Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/30
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

   
 
 
Дәрібайұлы С., 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
 доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
 
АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚИЯМЕТ КҮНІ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАР 
 
       Алланың  сүйген  құлының  қатарынан  көрінуді  армандаған    мұсылман – уа-л  йаумил  ахири-
фәнидің ең ақырғы күні болатынына сенеді. Қасиетті Кітапта  ақырет күні туралы көптеген аяттарда 
баяндалады және оған байланысты 
Қиямет 
 атты сүре де түскен.  Ақын-жыраулардың толғауларында 
бұл  күн  қиямет  күні,  таразы  күні,  ақырет  күні,  ақырзаман,  сират  күні,  Арасат  күні  деп  
айтылады.  Сол  секілді  ақырғы  күннің  қалай  болатыны  мен  оның  мезгілінің  жақындау  белгілерін 
Құран аяттарына сүйене отырып тәпсірлейді. «Ақырет күні - адамдар қабірлерінен тұрып, мына фәни 
дүниеде  істеген  амалдары  үшін  Аллаһ  Тағалаға  жауап  беретін  күн.  Ол  күні  Аллаһ  Тағаланың 
жарылқауына лайық болғандар жәннатқа барып, Аллаһ Тағаланың азабына лайық болғандар тозаққа 
душар болады». 
     Қасиетті Кітаптың 
Қиямет
 сүресінде бұл  күн туралы: «Адам баласы, біз сүйектерді жинай 
алмайды  деп  ойлай  ма? (3). Әрине,  оны  саусақтарының  ұшына  дейін  қайта  жасай  аламыз (4). 
Бірақ  адам  баласы  күнәні  жалғастыра  бергісі  келеді. (5) «Қиямет  күні  қашан  болады?» – деп 
сұрайды (6). Қашан көз шағылысқан (7), Ай тұтылған (8), Күн мен Ай бір араға келтірілген кезде 
.(9). Адамдар сол күн : «Қашар жер қайда?»,- дейді.(10). Жоқ, әсте пана жоқ.(11). Ол  күнгі  тұрақ 
-  Раббыңның  алды. (12).  деп  баяндалған.  Сол  секілді  Нәбә  сүреснің 17-28 аяттарында  да  осы  күні  
адамзат  баласының  Жаратушының  алдында  өз  істеріне  есепке  шақырылатыны  жөнінде : «Расында 
билік  күні , белгілі  болған    бір  мерзім.  Сүр  үрілген  күні,  топ-топ  келесіңдер.  Көктер  сетінеп 
есіктер пайда болады. Таулар жүргізіліп, сағым болады. Әлбетте тозақ күтіп тұрады. Олар онда 
салқындамайды  да  сусын  татпайды.  Азғындардың  барар  жері.  Олар  онда  ғасырларша  тұрады. 
Олар  онда  салқындамайды  да  сусын  татпайды.  Бірақ  қайнап  тұрған  су  және  ірің  ішеді. 
Қылмыстарына сай бір жаза. Өйткені олар, есепке тартылуды  ойламаған еді. Аяттарымызды 
мүлде жасынға шығарған еді»
 
делінген болатын.  
Шортанбай  Қанайұлы  да  қиямет  күнін  адамзат  баласының  Алла  алдында  жауапқа  тартылар  
уақыт  ретінде: 
Дүние деген осы ғой, 
Жалғыз маған ерді ме 
Не деп жауап береміз 
Қияметтің күнінде? –        
 
деп  көкірегінде  иман нұры  бар барша жұртқа сауал қояды. Ақын: 
Сөзім қалсын артымда, 

60 
 
Бір күн болар қиямет. 
Дұға қылып, қол жайғай 
Мұны естіген әлеумет,-     
 
деп ақырғы күннің Алла Тағаланың қалаған уақыты болатынын нақтылай  түссе, енді бірде: 
Сауысқан, ала қарға-құстың құлы, 
Басталар ақырзаман жылқы жылы,-  
 
деп қиямет күнінің  болатын мезгіліне болжам жасайды. Әрине, ақынның  ақырет күнінің  уақытын 
болжауы  діни тұрғыдан   қайшы.  Дін ғұламалары қиямет күнінің жақындауы мен өткен белгілерін 
Құран  аяттарына  немесе  Мұхаммед    (ғ.с)  хадистеріне  сүйене  отырып  баяндағанымен,  оның  нақты 
мерзімі    Аллаға  ғана  аян.  Дегенмен  ақынның  бұл  тұжырымын  қателік    деп  айту  қисынсыз,  себебі 
орыс  отаршылдығы  арқылы  келген  әлеуметтік  қайшылықтарды,  ұлттық  құндылықтарды  мансұқ  
еткен  озбыр  саясатты  ақырзаман  белігісі  ретінде  бағамдау  зар  заман  ақындарының  шығармашы-
лығына  тән.  Бұл  жөнінде  ғалым  Б.Омарұлы: «Зар  заман  поэзиясындағы  ақырзамандық  сарын  екі 
түрлі ыңғайда байқалады. Соның бірі - «заманақыр таянды, қауіп қатер жақындады» деп топшылау, 
екіншісі – «зауал келді, нәубет басқа түсті, демек ақырзаман дегеніміз осы» деген түйін. Алғашқысы 
болжал  өлеңдермен  сабақтас,  соңғысы - айналасындағы  құбылыстардан  жеріген  ақындық  көңіл 
күйдің  көрінісі»  деген  пікір  білдіреді.  Біз  де  ғалым  пікірін  қуаттай  отырып,  ақын-жыраулардың  
шариғаттың  шырқы  бұзылған  уақыттағы  ұрпақ  болашағына  деген  алаңдаушылығының    бекер 
болмағанын бағамдаймыз.    
  Қазақ әдебиетінің тарихында «кітаби ақындар» деген атпен танылған сөз зергерлерінің шығар-
маларында  қиямет  күніне  қатысты  тұжырымдар  нақты    Құран  аяттары  арқылы    тәпсірленген. 
Олардың  туындыларында    эмоциялық  көңіл  күйден  гөрі,  қиямет  күнінің  қандай  сипатта  болатыны 
басымырақ  сараланған.  Құрандағы:  «Қиямет  уақиғасы    болған  кезде, (1). Оның  болуын  өтірік 
деуші  болмас.(2). (Ол)  төмендетеді,  жоғарылатады.(3).  Сол  уақытта  жер  тұтас  сілкін-
діріледі.(4).  Таулар  мүлде  үгітіледі.(5);  Ұшқан  тозаңдай  болады.(6)» (Уақиға  сүресі);  «Әй,  адам 
баласы!  Раббыларыңнан  қорқыңдар.  Расында  қияметтің  сілкінісі  үлкен  нәрсе. (1); Ол  күні,  әр 
емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды 
мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты. (2) (Хаж сүресі)
 
деген 
аяттарды  тәпсірлеген  ақын-шайырлар  ақырет  күніне    азапқа  душар  етпейтін  амалдармен  баруға 
үндейді.  Пікіріміз    дәлелді  болу  үшін  Қарасақал  Ерімбет  пен    Шораяқтың  Омарынан  жеткен    жыр 
жолдарына назар аударайық: 
 
Жел тұрып жұма күні Құбыладан, 
Бір дауыл соғады бетке жан қаратпай! 
Суырып сұрапылың тартқанында, 
Тас бұршақ, домаланады, тау қаңбақтай! 
Теп – тегіс дүниенің болар жүзі, 
Төселген там секілді, бейне тақтай 
Жұмыртқа Мағрұптан көрінеді, 
Қарасаң, жерде отырып  Мәшрүпте-ай. 
Адамзат көріп сондай түрлі аламат, 
Күн кешер өлмеген құл жылап-сықтай. 
Күн келіп Көктің бергі қабатына, 
Болады жер қызуы жанған шоқтай... 
Айрылады ұл атадан, қыз анадан, 
Туысқан бір-бірінге жақын-жаттай. 
Ғиссияны тірлікте етушінің, 
Өзгереді формалары хайуанатқа-ай. 
                                                              Қарасақал Ерімбет 
Арасы екі дүниенің бір-ақ қадам. 
Сан ұрмай қапыл пәнда, қамыңды ет. 
Арасат майданында бір үлкен той, 
Қайнатқан жүрегіңді запыран-дерт. 
Пішайман сонда ішке түссе керек,  
Жаһаннан жаныңды алад лаулаған өрт.  

61 
 
Таразы Машһар күні құрылады,  
Тартады кімдер қайғы, кімдер қасірет.  
                                                     Шораяқтың  Омары   
Жоғарыдағы жыр шумақтарында Ерімбет Көлдейбекұлы мен Шораяқтың Омары  қиямет күнінің 
нақты белгілеріне және  жұма күні болатынына тоқталады. Бұл да Құранмен дәлелденген шындық. 
Мәшһүр  Жүсіп  пен  дамолла  Тұрмағамбеттен    мұра  болған  жыр  жолдарында  қияметтің  қыл 
көпіріндегі пенденің жай күйі, адамзаттың  ахуалы  қандай болмақ деген сауалға жауап беріледі: 
Ол күні пайда берме аһыл, ғаялың, 
Жинаған мехнат етіп дүние малың. 
Құлшылық, ғибадаттан пайда болар, 
Егер де кәміл болса дін иманың.    
                                                     Мәшһүр  Жүсіп    
Өлшейтін еткен ісіңді, 
Таңдағы күн Тәңірінің, 
Таразы сынды тасы бар. 
Еткенін егін сияқты, 
Орнына барар тасылар,-      
                                                    Тұрмағамбет  Ізтілеуов  
 
Қиямет  күні  адамзат  баласы  тірліктегі  істері  үшін  сұралады.  Аллаға  әр  ісі  аян  пенденің  жауап 
бергеннен  кейінгі  сәті  сират  көпірі  арқылы  бейнеленген.  Осы  көпірден  құламай  өтуі,  таразыда 
сауапты  істерінің  салмақты  болуы    оның  пәни  дүниедегі  амалдарына  байланысты.  Бұл  жерден 
пенденің  мәңгілік  мекені    белгіленеді.  Яғни, «Сират  көпірі – тозақтың  үстіндегі  жол.  Есеп  бітіп, 
амалдар таразыға салынғаннан соң барлық адам сираттан өту сынағына салынады». Жарық дүниеде 
жинаған сауапты істері мен күнәләрінің таразыға тартылар  сәтін  Қашаған  ақын да: 
Басқа түссе – амал жоқ, 
Көтерер жүкті адамға-ай. 
Бақилық жолға барғанда 
Жақсы мен жаман теңелер- 
Сираттың жолы қадамды- ай,-  
деген  жыр  жолдарымен  сипаттайды.  ХІХ  ғасырда  өзіндік  өлең  өрнегімен  танылған  Түбек 
ақынның Бұғыбаймен қоштаса отырып:  
Қияметте Бұғыбай жолығайық 
Жолдас болсын  иманың, жат саламат,-   
 
деуі де сынақ  күні өлілердің тіріліп, Алла алдындағы үлкен сынаққа барарын меңзеп тұр.  Пенденің 
жалған  дүниеде  істеген  ісі  мен  ниеті  таразыға  тартылатын  сәтті  Құранның  көптеген  аяттары  түсін-
діреді.  Мысалы,  
Фуссиләт 
сүресінің 19-22 аяттарында  «Сол  күні  Алланың  дұшпандары  тозаққа 
айдалуға  жиналып,  сонда  олар  алды-артын  тосады.  Ақыр  олар  оған  барған  кезде  оларға 
құлақтары,  көздері  және  терілері  олардың  не  істегендеріне  айғақ  болады.  Олар  терілеріне:«Не 
үшін бізге куә болдыңдар?»-дейді.( Терілері):«Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті; сендерді 
алғаш  рет  жаратқан  және  Сол  жаққа  қайтарыласыңдар»  деп  жауап  береді.  Сендер  өздеріңе 
құлақтарың,  көздерің  және  терілерің  айғақ  болады  деп  жасырынбаушы  едіңдер.  Тіпті  Алла  
істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер»
  
делінген.     
Қиямет  күнінің  жақындауының  үлкен  және  кіші  белгілері  қасиетті  Құран  мен  Алланың  сүйген 
құлы  Мұхаммед  (ғ.с.)  пайғамбарымыздың  хадистерінде  баяндалған.  Оның      белгілері    адамзат 
баласының  ар-иманнан  алыстаған  шағынан  бастау  алатындығы  туралы  тұжырымдар  зар  заман 
ақындарының шығармаларында  арнайы тақырып деңгейіне көтерілгенін жоғарыда айтқан болатын-
быз.  Мысалы,  Ыбырай  Алтынсарин    кішінің  үлкеннің,  баланың    ананың    бетінен  алар  жағдайына  
шошына қарайды:           
Бала, бала, бала деп, 
Түнде шошып оянған, 
Түн ұйқысын төрт бөліп, 
Түнде бесік таянған, 
Аялы қолда талпынтқан, 
Суық болса жөргектеп, 
Қорғасын оқтай балқытқан, 

62 
 
Айналасына ас қойып, 
Айдынды көлдей шалқытқан, 
Қолын қатты тигізбей, 
Кірлі көйлек кигізбей, 
Иісін жұпар аңқытқан, 
Сондай сорлы анаға 
Қыз қышқырса керек-ті.                                                                                
 
Пенде  үшін  қияметтің  алғашқы  белгісі  ақырғы  демі  таусылып,  қабірге  түскен    уақытынан 
басталады.  Әзірейіл  періште  Алла  әмірімен  адам  жанын  алғаннан  кейінгі  хал-ахуал - пенде 
басындағы қияметтің алғашқы белгісі. Яғни, өлім -  адамнан жанның шығуы ғана емес, тіршіліктегі 
амал-әрекетіңнің таразыға салынар сәтінің  алғашқы баспалдағы. Қабір азабына түсіретін де, қабірді 
нұрландыратын да пенденің өлімге дейінгі амал-әрекеті.  
Өлім - өмірдің соңы емес. Оны ақын - жыраулар да жоққа шығармайды. Тіршілік иесінің тағдыры 
оны сыйлаған  Жаратушының ғана құзырында. Бейопа дүниеде бірінен бірі ақыл-парасатымен ғана 
емес, байлығымен, мансап - дәрежесімен ерекшеленетін пенделердің теңелер тұсы да өліммен бірге 
келеді.  Жаратушы  сыйлаған  нығметтерден  ғибрат  алып,  тәубеге  келе  алмаған  көп  пендені  бір  сәт 
сабасына түсіретін сәт те - өлім.  
Орақ  тілді  Орынбай  ақын    адамзат  баласының    теңелер  тұсы  тағдыр  мойынға  түсіп,  өлім  кеген  
күні-ақ басталатынын  аңғартады. Ақын  арғы әлемнің есігін ашқан пенделер үшін  жалған дүниедегі  
мансапбы мен байлығы емес, жасаған сауапты ісі мен  иманы ғана жолдас боларын меңзейді.  
 
Өлген соң, бай мен жарлы мал демейді, 
Мынаны бер, мынаны ал демейді. 
Басына бай кісі өлсе, жастық тастап, 
Астына қалың көрпе сал демейді. 
 
Жарлыны, кәне, байдан кем көргені, 
Бетіне бірдей қылып өң бергені. 
Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап, 
Құдайдың осы емес пе тең көргені,-
   
 
деген жыр жолдарында  жоғарыда айтылған ойлармен бірге  ақынның  әлеуметтік теңсіздікке деген  
ішкі наразылығы, ащы мысқылы да көрініс тапқан. 
ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі  Құлтума Сармұратұлы  да қияметке 
дейінгі адамзат баласының бақилық мекені топырақ екенін мысалға ала отырып, Алла қалаған күні 
ғаламның бәрі өзгереріне терең мән беруге шақырады: 
 
Болса да өзге өтірік, өлім рас, 
Бұрынғы өткендерден қалған мирас. 
Ғаламның он сегіз мың бәрі өзгеріп, 
Бұл дүние болар бір күн жоқ жым-жылас.    
                                                                                                     
Қолынан жақыныңнын келгені сол – 
Жер қазып көміп тастар көсілдіріп. 
Бай бармас жанға тыныш жорғасымен, 
Жан бармас жалғандағы жолдасымен. 
Біреуге біреу қамқор қылмақ түгіл, 
Болады әркім әлек өз басымен.                                                                                                                          
Сыр бойында  дүр Оңғар атанып, ел ықыласына бөленген ақынның артында қалған кесек сөздері 
де  иманды ұрпақ  туралы баяндайды. Жырау  өсиет термелерінде әрбір істің басы мен соңы боларын,  
адам баласының дүние қызығына алданбай, «ақырет күніне нені алып барам?»  деген сауалды жүрек 
түкпірінен шығармау керектігін әр сәт  жамағат назарына ұсынып отырады.  Дүние - жалған, иман - 
азық. Жырау төмендегі толғауында осыны меңзейді: 
Алқалап келген әлеумет, 
Сөзіме болса әуесің 
Баһарда дарақ гүлдесе 

63 
 
Бұтаққа шашар мәуесін. 
Жасанған жауға кездессе, 
Батырлар тартар жебесін. 
Жаратқан өзі жар болса 
Жарадан сақтар денесін. 
Егеулі болат, көк темір, 
Сауыттың сөгер көбесін. 
Ажалға етер амал жоқ, 
Таусылса демің өлесің.    
                                                                                                         
Қазақ  поэзиясында  өзіндік  қолтаңбасымен  ерекшеленген  Шәңгерей    Бөкеев  пәни  дүние  адам 
баласының бес күндік қонақ болар мекені ғана екенін ескерте отырып, ақырет күні адамға  жинаған 
малы емес, иманы  азық боларына  философиялық тұжырым жасайды:
 
Қиямет, мақшар таң туса, 
Өзім қайта «мен» болып, 
Мен болармын қайтадан. 
Қайтадан жаным – қайта адам. 
«Бұл сөзің қалай?» десеңіз, 
Әуелінде бар болып, 
Ақырында жоқ болмақ – 
Шариғатқа қилап заң. 
«Мизан», «сират» құрулы, 
Өзіңе аян, бір Алла, 
Ілгері басар әр қадам.                                                                                                                          
Өткінші  дүниеде  мәңгілік  ешнәрсе  жоқ.  Мәңгілік - бір  Алла  ғана.  Пенденің    пәнидегі    амал-
тірлігіне  Алла  ғана  төреші.  Өмірдің  соңы  өлім  екені  аян  болса,  осы  басы  мен  соңы  бар  тіршілікте 
Аллаға  жақындатар амал – сабыр.  Алладан медет тілеп, елдің сөзін сөйлер ерлерге  тәтті тірліктің 
кермек  дәмі  боларын  баян  еткен  Наурызбек  жырау  «Ал,  жігіттер,  құлақ  сал»  толғауында  осы 
жағдайды  төмендегіше төгілтеді: 
 
Құбылып тұрған күнде өлер 
Түнеріп тұрған түн де өлер 
Ағып та жатқан су да өлер. 
Ұшып та жүрген қу да өлер
Қысырдың қызыл тайындай  
Қылымсып өскен қыз да өлер 
Тыңдауы дұрыс болмаған 
Айтылған алтын сөз де өлер. 
Күн өлгеннің белгісі 
Қызарып күннің батқаны 
Түн өлгеннің белгісі 
Сарғайып таңның атқаны...                                                                                                        
Жоғарыдағы мысалдарды түйіндей келе   қазақ әдебиетінің тарихында «молда ақындар», «кітаби 
ақындар» деп аталған  сөз зергерлерінің  қиямет күні туралы тұжырымдары нақты Құран аяттарынан 
негізделгенін аңғарамыз. Сөз зергерлері адамзат баласының  қиямет күнінен кейінгі мәңгілік мекені 
болар жұмақ пен тозақ туралы да мол мәліметтер береді. Ақын-жыраулар  әсіресе  ақырет азабынан 
ада болған пенделерге  жұмақ есіктерінің  айқара ашылатынын да ерекше шабытпен баян еткен.  
 
 
 
 
 
 
 
 
                                        
                                                                                      

64 
 
  Әмір  Жалбағай  
Қытай Халық Республикасы, профессор 
            
Толқын Рамазан  
Қытай Халық Республикасы 
 
ЖЫР ДҮЛДІЛІ 
 
Ли Байдың аты аталса, «жыр дүлділі», «шарап жыры», «романтик», «айбын-ды» анықтауыштары-
ның  оқырмандар  ойына  оралары  айдан  анық.  Ал  нағыз  Ли  Бай  біздің  межемізден  қаншалықты  қа-
шықта? Дәстүрлі баяндауларда Ли Бай ашық, жайдары, реал ортадан аттап өтіп, еркін самғаған ақын. 
Төрелер  мен  тоғышарлардың  қақпақылы  мен  келекесі  оның  бейнесіне  көлеңке  түсіре  алған  жоқ, 
қайта жыр дүлдүлінің таңғажайып өміріне онан әрмен тылсымдық реңк берді. 
Ли Байдың туған жері туралы зерттеулер жүргізген қаламгерлердің тұспалдары ежелден бір жерге 
тоғысып, нақты тиянақ таппаған еді. Солардың ішінде өкілдік сипаттысы екеу. Оның бірі – Сычуан 
өлкесіндегі Жяңиұ қаласы, енді бірі – Орта Азиядағы Суяп  қаласы. Қазір қаламгерлер түгел дерлік  
Ли  Байдың  туған  жері  Суяп  қаласы,  бұл  қала  қазір  Қытай  шекарасының  ішінде  емес,  Қырғызстан 
Республикасының астанасы – Бішкектің шығысындағы Тоқмақ қаласының маңында, қазір сол жерде 
Суяп қаласының көне жұрты бар деген ортақ тоқтамға келді. 
Ли Бай 701 жылы осы Суяп қаласында түрік отбасында дүниеге келеді. Әкесі мен шешесі ұлына Тайбай 
деп, ал Тайбайдан кейін туылған қызына Толғанай деп ат қояды. 
Тайбайдың түрікше ат екендігі әркімге аян. Ежелгі түріктерде баласы есейіп, ержеткенде «малды, 
бай  болсын»  деп  тілеу  тілеп,  малдың  жас  тұқымын  атайтын  атауының  соңына  «бай»  қосымшасын 
қосып  ат  қою  дәстүрі  болған.  Ал  балаға  ат  қоюдағы  осы  салт  қазақтарда  қазірге  дейін  сақталған, 
айтар  болсақ,  ұл  балаларға  Тайбай,  Құнанбай,  Дөненбай,  Ботабай,  Тайлақбай,  Қозыбай,  ал  қыз 
балаларға  Толғанай,  Айтолқын,  Әйгерім,  Айсұлу,  Күншуақ,  Күнсұлу,  Шолпан  деп  аспан  шырақта-
рына  балап  ат  қою  жиі  кездеседі.  Бәлкім,  сол  кездегі  қазақтардың  наным-сенім  Һәм  эстетикалық 
талғамына қатысты болса керек. 
Суяп қаласы тарихта Батыс түрік қағанатының (603-704 жылдар) астанасы және қағанның қысқы 
ордасы  болғанын  тарихтан  білеміз.  Кейіннен  Батыс  түрік  қағанаты  құлап,  түркеш  қағанаты 
құрылғанда (704-756 жылдар) қағанаттың батыс астанасы болған. 
706  жылы  шілде  айында  Тайбайдың  әке-шешесі  бала-шағасын  ертіп,  Суяп  қаласынан  аттанып, 
Жяухы қалашығына келіп сауда жасайды. Шілденің шыжыған ыстығына  шыдамаған Тайбайдың үй 
іші ауа райы салқындау тәңір таудың (Тянь-Шаньның) терістігіндегі Лұнтай қалашығына келіп, бір 
мезгіл  аялдап,  сауда-саттық  ісімен  айналысады.  Кейбір  зерттеушілер  қазіргі  Үрімжі  қаласының 
түстігіндегі  Ұланбай  көлінің  маңындағы  көне  тамдар  қирандысын  осы  Лұнтай  қалашығының  көне 
орны (жұрты) деп атап жүр. 
Ал  хан  патшалығы  дәуіріндегі  жазбаларда  сипаталатын  Лұнтай  қалашығы  тәңір  таудың  түсті-
гіндегі қазіргі Бұгұр ауданы деседі. 
Салқын  түсе  Тайбайдың  үй  іші  шығысты  бетке алып, Тянь-Шаньды бойлап, Гансу  өңіріне  өтіп, 
Лұңши (қазіргі Тян Шұй қаласының маңы) қаласына келіп аялдайды. Тайбайдың әкесі жол-жөнекей 
сауда жасап, пұл табуды да ұмытпайды. Белгілі бір мезгілден кейін Тайбайдың әкесі жанұясын, бала-
шағасын  бастап  Лұң-шиден  Сычуан  өлкесінің  Чаң  Миң  (қазіргі  Жяң  Иұ)  ауданындағы  Чиңлян 
ауылына келіп қоныстанады. 
Тайбайдың үй іші Таң патшалығының территориясына кіріп қоныстанған кезде, Тайбай бес жаста 
болатын, яғни түрікше тілі толық шығып болған кез. 
Тайбайлар келіп қоныстанған елдің тілі де, ділі де бөлек жат ел еді. Таң импе-риясының мемлекет 
тілі – хан  (қытай)  тілі.  Патшалықтың  қолданған  жазуы – хан  ұлтының  ұзақ  тарих  бойында  қалып-
тасқан  жазуы.  Осыны  байқаған  әкесі  алдымен  Тайбайды  және  кейіннен  жасы  толған  кезде  қызы 
Толғанайды хан тілі мен жазуын үйрену үшін мектепке береді. 
Тайбайдың  өзіне  жүгінсек: «Бес  жасымда  қытай  жазуының  «әліпбиін»  үйреніп,  жаттадым,  он 
жасымда данышпан, ғұлама ғалым, абыздардың аттарын естідім, он бес жасымда таңғажайып кітап-
тарды көре бастадым», – дейді. 
Он жасында Қытай тарихында өткен ғұлама ғалымдар, данышпан-даналардың атын ести бастайды. 
Он  бес  жасында  Кұңзы  өкілдік  еткен  тағлымшылдардың  классикалық  шығармаларын,  ерте  заманғы 
қытай  әдебиет  тарихын,  басқа  да  данышпан  даналардың  кітаптарын  оқып  көргендігін  үйрене  бас-
тағандығын ауызға алады. 

65 
 
Тайбай  он  бес  жасқа  толғанда,  әкесі  оны  сайыс  шеберін  жалдап,  Хан  ұлтының  сайыс  өнері 
қылышкерлік  пен  жұдырықкерлікті  үйретеді.  Үйрене  келе,  өнері  үстем  сайыскер  болады.  Тайбай 
жігіт  жасына  жетіп,  жалғыз  өзі  жат  жұртты  аралаған  кезде,  тап  берген  ұры-қары,  бұлаңшыларды 
ұрып жығып, жер қаптырған кездері де болған. Бұдан сырт, Тайбай құралайды көзден ататын мерген 
болған.  Бәлкім  бұл  өнерді  әкесі  үйреткен  болса  керек.  Өйткені  көшпенділер  балаларды  кішкен-
тайынан  садақпен  тышқан,  құс  атуға  жаттықтыратын.  Бұл  бәлкім  сол  бір  жаугершілік  заманның 
қажетінен әдетке айналған болса керек. Осылайша Тайбай қаламды да, қаруды да қатар игереді. 
Тайбайдың үй іші бай, мәдениетті отбасы болып есептеледі. Тайбай  да ержете келе әкесінің сауда 
істеріне араласа бастайды. Аңсау мен сағыныштың аңсары болар, Тайбай туған жерін көріп қайтуға 
бекінеді. Әке-шешесі қолдап, жібек, торғын-торқа сияқты әртүрлі қолөнер бұйымдарын дайындайды. 
Тайбай сауда жасау сылтауымен қасына нағашы ағасы Лижұң мен малайы Дансаны ертіп, 719 жылы 
көктемде қылышын тағынып, садағын асынып, Чиңлян ауылынан Батыс терістікті бетке алып, жолға 
шығады.  Тәңір  тауға  жетеді.  Тайбай  Тәңір  таудың  Орта  Азиядағы  бір  сілемінің  бөктеріндегі  Суяп 
қаласында дүниеге келгенін жоғарыда айттық. Тәңір тау ата-бабасының жаз жайлауы, қыс қыстауы, 
жер жаннаты, кіндік қаны тамған жері, сол үшін оның жүрегіне Тәңір тауға деген махаббат осы бір 
балғын шағында-ақ терең ұялаған. Осы сапарында Тайбай тәңір тау өңірін, ел ішін бір жаз аралайды. 
Тәңір таудың жазғы табиғаты, көркем көрінісі туған жеріне деген құштарлығын оятады. Тәңір таудан 
көтерілген жарық ай ақынның сезім әлемін тебірентіп, туған жерге деген сүйспеншілік отын онан әрі 
маздата түседі. Шабыты шарық ұрып, тәңір тауға арнап өлең жазады. 
Күзде  тәңір  таудың  Терістік  етегіндегі  Лұнтай  қалашығына  (қазіргі  Ұланбайдағы  көнеқорған 
қирандысы  осы  Лұнтай  қалашығы  деседі)  келіп  аялдайды.  Лұнтайда  қысқада  кегі,  ұзында  өші  бар 
адамдарға  (бәлкім  Тайбайдың  әкесіне  өш  біреулер  болса  керек)  кез  болып,  қылыш  суырысады. 
Қапелімде қарсылас жақтың улы қылышының жүзі Тайбайдың денесіне тиеді. Серіктері оны Тиңжоу 
қаласына жеткізеді. Дәрігер Жәң Дайжаудың ем-домының арқасында ол аман қалады. 
Тайбай «Тиңжоу («Бейтің-беспалық» деп те аталады. Көне жұрты Жемсары ауданының маңында) 
қаласында тұрғанда көрген-білгендерім» атты естелігінде: «Тиңжоудың тарихы ұзақ, жері құнарлы, 
суы мол, шөбі шүйгін, өте ертеде кәсилердің мемлекет орталығы болып, Кимман қаласы деп аталған. 
Батыс  түрік  қағанаты  дәуірінде  Фұту  қаласы  деп  аталған  қорғанның  биіктігі  үш-төрт  саржан 
шамасында, айналасы бес шақырымнан асады. Қорғанның іші-сыртында бірнеше он мың тұрғын бар, 
қорғанның  ішінде  Таң  патшалығының  әкімдік  мекемесі  орналасқан,  мыңнан  астам  шерік  тұрады. 
Қорғанның  Батысында  үлкен  будда  ғибадатханасы  бар,  құрылысы  әсем,  бірнеше  жүз  будда  сағма-
ларының шуылдап сиынып отырғанын көресің» деп жазады. 
Тайбай  Тиңжоуда  әкесінің  саудагер  досы  Уаң  Иұануаймен  кездеседі.  Уаң  Иұнуай  қуана  қарсы 
алады.  Тайбайды  қорғанның  түстігіндегі  Даужау  ғибадатханасына  апарады.  Даужау – Қытайдағы 
діни  ағымдардың  бірі.  Тайбай  даужау  дінінің  мүриті.  Ғибадатханаға  барып,  мінәжат  қылуы  табиғи 
заңдылық. 
Уаң Иұәнуай ғибадатханада дарбыз, қауын, жүзім және басқа тағамдарды әкеп, Тайбаймен бірге 
күзгі  қыркүйек  айындағы  балкүлше  мерекесін  тойлайды.  Тайбай  көпшіліктің  көңілін  көтеру  үшін 
«бекініс және асқар таудағы ай» атты мына өлеңін жазады: 
«Тәңір таудан жарқырап шығып, толған ай, 
Бұлт теңізі арасынан жүзер баяу тоқтамай. 
Қуалай соққан қоңыр жел, 
Иұймынгуанды өтпесін желпіп бір қалай». 
Кейбір  қаламгерлер: «Ли  Байдың  ұлына  Айнұр  деп  ат  қоюы,  тәңір  таудағы  айға  болған  терең 
махаббатын әйгілейді», – дейді. 
Түнде  қонақасынан  жатар  орынға  келген  ақынның  көңілі  алабұртып,  көпке  дейін  ұйықтай 
алмайды. Мереке-мейрамдарда ел-жұрт еске түсіп, туған жерге деген сағыныш, өшпес махаббаттың 
оты  тұтанары  сөзсіз.  Сол  түні  шабыты  шалқыған  ақын  «жым-жырт  түндегі  сағыныш»  атты  мына 
өлеңін жазады. 
Төсекке түскен ай нұры, 
Бозқырау құсап көрінді, 
Көтердім басты, ай көрдім, 
Еңкейген едім, сағындым туған жерімді. 
Бір күні ат арбаға отырып, қорған ішін шолып көруге келеді. Алдымен қорғанның сыртындағы ат 
арбалар тұратын жерге тоқтайды. Үлкенді-кішілі адамдар арбадан түсіп, қорғанға кірер қақпаға қарай 
бет  алады.  Ақын  үлкендерге  еріп  базар  аралайды,  жібек  және  басқа  да  тұтыну  бұйымдарын 
саудалайды. Қорған ішіне кірісімен, Батыс өңір шарабының иісі бұрқ ете қалады. Содан базар аралап 

66 
 
келе  жатып,  шарап  дүкенінде  бір  адамның  құлудың  (қабақ)  аузын  ашып,  шарап  ішіп  отырғанын 
көріп,  дүкенге  кіреді  де,  құлуды  құшақтап  ала  қашады.  Ішінде  бес  килограмнан  астам  шарап  бар 
құлуды көтере алмай жығылады, құлу жарылады. Шарап иісі көшені алады... Бұл ақынның өзі жазып 
қалдырған  естелігі.  Тарихи  деректерге  қарағанда,  Тиңжоу  тұрғындары  Батыс  түріктің  он  оқ 
тайпасының  бірі  Чұиұ  тайпасы  деседі.  Күзгі  мезгіл,  қыркүйек  айы  суық  түсе  бастайды,  Тиңжоуға 
келгеніне 15 күн  болғанда,  ақын  Сычуанға  қарай  жолға  шығады. («Шинжяң  орталық  газетінен» 
алынды, 2009 жыл, 28 ақпан.) 
Тайбайдың  әкесіне  келсек,  не  себептен  Сычуан  өлкесінің  бір  шеткері  таулы  қыстағына  келіп 
қоныстанып, ірге тауып қалды? Неліктен түрікше аты-жөнін жасырған? 
«Қытай әдебиетшілер тарихы» атты кітапта Ли Байды таныстырғанда: «Ли Байдың әкесінің атын 
анықтау  өте  қиын,  қандай  адам  екендігі  де  анық  емес.  Кейбіреулер  әкім  екен  десе,  енді  біреулер 
саудагер, кейбіреулер батыр, тағы біреулер жасырынып жүрген біреу екен деседі. Біздің білетініміз 
жергілікті  адамдардың  оны  «Ли  қонақ»  деп  атағандығы  ғана»  деп  жазады.  Мұндағы  «Ли»  Таң 
патшаларының  фамилиясы.  Жасырынып  жүргендіктен,  елдің  көзін  көлегейлеп,  фамилиямыз  «Ли» 
дей салуы да мүмкін. 
Чаңжяң дариясы өңіріндегі Шуаншижы қатарлы аймақтардың орда тағайындаған бақылаушысы Фан 
Чұанжыңның  әкесі  Фан  Лұнның  жазып  кеткен  өлеңдер  жинағын  ақтарып  отырып,  әкесінің  Шұнияң 
қаласында Ли Баймен бірге шарап ішкені жайлы жазған өлеңіне көзі түседі. Фан Чұанжың әкесімен дос 
болған  осы  бір  поэзия  алыбының  аруағы  разы  болардай  бірер  іс  істеуді  парыз  санап,  Ли  Байдың 
ұрпақтарын  іздейді.  Төрт  жыл  іздеп  Анхұйдың  Даңтұ  ауданынан  Ли  Байдың  екі  немере  қызын  тауып, 
әңгімелеседі.  Олар: «Әкеміз  Айнұр  шала  сауатты  диқан  болған, 792 жылы  дүниеден  озды.  Екеуіміз  де 
кедей диқанға тұрмысқа шықтық, жібек құртын өсіріп күн көреміз, жалғыз ағамыз бар еді, он екі жыл 
болды, үйден шығып кеткен, содан қайтып оралмады. Қайда кеткенін, қай жерде жүргенін білмейміз», – 
дейді. 
Әпеке-сіңілі екеуінің тұрмыс жағдайының нашарлығын естіген Фан Чуанжың қатты ашынады. Ол 
Ли  Байдың  қабіріне  жаңадан  құлпытас  орнатпақшы  болып,  екі  немере  қызына  атасының  ата  тегіне 
қатысты жазба дерек беруін талап етеді. Екеуі әкесі жазып кеткен бірнеше бет қағазды береді. Фан 
Чұанжың екеуінен қандай талаптары барлығын сұрайды. Екеуі:«Атамыз көзі тірісінде «мені өлгенде 
Чиңсан тауына қойыңдар» деген екен, оған әкеміздің жағдайы келмепті, сіз атамның қабірін Чиңсан 
тауына көшіруге көмектессеңіз» – дейді. 
817  жылы  қаңтарда  Фан  Чұанжың  екі  немере  қызының  талабы  бойынша  Даңтұ  ауданындағы 
Лұңсан  тауындағы  Ли  Байдың  қабірін  Чиңсан  тауының  етегіне  көшіреді.  Жаңадан  құлыптас 
орнатады  әрі  оларды  алман-салық,  ақысыз  еңбек  істеуден  азат  етіп,  тұрмыс  жағдайын  жақсартуға 
көмектеседі. 
Фан Чұанжың Ли Байға орнатқан жаңа құлпытасқа жазған арнау сөзінде: «Ли Байдың әкесі өзіне 
жауласқандардың  кек  алуынан  бас  сауғалап  Сычуанға  келіп  жасырынған.  Сойқан  шығудан 
жасқанып, Мянжоу аймағының Чаңлұң ауданындағы Чиңлян ауылына келіп бас сауғалайды. Мәнсап 
талап  етпеген,  жасырынып  жүргендіктен,  өзінің  аты-жөнін  де  жария  етпеген.  Тек  жергілікті 
тұрғындардың оны «қонақ» деп атағанын ғана білеміз, өйткені олар үшін ол шынымен қонақ еді» – 
дейді.  Бұдан  Ли  Байдың  әкесі  есімін  айтпағандығы  және  ақын  да  әкесінің  атын  айтпай  кеткендігін 
көруге болады. 
Ли  Бай: «Қытай  тарихында  өткен  Ляң  Уаңы  Ли  Хаудың  тоғызыншы  ұрпағымын  әрі  Таң 
патшылығының  патшаларымен  тегіміз  бір  туыспыз» – дейді.  Өйткені  Таң  патшалығын  құрған  Ли 
Юан Ляң Уаң Ли Хаудың (351-417) жетінші ұрпағымын дейді, сонда Ли Шымын сегізінші ұрпағы, ал 
Ли Лұңжи он бірінші ұрпағы болады. Бұлай болғанда Ли Лұңжы Ли Байға немере болып келеді. 
Бірақ  Ли  Бай  Ли  Хаудан  өзіне  дейінгі  тоғыз  ұрпақтың  атын  атап,  түсін  түстеп  әрі  патша 
әулеттерімен заңдық туыстық байланысы бар шежірелік деректі материал бере алмағандықтан, патша 
әулеттерінің  шежіресіне  кіре алмайды. Расында, «жаңа  таң  кітабы, патша әулеттері шежіресі»  атты 
кітапқа Ли Байдың есімі енгізілмеді, бұдан  Ли Байдың тегі хан (қытай) ұлты дегенге күмән туады. 
Содан  кейбір    Ли  Байтанушылар    оны  індете  зерттеп,  Ли  Байдың  тегі  туралы  басқаша  көзқарас-
пайымды алға тартады. 
Тайбайдың әке-шешесі қызы Толғанайды да хан (қытай) тіліндегі мектепке оқуға береді. Өсіп-ержете 
келе  Толғанай  білімді,  ақылды,  іскерлігімен  ел  құрметіне  бөленеді.  Содан  болар,  қазірде  Чиңлян 
қалашығының  бір  қыстағының  аты  Толғанайдың  хан  тіліндегі  атымен  «Чиңлян  қалашығы  Иұеюан 
қыстағы» деп аталады. 
Толғанай  ағасының  өлеңдерін  жинап  баспадан  шығарады,  бұл  қыстақта  қазірде  ақын  мұралары 
сақтаулы. 

67 
 
Толғанайға  хан  тілінде  Иұеюан  деп  ат  қойған  Ли  Бай  секілді.  Өйткені  Ли  Бай  «айды»  өзіне, 
қарындасына,  табынатын  әулие-әнбиеге,  онан  соң  хас  сұлуларға  қарата  қолданған.  Осы  қыстақта 
Толғанайға орнатылған ескерткіш қазір де бар, қабірі де осы қыстақта. 
1962 жылы тамыз айындағы «Гуаңмиң рыбау» газетінде жарияланған бір деректе: «Чаңмиң ауданы 
сол дәуірде тұз, темір өндірілетін елге әйгілі аудан болып,  Ли Бай әкесімен бірге тұз, темір саудасымен 
шұғылданады.  Кейіннен  Ли  Бай  сауда  тижараты  себебінен  ұзақ  мезгіл  күміс,  мыс  өндірілетін  Анхұй 
өлкесінің  Чюпу  деген  жерінде  тұрады.  Ли  Бай  мыс,  темір  сауда  тижаратымен  айналысу  барысында 
мыс,  темір  қорыту  технологиясын  да  жете  игереді.  Ли  Байдың  бұл  өнері  өлеңдерінде  көрініс  тапқан. 
Бұл оның сауда тижараты өмірінің өлеңдеріндегі аңысы» деп жазады. 
Таң дәуірінде оқыған зиялылардың өздерінің қоғамдағы орнын көтеруде ең маңызды санайтын-
дарының  бірі – жар  таңдай  білу.  Егер  таңдаған  жарың  қара-көктің  тұқымы,  текті  атаның  ұрпағы 
болса, онда саяси тұрғыдағы болашағыңа жол ашылары хақ. Екіншісі – мансап. 
Мансап  алу  үшін  орда  сынақтарына  қатынасу,  сыннан  өту  керек.  Емтиханнан  өткендерді  орда 
әкімияты  әр  дәрежелі  мансапқа  тағайындайды.  Бұдан  өзге  бай,  феодал,  ақсүйектер  орда  емтиханнан 
өткендерден  қызына  күйеу  таңдайды.  Бағың  жанса,  қалың  малсыз  қайын  жұрт,  үлде  мен  бүлдеге 
оранған ару өзі-ақ әзір болады. 
Орда  әкімиятының  заң-түзімінде  саудагердің  баласы  орда  емтиханына  қатынасуға  тиым 
салынған. Мүбәдә, ерекше талантты, дарынды болса, басқалар тарапынан мансапқа ұсынылса болады 
деген белгілемесі де бар. 
Ли  Бай  ауқатты  саудагердің  баласы,  керек  десеңіз,  өзі  де  саудагер.  Ақын  талантын  дүйім  жұрт 
мойындайды.  Бірақ  ешкім  ордаға  мансап  беруге  ұсынбайды.  Ауылдан  үміт  үзген  ақын  қырда  қаң-
бақтың далдасында тасаланып, күнделікті күйкі тірліктің күйттеуінен шыға алмай, байлыққа маста-
нып, жастықты жастанып күн өткізгенше, ел аралап, жұрт танып, өз талант-дарынымды әлемге әйгі-
леп, қабілет-қарымымды көпке танытайын деген ойға келеді. 
Осы ойдың жетегімен ақын қылышын асынып, Сычуанды кесіп өтіп, Чұңчиңге келіп, 724 жылы 
кемеге  отырып,  Чаңжяң  дариясының  ағыны  бойынша  Шығысқа  сапар  шегеді.  Жол  бойы  Чаңжяң 
дариясының орта, төменгі аңғарындағы өлке мен қалаларды аралайды. Түстіктегі Қытай мәдениетін, 
тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын етене үйренеді, тарихи, әдеби  шығармаларды  оқиды, 
таным-түсінігі кеңейеді. 
Келесі жылы ақын Нанжин қаласына келеді. Бір күні кеште қаланың түстігіндегі «Айнамкөлде» 
қайықпен серуендеп жүріп, қайықта  жалаң аяқтарын суға малып, бір-біріне сыбырлап, күле сөйлеп, 
қыдырып жүрген көңілді бойжеткендерді байқайды. Қыздардың шағаладай аппақ аяқтары ақынның 
сезімін  селт  еткізеді.  Бітімі  бөлек,  алып  денелі  (Ли  Байдың  бойы  екі  метрден  астам  деседі),  өңі 
өзгеше, сұлу жігіттің жат жұрттық екенін байқаған қыздар ескекті жеделдете есіп, ақынның қайығын 
соға  жаздап,  суды  шашырата,  қас  атып,  көз  қысып,  сықылықтай  күлісіп,  жанынан  өте  шығады. 
Қыздардың  қылығына  елтіген  ақын: «Ескегіңді  берші  маған,  мен  есейін  сен  еспе», – деп  қыздарға 
тұра  ұмтылады.  Көл  сыры  өздеріне  мәлім  қыздар  ақынға  жеткізбей,  жалғаннан  ұялғансып,  сықы-
лықтай күлісіп, қалың қоғаның арасына кіріп жасырынады. Ақын таба алмай қалады. Тек «су үстінде 
сыңғырлаған қыз күлкісі» ғана еміс-еміс естіледі. 
Шіркін, жарық айлы түнде аяғы аппақ қыздармен бірге болу неткен бақыт десеңізші! Расында да, 
түстіктің  айы  да  аппақ,  суы  да  аппақ.  Ал  бұған  таңырқап,  таңдай  қаққан  ақын  сезімін  қыздардың 
аппақ аяғы жаулап алады. Міне, осылайша ақын Нанжин қыздарының жетегінде кете барады. 
Кейін келе, ақын түстіктің аяғы аппақ шағаладай бір қызына үйленеді. 
726 жылы Тайбай ақын Хуби өлкесінің Анлу деген жеріне келеді. 727 жылы екі досы Ху Зяң мен 
Ма Жыңгұңның таныстыруы арқылы Таң Гаузұң патша Лижы дәуірінде (650-684) орда әкімиятының 
құқықты әкімшілік органының доғал төбесінен қарайтын төбебасы болған Шұй Иұишының немересі 
Шұй бикешке үйленеді. Тайбайдың Шұй бикешке үйленуі Таң дәуіріндегі зиялылардың жар таңдау 
көзқарасына  үйлеседі: «Бірақ  Ли  Бай  үйленгеннен  кейін,  Шұй  бикешті  үйіне  алып  кетпей,  қайын 
жұртына  күшік  күйеу  болып  кіреді.  Бұл  сол  дәуірде  ұят  қылық  саналып,  жалпы  зиялылар  қауымы 
оның үйіне аяқ баспайтын. Бірақ Ли Бай осылай істеді. Бұл оның батыс өңірдегі түрік мәдениетінің 
ықпалына  ұшырағандығынан  болуы  мүмкін.  Бәлкім  жат  ұлттың  мәдениет  көзқарасы  бойынша 
жігіттің қыздың үйіне күшік  күйеу болып кіруі көңілге қонымсыз жайт болып саналмаса керек. Ли 
Байдың бұнысы жат ұлт мәдениетін терең қабылдағандығынан болса керек». 
Бұл  біз  үзінді  келтіріп  отырған  мақаланың  авторы  жасаған  талдау.  Ли  Бай  түрік  елінен  бес 
жасында  кетті.  Бес  жастағы  баланың  түрік  мәдениетін  толық  қабылдай  қоюы  қиын.  Ли  Бай  бес 
жасынан бастап қытай тіліндегі мектепте оқыды, есейе келе қытай ұлтының тарихы, әдебиеті мен бай 
мәдениет  мұраларын,  ұлттық  дәстүрлерін  игерді. «Күшік  күйеу»  болу  қытай  ұлтының  ұлттық 

68 
 
дәстүрінде жат қылық деп саналатындықтан, зиялылардың мұрындарын шүйіре қарайтынын біледі. 
Бірақ  Ли  Бай-түрік,  түрік  халқының  салт  дәстүрінде  «күшік  күйеу»  болу  соншалықты  айып 
саналмайды, бұны  Ли Бай жақсы біледі. 
Ли Бай Шұй бикешпен тату-тәтті ғұмыр кешеді. Шұй бикеш бір ұл, бір қыз туады.  Ли Бай ұлына 
Айнұр,  қызына  Күншуақ  деп  ат  қояды.  Тарихи  дерек  көздері  бойынша  Шұй  оқыған,  білімді,  ақылды, 
сұлу  бикеш  болған  екен.  Күйеуі  Ли  Байды  қатты  құрметтеген  деседі.  Тек  өкініштісі,  Шұй  бикеш 740 
жылы аурудан қайтыс болады. 
Зерттеушілер  Ли  Байдың  кезбе  тірлікті  көбірек  бастан  кешіргенін  айтады.  Кезіп  жүріп  жерлік 
әкімдерді,  қызмет  бабымен  астанадан  келген  мансап  иелерін  қонаққа  шақырып,  қалталарын 
томпайтып, өзіне мансап беруді, ордаға ұсыну талап-тілегін айтады. Бәрі де разы көңілмен уәде беріп 
кетеді. Бірақ ешкімнен хабар келмейді. Үміті үзілген ақын түстікті бетке алып, жолға шығады. Жыжяң 
өлкесінде тұратын, сайыскерлік өнердің шебері, патшаның құрметті адамы У Жұнге сәлем бере барады. 
Ли Бай өлең оқиды, У Жұн ақынның дарынына қол соғады. 
742  жылы патша Ли Лұңжы У Жұнды өнер көрсетуге ордаға шақыртады. У Жұн Ли Байды 
ертіп, Чаң-Анға келеді. У Жұн ақынды ордаға алып кірмей, патша-лық кітапхананың бастығы, патша 
мұрагері  меңгермесінің  меңгерушісі,  үшінші  дәрежелі  ірі  мансап  иесі  Хы  Жыжаңға  таныстырмақ 
болады.  Сол  үшін  У  Жұнхы  Жыжаңды  Чаң-Ан  қаласындағы  бір  шарапханаға  шақырады: «Әлхиса, 
Хы  Жы-жаң  Чаң-Ан  қаласындағы  бір  шарапханада  Ли  Баймен  кездеседі.  Ли  Бай  алып  денелі
келбетті,  аққұба  өңді  адам  болғандықтан,  кейбіреулер  шарапқа  қызып,  теңселіп  келе  жатқан  оны 
бейне бір аппақ меруерт тау құлап келе жатқан секілді көрінетін деп бейнелейді. Мұндай дене бітім 
қытайларда  сирек  кездеседі,  оған  қоса  оның  кескін-келбеті  шетелдіктерге  көбірек  ұқсайтын,  тіпті 
кейбір  шетел  тілдерін  де  жақсы  біледі.  Ли  Байдың  кескін-келбеті  туралы  әйгілі  «Сычуанның  жолы 
қиын»  атты  ұзақ  өлеңі  болды.  Сол  дәуірдегі  адамзаттың  беймәлім  әлемінен  именуін  меңзеген 
өлеңдегі  айрықша  бейнелеуден  зәресі  ұшып,  есі  шыққан  Жы  Жыжаң  өлеңді  соңына  дейін  оқып 
шығуға  батылы  жетпейді.  Оның  үстіне  Ли  Байдың  елден  ерек  түр-тұлғасы  періштедей  елестейді. 
Астана мансаптыларының шет өлке-аймақтардан келгендерді қонаққа шақырып, қонақағасы беруге 
тиым салынған, бұл дәстүр қазірге дейін сақталған. Сол себепті Хы Жыжаң құр қол келген болатын. 
Бірақ  қайран  қаларлығы,  Хы  Жыжаң  өзін  толық  меңгере  алмай,  мәнсап  (шен)  дәрежесін  білдіретін 
«алтын тасбақаны» даңға (кепілге) қойып, шарап, тағам алып,  Ли Байға қонағасы береді. Бұл әрекет 
бейне бір офицердің иығындағы шенін жұлып алып, даңға қойғаны секілді тәртіп-түзімге қайшы өте 
қатерлі тәуекелшілдік еді». 
Көзі ашық, көкірегі ояу Хы Жыжаң жасы сексеннен асқан, ордаға ұзақ жыл қызмет еткен, жоғары 
дәрежелі мәнсабы бар, ақынжанды адам болған. Патша Ли Лұң-жидың сенімді серіктерінің бірі. 
Ли  Бай  тәрізді  өңді,  ер  тұлғалы  адамдар  түріктерде  көптеп  кездеседі.  Ақынның  кескін-келбеті 
шетелдіктерге ұқсауынан, шетел тілінде сөйлей білуінен-ақ,  Ли Байды – түрік, ол білетін тіл өзінің 
ана тілі – түрік тілі деуге әбден негіз бар. 
Хы  Жыжаң  Ли  Байды  патша  Ли  Лұңжиге  таныстырады.  Патша  Ли  Байды  әдеби  хатшылық 
қызметке  тағайындайды.  Хатшы – патшаның  бұйрық-жарлықтарын  жазуға  көмектесетін  жай 
қызметкер.  Патша  ақынды  қатты  қадірлейді.  Ли  Лұң-жи  тоқалы  Яң  Гұйфимен  саяхатқа  шыққанда, 
әркез Ли Байды ертіп алады. Ол көптеген арнау өлеңдер жазады. Ақынның талантына екеуі де тәнті 
болады.  Ли  Байдың  әр  өлеңі  оларға  сырлы  сезім  сыйлап,  ләззатқа  бөлейді.  Сол  себепті,  ақын  ол 
екеуіне  де  аяулы,  сыйлы  болған.  Бір  күні  Ли  Бай  ордадан  шығып,  Чаң-Ан  қаласындағы  бір 
шарапханаға  барып  шарап  ішеді.  Дәл  осы  кезде  Әтірағаш  саяжайында  патша  Ли  Лұңжи  мен  Яң 
Гұйфи  ханымының  туылған  күнін  өткізу  ұйымдастырылады.  Ли  Бай  жоқ.  Патша  Ли  Лұңжи  дереу 
әнші  Ли  Гұйнанға  Ли  Байды  тауып  әкелуге  бұйырады.  Ли  Гұйнан  бірнеше  жасақты  ертіп,  ақын 
барады-ау  деген  шарапханаларды  сүзіп  шығады,  бірақ  оның  қарасы  көріне  қоймайды.  Содан  тағы 
біраз  жүргенде,  бір  шарапханадан  Ли  Байдың  өлең  оқыған  дауысын  естиді.  Ли  Гұинан  Ли  Байды 
қолтығынан  демеп,  атқа  мінгізіп,  саяжайға  әкеледі.  Мұны  көрген  Ли  Лұңжи  патша  самалдыққа 
текемет  салғызып,  Ли  Байды  сонда  жатқызып,  демін  алдыруға  бұйырады.  Белгілі  мезгілден  соң, 
патша  қасындағы  канизәкке  су  бүріккізеді.  Ли  Бай  есін  жияды,  қасында  отырған  патша  мен  Яң 
Гұйфиды көріп шошып кетеді. Тізерлеп отыра қап, кешірім сұрайды. Айыптау былай тұрсын, патша 
мастықтан  айықтыратын  дәрі-дәрмек  салынған  балықтың  сорпасын  алғызады.  Сорпаның  ыстық 
екенін көрген патша бал қасықпен араластырып, аздап суыған соң, Ли Байға ұсынады. Оны ішкеннен 
кейін Ли Бай сергіп сала береді. 
Әтірағаш саяжайындағы алуан түсті гүлдерге көзі түседі. Патша Ли Лұңжи «бүгін Яң Гұйфидың 
туған  күні,  дәл  мудан  гүлінің  ашылған  кезі,  арнаған  өлеңіңді  айтшы,  естіп  ләззатқа  бөленейік», – 
дейді. 

69 
 
Ақын  Азияның  аруы  атанған  бұл  ханымға  әйгілі  «Тыныш  әуен»  атты  үш  шумақ  арнау  өлең 
жазып, әнші Ли Гұйнанға береді. Ли Гұйнан өлеңді патшаға көрсетеді. Патша өлеңді оқып: «Тамаша. 
Өте тамаша. Яң Гұйфиге арнап Ли Байдан басқа ешкім мұндай өлең жаза алмайды, керемет», – деп, 
өлеңді Яң Гұйфидің өзіне береді. Ол өлеңді оқып шығып, қатты риза болады. Яң Гұйфи Ли Гұйнанға 
өлеңге  ән  шығаруды  және  әнші  қыздар  мен  музыканттарды  әкелуді  бұйырады.  Ли  Гұйнан  бастап, 
қыздар қостап ән салады, музыканттар сүйемелдейді. Яң Гұйфи бұрала биге басады. Патша сыбызғы 
тартады.  Әредікте,  қатты  разы  болған  Яң  Гұйфи  алтын  тостағанға  батыс  өңірде  ашытылған  жүзім 
шарабын құйып ұсынады. Ли Бай қос қолымен алып, рахаттана жұтады. 
744  жылы    Ли  Бай  Чаң-Аннан  кетеді.  Себебін  әркім  әртүрлі  түсіндіреді.  Біреулер  патша  Ли 
Лұңжидың  күйеу  баласы,  патшалық  үкіметтің  хатшылар  мекемесінің  меңгерушісі  Жаң  Жидың 
қызғанышы, көре алмаушылығы, қақпайлауы ақынды орданы тастап шығуға мәжбүрледі деседі. 
Патша  Ли  Лұңжи  мен  Ли  Бай  бірін-бірі  қадір  тұтқан.  Содан  болар,  ақын  Чаң-Аннан  кетерде 
торғын  көрпе,  алтын  балдақты  белбеу  және  басқа  да  заттық  бұйымдарды  тарту  етеді  әрі  ауылына 
жеткізіп салуға арнаулы көшірімен ат-арба береді.  Ли Бай патшаға бас иіп, алғыс айтады. 
Ли Бай жол-жөнекей Хынан өлкесінің Лояң қаласында жас ақын Дуфумен кездеседі. Кейбіреулер 
екі  алыптың  кездесуін  әлем  кеңістігінде  күннің  аймен  кезіккеніне  теңейді.  Қос  жыр  дүлдүлі  содан 
бастап  дос  боп  кетеді.  Екеуі  бір  жылдай  бірге  болады.  Хынан  мен  Сандұңның  көркем  жерлерін 
аралайды, бірігіп өлең жазады. 
745 жылы екі алып бірін-бірі қимай айырылысады. Қытай әдебиеті тарихында  Ли Бай романтик 
ақын,  Дуфу  реалист  ақын  саналады.  Екеуі  сол  айырылысқаннан  бір-біріне  қайтып  кезіге  алмайды. 
Бірақ бірін-бірі сағына еске алысып, арнау өлеңдер жазысып тұрғандығы мәлім. 
Тарихи  деректерге  қарағанда,  Ли  Бай 741 жылы  Лю  бикешке  шаңырақ  көтереді. 746 жылы 
балаларын орналастырған  Сандұңның  Дұңлу  деген  жерінде  бір  қызбен  бас  қосады.  Бұл  жұбайынан 
бір  ұл  сүйеді.  Ақын  ұлының  атын  Бөрі  қояды. 749 жылы    ол  Зайшяң  Зұң  Чұкінің  немересі  Зұң 
бикешпен (Хынанның Кайфың қаласында) отбасын құрады. Ақын күшік күйеу болып Зұң бикештің 
үйіне кіреді. Ол Чаң-Аннан аттанарда патша Ли Лұңжи заттай, ақшалай мол тартумен жолға салған, 
оған  қоса  Зұң  бикеште  ауқатты  отбасынан  шыққан.  Сол  себепті,  балаларының  да  тұрмыс  жағдайы 
жақсарады. 
755  жылы  Таң  империясының  шығыс-терістік  шекарасында  шекара  қорғаныс  сардары 
Әнраушанның  көтерілісі  бұрқ  ете  қалды.  Әнраушанның  өз  аты – Раушан,  әкесінің  аты  мен  тегі 
белгісіз,  шешесі – түрік,  аты  Асиды,  құшынаш,  бүбілгі  бар  адам  деседі.  Өгей  әкесі – Әнянян,  тегі 
түрік, шекара сардары болған, Әнянянны басқы буынын фамилия орнында қолданған. Әнраушанның 
қосынына  келіп  қосылған  тағы  бір  шекара  сардары – тегі  түрік,  Сысугай  (сысымн).  Тарихта  бұл 
көтеріліс «Әнраушан-сысымын (сысугай) бүлігі» деп аталады. 
Ли Бай  Чаң-Анда жүрген кезінде Әнраушан оны «арақкеш» деп балағаттап, арына тиеді. Ақын да 
есесін жібермей, Әнраушанды сылқита сыбап салады. Содан екеуі бір-біріне жау боп кетеді. 
Қауіп-қатерден  сақтану  үшін,  осы  жылы  Ли  Бай  әйелін  ертіп,  Жянши  өлкесінің  табиғаты  әсем 
Лусан тауына келіп қоныстанады. 
756  жылы  патша  Ли  Лұңжи  Чаң-Анды  тастап,  Сычуанға  барып  паналайды.  Барлық  ұлдарына 
әскери қосын дайындап, бүлікшілерге қарсы соғысқа аттануға бұйрық береді. Жяңши өлкесіндегі Ли 
Лин  Уаң  (сұлтан)  әскер  жиып,  сол  бүлікшілерге  қарсы  соғысқа  аттанып  бара  жатып  Лусанға 
аялдайды.  Ли  Байдың  осында  екендігін  естіген  Ли  Лин  Уаң: «Ақынды  шақырыңдар.  Ол  өлеңмен 
бүкіл елді аттанысқа көтереді, әскерлерге жігер, күш береді» – дейді. Ақын қосынға кіреді. Ақын «Ли 
Лын  Уаңның  шығысқа  жорық  марышы»  атты  өлең  жазады.  Өкінерлігі,  тақ  таласы  мен  бақ  таласы 
салдарынан  ағасы  Ли  Хың  әскер  жіберіп,  Ли  Линнің  қосынын  талқандайды.  Ли  Линді  өлтіреді.  Ли 
Бай  өлім  жазасына  кесіліп,  абақтыға  қамалады.  Зұң  бикеш  текті  атаның  ұрпағы  болғандықтан  ел 
ішінде  абырой-беделі  бар,  жан-жаққа  шапқылап  жүріп,  Ли  Байды  өлімнен  құтқарып  қалады.  Бірақ 
Гұйжоу  өлкесіне  жер  аударады,  балдызы  шығарып  салады.  Қайсы  бір  мықтының  құлағына  жетіп 
қорғап қалды, ол жағы белгісіз, әйтеуір орта жолда кешірім жасалып, бостандық беріліп, ақын үйіне 
қайтады. 
Бір дәуірдің мақтанышы, тума талант «жыр періштесі», дүлдүл ақын Ли Бай 762 жылы Анхұйдың 
Даңтұ деген жерінде аурудан қайтыс болады. 
Ли  Бай 15 жасынан  бастап  өлең  жаза  бастаған.  Жырларының  көбі  жоғалып  кеткен.  Ақынның 
біздің дәуірімізге келіп жеткен өлеңдері 900 шумақтан, ал прозалық шығармалары  алпыстан астам. 
Ғалым,  жазушы  Жяң  Рұңның  «Бөрі  төтемі»  атты  кітабындағы  Ли  Байдың  түрік  екендігін 
дәлелдейтін деректі талдауына көз жіберейік. 
Кітаптағы кейіпкер Чын Жын деген автордың өзі. Чын Жын кенет Ли Бай-дың: 

70 
 
Тәңір таудан жарқырап шыққан толған ай, 
Бұлт теңіз арасынан жүзер баяу тоқтамай. 
Қуалай соққан қоңыр жел, 
Иұимынгуанды өтпес желпіп бір қалай, – 
деген өлең шумағын тебірене дауыстап, жатқа айтты. 
Чын Жын бастауыш мектепте оқып жүрген кезінен бастап Ли Бай өлеңдерін сүйсіне оқитын. Осы 
бір батыс өңірде туған әрі батыс өңірдегі түрік тілді халықтардың салт-санасы бойына терең сіңген 
романтик  ақынның  жүрегіне  еркіндікке  ұмтылған  бөрілердікіндей  қайтпас-қайсар,  ештеңеден 
тайсалмайтын өжет рух ұялаған еді. Қаймағы бұзылмаған байырғы жайлаудың айлы кешінде Ли Бай 
өлеңдерін айтқандағы сезім, Пекиндегі сабақханаларда оқыған кездегі әсерге мүлде ұқсамайды. Чын 
Жынның ішкі әлемінде бейне Ли Бай сияқты өжет, өршіл рух пайда болды. Оған қоса өзін ұзақтан 
бері  мазалап  жүрген  мынадай  бір  мәселе  есіне  түсті:  Қытайдағы  ақындар  қауымы  түп-түгел  Ли 
Байды қадірлеп, қастер  тұтса да, одан үйренуге  дәріптемейтін. Ли Бай такаппар, талантына  сенген-
діктен ешкімді көзге ілмейтін. Сондықтан оның өлеңдерін ешкім үйрене алмайды деп ойлайтын. 
Чын  Жын  сондай  бір  ой  тұжырымдайды.  Ли  Байдың  асқақ,  айбынды  өлең  жолдарын  үйренудің 
қиындығы,  оған  көк  бөріге  табынатын  түрік  халықтарының  салт-санасы  мен  мінезінің  терең 
сіңгендігінен  әрі  сол  бөрілер  үйірі  еркін  жортатын  дарқан  даладай  кең  көңіл  көкіректің  болған-
дығынан.  Ли  Бай  өлеңдеріндегі  айбынды,  асқақ  сезім  көз  жеткісіз  көк  аспанға  шапшып,  сол  асқақ-
тағаннан қытай классикалық поэзиясының құзар шыңына шыққан еді. «Ұшты самұрық құйынымен 
бірге алысқа, самғады ары тоқсан мың шақырым ғарышқа», «Көрмедің бе, Хуаңхы суы көктен түсіп 
ешкімге бой бермесін, жүйтки ағып, мұхитқа құйып, қайта айналып келмесін», «мен өзім Чу елінің 
тентегімін білемін, бейіс құсынша әндетіп, Кұңфузыға күлемін». 
Қай  қытай  ғұламасының  бір  сөйлем  сөзі  он  мың  шақырымдық  ғарышқа  ұша  алған,  жазған  бір 
әріпі тоғыз қабат аспанға шыға алған, қай қытай ғұламасы лепіріп әулие Кұңфузіні келеке қылған? 
Қай  қытай  ғұламасына  патша  ағзам  өз  қолымен  тағам  ұсынған?  Қай  қытай  ғұламасы  Таң  патша-
сының  көзінше  Яң  Гұйфиге  сия  езгізіп,  Зайшяң  Гаулишыге  етігін  шешкізген?  Астапыралла,  нағыз 
жүрек жұтқанның өзі ғой! 
Ли  Байдан  үйренудің  қиындығы  ғарышқа  шыққаннан  да  қиын.  Қырық  сегіз  мың  жыл  өтсе  де, 
қытай  әдебиет  әлеміндегі  «поэзия  періштесі»  тек  біреу  ғана.  Чын  Жын  күрсініп, «дала  бөрісінің 
мінезіне  Хуашия  (Қытай)  өркениетінің  жауһарын  қосса,  адамның  басы  айналатын  биікке  шығуға 
болады» деп ой тұжырады. 
Жазушы Жяң Рұң әйгілі тарихшы Мың Чыбейдің «Сахара мәдениеті және адамзат тарихы» атты 
кітабынан  төмендегі  үзіндіні  келтіріп, өзінің Ли Байды түрік деп  санайтын  көзқарас-пайымын  онан 
әрі дәлелдей түседі: «Ли Байдың тамырында түріктердің қаны ағып жатқандығын оның екі баласына 
қойған есімдері-ақ дәлелдейді. Оның ұлының аты «Поли», мұны қытай тілінде түсіндіруге болмайды, 
шынында, ол түрік тіліндегі «бөрінің» дыбыстық аудармасы. Бөрі түріктердің тотемі, адамға бөрі деп 
ат  қою,  қытай  ұлтының  «айдаһар»  деп  ат  қойғанымен  бірдей.  Ли  Байдың  қызының  аты  «Айнұр». 
Бүгінгі ұйғыр ұлтында «Айнұр» атты қыз бала өте көп. Мұндай «ай» мағыналық аударма. Ал «нұр» 
дыбыстық  аударма.  Ал  Ли  Байдың  көздерінен  (қос  жанарынан)  түріктердің  көздеріндегі  ерекшелік 
менмұндалап тұрады». 
Ескерте кететін бір жайт, Айнұр Ли Байдың қызы емес, ұлы. Миң Чыбей қызы деп қате түсінген. 
Ол дәуірде ұлға да «Айнұр» деп ат қоюы мүмкін. 
Хан ұлтының дәстүрінде балаға ат қойғанда, қытай әріпімен жазғанда, екі әріпті не бір әріпті ат 
қояды. Айнұр Қытай әріпімен жазғанда үш әріппен жазылады. Бұл Қытай ұлтының ат қою салтына 
қайшы. Міне, бұл Ли Байдың жат ұлт екенін дәлелдейді. 
Чын  Жынкы (1935 жылы  қаңтарда) «Чиң  Хуа  ғылыми  журналының»  № 1 санында  жариялаған 
«Ли  Байдың  тегін  тектегенде»  атты  мақаласында:  Ли  Байды  «түрік»  дейді.  Ал  Ху  Хуайчын (1936 
жыл,  тамыз) «Пекин»  журналының 11 санында  жариялаған  «Ли  Тайбай  түрік  тіліне  жетік  және 
басқалар» атты мақаласында Ли Байды «түріктескен қытай» дейді. 
Жоғарыдағы  Ли  Байтанушылардың  Ли  Байдың  ата  тегі  туралы  зерттеулері,  талдаулары  арқылы 
алға қойған қорытынды көзқарас-пайымдарына негіздесек, Ли Бай нағыз, таза қанды түрік. 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал