Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/30
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

 
 
Есембеков Т.О.  
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
 профессоры, филология ғылымдарының докторы 
Айнабекова Г.Б. 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
 университетінің магистрі 
 
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ҮДЕРІСІ 
 
Өткен ғасырда көпшілікке  гуманитарлық тұрғыдан қисынды болып көрінген, ғылыми айналымда 
жиі талқыланған «Мәтін жоқ жерде ойлау мен зерттеуге де негіз жоқ» деген М.М.Бахтиннің белгілі 
пікірін [1,305б]  қазіргі  кезде  сыни  тұрғыдан  бағалау  жиі  кездесіп  отырғаны  тегін  емес.  Әрине, 
ғалымның бұл көзқарасы сол кездегі филологиялық ілімдерге қатысты айтылғанын, ескерген жөн, ал 
қазіргі уақытта мәтін туралы көзқарастардың қазіргі кезде түбегейлі өзгерістерге ұшырай бастағаны 
мәлім. Демек, бүгінгі филолог-студент үшін де мәтінтанудың осындай іргелі мәселелерін қамтитын 

22 
 
пәндердің қажеттілігі даусыз. Сондықтан Ресей жоғарғы оқу орындарында «Мәтінді  филологиялық 
талдау» атты жаңа міндетті пәннің мемлекеттік  стандартқа енгізілуі бізге де ой салғаны дұрыс болар 
еді, ендеше қазірден-ақ оның мақсаты мен міндеттерін айқындауды көп болып қолға алғанымыз жөн 
шығар.  Аталмыш  пәннің  әдебиеттану  мен  лингвистикалық  зерттеулердің  соңғы  жетістіктерін 
ескеретін, оларды уақыт тезіне сай жүйелеп отыратын жаңа интегративтік курсқа айналғаны орынды 
болмақ.  Алдымен  осындай  талдаулардың  стратегиясы  мен  тактикасын  айқындаудың  өзіндік 
қиыншылықтары барын ескерген қажет сияқты. Егер бұл пәннің басты мақсаты көркем мәтінді  оның 
негізгі категориялары мен  ерекшеліктеріне сүйене отырып талқылау десек, онда басты зерттеу ныса-
ны мазмұн мен мағына, мән мен маңыз төңірегінде топтасар еді, яғни нәтижесінде әдеби туындыны 
әрқилы  талдаумен  интерпретациялық    тездерден  өткізу  деген  ой  мен  ниеттің  жетекші  идеяға  айна-
латыны даусыз. Осындайда П.Рикердің талдау мен талқылауды мәтіннің мағыналарын айқындайтын  
ойлау  қызметі  деген  пікірін  ескеру  керек  болар.[2,18]  Демек,  филологиялық  талдаудың  сапасы 
алдымен мәтіннің құрамдас бөліктерінің арасындағы мағыналық қарым-қатынас түрлерін анықтауға 
байланысты болады екен. Мәтін структурасын сараптаудан басталатын алғашқы жұмыстың әрі қарай 
бірте-бірте мазмұндық байламдарға  жалғасқаны нәтижелі болмақ. Әрине осы ізденісті тұрақты кәсі-
би үрдіске айналдыру мақсатын әрбір ұстаз үшін тұрақты оқу бағдары ету міндеті де тұруы керек-ақ. 
Ал пәннің жалпы міндеттерін былайша  белгілеуге болар деп ойлаймыз: 
а) әдеби туындының өзіндік ерекшеліктері мен  негізгі категорияларын эстетикалық тұтас нысан 
құрайтын  бірлік  ретінде  қарастыру;  ә)  мәтін  түзудің  тұтас  әрі  ойға  орамды,  оңтайлы  құраудың  
қағидаттарын сараптау; б) авторлық  ұстанымның көркем шығармадағы  көріну түрлерін анықтауға 
үйрету; в) филологиялық талдау мен талқылаудың тиімді түрлері мен жолдарын таныстыру; г) мәтін, 
мәнмәтін, интермәтін  арасындағы түрлі дискурстық байланыстарға назар аударып, олардың сипаты 
мен мағыналық қызметін саралау. 
«Көркем мәтінді филологиялық талдау» пәнінің жоғарғы курс студенттеріне  оқытылғаны тиімді 
болар, өйткені аталмыш сабақтың  алғашқы курстарда оқытылған пәндерді синтездеуге әлеуеті мен 
пәрмені толық жетеді. Нәтижесінде филология факультетінің түлектерін әдеби шығарманы бүтін  бір 
көркемдік  әлем  деп  тануға  жетелеуге,  яғни  мәтіннің  әрбір  құрамдас    бөлігінің  мағыналық  қабат-
тарын, маңызын нақты анықтауға машықтандыруға толық мүмкіндік пайда болады. 
Әдеби  шығарманы  филологиялық  талдау  мәтін,  оның  ішінде  көркем  мәтін  туралы  лингвисти-
калық және әдеби зерттеулерге сүйенеді. Осыған байланысты  көркем мәтін өз алдына бүтін образ-
дық  қызметі  бар  семиотикалық  немесе  эстетикалық  феномен  ретінде  қарастырылғаны  орынды  шы-
ғар.  Сонымен  қатар  оны  әдеби  әлеммен,  қоршаған  ортамен  байланысқа    арналған  ерекше  комму-
никативтік бірлік деп танитын пікірдің ескерілгені орынды. Оған қоса мәтіннің қай-қайсысы болсын  
өз алдына бөлек динамикалық тілдік бірліктер  жүйесі деген орныққан көзқарас бар, оның астарында  
әр түрлі себептерге байланысты  өшіп кеткен, өліп қалған мағыналарды қазіргі оқырман үшін әрқилы 
жолмен  жандандыруға деген ұмтылыс жатыр. Мұндай көзқарас ғылымдағы субъективизмге  басым-
дық бермейді, әрі мәтін туралы қорытынды жасауда импрессионистік пікірлерден сақтандырады. 
Әдеби  туындының  мазмұны  мен  пішіні  арасындағы  байланыстарды  филологиялық  тұрғыдан 
талдау  барысын  ұршықтың  қозғалысына  теңейтіндер  баршылық,  яғни  мәтіннің  мазмұны  мен 
пішінінің  мұндай    үнемі  ілгерінді-кейінді  қозғалыста  болуын  бақылау  мен  сараптау  кімге  болсын 
оңай емес, әрі оның нәтижесі жұмсалған еңбек көлеміне сай емес дейтіндер көптеп табылады. Тағы 
бір  зерттеушілер  мұны  тек  циклдік  үдеріс  деп  қарауды  ұсынады,  оның  негізінде  пішінге  басымдық 
беру  жатыр.  Әдеби  нұсқаның  пішінін  талдау  мазмұндық  түйіндер  жасауға  жетелейтіні  белгілі,  ал 
олар өз кезегінде образдық жүйемен тығыз бірлікте қарастырылса, онда мәтіндегі динамикалық құ-
былыстарға назар аударылып, олардың мәтінтүзушілік мүмкіншіліктері мен қызметтері бағаланады. 
Оқушыларды мәтіндегі рухани-эстетикалық тәжірибені тануға үйретудің де жүйелі жүргізілуі фило-
логиялық зерттеудің сапасын көтереді. Онымен бірге студенттерді өмірлік оқиғалардың әдеби мәтін-
нің фабуласы фабуласы мен сюжеттік кеңістігінде  қалайша «өмір сүретініне» зер сала білуге үйрету-
дің  маңызы  зор,  бұл  үдерістің  студенттің  өзіндік  эстетикалық  білігі  мен  тәжірибесін  қалыптасты-
ратыны түсінікті, ендеше маман дайындауда ол салаларды да өнімді қамтуға мүмкіндік туады. 
Әдеби  шығарманы  филологиялық  талдаудың  әрі  зерттеушілік,  әрі  шығармашылық  сипаты  бар, 
сондықтан әрбір оқырманның көркем шығарманы ішкі дүниесімен сезіне отырып асықпай зерделеуге  
ерекше  мән  бергені  нәтижелі  болмақ,  талдау  барысында  түрлі  еркін  талқылауларға,  әр  қилы  ауан-
дағы пікірлерге де орын берілгенінің тиімділігі мол. 
Талдауға  таңдап алынатын мәтіндерге де қойылатын талаптар бар, ал оларды жетілдіріпотыру – 
даму  талабы.  Сырттай  қарағанда  мазмұны  үндес,  пішіні  ұқсас  шығармаларды  талдау  барысында 
ортақ  қисындық  тұжырымдар  жасай  салуға  асықпау  қажеттігін  айтып  отырған  дұрыс.  Әр  көркем 

23 
 
мәтіннің  өзіндік  эстетикалық  әлем  екені  естен  шықпасын.  Типологиялық  қасиеттерді  айқындауда 
мүмкіндігіне  қарай  ұқсастықтарға  ғана  назар  аудармай,  айырмашылықтарға  да  көз  салған  орынды. 
Талдау үстінде мәтіндердегі жекелеген компоненттерден гөрі әдеби категорияларға көбірек мән беру 
маңыздырақ екені естен шықпасын. 
Филологиялық талдауларда мынадай жайттарға ерекше ықтиятты болу керек. Ғылыми зерттеуші 
көбінесе тұтас мәтінді бөлшектеп, жіліктеп, бөліп алып қарастыруға мәжбүр болады. Мұндайда жеке 
мәселелердің  кейбірінің  жалпы  сипатқа  ие  болып  кету  мысалдары  жиі  кездеседі.  Бірақ  мұндай 
ұстанымды ылғи алға сала беруге болмас, асылы, кез келген компоненттің басқа бөліктермен жүйелі 
байланыстарын  мұқият  қарастыру  қажет.  Оған  қоса  көркем  мәтіннің  оқырманға  әсер  ету  фактор-
ларын  да  тұтас  құбылыс  ретінде  зерттеуге  тырысқан  жөн.  Демек,  филологиялық  талдаудың  басты 
міндетінің  бірі – әдеби  мәтіндегі  көркемдік-эстетикалық  қызметтер  жүйесін  анықтау,  оның  әрбір 
компонентіне сараптама жасау.  
Кейбір еңбектерде мәтіннің жеке фрагменті  көбінесе өз алдына бөлек  талдау нысанына айналып, 
бүтіннің  құрамдас  бөлігі  ретінде  (уақыт,  кеңістік,  фабула)  өз  алдына  бөлек  қарастырылып  жатады. 
Осындай  зерттеулерде  алдымен  мына  мәселелерді  ескеру  керек  деп  санаймыз:  әрбір  компонент – 
бүтін  құрылымның тек жеке бөлшегі ғана емес, сондықтан оның басқа элементтермен жүйелі байла-
нысы  қарастырылсын.  Ғылыми  талдауға  алынған  шығарманың  зерттеуші  назарында  толық  мәтіні 
болғаны  жөн.  Аналитикалық  амал  мәтінді    «шашып  тастап  талдауға»  емес,  керісінше  оны  сегмент-
терге  бөліп  алып  жүйелі  қарастыруға  бағытталсын,  сонда  талдау  барлық  мәтінді  қарапайым  түсін-
діруге емес жүйелі талқылауға айналады. Әрине, талдаудың мәтіннен тысқары мәселелерге ауып кете 
бермегенін  қадағалау  да  аса  маңызды.  Оған  қоса  көптеген  әдеби  ұғым-түсініктердің  басы  түйісетін  
мәтіннің жанды нүктелерін  анықтап алу тиімді. 
Көркем мәтіннің басты негіздерінің маңызды түйісу нүктесісінің бірі – оның  жанры деген пікірге 
ден  қояйық,  оны  шығарманы  тұтастырып  тұрған  «канон»  деген  орныққан  көзқарас  барын  ұмытпау 
керек. Сонымен қатар жанр – оқырман үмітін айқындайтын, шығарманың пішінінің ерекшеліктерін 
белгілейтін ұғым дегенге ден қою қажет. Автор ниеті мен ойы да белгілі бір жанрлық түрге сәйкес 
қалыптасып,  дамып  отырады  деген  көзқарасты  қолдау  керек.  Аталғандарға  қоса  жанрдың  мәтінді 
талдауды реттеп отыратын қасиеті де барын еске салмақпыз. 
Мәтін  архитектоникасына  да  зер  салынғаны  тиімді,  өйткені  бұл  арна  арқылы  автор  мақсатын 
нақты анықтауға мүмкіндік көп, әрі қаламгердің оқырман назарын өз ұстанымына қарай аударудың 
жолдарын  қалай  іздегенін  бақылауға  болады.  Архитектоника  элементтерінің  зерттеушіні  көбінесе 
шығарманың мағыналық қабаттарын айқындауға бағыттайтыны ескерілгені дұрыс, сондықтан әдеби 
шығармадағы  әрбір  мәтінқұраушы  бөліктің  маңызын  жіті    бақылап  отыру  талдаудың  сапасына  оң 
әсер етеді демекпіз. 
«Мәтіннің субъектілік тұрғыдан ұйымдастырылуы» деп қалыптасып кеткен ұғымның немесе оған 
іліктес «баяндау структурасы» деген негіздің арнайы филологиялық зерттеу нысаны болғаны көркем 
шығарманы  толығырақ түсінуге бастау бола алады. 
Әдеби  туындының  мекеншағын  арнайы  қарастыру,  ондағы  уақыт  пен  кеңістік  сияқты  үғымдар-
дың  әрқилы  қарым-қатынасын  зерттеу  де  филологиялық  талдау  үшін  өте  маңызды,  өйткені  көркем 
әдебиет уақытқа тығыз байланысты, тіпті оған тікелей тәуелді өнер түрі деп есептелетіні тегін емес. 
Көркем  шығарманың  интермәтіндік  байланыстарын  зер  сала  айқындау  да  филологиялық  мәтінтану 
үшін өте мәнді болып есептеледі. 
Міне, жоғарыда аталған әдеби шығарманың компоненттерінің  осындай «түйісу нүктелері», яғни 
жанды  жерлері  көркем  мәтінді  жүйелі  талдауға  жетелейтіні  айтылып  жүр,  мұндай  үрдіс  әрі  әдеби 
шығарманы  тыңғылықты  оқуға,  жан-жақты  қабылдауға  машықтандыратыны  мойындалған.  Әрине, 
мұндағы себеп-салдарлық байланыстарды мұқият есепке алудың көркем мәтіндегі басты мотивтерді 
түгендеуге мүмкіндік беретіні үнемі естен шығармау керек.  
Асылы,  талдау  барысында  шығарманың  бірде-бір  көркем  элементінің  назардан  тыс  қалмағаны 
дұрыс.  Олардың  арасындағы  құрлымдық,  коммуникативтік,  функционалдық,  эстетикалық,  дискурс-
тық байланыстар мен қарым-қатынастарды нақты айқындаудың филологиялық талдау үшін мәні зор. 
Жоғарыда сөз болған жайттардың әдістемелік жалғасы болатыны түсінікті, сондықтан көркем шығар-
маның көп компоненттерінің «түйісу нүктелерін» негізге ала отырып талдаудың өзіндік жүйесін ұсы-
нуға да мүмкіндік бар. Мұндай үлгінің филологиялық талдауға қатысты екендігі өзінің тақырыбында 
тұр,  ал  оның  басты  кезеңдері  ретінде  мынадай  мәселелердің  қамтылғаны  дұрыс  сияқты:  а)  көркем 
шығарманың  жанрын  айқындау;  ә)  мәтіннің  архитектоникасының  сипаттамасын  жасау;  б)  шығар-
мадағы  мотивтер  жүйесін  қарастыру  арқылы  мәтіннің  мазмұнын  айқындау;  в)  шығарманың  уақыт 
пен кеңістікте ұйымдастырылуын саралау; г) әдеби образдар жүйесінің ұйымдастырылуын қадағалау; 

24 
 
д) интермәтіндік талдауды жүзеге асыру. Осындай зерттеу сатыларынан тұратын филологиялық тал-
дау көркем мәтіннің идеялық-эстетикалық мазмұнының жинақы сипаттамасын бере алады деп есеп-
тейміз. 
Прозалық мәтіндерді  филологиялық тұрғыдан зерттеуде шығармаларды хронологиялық тізбекте 
қарастырудың да берері көп. Сонымен қатар шығармаларды қисындық тұрғыдан да жүйелеуге негіз 
бар.  Филологиялық  талдау  екі  немесе  одан  да  көп  әдеби  туындыларды  салыстыра  зерттеуге, 
жүйелеуге де қолайлы. Оның студенттерді мәтіндік талдаудың амал-тәсілдеріне машықтандыруға да 
себі  мол,  мүмкіндігіне  қарай  алғашқы  тәжірибе  ретінде  көлемі  шағын  әңгіме-повестерді  зерттеуге 
ұсынған тиімді. 
Түйіп  айтсақ,  көркем  шығарманы  филологиялық  талдауға  арналған  арнайы  оқу  пәнінің  қажет-
тілігін  жоғары  оқу  орындарының  тәжірибесі  көрсетіп  отыр.  Заман  талабына  сай  филолог-мамандар 
дайындауда  аталмыш  пәннің  өз  орны  мен  тиімділігі  барлығы  дау  тудырмас,  яғни  теориялық  білігі 
жоғары, практикалық дайындығы жеткілікті, құзіреттілігі талапқа сай мамандар дайындауға септігін 
тигізеді деген ойдамыз. 
 
Резюме 
Мақалада көркем шығарманы филологиялық талдаудың зәрулігі мен қажеттілігі айтылған, аталмыш жобаның мақсаты 
мен  міндеттері  айқындалған.  Филологиялық  талдаудың  сипаты,  кезеңдері,  барысы,  жолдары  мен  амалдарына  назар 
аударылған. 
В  данной  статье  рассматривается  необходимость  филологического  анализа  художественного  текста,  также 
определяется  цель  и  задачи  данного  проекта.  Обращяется  внимание  на  формы,  этапы,  ходы  и  деяния  филологического 
анализа. 
The article deals with the importance and necessity of philological analysis of literary work; also aims and objectives of this 
project are defined. Characteristics, periods, methods and ways of philological analysis are mentioned. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  Бахтин М.М. Собрание сочинений в 7-томах. – М, 1997. Т.5 
2.  Рикер П. Конфликт интерпретации: очерки о герменевтике. – М.,1995 
 
 
 
 
Мәдібаева Қ., 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
профессоры, филология ғылымдарының докторы 
 
З. ШАШКИННІҢ «ТЕМІРТАУ» РОМАНЫ 
 
«ТЕМІРТАУ» романы ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы әдеби дамудағы жаңа, беталыс бағдарлар-
дың бағытында, саяси, рухани өмірдегі «жылымық» кезеңде жазылды. 
Шығармада уақыт талабына орай өндіріс тақырыбы қозғалады. Автор ұлттық кадр, ұлттық интел-
лигенция өкілдерінің рухани, білім, білік деңгейін, азаматтың келбетін тұлғалауды көздейді. Романда 
уақыт  шындығы  белгілі  бір  деңгейде  көркемдік  өріс  тапты.  Дәмеш,  Қайыр,  Құрымбай,  Ораз,  т.б. 
кейіпкерлер  болмысын  нақтылы  өмірлік  тартыс,  драматизм  аясында  ашуда  Зейін  Шашкин  өзіндік 
мәнер, машығын, жазу даралығын бекіте түсті. 
«Теміртау» – кезінде  тәуір  аталған  шығарманың  бірі.  Қазақ  романы  енді-енді  құлашын  жазып, 
жаңа бағыттар аша бастаған кезең үшін шығарманың елеулі мәні, өзіндік құндылығы болды. 
Оқиға өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңына қарай қойнауы кенге бай қазақ жерінің киелі 
бір өңірі – Теміртау, жаңа құралып жатқан Қазақстан Магниткасы аумағында өтеді. 
Жазушы  ұрпақтар  жалғастығы,  рух  сабақтастығы  желісінде  халықтың  ғасырлар  бойы  көксеген 
азаттық аңсарын жеткізуді көздейді. 
Шығармада  замана  дүрбелеңдері  аяусыз  жайпап  өткен  елдің  енді-енді  еңсесі  көтеріліп  жатқан 
қалпы сезіліп отырады. 
Қиын-қыспақты  өзі  де  бастан  кешіп,  айдаудан  келіп  жазуға  құштарлықпен  кіріскен,  көп  жайды 
қамтып, айтып кетуге мүдделі қаламгер «асығыс» жазады. 
Жазушының  «Тоқаш  Бокин»  романындағы  қайсыбір  тұлғалардың  ұрпақтарын  өмір  ағыны 
«Теміртауда» тоғыстырған. 
Романда  оқиға  өндіріс  ошағындағы  күнделікті  еңбек  ағымы,  тіршілік  кикілжіңдері  төңірегінде 
шоғырланған. 

25 
 
Қаламгер не жайды да ширыққан шынайы қалыпта ашуды көздейді. Шығармада замананың кезең 
ауаны, өмір бағдары, қалпы мен салты, өткен тарихтың ендігі өмірмен астасқан асыл өзегі белгілі бір 
деңгейде көркемдік арқау түзген.  
«Теміртау» романындағы орталық бейненің бірі – өндіріске жаңадан келген жас инженер Дәмеш. 
Дәмеш – зобалаң  жылдары  құрбан  болған  Сақа  Сағатовтың  қызы.  Білімді.  Бірбеткей.  Адал.  Әдепті 
жан.  
Жазушы  жас  адамның,  жас  маманның  қалыптасу  жолын  қилы  оқиға,  құбылыстар  ауқымында 
табиғи, шынайы ашады.  
Дәмелі образы Зейін Шашкиннің қазақ қызының замана аясындағы  тұлғалық әлуетін көркемдік 
кеңістікке шығару үрдісіндегі өзіндік табысы болды. Дәмеш өндірісті жаңашаландыру бағытындағы 
ұсынысы  әуелде  мазаққа  ұшырауы,  Ораз,  Қайыр  арасындағы  сезім  иірімдеріне  қатысты  күйзеліс, 
көлденеңнен килігетін қызғаныш, іштарлық, т.б. сынды шешуші сәттерде танылады.   
Романда  оқиға  өндіріс  ошағындағы  күнделікті  еңбек  ағымы  төңірегінде  шоғырланған.  Еңбекке 
жұмылған  үлкен  ұжымның  күнделікті  өмір  тынысы  қауырт,  қызу  әрекет,  шешімдермен  мазмұн-
далған.  
Автордың кезең ауанын шынайы бедерлеу шеберлігі назар аударады.  
Әрине,  кезеңдік  көркемдік  талаптардың  ырқымен  қиыстырылған  құбылыстар  «Теміртау»  рома-
нын да шарпыған.  
Өндірісті тәптіштей көрсету, ондағы мәселе шешіп отыратын «іскер» басшылар, ақылман партия 
адамдары,  оқиғаны  өндірісті  өрістету  ауқымындағы  кикілжің  тартысқа  құру,  қилы  пиғылдағы  кер-
тартпа, зиянды пенделердің бой жасырып жүруі, т.б. таныс желілер «Теміртау»  романына да құры-
лымдық арқау болды. 
Зейін  Шашкин  кезеңдік  қалыптың  «ұлы»  нобайынан  ауытқымай,  жазу  өнерін  жасандылыққа 
ұрындырмай  қоймайтын  қолайсыз  қисындардан  қаламгерлік  азаматтық  дара  ұстаным,  оқшау  көр-
кемдеу тәсілдерімен қиюын тауып, «шығып» кету жолын тапқан, шынайы шеберлік өріс түзген жазу-
шыларымыздың бірі болып қалды. 
«Теміртау» романында иланымды дара характерлер бар; шығарма көркемдік жүк көтерген қанық, 
қажетті детальдарға бай; бояулы, нақышты әсерлі, сөйлеу тілін көркемдік мақсатқа жегудің табылған 
орынды тәсіл, үлгілері бар; баяндауға сурет, әрекет сыйғызып отыру дағдысы ұтымды; автордың ұлы 
дүниенің үйлесімі естен тандырған табиғат суреттерін салу қолтаңбасы айқын... 
Жазушының  роман  барысындағы  жедел  алмасып  отыратын  тіршілік  сәттеріне  адам  болмы-
сындағы  маңыз,  мән,  мазмұнды  дарытып  жазу  шеберлігі,  өмірді  қамтып  көрсету  тәсілі  назар  ауда-
рады.  
Баяндау  жүйесіндегі  көпқабаттылық,  көңілдің  түрлі  қобалжу  әуендері,  оқиғалық  желілердің 
орама  жолдармен  жатық  орайласып  кетуі,  жазудағы  «Зейін  Шашкинге  тән  ұшқыр  ырғақ» (Б.Май-
танов),  сөйлеу  тілін  қолданудың  жатық  үлгілері,  машық  ұштаудағы  өзіндік  батылдық  бой  көтерген 
елеулі көркемдеу тәсілдері Зейін Шашкиннің прозалық шығармаларының көркемдік әлуетін түзді.  
Өмірсүйгіштік аңсары айқын шығармалар жазған белгілі қаламгер Зейін Шашкин уақыттың адам-
ға ұсынар аз ғана сыйын – тіршілік нұрын арзан сұмдықтан, аярлықтан арашалаудың баянды мәніне 
меңзейді.  
Дәмештің  ұзақ  жылдар  жаламен  ұсталып  кетіп,  енді  ғана  ел  ортасына  оралған  ағасы  Асқар – 
«Теміртау»  романындағы  орталық  тұлғаның  бірі.  Қилы  тағдырлардың  жиынтық  образы  мәнінде 
алынған  Асқар  айдауда  кеткен  қайран  он  бес  жылдың  қас-қағым  қысқа  ғұмырдағы  қайта  оралмас, 
қайырсыз өкінішін айтуы арқылы қақиған костюмді кейіпкерлері көп ресми заманға, ұждан бостан-
дығын таптаған тарихи кезеңге, жасампаз жаңа уақытқа да сұлбасын сүйретіп ілесе кеткен, адамның 
өмір сүру құқына қол сұғудан қымсынбайтын саяси өктемдікке өкпе артады.  
«Теміртау»  романында  белгілі  бір  кезеңдегі  халық  өмірінің  кең  тынысы  сезіледі.  Уақыт  талабы 
ауқымында  тақырыпқа  құрылып  жазылған  шығармада  іс  үстіндегі  еңбек  адамдарының  ұстамды 
қалыптары, ізгілік, адамгершідік әрекеттері, еңбектің жасампаздық қуаты, жас адамдардың жан әле-
міндегі бұлқыныс, іркілістер иланымды көркемдік шешім тапқан.  
Жазушының кейіпкердің рухани дүниесін қалтарыс қалдырмай барлап, шарлау машығы ұтымды.  
Намысқой, жаужүрек, аңғал ширығып жүріп жалғыз «аңға» шығып кеткен Ораздың аяқ асты жол 
апатына  ұрынып  қалып,  айдалада  шарасыз  жатып  өз  намысын  өзі  қайрауын  жазушы  аса  өзгеше 
оңтайлы тәсілмен, бір ғана детальмен әсер қуатын еселеп суреттейді.  
Күйзеліп жатып өз-өзін мысқылдап тұқыртуы оқушыға таныс Ораздың мінезіне сыйымды. «Бәл-
кім біреулері: «Ораз Құрышпаев дандайсып, бригада ісін ойсыратып алды да «коммунистік еңбектің 

26 
 
бригадасы»  деген  атаққа  ие  бола  алмай,  тауда  қаңғып  өліпті!»  дер...  Ертең  қабырының  басына  осы 
сөзді жазып қойса, әділ болар? 
Романда жас адамға тән, ортақ сипаттар, уақыт аясындағы белгілі бір адамгершілік ұстанымдар 
Дәмеш, Қайыр, Ораз, Ажар, т.б. жас адамдар бейнелерінде көркемдік кеңістік түзді.  
Дәмештің бойжеткен қыздың әдеп-аясындағы ұстаным-қағидасын қадағалап отыратын «Ар» атты 
әжесін автор көркемдік мақсат жолындағы тың өзіндік тәсіл етіп алады. Албырт бойжеткеннің «көңіл 
божысын» ара-тұра тізгіндеп отыратын тыйымды әже образы – орайлы.  
Жазушы  Зейін  Шашкин  жансызға  жандылық  дарыта  жазу  тәсілін  ұтымды  қолданып  отырады. 
Құрыш  қайнатып,  от  шашып  жатқан  жасампаз,  еңбекқор  Теміртаудың  дара  қалпын  тұтастандыру-
дағы  елеулі  бір  фактор – домна  пеші.  Автор  шығарманың  өн  бойындағы  орайлы  тұстарда  өзі  жан 
дарытқан Пеш образын кіріктіріп жібереді.  
Пеш көзінен: «Әй, сені ме, бәлем, келші бері, жалап күйдіріп жіберейін» дегендей асау жалын да 
қызыл тілін шығарып, келемеждеп кейін тартылады».  
Автор қаламында қызыл жел бірде Арқаның дөңесінде қаңбақ қуып асыр салады, бірде тыншып 
саябыр табады.  
Романда  адамның  ашуы,  аптығуы,  алдануы,  аңғаруы  сынды  жан  құбылыстары  жеке  тұлға  бол-
мысы ауқымында табиғи көркемдік өріске тартылып отырады. 
Әр қилы әлеуметтік топтар өкілдері, әр кезең аясында қалыптасқан тұлғалар жүрген шығармада-
ғы типтік деңгейде сомдалған кейіпкерлердің бірі – Мүсілім. Мүсілім сынды өзінен өзгеге өшпенді-
лікпен  ғана  жүретін  жатбауыр  жандар  қай  ортада  да,  қай  заманда  да  бар,  болады.  Әрі  аса  қауіпті. 
Шығарма соңындағы оның жалғыз қалу жағдайын автор белгілі бір шарттылықпен қайырған.  
Романдағы әр қилы желіде адамдар арасында қылаң беріп отыратын кикілжің, кереғарлықтар кім-
кімге де мәлім құбылыстар – ашу, қызғаныш, бақталастық, күншілдік, әділдік, ортақ мүдде, алдану, 
астамдық, т.б. табиғи құбылыстар ауқымында өрбіп отырады.  
Өндіріс ошағындағы өмір көріністерін жандылығын, жалынын сақтап отырып суреттеу шеберлігі 
– қаламгердің жазу машығындағы өзіндік даралық қырының бірі.  
«Жоқ, мұның бәрі домнаның батыр тұлғасын беретін теңеу емес. Сонау көкжиекте көрінген көк 
ала бұлт домнаның аспанға түскен көлеңкесі, сәулесі сияқты екен!».      
Он  бес  жыл  өмірі  жат  аймақтарда  қалған,  жаны  қаяулы  Асқардың  туған  жерге  деген  тойымсыз 
құштарлығы  сыр  беріп  қалып  отыратын  тұстарға  автор  «әдейі»  назар  тігеді.  Асқар  Арқа  желінің 
аялы лебін сезінеді. Дала төсінде айқыш-ұйқыш шаттанып ұшқан ақтамақ, қызыл кеуде қарлығаш та 
Асқарды танып, машинаның алдын орап босатпайды. 
Автордың жандылық дарытып кейіптеу машығы – өзіндік қолтаңба даралығын айқындай түскен 
оңтайлы тапқырлық. 
«Мұздыбай  дөңінен  асқасын  Теміртау  заводтары  мойнын  созып, «кім  келе  жатыр?»  деп  таңсық 
еткендей». 
Романда  автор  жаңа  жазу  тәсілдеріне  барлау  жасасып  отыратыны,  дәстүрлі  үлгілерді  тірілте 
дамытуға ден қойғаны көрінеді. Асқардың Айшаға ұзақ хат жазуы – автордың мақсатты түрде пай-
даланған  тәсілі.  Осы  хат  арқылы  жазушы  ел  басынан  белгілі  бір  кезеңде  өткен  аласапыран  өмірдің 
сұмдығы мен шындығынан сыр тарқатады.     
Асқар – қанды қуғын, қасірет жылдар қыспағынан өткен жандардың жиынтық тұлғасы. Қасірет 
құрсауынан құтылған, өмірдің өзгелерден он, мың есе артық құштарлығы сынды тұлға.  
«Азап-бейнет өмірдің көркем, ашық бояуын өшіре ала ма?» – дейді Асқар. Шығармада жасампаз, 
жарқын  бояулы  бейбіт  өмірдің  асыл  арқауын  баса  баяндауға  ден  қойған  автор  саяси  жүйенің  іш 
алдырмас  астар,  қатпарлары,  оның  адам  тағдырларындағы  зардаптары  жайлы  айтылып  бітпеген 
әңгімені да мақсатты түрде қосқаны көрінеді.  
Жазушы романда оқиға ауқымында айналысын дамытып отырып, көрсетіп жазуды құнттайды. Әр 
зат, әр құбылыс суретімен, әсерімен араласады баяндауға.  
«Айсыз қараңғы түнде Арқаның барқыт аспаны салбырап, төмен түскендей. Мойнын созған алып 
көкқұтандай домнаның ласкері аспанды тіреп жерге түсірмей тұрған сияқты». 
Шығармада құрыш шайнап, от бүріккен өндіріс, Теміртау қаласының көрінісі, Қазақстан Магнит-
касы,  Самарқанд  көлі,  Аспан,  Арқа,  Күннің  шуағы,  Тіршілік  сәулесі,  Адамның  жан  мейірі,  жүрек 
нұры шарпыған жаңа бір өмір тынысы сезіледі. Жазушы жаны осыны сезінеді. Ұзақ жылғы бітпейтін 
бейнеттен кейінгі бейбіт күндер нұры. Осылардың Асқар жанын шарпуы – жазушы жүрегін жарып 
шыққан шындық. 
«Теміртау» – ХХ  ғасырдың 60 жылдары  әдеби  дамудың  кезеңдік  беталыс,  бағдарында  қалып-
тасып, орныға бастаған жаңашыл сипаттарда жазылған роман. 

27 
 
Қазіргі заман адамының тұлғалық деңгейін қалыпты өмір дағдысы, рухани-даралық әлуеті ұдайы 
шығармашылық  өрлеу  бағытын  ұстанған  Зейін  Шашкин  романдарындағы  сергек,  сезімді,  ұтқыр 
диалог үлгілері, шығарманың құрылымдық жүйесі дара адам характерлерін, уақыт мінезін иланымды 
бейнелеп, суреттеу тәсілдерін шынайы көркемдік өріс түзуде ұтымды пайдаланды. 
«Доктор Дарханов» романында біреуді біреу тұсаған уақыт мінезі, шиеленісе түскен ситуациялар 
аясындағы доктор Нияз Дархановтың азаматтық қалыптасу жолы баяндалады.  
Шығармада адамның жеке тағдыры елеулі көркемдік мәнге ұласады. 
Жазушы  Сталин  қайтыс  болғаннан  кейінгі  көктемнің  жайма  шуақ  күніне  мақсатты  түрде  зер 
салады.  Кешегі  қолайсыз,  сұрғылт,  суық  күндер  өткен.  Адамдар  сәнді  киініп,  серуен  құрып,  дұрыс 
тамақтанып, өмір сыйынан сыбаға алып, марқайып, тіршілік рахатын сезінуге дағдылана бастаған. 
Жазушы осыған көз тоқтатады.  
«Доктор  Дарханов»  романындағы  Нияз  кәдімгі  өмір  бетпе-беттеріндегі  білікті  маман,  арлы  аза-
мат, екпіндеп тұрмағанымен, өзін қорғай алады, күйзеліске түсіп жүрсе де, күйрек емес, Павлодардан 
Бурабайға «қашып кетуі» сияқты кейде пенделік «осалдықтары» болады. 
Дәмешті оқушы «Теміртау» романынан біледі. Осы бір тура мінез, бай мазмұнымен есте қалған 
инженер  қыз  «Доктор  Дарханов»  романында  өзінің  өмірсүйгіш,  адамсүйгіш  мазмұнымен  тұлғалана 
түседі. 
Жазушының  түпкі  ойдың  арғы  астарын  қысқа  қайырымда  ашып  тастайтын  байқампаз  ұтқыр-
лығы, шығарма мәтініне диалогты дендеп енгізу машығы бұл романда да бел алған. 
Романда әрекет, қимыл, іс жай ғана бақыланып баяндалмайды. Әсерімен шарпып отырады. Нау-
қас адам үшін дәрігер төгетін тердің өтеуі – өмір. Доктор Дархановтың жан серпіні қапысыз сенді-
реді, автор оқушысын кейіпкеріне қосып сенделтіп қояды, сергелдеңге салады.  
Өкпе  кінәратын  емдеудің  жаңа  тәсілін  қолдану  жолында  доктор  Дарханов  қилы  тіршілік  кикіл-
жіңдерін  бастан  өткереді.  Қарап  жүріп  күндеушілер  қайда  да  болады.  Шығармада  ақ  пен  қараның 
меңгілік тартысы, тіршілік күресі ширыққан ситуациялар ауқымында шынайы қисындалады. 
Шығармадағы көркемдеу тәсілдерінің озық үлгілері назар аударады.  
«Ағын  судай  сылдыраған  ойдың  иіріміне  түсіп  малту», «Көл  көзі  нұр  атып»  сынды  сөз  ұқсату, 
заттық  атрибуттарға  ден  қою,  деталь  ойнатуда,  т.б.  көркемдеу  тәсілдерінде  сауатты,  мәденетті 
прозаның озық үлгісін қалыптастыру бағытындағы суреткерлік ұстаным бой көтереді.  
Роман Зейін Шашкиннің қазақ әдебиетінің көркемдік өсу, өріс жаю бағыттарында ықпалды шы-
ғармашылық  әсер  туғызған  қаламгерлік  бітімін  тұлғаландыра  түскен  елеулі  туындысының  бірі 
есебінде танылып, бағаланды.  
Каталог: download
download -> Түсу емтиханы бағдарламасының мазмұны
download -> Книга посвящена памяти Жакии Сарсенова нашего
download -> Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі
download -> Орындаушылық (дауыс диапазоны, үн шығару ерекшеліктері, дикциясы)
download -> Республики казахстан
download -> Жиналған студенттер қауымы ерекше толқу үстінде
download -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
download -> Литература абишева К. М. Основы теории и практики перевода. Астана, 2008
download -> А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет