Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.7 Mb.

бет2/70
Дата09.01.2017
өлшемі7.7 Mb.
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

Список литературы: 

 

1.

 



Кизимова Е.А., Кизимова С.П. Шаршаны. Брянск: Изд-во БГУ, 2003. 

2.

 



Козлов Н.Д. Повседневная жизнь советских людей на оккупированной территории в годы Великой 

Отечественной  войны  в  современной  историографии  //  Война  и  повседневная  жизнь  населения 

России XVII – ХХ вв. (к столетию начала Первой мировой войны): матер. межд. науч. конф., 14-16 

марта 2014 г. / под общ. ред. проф. В.Н. Скворцова; отв. ред. В.А. Веременко. СПб.: ЛГУ им. А.С. 

Пушкина, 2014. С. 37-44. 

3.

 



Личный архив С.П. Кизимовой. 

4.

 



Пивоварова Л.Н. «Этот русский генерал сделан из материала, из которого делаются маршалы…» 

(о  генерале  армии  Н.Ф.  Ватутине)  //  Военная  история  России:  люди  и  события  (к  70-летию 

Великой Победы): материалы междунар. науч. конф., 12–14 марта 2015 г. / под общ. ред. проф. 

В.Н. Скворцова, отв. ред. В.А. Веременко. СПб.: ЛГУ им. А.С. Пушкина, 2015. С. 254–259. 

5.

 

Февр Л. Бои за историю. М.: Наука, 1990. 



 

 

 



ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – ҚОМАҚТЫ ҮЛЕС 



(АҚМОЛАЛЫҚТАРДЫҢ ТЫЛДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕГІ ХАҚЫНДА) 

 

Т.С.Садықұлы 

т.ғ.д., профессор, тарих факультетінің деканы 



Б.С. Ақтайлақ 

 

1 курс магистранты  



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиететі  

(

Астана,Қазақстан) 



 

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ауыр һәм ең қанды соғыс болып 

қала бермек. 1939-1945 жылдар аралығын қамтыған бұл соғыс әлемнің әр жерінде болса да, 

әрбір жерде соғыс қимылдарының өзіндік ерекшелігі болды. Осындай әлемдік соғыстың бір 

бөлігі  Шығыс  Еуропада  1941-1945  жылдардың  аралығында  Кеңес  Одағы  мен  фашистік 

Германия арасында болды. 

Ұлы жеңіске сол кезде КСРО-ның құрамында болған Қазақстан, оның ішінде Ақмола 

өңірі де өзіндік үлес қосты. Ақмолалықтар Кеңес Одағының сенімді тылы ретінде майданға 

көмегін аямады. 

Фашистік  Германияның  КСРО  жеріне  баса  көктеп  кіргеніне  байланысты  1941 

жылдың 22 маусымында сол кездегі Сыртқы істер халық комиссары Н.М.Молотов радиодан 

сөйлеп, жауға қарсы күш жұмылып әрекет етуге шақырды. Ақмолалықтар бір ауыздан елді 

қорғауға  дайын  екендігін  сол  күннен  бастап-ақ  білдіріп  жатты.  Мәселен,  23  маусымда 

Ақмоланың  Облпромсоюз  қызметкерлері  фашизмге  қарсы  митинг  ұйымдастырып,  неміс 

әскерінің  елге  басып  кіруін  айыптады.  Мекеме  қызметкерлері  осындай  қиын  жағдайда 

жұмылған жұдырық болып, жауға қарсы аттанса ғана жеңіске жететіндігін ұғынды. Сондай-

ақ  олар  бұл  соғысқа  қарапайым  неміс  халқының  өзі  де  мүдделі  еместігін  көрсетті.  «Бұл 

соғысқа  оларды  итермелеп  отырған  қанқұйлы  Гитлер  бастаған  фашизм»,  –  деп  көрсетті 

митинг  қатысушылары  және  «Біз  қолымызға  қару  алып,  ақтық  деміміз  қалғанша  жаумен 

алысамыз»,  –  деп  халықтың  жігерін  қайрады  [1,  23  п.].  Мұндай  сипаттағы  митинг  24 

маусымда қала құрылысшыларының тарапынан да ұйымдастырылды [1, 25 п.]. Бұдан кейін 

Ақмола педагогикалық училищенің мұғалімдері де митингке шығып, туған жерді қасық қаны 

қалғанша қорғауға дайын екендігін білдіріп жатты. «Бізге соғыс ашқан жаудың қаһарлы әрі 

бақайшағына  дейін  қарулы  екендігін  білеміз.  Күрделі  жағдайға  тап  болғандығымызды 

ұғынамыз...  Жеңістің  біздің  жағымызда  болатынына  сенімдіміз»,  -  деп  ұрандады  училище 

мұғалімдері  [1,  40].  Мұның  бәрі  соғыстың  алғашқы  күндерінен-ақ  ақмолалықтар  арасында 

патриоттық  сезімнің  жоғары  деңгейде  болғандығын,  олардың  туған  жерді  қорғауға 

дайындығын көрсетті. Осы себепті қала тұрғындары соғыс жағдайына байланысты тез арада 

ұйымдасып, бірлесіп әрекет етуге көшті. 

1941  жылдың  16-ша  тамызынан  бастап  ақмолалықтар  өздерінің  айлық 

жалақыларының  бір  бөлігін  қорғаныс  қорына  өз  еркімен  өткізе  бастады  [2,  89].  Бұған 

қатысты құжаттарға назар аударсақ, қорғаныс қорына берілетін қаржы мөлшерін әр адам өзі 

белгілеп  отырған.  Осы  жылдың  9-шы  қыркүйегінде  Ақмола  қаласының  коммунистер 

партиясының  отырысы  болып,  майдандағы  сарбаздар  үшін  жылы  киімдер  жинау  жайлы 

қаулы қабылданды. Ол бойынша майданға жылы киім жинайтын арнайы комиссия құрылды 

[3,  107  п.].  Ақмолалықтардың  бірлесіп  әрекет  етуі  кезінде  жоспар  бойынша  белгіленген 

жылы  киімдердің  20  түрінен  тұратын  тізімінен  тыс,  жылы  заттардың  6  түрі  қосымша 

жиналды.  Мұның  өзі  қала  тұрғындарының  майданға  көмек  көрсету  мәселесіне 

жауапкершілікпен  қарағандығын  көрсетеді.  Майдангерлерге  арнап  жиналған  заттардың 

арасында бас киім, тон, пима, қолғап, шинель, орамал, көрпе сынды суықта қажет болатын 

заттар болды [4, 71 п.]. Майданға жылумен көмек бұдан кейінгі жылдарда да өз жалғасын 

тауып жатты. Мұрағат құжаттарынан байқайтынымыз әрбір кезде ақмолалықтар тізімнен тыс 



 

басқа  да  жылы  заттарды  беріп  отырған.  1942  жылдың  1  қаңтарында  ақмолалықтар 



майдандағы сарбаздарды жаңа жылмен құттықтап, оларға сыйлықтар жіберген [4, 79 п.]. 

Қалыптасқан  соғыс  жағдайына  байланысты  қала  билігі  халыққа  саяси  үгіт 

жұмыстарын  жүргізіп  отырды.  Мұндай  шаралар  қаланың  әрбір  тұрғының  қамтуға 

бағытталды. Үгіттеу екі тілде: қазақша және орысша жүргізілді [3, 78 п.]. Үгіт жұмысының 

жеті бағыты болды. Сол бағыттарының бірі үйде отырған әйел адамдарды, оның ішінде қазақ 

әйелдерін  қамтыды.  Қазақ  қыздарына  майданда  болып  жатқан  жағдай  мен  алдыда  тосып 

жатқан жұмыстар түсіндірілді. Үгіт жұмысы салдарынан ақмолалық әйелдер көптеп өндіріс 

жұмыстарына тартыла бастады.  

1941 жылдың 24 қарашасында Ақмола қаласының еңбекші депутаттарының Қалалық 

кеңесі  әскери  құрама  жасақтау  үшін  атқарылатын  іс-шаралар  жайлы  қаулы  қабылдады  [5, 

102 п.]. Келесі айдың 19-ында атқыштар дивизиясын құру және оны Ақмолада орналастыру 

шешімі қабылданды. Әскери қалашық үшін 12 барак, Ақмола қаласының мұражай ғимараты, 

№7  мектеп,  Сталин-туы  газетінің  редакция  ғимараттары  бөлінді  [6,  107  п.].  Қалашықтың 

жалпы сыйымдылығы 10200 адамды құрады. 

1941  жылдың  15  шілдесінен  18  тамыз  аралығында  Ақмола  қаласында  310-шы 

атқыштар дивизиясы құрылды. 30 шілдеде әскери құрама әскери ант қабылдап, 17 шілдеде 

толығымен жасақталды [7, 1 п.]. Осы жылдың күзінде дивизия алғаш рет жаумен кездесіп, 

қыркүйек-желтоқсан  айлары  аралығында  Ленинград  майданындағы  соғыс  қимылдарына 

қатысты.  Одан  кейін  Волхов  майданы,  Солтүстік-Батыс  майдан,  Карель  майданы,  2-ші 

Белорусь  майданы,  Шығыс  Померания  жерлерінде  болды.  Жаудың  23595  офицері  мен 

сарбазын жер құштырып, 2120 адамды тұтқынға алған және 510 елдімекенді азат еткен. Төрт 

жылға созылған соғыс кезінде Ақмола жерінен аттанған дивизияның 6540 адамы үкіметтің 

марапаттарына ие болған [7, 6 п.]. 

1941  жылдың  22  тамызында  387-ші  атқыштар  дивизиясын  жасақтау  қолға  алынды. 

Әскери құрама 15-ші қыркүйекке қарай толығымен жасақталды. Дивизия құрамының 60 % 

бұған  дейін  азамат  соғысына  қатысқандықтан,  бұл  әскери  құрама  аз  уақыттың  ішінде 

жасақталып,  дивизия  сарбаздарына  жалпы  әскери  оқулары  ғана  жүргізілді.  6-шы  қарашада 

дивизия толығымен жасақталып, Пенза облысының Беково елдімекеніне орналастырылды [8, 

2 п.]. Осы кезден бастап, 1945 жылдың мамырына дейін дивизия Батыс майдан, Сталинград 

майданы,  Оңтүстік  майдан,  4-ші  Украин  майданы,  2-ші  Украин  майданында  жаумен 

соғысып, өз ерлігін көрсетті.  

1941 жылдың 25 желтоқсанында Ақмолада 72 Гвардиялық атқыштар дивизиясын құру 

қолға алынды. Алғашқы кезде дивизия № 459, кейін 1942 жылдың 18 қаңтарындағы №004 

бұйрықпен  29-шы  атқыштар  дивизиясы  деген  атқа  ие  болды  [9,  2  п.].  Дивизия 

сарбаздарының Сталинград үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылдың 1-ші 

наурызында  дивизия  атауы  72-ші  Гвардиялық  деп  өзгертілді.  Осы  жылдың  19-шы 

қыркүйекте Красноград қаласын азат еткені үшін дивизияға Красноградттық атауы берілді. 

Төрт  жылға  созылған  соғыс  кезінде  дивизия  Сталинград  түбіндегі  шайқасқа,  Белгород-

Харьков түбінен неміс әскерін ығыстыру, Украина жерін азат ету үшін болған шайқастарға 

қатысты [9, 4 п.].  

Ақмола  жерінде  құрылған  106-шы  атты  әскер  дивизиясы  жайлы  мәліметтер  өте  аз. 

Бұл  дивизия  1942  жылдың  көктемінде  құрылды.  Харьков  түбіндегі  шайқаста  қырғынға 

ұшыраған кеңес әскерінің арасында осы 160-шы атты әскер дивизиясы да болды. 

Соғыс  кезінде  Ақмолаға  жау  қолына  өткен  аудандардан  адамдар  мен  өндіріс 

орындары көшіріле бастады. Эвакуация жұмыстары мейлінше тез жүргізілді.  

Ақмолаға  көшірілген  зауыттардың  бірі  Украинның  Запорожье  облысы  Мелитополь 

қаласынан көшірілген «Мелитополь білдек құрастыру зауыты» болды. Соғысқа дейін зауыт 

ауылшаруашылығы техникаларының бөлшектерін жонатын білдектер жасаумен айналысты. 

Бұл  зауыт  Украина  жеріндегі  ірі  зауыттардың  бірі  болды.  Оның  бірнеше  цехтары  болған. 

Зауыт  модельдеу,  металл  құю,  ұсталық,  екі  механикалық,  жону-құрастыру,  сынақ  өткізу, 



 

10 


құрал-жабдықтар, жөндеу, электрмен пісіру, күш беру және электр цехтарынан тұрды [10, 17 

п.].  


Зауыттың  көшірілуі  жайлы  қызықты  мәліметті  зауыттың  құрал-жабдықтар  цехының 

бастығы  А.  Соколовтың  зауыт  директоры  Николай  Муровьевке  1941  жылдың  29 

қарашасында  жазған  хатынан  білуге  болады  [11,  5  п.].  Оның  хатында  11-ші  қыркүйекте 

зауытты  көшіру  мәселесін  қадағалау  үшін  НКВД  өкілдерінің  келгендігі  айтылады.  НКВД 

өкілдері  зауытты  шығысқа  көшіру  шараларымен  қанағаттанғандығын,  ал  келесі  күні,  яғни 

12-


ші  қыркүйекте  қаланың  неміс  люфтваффелері  тарапынан  қатты  бомбыланғандығын 

жеткізеді.  

Ресми құжаттарға назар аударсақ, зауыттың жабдықтары тиелген соңғы эшалон 9-шы 

қыркүйекте қаладан шығып Ақмолаға қарай жол түзеген [10, 7 п.]. Зауыттың директоры Н. 

Муровьевтың  көшіру  жұмыстары  жөнінде  жоғарыға  жіберген  мәліметтерінде  зауыт 

жабдықтарының  толығымен  көшірілгендігі  айтылады.  Алайда  төмендегі  деректер  мұны 

теріске шығарады. Үкімет қанша тырысқанымен зауытты толығымен көшіре алмаған. Оған 

шамасы  жетпеген;  уақыт  тапшы  болған.  Немістер  қалаға  жақындап  қалған  еді.  Оған  дәлел 

құрал-жабдықтар  цехының  бастығы  А.  Соколовтың  сөздері  болмақ.  Цехтың  бастығының 

мойындауына  қарағанда  1941  жылдың  4-ші  қазанында  неміс  әскерінің  Синельниково  мен 

Палоги  стансалары  арқылы  қалаға  жақындау  себебінен,  зауыт  жабдықтарының  немістер 

қолына  түспеу  үшін  біраз  жабдықтар  бөлшектеніп,  жерге  көмілген  екен.  Мәселен,  металл 

құю цехының крандары бөлшектеніп, цехтың оң жақ бөлігінде көмілген. Көшіріп үлгермеген 

білдектер  мен  өзге  де  құрал-жабдықтар  зауыт  ауласында  көмілді  [11,  7  п.].  Зауыт 

жұмысшылары  немістер  қолына  тиген  күннің  өзінде  бұл  білдектердің  ешбірі  іске 

жарамауына баса назар аударды. 

Украин жерінен көшірілген зауыт 1941 жылдың 7 қазанында Ақмолаға келді. Ақмола 

қаласы  1939  жылы  ғана  облыс  орталығы  болған  еді.  Сондықтан  мұндай  үлкен  көлемді 

зауытты  қаланың  қабылдауы  қиын  жағдайда  өтті.  Осыған  байланысты  зауыт  әртүрлі 

ғимараттарда орналастырылды. Қалалық еңбекші депутаттарының атқару комитеті кеңесінің 

шешімімен зауыттың негізгі бөлігі Педагогикалық училище алаңында орналастырылды. Бұл 

ғимаратқа сыймағандықтан, зауыт цехтары қаланың әрбір жерінде орналастырылды. Кейбір 

цехтардың арасы 3,5 км дейін жетіп отырды [10, 18 п.]. Ақмолаға көшірілген зауыт ОГПУ-

дің атындағы №317 объект деген атқа ие болды. 

Ақмолаға  зауытпен  бірге  165  адам  көшірілді.  Олардың  арасында  зауыт  директоры 

Н.А.  Муравьев  бастаған  В.И.  Романин,  И.П.  Гончаров,  Л.С.  Тимченко,  И.С.  Красников 

сынды  адамдар  болған  [12,  43  б.].  Олар  зауыттың  қалаға  орнығуы  мен  тезірек  алғашқы 

өнімді шығаруға өз үлесін қосты. 

Ақмолаға  көшірілгеннен  кейін  зауыттағы  жұмыс  күшінің  тапшылығын  толтыру 

мақсатымен,  жұмысшылар  қатарына  қала  тұрғындары  да  көптеп  тартылды.  1941  жылдың 

қазан-қараша  айлары  аралығында  200-ге  жуық  қала  жастары  жұмысқа  тартылды.  Ер 

азаматтардың  майданға  аттануына  байланысты  жұмысқа  тартылғандардың  көп  бөлігі  қыз 

балалар еді. Келесі жылдың 1 ақпанында жаңадан келген 140 жұмысшылардың 86-сы, яғни 

61  %  әйелдер  болған.  Белгіленген  жоспарды  орындап,  көзге  түскен  ақмолалықтардың 

арасында Абельдинова, Клижбекова, Құсайынов сынды қала тұрғындары болды [10, 21 п.]. 

Ақмола  қаласына  көшірілгеннен  кейін  зауыт  тек  қана  соғыс  қаруларын  шығарумен 

айналысып,  мина,  гранат  сынды  қару  түрлерін  шығаруға  көшкен.  Зауыттың  шығарған 

өнімдерінің  сапасына  тоқталатын  болсақ,  шығарылған  өнімнің  көп  бөлігі  жарамды  болып, 

майданға жөнелтіліп жатты. [10, 22 п.]. 

Кездескен  қиындықтарға  қарамастан  зауыт  майданға  көмек  көрсетуін  тоқтатпады. 

Соғыс  қаруы  майданға  тұрақты  жеткізіліп  тұрды.  Майданға  көрсеткен  көмегі  үшін  зауыт 

жұмысшылары  «1941-1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысындағы  ерен  еңбегі»  медалімен 

марапатталды [13, 12 п.]. 

КСРО-ның  Совнаркомы  1942  жылдың  7  мамырында  Ақмолада  «Қазақсельмаш» 

зауытын тұрғызу жөнінде қаулыны шығарды [14, 7 п.]. Жаңа зауытты бұған дейін автобаза 


 

11 


болған  «Сельхозтранс»  ғимаратында  орналастырды.  Ақмолалықтар  зауытты  бір  жылдың 

ішінде  жедел  тұрғызды.  1943  жылдың  21  шілдесінде  зауыт  өзінің  алғашқы  өнімін  шығара 

бастады. Осы жылы борон «Зиг-Заг» өнімінің 1971 данасын шығарды [14, 8 п.]. Өнім шығару 

көрсеткіші  жыл  өткен  сайын  артумен  болды.  «Қазақсельмаш»  зауыты  соғыстың  соңғы 

жылдарында толығымен аяғынан тұрып, Ақмола қаласының өндірістік қуатын паш етті. 

Соғыс  жылдары  әрбір  адамға  қиындық  әкелді.  Әсіресе  немістер  қолына  өткен 

аудандардың халқы үлкен зиян көрді. Олар бас сауғалап, елдің шығыс аудандарына көшуге 

мәжбүр  болды.  КСРО  ХКК-нің  (СНК)  1941  жылдың  9  тамызында  №1948  ережесінде 

«Майдан  даласынан  көшірілген  азаматтарды  тіркеу  ережесінде»  мұндай  азаматтар  24 

сағаттың  ішінде  орналасқан  мекенжайын  көрсете  отырып,  милиция  органдарында 

төлқұжаттарын тіркеу міндетті болды. Егер төлқұжаттары болмаса, азаматтар Ақмола қаласы 

еңбекші  депутаттарының  атқару  комитетінің  кеңесінде  белгіленуі  міндеттелді  [15,  46  п.]. 

Айта  кететіні,  Мәскеу  мен  Ленинград  қалаларынан  келген  азаматтар  белгілі  бір 

артықшылықтарға  ие  болып  отырған.  Мәселен,  олардың  жүріп-тұруына,  қалаған  жеріне 

барып  тіркелуіне  кедергі  жасалмаған.  Баспананың  жеткіліксіз  болуына  байланысты  қалаға 

көшірілген  адамдарды  ақмолалықтар  өз  үйіне  кіргізіп,  қазақтың  қонақжайлығын  көрсетті. 

Баспананың жеткіліксіздігі қалада үйлердің құрылысын жандандырды. 

1943  жылдың  27  қазанында  ақмолалықтар  Орел  облысында  соғыстың  тигізген 

зардаптарын жоюға өз көмегін берді. Орел облысының шаруашылығын көтеру үшін Ақмола 

қаласы  жылқы,  ірі  қара  малын,  трактор,  ауылшаруашылығының  заттарын,  т.б. 

қажеттіліктерді жөнелтті  [16, 17 п.]. 

Ақмолалықтар Ұлы жеңіске қомақты үлес қосты. Майдан даласына Ақмола жерінен 

төрт  дивизия  аттанды.  Олардың  барлығы  фашизмді  күйретуде  ерлік  пен  табандылық 

көрсетті.  Ақмолалықтар  майдан  даласына  өндірісте  шығарған  өніммен  ғана  емес,  сонымен 

қатар  жылы  киімдерді  жіберумен  де  көмектесті.  Бұл  жағынан  тылдағы  ақмолалықтар 

майдандағы  әскерге  үлкен  қамқорлық  көрсетті.  Соғыс  жылдарында  қаланың  экономикасы 

жаңа  деңгейге  көтеріліп,  қаланың  дамуы  жалғасын  тапты.  Соғыс  аяқталғаннан  кейін 

зауыттар  өз  жұмысын  жалғастырып,  қаланы  экономикасында  үлкен  рөл  атқармен  болды. 

Ақмола  қаласы  маңызды  эвакуация  орталықтарының  бірі  ретінде,  мыңдаған  адамды 

бауырына  басты.  Соғыс  аяқталғаннан  кейін  олардың  біразы  қалады  қалып,  Ақмоланың 

дамуына  өз  үлесін  қосты.  Мұның  бәрі  бүгінгі  тарих.  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының 

бас қаласы Астана тарихы.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.



 

Астана қ. Мемлекеттік  мұрағаты. Қ. 1п, Т. 1, Іс 251 

2.

 

Астана қ. ММ. Қ. 329, Т. 1, Іс 2 



3.

 

Астана қ. ММ. Қ. 1п, Т. 1, Іс 241 



4.

 

Астана қ. ММ. Қ. 1п, Т. 1, Іс 419 



5.

 

Астана қ. ММ. Қ. 1п, Т. 1, Іс 242 



6.

 

Астана қ. ММ. Қ. 32, Т. 1, Іс 102 



7.

 

Астана қ. ММ. Қ. 430, Т. 14, Іс 1 



8.

 

Астана қ. ММ. Қ. 430, Т. 14, Іс 9 



9.

 

Астана қ. ММ. Қ. 430, Т. 14, Іс 15 



10.

 

Астана қ. Мемлекеттік  мұрағаты. Қ. 1п, Т. 1, Іс 422 



11.

 

Астана қ. ММ. Қ. 89, Т. 1, Іс 5 



12.

 

Алпысбаева Г.А. Астана в новое и новейшее время. Астана. 2008, - 276 с. 



13.

 

Астана қ. ММ. Қ. 32, Т. 3, Іс 35 



14.

 

Астана қ. ММ. Қ. 32, Т. 3, Іс 34 



15.

 

Астана қ. ММ. Қ. 1п, Т. 1, Іс 419 



16.

 

Астана қ. ММ. Қ. 32, Т. 3, Іс 83 



 

 


 

12 


МАЙДАНДЫҚ «ОТАНДЫ ҚОРҒАУДА» ГАЗЕТІНІҢ  ЖАУЫНГЕРЛЕР АРАСЫНДА 

ЭТНОСАРЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ 

 

К.И.Искакова  

Философ.ғ.к., Қазақстан тарихы кафедрасы профессоры 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 

 (

Астана, Қазақстан) 



 

Фашизмге  қарсы  соғыстағы  жеңіске  жетудің  қайнар  бұлағын    құраған  майдандағы 

ұлтаралық  қатынастар,  әртүрлі  ұлт  өкілдері  жауынгерлерінің  арасындағы  достық  пен 

түсінушілік, өзара көмек көрсету мен бірін-бірі қолдауы. Отан соғысы тақырыбын зерттеуге 

үлкен үлес қосқан тарихшы-ғалым, академик М.Қ.Қозыбаев: «Ұлы Отан соғысындағы тағы 

бір үлкен тақырып – халықтар достығы... Біздің халқымыз қиындықтарда әр кез бірге болған. 

Отан үшін, ел болу үшін күресіп жатқанымызда халықтар достығының тарихын біз әрқашан 

да еске алып отыруымыз керек. Осы жайлардан Ұлы Отан соғысының тарихы бізге керемет 

сабақ  береді»,  -  деп  жазды  [1].  Отан  соғысы  КСРО  халықтары  достығының  берік  екенін 

байқайтын  сұрапыл  сын  болды.  Бұл  сыннан  халық  абыроймен  өтті.  Халықтар  достығы 

соғыстың  қиыншылықтары  мен  сындарынан  кеңес  адамдары  фашист  басқыншыларына  

қарсы  ортақ  күресінде  одан  сайын  шынықты.Фашизмге  қарсы  сұрапыл  соғыс  кезінде   

ұлттық әскери құрамалар құру идеясы туған болатын. Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті мен 

Қорғаныс халық комиссариаты бұл туралы директиваны 1941 жылы 13 қарашада қабылдады. 

Оны  көрші    республикалардың  еңбекшілері  қолдады.  Мұндай  құрамаларды  құрып,  адам 

құрамын  тәрбиелегенде  ұлттық  әскери-патриоттық  дәстүрлердің  ерекшеліктері, 

өзгешеліктері  ескерілді:  туысқандық  ынтымақтастық,  өзара  құрметтеу,  халықтар  достығы 

дәстүрлерін  негізге  алды.Отан  соғысының  барысында  Әзірбайжан,  Армения,  Грузия, 

Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Түркіменстан,  Өзбекстан,  Латвия,  Эстония,  Литва 

республикаларының  еңбекшілерінен  80-нен  астам  ұлттық  дивизиялар  құрылды.  Жүзден 

астам дивизиялар мен бригадалар Сібір мен Қиыр Шығыстың еңбекшілерінен жасақталып, 

майданға жіберілді. Бұлар көп ұлттың өкілдерінен құралды.  Соғыстың  ең  қиын  алғашқы 

кезеңінде Қазақстан Республикасында 16 атқыштар және атты әскер дивизиялары, 7 бригада 

құрылып, үйретіліп, майданға аттандырылды. Құрамы жөнінен алғанда бұл бөлімшелер мен 

құрамалар көп ұлтты еді [2]. 

 

 



 

 

 



 

 

 



Соғыс жылдары фашистік агрессияға қарсы тойтарыс беруге көтерілген Кеңес одағы 

Қарулы  күштерінің  құрамында  барлығы  35  млн.  адам  болса,  бұлардың  1  млн.  366,2  мыңы 

қазақстандықтар  болатын  [2;  136].  Соғыс  жылдарында  жаумен  шайқасып  жатқан  армия 

қатарына  1  млн.  366  мыңдай  қазақстандықтар  қосылса,  тек  Ақмола  облысынан  86  мыңдай 

адам  майданға  аттанды.  1941  жылы  қыркүйекте  Ленинград  майданы  құрамында  соғысқан 

қазақстандық  құрама  –  310-шы  ақмолалық  атқыштар  дивизиясы  құрамында  «40%-і  - 

қазақтар, 30%-і - орыстар, 25%-і –  украиндықтар, 5%-і – басқа ұлттар өкілдері болды» [3].

 

1941  жылдың  тамыз  айында  Ленинград  әскери  қимылдың  тікелей  орталығына, 



сұрапыл  қан  майданға  айналады.  Ленинградты  бүкіл  ел,  барлық  ҚСРО  халықтарының  ұл-

қыздары  қорғады.Ленинградты  қорғаушы  батырлардың  ішінде  қазақ  халқының  даңқты 

ұлдары  аз  болған  жоқ.  Олардың  әрқайсысы  орыс,  украиналық,  грузин,  өзбек 

туысқандарымен  және  Кеңес  Одағының  басқа  да  халықтарымен  тізе  қосып,  жаумен  жан 

аямай күресті.Ленинград майданындағы ұлты қазақ жауынгерлердің санын келесі деректен 

анықтауға болады:  «Как сообщало Политуправление Ленинградского фронта, незадолго до 

прорыва  блокады  в  частях  и  соединениях  фронта  служили,  кроме  русских,  представители 

почти  сорока  национальностей  Советского  Союза.  В  войсках  фронта  насчитывалось  7436 

воинов-казахов» [4; 229].   

 

 



 

 

 



 

 

Қазақтардың Ленинград майданында көптігін, әрі  жақсы соғысып жүргенін, олардың 



арасында  үгіт-насихат  жұмысын  жақсарту  қажеттігін,  әсіресе  егде  тартқан  қазақ 

жауынгерлерінің  орысша  білмейтіндігін  ескеріп,  Ленинград  майданы  әскери  кеңесінің 



 

13 


ұсынысымен  Қызыл  әскердің  Жоғарғы  Саяси  Басқармасы  Ленинград  майданында  қазақ 

тілінде  газет  шығаруды  ұйғарды,  онда  қызмет  істейтін  адамдарды  іздестіруге  кірісті. 

Түймебай  Әшимбаев,  Бейсен  Жұмағалиев,  Ақмұқан  Сыздықбеков  деген  үш  жауынгер 

жігіттер майданның қазақ газетін шығару үшін іріктеліп алынады. Түймебай - аудармашы, 

Ақмұқан  -  тілші,  Бисен  -  әдеби  қызметкер,  әрі  корректор  қызметін  атқарады.  Ленинград 

майданының  қазақ  тіліндегі  «Отанды  қорғауда»  газетінің  бірінші  номері  1942  жылдың  7 

қаңтарында шығарылды.Газет жиынтығын Т.Әшімбаевтың өзі және туған-туыстары  сақтап 

келген. 2008 жылдың мамыр айында «Отанды қорғауда» газеті кітап түрінде қайта басылып 

шығарылды [5], ал 2008 жылдың қазан айында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ де тұсаукесері 

өткізілді [6]. «Біз, түрлі ұлттардың жауынгерлері – орыс, қазақ, татар, грузиндер – бәріміз бір 

кісідей,  өзіміздің  туған  үйіміз  үшін  қандай  ұрыссақ,  Ленинград  үшін  сондай  ұрысып 

отырмыз, сондықтан біз дұшпанды жеңудеміз», - деп жазды лейтенант А. Мутхенов«Отанды 

қорғауда»  газетінінде  [5;  324].  Түрлі  ұлттың  жауынгерлері,  берік  достықпен  байланысқан. 

Олардың  достығы  ұрыста,  оқуда,  соғыс  өнерін  үйренудегі  бір-біріне  көмек  көрсетуінен 

көрінеді.«Отанды  қорғауда»  жинағында  жауынгерлер  санасына  ұлттар  достығы  сезімінің 

берік орын алғандығына арналған көптеген мақалалар бар. Ортақ жауға қарсы күресте нағыз 

майдандық туысқандықтың орнауының белгісі ретінде - бір ұлттың жауынгерлерінің қазаға 

ұшырауы  екінші  ұлт  жауынгері  өзінің  жеке  басының  қайғысы  ретінде  сезінгендігін 

көрсететін  мысалдар  жеткілікті.Мысалы,Сержант  Александр  Мамин,  қызыләскерлер 

Сағынбай  Тастыбаев,  Павел  Захарченколар  бірімен  бірі  ел  басына  күн  туып,  ердің  күшін 

сынайтын  майдан  өмірінің  қатал  кезеңінде  танысып,  бірлесе  соғысқаны  айтылса,  келесі 

санында аға сержанттар – Шанхан Қосаев пен Иван Гуза айрылмастай достығы, ол екеуінің  

ағалы-інілі  адамдай  болып  кеткендігі  баяндалады.  Иван  Шанханның  соғыс  құралдарын 

үйреніп алуына көп көмек берді. Екеуі бірге жатып бірге тұрды, бір котелоктан ас ішті. Иван 

Шанханды  барлау  ісіне  баулыды.  Оған  барлаушының  қандай  қасиеттері  болу  керектігін 

айтты деп жазды«Отанды қорғауда» газеті [5; 440]. 

 

 

 



 

 

«



Әскери  бөлімнің  күші  жауынгерлік  достық  пен  жолдастық  бірлікте,  ынтымақта. 

Жауынгерлік достықтағы басты нәрсе - өзара түсіністік, адамның адамгершілігін құрметтеп 

сыйлай  білушілік»,  -  деген  екен  қазақтың  қас  батыры Бауыржан  Момышұлы.Достық, 

жолдастық  бірлік,  бауырластық,    ынтымақ  сияқты  қасиеттерді  қай  халық  болсын,  қай 

заманда  болсын    құрметтеген,  ал  соғыста,  майданда  бұл  қасиетті  ұғымдардың  маңызы 

бірнеше  есе  ұлғайған.  Майдандағы  достық  туралы  мыңдаған  естеліктер,  әңгімелер  көп. 

Соның  бірін  еске  түсірсек:  Соғыс  кезі,  айналада  тозаққа  айналған  қан  майдан.  Әлдеқашан 

оққа  ұшқан  досының  жанына  баруға  жас  жауынгер  командирден  рұқсат  сұрайды.  «Ол 

әлдеқашан оққа ұшты»,- деген командирдің сөзіне тоқтамай,  «Баруым керек, оның өлгенін 

білемін.  Сонда  да  сөзсіз  баруым  керек»,-депөз  басын  қатерге  тіккен  жауынгер    от  пен  оқ 

ішінде серігіне қарай жүгіре жөнеледі... Сәлден соң  қайта оралған жауынгерге: «Айтпадым 

ба? Ол әлдеқашан өлді»,- дейді өкінішпен командир.Сонда жауынгер: «Иә, командир мырза, 

ол  өлді.  Бірақ,  мен  барған  сәтте  басын  көтеріп  «Келеріңді  біліп  едім,  досым  деген  жалғыз 

ауыз  сөз  айтты  да,  өз  қолымда  жан  үзді...»,-дейді.  Келтірілген  мысал  майдандағы  жас, 

жыныс, ұлт таңдамайтын  достықтың көрінісі. ХХ ғасыр адамзатына  алапат қатер әкелген 

жау екі бүйірден қысып, төбеден төңіп тұрғанда, өмір мен өлім арасында алпарысып жүріп 

берілген  достыққа  серт  пен    ант  туралыайтылған    ағалар  мен  аталардың  әрбір    әңгімелері 

ерлік  дастаны,  ХХІ  ғасыр  адамдарына  аманат  деп  білу  крек.    Майдандағы  достық  пен 

жеңіске деген сенім Ұлы жеңістің кепілі болып табылады. 

 

«Отанды қорғауда» жинағында майдан шебінде әртүрлі халықтың көрсеткен ерлік пен 



батырлығын  дәлелдейтін  төмендегі  мақала  берілген.  Мақаланың  аты  -  «ҚСРО-ның  барлық 

халықтарында  да  Отан  соғысының  батырлары  бар».  Онда  мынадай  деректер  берілген: 

«ҚСРО-ның  барлық  ұлттарының  жауынгерлері  жаппай  ерлік  көрсетті.  1944  жылдың  1 

январына дейін наградталғандардың ішінде: орыстар – 1.053.162, украиналықтар – 219.241, 

беларустар – 37.036, грузиндер – 8.562, армяндар – 9.614, азербайжандар – 4.611, өзбектер – 

9.812,  қазақтар  –  15.571,  қырғыздар  –  1.554,  тәжіктер  –  1.198,  түркмендер  –  1.170, 



 

14 


литвалықтар  –  1.069,  латыштар  –  1.678,  эстондар  –  1.353,  еврейлер  –  32.067,  татарлар  – 

27.449, башкқұрттар – 4.750, удмурдтар – 2.996, чечендер – 297, корейлер – 29, курдтер – 27» 

[5; 341]. 

Наградталғандардың  ішінде  аджарлықтар,  ойроттар,  ненцылар,  эвенкилер, 

нағайбақтар,  вогулдар,  мансилер  және  басқа  да  толып  жатқан  ұлттардың  жауынгерлері 

болды.Расында  да,  фашизмге  қарсы  алапат  соғыста  жеңіске  жеткізген  –  халықтардың 

айнымас  берік  достығы  мен  ынтымағы,  әртүрлі  ұлттардың  өкілдері  -  жауынгерлерінің 

жеңіске деген зор тілегі, білегінің сарқылмас күші, қайнаған жігері мен қажырлы еңбегі. Ал, 

«Отанды  қорғауда»  жинағы  зұлмат  соғыс  тарихының  осы  бір  теңдесі  жоқ  беттерімен 

тереңірек танысуға мүмкіндік туғызды.   

 

 

 



 

 

 



Атақты майдангер жазушы Борис Горбатов «Жеңіс туы» атты мақаласында: «Егер де 

менен ұрысқа қатысушы ретінде емес, тек көріп тұрған адам ретінде де, Рейхстаг төбесіне 

жеңіс туын кім тікті? – деп сұраса, мен: бәрі де тікті, барлық кеңес жауынгерлері тікті, - деп 

жауап берер едім. Жеңіс туын тіккен кеңес халқы, оның жауынгер перзенттері»,- деп жазды 

[7; 147]. 

Отаны,  елі,  халқы  үшін  жанын  шүберекке  түйген  Т.Ә.Әшімбаев  «Қазақ 

ұлтшылы»,  «Кеңес  Өкіметіне  қарсы  қылмыс  жасады»  деген  жалған  жаламен1945  жылы 

жабылып, алты жылға бас бостандығынан айырылып, тек 1957 жылы толық ақталды.Соғыс 

жылдары  әртүрлі  этнос  жауынгерлерінынтымақ  пен  бірлікке  шақырған  кіші  ғылыми 

қызметкерден  Институт  директоры  лауазымына  дейін  көтерілгенТ.Ә.Әшімбаевбейбіт  кезде 

деэтносаралық  татулыққа  көп  көңіл  бөлді.  Ұлтшылдыққа,  рушылдыққа  ешқашан  өзі  де 

салынбай,  өзі  басқарған  ұжым  мүшелері  арасында  да  жол  берген  емес.  1986  жылғы 

Желтоқсан  оқиғаларынан  кейінгі  Г.В.Колбиннің  «пайызқуғыш»(«процентомания»)  

саясатыкездері    Түймебай  Әшімбайұлына  «ұлтшыл»  деп  күйе  жағып,  кінәләғысы 

келгендердің  жымысқы  әрекеттері  іске  аспады.Оның  орнына  экономика  ғылымдарының 

докторы  ғылыми  дәрежесін,  профессор,  ҚазКСР  Ғылым  Академиясының  мүше-

корреспонденті,  академигі  ғылыми  атағын  иеленуінің  өзі  майдангер-ғалымның 

патриоттығының,  толеранттығының  жемісі  екендігіндәлелдегені  сөзсіз.Түймебай 

Әшімбайұлы Әшімбаевтың майдангерлік ерлігі, өмір жолы келешек ұрпаққа  еңбекқор, әрі 

тату болуды өсиет етеді.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ұлы  Отан  соғысының  отты  жылдары  уақыт  өткен  сайын  алыстағанмен,  келешек 

ұрпақ  халық  ерлігінің  ұлылығын  және  Отан  үшін  жан  аямай  арпалысқан  батырлардың 

есімдерін  ешқашан  ұмытпақ  емес.  Әкелер  мен  аталардың  майдандағы  достығы  халық 

бірлігінің  мызғымастығына  арқау  болды.  Ардагерлердің  ақыл-парасаты,  даналығы  мен 

өмірлік мол тәжірибесі бүгінгі жаңа Қазақстанды құруға, көп этносты елімізде бейбітшілік 

пен  келісімді  сақтауға  елеулі  көмегін  тигізуде.Аға  буынның  қаһармандық  істері  асқан 

қайраттылықтың,  мұқалмас  табандылық  пен  жанқиярлықтың  өшпес  өнегесі  ретінде 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.Айтылғанға орай,«Әділдіктің ақ жолынан таймай, тағдыр 

жүктеген ауыр сындарды мойымай көтеріп, ел алдындағы, халық алдындағы парызын адал 

атқарған  Түймебай  ағамыздың  ғұмыр  жолы  кейінгі  ұрпақтарымызға  үлгі-өнеге  болары 

шүбәсіз  шындық»,  -  деп  жазған  И.Қозыбаевтың  сөздерін  еске  түсіре  кету  орынды  [8].

 

Ленинград  майданында  соғысқан  жауынгер  қазақтардың  ұлттық  сезімін  ұштаған 



«Отанды қорғауда» газетін шығару ісі – майдандағы өзге ұлт өкілдеріне үлкен өнеге болып, 

олардың арасындағы достықты нығайтуға өз үлесін қосып, халқымыздың Ұлы Отан соғысы 

жылдарындағы ерлігі тарихының айтулы бір белесі бола алды. 

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал