Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



жүктеу 5.01 Kb.

бет18/30
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

Список использованной литературы: 
1. Гете И.-В. Об искусстве. – М.: Искусство, 1975. – 623 с. 
2. Новейшая зарубежная литература: Коллективная монография. – Алматы: Жибек жолы, 2011. – 584 с. 
 
Summary 
 
The article "Study of Foreign Literature in Kazakhstan" is telling about  preparation of  joint scientific monograph 
"Contemporary Foreign Literature". The book was published in 2011 by M.O.Auezov Institute of Literature and Art. The monograph 
includes 16 researches, national literatures of 10 foreign countries and 6 CIS countries. The book was written with participation of 
literary critics of Azerbaijan, Bulgaria, Germany, Moldova, Romania, Russia, Slovakia. Particular attention is paid to German 
literature.  
 
 
 
Сағындық Н.,  
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
 
ӘЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
  Қарахан  мемлекеті  тұсындағы  немесе  ислам  дәуірі  (Х-ХІІ  ғғ.)  аталатын  кезеңді  түркі  халық-
тарының  қоғамдық-мәдени  даму  тарихында  қайта  өркендеу  дәуірі  деп  ерекшелеуге  болады.  Бұл 
кезеңге әл-Фарабидің «Риторика», «Поэзия өнері туралы» еңбектерін, Махмұт Қашқаридің «Диуани 
лұғат  ат-түрік» («Түркі  сөздерінің  жинағын»),  Жүсіп  Баласағұнидің  «Құтты  білігін»,  Қожа  Ахмет 
Йасауидің «Диуани хикмет» («Ақыл кітабын»), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабын» және 
т.б. жәдігерліктерді жатқызатын болсақ осы дәуірдің зор жетістігін көрсететін құндылықтары болып 
табылады. Бұл туындылар орта  ғасырдағы түркі жазба  әдебиетінің  өркендеп  өсуіне, ілгері де іргелі 
дамуына өлшеусіз үлесін тигізді.  
Кейінгі  жылдарда  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  орта  ғасырда  жасаған  ұлы  адамдары  туралы 
зерттеулер  көбейе  бастады.  Қазақстан  ғалымдары  да  бұл  салада  айтарлықтай  бет  бұрыстар  жасап 
отыр.  
Тарихымыздың тамаша тұлғаларының бірі – Мұхаммед Әбу Насыр  әл- Фараби. Қазақстан Ғылым 
Академиясында  әл-Фараби  мұраларын  зерттеушілер  тобы  оның  мұрасын  жариялау,  зерттеу  ісіне 
қызу  ат  салысты.  Ә.  Марғұлан,  А.  Машанов,  А.  Көбесов,  Р.  Бердібаев,  т.б.  ғалымдардың  Фараби 
туралы  зерттеулері  баспа  бетін  көрді. 1971 жылы  көрнекті  фарабитанушыларымыз – Ақжан  Маша-
новтың  «әл-Фараби»  атты  тарихи  деректі  кітабы,  Ауданбек  Көбесовтың  «әл-Фараби»,  академик  
Ж.М.  Әбділдиннің  редакциясымен 1984 жылы  шыққан  «әл-Фарабидің  әдеуметтік,  этикалық  және 
эстетикалық көзқарасы» деген зерттеу жинағы жарық көрді. Фарабитану қазір арнайы ғылым дәре-
жесіне көтерілді деп толық  айта аламыз.   
 Қазақстанда Фарабидің «қайта тууына» көп қайрат жұмсаған ғалым Ақжан Машанов. Өзінің көп 
жылдық еңбегінің жемісі ретінде «әл-Фараби» атты кітабы ұсынылған болатын. Ғалым ұсынған бұл 
кітап Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына орай дүниеге келді. 
Бұл  зерттеу  еңбегінде  Фарабидің  шәкірттік  кезінен  бастап,  ғылым  жолына  көтерілгенге  дейінгі 
кезеңге  байланысты  бірсыпыра  мағлұматтар  жинақталған.  Кітапта  алдымен  Фарабидің  заманы 

112 
 
сипатталады, халқымыздың сол кездегі, осыдан  мың жыл бұрынғы өмір-тіршілігі, өнеркәсібі, мәде-
ниеті, ғылымы жайлы азды-көпті баяндалады. Соның ішінде қала тұрмысы, қолөнері, жер байлығы, 
кен  қазу,  металл    қорыту,  құрылыстар,  ауыл  шаруасы,  тұрмыс,  сауда-саттық  жайлы  сөз  болады. 
Автор  Фарабидің  өз  дәуірімен  ғана  шектелмей,  одан  арғы  көне  дәуірлерге  тереңдеп  барып,  қайта 
оралып  отырады.  Мысалы,  автор  Ақжан  Машановтың  бұл  еңбегінде  мынадай  жолдар  кездеседі: 
«Фарабидің  рухани  моральдық  жағындағы  ұстазы  Абу  Мәлік  өз  тарапынан  ғылымға,  шындық 
жолына  берілген  адам.  Екінші  ұстаз  Арыстанбап – табиғат  тану  ғылымының  өкілі.  Сонымен  қатар, 
ғалымдар  тарихын  зерттеуші,  халқымыздың  мәдени  қазынасының  көзі  деуге  болады.  Жалаңтөс 
батыр-сахарасының салтанаты, ерліктің бейнесі; Нысан Абыз, Қорқыт, Гауһар сияқтылар халқымыз-
дың  әдебиет,  музыка,  ән-күй,  эстетикалық  сезімдерін  елестетеді.  Олардың  барлығы  біріне-бірі 
қосыла  келіп,  ақырында  Фараби  даналығының  дариясына  құймақ.  Фараби  −  асқан  астроном,  мате-
матик, музыкант, табиғат зерттеуші, философ болған адам» [1,6]. 
Зерттеуші әл-Фараби жайлы ойларын дамыта келе, Фараби заманында Ислам елдерінің мәдениеті 
бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің шыңы болғандығын, сол кездегі ғылыми ортақ тіл - араб тілі екен-
дігін    мәлімдей  отырып,  сонымен  байланысты  ғылым  тарихында  ол  заманның  мәдениетін  «араб 
мәдениеті» деп атап кеткенінен де хабардар етеді. 
Кіндік  Азияда  фарабитанудың  атасы  Ақжан  әл-Машани  (Машанов)–  Еуропалықтар  Шығыс 
Аристотелі  деп  атайтын,  дүниежүзілік  екінші  ұстаз – әл-муаллиму  с-сани  аталған  Әбу  Насыр 
Мұхаммед  әл-Фарабидің  Отырардан  шыққан  Қыпшақ  тумасы  екендігін  алғаш  дәлелдеп,  он  бір 
ғасырдан соң ұрпағымен қауыштырушы ғана емес, баба мұрасын жан-жақты зерттеп, фарабитанудың 
көпірін тұрғызушы.  Бұл  зерттеушінің 100 жылдық  метейтойы қарсаңында  шығарылған  көп томдық 
шығармаларының 1-томына  «әл-Фараби  көпірі»  ол  менің  бабам  дегізген  алғашқы  хабарламалары 
және ұлы бабамыздың тұңғыш рет көркем бейнесі сомдалған «әл-Фараби» романын да енгізген.   
«әл-Фараби  және  Абай»  атты  еңбегінде,  сондай-ақ  А.  Машанов  әл-Фарабидің  дүниенің  сегіз 
сипатын  математикалық  тұрғыдан  дәлелдегенін  жаза  келіп,  осы  сегіз  сипатты  Абай  да  адамның 
бойынан  іздеп,  өзі  тудырған  өлең  түрін  «Сегізаяқ»  деп  атағаны  жайлы  ой  айтады.  Аталмыш 
тұжырымды негізге алған белгілі философ Т. Бурбаев Абайдың аталған өлеңінде «дүние» ұғымының 
сырын ашатын жолдардың барлығына назар аударып, осы ұғымның ұлт менталитетіндегі қолданылу 
аясына,  даму  көріністеріне  тоқталады.  Жалпы  алғанда  Фараби  идеяларының  бертінгі  дәуір  әде-
биетіндегі  іздерін  зерттеу  мәселесі – әзірге  түрен  тимеген  тың  сала.  Мұның  өзі  алдымен  кейінгі 
дәуірлердегі  шығармашылық  иелерінің  Фараби  еңбектерімен  қалай  және  қай  дәрежеде  таныс 
болғанын анықтауды қажет етеді. Ғұлама мұрасын әдебиет әлемімен зерттеудің болашақтық бағыт-
тардың бірі деп білеміз.  
Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші Немат Келімбетов өзінің «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты зерттеу 
оқулығында  орта  ғасыр  әдебиетінің  философ-ойшылы  әл-Фарабиді  жеке  тақырып  ретінде  қарас-
тырады.  Бұл  тарауда  автор  Әбу  Насыр  әл-Фарабидің  өмірбаянына  қысқаша  шолу  жасайды: «... ол 
Арыс  өзенінің  Сырдарияға  құя  беріс  сағасындағы  ежелгі  Отырар  (оны  Қыпшақтар  Қарашоқы  деп 
атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарда кезінде негізінен Қыпшақ, 
Қаңлы,  Қоңырат  тайпалары  мекен  еткені  тарихтан  жақсы  мәлім.  Отырар – бір  жағы  көшпелі  мал 
шаруашылығын  кәсіп  еткен,  екінші  жағы    отырықшы-егіншілікпен  айналысатын  түрлі  түркі  ру-
тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп 
атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен» [2, 115]. Бұл жолдар арқылы зерттеуші Н. 
Келімбетов ғалымның Фараби атанудағы себебін ашып қана қоймай, «Фараб» сөзінің түп төркінін де 
айқындап тұрғандай. Сонымен қоса, автор Фараби жайлы мынадай мағлұмат береді: «әл-Фарабидің 
толық  аты  жөні:  Мұхаммед  ибн  Мұхамед  ибн  Узлағ  Тархани  деп  жазылатын  болған.  Мұндағы 
«тархан» сөзі екі нәрсені аңғартады: біріншіден, әл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққан-
дығын  білдіреді.  Екіншіден,  оның  ата-бабасы  дәулетті,  қыпшақтар  арасында  есімі  белгілі  кісілер 
болғанын  көрсетеді.  Өйткені  қыпшақтардың  атақтылары  ғана  дәстүр  бойынша  «тархан»  деп 
аталатын болған...» [2, 115]. 
Әрине  Әбу  Насыр  әл-Фарабидің  ең  алдымен  кезінде  «Шығыстың  Аристотелі»  атанған  есімі 
әлемге  мәшһүр  философ  болды.  Ол  көне  заманның  Платон,  Аристотель,  Гален  сияқты  ақыл-ой 
алыптарының  шығармалары  туралы  көптеген  трактаттар  мен  түсіндірмелер  жазды.  Сөйтіп,  Фараби 
Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдение-
тімен таныстыруда зор рөл атқарды. 
Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың 
шығуы», «Философияны  оқу  үшін  алдымен  не  білу  керек», «Аристотель  еңбектеріне  түсіндірме» 
(«Поэтика», «Риторика», «Софистика», т.б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде 

113 
 
танытты.  Зерттеуші  Н.  Келімбетов  осы  шығармаларын  атай  келіп,  Фарабидің  әдебиет  теориясы 
бойынша  бірқатар  келелі  еңбектер  жазғанынан,  соның  ішінде  бұрын  ғылымға  белгісіз  аса  құнды 
шығармасы  Братислава  (Чехословакия)  университетінің  кітапханасынан  табылған  «Өлең  кітабы» 
атты  еңбегін  жан-жақты  талдап  көрсетеді.  Бұл  жайында  автор  былай  дейді: «әл-Фарабидің  «Өлең 
кітабы»  көлем  жағынан  шағын  ғана  туынды,  оның  тіпті  кітап  емес,  мақала  деп  атаған  жөн  шығар. 
Мүмкін мұның өзі алғашта көлемді шығарма күйінде жазылған болуы да ықтимал. Кейінірек белгілі 
бір  себептер  әсерімен  кітап  көлемі  әдейі  қысқартылып,  бізге  тек  тезис  күйінде  жеткен  болуы  да 
ғажап емес. Фарабидің бұл зерттеуі жеке кітап күйінде сақталмаған. Ұлы ғалымның он екі бөлімнен 
тұратын  логика  саласындағы  кітабының  ішіне  қосылып,  сонымен  бірге  түптелген  екен» [2, 118]. 
Бұдан шығатын қорытынды – Фараби  мұрасын игеруде оның кейінгі кезде табылған «Өлең кітабын» 
жан-жақты зерттеп, оқып үйренудің маңызы бар. 
Ғұлама  ғалымның  сондай-ақ,  Аристотельдің  «Поэтика»  атты  еңбегінің  ықпалымен  жасалған 
«Өлең  өнерінің  қағидалары  туралы  трактат»  шығармасы  турасын  танытуда,  соның  ішінде  грек 
поэзиясына тән өлең түрлеріне (дифирамбы, ямб, драма, эпос, диаграмма т.б.) жеке-жеке тоқталып, 
мән-мағынасын ашып беруде де Н. Келімбетовтың зерттеу еңбегінің мәні зор. 
Келесі  бір  көрнекті  ғалым,  филология  ғылымының  докторы,  профессор  Ханғали  Сүйіншәлиев 
қазақ  әдебиеті  тарихын  көп  жылдар  бойы  іздене  зерттеп,  өзінің  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  атты 
еңбегінде  әл-Фарабиді  жіті  зерттеп,  бағасын  беріп  кеткен.  Ол: «әл-Фараби  өзінің  еңбектерін  өзі 
шыққан түркі тілінде жазды ма, жазбады ма?  Бұл әзір мәлім емес. Бізге белгілісі – ол өз еңбектерін 
араб  тілінде  жазған.  Сол  тілде  өзін  танытқан.  Ғылымға  қосқан  үлестерін  сол  тілде  қалдырған. 
Сондықтан ғылым қауымы әл-Фарабиді араб ғалымы деп танып келеді. Оның шыққан тегі, дүниеге 
әкелген  елі  ескерілмеді.  Соңғы 35-40 жылдардағы  зерттеушілер  ғана  оның  өмірінің  белгісіз  боп 
келген бетін ашып, түркі текті халықтарға ортақ ғалым екенін дәлелдеді » [3, 64].  
Фараби  ғұмыр  кешкен  кезең  Шығыс  елінің  оянуға  бет  алған  ұлы  өзгерістері  мен  өрлеу  дәуірі 
болатын.  Бұл  кез - арабтың  әдеби  тілі  айтарлықтай  дәрежеге  көтеріліп,  мұсылмандар  өлкесіне  кең 
қанат  жая  дамыған  кезі  еді.  Осы  кезеңде  араб  тілінде  емес  көптеген  халықтардан  шыққан  ұлы 
ғұламалар,  данышпан  ақын-жазушылар  өз  еңбектерін  жазып  қалдырды.  Сөйтіп,  араб  мәдениетін 
өркендетуде мұсылман дініндегі халықтар түгел қатысып, араб тілінде ұлы мәдениет жасалады.   
Жоғарыда талданып өткендей, ғұлама ғалым туралы зерттеу еңбектері толастамай, күннен күнге 
жаңа пікірлермен  жалғасын тауып отырған.       
  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Машанов А.  «әл-Фараби». – Алматы: Алатау, 2003. – 352 б. 
2.  Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі. 1991. – 264 б. 
3.  С‰йіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: «Санат», 1997. – 928 б. 
  
  
 
Бисенбаев П., 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  
университетінің аға оқытушысы 
Оспан Ә., 
3 курс студенті, Қазақ тілі мен әдебиет 
 мамандығы бойынша 
 
«КӨРҰҒЛЫ» ЖЫРЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ 
 
«Көрұғлының»  батыстық  нұсқалары  мен  ортаазиялық  версияларында  айырым-ерекшеліктер  көп 
байқалады. Оларды салыстырып байқау үшін қысқаша мазмұнымен таныстырып өтелік. 
Тифлистік  қолжазба  мен  әзірбайжандық  нұсқаларда  Көрұғлының  шыққан  тегі  туралы  мынадай 
мәліметтер  кезігеді:  Жалали  тайпасында  Мырзабек  деген  жігіт  болыпты.  Кәмелетке  толған 
Мырзабекті  әкесі  үйлендірмек  ниетпен  бірнеше  жерге  құда  түседі.  Бірақ  ол  әлгі  қалыңдықтардың 
бәрінен  бас  тартады  (Бұл  мотив  «Қорқыт  ата»  кітабындағы  оқиғаларды  еске  түсіреді).  Бірде 
нөкерлерін  ертіп  Мерв  қаласына  барған  Мырзабек  сол  жердің  атақты  байы  Махмұдбектің  қызы 
Гүлчехра ханымға ғашық болады. Үйіне оралған жігіт қыздың жайын анасына айтады. 

114 
 
Той болады. Біршама уақыт өткен соң Мырзабектің ата-анасы қайтыс болады. Мырзабек  қайын 
атасы Махмұдбектің қолына көшеді. Осында көп ұзамай оның Раушан Әли деген ұлы дүниеге келеді. 
Бала бес жасқа толғанда атасы Махмұд өледі. Әкесі өзінің отбасымен Жалали тайпасына оралады. 
Әрі  қарай  «Көрұғлының»  батыстық  версияларына  тән  оқиғалар  аз-кем  өзгешеліктермен  қайта-
ланып  отырады.  Мәселен,  басты  кейіпкер  әкесінің  көрсоқыр  болып  қалуын  баяндайтын  эпизодты 
былайша тарқатады:  
Мырзабек  Аббас  шахтың  жылқысын  бағып  жүріп,  бір  қызық  жайтты  көзі  шалады:  теңізден 
шыққан айғыр табын ішіндегі бір биеге шабады  да, қайтадан теңізге сүңгіп жоқ болады. Мырзабек 
қашан  құлындағанша  әлгі  биені  назарында  ұстайды.  Көп  ұзамай  үсті-басын  қалың  жүн  басқан 
ұсқынсыз құлын дүниеге келеді. Мырзабек  мықты  сыншы  болғандықтан  оның  келешекте  елде  жоқ 
тұлпар  атанатынын  жақсы  біледі.  Бірде  шах  «асыл  тұқымды  тай-құлыннан  екі-үшеуін  әкелсін»  деп 
Мырзабекке хабар айтады. Мырзабек басқа тай-құлындармен  бірге  теңіз жылқысының  құлынын да 
ерте  барады.  Шах  Аббас  ұсқынсыз  жабағыны  көріп  қатты  ашуланады, «жылқының  екі  көзін 
көрмейтін етіңдер» деп бұйрық береді.  
Ұсқынсыз,  ажарсыз  аттың  уақыт  өте  жүйрік  атқа  айналуы – әлем  фольклорында  жиі  кездесетін 
дәстүрлі  сарын.  Тіпті  берідегі  «Саржан  батыр», «Топжарған»  сияқты  тарихи  жырлардың  өзінде 
көптің  көзіне  шалына  бермейтін  жаман  торы  Үш  жүздің  басы  қосылған  үлкен  аста  үш  жүз  аттың 
алдын орап, бас бәйгені иеленеді.  
Батыс  және  түрікмен  версияларындағы  кейіпкердің  ат  баптау  эпизоды  бір-біріне  жақын.  Қос 
жанарынан айырылған Мырзабек өзінің бейшара халге түсуіне себеп болған құлынды шах Аббастан 
қалап сұрап алады. Оны Раушан Әли әкесінің айтуымен атқора соғып, жарық түсірмей, тас қараңғыда 
ұстайды.  
Бір күні Мырзабек аттың арқасын сипап тұрып, бір кемшілік барын байқайды. Оған себеп – әлгі 
жерге жарықтың түсуі көрінеді. Сонда ол сәуле түсірместен атты тағы да қырық күн қамауда ұстауды 
бұйырады.  Әзірбайжан,  түрікмен  нұсқаларында  тұлпар  ат  қораға  түскен  сәуленің  салдарынан  ұшар 
қанатынан айырылады. Басты кейіпкердің аты барлық нұсқалар мен версияларда Герат деп аталады.  
Өзбек  нұсқасында  Көрұғлы  түрікменнің  теке  тайпасы  мен  Мерв  хандарынан  тарайтын  текті 
тұқымнан.  Атасы  Толыбай  сыншы – Кабушта  деген  Мерв  ханының  баласы.  Толыбай  бір  шапқын-
шылықта түрікмен тайпасының ханы Әділдің қолына түседі. Әділ хан оған үйір-үйір жылқыларына 
бас-көз болуды тапсырады. Ханның Орайхан, Ахмедбек деген екі ұлы, Бибі Айша атты қызы болады. 
Қыз Толыбайға ғашық екен, Әділ хан екеуін қосады. Бұлардың ұлы Раушан (Көрұғлының әкесі) жас 
күнінде  қызылбастың  Шахдар  ханының  қолына  тұтқынға  түседі.  Онымен  бірге  теке  тайпасының 
ханы Жигелінің Таджумбек атты ұлы мен Бибі Халал атты қызы да тұтқында болады. Кейін Раушан 
осы Бибі Халалға қосылады.  
Шахдархан Таджумбектің ақылымен Раушанбекті тәжірибелі сыншы ретінде сарайға шақырады. 
Артынша өзіне қарасты табын ішінде асыл тұқымды тұлпар бар болса, хабарын айтсын деп тапсырма 
береді.  Бірақ  сарай  маңындағы  атқорадан,  не  үйір  ішінен  шын  жүйрік  табылмайды.  Патша  қала 
тұрғындарына: «өздеріңнің мініс аттарыңды шаһар маңына жинап, Раушанның алдынан өтіңдер» деп 
бұйырады.  Раушан  олардың  ішінен  де  нағыз  тұлпар  ат  таппай  қиналады.  Тек  бірде  қарапайым 
диірменші  патша  бұйырығымен  сидиған  арық  атын  жетектеп  келгенде  ғана: «Міне,  асыл  тұқымды 
тұлпарды  енді  таптым»  деп  патшаға  хабар  айтады.  Ашу  қысқан  патша: «Раушанның  екі  көзі  көр 
болсын» деп тапсырма береді. Раушан диірменшінің атын сұрап алып, күн сәулесі түспейтін қараңғы 
жерде әбден баптайды. Оған Таджумбек те көп көмек көрсетеді. Жас тұлпар қажетті сынақтан өткен 
соң  Раушан  мен  Таджумбек  екеуі  еліне  қашуға  шешім  қабылдайды.  Бұлардың  соңына  түскен 
патшаның 500 адамы шаң қауып қала береді.  
Аяғы ауыр Бибіхалал толғақ үстінде қайтыс болады. Оны ағасының Рүстем деген қойшысы көріп 
қалып, қала сыртына алып барып жерлейді. Сөйтіп, осы молада өлі анадан Көрұғлы туады. Баланы 
Рүстемнің  табынындағы  құлыны  өлген  бір  бие  емізіп  жүреді.  Мұны  Рүстем  байқап  қояды.  Рүстем 
әлгі баланың ұл не қыз екенін байқау үшін сол маңға қуыршақ пен ер-тоқым қалдырып кетеді. Бала 
ерді таңдап, зират маңынан ұзай береді. Қойшы баланы өз қолына алып тәрбиелейді.  
Көрұғлының  ғайыптан  тууы  туралы  аңыз  қос  жанары  суалған  әке  оқиғасын  кері  ысырып, 
батырдың жауға мінер жүйрік аты Гераттың дүниеге келуі туралы эпизодтың дамуына әсер-ықпалын 
тигізді. Әзірбайжан версиясында, ілгеріде айтқандай, Герат – ертегілік «теңіз жылқысының» тұқымы. 
Тәжірибелі сыншы ретінде бір қарағанда ұсқынсыз, қораш көрінетін құлынды өзінің мырзасына алып 
барып, сол үшін екі көзден қатар айрылды. Ол кезде Көрұғлы – іске жарап қалған бозбала. Әкесіне ат 
баптауға көмектеседі, сол атқа мініп, қанаушылардан кек қайтарады. Өзбек дастандарында бұл мүлде 
байқалмайды. Өйткені әкесінің соқыр атану оқиғасы Көрұғлы дүниеге келгенге дейін орын алады. Ал 

115 
 
әкесі  еліне  мініп  қашатын  тұлпар  туралы  дастанда  әрі  қарай  әңгіме  қозғалмайды.  Бұл  дастандағы 
ғайыптан  туу  мотиві  адам  баласын  бауырына  басып,  асыраған  ұрғашы  жануар  туралы  ең  көне 
тотемдік түсініктерден бастау алады және ол көптеген халықтардың ертегілерінде кездеседі. Көрұғлы 
Бадгерді өлтірген соң, осы биемен қашып, басқа тайпаны паналайды. Бірақ Көрұғлыны асыраған бие 
жасы жағынан Көрұғлыға өмірдік серік болуға жарамайды. Сондықтан осы бие мен Рейханның арабы 
айғырынан Герат туады. Биенің Гератты туып жатып өлуі толғақ үстінде жан тапсырған Көрұғлының 
анасын еске түсіреді. Сосын бұлардың екеуі де тұл жетім, оның үстіне оларды бір ананың сүтін емген 
бауыр десе де болады.  
Таяу шығыста кең тараған нұсқалардың бірінде Көрұғылының артында қалған батыр ұлы туралы 
баяндалады.  
Әзірбайжан нұсқасында Көрұғлы Дербенттік Араб пашаның қызы Малика ханымға үйленіп, той 
өткен  соң  жас  жұбайын  қалдырып,  Чымлыбелге  оралады.  Аяғы  ауыр  Малика  ханымға  күйеуі  қош-
тасарда  жеңқап  қалдырады.  Хасанбек  бала  күнінен  батырға  лайық  қасиеттерімен  танылады.  Бірде 
Хасанбек  өз  қатарлы  баланы  ұрады,  ол  «әкеңнің  кім  екенін  білмейсің»  деп  мазақтайды.  Ол  анасын 
қинап бар шынын айтқызады, әкесі қалдырған жеңқапты алады. Жолға жиналған Хасанбекке не ат, 
не қылыш шақ келмейді. Атасының табынындағы жирен биеден туған құлын ғана оын көтере алады. 
Өйткені  ол  құлынның  әкесі  Герат  екен.  Әрі  қарай  әке  мен  бала  арасында  жекпе-жек  суреттеледі. 
Хасанбек өзінің әкесін екі рет жеңеді. Үшінші кезекте әкесінің ұрандаған ащы даусы оның құлағын 
бітеп тастайды. Олар жеңқапты байқап қойған Көрұғлының әйелі Нигар ханымның араласуымен ғана 
бір-бірін таниды. Хасанбек пен Малика ханым Көрұғлымен бірге Чымлыбелде қалады.  
Өзбек  нұсқасында  Гератты  іздеп  шыққан  Көрұғлының  жолда  қырық  шілтен  мен  Қызырға 
жолығатыны  бар.  Көрұғлының  қонаққа  шақырған  әулиелер  Гератты  Көрұғлы  үшін  баптап,  бағып 
жатқанын,  аттың  таудағы  екі  қыздың  қарауында  екенін  айтады.  Шілтендер  Көрұғылыға  батасын 
беріп,  үш  түрлі  қалауын  орындайтынын  айтады.  Көрұғылы,  біріншіден,  жүйрік  ат  пен  атақ,  даңқ 
керек дейді. Екіншіден, әулиелер оған ұзақ өмір сыйлайды. Ол 120 жыл жасайтын болады. Шілтендер 
үшіншіден  пері қыздардың махаббатына бөленесің дейді. Төртіншіден, өтініш ретінде бала сұраған 
батырға үш өтінішті орындап, қойдың үш Көрұғлыға баласын қалдырады. 
Түрікмен  «Көрұғлы»  эпосының [35,76] атын  іздеп  шыққан  басты  кейіпкер  шәшар  ағашының 
көлеңкесінде  ұйқыға  кетеді.  Түсте  әулиелер  еніп,  қырық  кесе  шарап  береді.  Артынша  әулие  Әли 
жоғалған  атын жетектеп  келеді. Басқа  әулиелер  оның қару-жарағын қайтарып, атын ерттеп өзін  де, 
атын  да 120 жыл  жасайсыңдар,  денеңе  жарақат  түспейді,  қылышың  үнемі  жеңіс  сыйлайды, 72 тіл 
білетін боласың дейді. Бірақ соңынан еретін ұрпағы жөнінде ештеңе айтпайды.  
Осыған  ұқсас  сарындар,  басқа  да  ғашықтық  дастандар  кездеседі.  Мұның  негізінде,  сөз  жоқ, 
шиизм идеологиясы жатыр.  
Бартольд «шиизм ислам дінінің бір бағыты ретінде Таяу шығыстың біраз елдеріне тарады. Негізі-
нен ауылды жерлердегі халық қозғалысының идеологиялық құралы болды» деп жазады.  [12.VII. 255-
254] 
Құлағұ ұрпақтарының билігі ыдырағаннан кейін(XIVғ. 30 жылдарынан бастап) ,  Таяу Шығыстың 
бар  жеріне  Хорасанда(1337-1384),  Самарқанда (1365) т.б  елдерде  шаруалар  көтерілісі  орын  алды. 
[94,201] 
XIV ғасырда Анадолы түріктері Кавказ бен Әзірбайжанда, Кіші Азияда тұрып жатқан түрікмен-
дерді «Қызылбастар» деп атады. Шиизм сефевидтер тұсында (1502-1736) Иран, Әзірбайжан, Анадолы 
өлкесіне кең тарады. [95,205] 
XV  ғасырда  сефевидтердің  басты  сүйеніші  түрікмен  тайпалары  болды.  Сефевид  шейхтарының 
бірі Шейх Хайдар бұл тайпа азаматтарына дәстүрлі Түркімен бөркін 12 шиит имамының құрметіне 
12 қызылжолақ салынған бас киім киюді міндеттеді. Содан бастап, көшпелі түрікмен тайпалары мен 
сефевидтерді қызылбас атайтын болды. 
Әзірбайжандық  деректер  Көрұғлыны  парсы  шахы  Аббастың  замандасы  деп  көрсетеді.  Мұны 
армян  тарихшысы  Аракела  Тавридский  де (1670 жылы  қайтыс  болған)  мақұлдайды.  Ол  Аббас  шах 
пен  түрік  сұлтандарына  қарсы  көтерілген  топтардың  басшыларының  бірі  ретінде  Көрұғлының  да 
атын атайды.     
 
Пайдаланылған әдебиет: 
1.  Герогли. – Ашгабад, 1958 
2.  Бартольд. В.В.Сочинен. Том 1. –Москва, 1993 
3.  Петрушевский  И.Н.  Внутренняя  политика  Ахмада  Ак-коюми//  Сборник  статей  по  историй  Азербайжана.  Том 1. –
Баку,1949 
4.  Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т. Узбекский народный героический эпос. –Москва, 1947 

116 
 
Шортанбаев Ш., 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  
университетінің аға оқытушысы 
 
Қ. ЫСҚАҚОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕРЛІК ҰСТАНЫМ 
 
Алдыңғы  толқын  ағалары  салған  кәсіби  прозадағы  сара  жолды  шиырлап  емес,  өзіне  тән  сурет-
керлік  түйсікпен  «шарлап»  келе  жатқан  жазушы-драматург  Қалихан  Ысқақовтың  қаламынан  да, 
қадамынан да алаш қаламгерлерінің  идеясын да, ата-баба аманат етіп қалдырған мұрасы «тілін» де 
аса  сақтықпен  қорғап,  абыроймен  жұмсап  келе  жатқаны  айқын  да  анық  сезіледі. «Қазіргі 
шығармалардың оқылмайтындығы – тілдің жоқтығынан. Тілсіз сурет салынбайды. Тілсіз ой оқушыға 
жетпей  қалады» - деп  шырылдап,  көркем  әдебиеттің  шұрайлы  тілсіз  әрсіз,  әрі  нәрсіз  болатынын 
үнемі ескертумен келеді.                     
Жазушының шеберлік қырлары, көркем әдебиет туындысының, яғни көркем шығарманың эстети-
калық қуаты – суреткер қаламының көркемдік ерекшеліктерінен, поэтикалық ізденістерінен көрінеді. 
Әрине,  сөз  өнеріндегі,  соның  ішінде,  көркем  әдебиеттегі  шеберліктің  ауқымы  өте  кең.  Жазушы 
шығармаларында  кездесетін  көркем  ерекшеліктердің  куаттылығы  оның  тақырып  пен  идея,  тіл  мен 
стиль,  сюжет  пен  композициялық  ерекшеліктерінде,  образ  жасау  жолындағы  ізденістерінде,  заман, 
уақыт шындығын кейіпкерлерінін жан әлемі, іс-әрекеті арқылы жеткізуінде, диалог кұрудағы, сәтті 
көркем деталь табудағы, көркемдік бейнелеу қүралдарын сан құбылта, түрлендіре пайдалануындағы 
суреткерлігінде,  сол  аркылы  оқырман  жүрегінен  орын  алуға  ұмтылысында,  жанқиярлық  еңбегінде 
жатса керек. 
Осы  тұрғыдан  алғанда,  Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек»,  Қ.Ысқақовтың  «Тұйық»  романдары  кейіп-
керлерін  тікелей  іс-әрекет,  динамикалы  оқиғалы  үстінде  ашып  көрсетумен  де,  ішкі  психологиялық 
тартыстарымен де, философиялық ой-тұжырымдарымен де болсын, қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі 
үлес болып табылады. 
Романда  кездесетін  табиғат  көріністері  оның  мазмұнына,  идеялық  мүратына,  композициялық 
тұтастығына  кейде  тікелей,  кейде  жанама  әсерін  тигізіп  отырады.  Кейіпкер  жан-  әлеміндегі,  көңіл-
күйіндегі  өзгерістер  табиғат  көріністерімен  жымдасып,  шығарманың  шырайын  кіргізіп,  құлпырта 
түсуге септігін тигізері анық. Алтайдың әсем табиғатын, ғажайьш сұлу орман-тоғайларын, сылдырап 
аққан  өзенін,  яғни,  Марқакөл  мен  Күршімін,  Бұқтырма  мен  Ақсуын,  қайталанбас  тау-тасын  сурет-
теуге  келгенде  Жүсіпбектің  де,  Қалиханның  да  қаламы  жүйрік-ақ.  Мәселен,  Жүсіпбек  Аймауытов 
«Ақбілек  романында  «Марқакөлдің  суы  балдай.  Марқакөлдің  суын  ішіп,  отын  жеген  сары  қарын, 
тұтам  емшек  жануардың  бауырынан  сүт  сорғалап,  сүт  емес-ау,  құт  сорғалап,  көнек-көнек  лапыл-
дайды. Марқакөлдің жиегінде ...бала болып, ана болып, көп әйелден дана болып, кеудесіне сыймай, 
кемерінен  аса  шыпылдайды»-деп  ерекше  леппен,  сұлу  да  соны  ырғақпен  табиғат  пен  Ақбілек 
бейнесін,  сезімін  астастыра  байланыстырса,  Қалихан  Ысқақов  «Тұйықта»  тамырын  тіпті  тереңге 
жібереді. «Ай  қырқаға  барып  құлады.  Аспан  күмбезі  жарты  шекесінен  қақ  айрылып,  іріген  сүттін 
бетіндегі ақ шандыр көбіктей кіреукеленіп барып семді де, қара көк тұңғиыққа іркіліп Құсжолы ғана 
қалды;  Жетіқарақшының  сүйір  басы  шығыс  көкжиекке  сұғына  кеп  тоқтаған  екен,  мезгіл  түн 
ортасына ауса керек». Бұл - Қажымұраттың туған аулына келіп, өткеніне, қызығы кем өткен өміріне 
ойша көз жүгіртіп, осы бір мақпал түнді, тұнық аспанды сағынышпен еске алып жаткан сәті. Күздің 
осы бір мезгілін, түннің осы бір сәтін сағына жеткені аңғарылады. 
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы адам мен табиғатты қатар суреттеу, әсіресе, табиғатты 
бейнелеуді көтеріңкі леппен бастап, сол деңгейден түсірмей аяқтау, ақ өлең үлгісіне салған шалқыма  
пафосы  көз  алдымыздағыдай  есте  болса,  көркем  туындыдағы  мұндай  байланыс  Қ.Ысқақов 
романының да негізгі белгілерінің бірі. «Алтайдың самаладай тізілген зеңгір шыңдары кызыл орамал 
байланып қырға шыққан қыз-келіншектер сияқты екен, солардың дін ортасындағы етегін қылқанды 
орман, белуарын тау-терекпен қымталаған Саралқа биігі қызыл мыспен қақталған жалпақ кісені шарт 
буынып жүгініп отырған ақ бас шалға ұқсайды». 
Автор  енді  бірде  пейзажды  кейіпкер  көңіл-күйінен  хабардар  ете  отырып,  сюжетті  дамытуға 
пайдаланғанын аңғаруға болады. Кейіпкердін сол сәттегі жан-әлеміндегі әлем-тапырық көңіл ауанын 
табиғаттың  сұрқай,  суық  суретімен  қатар  алып,  шығарманың  әрін  кіргізіп,  өңіне  қан  жүгірткендей 
әсерге  бөлейді.  «Алтайдың  кұзар  шыңдары  да  қызыл  орамалдарын  сыпырып  тастап,  көк  шатыр 
мұздай  суық  тарта  бастаған;  манағы  белдеудегі  тау-теректің  сары  ала  сілемі,  онан  жоғары  мүк  пен 
қынаның тықыр кілемдей кызғылт түгі күлгін тартып, ошақтағы қи қоламтасындай өлеусіреп өлуге 
айналған.  Қарағай  басын  сыңсытқан  қоңыр  жел,  қоңыр  күздің  қоңыр  барқыттай  қою  ымыртты 

117 
 
көкірек  сыздатар  мұң  ала  келгендей,  сол  мұң  алыстан  талып  жеткен  сыбызғы  сазындай  көңіл 
шымшылап, көз алдынан қимас елес боп жамырады». 
Әлгінде  ғана  туған  өлкесінің  тамылжыған  түніне,  алқаракөк  аспанына  талмаусыра  көз  тіккен 
Қажымұраттың  есіне  алмағайып  кезеңнің  аласапыран  уақыты,  соғыспен  тұспа-тұс  келген  жастық 
шағы түскенде, денесі түршікті. Жаңа ғана көңіліне жылу кұйып, жүрегіне нұр сыйлағандай болған 
табиғат  көрінісі  де  кейіпкер  ойымен  астасып,  қуқыл  тартқандай  сүреңсіз  күй  кешкен.  Жігіт  көңіл-
күйінің  пәс  тартқан  сәтін  жазушы  табиғат  әлеміндегі  өзгерістермен  шебер  қиюластырып,  шығарма 
окиғасының  ары  қарай  қалай  өрбитінін,  өріс  алатынын  оқырманға  жымын    білдірмей  аңғартып 
тұрғандай  әсер  қалдырады.  Табиғат  құбылысы  адамның  сана-сезіміне,  ойына  әсер  ете  алатынын 
жазушы табиғи түрде боямасыз жеткізеді. Сюжеттің өріс алуына, дамуына септігі бар ішкі иірімдер 
өнер  туындысына  тән  үлгіде  шебер  қолданылып,  роман  тынысына  серпін  береді.  Колхоздың  азын-
аулақ  малына  жем-шөп  әкелемін  деп  жолға  шыққан  Қажымұраттың  жалғыз  өзі  әбден  титықтап, 
арып-аршыған сәтінде табиғаттың да қатқылданып, қатуланып тұрғанын автор: «Шаңырақ мүйіз пар 
өгіздің  ырғалаң-ырғалаң  жүрісі,  толқында  лықсыған  қайықтай  изең-изең  шұлғыған  шана  шаршаған 
жігітті шала мас қып маужырата бастады. 
Шырша  мен  қарағайлы  жыныстан  шошайып  қана  қылтиған  шың-құздардың  ұшар  биігі  де 
теңселіп тұрғандай еді. Малақайының милығынан күн сығалады; оның да шар табағы қызыл тастай 
кірпік  қақпай  қатып  қапты.  Аспанның  түсі  бөлек,  жап-жасыл  екен,  мынау  құлазып  йен  қалған 
дүниенің  күңіренген  суық  күмбезі  секілді» - д е п   суреттесе, «Қырқадан  құлықтанып  ай  туған.  Көз 
жетер  аймақтың  реңі  кашып,  сұрғылт  тұман  басқандай    аспан  шелдене  қалды.  Тас  қамау  сұр 
шатқалдың  аңғары  бұрынғыдан  да  азынап  кеткен  секілді,  тас  керең  дүниенің  ызғары  жабырқау 
көңілге  иығындағы  қаптан  бетер  зілді  еді» - деп  кейіпкер  көңіл-күйінің  зілмауыр  тартуын  табиғат 
құбылысындағы  өзгерістерімен  қабат  ала  отырып,  оқиға  барысын,  дамуын  қоюлата  түседі.  Бүкіл 
кірені бір өзі тиеп, ие болып келе жатқан Қажымұрат осының бәрін кім үшін, не үшін істеп жүргені 
ойына түскенде серпілгендей, бүкіл ауылдың шаңырағын бір өзі тіреп тұрғанын сезінгендей болады. 
Тарығып-зарығып отырған елдің үмітін ақтауға, көңілін демдеуге өзінің де үлесі барын еске алғанда, 
жігіт бойы шымырлап, ойы шығандап кетеді. Бойын ерекше сезімге бөлеп, бүкіл дүние мұның ісіне 
қуана  қол  соққандай,  тіпті  «жымыңдаған  аспан  да  манағыдай  емес,  жайдары.  Шана  сықырымен 
жарысқан  мұңды  бір  сарын  боз  аспанның  мөрінен  тамып  тұрғандай.  Аяқтың  сырқаты,  қардың 
талғаны да ұмытылып, көңілдегі болмашы кірбің де көшіп кеткен».  
Көз алдына көлбеңдеп Зылиха бейнесі келді. Аяғының ауырлығына екі-үш айдың жүзі болғанын 
ойлады. Ауылдағы шал-кемпірлерге бас-көз болып қана қоймай, қандай да бір ауыр істің басында бел 
шешпей,  ер-азаматтарша  іс-әрекет  етіп  жүргені  жанына  батты.  Дегенмен,  дәл  қазіргі  сәтте 
Зылиханың  бұдан  басқа  сүйенері,  сенері  жоқ  екенін  ойлағанда,  көңілі  бір  құлазып,  бір  шалқыды. 
Мынау  қайнаған  өмірдегі,  дүниедегі  баянсыз  тірліктен  құтқарып,  тіршіліктің  мәні,  өмірдің  әніне 
жеткізер нағыз бақыт ұрпақ, бала екені есіне түсіп, көңілінің кірі шайылғандай. «Жалғаның жалпақ 
екені енді біліп, дүниенің көркі енді ғана ажарына кірді ме деген жігіт қазір тау қопарып тастауға, ел 
үшін жан-пида етуге әзір, канша қиындық кешсең де өмірдің бақыты да; базары да осы ма деп калды. 
Зылиха  жүкті  болғаннан  бері  бұрынғы  үйірсектігі  мен  құштарлық  сезімінен  көрі  жанашырлығы 
басым. Бала деген шіркін жар махаббатынан да ыстық, әрі тәттілеу ме, қалай?... Әйтеуір соңғы кезде 
қиялшыл болып алған, тік мінез ұрыншақтығынан көңілшектігі көбейіп кетті». 
Автор Алтайдың ғажайып сұлулығымен қатар, оның жадап жүдеген, талан-таражға түскен ауыр 
халіне де аяныш білдіреді. Бір кездері жайқалған ну өлкенің адамдардың салғырттығынан, табиғат-
Анаға деген немқұрайлығынан болар, тозуға айналған бет-бейнесін де көз алдымызға әкеледі.  
«Алтай  шынында  жүдеп  калған  екен,  ұстарамен  сыпырғандай  ағашын  отап  әкеткен  таз 
төмпешіктер,  әр  томары  бір  ағаштың  моласыңдай  құлазып  жатқан  құла  жондар,  өркеш-өркеш 
таулардың басы таз, иегі көптен қырынбаған көк сағал адамның ұртындай кедір-бұдыр, ортан белінде 
селтиген  мысық  мұрттай  ала  шұбар  ағаш  қалыпты,  шанжау-шанжау  жетім  қарағайлардан  басқа 
Бұқтырма  бойындағы  өзекте де дым  жоқ, олардың өзі  де бірі  қисық, бірі шолақ ешкімнің кажетіне 
жарамай  жұртқа  тастап  кеткен  жүн-жұрқаның  жұрынтығы  секілді.  Қажымұрат  жастық  шағының 
белгісін  таба  алмай  келеді».  Одан  әрі  автор  қолдан  жасалған  қысастықтың,  талан-таражға  салудың 
түбі  неге  соғатынын  меңзеп, «- Жер  қалмады!-  деп  кейіді  Әлмұрат. –Жазық  түгілі  тепсеңнің  бәрін 
көртышқанша тепкілеп тауыстық. Ал пайдасы боққа тұрмайды. Артымызды жауып тұрған тек мал» - 
деп    табиғаттағы,  экологиядағы  жұтаңдықты  адамдардың  тіршілігімен,  іс-әрекетімен  байланысты-
рады. Табиғаттың да қоғамның  бір бөлшегі екенін, егер оны күтпесе, аяламаса, құритынын, тозаты-
нын автор әдемі сездіріп, қатпары қалың сауалдың зауалы ауыр екенін айтып отыр. 

118 
 
Бүгінгі  таңда  ғаламдық  проблемаға  айналған  бұл  мәселенің  бастауы  кешегі  күндерде  жатқанын 
Қ.Ысқақов  өткен  ғасырдың 60-жылдарында-ақ  аңғарып,  ұрпағына  ұқтырып  отырғандай. «Кемер-
кемер болып көз ұшына дейін созылған ну орманнын төбесі сары күздің шап-шағыр меңсіз аспаны-
мен ұласып жатыр. Жауыннан соң дүние шыт жаңа тазарып калған. Борық пен өзектегі шаңдақтың 
ескі  қылтанағы  қайта  көктеп,  су  тиген  барқыттың  түгіндей  құлпырып  шыға  келіпті.  Мизам  басын 
шұлғытып  салқын  самал  еседі.  Телеграф  сымдары  сарнап  тұр.  Телеграф  бағандарының  гуілдеген 
қоңыр  үні  Қажымұрат  көңілінің  қимас  мұңын  шерткендей  бебеу  қағып  тынар  емес».  Автор  туған 
ауылына  жиырма  жылдан  соң  қайта  оралып,  сағына  табысып,  көңілін  жібітер  елі  барын,  артына 
аландатар  атамекені,  қара  орманы  барын  медет  етіп,  қимай  қоштасып  бара  жатқан  Қажымұраттың 
ала-құлаң көңілін, алабұрткан сезімін, ішкі  сезім буырқаныстарын  оны қоршаған табиғат  құбылыс-
тарымен  бірлікте  ала  отырып  жырлайды.  Сағыныш,  мұң  әрбір  адамға  тән  сезімдер  гаммасы — 
мылқау  Қажымұратқа  да  тән  екендігін  бар  бояуымен  ашып  көрсетеді.  Қаршадайынан  тағдырдың 
тауқыметіне  ұшыраған,  адасқан,  жол  іздеп  тарыққан,  қайта  табыскан,  бақытына  «қолы  жеткен» 
Қажымұрат  өмірінің,  тағдырының  терең  оймен,  өзіндік  пәл  сапасымен  берілуі,  адам  тағдыры, 
адамдар  арасындағы  теңсіздіктің,  оны  ішкі  иірімдері  мен  сыртқы  бітім  болмысынын  табиғат 
құбылыстарымен  егіздің  сыңарындай  өрілуі,  бас  кейіпкер  Қажымұрат  тағдыры  арқылы  адал,  таза 
еңбек  адамының,  қарапайым  жанның  бейнелеуі,  сол  арқылы  қоғамдағы  әділетсіздікке,  теңсіздікке, 
түрлі  кеселдерге  қарсы  мінез  көрсетуі,  адам  психологиясының,  жан  сезімінің  шебер  көрсетілуі, 
кейіпкерлер  тағдыры  арқылы  қоғамдағы  ірілі-ұсақты  кемшіліктердің  сыналуы,  адам  тағдырына 
немқұрайлыққа қарсы күрес, романдағы қилы тағдырлар, қилы характерлер арқылы тән жарасы бітсе 
де, жан жарасы бітпейтінін рухы биік, жүрегі таза адамдар арқылы шынайы суреттеуі, міне, осының 
бәрі — жазушы Қ. Ысқақовтың «Тұйық» романының басты бояуы, тоғысар арнасы. 
 

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал