Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.7 Mb.

бет44/70
Дата09.01.2017
өлшемі7.7 Mb.
түріСборник
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70

 

 

 

307 


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ КӨЛЕҢКЕЛІ БЕТТЕРІ 

 

М.Ү. Момынов  

Тарих пәнінің мұғалімі, № 19 орта мектеп 

 

(Астана, Қазақстан) 



 

Биылғы  жылы  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  Республика  көлемінде  аталып  өтілді.  Бұл 

майдан даласында Отаны үшін отқа түскен майдандастарға, тылда «бәрі де майдан үшін, бәрі 

де  жеңіс  үшін»  деп  еңбек  еткен  жандарға  құрмет,  олардың  рухына  тағзым  екендігі  мәлім. 

Кеше сұрапыл соғыс басталғанда майданға аттанған 18 – 19 жастағы өрендердің аман – есен 

келгендерінің  өзі  бүгін  90  –  ға  таяп  отыр.  Ендеше  майдангерлер  ерлігіне,  қаҺармандық 

өрлігіне бас ию біздің, жалпы өскелең жас ұрпақтың қасиетті борышы. Күндей күркіреп өте 

шыққан 1418 күн біздің тарихымыздың ажырамас бөлігі. «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе 

де ұмыт болмайды» деген азаматтық қағида Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болғандарға да, 

өз еліміздегі репрессиялық машинаның құрбаны болғандарға да қатысты. 

Менің қарастырып отырған тақырыбымның өзектілігі сол, ел басына күн туған кезде өз 

ісімен, біліктілігімен танымал әскери мамандар, майдан шебінде емес, түрмеде отырды және 

азаптау  мен  қинауды  бастарынан  өткізді.  Олар  қолдарына  қару  алып  соғыста  емес,  өз 

елімізде  жалған  жаланың  құрбаны  болып  атылып  кетті.  Егер  олар  НКВД  тұзағына  түспей, 

соғыс  жылдарында  өз  еліне  қызмет  етсе  жеңіс  күні  жақындай  түсер  ме  еді,  соғыстағы 

құрбандарымыз  да  аз  болар  ма  еді»  деген  сұрақ  туады.  Біздің  жобамыздың  мақсаты:  Ұлы 

Отан  соғысы  тарихының  ақтаңдақ  беттеріне  үңілу,  ақиқатты  ашу,  тарихты  түгендеу. 

Пайдаланылған әдебиеттер арқылы Ұлы Отан соғысының беймәлім беттеріне үңіле отырып, 

біраз  мәліметтерге  көз  жеткіздік,  енді  осы  айтылған  мәселелерді  практика  жүзінде 

қолданысқа енгізу. 

Адамзат  баласы  өз  ғұмырында  талай  –  талай  қантөгістер  мен  алапат  шайқастардың 

куәсі  болған  шығар  –  ау.  Әйтсе  де  олардың  бәрі  де  өзінің  ауқымы  қатыгездігі  де  адам 

айтқысыз шығыны жағынан кешегі II – ші  дүниежүзілік соғыспен иық тірестіре алмайтыны 

ақиқат. Олай дейтініміз бұл шайқас бізді ғана емес, 1 миллиард 700 мыңнан астам халқы бар 

ондаған мемлекеттердің шарпып, 110 миллион адамның қолына еріксіз қару ұстатты ғой.   I – 

ші  дүниежүзілік  соғыста  жеңіліс  тауып,  күллі  әлем  алдында  абыройы  айрандай  төгілген 

немістің билеуші топтары қалайда соның қарымтасын қайтаруға жанталасып – ақ бақты. Ал, 

«іздегенге  сұраған»  демекші  үкімет  басына  Адольф  Гитлердің  келуі  онсыз  да  өрт  болып 

тұтанғалы тұрған отқа май құйғанмен бірдей болды. 

Сонымен,  1941  жылы  22  маусымда  Ұлы  Отан  соғысы  басталды.  Ал,  23–24  маусым 

күндері, соғыс басталғаннан кейінгі екі күнде Кеңес Одағындағы танымал көптеген әскери 

басшылар тұтқынға алынды. Кімдер тұтқынға алынды, неге және қанша адам деген сұраққа 

жауап  бермес  бұрын  Кеңестер  Одағының  Батыры,  Кеңес  Одағының  Маршалы  Кирилл 

Афанасьевич  Мерецковтың  үш  рет  басылып  шыққан,  орыс  тіліндегі  «На  службе  народу» 

кітабынан  үзінді  келтірелік.  Соғыс  басталғанда  КСРО  Қорғаныс  министрінің  орынбасары, 

Армия  генералы  К.  А.  Мерецков  Прибалтикада  фашистермен  соғысып  жатқан  біздің 

әскерлердің әскери іс қимылына басшылық жасап жүрген болатын. Ол былай деп: 

«Соғыстың екінші күні басталды. Мені шұғыл түрде Мәскеуге шақырды. Мені сол күні, 

23 маусымда бұрынғы қызметтерімен қатар, Бас командования Ставкасына тұрақты кеңесші 

ретінде тағайындады, - деп жазады. Осы арада естелік үзіліп көп нүкте қойылады да «Мен 

1941 жылдың қыркүйегінде жаңа қызметке тағайындалдым. Мені Жоғарғы Бас қолбасшы И. 

В.  Сталин  кабинетіне  шақырды.  И.  В.  Сталин  маған  қарай  бір  екі  қадам  жасады  да:  - 

«Сәлеметсыз бе жолдас Мерецков. Хал жағдайыңыз қалай» деп сұрады деп жазады [1]. 

Бас қолбасшының бұлай сұрауына негіз бар еді. Соңғы екі айда Армия генералы К. А. 

Мерецковтың қайда болғанын, қандай жағдайда болғанын білген де болу керек.  

23 маусым күні Мәскеуге шақыртылып жаңа қызметке тағайындалған Қорғаныс Халық 

Комиссарының  орынбасары  К.  А.  Мерецков,  келесі  күні  тұтқынға  алынды.  Оған  қатысты 


 

308 


деректі  енді  оның  кітабынан  емес,  Мерецковке  қатысты  қылмысты  істі  жүргізген  сол 

жылдардағы  Берияның  қанды  қол  қылмыскер  тергеушісі  Лев  Шварцманның  мұрағатта 

сақталған  жазбаларынан  табамыз.  1955  жылы  қылмыстық  істері  үшін  сотқа  тартылған 

Шварцман  «Қылмыскер  ретінде  айыпталған  Мерецковты  қинау,  ұрып  соғу,  азаптауды 

тікелей  Берияның  жақын  серіктері  Меркулов  пен  Влодзимирский,  кейін  тергеушілер 

Зименков пен Сорокин жүргізді. Оны резинка таяқпен аяусыз ұрып соғып, қинады. Мерецков 

1937 жылдары Тухачевскимен бірге атылған Корк және Уборовичтермен қосылып Сталинге 

қарсы  тұруға  өзара  келісіп,  қастандық  жасауға,  әскери  төңкеріс  жасау  ісіне  қатысты    деп 

айыпталды» деп жауап берді. Шварцманнан сот мүшесі, юстиция полковнигі Лихачев  «Сіз 

ірі  әскери  қайраткерді,  атақты  адамды  ұрып  соғып,  қинап  жатқаныңызға  есеп  бердіңіз  бе» 

деп  сұрағанда  ол  «Мен  талқылауға  жатпайтын  жоғарыдан  нұсқау  алдым  және  оны 

орындадым» деп жауап берген [2].  

Соғыс басталған айда жоғарыдан берілген бұйрық бойынша Мерецковпен бірге Қызыл 

Армияның  жоғары  әскери  басшылары  1937  –  38  жылғы  жазалау  шараларынан  аман 

қалғандары әскери төңкеріс жасауды әзірледі деген айыппен тұтқындалды. 

Тұтқындалғандар  қатарында:  Қару  жарақ  Халық  комиссары,  генерал  –  полковник 

Б.Л.Ванников,  Бас  Штаб  бастығының  орынбасары,  Кеңестер  Одағының  екі  мәрте  Батыры, 

авиацияның  генерал  –  лейтенанты  Я.  В.  Смушкеевич,  Әуе  шабуылынан  қорғаныс 

басқармасының  бастығы,  Кеңестер  Одағының  Батыры,  генерал  –  полковник  Г.  М.  Штерн, 

Қорғаныс  Халық  Комиссарының  орынбасары,  Кеңестер  Одағының  Батыры,  авиацияның 

генерал  –  лейтенанты  П.  В.  Рычагов,  Қорғаныс  Халық  Комиссарының  орынбасары, 

Прибалтика  әскери  округінің  қолбасшысы,  генерал  –  полковник  А.  Д.  Локтионов,  КСРО 

Халық Комиссарлар Кеңесі Бас артиллерия басқармасы бастығының орынбасары, генерал – 

майор  Г.  К.  Савченко,  осы  басқарманың  бастығы,  генерал  –  лейтенант  С.  О.  Склизков, 

Әскери – әуе Академиясының бастығы, генерал – лейтенант Ф. К. Арженухин, Әуе күштері 

Бас  Басқармасы  бастығының  орынбасары,  генерал  –  лейтенант  И.  В.  Сакриер,  Кеңестер 

Одағының  Батыры,  авиацияның  генерал  –  майоры  И.  И.  Проскуров,  көрнекті  артиллерия 

конструкторы Я. Г. Таубин және көптеген әскери басшылар болды [3]. 

Еліміздің  тағдырына  қауіп  төнген  кезде  олар  майданда  емес  түрмеде  отырды. 

Мемлекетке қарсы әскери төңкеріс жасаушылар ретінде айыпталғандар қатарында – азамат 

соғысының батырлары, Испаниядағы, Халхин – Гол мен Хасан (Моңғолия) көліндегі соғысқа 

қатысқандар,  әскери  істің  көрнекті  теоретиктері  мен  практиктері  бар  еді.  Олардың  үшеуі 

Орталық Комитет құрамында болса, бесеуі КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болатын. Бұл 

-  

қазіргі  кездегі  ғалымдар  пікірі  бойына  отызыншы  жылдары  жазалауға  ұшыраған  әскери 



мамандардан  кейін,  әскери  салада  өсіп  шыққан  жаңа  толқын,  екінші  эшалон  еді.  Мысалы, 

Әуе шабуылынан қорғаныс басқармасының бастығы, Кеңестер Одағының Батыры, генерал – 

лейтенант П. В. Рычагов  енді ғана 30 – ға толған еді [4]. 

1941  жылдың  24  маусымында  ұшу  алаңынан  оның  жұбайы,  белгілі  ұшқыш  ерекше 

тапсырма  орындайтын  авиаполк  командирінің  орынбасары,  майор  Мария  Нестеренко  да 

тұтқындалды. Оған «Рычаговтың әйелі бола отырып, өз күйеуінің іс әрекетін білмеуі мүмкін 

емес» деген айып тағылды.  

Соғыс  басталып  жатқан  кезде  әскери  мамандарды  айыптаған  осындай  ақылға 

сыймайтын  іс  –  әрекеттің  себебін  іздеу,  анықтау  әрине  өте  қиын.    Зерттеушілер  пікірі 

бойынша  ел  ішінен  «халық  жауларын  іздеп,  тауып»  барлық  күш  қуатымен  жұмыс  істеп 

жатқан  мемлекеттік  репрессиялық  машинаны  тоқтату  мүмкін  болмады.  Репрессиялық 

аппарат  жұмыс  істеу  үшін  диверсия,  қаскүнемдікті  ашу,  халық  жауларын  барлық  жерден 

табу керек еді.  

Осы арада Сталин осыған дейінгі және соғыс басталғанда болып жатқан жағдайды білді 

ме деген сұрақ туады. 1990 жылы «Знамя» журналында жарияланған соғыс жылдарындағы 

Қару жарақ Халық Комиссары Б. Л. Ванников мемуарында  «1941 жылы бір адамдық жеке 

камерада отырған маған Сталиннің тікелей өзінен басталған соғыс жағдайында қару жарақ 


 

309 


өндірісін қалай дамыту керек. Осы мәселеге жазбаша жауап дайындауды талап еткен нұсқау 

түсті» деп жазады [5].  

Ал, арада 14 жыл өткен соң, сотта жоғарыда аталған Щварцман «әскери басшылардан 

олардың жаулық, қаскүнемдік іс – әрекеттері жөніндегі мәлімет пен мойындату» жоғарыдан 

берілген  тапсырма  бойынша  НКВД  тергеушілері  арқылы  алынды  және  Сталиннің  тікелей 

нұсқауымен Мерецков пен Ванников және бірнеше көрнекті қорғаныс өнеркәсібі мамандары 

түрмеден босатылды», – деп жауап берді  

Бұл  өлім  аузынан  аман  қалған  бақытты  әскери  мамандар  түрме  камерасынан  қызмет 

кабинетіне, ал кейбіреулері тікелей Кремльге Сталиннің өзіне әкелінді, К. А. Мерецков пен 

Б. Л. Ванников жаңа қызметке тағайындалды.  

Ал,  басқалары  камерада  азаптау  мен  қинаудан  Локтионовтан  басқалары  өз 

қылмыстарын мойындауға мәжбүр болды. 1955 жылы істеген қылмыстары үшін тергеушілер 

жауапқа  тартылғанда  олар  болған  жағдайды  толық  баяндады.  Мерецков  пен  Қару  жарақ 

Халық  комиссары  Ванниковтың  қанға  боялып  жатқанын,  Кеңестер  Одағының  Батыры 

атағын екі рет алған, авиацияның генерал – лейтенанты Смушкевич өз қанына тайғанақтап, 

тұра  алмай,  бір  тұрып,  бір  жығылғанын,  Әуе  шабуылынан  қорғаныс  басқармасының 

бастығы, Кеңестер Одағының Батыры, генерал – полковник Штерн азаптаудан есінен танып 

қалғанын сот залында айтып берді. Әбден азапталған, аяғынан зорға тұрған, бірақ Сталинге 

қарсы  қастандық  жасауды  дайындады  деген  айыпты  мойындамаған  Прибалтика  әскери 

округінің  қолбасшысы,  генерал  –  полковник  Локтионов    Мерецковпен  жеке  кездесуде 

«Кирилл Афанасьевич, біз ештеңе ұйымдастырған жоқпыз ғой» деп жалынышпен қарағанын 

сотта  тергеушілер  баяндап  берді.  Соғыс  басталғанда  жалған  жаламен  айыпталған  әскери 

басшылар  ісі  1955  жылы  қайта  қаралып,  олар  ақталғанда,  сотта  Лаврентий  Берияның  өзі 

«Мерецков  пен  Ванников  және  басқаларына  ұрып  соғу,  адам  төзгісіз  қинау  тәсілдері 

қолданылды. Осындай жолмен мойындаттық» деп ашық айтты [6].  

Фашистер  Мәскеуге  жақындады.  16  қазан  күні  НКВД  –  ның  Орталық  аппараты 

Куйбышевқа  көшті.  КСРО  Ішкі  Істер  Халық  Комиссары,  Мемлекеттік  кауіпсіздік  бас 

комиссары  Лаврентии  Павлович  Берияның  1941  жылдың  18  қазанында  қол  қойған  үкімі 

бойынша  фашистер  Украина,  Белоруссия,  Молдавия,  Прибалтиканы  басып  алып,  Мәскеу 

түбінде тұрғанда 25 адам атылу жазасына кесілді.  



Олар:  Бас  Штаб  бастығының  орынбасары,  Кеңестер  Одағының  екі  мәрте  Батыры, 

авиацияның  генерал  –  лейтенанты  Яков  Владимирович  Смушкеевич,  Әуе  шабуылынан 

қорғаныс  басқармасының  бастығы,  Кеңестер  Одағының  Батыры,  генерал  –  полковник 

Григорий  Михайлович  Штерн,  Қорғаныс  Халық  Комиссарының  орынбасары,  Кеңестер 

Одағының Батыры, авиацияның генерал – лейтенанты Павел Васильевич Рычагов, Қорғаныс 

Халық  Комиссарының  орынбасары,  Прибалтика  әскери  округінің  қолбасшысы,  генерал  – 

полковник  Александр  Дмитревич  Локтионов,  КСРО  ХКК  Бас  артиллерия  басқармасының 

бастығының  орынбасары,  генерал  –  майор  Георгий  Косьмич  Савченко,  осы  басқарманың 

бастығы,  генерал  –  лейтенант  С.  О.  Склизков,  Әскери  –  әуе  Академиясының  бастығы, 

генерал  –  лейтенант  Федор  Константинович  Арженухин,  Әуе  күштері  Бас  Басқармасы 

бастығының  орынбасары,  генерал  –  лейтенант  Иван  Фелимонович  Сакриер,  Кеңестер 

Одағының  Батыры,  авиацияның  генерал  –  майоры  Иван  Иосифович  Проскуров,  көрнекті 

артиллерия конструкторы Яков Григорьевич Таубин және басқа да бірнеше көрнекті әскери 

мамандар мен генералдар еді [7].  

Әскер  басшыларының    үшеуі  әйелдерімен  бірге  атылды.  Олардың  балалары  жас 

ерекшеліктеріне қарай балалар үйіне, пансионаттарға жіберілді. 

Бір айтарлығы, 24 әскери маманмен бірге кездейсоқтық па, әлде тағдыры солай болды 

ма,  атылған  жиырма  бесінші  адам  қазақ  халқы  басына  қайғы  мен  қасірет  әкелген,  2 

миллионнан  астам  қазақтың  аштықтан  қырылуына  себепкер  болған  Филипп  Исаевич 

Голощекин еді. Тағы да бір айтарым тарихтың «ақтаңдақ» беттері ашылуда. Соның бірі отқа 

оранған өз самолетін жау ортасына бағыттаған Гастелло ерлігі туралы аңыз. Соңғы жылдары 

жарық  көрген  еңбектерде  шындығында  1941  жылдың  26  маусымында  Белоруссияның 


 

310 


Радошкович  поселкасының  маңында  жау  ортасына  түскен  самолет  капитан  Гастеллоныкі 

емес, капитан Масловтікі екендігі анықталды. Бұл ақиқат, сонау 1951 жылы белгілі болса да, 

ұзақ  жылдар  бойы  айтылмай  келді.  Жау  ортасында  жарылған  капитан  Маслов  экипажы 

құрамында қазақ Бақтыораз Бейсекбаев та болды. Бауырымыз Б. Бейсекбаевқа ақиқат белгілі 

болған соң «Ресей Батыры», одан кейін Қазақстанның «Халық ҚаҺарманы» атағы берілді [8].  

Сонымен,  Гитлердің  Совет  одағын  қысқа  мерзім  ішінде  тізе  бүктіріп,  колонияға 

айналдырамын  деген  «блицкриг»  атты  сандырағының  күлі  көкке  ұшқандай  болды. 

Ленинград,  Киев,  Одесса,  Севостополь,  Смоленск  түбіндегі  тамаша  шайқастар  мұның 

жарқын куәсі бола алады. Мәскеу маңындағы кескілескен ұрыстардағы Панфиловшылардың 

керемет  ерлігі  Ұлы  Отан  соғысының  тарихына  алтын  әріптермен  жазыған  оқиға  болатын. 

Осы жерден бастап біздің  жауынгерлеріміз қарсы шабуылға шығуға мүмкіндік алған. 

Неміс  фашистерімен  тек  ұрыс  шебіндегі  жауынгерлеріміз  ғана  емес  жау  тылында 

астыртын  жұмыс  жүргізген  партия,  комсомол  ұйымдары  да,  сондай  –  ақ  партизан 

құрамалары да шайқасып, таңғажайып ерліктің тамаша үлгілерін көрсете білген – ді. Ұрыс 

шебінен мыңдаған шақырымда жатқан тыл еңбеккерлері де майданға қажетті мөлшерде азық 

– 

түлік,  жылы  киім,  қаржы  жөнелтіп  жатты.  Бір  сөзбен  айтқанда  Ұлы  Отан  соғысы 



бүкілхалықтық  сипат  алып,  Жеңіс  сағатын  жақындатуға  еңбектенген  баладан  еңкейген 

қарияға дейін өз үлестерін қосып жатқан – ды.    

Ақыры  Рейхстаг  үстінде  жеңіс  туы  желбіреді.  Тек  осы  бір  ғана  Берлин  операциясы 

барысында жаудың 70 жаяу әскері, 12 танк және 11 моторлы дивизиясы күйретіліп, 480 мың 

солдаты  мен  офицері  тұтқындалды.  Біздің  жауынгерлеріміз  II  –  ші  жаһан  соғысында  113 

миллион халықтан құралған Еуропаның 10 мемлекетін жаудан толық және ішінара азат етіп, 

Жапонияны тізе бүктіріп, төрткүл дүниеге бейбітшілік пен тыныштық сыйлады [9].  

Біз  бүгінгі  Ұлы  Отан  соғысының  Жеңіспен  аяқталғанына  67  жыл  толуын,  ең  үздік 

ғылыми жұмыстарға арналған мектеп оқушылары арасындағы қалалық конкурста соғыстың 

белгісіз парақтарын ашу мақсатын қойдық. Ел тағдырына, майдандағы жағдайға ықпал етуге 

мүмкіндігі  бар  әскери  мамандардың  осылай  жалған  жаланың  құрбаны  болғандығын  ашып 

көрсеткіміз  келді.    Біз  ащы  да  болса  тарихи  шындықты,  ақиқатты  айтқымыз  келді.  Тарих 

ақиқатты сүйеді, ендеше тарихымызды таразылайық. Ешкім де, еш нәрсе де ұмыт болмасын! 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



 

1.  Волкогонов Д. Триумф и трагедия. Книга ІІ, часть І. М.: Издательста АГЖ. 1989, – 432 б. 

2.  Ласло Беллади, Тамаш Краус. Сталин 

3.  Роберт Такер. Сталин у власти (1929 – 1953) «Ювета», М.: –2005, – 612 с 

4.  Вождь. Хозяин. Диктатор: Сборник. Сост: Разумихин А. М.  – М.: Патриот, 1990. – 575 б.  

5.  Роман Бракман. Серетная папка Иосифа Сталина. Скрытая жизнь. Москва.: «Ювента», –2004, 560 

с. 

6.  Солженицын А. Ахипелаг ГУЛАГ. –М.: –1991, том 7  



7. Режим личной власти Сталина. К истории формирования. Под ред: академика  Ю. С. Кукушкина. 

МГУ., Издательство Московского университета. –М.: 1989. 

8.  Берия: конец карьеры. –М.: Политиздат, 1991. 

9.  Верт Н. История СССР. Эпоха Сталина. М.: «Весь мир», –2001, М. –475 

 

 

 

 

 


 

311 


ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖӘНЕ  ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ТАҒДЫРЫ  

(ХХ Ғ. 30-40 ЖЫЛДАР) 

 

Б. Шынқазы ІІ курс магистранты 

Ғылыми жетекшісі:  т.ғ.д. профессор  Садыков Т.С.  

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 

(Астана, Казахстан) 



 

Әр қандайда бір тарихи оқиға саясатпен байланысты болатыны шындық. Соның бір 

айғағы екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс нәтижесінен болған Шығыс 

Түркістанның тағдыры. Үйткені, өткен ғасырдың 30-40 жылдарда Шығыс Түркістандағы 

саяси жағдайы империялар  ойыны мен екінші дүние соғысының әсерінде жүргізілген еді.  

Қазіргі  күнде  Шынжаң  атауымен  аталатын  Шығыс  Түркістан  өлкесі  ХVІІІ-ХІХ 

ғасырлардан  бері  территориялық  таласқа  түскен  аймақ  болды,  әлемдік  империялардың 

көзін  қызартқан  стратегиялық  маңызы  бар  тоғыз  жолдың  торабына  айналды.  Шығыс 

Түркістанда  хандық  құрған  Жоңғар  қалмақтарын  қынадай  қырған  Қытайдың  Чин 

патшалығы мирасқор ретінде жер өзіміздікі деп санады.  

Қазақстанды Орта Азияға шығатын қақпаның кілті санаған Ресей империясы Шығыс 

Түркістанды  Үндістанға  апаратын  төте  жол  деп  білді.  Сол  себепті  де  патшаІ  Петр  1715 

жылы Елиі Ашур-бекке Үндістанға апарар жол іздеуге жіберген[1,194 б.]. Қазақ ғалымы 

Ш.Уәлиханов1856  жылығы  «Қытай  империясының  батыс  провинциясы  Құлжа  қаласы» 

саяхаты, 1758-1859 жылдардағы «Қашқарияға сапары» алты шаһар (Қашқар, Хотан, Ақсу, 

Ұштұрпан, Иыңсары, Яркент) туралы зерттеулері Ресей империясына тың деректер алып 

келді.Оның  зерттеуі  патшалық  армияның  әскери  қажеті  мен  ғылыми  зерттеудің 

материялдық  қажетін  қамтамасыз  етті,  Қашқардан  қайтып  келген  Шоқанға 

штабсротмирстр әскри атағы, төртінші дәрежелі ізгі Владимир ордені және 500 сом күміс 

ақша  силықпен  марапаттды.1860  жылы  Петербургдегі  бас  штаптың  тапсырмасымен 

Шоқан  Орталы  Азия  мен  Қазақстанның  картасын  жасайды,  сонымен  қатар  Шығыс 

Түркістан  территориясыда  карта  бетіне  түсірілді.  [2,141  б.].  Демек,  бұл  жерде  ақпатша 

Шоқанға ғылымға қосқан үлесің деп осынша атақ пен ақша бердімдеумартықтау3болар. 

Егер Ресей империясы Үндістанға кедергісіз жету үшін Шығыс Түркістанды өзіне қосып 

алуы шарт болды. 

Үндістанды  олжалаған  Англия  отаршылдары  Шығыс  Түркістанды  Орта  Азияға 

ықпал  етер  маңызды  жер  санады.  Орта  Азияға  ықпал  ету  арқылы  Ресей  империясының 

отарлық  территориянышығысқа  кеңейту  мақсатына  тосқауыл  қою  болды.  Ағылшындар 

Орталық  азиядағы  ,  Қоқан,  Хиуа,  сияқты  Орта  Азия  хандықтарын  жең  астынан  қолдап 

отырды.1867-1877  жылдарыМанжур  патшаға  қарсы  Ұйғыр  шаруалардың  көтеріліс 

басшысы, Қоқан хандығы ақылшылыққа жіберген Якуб-бек Қашқарды басып алып, 1867 

жылы «Жетішар» мемлекетін құрады, Үрімжі қаласына дейін басып алып ағылшындардан 

қолдау табады.Бұдан қатты сескенген Ресей империясы 1871 жылы Ілені басып алды [3.]. 

Жалпы, Басқа елдерге қарағанда Ресейдің ықпалы Шынжаңға жоғары болды, бұған 

себеп,  бірінші  жақтан,  қиыр  шығыс  саналатын  Еуропа,  Америка  елдеріне  қарағанда 

географиялық жақтан Ресей жақын әріқолайлы еді, екінші жақтан, Орта Азия Түркілерін 

жаулап  алған  Ресей  Шығыс  Түркілеріне  сол  жақындық  арқылы  пайдаланып  ықпал  ете 

алды. 


1917  жылы  Ресейде  300  жыл  билік  құрған  ақпатша  қазан  төңкерісінен  кейін 

құлайды.  Бірақ,  шынын  мәнінде  Ресейде  патшалық  режим  жойылғанмен,  империялық 

пиғыл  жойылмаған  еді.  Бұған  нақты  дәлел:  «1919  жылы  Ленин  және  КОКП  тарапынын 

құрылған ІІІ интернационал әу бастан Шынжаңға көңіл бөле бастады, ол өлке, 1919 жылы 

ортаға  салынған  «Шығыс  төңкерісі  теориясы»  бойынша  талқыланған.  Қазан  төңкерісі 

жеңіске  жеткеннен  кейін  ІІІ  интернационал  және  Кеңестік  ресей  Шынжағдағы  әскери 

диктатуралық  басқаруға  қанаушы  басқару  ретінде  қарады.  Сондықтан  олар  Шынжаң 

өлкесіне төңкеріс отын кіргізуге қарар қабылдап, әлемдік төңкерістің аймағын кеңейтуде 



 

312 


маңызды  бір  аймақ  ретінде  оны  көре  бастады.  Олардың  пікірінше  төңкеріс  Ресей  мен 

Орталық  Азия  аймағында  қанат  жайғаннан  кейін,  Шынжаңда  жаңа  бір  социалистік 

төңкерісті  іске  асыруға  болады.  Бұл  стратегиялық  жақтанда,  Кеңестік  басшылар  үшінде 

маңызды  еді.  Өйткені  Кеңес  үкіметі  үшін  Ұлыбританияның  колонизациясы  болған 

Үндістанға жету үшін пайдалана алатын ең төте жол еді.» [10. №8 түсініктеме]. 

Екінші дүние соғысы қарсаңында яғни Шығыс Түркістан мәселесі 1930-1940 жылдар 

аралығында Кеңес Одағы мен Қытайдағы қарым-қатынас тарихында өте маңызды түйінге 

айналды,  әрі  сол  жылдары  Шынжаң  мәселесі  қатты  шиленіскен  жағдайға  түсіп,  әлем 

назарын  өзіне  аударған  еді.  Осы  шиленісті  пайдалынып  шетелдік  алпауыттарда  Шығыс 

Түркістан мәселесіне араласа бастайды.Үрімжідегі Орыс консулы Абласов Үрімжі  уәлиі 

Пан яунанды пайдаланып, Шынжаңда Америкаға арқа сүйейтін ішкі Қытайдың Гоминдан 

билігіне қарасты Яң менжін үкіметін аударып тастауға ұрынып, 1928 жылы 1 шілде күні 

зяпат үстінде Пан яунан Яң зышынды атып өлтірді. істің сәті болмады. Пан яунанды атып 

тастап Яң зынның орнына Жин шурын отырды, орыс ойының сәті болмай қалды [4.]. 

1931  жылы  Жин  шурыннің  қатал  тегеурініне  шыдамаған  Құмылдың  ұйғыр-қазақ 

шаруалары  көтеріліс  жасайды,  Осы  кезде  Стамбулда  эмиграцияда  жүрген 

М.ШоқайШығыс  Түркістан  мәселесіне  айрықша  қарап,  осы  көтеріліс  басталыуымен  ол 

«Яш  түркістан»  беттерінде  мақалалар  жариялай  бастады.  Бұл  туралы  тарихшы 

Қыдыралиев  Дархан  өз  еңбегінде:  1931  жылы  Шығыс  Түркістанның  Құмыл  аймағында 

Ұйғыр, Қазақ, Қырғыздардың жергілікті Қытай үкіметіне қарсы көтерілісінің бастауымен 

бірге  Мұстафа  Шоқай  мен  «Яш  Түркістан»  ұйымына  тағы  бір  міндет  жүктелді,  ол  – 

Шығыс Түркістан ұлттық майданын жүргізу міндеті еді. Мұстафа Шоқайдың сол туралы 

конференциялар  ұйымдастырып  әлем  назарын  аударуға  тырысқан  және  1933  жылы 

серіктерімен  ақылдаса  келе  Междеддин  Делилді  Шығыс  Түркістанға  жіберіп,  сол  жылы 

құрылған Шығыс түркістан ислам республикасыменде байланыста болады делінген [5.135 

б.]. 


Шыныменде,  Мұстафа  Шоқай  Шығыс  Түркістан  мәселесіне  мән  беріп,  оған  «Яш 

Түркістан» журналынан арнаулы бет бөлген, ол өзінің Шығыс Түркістан жайлы: 1933 ж. 

№46 санында  «Шығыс Түркістан мәселесі төңірегінде» деген мақаласында:«Түркістанда 

қанды соғыстар жүріп жатыр, бұл оқиғаға бүкіл дүние жүзі зор мән беріп отыр [6,359 б.]. 

Жапонияның Мәнжурия арқылы Монғолияға жақындауы мен Англияның Тибетке саяси-

экономикалық билік жүргізуі, Кеңес Одағына Шығыс Түркістан мәселесіне барынша абай 

болуға  мәжбүр  етті»  [6,361  б.]  делінсе.  1934  жылы  №56  санында:  «Шығыс  Түркістан, 

сыртқы  дүние  және  біздің  міндеттеріміз»  еңбегінде  [6,403  б.]  және  1935  жылғы  №63 

санындағы  «Қытай  мен  Кеңес  үкіметінің  Шығыс  Түркістандағы  достығы»  деген 

мақаласында:«өткен  қаңтар  айында  Жапон  парламентінде  сөйлеген  бір  сөзінде, 

Жапонияның сыртқы істер министирі Хорито Мәскеудің Шығыс Түркістанға қол созып, 

бұл өлкені кеңестендіруге ұмтылып  отырғаны туралы айтады» [6,445 б.]. Ал, 1935 жылы 

№71  санындағы  «Шығыс  Түркістанда»  атты  мақаласында:  Шығыс  Түркістан  Қытайдың 

тепкісінен  құтылам  деп  жүріп,  орыстың  бұғауына  түсіп  кеткен  қасіретті  мекен,  –  деп 

ашына жазған [6,491 б.]. 

1931  жылғы  Шығыс  Түркістанның  саяси  шиленісі  мен  халық  көтерілісін 

пайдаланған Гансулық милитарист Шынжаңға басып кіреді.1931 жылы Құмылда ұйғыр, 

қазақ  шаруаларының  Жин  шурын  үкіметіне  қарсы  көтерілісі  болады.  Көтеріліс  Тянь-

Шаньның  оңтүстігі  мен  солтүстігін  бірдей  шарпыды,  осы  орайда  Шынжаң  мен  Гансу, 

Цинхай  (Тибет)    өлкелерін  бірлестіріп  Мұсылман  мемлекетін  құрмақ  болған  Гансу-

Цинхайдың милитарисы Ма Чжунин (ma zhong yin) Шынжаңға басып кіреді [1,36 б.]. 1944 

жылы үш аймақта құрылған ШТР уақыттық үкіметінде әскери қызыметте болған Ғалым 

Нөкішұлы  «Шығыс  Түркістандағы  дауыл»  атты  еңбегінде  Ма  жұңиыңның 

сұғанақтығының  астарын  шетелден  іздей  отырып:  «Шығыс  түркістандағы  шиленіскен 

ауыр  жағдайды  пайдалануды  мақсат  еткен  Жапония  билеушілері    Ма  Жуиңға, 

ағылшындар  Индия  арқылы  оңтүстікке  көмек  жіберіп,  Шығыс  Түркістан  мәселесіне 

араласа  бастап  еді.  Бұл  жағдайды  сезген  Кеңес  Одағы  соғыс  өртін  тез  өшіріп,    Орта 


 

313 


Азияны  өрт  шарпуынан  сақтау  үшін  терістікке  «Тарбағатай  атты  полкі»,  Іле  өңіріне 

«Алтай  атты  полкі»  деген  атпен  қызыл  армия  бөлімдерін  кіргізіп,  Ма  жуиң 

тонаушыларына ойсырата соққы береді, Кеңес консулы Қожаниязды шырғалап Шың шы 

сай мен бейбіт келісімге келтіріп, екеуі бірлесіп Ма жуиңды Қашқарға дейін қуып салады» 

– 

дейді [8.45 б.]. 



Жоғарыда  айтылған  М.  Шоқайдың  жазғандары  мен  сол  заманның  көнекөз 

қарыттары  қалдырған  еңбектері  арқылы  біз,  сол  тұста  Ма  жұңиыңның  Мұсылман 

патшалығын  құру  желеуімен  келген,  ол  Шығыс  Түркістанда  жақсы  қолдау  табатынын 

сезген еді. Ал сол тұста, Манжурияны жаулап алған Жапония, Сол арқылы Монғолияға 

жақындамақ ниетте болды, әрі, өзінің басты қарсыласы болған, Монғолияны ықпалында 

ұстап отырған Кеңес Одағына жағымсыз, Шығыс Түркістанда бір Мұсылман мемлекетін 

құрмақ  болған  Ма  жұңиынды  қолдау  пайдасын  тигізбесе  зиянсыз  еді.  Сол  үшінде 

Жапондар  Шығыс  Түркістан  мәселесіне  бей-жай  қарай  алмағаны  анық,  былайша 

айтқанда, Жапония мен Ма жұңиын екеуіде іс жүзінде бір-бірінен зиян шекпейтін паразит 

сияқты, Ма жұңиын сол кезде Қытайды шырылдатып тұрған Жапонға арқаланып Гансу, 

Шин  хай,  Шынжаңды  Қытайдан  бөліп  алып  дара  билемек.  Ал,  Жапония  Ма  жұңиын 

арқылы  Шынжаңға  ықпалын  жүргізіп,  Орта  Азияда  бедел  жинап  байлығын  қидай 

сыпырмақ болды. 

1933 жылы Ма жұңиын Тұрпанға бекініп Үрімжіні басып алмақ болып жатқанда, сол 

жылы  қаңтарда  Ақсудың    дүнгендері  мен  Қашқардың  ұйғырлары  көтеріліс  жасап, 

көтеріліс  ұлғайып  Қытай  үкіметін  қуып  шығады.  1933  жылы  12  қараша  күні  Қашқарда 

«ШығысТүркістан  Ислам  Республикасы»  құрылды.  Қожанияз  қажыны  ел  басы  болуға 

ұсыныс  етілді.  «Панисламизм»,  «Пантүркизм»  дегенді  ағылшындар  ұнатпасадақолдауға 

тырысты.  Ал,  Ауғанстанның  енді  ғана  таққа  шыққан  үкімет  бастығы  Сабыр  С.  Шығыс 

Түркістан  Ислам  Республикасына  ашық  тілектестік  білдірді  және  оны  қолдады.  Шығыс 

Түркістан Ислам Республикасының елшілер үйірмесі Германияның Ауғанстанда тұратын 

елшіханасының қабылдауында болып, олармен құпия келіссөз өткізді. Қытайдың шығыс 

солтүстігін  жаулап  алған  Жапония  өзінің  «Манжурия  мемлекетін»  құруына  сәйкесіп, 

мұсылман  ұлттарының  Шынжаңды  бөліп  алуына  барынша  тілектестік  білдірді.  Шығыс 

ТүркістанИслам Республикасының дербестік жариялауымен оны халықаралық күштердің 

қолдап-қуаттауы,  Германия,  Жапония,  Англия,  Ауғанстан  елдерінің  оларға  жақтас  бола 

бастауы Кеңес Одағының назарын аударды[3.]. олар Қожаниязды өздеріне тартпақ болды. 

КСРО  комиссары  Орталық  Азия  бюросының  хатшысы  Бауман  1931  жылы  мынадай 

ұсыныс  жасаған  еді,  «Шынжаңдағы  ұсыныс  енді  ұлт-азаттық  қозғалысы  сипатына  өтті, 

сондықтан Шынжаңдағы төңкерістік әрекеттерді белсенді түрде бастатып, осы әрекеттің 

ары  қарай  дамуына  көмектесуіміз  керек  [4.№9әтүсініктеме].  Сол  мақсатта  1932 жылы  5 

көкекте  ІІІ  интернационал  «Шығыс  Түркістан  тәуелсіз  ел»  деп  жарнама  жарялағанда 

Монғоля арқылы 12 адам Қожанязға 4.000 мылтық әкеліп таратып берді[4.]. 

Осындай аласапыран болып жатқанда, 1933 жылы 12 көкекте Үрімжіде саяси өзгеріс 

орын  алып  Шың  шысай  есімді  қолбасы  Жин  Шурыннан  билікті  тартып  алады.  Жин 

шурын Бақты шекарасы арқылы Кеңес Одағына қашып кетеді [9,580 б.]. Шың шысайдың 

билікке шығыуын еш себепсіз деп білген Орталық гоминдан үкіметі қолдай қойған жоқ, 

оған  сенбеді,  сол  себепті  оны  Шынжаңнан  аластау  үшін  1933  жылы  қыркүйекте  заң 

министірі  Ло  Вынгаңды  Шынжаңға  жібереді,  ол  Дүнген  милитарисы  Ма  Жұңиың  мен 

Іледегі  әскери  мансапты  Жаң  Пи-юанды  қолдап  Үрімжіні  қоршауға  алады.  Амалы 

қалмаған Шың шы сай Кеңес Одағынан көмек сұрайды. Шың шы сай кезінде Жапонияда 

оқып жүргенде Марксшыл, Лениншыл ұйымдарға қатысып көзге түскенін ескере отырып 

Шынжаңды  осындай  адам  арқылы  ықпалында  ұстау  үшін  Кеңес  Одағы  1933  жылдың 

соңы  мен  1934  жылдың  басында  Ілемен  Шәуешек  арқылы  Шынжаңға  әскер  кіргізеді, 

Шың шысайға қарсы күштерді талқандап, оған шексіз билік мәртебесін силайды. Сөйтіп, 

Шынжаңда Кеңес Одағының ықпалындағы жаңа бір саяси күш пайда болады. 

Шың шысай 1937 жылы Шілдеде Москваға барды, Сталинмен кездесіп, Кеңес Одағы 

коммунистік партиясына мүше болып, бес жұлдызды орденмен марапатталады. Сонымен 



 

314 


бірге,  Кеңес  Одағынан  бес  милион  сәрі  күміс  қарыз  алу,  Құмылда  Кеңес  Одағының 

әскерін тұрғызыу, Тұдың Хабадан Құрыш қортатын завот құру, Алтайдан асыл тас кенін, 

Қашқардан мыс кендерін ашу туралы Кеңес-Шынжаң келісімдеріне қол қойылды [7.189]. 

Шынжаңда  билікке  келген  соң,  Шың  шы  сай  Сталинның  үмітін  ақтау  үшін  бір  мезгіл 

социялизм  жолымен  жүрді,  бірақ  іс  жүзінде  бұл  оған  ұнамайтын  әрі  мұндай  жолды 

қаламайтын адам еді, Ол Москваға барып, аз ұлт халқына жасаған Сталинның озбырлық 

реперециясын  көріп,  соны  пайдаланып    өз  ойын  іске  асыруға  тырысты,  соны  қолданып 

талай жазықсыз жандарды түрмеге тоғытты. 

Мввв1939 жылы дүние жүзілік екінші соғыс  басталып, 1941 жылы  немістер Кеңес 

Одағына  шабуыл  жасады,  1942  жылдың  басында  Москваны  қоршап,  Кеңес  Одағының 

жойылып кету хаупы туындады.Сонымен қоса Герман фашистері Москвадан кейінгі Орта 

Азияға  байланысты    «Еділ-Жайық»  және  «Үлкен  Түркістан»  мемлекеттік  құрлымдарын 

құруды  жоспарлады.  Осы  Үлкен  Түркістан  отарының  құрамына  Қазақстан,  Орта  Азия, 

Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шынжаң, Ауғанстанның 

солтүстік  бөлігі  енгізілді.Осы  жылдары  қытай  коммунистеріде  шығысынан  жапондар 

қысып, өз ішінен гоминданүкіметі қысып әлсіретіп жіберген еді. Міне,  Мұндай әлемдік 

жағдайды бақылап , бағдарлап отырған Шың шысай коммунизмнің тығырыққа тірелді деп 

ойлап, өзіне пайдасыз сезініп, жалт беріп бет бұрып кетеді, Америкаға арқа сүйеп отырған 

Гоминдаң партиясынан қолдау іздейді. Кеңес үкіметі әскерлерін шекарадан қуып шығып, 

өзінің  әріптестері  Шынжаң  коммунистерінің  бастығы  Мао  Зы  Дунның  інісі 

МаумзыминмбастағанмҚытай3коммунистерін3атыптастайды. мм 

Бұл  алаяқтығы  үшін  Кеңес  үкіметі  енді  Шың  шысай  мен  Гоминданға  қарсы 

Шынжаңдағы  халық  көтерілісін  қолдайды.  Кеңес  Одағының  көмегімен  Құлжа 

қаласында1944  жылы  12  қараша  «Шығыс  Түркістан  Республикасы  уақыттық  үкіметін» 

құрылады[10,89 б.]. 

1944  жылы  29  тамызда  Гоминдан  үкіметі  бұйрығымен  Шың  шысай  орнынан 

босатылып,  Шынжаңға  Гоминдаң  билігі  толықтай  орнап,  орнына  У-Чжунсиньді 

тағайындайды [7,110 б.] 

1945  жылы  Шынжаңда  теке  тірескен,  бір-біріне  қарсы  екі  ірі  үкімет  қалыптасады, 

олар  Үрімжіні  орталық  еткен  гоминдаң  үкіметі  мен  Кеңес  Одағы  қолдауында  Құлжаны 

орталық еткен аз ұлттардың ШТР уақыттық үкіметі еді.  

Бірақ,  осы  жылы  дүниежүзілік  екінші  соғыс  аяқталып,  фашистік  елдер  тізе  бүкті. 

Жеңуші елдер КСРО, АҚШ, Англия тарапынан Қырым түбегінде Ялта мәжілісі ашылады. 

Осы  мәжілісте  Шығыс  Түркістан  мәселесі  талқыланыпҚытай  үкіметі  Монғолия  ісіне 

араласпайтын болып, Кеңес Одағы Шынжаң мәселесінде бейтараптық танытатын болып 

келіседі.  Шығыс  Түркістан  Республикасы  барлық  соғыс  қимылын  тоқтатты.  1949  жылы 

Қытай Халық Республикасының құрамына қосылды.  

Сөйтіп,  бірнеше  ғасыр  тарих  талқысында  болған  Шығыс  Түркістан  өлкесі  екінші 

дүниежүзілік  соғыста  да  алып  империялардың  саяси  ойынының  ошағына    айналыды. 

Кеңес  Одағы  тарихындағы  соғыстың  1941  жылы  басталуы  мен  1945  жылы  аяқталуы 

Шығыс Түркістан тағдырын талқыға салған үлкен өзгерістер алып келді. 

Бұл  соғыс  Шығыс  Түркістандағы  аз  ұлттар  үшін  түсініксіз  әрі  пайдасыз  соғыс 

болды. Жазықсыз талай түркі бауырластар қырылды. Неміс фашистері үшін Қазақстанда 

сан  мыңдаған  қазақ  боздақтар  оққа  ұшса,  Шың  шысай  мен  Гоминдан,  КСРО  мен  ҚХР 

билігіне қарсы ұлт-азаттық көресте Шығыс Түркістаннанда сан мыңдаған қазақбатырлары 

жер қойнауын құшты.  




1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал