Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.7 Mb.

бет28/70
Дата09.01.2017
өлшемі7.7 Mb.
түріСборник
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70

 

ОРАЛДЫҚ МЕРГЕН  ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ЕРЛІГІ 

 

Б.С. Боранбаева  

т.ғ.к., Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің доценті 

(

Орал, Қазақстан) 



 

ХХ  ғасырда  КСРО  халықтарына  ең    үлкен  қауіп  төндірген  оқиға,  ол  –  1941  жылғы 

неміс  фашистерінің  тұтқиылдан  жасаған  шабуылы.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында    бүкіл 

Кеңес    халқы  «Бәрі  де  Отан  үшін,  бәрі  де  Жеңіс  үшін»  деген  ұранмен  жұмыла  күресті. 

Майданға аттанған миллиондаған ұлдар мен қыздар кеудесін оққа тосып, толарсағынан қан 

кешіп, қажырлықпен жүргізген шайқастың нәтижесінде Ұлы жеңіске қол жеткізіп, Отанды, 

халықты қорғап қалды.  

Ұлы  Отан  соғысы  кеңестік  халықтарды  да  бір  сыннан  өткізгендей  болды,  сол  Ұлы 

соғыс  сынында  қазақтың    ұлдарымен  қатар  қыздары  да  өздерінің  жауынгерлігі, 

парасаттылығы  және  Отанға  деген  адалдығын  әлемге  паш  етіп,  қазақ  халқының  ұлттық 

мінезі мен қасиетін танытты. 

Әйгілі  қолбасшы  Бауыржан  Момышұлы:  «Соғыс  қазақ  халқының  тарихын  күрт 

өзгерткен,  бұрылыс  әкелген,  миллиондаған  отандастарымыздың  арасында  өшпес  із, 

жазылмас жара қалдырды»,- дей отырып, - Ұлы Отан соғысы тек біздің замандастарымызды 

ғана емес, адамгершілік, игілік сезімдер тұрғысынан болашақты да толғандыратын тақырып» 

[1, 238],  - 

деп  атап  көрсеткен  еді.  Ұлы  батыр  айтса  айтқандай,  бұл  тақырып  әркімді  де 

толғандырып келеді, зертеушілерді қызықтырып келе жатқаны анық.  



 

190 


Демек,  майдангер  орыс  жазушысы  Василь  Быковтың:  «Ұлы  Отан  соғысының  тарихы 

тек  төрт  жылмен  шектеліп  қалмайды,  ол  тұтас  дәуірді  қамтиды,  қиындығы  мен  құпиясы 

уақыт  өткен  сайын  біртіндеп  ашылады»,  [2],    -  деген  пікірі  өте  орынды  айтылған  деп 

санаймыз.  Расында,  Ұлы  Отан  соғысы  туралы  деректер  біртіндеп  табылуына  байланысты 

біздің де түсінігіміз бен танымымыз жыл өткен сайын тереңдеп келеді.  

Ұлы  Отан  соғысына  қатынасқан  қазақстандықтардың  арасында  жауынгер  қыз-

келіншектердің үлесі зор. Тарихшы ғалым М.Қозыбаев өз еркімен майданға сұранып, өтініш 

жазған  қазақстандықтардың  40  пайызы    қыз-келіншектер  [3,  38  б.]  болғандығын  айтады.  

Солдат  шинелін  киген  жауынгер  қыздар  туралы    еңбегінде    В.С.Мурманцева  Ұлы  Отан 

соғысына 800 мыңнан астам  кеңестік жауынгер әйелдердің қатынасқандығы [4, 9 б.] туралы 

дерек береді.   

Ал тылдағы кеңес әйелдерінің майданға қосқан ерен еңбегі жөніндегі Г.Нұрбекованың 

«Женщины Казахстана фронту»  атты  зерттеуінде: «Всего в боях на фронтах Отечественной 

войны из Казахстана, по неполным данным, участвовало около 6 тысяч женщин» [5, 23 с.],- 

деп  жазады.  Ал,    осыншама  жауынгер  қыз-келіншектердің  арасындағы    қазақ  қыздарының 

саны  қанша?  Бұл  сұрақ  қазірге  дейін  анықталған  жоқ.  Сол  сияқты,  ел  басына  күн  туған 

заманда, өз еркімен (тіпті барлығы дерлік) майданға аттанған жауынгер қазақ қыздарының 

жауынгерлік өмірі, шейіт болғандарының қаза тапқан жерлері де толық анықталмай келеді.  

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  қолына  қару  алып,    сұрапыл  соғысқа  қатысқан  қазақ 

қыздары  аспазшы, хат тасушы,  дәрігерлік  көмек  көрсету  сияқты  мамандықтарды  игерумен 

бірге, сол уақыттағы қыздар арасында сирек кездесетін ұшқыш, танкшы, мерген, пулеметші, 

барлаушы, байланысшы сияқты әскери мамандықтардың барлығын да  меңгерген.  

Жалпы  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  жауынгерлерден  уақыт  

110 түрлі мамандықты игеруді талап еткен екен [2]. Осы орайда ер жүрек жауынгер қыздар 

туралы   Кеңес Одағының маршалы А.И.Еременко өзінің әскери мемуарлық еңбегінде: «Ұлы 

Отан соғысында қыздар араласпаған, қыздар меңгермеген әскери мамандық кем де кем» [6, 

293  с.],-  деп  жазған  еді.  Ендеше      соғыс  даласында  әскери  мамандықты  игерген      қазақ 

қыздары:  Кеңес  Одағының  батыры  мерген  Әлия  Молдағұлова,    Кеңес  Одағының  батыры 

пулеметші Мәншүк Маметова, шығыстан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз Х. Доспанова, сондай-

ақ    Литва  қаласын  азат  етуге  қатысқан  танк  экипажының  құрамында    танк  айдаған    қазақ 

қыздары      «Батырлығы  үшін»  медалінің  иегері,  кіші  сержант  Ж.Байтасова,  К.Талқанбаева, 

жаудың  тылына  кіріп,  танктерге  жол  ашатын  жаудан  «тіл»  әкелетін  (жеңіл  танкідегі) 

барлаушы  К.Тоқбергенова,  сонымен  бірге    осы  танк  экипажының  радист,  пулеметші  қызы   

Ж.Бисембаева  т.б.  Міне,  республика  көлемінде  майдан  даласында  ерлік  көрсеткен    қазақ 

қыздарының есімін осылай одан әрі  жалғастыра беруге болады.  

Ал олардың арасында  өз өлкемізден шыққан жауынгер қазақ қыздары да аз болмады. 

Олар:  300  рет  әуе  шайқасына  қатысқан  ұшқыш  Х.Доспанова,  І  гвардиялық  шабуылдаушы 

авиациялық полк құрамында Калинин, Солтүстік-Батыс, Брянск, І және ІІ Прибалтика, І және 

ІІ  Белорус  майдандарындағы  сұрапыл  соғыстарға  және  «Берлин»  операциясына  қатысқан 

радиобайланысшылар    Ғарифа  Рахметова,  Замиха  Наушева,    Висла  өзені  маңындағы 

шайқаста  дзот үнін өшіріп «ІІІ дәрежелі Даңқ» орденіне ие болған М.Кожахметова, «Ерлігі 

үшін»  медалінің  иегері  ефрейтор,  мерген  қыз  Мәлика  Тоқтамышова,  Карель  майданында 

партизан  бөлімшелерінің  ІІ  класты  байланысшысы    болған  Майра  Мақатова,  С.Г.Жунин 

басқарған 8-партизан бригадасының байланысшысы, Белоруссия партизаны Қызыл Жұлдыз 

ордені  мен  «Отан  соғысының  партизаны»  жауынгерлік  медальдерінің  иегері    Нұрғаным 

Байсеитова, Қызыл Жұлдыз ордені мен «Ерлігі үшін» медалінің иегері әскери медициналық 

қызмет капитаны Роза Момынова т.б. Міне,  осындай өлкемізден шыққан 17  қазақ  қызының 

жауынгерлік ерлігі туралы біздің авторлығымызбен баспадан жарияланғалы отырған  «Ұлы 

Отан соғысына қатысқан Батыс Қазақстан облысының қазақ қыздары» атты еңбекте толық 

баян етілді. 

Міне,  солардың  арасында  Подольск  Орталық  мерген  қыздар    мектебінің  түлектері  

оралдық мерген ефрейтор қазақ қыздары М.Тоқтамышева мен М.Кожахметованы біреу білсе 



 

191 


біреу  біле  бермейтіні  анық.  Дерек  көзі  бойынша  Кеңес  Одағының  Батыры  мерген 

Ә.Молдағұлова  оқыған  бұл  мерген  қыздар  мектебі  сұрапыл  майданға  2484  нәзік  жанды 

шебер атқыштарды дайындап аттандырған [4, 10 б.]. Облыстық мұрағат дерегіне сүйенсек, 

Подольск  мергендер  мектебін  біздің  өлкемізден  М.Кожахметова,  М.Тоқтамышева, 

Р.С.Пискунова,  О.П.  Гунина,  Л.Н.Лещева  т.б.  барлығы  30  мерген  қыз  бітіріп,  майданға 

аттанған [7, 4 п.].  

Демек,  тақырыбымызға  қарай  ойымызды  одан  әрі  өрбітсек,  бұл  екі    мерген  қыздың 

екеуі  де,    Орал  облысы  Жымпиты  ауданының  тумысы,  яғни,  Сырым  баба    топырағынан 

шыққандар.  Енді  алдымен  Мәлика  Тоқтамышева  жөнінде  айтсақ,  ол  1924  жылы  Орал 

облысы Жымпиты ауданында дүниеге келген.   

1939 жылы байланысшы (телефонистка) болып жұмыс жасаған Мәлика ел басына күн 

туып,  Ұлы  Отан  соғысы  басталған  уақытта    Жымпиты  ауылынан  Оралға  келіп,  облыс 

орталығындағы  1926  жылдан  қызмет  жасайтын  «Красный  Октябрь»  (жүннен  басылған  аяқ 

киім  (байпақ)  шығаратын)  фабрикасына  жұмысқа  орналасады  да,  1943  жылы  соғысқа 

аттанғанға дейін осы жерде  қызмет етеді  [8,72 б.].  

Осылайша  1943  жылы  23  маусымда  өз  еркімен    майданға  аттанған  Мәлика 

Тоқтамышева  Оралдық  24  қызбен  бірге    Москва  түбіндегі  Подольск  Орталық  мергендер 

мектебіне  жіберіледі  [9,  262  с.].  Кеңес  Одағының  Батыры    Ә.Молдағұлова  оқыған  бұл 

мергендер  мектебінен  Мәлика  да  оптикалық  прицелді  винтовканы  (оптический  прицель) 

қолдануды  меңгерген  мерген  атанады.  Сөйтіп,  1944  жылы  2  наурызда  бір  топ  мерген 

қыздармен  бірге  Мәлика  да    І  Балтық  майданы,  145-атқыштар  дивизиясы,  509-атқыштар 

полкына аттанады [10]. Мәлика анасына айтқан уәдесін бұзбай  майданнан үзбей хат жазып 

отырды.  Енді  мерген  қыздың  жауынгерлік  өмірінің  хабаршысындай  болған  сол  хаттарға 

кезек берсек: «Біздің тұрған жертөлеміз сондай жылы, төрт қыз бірге тұрамыз, біріміз апа, 

біріміз  сіңлі,  құрдас  сияқты  өте  тату  доспыз.  Бір  күні  жауды  торуға  шыққанбыз,  фрицтің 

мергені  бізді  көріп  қалыпты,  оны  менің  серігім  Люба  мұрттай  ұшырды.  Одан  басқа 

екеуміздің біреумізге қатер еді»,- дейді. Мәликаның үйіне жазған тағы бір сондай хатында: « 

Аңдуда отырғанда кірпік қағуға болмайды. Өйткені сені де ол аңдуда. Сондықтан көз жазып 

қалмау үшін қадала қарап отырмасаң жаныңа қауіп. Бір мезгілде көзіме бір нәрсе  қылаң ете 

қалғандай болған еді. Қасымдағы серігім Люба кірпігін қағуға келтірместен қағып сұлатты. 

Сұлай түскенін анық көрдім. Ол жалғыз емес. Серігін мен де күтудемін. Сұлағанның қасына 

біреу бауырымен жер сызып келіп аударам дегенде, өзі аударылып түсті. Бұл екеуі разведчик 

группасынан  екен.  Бізге  енді  өте  мұқият  болу  керек.  Сонымен  сол  күнгі  отырған  жеріміз  

құтты  болып  санды  он  беске  жеткіздім.  Люба  да  қылаң  еткенін  қиып  түсіп,  қайтіп  қарсы 

шықпайтын еткен көрінеді» [8, 73 б. ],-деп қуанып жазады.  

Тағы  бір  хатында    «Енді  біздің  қолдан  жердің  бетімен  қош  айтысқандар,  қайтып 

оралып кеңес өкіметінің жерін баспас.  Мылтық – мергенге, мерген – мылтыққа сай әлі күнге 

дейін  көңіліміз  бір-бірімізден  қалып  көрген  жоқ.  Әрбір  сапарымыздан  осындай  олжамен 

оралсақ,  бұлақ  суы  емес  таусылмайтын,  күні-түні  бірдей  калибрге  құшақ  жайып  көрісер 

күннің алыстамайтын несі бар» [8, 73 б. ],- дейді.  

Сондай-ақ оның: «Мен Отан алдында берген антымды орындауға әрқашан дайынмын. 

Бүгін жер кепеден шығып, винтовкамды кеудеме қысып тұрып, дұшпан позициясына көзім 

талғанша ұзақ қарадым. Кенет, бірдеңе қарсы жақтан қылаң еткендей болды. Винтовкамның 

дүрбісінен қарап едім, арнайы бүркеме халат киген немісті көзім шалды. Көздеп тұрып, атып 

қалғанымда неміс солдаты құлап түсті. Мұндай қуанбаспын. Тіпті ыңылдап әндеткім келіп 

кетті.  Қазір  мен  өлтірген  фашист  солдатының  саны  он  беске  жетті.  Біздің  бәріміздің  де 

фашистерге деген ыза - кегіміз сағат сайын қайнай түсуде. Совет адамдары қандай ержүрек, 

батыр  десеңізші!  Сіздермен  кездесер  күн  де  алыс  емес.  Ия,  алыс  еместігіне  мен  кәміл 

сенемін.  Дұшпанның  жуық  арада  жер  құшары  сөзсіз.  Әзірге  сау  болыңыздар,  сүйікті  ата-

анам, бауырларым» [8,73-74 б б.],-  деп  жазған хат мазмұнынан қазақ қызының патриоттық 

бітім болмысын анық көруге болады.  


 

192 


 

1944  жылы  1  май  күні  жазған  хатында  Мәлика:    «Сендерден  бүгін  екі  айдан  бері 

күткен  хатты  алып,  амандықтарыңды  біліп,  сондай  қатты  қуанып  қалдым.  Міне,  қазір 

жорықтан келіп отырмын. Мереке құрметіне санын санағаным жоқ. Люба екеуміз талайын 

жайратып құрбан еттік. Немістер өздері бізге жердің бірінші қабат бетінде қадамдап жүруге 

ешқандай мүмкін емес, қисаңдар екінші қабатын беріңдер дегесін тілектерің болсын дедік»,-

деп мақтанышын да жасырмайды. Осы хаттан кейін көп кешікпей Мәлика 1944 жылы 6 май 

күні Балтық майданы қолбасшысының №820-бұйрығымен «Ерлігі үшін» медаліне ие болады 

[8, 75 б.]. 

Алайда  Мәликаның:  «Осы  уақыт  ішінде  мен  тағы  да  біраз  фашисті  жайраттым. 

Бұрынғыдай  емес,  енді  олар  бұғып,  еңбектеп,  жер  бауырлайтын  болды.  Қорқақ  қой  олар, 

әрбір солдатының бейшара   және опасыз  екеніне қөзім анық жетті» [8,74 б.], - деп жазған 

хаты оның үйіне жазған соңғы хаты болды.  

Тағдырға  не  шара,    қыздарының  осы  хатын  алғаннан  кейін  ата-анасы  көп  кешікпей 

Мәликаның мерген серіктесі Люба Крайнованың: «Сәлеметсіздер ме, қымбаттыларым. Мен 

Мәликанің жақсы құрбысы едім. Екеуміз мергендер мектебін бірге бітіріп, майданға да бірге 

аттанғанбыз.  Ұрыс  шебіне  де  бірге  шығып  жүрдік.  Амал  қанша,  сіздерге  жайсыз  хабар 

жолдап отырмын. 11 июнь күні Мәлика дұшпанды аңдып жүріп, неміс мергенімен бетпе-бет 

ұшырасып  қалды.  Қарғыс  атқыр  фриц  алдымен  аңғарып,  Мәликаден  бұрын  атып  үлгерді. 

Сөйтіп,  ол  екі  қастың  ортасынан  жараланды.  Қазір  госпитальда  жатыр,  жазылып  қалар, 

уайымдамаңыздар» [8, 74-75 бб.] - деп жазған  хатын   алады. 

Өкінішке орай ауыр жараланған    Мәлика арада үш күн өткен соң 1944 жылы 14 июнь 

күні    қаза  табады.  «Ерлігі  үшін»  медалімен  наградталған    қазақтың  мерген  қызы  Мәлика 

Тоқтамышованың  денесі    Витебск  облысы    Городок  ауданы  Большой  городок  селосында 

жауынгерлер зиратына қойылады [11, 89 б.] .  

Батыс  Қазақстан  облыстық  мемлекеттік  мұрағат  қорында  1944  жылы  Орал  қалалық 

әскери комиссариатына далалық жылжымалы госпитальдан: 

21 июня 1944 г.  

№ 22/ VI.     Секретно 

Город Уральск – Горвоенкамату 

В  прилагаемом  нами  извещении  о  смерти  ефрейтора  Тухтамышевой  Марьям 

Гумаровны  –  внесите  поправление  на  Тохтамышеву  Малика  Гумаровна,  уточнено  по 

комсомольскому билету 

Зав. Медицинским делопроизводством сержант Ковалев» [12, 53 п.],- деген  мазмұнда 

жазылған  мына  жеделхат  сақталған.  Онда    майдан  даласында  мерт  болған  мерген 

Тоқтамышева  Малика  Ғұмарқызының  аты-жөні  комсомол  билеті  арқылы  анықталып 

жазылғаны айтылады.     

 

Демек, Ұлы Жеңіс  жолында ажал құшқан қазақтың   мерген қызы Мәликаның есімі 



ұмытылмайды. Бұл ерлік өскелең ұрпақ жадында мәңгілік сақталады.  

Енді,  Мәлика Тоқтамышева сияқты Орал өңірінен шыққан  тағы бір мерген қазақ қызы  

Висла өзені маңындағы шайқаста  дзот үнін өшіріп «ІІІ дәрежелі Даңқ» орденіне ие болған, 

«Берлин» операциясына қатысқан  Мүслима Кожахметова. 

1941-

1945  жылдардағы  сұрапыл  соғысқа  қатысқан  кеңестік  патриот  қыздар  туралы 



Кеңес  Одағының  Маршалы      К.К.  Рокоссовский:  «Когда  я  думаю  о  том,  что  свершил наш 

народ в те суровые и грозные годы, меня особенно восхищает стойкость советских женщин, 

на  долю  которых  выпали  столь  жестокие  испытания.  Рядом  с  мужчиной  шагали  они  по 

пыльным дорогам войны, вязли в болотах, ходили в штыковые атаки. Девушки – снайперы 

днем  и  ночью  выслеживали  врага  на  самом  переднем  крае»  [4, 7-8  с.]  -,  деп  жазған  еді. 

Әскери  қолбасшының  тебірене  жазғанындай,  жеңіс  күнін  жақындатуға  үлесін  қосқан  сол 

мерген қыздардың арасында дзот үнін өшірген қазақ қызы Мүслима Кожахметова да болды.  

Қожахметова  Мүслима  Батыс  Қазақстан    облысы  Жымпиты  ауданының  Қособа  елді  

мекенінде 1924 жылдың 15 тамызында дүниеге келген. Соғыс басталған уақытта  8 - класта 

оқып жүрген Мүслима  кешкі мектепке ауысып, күндіз баспаханада жұмыс істейді. 



 

193 


1943 жылы 9-класс бітірген соң өз еркімен майданға жіберуді сұрап,  жазған өтінішін 

әскери комиссариат жасы жетпейтінін айтып, кері қайтарады. Алайда өжет қыз алған бетінен 

қайтпай, әлденеше рет сұранып жүріп, ақыры 1943 жылы 24 маусымда Оралдан аттанған 24 

қызбен  бірге  (деректерді  саралап  қарағанымызда  осы  топтың  ішінде  мерген  Малика 

Тоқтамышева  да  бар)  Москва  түбіндегі  Подольск  Орталық  мерген  қыздар  мектебіне 

жіберіледі. 

Осылайша  мерген  қыздар  мектебін  сәтті  аяқтап,  ефрейтор  шеніндегі  мерген  атанған 

Мүслима Кожахметова 1944 жылы 14 наурызда Калинин майданының Великие Луки қаласы 

маңындағы 21-дивизияның 3-атқыштар армиясына жіберіледі [13].  

Осылайша  мерген  қыз  Мүслима  Кожахметова  қаруластары  рота  командирі  Нина 

Лобковская,  Клавдия  Киселева,  Руфа  Ускина,  Фатима  Мухамбетжановалармен  бірге 

Ресейдің  солтүстік  батысындағы  қалың  орманды  аймағындағы  Михайловск,  Святые  горы,  

Псков  қалаларын  азат  етуге  қатысып,  одан  соң  соғысты  Эстония,  Латвия,  Польша 

жерлерінде  жалғастырып,    Берлинді  алу  операциясымен  аяқтайды.  Сұрапыл  соғыста 

мергендігімен  көзге  түскен  Мүслима  1944  жылы  27  мамырда  алғашқы  «Ерлігі  үшін» 

медалімен марапатталады. Қазақ қызының Жеңіс күнін жақындатуға қосқан үлесі бағаланып 

ол  «ІІІ  дәрежелі  Даңқ»  ордені  Одерден  өту  шайқасында  «Қаһармандығы  үшін»  сондай-ақ 

«Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» [14, 3 п.] медальдарына ие болады.  

Жауынгер  ана  сол  бір  сұрапыл  күндер  туралы    айтқан  естелігінде:  «Майданда  орден 

жайдан-жай беріле салмайды. 1945 жылдың басында Висла өзені үшін қатты шайқас болды. 

Менің  қасымдағы  Зинаида  Викторовна  екеумізге  взвод  командирі  жаудың  пулеметшілер 

дзотын  басып  алуға  бұйрық  берді.  Бұйрықтың  аты  бұйрық.  Екеуміз  500  метр  жерге  2 

сағаттай еңбектей жүріп жетіп,  қарлы шұңқырға келіп жайғастық. Енді жаумен арамыздағы 

қашықтық  –  150  метр.  Түннің  бір  уақытында  қуатты  прожекторлар  жарқылдай  бастады. 

Немістер  болса  беті  жабылған  окопқа  тастай  болып  бекініп  алған.  Түннің  ысқырық  аязы 

болса  күшіне  басып,  буып  тұр.  Осы  кезде  жер  бауырлап  жатқан  біз    жаудың  жасырын 

жамылғыларымен    бүркелген  техника  шоғырларын  байқадық.  Нысананы  үздіксіз  атқылап, 

бірінші  тапсырманы  абыроймен  орындадық.  Ертеңіне  күн  батуға  таянғанда  Зина  екеуміз 

көмейінен  снарядтар  төккен  жау  дзотының  үнін  өшірдік.  Осыдан  соң  біздің  жақ  жаппай 

шабуылға шықты. Алайда осы жерде мен контузияға ұшырадым. Бұл мен үшін естен кетпес 

күн  болды.  Кейін  маған  осы  шайқастағы  ерлігім  үшін  «ІІІ  дәрежелі  Даңқ»  орденімен 

марапаттады» [13],- дейді.      

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихындағы сұрапыл шайқастардың бірі  – бұл 1945 жылы 

16  сәуір  -  8  мамыр  күндері  аралығында  өткізілген  соңғы    стратегиялық  шабуыл  «Берлин 

операциясы». Деректерге жүгінсек, Германия астанасы Берлинді алу операциясына 2,5 млн. 

кеңес  жауынгерлері,  42  мыңға  жуық  зеңбірек,  миномет,  6250-ден  астам  танк  және  

артиллериялық зеңбірек пен 7500 әскери самолет [4. 52 стр.] қатыстырылған. Бұрын-соңды 

болып  көрмеген  осы  жойқын  соққыға  бүкіл  кеңес  халқының  ерік-жігері,  күш-қуаты  демеу 

берді,  ал  оны  тікелей  жүзеге  асыруға  Қазақстаннан  келген  мыңдаған  жауынгерлер  де  өз 

үлестерін  қосқан  еді.  Міне,  солардың  арасында  қазақтың  мерген  қызы  Мүслима 

Кожахметова да болды.   

Сөйтіп, мерген қыз Мүслима Кожахметова 1945 жылы маусым айында Жеңіспен елге 

оралды. 

Бейбіт  өмір  тірлігіне  белсене  араласқан  ол  Оралдағы  ет  комбинатының    мал  сою 

цехында  36  жыл  бойы  еңбек  етіп,  зейнет  демалысына  шықты.  Отбасында  екі  ұл,  екі  қыз 

тәрбиелеп  өсірді.  Алайда  тағдыр  оған  Ұлы  Жеңістің  70  жылдық    мерекесін  тойлауды 

жазбады. Майдангер ана 1998 жылы өмірден озды. 

Демек,  Отан  үшін  от  кешкен  қазақтың  мерген  қыздарының    жауынгерлік  ерлігі  мен  

адамгершілікке толы, өнегелі өмірін жас ұрпақ үлгі етеді, мақтаныш тұтады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап – Алматы: Қазақстан. 1991.- 400 б.  

2.

 



Аупбаев Ж. Қазақтың танкист қыздары // Лениншіл жас. 1984. 14 июнь. 

 

194 


3.

 

Қозыбаев М. Честнов С. Бессмертие. Алма-Ата. 1964.  



4.

 

Мурманцева В.С. Женщины в солдатских шинелях. – Москва: Воениздат. 1971. 160 с. 



5.

 

Нурбекова  Г.Д.  Женщины  Казахстана  –  Фронту.  Трудовой  подвиг  женщин  Казахстана  в 



промышленности  и  сельском  хозяйстве  республики  в  годы  Великой  Отечественной  войны.–Алма-

Ата: Казахстан. Изд. 2-ое. 1988. 

6.

 

Еременко А.И. Сталинград. – МоскваВоениздат. 1961. 



7.

 

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты.   (БҚОММ). 273-қор, 1- тізбе, 14-іс. 2-бума. 3-



парақ. 

8.

 



Ибрагимова Т. Мәңгілік алау. – Алматы: Қазақстан. 1983. – 91б. 

9.

 



Абишев Г. Казахстан в защите социалистического отечество. – Алма-Ата: Казахстан, 1969. – 320с. 

10.


 

Ибрагимова Т. Мерген қыз Мәлика // Орал өңірі, 2 мамыр, 1975. 

11.

 

 



Боздақтар Книга памяти. БҚО. ІІ бөлім. Орал. 1995. 

12.


 

 

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты 923- қор, тізбе-1, 131-іс, 53- парақ.  



13.

 

 



Қ. Тұрсынұлы Дзоттың үнін өшірген // Қазақстан  Заман, 2005. 7 қаңтар.  

14.


 

 

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты.   273-қор, 1- тізбе, 15-іс. 2-бума. 3-парақ. 



 

 

 

ПОВСЕДНЕВНОСТЬ КАЗАХСТАНЦЕВ ВОЕННОГО ВРЕМЕНИ:  

ФРОНТ И ТЫЛ 

 

В.Ф. Кузьмин  

Майор запаса, старший преподаватель военной  кафедры   

Казахского гуманитарно-юридического инновационного университета 

(

Семей, Казахстан)  



 

Правители гитлеровской Германии, внимательно следившие за происходящим в СССР, 

учитывали фактора его силы и слабости. План военного похода (“Барбаросса”) рассматривал 

СССР как “искусственное и рыхлое объединение огромного числа наций”, как своего рода 

“этнический  конгломерат,  лишенный  внутреннего  единства”  и  потому  не  способный  на 

длительное  и  упорное  сопротивление.  На  захваченной  советской  территории  фашисты 

планировали создание рейхскомиссариатов Остланд” (Белоруссия и Прибалтика), “Украина”, 

“Московия”  (Центральная  Россия),  “Кавказ”.  Уже  в  ходе  войны  их  дополнили  идеи 

образования  марионеточных  государств,  В  частности,  на  территории  от  Каспия  до  озера 

Зайсан и от Мугоджар до Кушки намечалось образовать “Гросс-Туркестан”, “Пантуркестан” 

или  “Империя  Магомета”.  Суть  планов  гитлеровцев  состояла  в  том,  чтобы  превратить 

Страну  Советов  в  колонию,  а  ее  народы—в  рабов  германских  претендентов  на  мировое 

господство. 

 

В таких  условиях началась война. Народам  Казахстана, как и всей страны, было что 



защищать  и  было  чем  защищать  свою  жизнь,  свободу  и  независимость.  Среди  вопросов 

истории  участия  республики  в  войне  следует  обратить  особое  внимание  на  военно-

мобилизационную  работу  Советов,  военных  комиссариатов  и  общественных  организаций. 

Как известно, по переписи 1939 г. население Казахстана составляло 6,2 млн. человек. В ряды 

сражающейся  армии  в  годы  войны  влились  1196164  казахстанца,  для  работы  в 

промышленности  были  мобилизованы  еще  670  тыс.  человек.  Даже  с  учетом  размещения  в 

республике примерно 1,5 млн. жителей прифронтовой полосы и репрессированных народов 

процент  мобилизации  оказался  очень  высоким:  на  фронт  и  в  оборонную  промышленность 

отправился  каждый  четвертый  житель  республики.  Столь  высокий  процент  мобилизации 

оказался  возможным  главным  образом  благодаря  аграрному  характеру  экономики  и 

высокому удельному весу крестьянства среди населения. 

Успех  мобилизации  предопределили  вера  людей  в  идеалы  социализма,  ненависть  к 

фашизму,  сложившиеся  узы  дружбы  народов,  отечественный  характер  начавшейся  войны. 

Все  это  вместе  взятое  оказалось  сильнее  наследий  сталинизма.  Патриотические  чувства 

победили  чувство  обиды  на  Советскую  власть  и  у  большинства  тех,  кто пострадал  в  годы 


 

195 


гражданской войны и коллективизации. Следует также признать, что Советское государство, 

партия коммунистов, комсомол и другие объединения трудящихся и их руководители Н. А. 

Скворцов,  Н.  Д.  Ундасынов.  А.  Казакпаев,  Ж.  Шаяхметов  и  другие  продемонстрировали 

высокие  организаторские  способности  в  военно-мобилизационной  работе,  а  также  в 

руководстве экономикой и всеми сферами жизни республики в военные годы. 

 

Казахстан  в  период  Сталинградского  сражения  стал  прифронтовым  районом.  3 



сентября  1942  г.  было  объявлено  военное  положение  на  побережье  Каспийского  моря. 

Вражеская авиация много раз бомбила станции Сайкин, Джаныбек и Шунгай, через которые 

в город-герой на Волге шли пополнения и воинские грузы, а оттуда эшелоны с ранеными и 

мирными  жителями.  В  Уральске  и  Гурьеве  были  созданы  городские  Комитеты  Обороны. 

Опираясь на поддержку всего населения, они обеспечили выполнение заказов Действующей 

армии по ремонту оружия и боевой техники, поставкам продовольствия и лечению раненых. 

Ключевой проблемой истории республики тех лет является проблема работы тыла. На 

первом  этапе  войны  (июнь  1941-1942)  была  осуществлена  перестройка  экономики  на 

военный лад. В короткий срок удалось многие предприятия промышленности переключить 

на  выпуск  оборонной  продукции,  Это  потребовало  перераспределить  трудовые, 

материально-технические  и  финансовые  ресурсы  на  нужды  военной  экономики,  создать 

новые  схемы  кооперирования  и  специализации  производств.  В  сельском  хозяйстве  была 

изменена структура посевных площадей, начато возделывание новых культур, пересмотрены 

формы организации труда. Во всех отраслях экономики и сферах жизни общества пришлось 

организовать  массовую  подготовку  и  переподготовку  рабочих  и  руководящих  кадров,  в 

основном из женщин и молодежи. Пришлось увеличить продолжительность рабочей неделе 

отсрочить  отпуска,  запретить  или  ограничить  право  перехода  на  другую  работу.  Резко 

ухудшилось  государственное  снабжение  продовольствием  и  промтоварами,  во  много  раз 

возросли цены на рынках. Все трудности были преодолены. 

 

На  базе  разведанных  запасов  месторождений  марганцу  цветных  и  редких  металлов 



развернулось строительство новых горнодобывающих предприятий. В июне 1942 г. вступил 

в строй Восточно-Коунрадский молибденовый рудник, который вскоре стал давать 60 тонн 

молибдена  из  каждых  100  тонн,  добывавшихся  тогда  в  стране.  За  38  дней  был  создан 

Джездинский  марганцевый  рудник.  Всего  за  1941-1945  гг.  было  построено  25  рудников, 

шахт и карьеров, 11 обогатительных фабрик. Казахстан стал давать 85% свинца, 30% меди, 

65% металлического висмута, 70% полиметаллических руд, производившихся в Союзе 

 

Героические  страницы  в  историю  военной  экономики  вписали  шахтеры  Караганды. 



Добыча угля выросла на 70 проц., а коксующегося - почти в два раза. Нефтепромыслы Эмбы 

и  Актюбнефти  дали  в  1943  г,  максимальную  добычу  нефти  за  все  время  своего 

существования. В Гурьеве вступили в строй вторая очередь машиностроительного завода им. 

Г.  И.  Петровского,  морской  порт,  нефтеперерабатывающий  завод.  Были  построены  и 

введены в эксплуатацию нефтепровод Гурьев - 0рск, промысел Комсомольский, установки с 

отбором  бензина  и  дизельного  топлива  на  промысле  Кульсары  и  Искине.  Завершение 

строительства  Урало-Эмбенского  нефтяного  комплекса  явилось  еще  одним  подвигом 

тружеников  республики,  увеличившим  добычу  ценного  стратегического  сырья  - 

высокооктановой нефти, столь необходимой для победы над врагом. 

Напряженно  работал  железнодорожный  транспорт.  Вступили  в  строй  магистрали 

Акмолинск  -  Караталы,  Гурьев  -  Кандагач  -  Орск,  Джамбул  -  Чулактау  и.  Талды-Курган  - 

Текели.  В  годы  войны  перевозки  каменного  угля  выросли  в  два  раза,  а  руд  и  нефтяных 

грузов - в 4 раза. 

Составной  частью  перестройки  тыла  стал  прием  и  размещение  эвакуированных 

предприятий.  В  Казахстан  прибыли  и  были  введены  в  строй  действующих  220  фабрик, 

заводов,  мастерских,  артелей  и  промкомбинатов  (в  ходе  войны  20  из  них  были 

реэвакуированы).  Наибольшее  количество  предприятий  приходилось  на  долю  пищевой 

промышленности  (54  завода  и  фабрики),  легкой  и  текстильной  промышленности  (53). 

Размещались  они,  как  правило,  на  базе  родственных  предприятий.  Строившийся 


 

196 


Актюбииский ферросплавный завод получил оборудование Запорожского ферросплавного, в 

Караганде разместился завод горношахтного оборудования им. Л. И. Пархоменко. Комплекс 

медного  Балхаша  стал  еще  совершеннее,  когда  вступил  в  строй  Кольчугинский  завод 

цветного  проката.  Многие  эвакуированные  предприятия  начиняли  работу  в  наспех 

приспособленных  помещениях  и  даже  под  навесами.  Нередко  на  новые  места  прибывала 

едва  десятая  часть  прежнего  коллектива  рабочих  и  инженерно-технического  персонала.  В 

таких  условиях  налаживалось  производство  не  только  старых  видов  продукции,  но  и  ряда 

новых образцов вооружения и боеприпасов. Ведущая роль в этом принадлежала, примерно 

20 заводам машиностроения, и металлообработки, прибывшим из западных районов. На их 

базе  в  нашей  республике  возникли  машиностроение,  станкостроение,  черная  металлургия, 

оборонная  промышленность.  Не  покладая  рук  трудились  во  имя  Победы  десятки  и  сотни 

тысяч  рабочих.  О  трудовых  свершениях  наиболее  выделявшихся  из  них  -  шахтеров  Ж. 

Абдрахманова,  Ж.  Мукановой  и  Т.  Кузембаева.  горняков  Г.  Хайдина  и  В.  Дементюка, 

нефтяников  Р.  Искариева  и  Б.  Утеулина  и  многих  других  гвардейцев  тыла  сообщалось  в 

сводках  Совинформбюро,  писали  газеты.  Их  труд  умело  организовывали  и  обеспечивали 

такие  инженерно-технические  работники  и  руководители  предприятий,  как  И. 

Бермагамбетов,  А.  И.  Вартанян,  Д.  А.  Кунаев,  П. X.  Резчик,  А.  М.  Сиразитдинов,  А.  Г. 

Стаханов. 

Труженики нолей республики осенью 1941 г. сдали государству более 100 млн. пулов 

или в расчете на одного трудоспособного колхозника 79.5 пудов хлеба. В 1942 г. посевные 

площади в Казахстане возросли за счет освоения новых земель на 842 тыс. га, что составляло 

30  проц.  прироста  посевных  площадей  СССР.  В  историю  республики  навсегда  вписаны 

имена  прославленных  животноводов,  растениеводов  и  механизаторов  -  П.  Ангелиной,  Ч. 

Берсиева, В. Бондаревой, И. Жахаева, А. И. Дацковой, М. Демченко, Н. Доскожановой, Ким 

Ман  Сама,  С.  Курманбаева,  Ж.  Мукашевой,  С.  Омарбекова  и  др.  В  Казахстане  было 

размещено 532,5 тыс. человек эвакуированных, 102,5 тыс. депортированных поляков, более 

361 тыс. репрессированных немцев. 507 тыс. жителей Северного Кавказа. Таким образом, в 

нашей республике в годы войны нашли вторую малую родину около 1,5 млн. человек. 

 

Особой темой является патриотизм народа, Проявился он не только в труде, но и во 



многих других делах. В их числе - добровольные взносы денежных средств на вооружение, 

сбор и изготовление теплой одежды и обуви для фронтовиков, забота о раненых, инвалидах 

и семьях воинов, помощь населению освобожденных от фашистской оккупации районов. 

 

В  трудах  историков  раскрыт  плодотворный  труд  интеллигенции  в  грозные  годы 



войны.  В  качестве  примера  можно  назвать  деятельность  Комиссии  АН  СССР  по 

мобилизации ресурсов Урала, Западной Сибири и Казахстана, разработавшей долгосрочную 

программу  развития  производительных  сил  Центрального  Казахстана,  Урало-Эмбенского 

района  и  расширения  рудной  базы  цветной  металлургии  республики.  В  работе  Комиссии 

деятельное участие приняли работники 13 эвакуированных научных учреждений, институтов 

Казахского филиала АН СССР, которым успешно руководил академик К. И. Сатпаев. В годы 

войны  в  составе  Казахского  филиала  были  созданы  14  новых  научно-исследовательских 

институтов  и  в  ноябре  1944  г.  Советское  правительство  приняло  решение  о  его 

реорганизации в республиканскую академию, которая была открыта в июне 1946 г. 

 

В  научной  и  научно-популярной  литературе  показаны  боевые  дела  казахстанцев  на 



фронтах  Великой  Отечественной  войны.  Это  позволяет  ограничиться  лишь  наиболее 

важными моментами. 

 

Прежде всего необходимо выделить вопрос о потерях нашей республики в людях. Они 



впервые, хотя пока еще и не окончательно, определены в связи с подготовкой Книги памяти: 

всего погибло в боях, умерло от ран, болезней и во вражеском плену, а также пропало без 

вести около 410 тысяч казахстанцев, то есть каждый третий из ушедших на фронт. 

 

Второй  вопрос  -  о  числе  награжденных  воинов-казахстанцев.  В  литературе 



встречаются  разные  цифры.  Называли  более  60  тыс.,  потом  -  свыше  200  тыс.  человек.  В 

действительности  их  было  гораздо  больше  -  из  доживших  до  Победы  около  800  тыс. 



 

197 


казахстанцев,  проходивших  службу  в  Вооруженных  Силах,  в  Действующей  армии 

находились  в  любом  случае  больше  половины  и  все  они  были награждены  хотя  бы  одной 

медалью - “За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.”. 

 

Мало написано и о целой группе, казахстанцев - Героев Советского Союза. Более того, 



из-за  несовершенства  делопроизводства  в  воинских  частях  того  времени  даже  количество 

наших  земляков,  отмеченных  орденом  Ленина  и  медалью  “Золотая  Звезда”,  определить 

удалось не сразу: после окончания войны их насчитывалось 369 человек, в 1968 г. - 447, а к 

настоящему  времени  известно,  что  из  518  Героев  Советского  Союза  -  казахстанцев  497 

солдат, сержантов и офицеров заслужили это звание в боях минувшей войны. Первым  его 

был  удостоен  сын  крестьянина  из  села  Успенка  Павлодарской  области  генерал-майор 

танковых  войск  Семенченко  Кузьма  Александрович,  танковая  дивизия  которого  хорошо 

зарекомендовала  себя  ударами  по  врагу  на  Киевском  направлении  в  первые  дни  и  недели 

войны. Последним - 11 декабря 1990 г. - звание Героя получил посмертно Бауржан Момыш-

улы. В дни битвы за Москву, он, старший лейтенант, со своим батальоном трижды побывал в 

окружении и не только выходил из объятий смерти, но и обеспечил отход на новый рубеж 

всей Панфиловской дивизии. В конце войны полковник Момыш-улы, успешно командовал 

9-

й  гвардейской  стрелковой  дивизией.  В  числе  Героев  -  две  первые  женщины  Востока  - 



Маншук Маметова н Алия Молдагулова, а также четыре аса, заслуживших высшее отличие 

дважды:  Талгат  Якупбекович  Бегельдинов,  Леонид  Игнатьевич  Беда,  Сергей  Данилович 

Луганский  и  Иван  Фомич  Павлов.  Высоко  чтут  в  народе  и  тех,  кто  отмечен  всеми  тремя 

степенями  ордена  Славы,  В  нашей  республике  110  человек  стали  полными  кавалерами 

ордена солдатской доблести. 

Особо  следует  сказать  о  вкладе  в  разгром  немецко-фашистских  захватчиков 

соединений и частей Советской Армии, сформированных в Казахстане. Всего в 1941-1942 гг. 

на  территории  республики  было  создано  12  стрелковых  дивизий,  7  стрелковых  бригад,  4 

кавалерийских дивизии и около 50 отдельных полков и батальонов других родов войск. В их 

числе  -  2  казахские  национальные  стрелковые  бригады  и  3  казахские  национальные 

кавалерийские дивизии. 

 

Все  оставшиеся  до  конца  войны  12  стрелковых  дивизий  заслужили  почетные 



наименования.  Кроме  того,  пять  из  них  отмечены  одним,  четыре  -  двумя,  а  две  дивизии  - 

тремя  орденами  каждая.  Назовем  полное  название  пяти  казахстанских  соединений, 

заслуживших звание гвардейских. Это - 8-я гвардейская стрелковая Режицкая ордена Ленина 

Краснознаменная  ордена  Суворова  имени  Героя  Советского  Союза  генерал-майора  Н.  В. 

Панфилова,  27-я  гвардейская  стрелковая  Новобугская  Краснознаменная  ордена  Богдана 

Хмельницкого,  30-я  гвардейская  стрелковая  Рижская  Краснознаменная,  72-я  гвардейская 

стрелковая  Красноградская  Краснознаменная,  73-я  гвардейская  стрелковая  Сталинградско-

Дунайская Краснознаменная дивизии. 

 

Обобщая,  можно  повторить  две  фразы  из  передовой  статьи  газеты  “Правда”  за  6 



февраля 1943 г.: “Хорошо бьются казахи на фронте, хорошо работают для фронта их отцы, 

матери,  жены  в  тылу.  Казахстан  могуче  подпирает  фронт  всеми  богатствами  своей  земли, 

всеми сокровищами своих гор ”. 

Вклад тыла Казахстана. 

Для работы в промышленности было мобилизовано 670 тысяч человек. 

Кроме того, фронтовикам отправлялись теплые вещи, подарки. Труженики Казахстана 

отправили  на  фронт  2,5  миллиона  штук  теплой  одежды,  на  фронт  было  доставлено  1600 

вагонов подарков. 

Население Казахстана стало собирать средства на строительство танков, самолетов,  а 

также  целых  колонн  и  эскадрилий.  Всего  добровольные  взносы  казахстанцев  в  фонд 

обороны Родины составили более 4 миллионов рублей. В целом, на средства, добровольно 

собранные  тружениками  республики,  не  считая  минометов  и  зенитных  установок,  по 

стоимости того времени, можно было произвести 1 890 танков или 3 790 самолетов. 


 

198 


На эти средства были созданы и отправлены на фронт: 

танковая колонна "Колхозник Казахстана" 

танковая колонна "Комсомолец Казахстана" 

танковая колонна "Осоавиахимовец" 

танковая колонна "Рабочий совхоза" 

танковая колонна "За Радяньску Украину" 

воздушная эскадрилья "Советский Казахстан" 

авиаэскадрилья истребителей "Советский Казахстанец" 

подводная лодка "Комсомолец Казахстана" 

самолет "Боевые подруги" 

На территорию Казахстана прибыло около 1,5 млн. человек из числа эвакуированных, 

депортированных и репрессированных. 

Используя опыт царского правительства 1916 г., решением ГКО наряду с действующей 

армией  были  созданы  специальные  строительные  батальоны,  которые  формировались  из 

представителей коренных национальностей Средней Азии, Казахстана и репрессированных 

народов, переселенных в наш край. 

В Трудовую армию из Казахстана было направлено через военные комиссариаты 700 

тыс. человек. 

Трудармейцы,  в  основном,  участвовали  в  строительстве  оборонных  объектов, 

предприятий  оборонного  значения,  железнодорожных  узлов  и  электростанций.  А 

специальные  строительные  батальоны  в  основном,  занимались  реконструкцией  и 

строительством  военных  объектов  прифронтовых  районов.  Они  практически  работали  под 

огнем неприятеля. 

Например,  на  строительстве  столь  нужной  для  войны  шестой  домны  Магнитогорска 

принимали участие 10 тысяч казахов. Жизнь и условия работы в тылу мало чем отличались 

от  фронтовых.  Удельный  вес  людей,  призванных  в  Трудармию  из  Казахстана  был  очень 

высок. Так, каждый четвертый житель республики привлекался к строительству оборонных и 

фронтовых  объектов.  Мобилизационный  уровень  республики  был  выше  по  сравнению  с 

Германией,  которая  воевала  в  два  фронта.  Если  немцы  мобилизовали  12%  населения,  то  в 

Казахстане он превысил 24%. 

Для работы в промышленности было мобилизовано 670 тысяч человек. 

Казахстан  принимал  эвакуированные  предприятия.  В  1941-1942  годах  в  Республику 

было  перебазировано  220  заводов  и  фабрик,  цехов  и  артелей,  в  основном  из  Украины, 

Белоруссии,  Молдавии,  Москвы,  Ленинграда,  в  том  числе  54  завода  и  фабрики  легкой 

промышленности. 

Основными  районами  размещения  перебазированных  предприятий  были  Алма-Ата, 

Уральск, Петропавловск, Чимкент, Семипалатинск. Караганда, Актюбинск. 

Всего  в  1941-1945  годах  в  Казахстане  было  построено  460  предприятий,  включая  и 

эвакуированные. 

Казахстан  стал  давать  85%  свинца,  35%  меди,  60%  молибдена,  65%  висмута,  79% 

полиметаллических руд. Шахтеры Караганды за годы войны выдали 34 млн. тонн угля, на 39 

% возросла добыча нефти. 

 



1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал