Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



жүктеу 5.01 Kb.

бет10/30
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  Байтұрсынов А. «Ақ жол»: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу /Құраст. Р. Нұрғалиев. –
Алматы: Жалын, 1991. – 464 бет.) 
2.  Хализев В.Е. Теория литературы: Учебник/ В.Е. Хализев.– 4-е изд., испр.и доп.– М.: Высш. шк., 2005 – 405 с. 
3.  Веселовский А.Н. Историческая поэтика/Вступ.ст. И.К. Горского; Сост., коммент. В.В. Мочаловой. – М.: Высш. шк., 
1989. – 406 с. – (Классика литературной науки) 
4.  Бахтин М. М. Эстетика словесного творчества. 2-е изд. - М.: Искусство, 1986. - 445 с.  
5.   Р.Уэллек, О. Уоррен. Теория литературы. – М.: Прогресс, 1978. – 325с. 
6.  Тюпа  В.  И.,  Ромодановская  Е.  К.  Словарь  мотивов  как  научная  проблема // Материалы  к  "Словарю  сюжетов  и 
мотивов  русской  литературы":  От  сюжета  к  мотиву.  Под  ред.  В.  И.  Тюпы.  Новосибирск:  Институт  филологии  СО  РАН, 
1996. - С. 3-15. 
7.  Гаспаров Б. М. Язык, память, образ. Лингвистика языкового существования. Текст. / Б. М. Гаспаров — М.: Новое 
литературное обозрение, 1996.-352с. 
8.  Меднис  Н.  Е.  Мотив  воды  в  романе  Ф.  М.  Достоевского  "Преступление  и  наказание" // Роль  традиции  в 
литературной жизни эпохи. Сюжеты и мотивы. Новосибирск, 1995. - С.79-88.  
 
 
 
Асқаров Н., 
Филология ғылымдарының кандидаты 
 
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Кез-келген  елдің  алдағы  он  бес  жиырма  жылдан  кейінгі  болашағын  қазіргі  білім  жүйесі  мен 
ғылымының  жай-күйіне,  отбасы  мен  тәрбиенің  барысына  қарап  болжауға  болады.  Яғни,  Қазақ-
станның  болашағы  әрбір  отбасында,  мектеп  партасында,  жоғары  оқу  орындарының  қабырғасында 
қаланып жатыр.  
Сөз  жоқ,  білім  мен  ғылым – болашаққа  салынған  инвестиция  ғана  емес,  ел  болашағын  баянды 
ететін  де  басты  фактор.  Ол  өз  жемісін  сол  мезетінде  емес,  біршама  уақыт  өткен  соң  ғана  береді. 
Сондықтан  да  ертеңін  ойлайтын,  болашағын  баянды  етуді  көздейтін  ел  білім  беру  мен  ғылымын 
дамыту саласына ерекше мән береді, оны тиімді ұйымдастыруға баса назар аударады. Осы жағынан 
алғанда  еліміздің  білім  саласында  оң  өзгерістер  мен  ілгеріге  бастар  қадамдар  бар  екені  рас.  Бұл 
маңызды  іске  мемлекетпен  бірге  жеке  сектордың  да,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  да  ат  салысқаны 
абзал.  Елінің  келешегіне  бей-жай  қарамайтын  әрбір  саналы  азаматты  өскелең  ұрпақтың  білімі  мен 
тәрбиесі,  елдің  интеллектуалдық  өресінің  өсуі,  сол  арқылы  дамыған  елдермен  бой  да,  ой  да 
жарыстыру секілді жайттер толғандырмай қоймаса керек. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы мұндай 
жауапты  істен  сырт  қалмай,  Елбасының  «интеллектуалдық  ұлт»  жобасын  іске  асыруға  ат  салысу, 
еліміздің интелектуалдық күштерінің қуатын ортақ іске бағыттауға жұмылғандары жөн болар еді.  
Осы орайда елімізде ұлттық мектеп моделі қандай болуы керек, ондағы отбасының рөлі, жалпы 
білім берудегі мақсат неден тұруға тиіс? деген сауалдар туындайды. Сөз жоқ, бұл салада ойласатын, 

55 
 
көп  болып  кеңесетін  және  шешімін  бірге  қарастыратын  мәселелер  жеткілікті.  Соңғы  жылдарда 
қоғамда отбасы институтына теріс әсер етуші ықпалдардың артуы, шет елдерден түрлі ағымдар мен 
ой-пікірлердің,  мәдени-ақпараттық  өнімдердің  талғаусыз  тасқындай  енуі,  соның  салдарынан 
отбасында,  өскелең  ұрпақ  арасында  ұлттық  салт-дәстүр  мен  адамшылық  қалыпқа  симайтын 
жағымсыз іс-әрекеттердің бой көрсетуі жасырын емес. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, соңғы 
жылдары  елімізде  ажырасудың  саны  күрт  артқан.  Жасөспірімдер  арасында  өз-өзіне  қолжұмсау-
шылықтың көбеюі де дабыл қағарлық жағдайға жеткен. Сол секілді ата-анасының ажырасуы себепті 
«тірі жетімдердің» пайда болуы, әлеуметтік жағдайларға орай «кәрі қыздар» мен «сүр бойдақтардың» 
артуы,  қазақ  қыздарының  шетелдіктерге  күйеуге  шығуы  секілді  жайттердің  етек  алуы  да 
алаңдатарлық  жағдайлар  қатарында.  Бұл  заңғар  жазушы  Мұхтар  Әуезов  айтқандай, «ел  боламыз 
десек, бесігімізді түзейтін» межеге жеткенімізді көрсетеді.  
Әрине, мұның барлығы – салдардар. Мұндай сорақылықтардың орын алуына белгілі бір жағдайда 
«отбасын  жоспарлау», «гендерлік  саясат», «адам  құқығы», «жыныстық  тәрбие», «есірткісіз  қоғам» 
секілді  ұрандарды  перде  ету  арқылы  отбасының  өзегін  іріту,  оқушылар  мен  студенттерді  жастай 
жыныстық  қатынасқа  түсуге  ынталандыру  саясатының  жоғары  деңгейде,  жүйелі  түрде  насихат-
талуының етек алуы, телеарналар арқылы зұлымдықтықты, арсыздықты бейнелейтін кино өнімдері-
нің  жаппай  көрсетілуі,  пайда  табуға  ғана  негізделген  нарықтық  құндылықтардың  алға  шығуы, 
мектепте әйел мұғалімдердің көбейіп кетуіне байланысты ұл балалардың жасқаншақ, ынжық болып 
өсуі,  жалғызбасты  аналардың  көбеюі,  әйелдердің  жаппай  жұмыс  істеп,  балалардың  ата-ана 
тәрбиесінен тыс қалуы, әжелер институтының жұмыс істемеуі секілді көптеген себептердің әсері тиіп 
жатқанын  байқамау  мүмкін  емес.  Осыдан  барып,  бала  бойында  отаншылдық  сезімнің  әлсіреуі,  өз 
елінен, ұлтынан жеру, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қорсыну, қоғамды жатсыну құбылыстарының 
орын алуы таң қаларлық құбылыс емес.   
Отбасымен балабақша, мектеп, жоғары оқу орны, әскер, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет 
ошақтары,  қоғамдық  ұйымдар,  спорт,  т.б.  әлеуметтік  институттар  тікелей  байланысты  болғанына 
қарамастан,  отбасы  үнемі  аталған  салаларға  бағынышты  күйде  қалуда.  Енді  осы  бағыттағы 
көзқарасымызды  өзгертуге,  ұлттың  дәстүрлі  құндылықтары  мен  дүниетанымына,  адамгершілік 
қағидаларға  теріс  әсер  ететін  ықпалдарға  қарсы  иммунитетін  қалыптастыратын  шараларды  бірлесе 
қолға алғанымыз игі. 
Бұл  ретте,  отбасы  мен  орта  білім  беру  жүйесінің  алатын  орны  ерекше.  Өйткені  баланың  басты 
ұстазы – ата-анасы.  Өмірдің,  қоғамның,  мемлекеттің  өзегі – отбасы.  Адам  отбасында  туып,  өседі, 
Отан  аясында  қалыптасып,  дамиды.  Ал,  оның  жетілуіне,  дүниетанымы  мен  көзқарасының  қалып-
тасуына әсер етуші орта – мектеп. Сондықтан мектеп жай ғана білім беруші емес, адам, тұлға тәрбие-
леуші  рухани-парасатты  ордаға  айналуы  қажет.  Ал  мектептің  жаны – мұғалім.  Баланың  қандай 
болмағы, тегінен, ұшқан ұясында көргенінен бөлек, мұғалімнің де ақыл-ойы мен парасатына тікелей 
тәуелді  екені  һақ.  Ендеше,  бұдан  былайғы  кезеңде  ұрпақ  тәрбиесіндегі  басты  үш  таған – мұғалім, 
оқушы және ата-ана бірлігіне ерекше көңіл бөлетін кез жетті.  
Тегінде адам баласының ең үлкен дұшпаны – надандық. Надан адам еліктегіш келеді, біржақты, 
сыңарезу  болады,  мәселенің  байыбына  бармайды,  фанатизмге  душар  болады,  өзгенің  пікіріне, 
ұстанымына төзімсіз болады, көрінген адамның да, ағымның да жетегінде кетеді. Мұны түзейтін ақ-
адал тәрбие мен шыншыл білім.  
Жалпы  білім үш құрамдас бөліктен тұрады: білу, игеру және даналыққа қол жеткізу. Бізде білу 
көп,  игеру  жағы  шамалы,  ал  даналыққа  жеткендер  ілуде  біреу  ғана.  Мұның  барлығы  да  білім  беру 
саясатын  қайта  қарауды  қажет  етеді.  Ал  білім  жүйесі  мемлекеттік  саясатқа,  мемлекеттің  алдына 
қойып  отырған  мақсатына  тікелей  тәуелді.  Олай  болса,  елдің  интеллектуалдық  кеңістігінде  еңбек 
етіп, тер төгіп жүрген ұстаздар, ғалымдар, шығармашылық жандар қауымы еліміздің ХХІ ғасырға сай 
ұлттық мектеп моделін бірлесе ойластырып ұсынса деген ойымыз бар.  
Осы  орайда  қазақтың  белгілі  ғалымы,  ежелгі  әдебиеттің  ірі  маманы,  білгір  ұстаз  Алма 
Қыраубайқызының  елімізде  тұңғыш  рет  ұлттық  мектеп  үлгісін  ұсынып  қана  қоймай,  аталған 
мектепті  Алматы  облысының  Қарасай  ауданындағы  Жандосов  ауылында  ашқанына  назар  аударған 
орынды. Мектеп «Гуманитарлық Қазақ мәдениеті мектебі» деп аталып, 1993-96 жылдары сынақтан 
өткізілді. Алайда ел еңсесін әлі де тіктей қоймаған қиын кезеңге тап келіп, қаржылық қиындықтарға 
байланысты мектеп аяғынан тік тұрып кете алмады. Дегенмен аз ғана уақыт ішінде өз жемісін беріп, 
зор  нәтижеге  қол  жеткізуге  болатынын  дәлелдеп  берді.  Алма  Қыраубайқызының  уақытынан  ерте 
туған осынау оңды бастамасын заманға сай жетілдіріп, қайтадан жаңғыртса, ұлттық төл мектеп үлгісі 
болуға сұранып-ақ тұр. 

56 
 
Біздіңше,  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты – сауатты,  білімді,  біліктілігі  жоғары  маман 
дайындаудан  ғана  тұрмауы  керек.  Ол,  ең  алдымен,  өзінше  ойлай  алатын,  өзіндік  көзқарасы  бар, 
дербес  шешім  қабылдай  алатын,  ұлтын  сүйетін,  ана  тілі  мен  ата  дәстүрін  ардақтайтын,  елінің 
тағдырына  бей-жай  қарамайтын,  ақ  пен  қараны,  обал  мен  сауапты  айыра  алатын,  парасатты,  ой 
ауданы  кең,  дара  тұлғаларды  қалыптастыруы  керек.  Білім  беру  саласындағы  тәрбие  амалдары  мен 
білім мазмұны осы мақсатқа сай ұйымдастырылып, жүйеленуге тиіс деген ойдамыз.  
Жақсы  маманды  шетелден  жалдап  алуға  болады,  ал  еліне  жаны  ашитын,  еліне  болсын  деген 
азаматтарды  қайдан  аламыз?  Оны  өзіміз  тәрбиелеуіміз  қажет.  Мұндай  маңызды  да  игілікті  істі 
жалғыз мектепке, білім ошақтарына итеріп тастап қарап отыруға болмайды. Бұған шама-шарқымыз 
келгенше барлығымыз үлесімізді қосуға тиіспіз. 
 
 
 
Сәкен С.И., 
филология ғылымдарының кандидаты,  
Қазақ Мемлекеттік Қыздар 
 педагогикалық университетінің профессоры м.а. 
 
«АҢШЫБАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰРПАҚТАРЫ» ЦИКЛЫ ЖӘНЕ   
ЕДІГЕНІҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ 
 
1942  жылдан  бастап, 1947 жылға  дейін  Мұрын  жырау  Сеңгірбекұлының  айтуынан  баға  жетпес 
рухани асыл қазына болып табылатын “Қырымның қырық батыры” атты 35 жырдан тұратын топтама 
жазылып  алынғаны  белгілі.  Бұл  туындылар  да  қазақ  эпосының  елеулі  бөлігін  құрайтын  Ноғайлы 
жырлары циклына жатады. 
“Қырымның  қырық  батыры”  эпопеясы  үлкен  үш  бөліктен  тұрады.Оның  алғашқы  екеуі – 
“Аңшыбай  батыр  және  оның  ұрпақтары”, “Қарадөң  батыр  және  оның  ұрпақтары”  атты  шежірелік 
циклды құрайды да, үшіншісі жеке батырлар туралы жырлардан тұрады     
“Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары” құрайтын “Аңшыбай батыр”, “Парпария”, “Құттықия”, 
“Едіге”, “Нұрадын”, “Мұса хан”, “Орақ, Мамай”, “Қарасай, Қази” жырлары Ноғай Ордасының негізін 
салған  әйгілі  тарихи  тұлға – Едіге  бидің  ата-бабаларының,  өзінің  және  ұрпақтарының  көркем 
шежіресі болып табылады.. 
Бұндағы Аңшыбай Едігенің арғы атасы ретінде көрінеді. Едігенің ата тегі туралы бұндай версия 
Мұрын  репертуарындағы  жырлар  мен  “Қарасай,  Қази”  жырының  Маңғыстау  облысынан  табылған 
бір нұсқасында ғана кездеседі. 
Мұрын  жырау  Аңшыбайдан  Баба  түкті  шашты  Әзіз,  одан  Парпария,  одан  Құттықия,  одан  Едіге 
туғаны жөнінде жырлайды. 
Ал,  Ш.Уәлиханов  жазып  алған  “Ер  Едіге”жырында    бас  қаһарманның  арғы  атасы  Баба  Омар 
әулие, өз әкесі Баба түкті шашты Әзіз әулие екені айтылған.   
Көптеген аңыздар мен ертегілерде Едігенің арғы атасы туралы сөз болмай, бас кейіпкердің атасы 
немесе тікелей өзінің әкесі ретінде Баба түкті шашты  Әзіз аталады. 
“Қырымның  қырық  батыры”  эпопеясындағы    алғашқы  үш  жырдың  бас  қаһармандары – 
Аңшыбай, Парпария және Құттықия - үшеуінің нақты өмірде болғандығы немесе болмағандығын тап 
басып дәлелдеуге мүмкіндік беретін дереккөздері жеткіліксіз. 
Сондықтан олар туралы әр қилы болжамдар жасалып келеді. 
Мысалы:  Қадырғали  би  Қосымбекұлы  шежіресінің  “Едіге  би”  дастаны”  атты  тарауында  Едіге 
бидің  шыққан  тегі: ”Шежіреде  әуел  бабасы  Абу-Бакир...  Оның  төрт  ұлы  бар  еді.  Екеуінен  кіші 
ұлының  аты  Махмуд  аталығ  еді.  Шамда  патша  еді.  Оның  ұлы  сұлтан  Катиб  аталығ  еді.  Ол  һәм 
Шамда патша болды. Оның ұлы сұлтан һармаз еді. Ол Мысрда патша болды. Оның ұлы сұлтан Халид 
еді. Ол Сарсарда патша болды. Оның ұлы сұлтан Уалид еді. Ол һәм Сарсарда патша болы. Оның ұлы 
– сұлтан Қыдыр. Ол һәм Сарсарда патша болды. Оның ұлы сұлтан Мулуд еді. Ол һәм Сарсарда патша 
болды. Оның ұлы Абу Альфеис еді. Ол Антакияда патша болды. Оның ұлы сұлтан Салим еді. Ол һәм 
Антакияда  патша  болды.  Оның  ұлы  сұлтан  Садық  еді.  Ол  һәм  Антакияда  патша  болды.  Оның  ұлы 
сұлтан  Абулхақ  еді.  Ол  Мадаинда  патша  болды.  Оның  ұлы  сұлтан  Ғушман  еді.  Ол  һәм  Мадаинда 
патша болды. Оның ұлы Жалаладдин еді. Ол Қастинатиде патша болды. Оның екі ұлы бар еді. Бірінің 
аты – Адһам және бірінің аты Баба  Туклас еді. Баба Туклас Қаабада патша болды. Баба Тукластың 
ұлы Терме аталығ еді. 

57 
 
... Бұл Терме Еділ-Жайықта қайтыс болды. Оның ұлы Қаричи аталығ еді. Еділ-Жайықта қайтты. 
Оның  ұлы – Ислам-Қия.  Ол  һәм  Еділ-Жайықта  қайтты.  Оның  ұлы - Қадыр-Қия.  Ол-дағы  Еділ-
Жайықта қайтты. Оның ұлы - Құтлу-Қия. Ол Құмкентте қайтты. Оның ұлы – Едіге би... 
Құтлу-Қияны Орус хан шаһид еткен”,- деп таратылады (1, 254-255).  
Тарихшы  әрі  заңгер  ғалым  Мұхтар  Құл-Мұхамед  Қадырғали  бидің  осы  жазғанын  “Едіге  бидің 
ата-тегі туралы ең толық әрі дәлме-дәл” дерек ретінде қабылдағаны белгілі. 
Дегенмен,  бұндай  үзілді-кесілді  тұжырым  жасау  үшін  бұлтартпастай  дәлелдер  келтіру  қажеттігі 
өзінен өзі түсінікті. 
Осындай  мақсатты  көздеп,  көне  тарихнама  үлгілеріне  үңілгенде,  оларда  бұл  мәселе  жөнінде 
бірізділік жоқтығына куә боламыз. 
Едігенің  өмірбаянына  егжей-тегжейлі  тоқталған  Ибн  Арабшах  Едіге  туралы: “Оның  руы - 
Қоңырат”,-деп жазған (2, 54). 
Шежірелер  мен  зерттеушілердің  басым  көпшілігінде,  мысалы:  ноғай  шежірелерінде (3), орта 
ғасырлардағы  шығыс  хроникаларында (4) және  “Едіге”  жырының  татар  нұсқасында, “Едігенің 
шыққан тегі - Маңғыт руы”, - деген ойға ден қойылады. 
Шоқан Уәлихановтың: “Это – Идиге, тот самый Идиге, Эдеку и Идигей, о котором говорится в 
ярлыке Токтамыша, тот самый бек-mangab и темник, который разил Витовта при Ворскле и управлял 
ордой  безотчетно  при  четырех  ханах”,-деп (5, 201) Едіге  жөніндегі  әр  алуан  дереккөздерін,  оның 
ішінде жоғарыда көрсетілген еңбектерді де  қарастыру нәтижесінде жазғаны даусыз. 
Бірақ  бұл  тұжырымын  жан-жақты  дәлелдеуге  ұлы  ғалымға  ғұмырының  тым  қысқалығы  кедергі 
келтіргенін  оның  бір  еңбегінде  Ноғайлы  тарихына  қатысты  ой  қозғай  отырып,  Ноғайлы  тарихына 
алдағы  уақытта  егжей-тегжейлі  тоқталуға  уәде  бергенімен,  өкінішке  орай,  ондай  еңбек  бізге 
жетпегенінен аңғарамыз. 
Ноғай Ордасы жөнінде салиқалы да күрделі зерттеу жүргізген В.В.Трепавлов та Едігенің шыққан 
тегі  жөніндегі  әр  алуан  дереккөздеріне  шолу  жасау  барысында: “Помимо  легендарных  построений, 
нет  никаких данных для причисления Эдиге к аристрократическому сословию. Отсутствие же рядом 
с  его  именем  каких  бы  то  ни  было  династических  титулов  во  всех  источниках,  пожалуй,  может 
свидетельствовать о его незнатном происхождении”,-деген қорытынды жасайды (6, 64).   
Едігенің қайдан шыққаны туралы пікір қайшылықтары академик В.В.Бартольдтің “Отец Едигея” 
деген арнайы зерттеу жазуына себеп болды. 
Ол  еңбегінде  В.В.Бартольд: “По  словам  Мелиоранского,  во  многих  версиях  сказания,  особенно  
ногайских, отец Едигея носит имя “Кутлу-Кия”. Это же самое имя приводит историк Абул Гази. По 
Абулгази, Кутлук Кая (Известно, что Кутлу и Кутлук – диалектические разновидности одного и того 
же слова)  происходил из племени ак-мангыт (белых мангытов); кроме  сына Едигея ..., у него была 
дочь,  вышедшая  за  хана  Тимур  бека  (этот  хан  в  более  ранних  источниках  большею  частью 
называется  Тимур-Меликом),  от  этого  брака  родился  хан  Тимур-Кутлук.  Едигей  сделался  нукером 
другого царевича, Токтамыша, когда Токтамыш ... бежал в Туркестан к эмиру Тимуру (Тамерлану), за 
ним через некоторое время последовал и Едигей. 
Рассказ  Абулгази  об  этом  событии  находится  в  полном  согласии  с  рассказом  более  раннего 
источника – официальной истории Тимура “Зафар-наме”, последняя редакция, которая принадлежит 
Шереф ад-Дини Али Иезди и была составлена в 1425 г. Там же сказано, что Едигей был из мангытов, 
но  нет    упоминания  о  белых  мангытах”,-  деп  жазады  да (7, 298), “Зафар-намеде”  Едігенің  әкесінің 
аты,  Едігенің  қарындасы  ханның  зайыбы  болғаны  туралы  -айтылмайтынына  тоқталып:“Если  имя 
отца  Едигея  заимствовано  Абулгази  из  некоторых  версий  эпического  сказания,  то  имен  Тимур-
Мелика и Тимур-Кутлука эпос, по-видимому, не знает”,-деген түйін жасайды (7, 298). 
Бартольдтің  осы  мақаласын  одан  ары  қарай  оқи  отырып: “Другое  имя  отца  Едигея  названо 
анонимным историком, писавшим под псевдоним Rье (Rіeu), в 815 и 816 г.г. мусулманской эры, т.е. 
между 1412 и 1414 г.г. (Rіeu, Pers, MSS, vol, ІІІ, p. 1062 sq), еще при жизни Едигея. Этот автор писал 
для  одного  из  внуков  Тимура,  Искендера,  правившего  в  то  время  в  Фарси, ... для  обозначения  его 
мною  был  предложен  термин  “аноним  Искендера”...  Автор  называет  Едигея  сыном  Балтычака...  В 
рассказе о победе Токтамыша над Темир-Меликом ..., в 1378 г. приводятся подробности о Балтычаке, 
ясно  показывающие,  что,  если  не  сам  Едигей,  то  его  отец  в  то  время  успел  сделаться  легендарным 
богатырем”,-деген мәліметті кездестіреміз (7, 798-799).  Ғалымның бұл ой қорытындысы өз алдына 
қол-аяғы бұғаулы күйде келген, бұрын Темір Мәлік ханның қарамағында әмірлердің әмірі лауазымы 
бойынша қызмет атқарған Балтышақтың  адалдығы мен қаһармандық даңқына қанық Тоқтамыс хан 
егер  ол  (Балтышақ - С.С.)  Тоқтамысты  бұрынғы    билеушісі –  Темір  Мәлік  ханды  мойындағандай 
мойындаса, өз хандығының билігін соған (Балтышаққа – С.С.) сеніп тапсыратынын айтқанда, Балты-

58 
 
шақтың: “Егер менің қолдарым мен аяқтарым байлаулы болмаса, мен саған жауап берер едім, сенің 
менің ханымның орнында отырғаныңды көрген көзім шықсын. Егер сенің қолыңда билік болса, мені 
де  өлім  жазасына  бұйыр”, - деп,  өз  еркімен  өмірден  бас  тартқанын  баяндаған  Ескендір  аноним 
келтірген мағлұматқа байланысты жасалған.      
 Балтышақтың  ерлігі  оның  замандастарын  ерекше  тамсандырғанын  В.В.Бартольд  ол  туралы 
аңыздың  Гератта  өмір  сүрген  Хафизи  Абрудың 1423 жылы  басталған,  оның 1430 жылы  қайтыс 
болуына  байланысты  үзіліп  қалған  дүние  жүзі  тарихы  туралы  еңбегінде  келтірілуін,  Абд  ар-
Раззактың 1475 жылы жазылып біткен еңбегінде пайдаланылуын еске түсіру арқылы аңғартып, аңыз 
кейіпкерінің  аты  Абд  ар-Раззактың  еңбегінде  “Балынмак”,  ал,  енді  бірқатар  өзге  тарихшылар 
жазбаларында “Балынак” деп берілгенін ескертеді (7, 799). 
Осы еңбегінде В.В.Бартольд Балтышақтың Орыс хан ұлы Темір Мәлік ханның әрі қайын атасы, 
әрі беглербегі (әмірлерінің әмірі) болғанына ден қояды. 
В.В.Бартольд  Тоқтамыстың  Ягайлоға  жіберген  жарлығында  бірқатар  ханзадалар  мен  бектердің 
есімдері атала келіп, солардың тізімінен соң “Едіге есімді адам” (“человека по имени Эдугу”) деген 
сөздер  келетініне  де  көңіл  бөліп,  бұл  үзіндіні: “Едигей  изображен  даже  не  вельможей,  а  только 
посланцем  царевичей  и  вельмож,  хотя  обстановка  в  которой  он  находился  в  войске  Тимура, 
напоминала  обстановку  вельможи,  теперь  уже  не  он  был  нукером,  но  у  него  были  нукеры”,-деп 
пайымдайды (7, 802). 
Тек  Шыңғыс  ұрпақтары  ғана  билік  құруға  тиіс,  ақсүйектерге  ғана  бас  иген  қоғамда  Едіге  және 
оның ұрпақтарының ықпалы жүру себебін В.В.Трепавлов:”Однако среди казахов Эдиге слыли “белой 
костью” (ак суяк), т.е. аристократией…  
Происхождение  рода  от  святого  проповедника  Ходжа-Ахмед  Баба-Туклеса  послужило  обосно-
ванием  власти  мангытско-ногайских  биев…  Традиция  приписывает  формулировку  этой  легитим-
ности Нур ад-дину”,-деп түсіндіреді (6, 86). 
Г.Ананьев  келтірген  қара  ноғай  аңызында  Нұрадын  Тоқтамысты  өлтірген  кезде  бұрын  Тоқта-
мыстың  қарамағында  болғандар  оның  Шыңғыс  әулетіне  жатпайтынына  көңіл  бөле  бастағанда, 
Нұрадынның  оларға: ”Мен  туған  күнімнен  бастап  бір  құдайға  сендім  және  сыйындым,  көптеген 
қасиетті  кітаптар  оқыдым.  Менің  Шыңғыс  әулетінен  шықпағаным  мені  ешқандай  да  төменшіктет-
пейді,  өйткені  мен  түріктің  даңқты  батыры  Қожаахмет  Баба  түктінің  тұқымынанмын”,-деп  жауап 
бергені баяндалады (8, 12). 
Қадырғали Жалайыр: “Едіге бидің көзі тірісінде Нұрадын мырза іш ауруы тиіп, отыз жеті жасын-
да қайтыс болды”,-деп жазған (1, 255). 
Демек,  Едігенің  Баба  түкті  шашты  Әзізден  тарағандығы  туралы  аңыз  аталмыш  би  өмір  сүрген 
кездің өзінде-ақ жұртшылыққа тараған. 
Соған  орай  С.Қасқабасов:”Жалпы , “Қырымның  қырық  батыры”  тарихи  тұтастану  барысында 
өмірде болған адамдармен қатар жырға шежірелік сипат беру мақсатымен өмірде болмаған кісілерді 
де  сюжетке  енгізген.  Эпопеядағы  Едігеге  дейінгі  батырлар  тарихта  белгісіз,  тек  Құттықия  туралы 
болжамдар бар”,-деген тұжырым жасаған (9, 495). Біз де осы пікірге қосыламыз. 
“Аңшыбай батыр” жырындағы таңданарлық құбылыстың бірі балалар ауылдан қуып жіберген бас 
кейіпкердің кейіннен бүкіл елін жаудан жалғыз өзі қорғауы болып табылады.  
Бір  қызығы:  кейіпкердің  билік  басына  келгенше  біраз  жыл  елден  кетуге  мәжбүр  болып,  су 
жағасындағы  елсіз  жерде  жалғыз  өзі  аң  атып  күн  көру  оқиғасы  “Монғолдың  құпия  шежіресінде”, 
Г.Н.Потанин қазақтардан жазып алған Шыңғыс хан туралы екі аңызда да, Қазанғап ақын жырлаған 
“Еңсегей бойлы Ер Есім” жырында да кездеседі. 
“Құпия шежіреде” бұл жайт Шыңғыстың он екінші атасы Бодонжар бастан кешкен  оқиға ретінде 
баяндалады.  Ал,  қазақ  аңыз - жырларында  тікелей  Шыңғыстың  өзіне  таңылған  бұл  сюжеттің  түп 
тамыры алғашқы қауымдық құрылыс заманында кәмелеттік жасқа жеткен жасөспірім бозбалалардың 
басты  міндеті  болып  табылған  инициация  ғұрпында  жатса  керек.  Этнография  ғылымының  дерек-
теріне  қарағанда,  жоғарғы  құпия  қоғамға  өту  үшін  қажетті  сынақтардан  ойдағыдай  өткен  жас 
жігіттер бірден елге оралмай, елден аулақта, орман ішіндегі үйде оңаша өмір сүріп, аңшылықпен күн 
көруге тиіс болған, оларға тіпті қарақшылықпен айналысуға да рұқсат берілген көрінеді. Жасөспірім 
талапкер  өзінің  жоғарғы  қауым  құрамында  болуға  қабілеттілігін  осындай  жағдайда  ешкімнің 
көмегінсіз, тек өз ақыл-қайратына арқа сүйей отырып дәлелдеуге тиіс болатын. 
Едігенің Шыңғыс хан құрған алып империя орналасқан жерде өмір сүргенін ескерсек, баяндалған 
сюжеттің “Қырымның қырық батыры” циклына қайдан ауысқанын аңғару қиын емес. 

59 
 
Осындай  бір-біріне  қайшы  келетін  дереккөздері  мен  зерттеулерді  қарастыру  барысында  бізге 
академик  В.В.Бартольдтің  ғылыми  қорытындылары  мен  келтірген  дәлелдері  неғұрлым  шындыққа 
жақын тұрған секілді көрінді. 
 
Пайдаланылған әдебиетттер: 
1.  Қадырғали би Қосымбекұлы. Жылнамалар жинағы. Алматы: «Қазақ университеті», 1991. 
2.  Шахаб ад-Дин Ахмад ибн Мухаммад ибн Арабшах. Аджаиб ад-макдур фи ахбар Тимур. Каир, 1305/ 1887-88. 
3.  СІМ  Мәскеу  қалалық  мұрағатының  қолжазба  жинағы  (РГАДА, 181-қор, 1-тізім), 52-парақ;  Родословная  книга 
Великого Российского государства великих князей... // ВМОИДР, 1851. кн. 10, стр. 130. 
4.  Шараф ад-дин Йазди. Зафар-наме. Ташкент, 1972. Стр. 335; Кононов А.Н. Родословная туркмен: Сочинения Абу-л 
Гази хана хивинского. М. – Л., 1958. Стр. 44. 
5.  Уәлиханов Ш.Ш. Шығармаларының бес томдық жинағы. 1-том. Алматы: «Ғылым», 1961. 
6.  Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. М.: Издательская фирма “Восточная литература” РАН, 2002. 
7.  Бартольд В.В. Сочинения. Т.2. Ч.1. М., 1963. 
8.  Ананьев  Г.  Караногайские  исторические  предания // Сборник  материалов  для  описания  местностей  и  племен 
Кавказа. Вып. 27. Тифлис, 1900. 
9.  Қасқабасов С. Қазақ фольклорындағы тұтастану құбылысы //кітапта: Қасқабасов С. Жаназық. Астана: «Аударма», 
1999.  
 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал