Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.7 Mb.

бет36/70
Дата09.01.2017
өлшемі7.7 Mb.
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70

 

 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ  

СЕМЕЙ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ 

 

С.Т. Хамитова магистрант 

С.А. Курманбаева т.ғ.к., аға оқытушы  

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті 

(Семей Қазақстан) 

 

Ұлы Отан соғысы жылдарында Семейліктерде басқа аймақтар сияқты майдан мен оның 

тылын  азықтандырып,  киіндірді.  Эвакуацияланған  халыққа  пана  болды.  Әскери  құрамалар 

дайындап, майданның өнім сұраныстарын дер кезінде шығарып отырды.  

Семейдегі  маңызы  бар  экономикалық  нысандардың  барлығы  майдан  арсеналына 

айналып,  барынша  жұмылдырылғаны  баршаға  аян.      Коммунистік  партия  еңбекшілерді 

өздерінің  барлық  күш  –  жігерін  фашистік  басқыншыларға  қарсы  тойтарыс  беру  үшін 

жұмылдыруға  шақырды.  Кезінде  В.И.  Лениннің  «Бүкіл  еліміздің  ішкі  өмірі  соғысқа 

бағындырылуға  тиіс»,  -  деген  нұсқауын  басшылыққа  ала  отырып,  ел  ішіндегі  барлық  істі, 

барлық  шаруашылықты  соғыс  мүдделеріне  бағындырды.  «Барлығы  да    майдан  үшін!», 

«Барлығы да Жеңіс үшін!» - деген ұран көтерді. Бүкіл кеңес халқы бір кісідей, жан қиярлық 

пен Отан үшін күреске аттанып, еңбекке жұмылдырылды.  

Семейліктердің  Ұлы  жеңіске  қосқан  үлесі  бір  төбе.  Соғыстың  қиын  –  қыстау 

жағдайына  қарамай,  барлық  өнеркәсіп  орындары  соғыс  жағдайына  бейімделіп  қайта 



 

248 


құрылды.  Семейлік  мыңдаған  қыз  –  келіншектер  соғысқа  кеткен  әкелері  мен  ағаларының 

орнын басты, зауыт, фабрикаларға жұмысқа кірді. Семейліктер орасан зор ұйымшылдықпен 

істер атқарып, майдан мен тылды нығайтуға лайықты үлес қосты. Ұлы Отан соғысы барлық 

өнеркәсіп  орындарының  алдына  жауапты  міндеттер  қойды.  Семейдегі  М.И.  Калинин 

атындағы  ет  консерві  комбинатының  алатын  орны  орасан  үлкен.  Комбинат  майданға  ет, 

консерві, шұжықтар, тамақ концентраттары және күрделі медициналық препараттар сияқты 

алуан  түрлі  өнімдерді  жіберіп  отырды.  Семей  ет  комбинаты  өзінің  алдына  барлық 

материалдық  күштер  мен  еңбек  ресурстарын  керегінше  пайдалана  отырып,  майданның 

тілегін орындау үшін тамақ концентраттарын өндіру, тағы басқа қажетті тұтыну өнімдерін 

жасау  жұмыстарын  ұйымдастырды.  Соғыстың  алғашқы  10  айының  ішінде  800  мың  сомға 

жуық  үнем  жасады.  1942  жылдың  бірінші  жартысында  еңбек  өнімділігін  31,7  пайызға 

арттырды.  1942  жылдың  екінші  жартысында  ет  және  сүт  өндірісі  халық  комиссариаты, 

жұмысшы  инженер  –  техниктерден  216  адамға  «Отличник»  значектары  мен  «Мадақтама 

грамоталарын»  берді.  Олардың  ішінде  Шапоров,  Самойленко,  Запрудский,  Сүлейменов, 

Декарева, Миндухин, Маршеннена сияқты стахановшылар бар[1]. 

И.  Сталиинің  бұйрығымен  Кеңес  Одағының  ет  өндірушілері  Бүкілодақтық  жарысқа 

түсуге  шақырды.  Осы  социалистік  жарысқа  қатысқан  Семй  ет  комбинатының  еңбек 

өнімділігі маусым айында орта есеппен 142 пайызға жетті. Социалистік жарысқа комбинат 

бойынша 2930 адам қатысып, оның ішінде стахановшылар 1040 адам, екпінділері 576 адам, 

тылдың  гвардеецтері  мен  майдангерлері  194  адамды  құрады.  Еңбек  майданында  уақытпен 

санаспай,  аянбай  еңбек  етіп  жүрген  таңдаулы  адамдар:  Непомнящая  –  консерві  цехының 

жұмысшылары,  олар  орта  есеппен  айлық  жоспарды  180  –  200  пайызға  орындайды.  П.А. 

Логинова тамақ концентрат цехының жұмысшысы, нормасын ай сайын 135 – 150 пайызға, 

Г.М.  Романенко  ет  пісіретін  бөлімнің  бригадирі,  шұжық  нормасын  бригадасымен  200 

пайызға орындап, еңбектің тамаша үлгілерін көрсетіп, өндірістік табыстарға жетті. 

Семейдің  ет  консерві  комбинаты  қалалық  ірі  өнеркәсіп  орындарының  социалистік 

жарысында  бірінші  орыннан  түспеді.  Үнемі  ауыспалы  қызыл  туға  ие  болды.  1944  жылы 

екінші  қаңтарда  Кеңес  Одағының  Жоғары  кеңесінің  президиумы  бұйрығына  Семейдің  ет 

консерві комбинаты «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталды [2]. 

Тамақ  өнеркәсібі  саласы  бойынша  Семейдегі  облысаралық  зауыт  басқармасы 

жұмысшыларының,  инженер  –  техник  қызметшілері  жоспарланған  сан  түрлі  жұмыстарды 

орындауға  серт  берді.  Сталин  жолдастың  шақыруына  жауап  ретінде  1944  жылы  мынадай 

міндеттер алатындары жайлы жар салды: 

1.

 



1944 жылдың жоспарын 7 қарашаға дейін орындаймыз. 

2.

 



Еңбек өнімділігін 35 пайызға арттырамыз. 

3.

 



Өнімнің түсер бағасын 15 пайыз кемітеміз. 

4.

 



Отын шығынын 10 пайыз азайтамыз. 

5.

 



Мемлекетке ет тапсыру жоспарын 1944 жылдың 12 желтоқсанына дейін орындаймыз. 

Осы міндеттерді алға қойып, барлық өндіріс орындары мен оның қызметшілері  соғыс 

жылдарында  құрылған  барлық  жоспардың  орындалуына  серт  беріп  қызу  іске  кіріскен 

болатын.  

Сонымен қатар Семейдің жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы ұжымына негізінен әйелдер 

жұмылдырылып,  барлық  күшті  майдан  үшін  жұмсады.  Жүнді  алғашқы  өңдеу  фабрикасы 

1941  жылдың  шілді  –  тамыз  айларының  өзінде  –  ақ  фабрика  жоспарды  артығымен 

орындаған. Фабрика соғыстың алғашқы шілде айында 590 тонна, тамыз айында 1394 тонна 

жүн  өңдеу  жөнінде  жоспарлаған  еді.  Бірақ  шілде  айында  679,3  тонна,  ал  тамыз  айында 

1638,2  тонна  жүн  өндіріп,  алға  ұмтылу  жұмыстарымен  көзге  түсті.  Фабрика  ұжымы 

дамылсыз  күні  –  түні  барлық  күштерін  фашистерді  талқандау  үшін  жұмыс  жасап,  тамыз 

айында барлық цехтарда стахановшы қаралысын ұйымдастырды[3]. 

Жүнді  алғашқы  өңдеу  фабрикасы  1941  жылы  18255  тонна  жүн  өңдесе,  1942  жылғы 

жоспар бойынша 16781 тонна болса, оны 17059 тоннаға орындап алға ілгерілеу байқалса. Ал 

1943  жылы    жоспар  бойынша  18407  тонна  болса,  оны  16948  тоннаға,  1944  жылы  жоспар 


 

249 


бойынша  23264  тонна  болса,  оны  13951  тоннаға  ғана  орындаған  болып  шықты.  Фабрика 

19

42  жылдан  бастап  берілген  жоспарды  орындай  алмады.  Соғыс  кезінде  бұл  фабрикада 



көптеген  қиындықтар  болды.  Жоғарыдағы  көрсеткіштерде  берілген  жоспар  жыл  сайын 

жоспарланғанымен оның орындалуы төмендей берді. Жыл сайынғы берілетін жылдық есепке 

қосымша фабрика басшылығы жазбаша түсініктеме жазып отырған. Фабриканың күні – түні 

жұмыс істеуіне байланыстыжуу және кептіру машиналарының құрал – жабдықтары сынып 

жатты, оларды жөндеуге қажетті бөлшектерді табу өте қиынға түсті және су мен жарықтың 

уақытында  берілмеуі  фабрика  жұмысына  кедергі  жасады.  Сондай  –  ақ  бу  қысымының 

төмендігі  жуу  мен  кептіру  машиналарының  жұмысын  төмендетті.  Әсіресе  қысты  күні 

құбырлар  жарылып,  оны  қайта  –  қайта  қалпына  келтіру  кезінде  жұмыс  жасау  қарқынын 

ауырлатып, баяулатты [3]. 

1942  –  1943 

жылдарындағы  жылдық  есептерде  сала  мамандығын  жете  игерген 

кадрлардың тапшылығы яғни, білікті дәнекершілер мен жөңдеушілердің жоқтығы, олардың 

орнына  негізінен  жасөспірім  оқушылар  жұмыс  сітегендігі  жазылған.  Әсіресе  дайын  өнімді 

тиеген  кезде  жұмысшылардың  жеткіліксіздігінен  бүкіл  фабрика  жұмысшыларын 

жұмылдыруға тура келгендіктерін айтады.  

1942 жылы 1 қаңтарда 270 жұмысшы жұмыс істесе, оның 210 – ы әйелдер құраған. 1943 

жылы 1 қаңтарда 192 жұмысшы қалған, оның 167 әйел адамдар болды. Ал жалпы фабрикада 

30

5  адам  жұмыс  істеу  керек  болған.  Жұмысшылардың  жоқтығынан  бір  жұмысшы  бір 



мезгілде бірнеше жұмысты қатар атқаруға мәжбүр болған [4]. 

Міне  осыдай  себептермен  фабрика  соғыс  жылдарында  еңбек  өнімділігінде  өндірістік 

және экономикалық талаптарына жауап бере алмады.  

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  «Большевичка»  фабрикасының  ұжымы  ұлы  көсем 

Сталин  жолдастың,  Қызыл  Армияның  26  жылдық  мерекесіне  арнаған  бұйрығын  зор 

қуанышпен қарсы алып, 1944 жылдың 24 ақпан айында 500 адам қатысқан митингін өткізді. 

Мұндағы  №1  цехтың  басшысы  Чернобылская  өздерінің  екі  айлық  жоспарын  23  ақпанда 

толық  орындағанын  және  айдың  аяғына  дейін  цех  жұмысшыларының  жоспардан  тыс 

жүздеген гимнастеркелер беретіндігі  жөнінде сендірген болған. Осы орайда фабрика ұжымы 

айдың  бітісіне  дейін  70  мың  сомның  өнімін  шығарып,  бірінші  тоқсанда  4400  метр  бұл 

үнемдеуге,  сонымен  қатар  тоқсандық  өндірістік  жоспарды  115  пайызға  орындап,  еңбек 

өнімділігін 15 есеге арттыруға міндеттенеді [5]. 

Семейдің жеңіл өнеркәсібі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиындықтарға қарамастан 

барынша жеңістің жақындауына үлес қосты.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

 

1.



 

Липов М. Ет өнеркісібінің алыбы Отан соғысы дәуірінде.// Екпінді 1942. 7 мамыр №106 

2.

 

Саров Г. Қызыл туды берік ұстаймыз.// Екпінді 1942. 10 шілде №161 



3.

 

ШҚОҚЗТҚО 1399-қ, 1-т, 139-іс 42 – п  



4.

 

ШҚОҚЗТҚО 1399-қ, 1-т140-іс 19 – п  



5.

 

Үлгілі фабрика.// Екпінді 1944. 27 ақпан №41 



 

 

 

 

 

 

250 


БЕРЛИНГЕ БАРҒАН «БАЙ-ӨЛКЕ» ТАНКІСІ 

 

Канжил Шакирт 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ті «Тарих» мамандығының 1 курс магистранты 

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор А.Ғ. Ибраева 

(Астана, Қазақстан ) 



 

Моңғол араттары аянып қалған жоқ 

 

Ұлы  Отан  соғысы  басталған  1941  жылдың  22  маусым  күні  Моңғол  елінің  де  төбесінен  жай 

түскендей болды. Өйткені, шығыс жағында  жапондар өңмеңдеп шекараға дейін тіреліп, келіп алған. 

Онымен  қоймай,    миллитаристік  Жапония  аузы  алты  қарыс  Қытайдың  шығыс  өңірін  басып  алып, 

Манж-го атты қуыршақ мемлекетті орнатып жан-жағына қоқан-лоқы көрсеткен. Жағдайдың ушыға 

түсуі Қытайдың өзге де өлкелеріне әсер етті.  

1939 жылы жан-жағын мазалап отырған жапондарды Халкин-гол өзені маңында Кеңес әскері 

сағын сындырып, ығыстырып тастаған еді. Дегенмен, қауіп әлі сейілген жоқ. Енді міне, арқа сүйеп 

отырған  жалғыз  одақтасы  Кеңес  еліне  фашистік  Германияның  баса-көктеп  кіруі  бүкіл  үмітін 

сейілдірді.  

Мұндай  қиын  жағдайда  елдің  басшылығы  ақылдаса  келіп  соғыс  басталған  күннің  ертеңінде 

Мемлекеттік Кіші Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақырды. Құрылтай мүшелері қалыптасқан 

жағдайды  бағалай  келе,  Кеңес  жауынгерлеріне  қаржылай  һәм  мүліктік  көмек  көрсету  керек  деген 

шешімге  келді.  Халық  арасында  «Екінші  дүниежүзілік  соғысқа  көмек»  акциясы  ұйымдастырылып, 

малшы  араттар  қолындағы  жылқысын,  сандығындағы  алтын-күмісін,  қойдың  иленген  терісінен 

жасалған жылы тондарын, ет-май, құрт-ірімшік, сүт өнімдерін жинады.  

Алғашқы көмекті 1941 жылдың қараша айында жолдайды. Бұл жолы 15 мың тері тон, 3 мың 

бума  азық-түлік,  барлығы  1,8  млн  сомның  дүниесін  жөнелтеді.  Келесі  кезекте  жиналған  100  келі 

алтын, 100 мың амеркан доллары, 2,5 млн моңғол ақшасын 1942 жылдың басында Ішкі сауда банкінің 

есеп-шотына  аударады.  Бұл  қаржы  қолма-қол  танк  шығаратын  зауыттарға  жіберіліп,  53  танк 

жасатады.  Оның  32-сі  Т-34  маркалы  жаңа  танктер.  Нәтижесінде  «Революциялық  Моңғолия»  атты 

танк колонасы пайда болды. 

Тек  осы  1942  жылдың  өзінде  майданға  көмек  ретінде  236  вагон  жүк  жөнелтілген.  Атап 

айтқанда:  азық-түлік  заттары  –  600  тонно,  тері  тон  –  30  мың  дана,  27  мың  киік  (ақ  бөкен)  еті  т.б. 

Бұлардан басқа 485 мың жылқы  берген [1].  

1943 жылы қарапайым араттар тапқан таянғанын жинап-теріп 2 млн сомға «Моңғол арат» атты 

ұшақтар эскадрильясын жасақтайды. Ұшақтарды Смоленск облысының жері «Вязовая» стансасында 

орналасқан  322-ші  атқыштар  дивизиясының  2-ші  гвардиялық  полкына  табыс  етеді.  Осы  моңғол 

ақшасын  жасалған  ұшақтарға  отырған  кеңестік  ұшқыштар  арасынан  –  Н.  Пушкин,  А.И.  Майоров, 

М.Е. Рябцев сияқты жауға қарсы аянбай күрескен Кеңес Одағының Батырлары шыққан екен. 

Соғыстың  басынан  аяғына  дейін  біздің  зерттеуімізше  майдан  үшін  моңғол  араттары  65  млн. 

сомның дүниесін жіберген екен.  



Бай-өлкеліктердің байғазысы 

Бүкіл Монғол мемлекенде басталған халықтық науқаннан Бай-өлкенің қазақтары да тыс қалған 

жоқ.  Оларда  ел  қатарлы  азық-түлік  өнімдерін  жинап  тапсырған.  Аймақтық  мұрағат  қорында 

сақталған мәліметтерге жүгінсек: 1941-1942 жылдары аймақ халқы 702 899 сомның дүниесін жинап, 

4791  көлігін  майданға  жіберген.  1943  жылы  376  370  сомды  ақшалай  табыстап,  оған  қосып  2629 

жылқы  берген.  1944  жылы  туғанда  103  768  сом  жинап,  тағы  да  791  ат  дайындаған.  1945  жылдың 

басында 1071 ат берген екен [2].  

Халықтан  жиналған  дүниелерді  майданға  жеткізіп  беріп,  елдің  аманатын  табыстау  үшін  сол 

кездегі аймақ басшыларының бірі – Қашқынбай Мәлікұлы 1942 жылы қысқа салым жолға шығады. 

Ол  астанаға  келіп,  сол  жерде  мемлекет  басшысы  Х.  Чойбалсын  басқарған  делегаттармен  бірге 

Мәскеуге қарай беттейді. 

Қашқынбай  Мәлікұлы  осы  сапары  жайында  1985  жылы  Ұлы  жеңістің  40  жылдық  мерекесі 

қарсаңында  «Өмір  өрнектері»  дейтін  көлемді  естелік  жазып  қалдырыпты.  Осы  естеліктен  үзінді 

келтірсек:  «...1942  жылдың  күзінде  мені  Ұлан-батырға  шақырды.  Қызыл  Армияға  көмек  апаратын 

топтың  құрамына  енгізіпті.  Делегацияны  маршал  Х.  Чойбалсын  бастап  жүрді.  «Төңкерісшіл 

Монғолия» атты танк колоннасын сыйға тарту үшін 1942 жылы қараша айында жолға шықтық. 1943 

жылы  12  қаңтар  күні  Мәскеу  маңындағы  Наро-Фоминский  дейтін  шағын  қалашықта  Монғол 


 

251 


жұртының  қаражатына  жасалған  53  танкіні  полковник  М.Т.  Леонев  басқарған  112-ші  Қызылтулы 

танк бригадасына тапсыру рәсімі өтті. Мен қабырғасына «Баян-Өлгей» деген үлкен жазуы бар танкті 

экипаж  командирі  Резковқа  тапсырдым.  Ол  мені  танкке  отырғызып  ары-бері  алып  жүрді.  Бай-

өлкеліктер  жинап  берген  азық-түлік,  киім-кешекті  солдаттарға  үлестіріп  бердім.  Жиын  соңында 

бригада командирі: Біз бұл танкілермен Берлиннің көшесін таптаймыз, – деді» [1, 45 б.]. 

Кейін  112-ші  танк  бригадасы  туралы  Монғол  баспасөздерінде  көп  жазылыпты.  Монғол  елі 

сыйлаған  53  танктің  он  шақтысы  5375  шақырым  жол  жүріп  Берлиннен  бірақ  шыққан.  Бір 

таңғаларлық жағдай «Баян-Өлгей» атты қазақтар танкісі аман-есен Берлинге тұмсық тіреп тоқтапты. 

Осы  танк  бригадасынан  соғыс  жылдары  16  Кеңес  Одағының  Батыры  туыпты.  Соғыстан  кейін 

бригадаға Сүхе-батор есімі берілген көрінеді [3]. 



Сталин сыйлаған тапанша 

Жоғардағы  рәсімнен  кейін  делегацияны  Бас  қолбасшы  И.  Сталин  қабылдаған.  Қонақасын 

берген. Онда Қашқынбай Мәлікұлы да болған. Жоғардағы естелігінде, Сталинді жақсылап суреттеп 

жазыпты. Менің қазақ екенімді біліп, аса ықыласпен құшақтап көрісті, дейді.  

Себебі, сол тұста соғыс Мәскеуден 150 шақырым жерде жүріп жатқан. Мәскеуді қазақтар һәм 

қазақстандықтар  қорғап  қалды.  Тегі  Бас  қолбасшы  қазақтардың  қадірін  түсінсе  керек.  Қашекеңді 

құшақтап бетінен сүйген,  белінде асулы тұрған тапаншасын суырып алып сыйға тартқан. Екеуара 

тұра  қалып  фотоға  түскен.  Осы  суретті  түсірген  адам  қайтар  жолда  немістердің  әуе  шабуылын 

ұшырап, қаза тауыпты. Өкінішке орай, маңызды суретті түсірген фотоаппараты жанып кеткен екен. 

Ал, Сталин сыйлаған 747-ші нөмірлі «ТТ» писталеті қазір Бай-өлке аймақтың орталық мұражай 

қорында сақтаулы тұр [4]. 

Бір  қызығы  қайраткер  ағамыз  майданға  қазақтың  ұлттық  киімін  киіп  барыпты.  Суретте  де 

көрініп тұр. Басына үкі таққан пұшпақ тымақ, үстінде ақ сеңсең қой терісінен тігілген ішік. Бұдан 

байқайтынымыз,  қазақ  халқы  қай  жерде  жүрсе  де  өзінің  дархан,  мәрттік  қасиетімен  танылатынын 

тарих дәлелдеп отыр. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

 

1. Мәлікұлы Қ. «Өмір өрнектері». – Баян-Өлгей, 1985.  



2. Баян-Өлгей аймақтық мұрағаты. 4 - Қор, 3 - іс, 5 - п.  

3. Халқының адал перзенті.  Естеліктер жинағы. – Ұлан-батыр, 2004. – 79 б.  

4. Б.Дорж. «Отан деп соққан жүрек». – Ұлан-батыр, 1970. – 88 б.  

 

 



 

ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ  ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕГІ 

 

 

А.Ж. Кыйсыкова 

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ,  

Аударма және филология кафедрасының оқытушысы  

(

Алматы, Қазақстан) 



 

Ұлы Отан соғысы кеңес халқы үшін аса үлкен де, өте ауыр да сын болды. Бұл соғыста 

көп  ұлтты,  мақсат-мүддесі,  тілек-талабы  достастырған  халқымыздың  экономикалық  қуаты 

және саяси бірлігі, моральдық күші мен ерлігі, рухани қуаты мен патриоттық сезімі сынға 

түсті. Бұл сыннан халқымыз сүрінбей өтті, фашизмді талқандап, жеңіс абыройына бөленді. 

Сонымен  қатар,  бұл  соғыста  кеңестік  құрылыстың  капиталистік  құрылыстың  қандайынан 

болса да анағұрлым артықшылығы, өмірлік күші ерекше байқалды. Міне, сондықтан да Ұлы 

Отан  соғысы  кеңес  халқының  тарихындағы  аса  ұлы  кезең,  үлкен  белесті  асу  болып 

табылады. 

 

Кеңес халқының, оның ішінде кеңес қарулы күштерінің даңқын шығарған, абыройын 



көтерген бұл жеңіске мыңдаған ерлер, жүздеген батырлар үлес қосты. Олар кеңес халқының, 

оның  қарулы  күштерінің  мақтанышына  айналды.  Ерлік  –  кеңес  адамдарының  негізгі 

қасиеттерінің бірі екені күресте көрінді.  


 

252 


Қазақ халқы, оның ұлдары мен қыздары Отанымыздың басқа халықтары сияқты майдан 

мен  тылда  тамаша  ерліктер  көрсетті,  барлық  ықыласы,  адал  ниетімен  жан  қиярлық  еңбек 

етті. Мұндай аса үлкен соғысқа алғашқы рет қатынасқанына қарамай, қазақ жігіттері тамаша 

ерліктер көрсетті, барлық ықыласы, адал ниетімен жан қиярлық еңбек етті. Мұндай аса үлкен 

соғысқа  алғашқы  рет  қатысқанына  қарамай,  қазақ  жігіттері  тамаша  ерліктер  істеп, 

қаһармандық  жасады,  табандылық  көрсетті,  мыңдаған  қазақ  жауынгерлері  ордендермен, 

медальдармен  наградталды,  жүздеген  адам  Кеңес  Одағының  батырлары  деген  атақ  алды. 

Олардың ішінде, Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигельдинов, Сергей 

Луганский, Леонид Беда, Иван Павлов, батырлар Нұркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Хамит 

Көбіков, Сағадат Нұрмағамбетов тағы басқалары үлкен даңққа бөленді. Кеңестік Орта Азия 

мен  Қазақстан  тарихында  ғана  емес,  бүкіл  шығыс  елдерінің  тарихында  ең  алғашқы  рет 

Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты қазақтың қыздары Кеңес Одағының Батыры 

атағын  алды.  Москва  түбіндегі  шайқаста  асқан  ерлік  пен  даңққа  бөленген 

панфиловшылардың  қимылы  соғыста  жаппай  ерлік  жасаудың  ең  алғашқы,  әрі  бірден-бір 

басты үлгісі болды [3,3б].  

Сұрапыл соғыс Кеңес Одағы құрамындағы барлық халықтың жүрегін тілімдеп, артынан 

мәңгі  өшпес  із  қалдырып  кетті.  Күмбезді қала  мен  сағымды  даладан  лек-легімен  майданға 

жөнелтілген  ерлер  дес  бермей,  жауға  шапты.  Жеңіс  күнін  жақындатқан  ең  бірінші  қуатты 

күш  –  кеңестік  патриотизм.  Жеңісті  тездеткен  екінші  күш  –  халықтар  достастығы.  Бір 

отбасындағы адамдар секілді халықтар өздерін бірлікте сезінді, себебі жалғыз мақсат жауды 

жеңу еді[6, 6б].  

Сын  сағаты  соғып  тұрған  сол  бір  сұрапыл  жылдары  республиканың  материалдық 

ресурстары  мен  рухани  күш-қуатын  қорғаныс  мүддесіне  жұмылдыру  ісіне  Алматы 

қаласының  зиялы  қауымы  елеулі  үлес  қосты.  Қалада  ондаған  республикалық  мекемелер, 

партия  және  совет  органдары,  ғылыми  мекемелер,  20-дан  аса  жоғары  оқу  орындары  мен 

техникумдар,  сондай-ақ  мәдени-ағарту  мекемелерінің  көп  мөлшердегі  қызметкерлері 

шоғырланған еді. Кеңес халқының гитлершіл басқыншыларға қарсы қаһармандық күресіне 

совет  ғалымдарының,  оның  ішінде  қазақстан  астанасында  тұратын  ғалымдардың  еңбегі 

орасан  зор.  Олар  өз  зерттеулері  арқылы  Ұлы  Отан  соғысы  алға  қойған  аса  күрделі 

міндеттерді шешуге көмектесе білді [1, 37б].   

 

Соғыс  жылдарында  әнші  апаларымыз  бен  ағаларымыз  майдандағы  жауынгерлерге 



арнап  патриоттық  концерттер  ұйымдастырып,  Отан  үшін  жан  алысып,  жан  берісіп  жатқан 

отандастарымызды  рухтандырып  тұрды.  Олардың  қатарында  алматылық  көрнекті  әртістер 

мен  жазушылар  –  К.Бәйсейітова,  Ж.Омарова,  Ш.Бейсекова,  Ғ.Орманов  және  тағы  да  басқа 

ақын-жазушылар майданға барып қайтты.  

 

 

 



 

 

 



Алматыда тұратын жазушылар, ақындар мен драматургтер соғыс жылдарының ішінде 

900-


ге  дейін  өлең,  дастандар  жазды,  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  200  прозалық  және  53 

драмалық шығармалар аударылды. Халық ақындары 500-ден аса жыр мен дастан шығарды. 

Сын  сағаты  мол  сұрапыл  жылдарды  Отанды  қорғаудың,  фашист  басқыншыларын  аяусыз 

құртудың  дабылындай  болып  қазақ  совет  поэзиясының  алыбы  Жамбылдың  қаһарлы  үні 

естілді. Оның соғыс жылдарында туған  «Отан әмірі»,  «Москваға», «Ленинградтық өренім» 

және  басқа  көп  өлеңдері  бүкіл  совет  халқының  қуатты  қаруы  ретінде  совет  әдебиетінің 

қазынасына қосылып, Отан соғысының тарихына кірді. 

 

 



 

 

Алматы  қаласының  өнер  қайраткерлері  соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ 



өздерінің  қимыл-әрекеттері  мен  ой-нышандарын  бір  ғана  міндетке:  шығармашылық 

еңбектерімен кеңес адамдарын жеңіс жолындағы күреске – майданда жауынгерлік ерлікке, 

тылда жанқиярлық еңбекке рухтандырып отыру міндетіне бағындырды. Алматы театрлары 

соғыс  кезінде  кеңес  халқының  майдандағы,  сондай-ақ  тылдағы  қаһармандық  күресін 

бейнелейтін,  сонымен  халқымыздың  қаһармандық  өткен  тарихын  көрсететін  спектакльдер 

қойды. Атап айтатын болсақ, 1942 жылы Абай атындағы опера және балет театры фашистік 

агрессорларға  қарсы  ерлік  күресіне  арналған  «Гвардия,  алға!»  атты  тұңғыш  операны 

қойды[1, 39б]. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



  

 

253 


 

Білікті  кадрлер  даярлау  және  өскелең  ұрпақты  оқыту  ісінде  қаланың  жоғары 

мектептері,  орта  техникалық  және  жалпы  білім  беру  мектептері  зор  рөл  атқарды.  Соғыс 

жылдары жаңа жоғары оқу орындары ашылды. Алматының жоғары оқу орнындары инженер, 

агроном,  дәрігерлер  даярлады.  Жоғары  оқу  орындарының  профессорлары  мен 

оқытушылары, студенттері бүкіл ел болып, майдан болып алға қойған міндеттерді орындау 

жөнінде  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығына  белсене  көмек  көрсетті.  Жоғары  оқу 

орындарының  лаботориялары  көп-көп  реактивтер,  химикаттар,  дәрілер  шығаратын  нағыз 

заводтар  мен  фабрикаларға  іс  жүзіндік  нақты  көмек  көрсетті.  Қала  оқытушыларының, 

мұғалімдері мен студенттерінің, сондай-ақ мектеп оқушыларының Алматы облысы мен бүкіл 

республикасының ұжымшар, кеңшарларына жасаған көмектері ұшан-теңіз. Олар жыл сайын 

күзде  тікелей  егін  жинауға  қатысып,  халық  арасында  үгіт-көпшілік  жұмыстарын  жүргізді: 

лекциялар оқыды, баяндамалар жасады, әңгімелер өткізді.    

 

 



 

Денсаулық  сақтау  орындарының  қызметкерлері  жан  аямай  еңбек  етті.  Соғыстың  ең 

қиын-қыстау  жылдарының  өзінде  емдеу  мекемелеріне,  кадрлар  даярлауға,  әскери 

госпитальдар  ұйымдастыруға  тағы  да  басқа  жұмыстарға  қала  бюджетінен  едәуір  қаржы 

босатылып  отырылды.  Соғыстың  ауыр  жылдарында  денсаулық  сақтау  қызметкерлері 

тарапынан  мұқият  атқарған  күнделікті  жұмыстарының  нәтижесінде  жұқпалы  аурулар  дер 

кезінде  алыстатылып  отырылды.  Бұл  уақыттың  ішінде  емдеу-профилактикалық  мекемелер 

жүйесі әжептәуір ұлғайды. Мысалы, Алматыдағы аурухана  мекемелері 1940 жылғы 22-ден 

1945  жылы  28-ге  дейін  көбейді;  Аурухана  және  амбулатория  мекемелері  жүйесінің 

ұлғаюымен байланысты медицина қызметкерлерінің қатары азайған жоқ.   

 

Ұлы Отан соғысында еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін түгел дерлік өз үлесін 



қосты.  Олар  жан  аямай,  жеңіс  жолында  қызмет  етті.  Тылдағы  әрбір  еңбеккердің  жауды 

жеңуге,  осы  жеңіске  барынша  мол  үлес  қосуға  деген  талабы  өте-мөте  зор  болды.  Бүкіл 

еліміздегі сияқты алматылықтар да осынау ізгі мақсат үшін аштыққа, жалаңаштыққа саналы 

түрде  барды,  жоқшылыққа  шыдады,  қиыншылыққа  төзді,  небір  керек-жарақ  қажеттісінің 

бәрінен бас тартуына тура келді. Азық-түлік, киім-кешек жетіспеді. Көшіп келген халықты 

орналастырумен байланысты тұрғын үй жағдайлары күрт нашарлап кетті. Отынның, электр 

қуатының  жетіспеуі  өте  білініп  тұрған  кез  еді.  Соғыс  жағдайларына  орай  туған  осы 

қиындықтардың  бәріне  қармастан  тыл  еңбекккерлері  өздерінің  бүкіл  тіршілік-тынысын 

майдан  мүддесіне,  фашистік  басқыншыларды  талқандау  ісіне  бағындырып  отырды. 

 

Кеңес армиясын қаруландыру ісіне қаржы жинауда Алматы еңбекшілері патриоттық 



үлгі  көрсетті.  Қазақстан  комсомолы  атындағы  танк  колоннасына  және  «Қазақстан 

комсомолы» авиаэскадрильясына республика бойынша 14,5 млн.сомнан аса қаржы жиналды. 

Мұның ішінде астанадағы жас патриоттардың бергені 6910 мың сомнан асып кетті. Қала мен 

облыс  еңбеккерлерінің  «Колхозник  Казахстана»  -  «Алматинец»  атты  танк  колоннасы 

звеносына 56700 мың сом қосты[1, 40-42б]. 

 

 



 

 

 



 

Халықтың  майдандағы  жауынгерлерге  арнап  жылы  киімдер  жинауы,  азық-түлік 

жіберуі,  тартулар  әзірлеуі  халқымыздың  өз  армисына  деген  бүкіл  халықтық 

сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі еді.      

 

 

 



 

 

 



1941-

1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  халқымыз  үшін  өте  ауыр  сын  болды.  Бұл 

оғыстағы  жеңіс  оңайшылықпен  келген  жоқ.  Ол  27  миллион  адамның  өмірін  алып  кетті. 

Орасан  зор  материалдық  байлықтарды  құртып,  адам  күші  мен  моральдық  күштердің 

барлығын өлшеусіз көп талап етті. Осынау сұрапыл соғыста орсан зор құрбандыққа барып, 

шекіз азап, қайғы-қасірет шегіп, Кеңес Одағының халықтары өз Отанының бостандығы мен 

тәуелсіздігін  қорғап  қалды,  тапжылмас  табандылық,  ерлік  пен  қаһармандық  көрсетті. 

Жеңістің басты қаһармандары – кеңес халқы, оның қарулы күштері.   

 

 

Кеңес  армиясының  миллиондаған  қыз-жігіттері,  орта  буындағы  жауынгерлер  мен 



тылдың мыңдаған еңбеккерлері – қасиетті де қадірменді Жеңіс күніне дейін аман-есен жете 

алмай кетті. Жас қыздарымыз бен бозбалаларымыз ата-ана атана алмай, өмірдің парақтарын 

ашқан кезде, сұм соғыс қыршыннан қиды.    

   


 

 

 



 

 

Қанша қасірет шегіп, зар-мұңның теңізін кешсе де, Отанға деген ұлы сүйіспеншілік 



 

254 


кеңес жауынгерлерін алға сүйреді. Сұм-қасірет төнгенде халықтардың біртұтастық танытып, 

бөлшектеніп кетпеуінің нәтижесінде Жеңіс туының желбірегені рас. Кешегі күннің жеңісі – 

бүгінгінің  жемісі.  Қазір  біздің  ашық  аспан  астына  бейбіт  өмір  сүруіміз  –  ерен  еңбек 

көрсеткен  ата,  апаларымыздың  арқасы.  Бүгінгі  ұрпақ  пен  келер  буын  болашақта  Отан-Ана 

алдында ұлы борышын өтеп, ел еңсесін көтерген қастерлі есімдерді ұмытпақ емес. 

 



1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал