Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.7 Mb.

бет16/70
Дата09.01.2017
өлшемі7.7 Mb.
түріСборник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70

Список литературы:  

 

1.



 

История СССР. 1992. №2 

2.

 

Великая Отечественная Война 1941-1945. Москва: Политиздат, 1985.-559 с. 



3.

 

Трудовой подвиг Казахстана: цифры и факты (www.zakon.kz) 



4.

 

Население Казахстана по всесоюзной переписи население 1939 года. Алматы: Арыс, 2009.- 400 б. 



5.

 

ФГА КО 283 фонд, 1 опись, 82 дело 



6.

 

ФГА КО 268 фонд, 1 опись, 2281 дело 



 

109 


7.

 

ФГА КО 268 фонд, 2 опись, 2478 дело 



8.

 

АДС КО 19-8 дело 



9.

 

Жангуттин  Б.О.,  Эвакуация  советского  населения  в  Казахстан  (1941-1942  гг.)  //  Новый 



исторический вестник. 2005. №14   

10.


 

ГА КО 585 фонд, 1 опись, 7062 дело 

11.

 

Потемкин  М.Н.,  Эвакуация  и  национальные  отношения  в  советском  тылу  в  годы  Великой 



Отечественной Войны // Отечественная история. 2002. №3 

12.


 

Бугай Н.Ф., 40-е годы «Автономию немцев ликвидировать...» // История СССР. 1991. № 2 

13.

 

Военно исторический журнал. 1990. №9 



14.

 

ЦГА РК, 1987 фонд, 1 опись, 14 дело 



15.

 

Костырченко Г.В., В плену у красного фараона. Политические преследования евреев в СССР в 



последнее сталинское десятилетие. Москва: Международные отношения. 1994. - 399 с. 

16.


 

Казахстан  в  период  Великой  Отечественной  войны  Советского  Союза:  сборник  документов  и 

материалов. Т.1. Алматы: Наука. 1964.- 596 с. 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ СТАЛИНГРАДТЫ ҚОРҒАУ СОҒЫСЫНА 

ҚАТЫСУЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТАРИХЫНАН 

(1942 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕСІНЕН 19 ҚАРАШАСЫНА ДЕЙІН)- CАБАҚТАРЫ, 

ҚОРЫТЫНДЫСЫ, ҚАЗІРГІ КҮНГІ БАҒА 

 

Ғ.М. Қарасаев 

т.ғ.д., ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты 

(Астана, Қазақстан) 

 

ХХ ғасырдың ортасындағы  Кеңес халықтарының  Гитлерлік Германиямен  жүргізілген  



Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы  аса зор. Төрт жылға жуық уақыт үздіксіз жүргізіліп, 

оған қатысқан елдерге тарихта болып көрмеген адам шығынына, шаруашылықтық қирау мен 

экономикалық  құлдырауға    әкелген  осы  соғысты  Кеңес  Одағының  жеңіспен  аяқтауының 

себептерінің  ең  негізгісі-  ортақ  Отандарын  қорғауға  сол  мерзімдегі    КСРО  құрамындағы  

барлық  халықтардың    белсене  қатысуы,  олардың  басым  бөлігінің  бойындағы  патриотизм 

рухының жоғары болуы еді. 

Соғыс  алдындағы  сталиндік  жеке  басқа  табыну  мен  казармалық    социализм 

талаптарының  барлық  зардаптарын,  соның  ішінде  ашаршылық,  репрессияны  бастарынан 

өткізген көпұлтты кеңес тұрғындарының  фашистік Германияға  қарсы  соғысы майдандағы 

ерліктері,  тылдағы уақытпен санаспаған  еңбектерімен  ерекшеленулерінің сыры неде? Осы 

мәселені айқындау  аталған соғыстың аяқталғанына қаншама жыл өткенімен  үнемі қойылып 

келеді.  Әр жақты жауаптар да айтылуда. Әрине,  оның себептерінің бірі- cоғыс алдындағы 

социалистік ілімнің, соның ішінде лениндік ұлт саясатының белсенді жүргізілуі, басқаша ой-

пікірдің    айтылуына  тиым  салынуы  болды.  “Капиталистік”  аталып  келген  мемлекеттерге  

барынша  қарсы  насихат,    олармен  арадағы  барлық  қатынастың  тоқтатылуы,  елдің  ішіндегі 

орын  алған  экономикалық  сәйкессіздіктердің  себептерін  “дүниежүзілік  империализмнің” 

бүлдіру  әрекеттеріне  аудару  арқылы  социалистіктен  басқаның  барлығын  қаралау   

мемлекеттік маясаттың  негізіне айналды. 

Екі  мемлекет  арасындағы  өзара  шабуыл  жасаспау  туралы  келісімге  қарамастан 

Фашистік  Германияның    Кеңес  Одағына  басып  кіруі  көпұлтты  кеңес  халықтарының 

бойларында елін   қорғауға деген белсенділіктерін тудырды. Гитлерлік әскерлердің уақытша 

басып  алған  аудандардағы  жергілікті  халыққа  көрсеткен  аюандықтары,  оларды  жаппай 

қырғынға  ұшыратуы  басқыншыларға  деген  жеккөрушілік  пен  кек  алу  ниеттерін  одан  ары  

еселеп  арттырды.  Міне  сондықтан  да  кеңес  халықтарының  басым  бөлегі    Отандарын 

қорғауға құлшыныспен аттанды. Кеңес шаруашылығын соғыс мүддесіне сай жабдықтау ісі 

кең  ауқымды  тұрғыда  қолға  алынды.  Соғыстың  алғашқы  мерзімдегі  сәтсіздіктеріне 



 

110 


қарамастан  елде  жеңісті  қамтамасыз  етудің  барлық  шаралары  жүзеге  асырыла  бастады. 

Жеңіске күмән келтіретіндермен жұмыстар күшейтілді,  әскерден жалтарушылар, қашқындар 

мен  сатқындықтары  анықталғандарға  жазалау  шаралары  майдан  мен  тылда    барынша 

қолданылды. Қысқа мерзімде Кеңес Одағының  халықтарының қызметтері  бір мақсат пен 

мүдеге жұмылдырылып, жеңісті қамтамасыз ету ісіне арналды. 

Ұлы Отан соғысының   барлық кезеңдерінде  майданға аттанған қазақтар   ерлік пен 

батырлықтың,    Отансүйгіштіктің    үлгілерін  көрсетті.  Соғыс  алдындағы  қолдан  жасалған 

алапат  аштықтан  құрамының    едәуір  бөлігінен  өлідей  айырылған,  жүздеген  мыңы  Қытай, 

Монғолия, Иран, Ауғаныстан мен Түркияға қашып, тозғынға ұшыраған қазақ халқынан әскер 

жасындағы  азаматтарының  түгелге  жуығы  соғыс  майдандарына  аттанды.  Тылда  қалған 

жасөспірімдер, әйелдер мен қарттар өлшеусіз ауыр да ақысыз тыл жұмыстарына тартылды. 

Міне  осылай,  сол  мерзімдегі  қазақ  халқының      түгелге  жуығы  отан  қорғауға  ісіне 

қатыстырылды.   

Республиканың  әскер  жасындағы  азаматтары,  солардың  қатарындағы  қазақ  жігіттері  

Ұлы Отан соғысының ең ауыр шайқастарының барлығында болып, батырлық, жаужүректілік 

көрсете  білді.  Олар  қатысқан  осындай  шайқастардың  қатарында  Сталинградты  қорғауға 

соғысы болды. Ол “аталған мерзімдегі  жеткілікті тұрғыда қуатты болған  немістердің  ірі 

және сөзсіз жеңіліс тапқан”[1] соғысы ретінде тарихта қалды. 

Гитлерлік  Германия    Мәскеу  түбіндегі  жеңілісінен  кейінгі    1942  жылдың  бірінші 

жартысында майдандағы жағдайды тұрақтандыру,   соғыс жүргізу белсенділігін  өз қолына 

берік  ұстауды  мақсат  етті.    Ал  бұл  үшін    әскерлердің  рухын  көтеретін,  олардың  жеңіске 

деген  сенімін  арттыратын    табысты  соғыс  қимылдары    қажет  болды.  Осы  айтылғандармен 

қатар    1942  жылдың  бірінші  жартысы  мерзіміндегі    Кеңес  Армиясының    сәтсіз  соғыс 

қимылдары да  Германияның жоғары әскери басшылығының 1942 жылды екпінді де жеңісті 

соғыс  қимылдарына айналдыруға деген құлшыныстарын арттырды.  

Осыдан  барып  Гитлер  1942  жылы  бірнеше  ірі  әскери  операцияларды  бастап,  Кеңес 

Одағын  тізе бүктіруді мақсат етіп қойды.      

Аталған  жағдайдағы  “жазғы  шабуылды    өткізу  туралы  шешімді  (1942  жылғы,-Ғ.Қ.)5 

наурыз  күні  Гитлер  өзі  бекітті.  Бұл  шешімді  қабылдаудың  қажеттігі    КСРО-дағы  қысқы  

жеңілістен  кейінгі  туындаған  стратегиялық  жағдай  еді.  Ресейдің  кең  жазығында  

жетекшілікке ие болған жағы ғана жеңіске жетеді. Гитлердің жобасы бойынша 1942 жылғы 

соғыс  қимылдарының  негізгі  бағыттары  Ленинград,  Мәскеу  және  Кавказдың  мұнайлы 

аудандары болды. Мәскеу де, Ленинград та бұл мерзімде мықты қалыптасқан қорғаныстық 

бекіністерге  айналды.  ...  1942  жылғы    жазғы  ұрыстар    бұл  анықтаманы  бекіте  түсті.  Енді 

мұнай көздерін басып алу арқылы одақтастардың  көмектесулерін тоқтата отыра Донбас пен 

Кубанға иелену ғана қалды. 

 

(Осындай  мақсатпен  қабылданған,-Ғ.Қ.)  ...  “Блау  жоспары  (30.06.42-Брауншвейг)  ... 



“Б” әскерлер тобының Курскінің сол жағымен   бір жақты терең қоршау негізінде екпінді  - 4 

танкі  және  6-  екпінді  армиялар  күштерімен  Дон  арқылы  “А”  армиялар  тобына  қарсы 



қорғаныс  ұрыстарын  жүргізіп  жатқан  Оңтүстік  майданының  сыртынан  шығу,  Қызыл 

Армияның  Донбасс пен  Ростовтағы барлық оңтүстік тобын талқандау, Сталинградты, одан 

кейін  Астраханьды  алу.    Ростовты  қаратқаннан  кейін  4  -  танк  армиясымен  (“Б”  армиялар 

тобынан)  күшейтілген  “А”  тобы    Кавказға:  Майкоп,  Грозный,  Дербент,  Бакуға  жылдам 

шабуыл жасауға тиіс болды.”[2.242,243,246-247] 

Фашистік  Германия    1942  жылдың  екінші  жартысындағы    соғыс  қимылдарының  

негізіне айналған  жоғарыдағы көрсетілген әскери жоспарын іске асыруы нәтижесінде  Кеңес 

Одағын  оңтүстіктегі    мұнайлы,  өндірісті,  астықты  және  темір,  су  жолдары    тасымалының 

негізіне айналған аудандардан  (Дон, Еділ жағалауы, Кавказ) айыруға ерекше назар аударды.  

Егер де Германияның осы соғыс операциясы табысты іске асқанда  Кеңес Одағын қолдаған 

мемлекеттердің    Германияға  деген  саясаты    өзгеретіндігі  еске  алынды.  Гитлер  осылардың 

қатарында 1942 жылғы жемісті шабуылдар  Германияның одақтастары арасындағы беделінің 

артып,  олардың  Кеңес  Одағына  қарсы  соғыста  белсенділік  көрсететіндіктерін  де  есепке 


 

111 


алды.  Соның  ішінде  Түркияның  одақтастық  міндеттерін  атқаруға  деген  жауапкершілігін, 

Жапонияның  шығыстан  Кеңес  Одағына  шабуыл  жасауын  талқылауға    арналған  нақты 

келісімдер де қарастырылды.  Яғни, Фашистік Германия  1942 жылдың жазынан басталатын 

жаңа соғыс операциясына  үлкен үміт артты.  

Міне осылай “200 күн мен түн бойы Еділ мен Дон аралығындағы байтақ  территорияда  

Cталинград шайқасының  кескілескен ұрыстары мен қырғыны толастамады.  Тарих  өзінің 

көлемі мен қимылдары  және оның зардаптары жағынан осындай теңсіз соғысты білген жоқ.  

Ол  кеңес  халықтарының  жеңіске  жету  жолындағы  аса  маңызды  кезең  болып  табылды.  

Қорғаныс  соғыстары  кезінде    кеңес  әскерлері    жаудың    шабуылдарын  тойтарып,    оның 

екпінді күштерін әлсіретіп, шығынға ұшыратты, ...” [3.43] 

Сталинград  шайқасының  ауқымы  да    аса  зор  болды.    Мысалы:  “Кейбір  кездерде  екі 

жақтан  2 миллионнан адам, 2 мыңнан астам танк және осыншама самолет, 26 мың  зеңбірек 

пен  миномет  қатысқан  Сталинград  шайқасы  1942  жылғы  шілденің  ортасынан  басталады.  

Орын  алған  оқиғалардың  сипаттамасына  орай      шайқас  екі  нақты  айқындалған:  

Сталинградтың  түбіндегі  және  қаланың  өзіндегі  (17  шілдеден  18  қазанға  дейінгі) 

қорғаныстық және жаудың үлкен тобын жоюды аяқтаған (1942 жылдың 19 қазанынан 1943 

жылдың 2 ақпанына дейінгі) шабуылдық  кезеңнен тұрды.  

Төрт  ай  бойы    жау  адам    және  техника  күштерінің  аса  үлкен  шығынына  қарамастан  

Сталинградқа  ие  болу  үшін  көптеген  әрекет  жасады.  Бірақ  нәтижесіз  болды.  “Ерлікпен 

қарсыласу және  жеңіске жету!”-осы  қысқа ғана тұжырым  Еділ жағалауын қорғаушылардың  

санасына  бұлжымас серт ретінде енді.”[4] 

Міне  осылай,  1942  жылдың    жазына  кеңес-герман    майданының  оңтүстік    бөлігінде 

немістер  үшін  тиімді  қалыптасқан    ахуал  барысындағы  кеңес  әскерлерінің  табанды 

қарсылықтарына қарамастан  “Шілденің соңында  немістердің 1-ші және 4-танкі армиялары  

тоқтамастан,    Цимлянск  ауданында    Доннан өтіп,   Кубаньға  шабуыл  жасай  отыра    Маныч 

өзеніне шықты.  Немістер кесіп тастаған Ростовты 24 шілде күні оңтүстікке шегінген  кеңес 

әскерлері тастап шықты. Осы мерзімде  6 армияның алдыңғы бөлімдері  шығысқа қарай бет 

бұра  отыра  Дондағы  Калачтағы  Доннан    өтетін  стратегиялық  көпірді  алуға  ұмтыла  отыра 

Сталинградқа  қарай  жылдам  қимылдай  түсті.  Оны  басып  алған  жағдайда      қорғалмаған 

тылдағы  қала  Сталинград  1941  жылғы  Гудерианның    танк  армиясы    Орелды  алғанындай 

бірден  басып  алынар  еді.  “Блау”  (“Брауншвейг”)  операциясы  табыспен  жүзеге  асырыла 

бастады, немістердің шығыны  аз болды.  Бұл немістердің “Гельб” (1940жылғы Францияны 

талқандаған)  операциясымен  тең  Шыңғыс  майданындағы  ең  табысты  шабуыл  болды.  

Жеңіске дейін аз ғана қалғандай еді”.[2.261] 

Алайда  соғыс қимылы ауданында бірнеше есе басым күш жинай білген неміс –фашист 

басқыншыларының  шабуылына  кеңес әскерлері  ойдағыдай тосқауыл қоя білді. Нақтылап 

айтқанда    “Cталинградты    қорғаудағы  соғыста  тұтастай  әскери  құрамалар,    және  көптеген 

жауынгерлер    ерліктің  үлгісін  көрсетті.  ...  Сталинград  бағытындағы  әскерлер  құрамында 

Кеңес  Армиясының  320-дан  аса  құрамалары    мен  250-ден  аса  бөлімдері  болды,  солардың 

қатарында  қазақстандық  әскери  құрамалар  –бес  атқыштар    және  атты  әскер    дивизиясы, 

атқыштар бригадасы,  миномет полкы мен  механикаландырылған  көпір салатын батальон 

қызмет етті.  

Донның  шығыс  жағасындағы    Верхнерубежный    хуторынан    Верхнекурмоярская 

станицасына дейінгі  аралыққа басқалардан  бұрын  16 шілдеде  полковник Колобутинның  

ақмолалық  29-атқыштар  дивизиясының  батальондары  орналаса  бастады.  20-шілдеде  

жергілікті  тұрғын  халықтан    жаудың  Доннан    Цимлянская    станицасының    тұсынан  өтуге 

дайындық  жасап  жатқаны  туралы    барлаушылар  білгеннен  кейін  128-  атқыштар  полкі 

командирінің орынбасары  майор Суховаров  басқаратын алғы шептегі  отряд дереу сонда 

жетті.      Отрядтың  құрамына  осы  полктің    1-батальоны,  автоматшылар  ротасы,  76  мм-лік 

және  45  мм-лік    зенбірек  батареясы  мен  взводы,  танк  ататын  қару  ротасы,  минометшілер 

және пулеметшілер  роталары, саперлер взводы, сондай-ақ танк батальоны кірді.  Келесі күні  

таңертең  Симлянская    станицасының  маңындағы    Красный  Яр  хуторына    жете  берісте  



 

112 


өзеннен  өткен  жауды  кездестіріп,  25  шілдеге  дейін  толассыз    дерлік  ұрыс  жүргізді. 

Фашистерді  хутордан  екі  рет  қуып  шыққанмен,  немістердің    үздіксіз  үстемеленіп  жатқан 

күшінің қысымынан  дивизия бекінісіне қарай  баяу шегіне бастады.  Осы аралықта отряд  

қаза  тапқан    50  солдаты  мен    офицерінен,  127  жараланған    және    122  хабарсыз  кеткен  

адамдарынан, яғни, өз  әскер құрамының  үштен бір  бөлігінің  көбінен айырылды.  Дұшпан 

мыңға    жуық  адамын  жоғалтты,  ең  бастысы    Сталинград  бекінісін    сырттай  қоршауға  

белгіленген  мерзімде шыға алмады. 

Оң  жақ  жағаға  дивизияның   алғы  шептегі   басқа  екі  отряды  жіберілді.  106  атқыштар 

полкінің    3-батальоны  27  шілдеде    Бирючий    және  Сметанин    хуторларының  түбінде  

ұрыстарда  әлсірген  154-теңіз  жаяу  әскері    бригадасының    ізіне  түскен  жауды  тоқтатып,  

бригаданың  өткелден  өтуін  және  бекініс  шебіне    орналасуын  қамтамасыз  етті.    Березовка 

селосының  маңында    299-атқыштар    полкінің  алғы  шептегі    отряды    оның  3-батальоны  

немістердің бірнеше күнге қимылдарын тежеді.    

Жалпы, алғы шептегі  отрядтар дұшпанды біздің бекінісіміздің  алғы шебінен  алыста  5 

тәулік  тоқтатып,      оны  ауыр  шығындарға    ұшыратты  және  жаудың    жоспарлары    мен 

күштерін    қаланың  оңтүстік  –  батыс  кіреберісінде    шоғырландыру    әрекетін  ашуға 

көмектесті.  

Кеңес командованиесі  Цимлянская және Котельниково маңында  шоғырланған  4 танк 

және  4  румын    армияларына  қарсы,  солардың    тегеуіріні  мен    шегініп  бара  жатқан    57-

армияны  толықтыруға  64- армияның  негізгі күштерін  аударуды, ал оларды басқа жерлерге 

орналастырғанға  дейін    генерал-лейтенант  В.И.Чуйковтың    3  тамызда  жасақталған    жедел 

қимыл  тобын    алға  жіберуді  ұйғарды.    Оның  құрамында    төрт  атқыштар  дивизиясы, 

атқыштар және  танк бригадалары болды, алайда тек олардың  біреуі ғана -   29-атқыштар 

дивизиясы    толық  жасақталған  еді.  Дивизияның    бөлімдері  мен  бөлімшелерінде    (алғы 

шептегі    отрядтарды  жасақтағанға  дейін)  11840  адам,  74  зеңбірек,  258  миномет,  81 

қондырғылы және 353  қол пулеметі, 279 танк ататын қару, 635 автомат және  9976 винтовка 

болды. 

5 тамызда  таңертең  29-дивизия Ақсай Есаул өзенінің солтүстік жағасында  дұшпанға 



шабуыл  жасап,    кешке  қарай    оны  оңтүстік  жағаға    шегіндірді.  Келесі  күндерде    жау 

дивизияның  16 километрлік  шебінде бойлай  үш жаяу әскер дивизиясын  және танк полкін, 

содан кейін  моторландырылған дивизиясын  шоғырландырды.  Оларға 20-дан 100-ге дейін 

бомбалаушы  -  ұшақтар  жәрдемдесті.    Күш  және  қару  жағынан  осындай    артықшылық 

жаудың  Абгонероваға дейін  ілгері жылжуына мүмкіндік туғызды [5.462-464].   

“Алғашқы  ұрыстардың  өзінде-ақ,-деп  жазылған  тарихи  деректерде,-  бөлімдер  мен 

бөлімшелердің  жеке құрамы  жоғары рухани және  жауынгерлік қасиеттерін- отанға деген 

сүйіспеншілік пен  жауға деген бітіспес жеккөрушіліктерін,  тәртіп пен  ұйымшылдықтарын,  

жаужуректілік  және    ерлікке  деген  ұмтылушылықтарын  көрсетті.    Ақсай  өзені  мен  

Авангерово маңындағы  жаудың шабуылдарына  тойтарыс беруде шешуші  қимыл жасаған 

Майор Михайл Сергеевич Северский мен  батальондық комиссар Семен Маркович Рогачтың  

77-


артиллериялық полкы  дивизияда және -64 армияда  бірінші болып  Қызыл Туға ие болды. 

Осы және Сталинградқа  шегінубарысындағы ұрыстарда  көзге түскен полк  жауынгерлері 

арасында  ...  ақмолалық,    №  3  мектептің    география  пәнінің  мұғалімі  Николай  Петрович 

Нагаевті атайды. ...  тамыздың соңында, қоршау қаупі төнгенде  ол  полк штабы бастығының 

көмекшісі  аға лейтенант  Ю.Я.Чередниченкомен бірге  бөлімнің туы мен штаб құжаттарын 

сақтап қалды” [6].    

Ақмолалық  осы  дивизияның тағы  да  басқа  жауынгерлерінің  Сталинград  қаласы  үшін 

шайқастағы  ерліктері  қазіргі  ұрпағымызға  жетіп  отыр.  Мысалы:  “  72(29)  гвардиялық 

атқыштар  дивизиясының  құрамында    Отан  соғысы  ордені  мен    “Ерлігі  үшін”  медалінің 

иегері  ... Андрей Федорович Дубицский,  ордендер мен медальдар иегері  Хамит Байбеков, 

...  дивизия  байланысшысы  Константин  Иванович  Альхов,  саперлер  взводының  командирі  

Андрей Николаевич Дороговтар ерлікпен шайқасты.  

Кеңес Одағының Батыры А.В.Петровтың әйелі Анастасия Алексеевна  Манакова 1941 

жылдың    маусымында  күйеуімен  бірге    майданға  өз  еркімен  баруға  өтініш  білдірді.  №1 



 

113 


қалалық  орта  мектебінде  мұғалім  бола  отыра    жұмыстан  қол  үзбей  отыра  медбикелер 

дайындайтын  қысқа  курсты  аяқтады.  29-дивизияны  жабдықтау  кезінде    ротаның  санитар 

нұсқаушысы болып белгіленді.  Соғыста ерлік көрсетті, көптеген жауынгерлердің өмірлерін 

құтқарып қалды, алайда 1942 жылдың күзінде  Цимлянская станицасы (Дондағы) жанындағы 

ұрыста қаза тапты. 

Соғыстан  кейін    туған  қаласына  қайтып  оралған  Клавдия  Алексеевна  Метлина  72-

гвардиялық  дивизияның  құрамында    бүкіл  соғысты  басынан  кешірді,...  Қызыл  жұлдыз 

орденімен және Жауынгерлік ерлігі үшін медалімен марапатталды. Оның сіңілісі  Елизавета 

Алексеевна  Метлина да  майданға өз еркімен аттанып,  Сталинград шайқасына қатысты.  

Мария Давыдовна Бурханова (Игнатенко) 1942 жылдың  мамырында ... үш ағасының 

соңынан  майданға  өз  еркімен  аттанды.    Әскери  жолын    Сталинградтағы    8-әуе  армиясы 

даңқты ұшқыш Александр Покрышкин басқарған  полкы ұшағының  атқыш-радисі ретінде 

бастады.  Оннан  артық  жауынгерлік  ұшу  жасады.    Ұшаққа  оқ  тигеннен  кейін  жорықтық  

радиостанциясында қызмет етті.” [7]    

Мұрағат  құжаттарынан  айқындалатынындай:  “72-гвардиялық  Красноград  дивизиясы 

алдымен  №459,  одан  кейін    ҚХК  1.03.  42  жылғы  №004  бұйырығымен    №29  деп  аталды, 

КСРО ҚХК  1.03.43 жылғы № 104 жылғы бұйырығымен  Сталинград шайқасындағы ерлігі 

үшін  72-гвардиялық  дивизия  деп  аталды.  (дивизия  командирі  1942  жыл-  полковник 

А.И.Лосев, 1943жыл-полковник А.И.Колобутин) 

Дивизия    1942  жылдың  ақпанынан  қазан  айына  дейін  Сталинград  түбінде  шайқасты. 

Соның ішінде:  

1942  жылдың  19  шілдесінен  11  тамызға  дейінгі    Сталинградтың  батысындағы  жаңа 

күштердің  келуін  қамтамасыз  ету  үшін  кеңістікті  иелікте  ұстау  мен  уақытты  үнемдеу 

мақсатындағы Ақсай өзенінің солтүстік жағалауындағы қорғаныс ұрыстары

Сталинградтың жақын шебіне жауды өткізбеу жолындағы 1942 жылдың 18-29 тамызы 

аралығындағы Абганерово станицасы маңындағы  қорғаныс ұрыстары; 

Сталинград түбіндегі  Елхи станицасы ауданындағы 1942 жылдың 2қыркүйегі мен  28 

желтоқсан  аралығындағы    қарсыластың  Сталинградтың  оңтүстігі  арқылы  Еділге  шығуын 

болдырмау, одан кейін жаудың қоршауға түскен Сталинградтық тобы әскерлерін  талқандау 

мақсатындағы  оңтүстік арқылы жолдарын бөгеу соғыстарына қатысты”[8]. 

Ал “64-армиядан шығысқа қарай бекініс құрған  57-армияға 1тамызда  алматылық 38-  

атқыштар дивизиясы келіп қосылды. Харьков шайқасының  барысында  мамыр айында  ол 

Терновая    селосындағы    гарнизонды  қоршап  алды,  алайда  жау  ту  сыртынан    соққы  беру 

арқылы    оларды  шегіндірді.    Шегіну  кезінде    ұрымтал  бекіністерде    қатты  қарсылық 

көрсетіліп,    28-армияның    шегінуіне  жол  ашты.    Көп  адамын  жоғалтты,  солардың  ішінде  

командирлері    Н.П.Доценко  да  бар  еді.    Командирлік  оның  орынбасары,  полковник    Ғани 

Сафиуллиннің  қолына көшті”[5.464].  

Осы  дивизияның  құрамында  өзінің    іскер  әскери  қолбасшылығын  көрсете  білген 

“Сталинград шайқасының батыры, қазақстандық  Ғани Сафиуллин  дивизияны1942 жылдың 

маусым айының басындағы кескілескен шайқастар жүріп жатқан мерзімде Харьков түбінде 

қабылдап алды.   Дивизия  үш рет күші басым қарсыластарының, атап айтқанда  Оскол өзені 

жағалауындағы    Уразово  қаласының  түбінде,  Миллеров  және  Кантемировка  жанында 

қоршауда қалды, алайда қоршауларды ұйымдасқан түрде бұзып өтіп, одан босанып шықты. 

38-  


алматылық атқыштар дивизиясы 64- Армияның құрамында  қаланың бастапқы кіре беріс 

шебінде  қорғаныс  шайқастарын  жүргізді.  1943  жылдың  10  қаңтарында      дивизия  57  - 

армияның  құрамында  негізгі  бағытта    қимыл  жасай  отыра  Сталинград  түбіндегі  

қарсыластың  қорғанысын  бұзып,    гитлершілерді  өздерінің  шабуылдау  ауданында 

талқандады,    генерал  Фон  Дреббер  басқарған    немістердің    №297  гренадер    дивизиясын 

штабымен    тізе  бүгуге  мәжбүр  етті.    Ол  Еділ  бойындағы қоршауға  түскен  немістерді  жою 

барысындағы   тұтқынға түскен 24 генералдың алғашқысы болды.  

Дивизияның  жауынгерлері  осымен  бірге    СС  генерал-лейтенанты    фон  Шлеммер 

бастаған  №14  танк  корпусының  штабымен    тізе  бүгіп,  тұтқынға  түсулерін  қамтамасыз 

етті”[9].  



 

114 


Сталинград  түбіндегі  жаумен  тең  емес  кескілескен  шайқастарда  қатардағы  қазақ 

жауынгерлері  де  ерекше  ерлік  танытты.  Мысалы  ...  “көзге  түскен    жаяу  әскерлердің 

қатарынан    оңтүстік  Қазақстан  облысы    Сайрам  ауданындағы    Ворошилов  атындағы  

ауылшаруашылық  артелінің    бұрынғы  колхозшысы  Әбдібаев  Құрмантаев  дараланды.  Ол 

дивизиядағы  мергендер    қозғалысының  бастамашысы  болды.    ұрыстардың  бірінде  

Құрмантаев  қызмет  еткен    взводты  румындар  қоршап  алды.    Олардың  берілуді  талап  етуі  

мұң-ақ  екен    взвод  командирі  қолын  көтеріп,  өз  солдаттарынан  да    солай  етуді  ұсынды.  

Солдаттардың  арасында  қорқақтар  жоқ  еді.    Сатқынды  атып  тастаған  Құрмантаев  

жауынгерлерді қарсы шабуылға  көтеріп, қоршауды  бұзып өтті.  Қаһарман жауынгер  Қызыл 

Ту  орденімен  марапатталды және оған  кіші лейтенант атағы берілді.  Атақ-даңққа табанды  

жауынгер мақтанып кетпеді.  Ол өзінің мергендік шеберлігін шыңдай түсті. Қарсы шабуылға 

шығу  қарсаңында    оның  оғынан    жер  құшқан    жау  солдаттары    мен  офицерлерінің    есеп 

санын  жүзге жақындатты”[5.464].   

Сол  мерзімдегі  майдандық  “За  Родину”газетінің  әскери  тілшісі    Илья  Эренбургтің 

жазуынша:  “Жауынгер  Тұрсынбаев    ...  Дон  жағалауында    өзінің  туған  Қазақстанын 

қорғайды.  Ауыр күн болды:  жаңа шепті алу үшін  біздің әскерлер шабуылға шықты, алайда 

немістің  оғы  командирді  өлтірді.  Барлығы  абдырап  қалды.  Осы  сәтте  Тұрсынбаев    алға 

жүгіріп шығып: “За Родину” деп айқай салды. Одан кейін оны “Отан үшін” деген сөздермен 

қазақша қайталады.  Осы ұранмен ол взводты  немістерге қарай алға бастап шықты.  Жау 

шегіне  бастады.    А.Тұрсынбаев  ұрыс  аяқталғаннан  кейін:  “Менің  ісім  шағын  ғана-жауды 

талқандау.  Біз  барлығымыз  біріккенде  үлкен  күшке  айналамыз,”-деп  жауынгерлерге  өзінің 

сөзін арнады”[10]. 

Осы  баяндаудан    Гитлерлік  басқыншылардан  ортақ  Отандарын  қорғаудағы  қазақ 

жауынгерлерінің жаппай ерліктерінің бір сәті айқындала түсетіндігі айғақ.  

Қазақ жауынгерлерінің  Отан қорғаудағы батылдықтары,  әсіресе мергендерінің  әскери 

қаруды шеберлікпен игерулері мен мүлтіксіз дәлділікке жетісушіліктері   неміс әскерлеріне 

арасына  кеңінен  тарады.    Оны  неміс  солдатының:  “Кеш  түсісімен    біз  өзара  ашық 

сөйлесетінбіз.  Мергеннің  монғолдық  қысық  көзі  әрқайсымызды    аңдып  тұрғандай  еді.  Біз 

үшін  кейде  ең  басты    балаларымыз  молаларымызға  келулері  үшін  денелерімізді  Рейхқа 

жеткізу,” [11] -деген еске алуынан білуге болады.   

Қазақстанда  жасақталған  әскери  құрамалар  қатарында  “81-Жамбыл  кавалериялық 

дивизиясы  таратылғанға  дейін  Сталинград    түбіндегі  шайқастың  тағдырына  өзіндік  үлкен 

үлес  қоса  алды.  1942  жылдың  қазанының  соңы-желтоқсанының  басында  Котельниково 

қаласын алуға әрекет жасай отыра  Паулюстің қоршаудағы армиясына бұзып өтуге арналып 

жасақталған  жау тобының  мақсатын аша білді”[12]. ??? 

Қазақстандықтардың    Сталинградты  қорғау  шайқастарына  белсенділікпен  қатысып, 

жанкештілік пен жаппай ерлік көрсетулерінің себептерінің ішінде  бұл соғыс қимылдарының 

Қазақстанның батыс өңірлеріне  тікелей жақын келуінен деп те есептеуге болады.  Себебі, 

“Cталинградты қорғау соғыстары кезеңіндегі 1942 жылдың күзінде Батыс Қазақстан облысы 

майданға  жақын  аймаққа  айналды.    Мұнда  Сталинград    майданының  120  дан  астам 

құрамаларының әскерлері мен қызмет көрсету бөлімдері  орналастырылды”[12]. 

Вермахтың артиллерия офицері В.Вюстердің: “1942 жылдың  24 шілдесінде  сағат 6.00-

де    колхозды4  деревнясына    жол  тартып,    сонда  түнеуге  қалдық. 2-взвод    қарсыластың 

ажырап  қалған  тобына  оқ  жаудырды.  ...  егде  қырғыз    өзінің  мекенін  көрсетті.    қысқаша 

айтқанда  мұнда  азиялықтар  көп.    Біз  бірнеше  түйені  тартып  алдық.    Көпшілігі    онымен 

фотосуретке  тусуге  үлгерді,”  [13]  деген  еске  алуы  шындығында  да  майдан  шебінің  қазақ 

жеріне де енгендігін айқындайды.  

Міне  сондықтан  да,  Сталинград  түбінде  немістер  мақсаттарына    жеткенде    соғыс 

қимылдары Қазақстан жеріне ауысатындығы айғақ болды.  Міне сондықтан да  әсіресе қазақ 

жауынгерлерінің  ұйымшылдықтары  мен    батырлықтары    осындай  жағдайды  болдырмау 

мақсатымен еселеп артқан болар. 

Кеңес  әскерлері  тарапынан  көрсетілген  осындай  табанды  қорғаныс  соғыстарының 

нәтижесінде  “Сталинград  пен    Солтүстік  Кавказда    қимыл  жасаған  күші  басым  жаудың 

екпінді  топтары  мықты  қорғаныс  ұйымдастыра  алмады  және    Воронеж  бен    Элиста  және 



 

115 


Моздоктан    Новоросийск    дейінгі  үлкен  майданда  шашыраңқылыққа  ұшырады.    Кеңес 

әскерлерінің    1942  жылдың  жазы  мен  күзіндегі    өлшеусіз    табанды  және  белсенді  

қорғанысының себептерінен олар үлкен шығынға ұшырады” [3. 26].  

Осыдан  барып  “Донның  жазығы,  одан  кейінгі    Сталинградтың  аумағындағы  және 

қаланың  өзіндегі    кескілескен  қорғаныс  шайқасының  нәтижесінде  жаудың  шабуылдау 

әскерлерінің  қуаты  ғана  емес,  сонымен  бірге    кеңес-герман  майданының    оңтүстік 

қанатындағы  екпінді топтары да  әлсіретілді.  Осылармен бірге  кеңес әскерлерінің батыл  

қарсы шабуылға  шығуларына жағдай жасалды”[14.109]. 

Сталинградтты қорғау үшін болған  осы қорғаныс шайқасы  кеңес әскерлері үшін орны 

толмас    шығын  әкелді.  Тарихи  деректерде  баяндалатынындай,    төрт  айға  созылған    осы 

шайқаста    “Кеңес  қарулы  күштерінен  (Сталинград,    Оңтүстік  –  шығыс,  Дон  майдандары, 

Еділ  әскери флотилиясы) 323856 жауынгер немесе осы соғысқа қатысқандардың  59,2% қаза 

тапқан”[14.109].  

Ал,  Кеңес  Армиясының  Сталинградты    қорғауға  арналған    соғысындағы    немістер 

жағының  адам  шығыны  туралы  нақты  мәлімет  табылмады.    Егер  де    1941  жылдың  22 

маусымынан    1945  жылдың    1  қаңтарына  дейінгі    3,5  жыл  мерзіміндегі  Вермахт  және  СС 

әскерлерінің  1832,3    мың  адамы  қазаға  ұшыраса,  [14.371]  Кеңес  әскерлерінің    Сталинград 

түбіндегі шығының  аса молдығы айқындала түседі. Ал мұның өзі  ұлы Отан соғысындағы 

жеңістің өлшеусіз ауыр қайғы арқылы келгендігін дәлелдейді. 

Жоғарыда  баяндалғанындай,    осы  қорғаныс  шайқастарына  қазақстандық  әскери 

бөлімдері  қатысқанымен,    олардың  қанша  жауынгері    шығын  болды,  солардың  ішіндегі 

нешеуі  қазақтар  екендігі  туралы  толық  деректер  жоқ.    Басқаны  айтпағанда,    Ұлы  Отан 

соғысына  қатысқан  қазақстандықтар    арасындағы      барлық  қаза  болғандарының  да  нақты 

саны  жоқ.  әр  түрлі  деректер  айтылады.    Сондықтан  осы  салада      атқарылар    істер  де  алда 

екендігі түсінікті болады.   

Яғни,    Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанынан  бері  70  жыл  өткенімен,    оның  бүкіл 

барысы,  қорытындысы      ашылып,  қазіргі  ұрпаққа  берер  толыққанды    сабақтары  жасалған 

жоқ.  


Кеңестік жүйе кезінде  Ұлы Отан соғысы  тарихының нақты шындығы     бұрмаланып 

келді.    

Осылардың  қатарында    біздің  халқымыздың  бұл  соғыстағы  жеңіске  қосқан  үлесі  де 

толығымен айқындалмаған.     Тағыда басқа шешімін күтудегі мәселелер жетерлік. 

Атап айтқанда: 

    -  


Ұлы Отан соғысындағы  барлық қазаға  ұшырағандардың  ұлттық белгілеріне сай, 

соның ішінде қазақтардың нақты  санын анықтау іске асырылмаған; 

   -  

аға  офицер  шеніндегі,  соның  ішінде      әскери  құрамалар  басқарған    қазақтардың 



саны, олардың басқа ұлт өкілдерімен салыстырғандағы пайыздық көрсеткіштері кездеспейді; 

   - 


бөлімшеден-батальонға  дейін  басшылық жасаған  кіші офицер қазақтардың саны 

белгісіз қалып отыр;    

   - 

Кеңес-герман майданындағы  шешуші кезеңдердегі  жаумен бетпе-бет шайқастарға 



қатысқан  қазақтардың санын дәл айту қиындық тудыруда; 

  -  


айып  роталары  мен  батальондарында  болған,  онда  ерлікпен  көзге  түскен 

қазақтардың анықтамалығы мүлдемге белгісіз;  

  -  

лажсыздан  тұтқынға    түскен,  алайда    одан  қашып  шығып,    кеңес  әскерлеріне 



қосылған және одан ары батырлықпен соғысқан  қазақ жауынгерлерінің  сандарын дөп айту 

мүмкін емес; 

  - 

соғыста  жеке  ерліктері  мен  әскери  басқару  шеберлігін  көрсеткен  қазақ 



офицерлерінің  кеңестік  жоғары  әскери  академияларға    оқуға  тартылуы,  одан  арғы 

қызметтері, т.б. мәліметтерді айқындау маңызға ие болып отыр.  

Міне,  осылардың  барлығының  беті  ашылғанда    қазақ  жауынгерлерінің    Ұлы  Отан 

соғысындағы жеңіске қосқан нақты үлесі бүгінгі ұрпақтарына паш етілер еді.  Себебі соғыс 

кезінде  әсіресе  шығыстық  ұлт  өкілдерін  елемеу,  кемсіту,  жаумен  болған  ұрыстардың 


 

116 


нәтижелерін айқындаған басқарушылықтары мен  жеке ерліктерін төмендету мысалдарының 

барынша орын алып келгендігі айғақ.   Мысалы, 1942 жылғы Сталинградты қорғаудың аса 

шиеленісті  күндеріндегі  кездескенг  осындай  оқиға    жазушы  В.С.Гроссманның  “Жизнь  и 

судьба”  атты    романында    баяндалған.    Кітаптағы  “(Генерал  Неудобнов-  танк  корпусы 

штабының  бастығы,-Ғ.Қ.)  –  Жолдас  полковник  екінші  бригаданың  штаб  бастығын  не 

істеуіміз  керек?  Михалев    біржарым  айдан  кейін  ғана  қайтып  оралады,  мен    округтік 

госпитальдан  жазбаша  қорытынды алдым. 

     ... 

       - 

Майор  Басанговты  уақытша  тағайындайық,  -  деді  Новиков  (танк  корпусының 

командирі,-Ғ.Қ.),  -  ол  қабілетті  командир,    Новгород-Волынск  түбіндегі  танк    шайқасына  

қатысқан.  Бригада комиссарының қарсылығы жоқ па? 

    - 

(Гетманов-  танк  крпусының  комиссары,  корпустағы  партиялық  бақылаушы,-Ғ.Қ.) 



Әрина  қарсылығым  жоқ,    ..  алайда  пікірім  бар,  екінші  бригада  командирінің  орынбасары, 

подполковник-  армянин,    оның  штаб  бастығы  қалмақ  болады,  бұған  қоссаңыз,  -үшінші 

бригадағы  штаб  бастығы  подполковник  Лифшиц.    Мүмкін  қалмақсыз  да  жағдайдан 

шығармыз?  

    

Неудобнов  –  Шындығында  да  бәрі  солай,  бүкпесіз  айтқанда,  марксизм    аталған 



мәселеге басқаша жолмен қарауды үйретеді ғой 

   


... (Гетманов) халықтар достығы жолында біз әрқашан  орыс адамдарын құрбан етеміз 

Аз ұлт  енді ғана әліппені ажырата бастайды,  ал біз  оны халық комиссарына ұсынамыз. Ал 

біздің  Иванды  маңдайы  бес  қарыс  болса  да,  жолын    бөгеп,    азұлтқа  жол  бер  дейміз.    Ұлы 

орыс  халқын  аз  ұлтқа  айналдырдық.    Мен  ұлттар  достығын  жақтаймын,  алайда  мұнандай 

емес, жетеді!”[15]-деген үзінді жоғарыдағы айтылғандарға дәлел болатын сияқты.   

Міне  осыдан  кейін  қазақтан  шыққан  қас  батыр,  табиғатынан    дарынды,  Ұлы  Отан 

соғысының  барлық мерзімінде өзінің әскери қолбасшылығын, көрегендігі мен тапқырлығы,  

батылдығын,  барынша көрсете білген   Бауыржан Момышұлы, онымен бірге көптеген қазақ 

және  т.б.  аз  ұлт  өкілдері  осындай  саясаттың  зардаптарын  тартқандығына  көз  жеткіземіз. 

Әйтпегенде  Бауыржан  Момышұлы    жоғары  дәрежелі    генерал  атанып,  лайықты 

марапатталынып,  дивизия емес армия, тіпті майданды  басқарар еді ғой.   

Осы бағыттағы деректерді  жинақтау да  қажеттілікке ие. 

Міне,  сондықтан  да,    1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысындағы  Қазақстанның 

лайықты  орнын  айқындау  мақсатындағы  ауқымды  зерттеу  еңбектерін    негіздеп,    оны 

еліміздің қазіргі ұрпағына таныстыра отыра,  сабақтарын саралап,  маңызын айқындау осы 

тақырыппен айналысатын  Қазақстан ғалымдарының  міндеті деп есептейміз.   

                                   



1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал