өлімсіз  болмайды.  Жетсе  жаудың  қаңғырған  қорғасын  оғы  тас 

қаққандай  қайнаған  жүрекке  тиген  күні  болатын  болса  жас  өмір  ішінде  алдарыңызға 

шығып, қатты сөз айтқан болсам, кей жасөспірім жігіттей болып сіздерді ұмытып басқа 

нәрсеге көңіл бөлген болсам, және де тілдеріңізді алмаған күндерім болса- бүгін осы ақ қағаз 

бетіне  жазылған  хат  арқылы  жас  басымды  сіздердің  аяқтарыңызға  салып,  кешірім 

сұраймын.Міне,  осы  хатты  жазып  отырған  уақытта  өткен  күндер  көз  алдыма  елестеп 

отыр.  Сондықтан  мен  жас  жанымды  жауға  бос  бере  қоймаспын,  егер  өлетін  болсам  да 

жастығымды  алып  өлермін.  Неге  десеңіз  менің  қолымда  немістерге  қорғасын  сыбаға 

беретін жылдам ұшақ аэроплан бар... 

 

«Кебін  киген  келмейді,  кебенек  киген  келеді»  деген  мақал  бар  емес  пе.  Тірі  болсақ 

қосылармыз. Хош сау болыңыздар. Амандықпен жолықтыруға жазсын.  

Нұркен 

23  қазан  1942  ж.»  [10].  Алайда  Нұркен  Әбдіровке  туған-туыстарымен  амандықпен 

қауышуды  тағдыр  жазбады.      Оның  өмірі  бар-жоғы  24  жасында  қыршыннан  қиылады.    Н. 

Әбдіров 2 ай ғана қанды майданға қатысқан уақытында  16 рет әуе шайқастарына қатысып, 

фашистердің  12  танкісін,  28  автомашинасын,  18  оқ-дәрі  тиелген  мәшинесін,  3  жанармай 

цистернасын,  8  зеңбірегін  жойып  жіберіп,  50  неміс  солдаты  мен  офицерін  жаһаннамға 

аттандырған[11]. 

Нұркен  Әбдіров  жиырма  жасында  Қарағандының  аэроклубында  ұшқыштар  курсын 

бітіріп, запастағы ұшқыш атағын алып шығады. Арада бір жыл өткен соң Қызыл Армия қата-

рына  шақырылады.  1942  жылы  Орынбордағы  авиаучилищені  бітірген  соң  267-авиация 

дивизиясының құрамындағы 803-авиациялық шабуылшылар полкіне жіберілді.  

Нұркен Әбдіров 1942 жылы 19 желтоқсанда 17-жауынгерлік сапарына ИЛ-2 ұшқыштар 

звеносын басқарып шығып, жаудың Беков-Пономаревка ауданындағы (Сталинград шебінде) 

бекінісімен шоғырланған техникаларын жоюға аттанады. Сол сапарында өрт шалған ұшағын 

жау техникасы шоғырланған жерге бағыттап, қаһармандықпен қаза табады. 1943 жылғы 31 

наурызда Н. Әбдіровке Кеңестер Одағы Батыры атағы берілді [12] 

Соғыс  Нұркен  Әбдіров    сияқты  қаншама  бозбалалар  мен  бойжеткендердің  жастығын 

«ұрлады».  Жас  ағаштай  енді  ғана  бой  көтеріп  көктей  бастаған  талай  жастардың  өмірі 

қыршыннан қиылып, асыл арман-мұраттарды қанды соғыс күндері жұтты.  

Ұлы Отан соғысының  қанды майдан жылдарында от кешкен қазақтың сондай қайсар 

қыздарының бірі- Шағила Әкімбайқызы Құсанова.  Ұлы Отан соғысы жылдары елімізден ер 

азаматтармен қатар қазақ қыздары да өз еріктерімен майданға аттанды. Солардың қатарында 

Шағила Әкiмбайқызы да болды. Ш. Құсанова 1941 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров 

атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  «Тарих  және  филология»  факультетіне  оқуға 

түседі. Бұл Шағила апай үшін ғылымның даңғыл жолындағы алғашқы баспалдақ еді. Алайда, 

ол университеттің бірінші курсын бітірген 1941 жылы маусым айында Фашистік Германия 

тұтқиылдан Кеңес Одағына қарсы соғыс ашады. Зұлмат соғыс бүкіл халықтың басына орны 

толмас қасірет әкелді.  

1941  жылдың  1  қыркүйегінен  қараша  айы  ішінде  Шағила  Әкімбайқызы  Ташкентте 

қысқа  мерзімді  байланысшылар  курсынан  өткеннен  кейін,  желтоқсан  айында  Қырым 

майданындағы Керчь қаласын азат етуге қатысқан десанттық әскер құрамында болды. 1942 



 

359 


жылдың  мамыр  айынан  14  атқыштар  дивизиясы  құрамында  Дон  майданындағы,  Степной 

және Сталинград майдандарындағы қанды  шайқастарға қатысты. 

Сталинград түбіндегі жеңістен соң, 14 атқыштар дивизиясы Оңтүстік-Батыс, І және ІІ 

Украин  майдандары  құрамына  енгізілді.  Шағила  Әкімбайқызы  Румыния,  Польша, 

Чехославакияны азат етуге бағытталған батыл шайқастарда да майдандастарымен бірге Ұлы 

Жеңісті  жақындата  түсу  үшін  ерліктің  тамаша  үлгілерін  танытты.  Осылайша  бірнеше 

майдандардың  құрамында  соғысқа  қатысқан,  қайсар  мінезді,  ұлтнамысты  Шағила 

Әкімбайқызы  өзінің  жауынгерлік  ерліктері  үшін  «Жауынгерлік  еңбектері  үшін», 

«Сталинградты  қорғаған  үшін»,  «Қаһармандығы  үшін»  және  т.б.  медаль-ордендерімен 

марапатталды. 

Ұлы жеңісті Берлинде қарсы алған Шағила Әкімбайқызы сұрапыл соғыстың алғашқы 

кезеңдерінен  соңына  дейін  қатысып,  өлім  мен  өмір  арасындағы  қыл  көпірді  әр  бір  секунд 

сайын бар болмысымен сезініп, санасымен түйсінген қазақ жауынгерлерінің бірі. Сондықтан 

да болар Шағила Әкімбайқызының өмірге, өмір сүруге деген құлшынысы ерекше, өйткені ол 

оның парқын біледі. 

Шағила  Әкімбайқызы соғыстан  кейін  оқуын  қайтадан  жалғастырады.  Кейіннен  үлкен 

ғылым жолына түсіп, кандидаттық, докторлық диссертация қорғап, ұзақ жылдар бойы білім 

мен ғылымның қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еңбек 

етті.  Бірқатар  монография  мен  жүз  елуден  астам  ғылыми  еңбектердің  авторы.  Шағила 

Әкімбайқызы  бірнеше  ғылым  докторы  мен  кандидаттарын  даярлаған  танымал  ғалым, 

ұлағатты  ұстаз.  1981  жылы  педагогикалық  саладағы  үздік  еңбегі  үшін  «Еңбек  Қызыл  Ту» 

орденімен мараптталды. Ал 1995 жылы «Құрмет» ордені иегері атанды. 

Шағила  Әкімбайқызы  өмір  көрген,  ажалмен  бетпе-бет  келген,  содан  ой  түйген  жан. 

Сондықтан  болар  от  пен  оқтың  ортасынан  оралған  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  белгілі 

ғалым,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Шағила  Әкімбайқызы  Құсаноыа  өз 

шәкірттеріне ғалымдығымен де, азаматтығымен де ұстаз бола білген тамаша жан. 

«Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының 

даңқты  жолын  лайықты  жалғастыра  білді.  Олар  қазақтың  қайсар,  рухы  биік,  батыр  халық 

екенін  дүние  жүзіне  дәлелдеп  берді.  Арын  -  байрақ,  намысын  найза  еткен  ерлердің 

қаһармандығы аңызға айналды.  

Қазақстан  Ұлы  Жеңіске  зор  үлес  қосты.  Бес  жүзден  астам  қазақстандық  жауынгер 

Кеңестер  Одағының  Батыры  атанды.  Талғат  Бигелдинов,  Рахымжан  Қошқарбаев,  Қасым 

Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды қазақтың батыр 

ұл-қыздарының  ерліктері  ұрпақ  жадында  өшпестей  із  қалдырды»,[13]-  деп  Елбасы  Ұлы 

Жеңістің  65  жылдық  мерекесімен  құттықтау  сөзінде  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  ерлік 

пен қаһармандыққа толы биік рухын барша әлемге танытқан  аға ұрпақтың жанқиярлық ісін 

дәл атап көрсеткен болатын.  

 



1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал