Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



жүктеу 5.01 Kb.

бет21/30
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Жирмунский В. М. Теория литературы, поэтика, оптимистика. – Ленинград. – Наука. – 1997. – С. 405. 
2. Құдайбердіұлы Ш. Иманым. – Алматы: Арыс. – 2000. 92 б. 
3. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құраст. М. Жармұхамедов, С. Дәуітов, [А. 
Құдайбердиев]. – Алматы: Жазушы. – 1988. – 559 б. 
4. Иассауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Ақыл кітабы). – Алматы: 67 б. 
5. Нұрмұратов С.Е. Иассауи ілімінің мәні – рухани еркіндік // Иассауи жолы. 2005. – №2. 19-26 б.  
6. Қасқабасов С. Абай поэзиясының ренесанстық сипаты //Абай. 2003. №1. 30 – 36 беттер.  
 
 
 
 
 

132 
 
Айтбайқызы Н., 
Қазақ Қыздар Мемлекеттік педагогикалық 
 университетінің магистранты   
Казезова А.,  
И.Қ.Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық техникалық 
 университетінің магистранты  
 
ҚАЗАҚ ЭПОСТАРЫНЫҢ ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
Фольклор  арқылы  бүгінге  жеткен  жырлардағы  сүйіспеншілік  пен  имандылық,  адалдық  пен 
адамгершілік мәселелері - жазба әдебиеттің де ең басты, ең негізгі мәселелері санатында. Жалпы, тек 
қана шығарма мен өлең немесе сурет т.б. қандай да болсын өнер туындысы махаббаттың себебінсіз 
тумайды. Эпостағы ең алғашқы  кезендердегі «батыр мен қыздың бірін-біріне құмартуы ғашық болу 
негізінде  емес, уақыт аралығында  әйелді керек  еткендігінде» - деп  санайтын  зерттеуші Е.Вердиман 
бұл  ойын  әрі  қарай  былайша  өрбітеді: «Первобытные  охотники  вели  бродячий  образ  жизни  и 
зависели  от  возможности  добывать  свежее  мясо.  Жили  они  почти  исключительно  в  общество  муж-
чин, поглощенный единственным, что его волновало и насыщало, - охотой. Лишь время от времени 
они  начинали  искать  женщину,  незаботясь,  однако,  о  выборе» [1, 11 б.].  Әрине,  бұл  көнеліктің 
көзқарасы  деуіміздің  өзі  ойландырады.  Қайткенмен  де  бүгінгі  күннің  өзінде  де  құдай  жаратылы-
сының өзі «еркек – әйелсіз, әйел - еркексіз» бола алмайтынына, олардың бір біріне үлкен тартылыс 
күш арқылы ынтықтығын дәлелдейді. 
Қазақ эпосындағы жар іздеу мотиві ерекше мәселе деп айтсақ та болады. Қазақ эпосындағы жар 
іздеудің  мысалы  батырлар  жыры,  көне  архаикалық  эпос,  лиро-эпос  немесе  діни  және    тарихи 
эпостарда  жиі  кездесіп,  бір-бірімен  байланысып,  ұштасып  жатады.  Егер  батырлық  жырларда  батыр 
жарын  жекпе-жекте,  жарыста  немесе  қыздың,  әкесінің  жарлығы  бойынша  бір  талабын  орындауы 
арқылы  үйленсе,  лиро-эпостарда  батыр  қызға  шынайы  ғашық  болу  арқылы  қосылады.  Көне  эпос-
тарда  батыр  алдымен  үйленуді  немесе  жар  іздеуді  мақсат  тұтпайды,  өзі  жорыққа  шығып  ерлік 
жолында ғашық болып үйленеді. Осы көне эпостың  бір ерекшелігі кейде ерді қыздың өзі таңдайды. 
Ал  тарихи  жырларда  барлық  жырлардағы  секілді  махаббат,  сүйіспеншілік,  сезімдік  сипаттар  көп 
көрініс  беруімен  бірге  ұрпақ  қалдыру  мақсаты  басым  келеді  деуге  болады.  Тарихи  жырларда 
баяндалатын басты мазмұн халықтың өмір шындығы, шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің 
сипаты  танылады.  Әлбетте,  бұл  жырларда  оқиғаның  дәлдігі  сақтала  бермейді,  әр  кезеңнің  тарихи-
әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайы керкемдік тұрғыдан бейнеленеді. 
Қазақ  эпосындағы  әр  жанр  бір-бірімен  тұтастай  байланысып  жатса,  тарихи  жырлардан  мұндай 
байланысты көрмейміз. Бірақ мұнда да ерлік жасағанда оның халықтың қамы, отбасының амандығы, 
әділдіктің басым түсуі жолында жасалатынын көруге болады. Батырлар жырында кейіпкер өз ерлігін 
жар  іздеу,  таңдау  мақсатында  көрсетсе,  тарихи  жырларда  халықтық,  мемлекеттік  мүдделері  басты 
сипат  алады.  Тарихи  жырлардағы  басты  кейіпкерлер - тарихта  болған  адамдар,  сондай-ақ,  анық 
тарихи  оқиғаларға  негізделген  деп  есептеледі.  Бұл  жайында  С.Сәкенов  зерттеуінде  былай  дейді: 
«Батырлар  жырының  классикалық  үлгілерінде  өмірбаяндық  сарындар - батырдың  ғажайып    болып 
тууы,  ерекше  балалық  шағы,  тым  ерте  жасаған  алғашқы  ерлігі,  үйлену  үшін  жорыққа  шығуы ... 
негізгі  мақсат  етіп  қойылған  тарихи  жырларда  бұл  сарындарға  онша  мән  берілмейді» [2, 126 б.]. 
Әрине, бұл пікірмен басы бүтін келісуге болмайды. Жырларда қазақ қыздарына ерекше мән беріліп, 
олардың  отбасында  өзіндік  орындары  бар  екені  көркемдік  тұрғыдан  шынайы  берілген.  Сондай-ақ, 
жырдағы үйлену дәстүрі жан-жақты сипатталады. 
Ал, діни эпостардың негізгі ерекшелігі мұнда діни ұстанымдар көбірек (неке қию, некеге дейінгі 
зандар т.б.) суреттеледі. Өкінішке қарай, халқымыз орын алған солақай саясаттың салдарынан халық 
ауыз әдебиеті мұрасының қомақты саласын құрайтын діни дастандардан ұзақ уақыт бойы көз жазып 
қалды. Соңғы он-он бес жыл ішінде олардың қайта жарық көріп, көпшіліктің қолына жете бастауы 
куанышты жағдай. 
Кезінде қазақ халқы арасында ауызша да, жазба түрінде де кең тараған діни мазмұндағы қиссалар 
көп  болған.  Діни  қиссалар  имандылыққа,  қанағат-ынсапқа,  күншіл  болмауға,  біреуге  зорлық-
зомбылық  жасамауға,  жетім-жесірлерге  көмек  көрсетуге,  қайырымдылыққа  т.б.  ізгі  қасиеттерге 
үндейді. 
Бұл  жырларды  тақырыптық  жағынан  Н.Келімбетов  үш  түрге  бөліп  қарастырған:  бірінші  топқа 
ислам дініне енгізу жорықтарын баяндайтын дастандар, екінші топқа өсиет, насихат көп орын алатын
 
дастандар, үшінші топқа діни уағыздардан гөрі тұрмыс тіршілікке жақын дастандарды топтастырды. 

133 
 
Осы үшінші топтың қатарында  «Жүсіп-Зылиха» дастанын атайды. Сондай-ақ, фольклорист - ғалым 
В.В.Радловтың жазбаларынан да ел арасындағы кітаби өлеңдерді яғни, діни дастандарды мазмұнына 
қарай бөлгенін аңғаруға  болады. Рас, ғалым оларды арнайы атап бөлмеген. Әйтсе  де, бірінші топқа - 
ислам  қағидаларын,  екінші  топқа - өсиет,  насихат  айтатын  өлендер,  үшінші  топқа - ислам  қаһар-
мандары туралы өлеңдер деп топтастырғанын топшылауға болады. Діни қисса, дастандарда жырла-
натын  кейбір  оқиға  желісі  көне  архаикалық  жырларға  ұқсас  келетінін  кереміз.  Екеуіне  де  тылсым 
күшке, құдайға, пайғамбарларға сену, аян беру, әйел адамының келеңсіз  қылықтарын ібіліс ретінде 
санау, айдаһарлар, барсакелмес сапар шегу, сиқыршылыққа тән. Негізінен діни әдеп, шариғат ұста-
нымдарын  насихаттау  басым.  Баяндалатын  оқиғаның  орындалуына  байланысты  құдайдың  бар 
екеніне  көз  жеткізіп,  сенімді  нығайту  көзделген.  Сол  сияқты  бұл  шығармалардың  негізгі  идеясы 
ислам дінін тарату, үгіттеу, насихаттау идеясын жүзеге асыру үшін пайдаланылған. Мұндай құбылыс 
діни дастандардың жанрлық ерекшеліктерінің бірі. 
Тағы  бір  ерекшелігі  діни  дастандарда  кейіпкердің  үйлену  сарынына  байланысты  неке  қию, 
некелесу салтына аса назар аударылады. Расында да қайсібір жырды алсақ та онда тәрбие мәселесі 
көрініс  табатынын  әркез  байқаймыз.  Аталған  діни  қиссаларда  тазалықты,  инабаттылықты  жоғары 
көтеретін, үйлену мен жар іздеу мотиві аса бір көркем, ғажайып суреттеледі. 
Ғалым  Р.Бердібаев жанрлар арасындағы байланыс пен айырмашылыққа тоқталып, оның мынадай 
ерекшеліктерін ашып  берген: «Егер  көне, архаикалық  жырларда  адам  баласының дүниені білуі  мен 
тануының бұлдыр, балаң кездері, сол шақтағы  түсінігі мифтік, киялдық  түрде көрініс берсе, клас-
сикалық қаһармандық эпоста алғашқы қауым ыдырағаннан кейінгі ру, тайпа мүдделері үшін күрестің 
тәжірибесі  әсіреленіп,  биіктетіліп,  тұтас  бейнеленсе,  романдық  эпоста  ерлік,  Отан  қорғау  емес, 
адамның жеке бастың мүддесі, махаббат еркіндігі мәселесі алғы кезекке шығады» [3, 61 б.]. Әрине, 
жанрлық тұрғыдан алғанда осындай ерекшеліктерді байқауға болады. 
Осыған  орай,  тек  қана  қазақ  эпостық  жырларда  ғана  емес  әлем  шығармаларында  да  көп  кезде-
сетін  сарынның  бірі – батырдың  елден  жырақ  кеткен  сапарында  оның  әйеліне  әлдекімдердің  көзі 
түсіп  оған  еркінен  тыс  үйленуге  әрекет  жасауы.  Алайда  бұл  мақсат  орындалмай,  дәл  үйленгелі 
жатқан күні батыр тағдырдың қалауымен тойдың үстінен түседі. Қазақтың «Алпамыс батыр» жырын 
терең  зерттеген  орыс  ғалымы  В.М.Жирмунскийдің: «Рассказ  о  возврашение    героя  из  долголетнего 
безвестного    отсутсвия    о  приходе  его  нежданным  и  неузнанным  на  свадьбу  своей  жены    с  сопер-
ником - самозванцем («муж на свадьбе своей жены»  сохранился и двух разных версиях-новеллисти-
ческая  или романической (западной) и героической (восточной). Новеллистическая (романическая) 
версия  имеет  чрезвычайно  широкое  распространение  в  фольклоре  и  средневековой  литературе 
европейских    народов,  но  в  форме  в  значительной  мере  модернизированной,  утратившей  черты 
богатырской сказки, столь очевидны»[4, 220 б.], - деген пікірі сөзімізге ұштық болады.                     
Көбінесе,  қыздың  ауылына  жау  келіп,  сұлуды  берсе  қолынан,бермесе  жолынан  алып,  әйел 
етпекші болып отырған ханмен қалың қол жатады. Міне, осындай батырдың үйлену кезі ғана емес, өз 
халқының  алдындағы  борышы,  ерлігі,  сынағы  болып  есептеледі.  Рас,  жырларда  мұндай  сынақ  тек 
соғысу  емес  күш  пен  тапқырлық,  немесе  мергендік  сайысы  түрінде  боп  келеді.  Қыз  жақтан  немесе 
жау  қолынан  әр  түрі  инициация  түрлері  орындалатынын  көреміз.  Айталық,  Қозы  Көрпеш  қайын 
атасының  еліне  тазша  кейпінде  келіп,  бақташы  болуы,  сөйтіп  Қодармен,  тоқсан  серімен  сайысқа 
түсуі  де,  бір  жағынан  осындай  кәмелеттік  сынақ,  ал,  екінші  жағынан,  оның  өзінің  сынағы  болып 
есептеледі. 
Сол сияқты, орыс кейіпкері Добрыня Никитычтың да әйелінің тойына келуі мен Алеша Попович-
тің  сайқымазақ  кейпінде  келуі  де  осы  сарынның  көрінісі.  Осы  тектес  сюжеттік  ұқсастықтарды 
"Алпамыс", «Қозы  Көрпеш - Баян  сұлу»  т.б.  жырлардан  көруге  болады.  Егер,  Алпамыс  өз  әйелінің 
басқаға үйлену тойында келсе, Көрпештің ғашығының үйіне жалшы болып келуі айтылады. 
Сонымен бірге, ел билеушісінің өз қарауындағы қарашасының бірінің сұлу әйеліне кездейсоқ көзі 
түседі де, оның әйелін өзіне жар ету мақсатында күйеуін қиын тапсырмалармен алыс сапарға жұмсау 
секілді сарындар да кездеседі. Алайда  ханның қалауы бола қоймайды. Қандай қиын сынақтар болса 
да жігіт сынақтан сүрінбей өтіп, ханның дымын құртады. Айласы бітіп, амалы құрыған хан жігіттің 
дегеніне көнеді. Оларды  еркіне жібереді. Бұл жерде адал махаббатқа ешнәрсе де бөгет бола алмайды 
деген идея көрініс береді. 
Осыған орай, қазақ эпостарында жар іздеу сарынының тарихи  тамыры тереңге бойлайтынына көз 
жеткіземіз. Қай эпосты алсақ та, батырлардың бойынан да, ол таңдаған жардың бойынан 
 
да  жоғары 
адамгершілік  қасиеттерді,  дегдарлықты,  сөзге    тұратын    далалық  мәрттікті  көреміз.  Олар  үшін 
адамгершілік қағидаларынан  аттау атымен жат. Бұл жоғары қағидаға жауы да сақ тұрған. Батырлар 
жырларының берер тағлымы, таратар өнегесі осында. 

134 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  Вердиман  Е.  Женщина  в  древнем  мире.  Пер.  с  нем.  М.С.Харитонова.  Послесл.  А.А.Вигасина.-М.:Наука.  Главная 
редакция восточной литературы, 1990. -335с.:ил.(по следам исчезнувших культур Востока). 
2. Сәкенов С.Б. Қазақ тарихи жырларының сюжеттері: тарихилығы мен типологиясы. -Алматы, 1995. -145 б. 
3. Бердібаев Р. Эпос - ел қазынасы. Алматы: Рауан, 1995. Б. 344. 
4. Жирмунский В.М. Сказание об Алпамыше и богатырская сказка. М., 1960. -335 стр. 
 
 
 
Сыдықова С., 
 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
 университетінің магистрі 
 
АХАТ ЖАҚСЫБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ 
 
 Қазақтың  сөз  өнерінің  киесі  қапасыз  дарыған  шынайы  қаламгер,  іші-тысыңды  бірдей  өзектеп, 
өрнектей  алатын  қас  суреткер    һәм  қоғам  қайраткері  әрі  бәрінен  кереметі – ұлы  мұраты,  үлкен 
ұлағатты азамат жөнінде не айтқан 
болар едік!? 
Халық  қашан  да  өзінің  ақиық  адамзаттарымен  құдіретті.  Халықтың  атын  шығарып,  әлемге 
танытатын – сол  ұлттың  озық  ой  мен  өнегелі  өнер  қуған,  жанын  жалдап,  тілін  безеп,  халқы  үшін 
бойындағы бар жігер-қайратын сарқа жұмсаған, адамгершіліктің ақ жолын мұрат тұтқан перзенттері. 
Туған  жұртының  әдебиеті  мен  мәдениетін,  рухани  өмірін  дамытуға  үлес  қосқан,  елі  үшін  есепсіз 
еңбек етіп, туған халқының мерейін мейлінше үстем етуге тер төккен азаматтарын елі әрқашан есінде 
ұстайды.  
Белгілі  бір  кезеңде  өз  халқына  шамшырақ  болып  талмай  қызмет  еткен  тұлғаны  бетке  ұстау, 
қалтқысыз қастерлей білу елдік қасиеттің өлшемі болса керек.  
Өткенін еске алу – елдіктің белгісі, өткенін ұмыту – өшкендіктің белгісі, - дейді  халық даналығы.  
Барын  базарлай  білу,  мақтан  тұтып,  қадіріне  қанығу  өсетін  елдің  қасиеті,  жақсылықтың  нышаны 
болса керек.  
«Көркем  әдебиетті  тек  ұлы  ақын-жазушылар  жасамайды.  Оның  үлкенді-кішілі,  ірілі-уақты 
өкілдері болады. Әдебиет тарихы әр кезеңде әдебиетке ат салысқан, оған өзінше аз да болса үлесін 
қосқан  ақын-жазушыны  ұмытпайды,  ұмытуға  тиісті  де  емес!» - деген  Т.  Кәкішевтің  пікірі  Ахат 
Жақсыбаевтың әдебиеттегі еңбегіне де арналғаны сөзсіз. 
Ахат  Жақсыбаев – ешкімге  ұқсамайтын  қаламгер.  Ол-түсінікті  жазушы,  танымал  жазушы
талантты жазушы. Шерхан Мұртазаевтің сөзімен айтсақ: «Талантты тану-қиын, танымау –қиянат!». 
Оның мінезі де, жазуы да басқалардан өзгеше.  
Ахат Жақсыбаев өмір тәжірибесі мол, қоғамдық ойы биік, ел тірлігінің  түйінді мәселелерін терең 
толғай білетін белгілі жазушылардың бірі болып саналады. Оның қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, 
өндіріп  еңбек  етіп  келе    жатқан  қалам  иесінің  әдебиеттегі  жолына  тағы  бір  көз  жібере  отырып,  ол 
тындырған  шаруаларды,  алған  асуларын  қалың  оқушы  қауымның  есіне  сала  отырып,  әдебиет 
саласында  биік  дәрежеде  орнын  алған  жазушыға,  қазақ  әдебиетінің  бүгінгі  таңдағы  жемісті  бір 
бәйтерегі болып отырған қалам иесі.  
Қазақ  әдебиеті  мен  аударма  саласының  дамуына  өз  үлесін  қосқан  шығармашылық  жолында  өз 
жолын салып кеткен тұлғаның бірі - Ахат Жақсыбаев.  
Алаштанушы,  белгілі  жазшы  Тұрсын  Жұртбай  Ахаң  жайлы:  Шындығында  да,  ол  бір  жұлдызды 
жылдар  екен-ау!  Марқұм  Бекең  мен  Ғафакеңнің,  Оралхан  мен  Сағаттың,  Маршал  мен  Кәрібайдың, 
Жарасқан мен Мараттың, Асқардың бейнелері әр қазақтың көз алдынан кетер ме десеңші! Жұлдыз 
десе – жұлдыз,  жайсаң  десе – жайсаң,  азамат  десең – азамат,  жазушы  десең – жазушы  еді  ғой 
сабаздар!  Ахат  Жақсыбаев  сол  жұлдыздардың  береке  басы  бола  білді.  Сол  жұлдыздардың  қадірін 
біліп, қасиетін арттыра білді. Нағыздың нығызы дейтініміз де сондықтан», - деп жазады.  
Тұрсын ағамыз осы мақалада Ахаң жайлы ағынан жарылып:  «Әдетте аса орнықты көрінетін Ахат 
Жақсыбаев  қызмет  барысындағы  өзі  әділ  деген  пікір  жөніндегі  «Егеске»  келгенде  кез-келген 
«Бөгетті»  жеңіп,  қызметкерлеріне  нағыз  «Қорған»  бола  білетін  «Қайтпас  қайсардың»  өзі.  Кезінде 
Н.Тихоновтың: «Мұндай  адамдарды  кез-келген  жерге,  кез-келген  уақытта  шеге  етіп  қағуға  болады. 
Сонда  қайтып  ол  жерге  ешқашанда  алаңдамайсың», – деген  өлеңі  мәтел  ретінде  айтылып  жүретін. 
Жалпы  алғанда,  Ахаң – Ахат  Жақсыбаев  сондай  мықты  да  сенімді,  шеге  сияқты  тұрақты,  мық 
азаматтың нағызының нығызы». 

135 
 
Егерде  адамды  және  оның  еңбегін  бағалауда  және  әділдікті  ұстануда  бойымнан  бір  нышан 
байқалып қалса, ол сол «Жұлдыздың» жұлдыздарынан, соның ішінде Ахат Жақсыбаевтан  да, алған 
тәлім деп есептеймін»,- деп Ахаңның жақсы ұстаз да бола білгенін айтады.           
Оның шығармашылық өмірі XX ғасырдың 40-шы 70-ші жылдарына сәйкес келіп соңына көптеген 
туындылар  қалдырды.  Ол  туындылары  тұтастай  бірнеше  буынға  рухани  азық  болды.  Ахат 
Жақсыбаевтың  қаламынан  туған  жұмысшы  тақырыбындағы  романдар  мен  повестер  және  басқа  да 
естеліктер  мен  аудармалар  биік  дәрежеде  әдебиетіміздің  үлгілі  шығармалары  болды.  Ахат 
Жақсыбаев  «Егес», «Бөгет», «Қорған»  сияқты  шығармаларымен  елге  жақсы  таныс.  Жазушының 
бертін  келе  шыққан  «Иса  ақын»  романдары  қазақ  әдебиетіне  үлкен  табыс  алып  келді.  Сондай-ақ, 
қаламгер  ақын-жазушылардың  алдыңғы-кейінгі  буын  өкілдерімен  жиі  жақын  араласып,  қызметтес 
болуы «Жаны жайсаң жақсылар» атты естеліктер жинағы жарық көруіне себеп болды.  
Ахаң  жоғары  білімді  әрі  жан  жақты  сауатты,  қайраткер тұлға.  Өз  кәсібінің  білгірі  ғана  емес 
энциклопедиялық  білімінің жан-жақтылығы  жайлы  жазушы    Марат  Мәжитов  былай  деп  жазады: 
«Ахат  Имантайұлының  әлем  халықтары  тарихын  өте  терең  білетін.  Дүние  жүзінде  неше  ұлт,  неше 
ұлыс  барын,  олардың  тегі  қайдан  шыққанын,  жер  көлемі,  халқының  саны,  көсемдері  кімдер,  олар 
кімге иек сүйеп, табынады, олардың тілі, діні мен ділі көкірегінде сайрап тұр. Ал орыс княздары мен 
патшалары,  қазақ  хандары  мен  билері  туралы  мен  естімеген  деректер  айтқанда,  өз  өрісімнің  қыс-
қалығына  ұялғаннан  басым  айналып,  құлағым  шуылдайды.  Кейде  маған  мынадай  ой  келетін.  Осы 
Ахаңа  “профессор”  деген  құрметті  атақты  бере  салып,  университетке  ұстаздыққа  қызметке  алса, 
шәкірт-студенттердің  мерейі  бір  қанар  еді-ау,  шіркін!  Мен  білетін  Ахаңның  математика,  физика, 
химия ғылымынан да білігі өте жоғары...» 
Ахат Жақсыбаев аударма саласында да өнімді еңбек етіп, көркем аударманың сапалық, көркемдік 
дамуына  еңбегін  сіңіріп,  өзіндік  келбетін  қалыптастырды.  Ол 1986 жылы  Го  Хаггардың  «Маргарет 
ару»  романы  «Жалын»  баспасында  қазақ  тілінде  жарыққа  шықты.  Сонымен  қоса,  Рой  Медведтің 
«Сталиннің серіктері» және Әнуар Әлімжановтың «Таным» повесін орыс тіліне аударған болатын.  
Сонымен қатар әр жылдарда «Уақыт және қаламгер», «Сөзстан», «Бесжылдық белестері» жинақ-
тарымен  жекелеген  очерктері  жарық  көрді.  Шығармашылық  ғұмырында  осындай  бірсыпыра 
салмақты  да  жауапты  жұмыстар  тындырған  ақынның  мұрасы  жүйелі  түрде  зерттеу  нысанына 
алынбай, зертеушілер назарынан тыс қалып келеді. Әдебиеттің түрлі жанрында өзіндік үлесі бар Ахат 
Жақсыбаев  шығармашылығын  арнайы  түрде  ғылыми  бағытта  талдау  нысанына  алу  кезек  күтіп 
тұрған маңызды мәселелердің бірі.   
Ахаң  редакциясының    жұмысымен  қатар,  атақты  партизан,  ұлтымыздың  мақтанышы,  Халық 
Қаhарманы Қасым Қайсенов жөнінде роман -  эссе жазып, оның екі-үш тарауын «Ақиқатта» жария-
лаған.  Кейін  бұл  шығарма  «Қайтпас  қайсар»  деген  атпен  кітап  боп  шықты.  Кітап  бір  ғана  Қасым 
Қайсенов туралы емес, Ұлы отан соғысындағы майдангерлердің асқан ерлігін сипаттайтын толымды 
шығарма. 
Ахат  Имантайұлы  журналистік  жолын  қасиетті  шаңырақ  «Лениншіл  жас»  газетінен  бастаған. 
Жастар басылымы Ахаңды шыңдап шынықтырды, талай талай іс сапарда болып, тәжірибе жинақтап  
барып, «Қазақ  әдебиеті»  газетіне  бөлім  меңгерушісіне  ауысты.  Отыз  жыл  бойына  Қазақстан 
жазушылар  үйінде  «Жұлдыз» журналы, «Қазақ  әдебиеті» басылымында  қызмет істегені көпшілікке 
аян.  2006 жылы  «Білім»  баспасынан  жарық  көрген  «Жаны  жайсаң  жақсылар»  атты  кітабы  өзі 
сапарлас, қанаттас  болған академик – жазушы, қазақ – кеңес әдебиетінің  классигі Сәбит Мұқанов, 
жазушылар – Ғабиден Мұстафин, Қасым Қайсенов, Әнуар  Әлімжанов, Бекежан Тілегенов, Оралхан 
Бөкеев, сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан, Халық суретшісі  Әбілхан Қастеев жөніндегі ой –
толғамдары,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевпен  бірге  Францияға 
сапары  туралы  материалы  қызықты  оқылады.  Осы  кітаптағы  «Сәбеңді  қанша  тықпаласаң  да  бір 
қалыпқа, бір арнаға сыйғыза алмайсың. Шыңдап қарасақ жұрттан асқан жазушылығы бар, тынымсыз 
күрескерлігі, қайсар қайраткерлігі бар, тындырған істері, жомарт көңіл, кең мінезі бар- осының бәрі 
сан- сала, сан тарауға жетелейді»,- дейді. Көңілге қонымды, жүректен – жүрекке жететін сөз екенін 
мойындайсың.  Жалпы  алғанда,  Ахат  Имантайұлы  не  жазса  да  оқырманды  сендіріп,  иландырып, 
шынайы шындықтың өзін нұрландырып жазатынына тәнті болдым.  
Осы  естілгенде  автор  жазушы  Ғабиден  Мұстафин  шығармашылығының  құпиясын  ашуға  да 
тырысады. Терең ойлы сөз шеберінің ішкі жан – дүниесіне үңіле қарап, содан тәлім – тәрбие алуға 
ұмтылыс жасайды. Сөйтіп жазушыға:  
–  Қалай жазу керек? – деген сұрақ қояды. 
–  Біліп жаз. Бұл қай жазушыға болсын қатысты сөз, – дейді Ғабең. 
–  Ғабеке, шығарма оқиғадан туа ма, әлде идеядан туа ма? – деп сұрақ қояды автор. 

136 
 
–  Менің  өзімде  идеядан  туады.  Әуелі,  ақыл  тәрізді.  Шығарманың  негізгі  идеясын,  жалпы 
бағытын айқындап алмай, жазуға қалай кірісуге болады – дейді Ғабең. 
Бұл қасиеттер жас жазушыға да, тіс қаққан жазушыға да аса қажет ұлағатты дүниелер, автордың 
естелігі осы жағынан да, өмірді зерттеп, болжамдау жағынан да құнды екендігіне дау жоқ, Мұның өзі 
– ескірмейтін ұдайы бір – бірімен сабақтасып, жаңарып отырған – бір тарих. 
«Тектілік  табиғаты»  естелігі  академик  Әлкей  Марғұлан  жайлы  сөз  етсе, «Тума  талант»  халық 
суретшісі Әбілхан Қастеев жөнінде ой тарқатады. Автор Әлкей ағаның ғұлама ғалымдарын, оның көп 
білетіндігін  әңгімеге  арқау  етсе,  суретші  Әбілхан  ағаның  жаратылысынан  тума  талант  екендігін 
көсілте жазады. 
Кітаптағы «Қайсеновтің қасиеті», «Қасым қайсенов туралы сөз» естелігі «Қайсар қайтпас» роман 
–  эссесінен  өзгеше  дүниелер.  Қаһарман  партизанның  тыныс – тіршілігі,  соғыстағы  ерлігі  туралы  аз 
жазылған жоқ. Бірақ Ахат шығарма табиғатын дараландырып, әрі көркем, әрі тарихи туынды жазды. 
Қасым Қайсеновтің өмірбаяндық портретін шебер қиюластырып, өзінде де, өзгеге де таныта білді. 
Сөз  өнерінің  барлық  саласында  жемісті  еңбек  еткен  жан-жақты  дарын  иeci  Ахат  Жақсыбаев 
көркем  шығармашылықпен  бipгe  өз  заманындағы  әдеби  өмірдің  зәру  мәселелері  төңірегіндегі  пікір 
алысуларға да батыл араласып, жазу өнepi жайлы ойларын үнемі білдіріп отырған. 
Қалай  болғанда  да  уақыт  кідірмейді,  бірақ  адамның  арманшыл  әрекетшілдігі  басым:  ол  бәрін 
жеңеді  ілгері  асуларға  жетелейді.  Біз  әрдайым  осы  жолда  сана  ағысын  сарқып  еңбек  етіп  танылған 
азаматтарға  олардың  үрдісті  өмір  жолынан  үлгі  алуға  тиістіміз.  Осы  санаттағы  тұлғаның  бірі,  әрі 
бірегейі Ахат Жақсыбаев.  
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Вали // Ислам. Энци-клопедический словарь. М., 1991 
2. Қазақ Энциклопедиясы, 1 том 
3. Жирмунский В.М. Сказание об Алпамыше и богатырская сказка. М., 1960 
4. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы: Ғылым, 1984 
5.  Әжіғали  С..  Оразбек  Е.  Қазақтардың  дінге  сенгіштігі // Қазақ  халқының  дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары. 1-том. 
Алматы: Арыс, 2005 
6.  Селезнев  А.Г.,  Селезнева  ІІА.  Материалы  для  изучения  культа  святых  в  Сибирском  исламе // Университеты  как 
регионообразующие научно-образовательные комплексы. Омск, 2005 
7. Арғынбаев X. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969 
8.  Ахметов  Ә.  Түркі  тілдеріндегі  табу  мен  эвфемизмдер  (салыстырмалы  этнолингвистикалық  зерделеу).  Алматы:  Ғы-
лым, 1995 
 
 
 
Құрманқызы Ш. С., 
Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық 
 университетінің магистранты   
 

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал