Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/30
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

 
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ 
AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY 
________________________________________________________________________ 
 
 
 
 
 
 
«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ:  
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ»  
 
атты халықаралық ғылыми форум 
материалдарының жинағы 
 
16 мамыр, 2014 жыл 
 
 
 
Proceedings International scientific forum 
 
«PHILOLOGY SCIENCE IN XXI CENTURY:  
PROBLEMS AND PROSPECTS» 
 
16 мay, 2014 
 
 
Сборник материалов международного научного форума 
 
«ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ НАУКА В ХХІ ВЕКЕ:  
ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ» 
 
16 мая, 2014 год 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
«Қазақ университеті» 
2014 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жауапты редактор 
Қ.Әбдезұлы 
 
 
 
Құрастырушылар: А.Темірболат, А.Жүсіпова, Ш.Шортанбаев. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«ХХІ  ғасырдағы  филология  ғылымы:  мәселелері  мен  болашағы»  атты  халықаралық  ғылыми 
форум  материалдары / құраст.:  А.Темірболат,  Ш.Шортанбаев,  А.Жүсіпова. - Алматы: «Қазақ 
университеті», 2014. -  б. 
ISBN  
 
Жинаққа 16.05.2014 жылы  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінде  өткен  «ХХІ  ғасырдағы 
филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми форум материалдары енгізілді. 
Жинақ әдебиеттанушы, тілші  мамандарға, жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттарына арнал-
ған.     
 
 
 
 
 
© А.Темірболат, Ш.Шортанбаев, А.Жүсіпова, 2014 
ISBN                                                                                                                                                       
     © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014 
 
 
 


 
ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫНЫҢ  
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
______________________________________________________________ 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тұрсынбек Кәкішұлы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
профессоры, филология ғылымдарының докторы 
 
АТА ЖЫРАУ 
 
 
Құдая  тәубе, Қазақстанға   аспаннан  түскен  тәуелсіздік  еліміздің  өткен  тарихын  біліп  алуға, 
зерттеуге  қуаныш – шаттықты көзге  елестететін  тойлар  өткізуге  мүмкіндік  берді. Кеңес  заманын-
да  қазақ  деген  атауды  ептеп  елжірей  айтсаң  «ұлтшылсың» деп  тап  беріп  таңба  басатын, жәбір – 
жапа көрсететін  қисынсыздық  түгелдей  болмағанымен, саябырси  бастағанының  өзі  тарихымызды  
білуге, елдігіміздің  ерекшелігін  тануға, сөйтіп  ұлттық  намысымызды  оятуға  мүмкіндік  бергеніне  
қуанып  жүрміз. Ұзағынан  болғай!  
ІҮ  ғасырға  жуық,  яғни 360 жыл  құлдық  психологияда,  көрінгеннің  табанында  езіліп,  аузына  
қарап  күн  көруге,  қабағына  қарап  сөйлеуге дағдыланып  қалғанымыз  азаттық  дәуірде  сезілмей-
ді, елпілдеп тұратынымыз  кәзір байқалмайды  деп  ешкім  айта  қоймас. Әйтеуір  келгеніне  ширек  
ғасыр болған азаттық  еңсемізді  көтеруде. Оның  нақты  көрінісі  ата – бабамыздың, өнерпаздары-
мыз бен  батырларымыздың, хан  мен  қаралардың  дүниеге  келген   жылын, күнін,  жасаған  жақсы-
лықтары  мен  ерліктерін  атап  өтуде  басқа  елдерден  асып  түспесек,  кем  қала  қойған  жоқпыз. 
Тіпті  асырып  жіберіп, той – домалақтың бағасын  төмендетіп  бара жатқан  жоқпыз  ба  деген  ой  да  
қылаңдап    қояды!  Бұған    өзіміздің   дарақылығымыз    бас    болса,  жөн – жоба,  ұят – аят  дегендерді  
ретке  салып  отыратын  жүйеліліктің  де  жетіспей  жатқаны  себепкер  шығар.  
Өткен  бабаларымызды  құрметтеу  кезінде  әрқайсысының  елге  сіңірген  еңбектері  мен  артын-
да  қалған  мұраларының  салмағы  мен  ғибраты  міндетті  түрде  есепке  алынуы  шарт. Әйтпесе  
тарихи    оқиғаның    қою – сұйығы,  ауыр–жеңілдігі,  парасаттылығы  мен  парықсыздығы    араласып  
кетіп  жатқаны  да  жоқ  емес. Осы  тұрғыдан  келгенде  өкімет  тарапынан  мән  беріліп  тізімге  түс-
кендердің  республикалық  деңгейде  аталатын, тұлғалар жайлы арнайы  шешім  жасағанның  ешбір  
артықтығы,  сөкеттейтіні    жоқ.  Атақты  тарихшы,  академик    М.Қозыбаевша    айтсақ, «біз    соңғы    он  
жыл  шамасында, әсіресе  тәуелсіздік  алған  жылдары  ата – тарихымызға үңілу  үстіндеміз.  Оның  
басты    себебі – Ресей  империясы    тұсында    тарихымызды    отаршылдар    жазды,  советтік    заманда  
Қызыл  империяның  мүддесіне  негізделіп  жасалды» (Манаш  Қозыбаев. Тұлғалар   тұғыры. 2009. 
244 бет)  деген  сүбелі  ойды  айтқан  еді. Манаш  большевиктік  идеологияның  тоқпағын  біраз  соқ-
са  да  өз  халқына  жаны  ашығандықтың  белгісін  сездірген  кезде  талай  сөгіс  естіп,  сөзге  қалуды  
басқалардан  көп  көріп, марксшіл  тарихшылардың  ішінен  шындықтан  қорықпай,  шын  ой – пікі-
рін айтқан, соған  жету  үшін  өмір  тауқыметін  талай  тартқан, сөйтіп  ұлттық  таным,  намыс  дең-
гейіне  алғаш  жеткендердің  бірі  болған, ірі  азамат еді. Бұрынғыдан  әлі  күнге  дейін  арыла  алмай  
келе   жатқандарымыз   кәзір де  жоқ  емес. Соның  нақты   көрінісі   мектепте   оқытылатын  оқулық-
тарымыздан әлі  күнге  дейін ескі  ізден  арыла  алмай  келе  жатқандығы  дер  ем. 
Тәуелсіздік  бізге  таусылмайтын  қуаныш – шаттық әкелді. Оны  жыл  сайын  өтіп  жататын  той 
– домалақтардан көріп  жүрміз. Басқа  елде де  осылай  ма екен,  әлде  табаны  күректей  төрт  ғасыр  
бойына  көрінгеннің  құлы  болып,  табанда  езілген  кездеріміздің  есесін  қайтарайық  деп  жатыр-
мыз   ба,  әлде   болар-болмас  шындықты   сылтау  етіп    өтірік   пен  адам   айтпас   хикаяны  ойлап  
тауып,  жылына  сансыз  той  өткізгенімізге  мәз  болып  жатқан  жоқпыз  ба?! Мұндай  көріністер  


 
елдің  жай – күйін есептемейтін  басшылар  үшін  жұмақтың  көрінісіндей  болып, ештеңені  ойлат-
пауы  да  ғажап  емес.  
«Елім - айды» білмейтін  естімегендер  қазақтың соңғы  шоқына  бастаған,  тілін  ұмыта  бастаған-
дары  болмаса,  төрт  ғасырдай  зарлана  айтылатын  халықтық  гимнді  білмейтіндер  аз  болар. Оның  
авторы  кім  дегенге  қателескендер  де,  білмейтіндер  де,  тіпті  қысыр  есеппен  пікір  айтатындар  
да, ол  фольклорлық  бегіне  ғой  дейтіндер  де  кездесіп  жатады. 
Мен  өзім  тарихи  деректерсіз  сөйлеуді,  пікір  толғауды  білмейтін  пенде  болған  соң,  бұрын-
ғының  үстіне  көп  құжаттарды  қарастырдым. Әсіресе  қазақ  тарихшыларының  пікірінен  Манаш  
Қозыбаевтың  ізденістеріне  қол  қоятынымды  жасырмай  айтатын  болсам, ҚазССР  Ғылым  акаде-
миясының  тарих, археология,  этнография  институтының  директоры  болып  тұрған  шақта  тарих-
қа,  оның  ішінде  қазаққа  жаны  ашитын  зиялыларын, профессорлар  мен  академиктерін  «Қожа-
берген  жырау  Толыбайсыншыұлының  Отан  тарихы  мен  қазақ  поэзиясында  алатын  орны»  деген  
тақырыпта  республикалық  ғылыми – теориялық конференция  өткізу үшін  сонау  солтүстік  өлкеге  
назар  алып баруы, ойлантуы   әшейінгі  рушылдықтың  белгісі  емес.  Қожабергентану  ілімін  қа-
лыптастырудың  нақты  қадамы  болған  еді. 
Мен  өзім  бұл  процеске  тоқсаныншы  жылдары  араласып,  профессор  А.Күзембаев  басқаратын 
заң  институтының  басшысынан  Қожабергеннің, Сегіз  серінің  өлең – жырларын жинап  бастыруға 
аспирантым  М.Дастанбаеваны  жіберіп,  біраз  қозғау  салғанмын.  Және  Сегіз  сері  жөнінде  канди-
даттық  диссертация  жазған  марқұм  дарынды Төлеш  Сүлейменовтың  кітап  шығаруына  демесін  
жасағанмын.  Сол  кезден  басталған  ізденіс  бүгінгі тарих, этнография  институты  2013  жылы  нау-
рыз  айында  Алматыда  өткізген  үлкен  ғылыми  конференцияға  жалғасты.  Алда  әлі  талай  белгі-
ленген  шаралар  бар. Яғни  биылғы  жыл  Қожаберген  жылы  болмақ. Мені  айрықша  қуантқаны  
өкіметтің  мәдени- тарихи құбылыстарға  мән  беріп,  халықтық  гимн  авторының  350  жылдығын  
айрықша    атап    өту    жөнінде    шешім    жасағандығы.  Мұны    елдігіміздің,  ұлттық    танымымыздың  
тамыр  жая  бастауының  алғашқы  нышаны  деп  қабылдаған  жөн.  Оған  дәлел  қандай. Төрт  ғасыр  
бойына  жылап-сықтап келген  қазақтың  «Елім-айды» білмейтіні  жоқ.  Әрине,  Кеңес  кезінде  ин-
тернационализм  ұранын  айғайлап айтып, ұлы  державалық  шовинизмге  айналдырса,  орыс  тілі  ар-
қылы  совет  халқын  жасамақ  болған  пиғылдың  алдыңғы қатарында болдық қой. Азаттық келгенде 
теңдікті  сезіне  бастауымыз  есімізді  жиюға  мүмкіндік  беріп  отырғанын  ұлттық  намысы-мыздың 
оянуына  пайдаланайық.  Заман  әрқашан  бірқалыпта  тұрмайтындығын  енді  түсінбесек,  онда  ел-
дікпен  қош  айтысар  сәттер  алда  да  аз  болмас. 
Осыншама  кіріспе  жазатын  Қожаберген  кім  еді,  одан  қалған  мұраның  бүкіл  қазақ  үшін  
қандай  қасиеттері  бар  еді  деген  мәселеге  қысқаша  болса  да  жауап  беруге  ұмтылғанымыз  жөн  
болар. 
Ең  алдымен  кәрісі  бар, жасамысы  бар  бүкіл  қазақтың  «Қаратаудың  басынан  көш  келеді,  
Көшкен  сайын  бір  тайлақ  бос  келеді,  Ел – жұртынан айрылған  жаман  екен,  Мөлтілдеп  екі  көз-
ден  жас  келеді»  дегенді  қазақтың зарлап  айтпағандары  кем. «Ұжмақ»  орнаған  Кеңес  заманында   
зорлықпен   тілден  айрылғандардың  арасынан  «Елім-айды» естімегендерді  іздеп  табу  қиын емес.   
Халықтық    мұңға,  ұлттық    гимнге    айналған    шығарманы,  шығарма    емес – ау,  бір    ұлттың  
таным – түсінігінде,  есінде  жүретін  «Елім-айдың» дұрыс  бағаланбауы,  оны  шығарған  дарынның  
тарихтан  ойып  тұрып  орын  алмауына  не себеп  болды  дегенге    Қозыбаевтың  пікірін келтірейік:  
«бірінші  -  Қожаберген  баба  орыс  империясына  ашық  қарсы,  оның «Елім-айы»  империяға  қарсы  
туынды, екінші – қазақ хандарының  төре  тұқымынан  сайлануына  қарсы»  дегеніне  өз  танымымыз 
тұрғысынан  қосарымыз,  үшінші,  жалпы  қазақтың  демей-ақ  қояйын,  ел  сөзін  айтатын  билікке ие 
төре-қаралардың,  басшылардың,  зиялылардың    саясатшылдығы    еді  деп    түсінген    орынды    болар.  
Елдің  рухани  сусыны,  аттанар  өрісі  болған  «Елім-ай» әнінің, жырының,  дастанының  иесі  Қожа-
бергеннің    тарих    қалтарысында    қалып    қойғанын    мойындасақ    онда    рухани    жағынан    шығын-
далғанымыз  өте  мол  және  ірі  болғанын  көреміз,  өкінішіміз  өксітпей  қоймайды. 
Бүкіл халықтық гимннің қасиетіне дер кезінде жетпеуіміз біздің бүкіл мәдениетіміздің  орынсыз  
датталуына  әкеп  соқты.  «Жазуы  болмаған  елде  қандай  мәдениет,  әдебиет  болмақ?»  деген  евро-
центристік  көзқарас  біздің  қазақ  хандығы тың,  тұрақты  мемлекеттігімізді, батыс  елдерінен  әлде-
қайда  бұрын  салтанат    құрғанымызды  ай  алмай,  соңғы  төрт  ғасыр  бойына  бөтеннің  қасы  мен 
қабағына қарап, емеурінін бағумен өткізгеніміз ең өкінішті дәуір демеске шараң жоқ. 
Осы өкініштің жалғасына да кездесіп  отырмыз. «Халық  сөзі» газетінің 1913 жылы 12, 19  сәуірде 
шыққан  екі  санындағы (23,24) «Қолдан  қаһарман  жасаудың  халыққа  қанша?  Немесе  соқпал 
Жұмабаев фантастикамен ойпалысса  көп жетістікке  жетер мед?» деп мақала оңға бұрылған қадамға 
тағы  да  күдік  келтіріп,  дау-дамайға  шақырып  жатыр.  Мақала  авторы  профессор  Жамбыл 


 
Артықбаевтың  осы  уақытқа  дейін  шақырған  еңбектеріне,  әсіресе    қазақ  тіліндегі  дүниелерді  оқып, 
қажетті  кезінде  пайдаланып  жүретініне  ішім  жылып  жүруші  еді.  Соңғы  кезде  ғана  ашылған  дар-
базаның есігін  шатастырып алғаны қайта өкінтіп отырғанын жасыра алмаймын.  
Қазақта  не  көп  аттастар  көп.  Бір  Жәнібекті  атасаң  ғана  да,  қарасы  да,  батыры  да,  болушы  ол, 
ақын-жырауды да қосақтап шыға келеді. Ал тарихта қалған Қожабергендер  де аз емес. Жамбылдың 
өз сөзімен айтсақ, «менің білетінім «Дауылпаз баба – Қожаберген жырау» өмір сүрген жүз жылдықта 
(1663-1763  жылдар)  тарихи    құжаттар  мен  елдің  аузындағы  әңгімеге  мысал  болған  бір  ғана 
Қожаберген  белгілі.  Ол  он  екі  ата  Абақ  керейдің  ішінде  Шұбайғырдан  шыққан  Қожаберген  батыр. 
Басқа да Қожабергендер болған шығар, бірақ елдің есінде қалғаны тарихи құжат бетіне іліккені  сол. 
Оның өзінде 1765-1757  жылдардағы қазақ-қытай соғыстарының арқасында» депті. 
Екінші: «Қазақ тарихында Қанжығалыға  ұран болған Толыбай сыншыдан басқа Толыбай сыншы 
жоқ» («Халық сөзі» №23.12.О4.2313) деп  түйіндейді.  
Қазақстанда  Сарыарқаның  солтүстігін  Ашамайлы  керей  елі  жайлайтынын,  басқаларды    былай 
қойғанда,  классиктеріміз  Сәбит  пен  Ғабит  сол  рудан  өрбитінін  білмейтіндерге  не  айтарымды 
білмеймін. Әсіресе Толыбай сыншының әйгілі Жалантас баһадүрдің  апасы Жамалдан 2О ұл, кенжесі 
Қожабергенді  көргені  белгілі.  Яғни  Толыбай  сыншы,  оның  ұлы,  қазақтың  ерен  энциклопедиялық 
тұлғасы Қожаберген  Абақ керейдің  Шұбайғырынан емес, солтүстік Қазақстан  облысын  мекендеген 
Ашамайлы керейдің көшебесінен туғандығы тарихшыны шатастырған. 
Бір  ғажабы  тамаша  әулеттің  негізін  қалаушы  Толыбай  сыншы,  өз  кезеңінің  ғажап  тұлғасы 
Қожаберген,  оның  тамаша  ұрпағының  әсіресе  Сегіз  Серіні  тіпті  тарихта  болмаған,  өмірге  келмеген  
деген  жалғандықты  айтушыларға  тарихшы  Жамбыл  Артықбаевтың  екпіндеп  қосылуы  қалдырады. 
Ойланыңдар ағайындар. 
 Сіздер  мені  жаңа  ғана  оянған  екен  деп  қалмаңыздар.  Еленбей  жатқандардың  бәрін  біліп,  үн 
қосып  отыруға  ешкім  де  міндетті  емес.  Алайда,  елдіктің  шылбырын  ұстап,  ірі  азаматтық  танытқан 
ұлы дарынның даңқын елемеу шығып жатқан мұрасына дұрыстап назар аудармау әрине кешіре қояр 
жай    күнә  емес.  Тіпті  қазақ  елінің  осыншама  ұлан-байтақ  жерге  ие  болып,  өзінің  ұлттығын  сақтау 
жолында Қожабергеннің ұлы қолбасылық қызметін атқарғанына жеңіл-желпі қарауға болмайды.  
Қазақ  халқының  оның  ұландарының адамзат тарихында ірі де мәнді істерді тындыра білгендігі 
дерексіз емес қой. Әз Тәуке хан  тұсында жазылған, атақты  би  Төле, Қазыбек, Әйтекелермен ақыл-
даса  отырып, “Жеті  жарғыны”  дүниеге  әкелген  кемелділігін,  бес  жыл  бойына  елшілікпен  айна-
лысқанын былай қойғанда   (1688 жылдан 1710),  23  жыл  бойына қазақ, ноғай, қарақалпақ  халық-
тарының  біріккен  қолына  сардар  болып,  өз  еркімен  қолбасылықты    қалың  қауымның  алдында 
Түркістан қаласында қанжығалы Бөгенбай батырға тапсырғанын қалай ұмытармыз. Мемлекеттік істі 
ұзақ  жылдар  атқардым  дей  салу  қиын  болмағанмен  Әз-Тәуке  ханның  қарсылығына  қарамай 
болашағы зор батырға сардарлықты ел көзінше табыс етуі әшейінгі пенденің қолынан келе бермейтін 
ерлік  қой.  Қаракерей  Қабанбай,  қанжығалы  Бөгенбай,  шапырашты  Наурызбай,  Ер  Жәнібек  пен 
Тұрсынбай батырларға   ақылшы  болу, үлгі көрсету аз абырой болмаса керек. 
Қазақ елін орысқа да, қытайға да жем қылмай, тәуелсіздігін сақтай білген Абылайдың батырлары 
әңгімеге араласып жатқан соң 1879 жылы шыққан кітапқа дұрыстап мән берілмегенін айта кетейін. 
Ол әрі ақындықтың, әрі ақылдылықтың, әрі көрегендік пен мәрттіктің куәсі болуға жарайтын дерек. 
Ыбырай Алтынсарин өзінің “Қырғыз (қазақ)  хрестоматиясында”  Абылай ханға арнаған тарауда 
“Қожаберген жырауға Абылай: “мені мақтап жыр айтшы” дейді. Қожаберген айтты: - Абылай, сені 
мен көргенде тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің. Әбілмәмбет ағаңа қызметші болған ұл едің. 
Үйсін Төле билердің түйесін баққан құл едің. Сен жиырмаға келгенде ақ сұңқардай түледің. Алыстан 
тоят  тіледің.  Ақтан  болды  құніңіз,  арсы  мен  құрсіге  тау  таласты  үніңіз.  Енді  сіздің  бұл  күнде  бір 
көшеге  сыймайды,  азаптерде  құлыңыз”  (Ыбырай  (Ибраһим)  Алтынсарин. “Қазақ  хрестоматиясы”.  
Алматы. “Білім” баспасы, 2003 жыл. 13 бет ) . 
Осы идеяны жырға айналдырған  Бұқар жырау, оның кейіпкері Абылай бүкіл қазақ халқына күні 
бүгінге дейін қазақ елінің ұлылары, данышпандары ретінде  өмір сүріп келе жатқанын ескерсек, онда 
Бұқардың  өзі  Қожабергеннің  шәкірті  болғандығы, “Қожаберген  ұстазым”  деп  мақтанатыны  тек 
өнерпаздық тұрғыдан ғана емес, тарихи  тұрғыдан да құнды ғой. Олай болса, адалдық тұрғыдан  да, 
адамгершілік  келбеттен  де  жалғыз  төңірегін  ғана  емес,  бүкіл  елін  ұйыта  білген  данышпандығының 
еленбеуіне  таң  қалмасқа  болмас.  Қожаберген  қол  бастаған  сардар  ғана  емес,  сөзге  құдірет  бітіре 
алған ақын,  үнге жан салған сазгер,  айтқанына елді сендірген дастаншыл жырау болғандығын естен 
шығаруға болмайды. 
Қожаберген  қайраткерлігін  жіліктей  бастасақ  “Елім-айды”  шығарған  сазгерлігі  алдымен  әуен 
ұйқастылығына,  сөз  үйлесімдігіне  негізделгені  айдан  анық.  Олай  болса,  азаматтық  келбетін  ай-


 
қындай  түскен  батырлығы,  батылдығы,  сардарлығы,  мәмілегерлік  қайраткерлігі  ұйқасты  сөзбен 
көмкерілгені,  әсіресе, “Елім-ай”, “Баба тіл”   дастандары, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” , 
“Жақсылық пен жамандық жайында хикая”, “Ата тек” , “Әулие Қойлыбай”  сияқты дастандарының, 
қисса-толғауларының, “Абылай ханға айтқан ақылы”   қара сөзбен болсада ұйқасқа негізделуінің өзі 
оны кемеңгер ақылдықтың  ғана емес, ақындықтың биігінен көрсетері сөзсіз.  
Сөз  өнері  арқылы  сыртқа  шығып,  елдің  таным – біліміне  арқау  болған  Қожабергеннің  тарих-
шылығын айрықша атау керек. Өкінішке орай,  Евроцентристік теорияға әбден берілгендіктен фоль-
клорлық  туындыларды  көркем  сөздің  екінші  сорты,  еріккеннің  әшейінгі  ермегі  деп  түсінудің  қыр-
сығы  оның  ел,  жұртқа  жеткізіп  жатқан  дерек  шындықтарына  мән  бергізбегені  өкінішті.  Осы  өкіні-
шіміздің кейбір мезеттерін атақты ғалым Ақселеу Сейдімбековтың «Қазақтың ауызша тарихы» деген 
тамаша еңбегін де еленгенінің өзі қуанышты. Ал архивтік өзектерге әбден иманын беріп қойған орыс 
тілді  тарихшыларымыз  қазақтың  жыр – дастандары  мен  қиссаларын,  аңыздарын  оқи  алмағандары 
өкінішті.  Олардың    мән-мағынасын  білмегендері  елді  өз  тарихынан  мақұрым  қалдыруға  дейін 
апарғанын  енді  қысылмай  айтуымыз  керек.  Тәуелсіздіктің  арқасында  “Мәдени  мұраның”  ақтаруға 
қолымыздың жеткеніне қуанғанайық.  
Мен  мұны  Қожабергеннен,  оның  жасампаз  ұрпақтарынан  қалған,  соңғы  уақытқа  дейін  еленбей 
келген том-том әдеби көркем шығармаларды ежіктей оқудың нәтижесі арқылы айтып отырмын. Ұлы 
аңданпаздығымен,  ақындығымен  қатар  Қожаберген  жырау  өз  заманының  ғана  емес,  өзіне  дейінгі 
дәуірлердің шежіресін дәйектеп жасаған ұлы ғұлама тарихшы екенін енді бағаламасақ, онда біздердің 
зиялы елміз дегеніміз шындықтан шалғай жатқан жалғандық, қып-қызыл өтірік болып шығады. 
Бұл  мәтінді  ойды  ежіктеп  таратпай-ақ  тек  сүбелі  де  мәнді  тарихи  оқиғаларды  Қожабергеннің 
қалай  жеткізгеніне,  айтқанына  назар  аударайық. “Баба  тіл”  деген  дастанда  тарихшы  Әбілғазы 
Бәһәдүр (1603-1663)  өзінің  “Түрік  шежіресі ” еңбегінде  қазақты  атамай,  Үш  жүз  деген  атаудың 
сырын  ашпай  кеткенін  сынап, “Айналайын,  Үш  жүзім,  Әбілғазыға  налыма,  шежіресі  бар  елімнің, 
қоймаспыз  жатқа  жалына”  деп  алады  да, “Шыңғыс  ханнан  көп  бұрын,  қазақ  пен  үш  жүз  бір  атау”  
деп  ой  түйгенін  естен  шығармайық.  Жойқын  Жоңғар  шабуылына  дейінгі  дәуірді  “Өткен  кезең” 
дастанында  тарата,  тіпті  ежіктей  баяндап,  бүкіл  Сібірді  жайлаған  елдерді,  әсіресе,  татарлардың  әр 
тайпасына  дейін  таратып,  қазіргі  айтылып – жазылып  келгендердің  шындықтан  алыс  екенін  көзге 
елестетеді. “Жасымда жасап сан жорық, Байкөлден асамен бардым. Ордабасы боп жүріп, көп ел мен  
жерді таныдым”  дегенін дастанның әр тарауынан ғана емес, тіпті әрбір шумағынан аңғарып, тарих 
тереңіне сүңги бересің. Қалмақтардың ата- бабасына дейін таратып шығады. Ол аз болса, «Ойғырдың 
анасы – Қытай,  атасы-Түрік,  соқтығып    Қытаймен  көрші  тұрды  жиенсініп.  Қарақалпақ  ағайынға 
шетінен жұртымызға салды бүлік. 
      Дүнгеннің апасы – Қытай, атасы – Араб. 
      Жатпады олардағы текке қарап, 
      Ұрынып Найман, Қоңырат, Жалайырға 
      Мазасын кетірді елдің шабуылдап,-  
деген сияқты  шумаққа бүкіл Байкал, Сібір өңірін ғана емес, әр ру тайпаның тегін де, көшіп қонуын 
да дәлелді баяндайды. Осы тұрғыдан келгенде біздің қазақ тілін білмейтін қандас тарихшыларымыз 
ауыз  әдебиетінің  үлгілеріне  айрықша  зейін  салып,  халық  тарихын  бөтендердің  айтқанымен  емес, 
өздерінің танымымен ғасырлар қойнауындағы шындықты бүгінгі ұрпаққа жеткізуі керек.  
Міне, Қожаберген  жыраудың  ғұлама  тарихшылығын тек осыдан  ғана  танып  қоймай,  бүкіл  ауыз 
әдебиеті үлгісіне тарихи – мәдени тұрғыдан қарау қажеттігі өзінен өзі көкейге оралады. Қожаберген-
нің  өнерпаздығын  әнші,  күйші,  болды,  айтқыш  шешен,  емші-  балгер,  тілші,  палиглот  болды  деп  
тарата  бергенше  қазақ  халқына  белгілі  болған  өнерпздардың  біразына  ұстаз  болғандығын  айтып, 
өткен тарихтың қыр – сырын дұрыс аңғарту арқылы ғұлама ұстаздың деңгейіне көтерілгенін көреміз. 
Батыр – бағландар әрине Қожаберген сардардың ығына жығылып, көз қиығына қарағанын былай 
қойып,  әр  шығарманың  мән – мағынасына  шырақ  қойып  қарайтын  болсақ,  сөз  зергерлігінің  өзін 
қазақтың ұлы ақыны С.Торайғыровтың ойымен түйіндейік. 
         Толыбайсынның баласы Қожаберген 
         Тарихынан оғыз – түрік хабар берген. 
         Үмбетей, Бұқар жырау, Тәтіқара 
         Үшеуі Қожабергеннен үлгі көрген,- 
дегенін немесе Қожаберген бабамыздың үлгісі дарыған қазақтың сөз өнерін 20 том көлемінде жинап, 
бүгінгі ұрпаққа жеткізіп кеткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының: 
         Қолбасы, ақын-  жырау һәм елші, би 
         Шығарды   “Елім-айдай” тамаша күй, 


 
          “Елім-ай” әні мен жырындағы 
         Шығарған Қожаберген бабаңды сүй,-  
дегенін ұмытпау керек. 
Тарата берсек бабамызға айтылар сөз де жетеді, ой – пікір де аз болмас. Кештеу болсада осы игі 
іске  мұрындық  болған  тарихшы  Манаш    Қозыбаевты  есте  тұтып,  Қызылжар – Петропавл  қаласын-
дағы  халықаралық  “Жеті  жарғы    һәм    Қожаберген    жырау”  қоғамдық  қорының  атқарып  жатқан 
істерін  айрықша  атау  шарт.  Қазір  Қазақстанда  қорлар  көп.  Олар  бірді – екілі  елеулі  шараларды 
өткізіп, ата-бабаларының ру, ата, ауыл болып, мүшелді тойын өткізумен келе жатыр. Тігілген үйдің, 
сойылған малдың, тартылған табақтың аз – көптігіне қарай күйінетіндер де, күндейтіндер де аз емес.  
Ал  мына  өзінің  заңды  да  тарихи  атын  айтып  ала  алмай  отырған  Қызылжар  қаласындағы  қорды 
Қазақстанның  еңбек  сіңірген  заңгері,  профессор  Бекет  Тұрғараевтың  ұйымдастырғанына  жалғыз 
Қожабергеннің  ғана  емес,  солтүстік  өңір  өнерпаздарының  мұраларын  жалықпай,  жасы  келіп  қал-
ғанына қарамай, қажымай жинап, баспаға өткізіп, кітап етіп шығарып жүрген уақ Соқпал Жұмабаев-
тың еңбекшілдігін, азаматтылығын айрықша айтуымыз керек. 
Тарихымыздағы  ерен  энциклопедиялық  тұлғаның  артына  тастап  кеткен  мұрасы  енді-енді  ғана 
қолға  алынып  жатқандықтан  көрген – білгенімді,  архив – мұрағаттан  тапқанымды  жайып  салуға 
дайынмын. Өзіңді – өзің қадірлеп құрметтемесең, басқа біреу сенің жоғыңды жоқтамайтынын әсіресе 
бүгінгі  жастар  мықтап  ұғып  алғаны  дұрыс.  Ол  үшін  ресми  Қожабергенбану  орталығын  ашып, 
азаматтық  және  өнер-әдебиет  тарихтарына  арнайы  монографиялық  тараулар  мұраларын  жариялап, 
жазып, қасиетті есімімен, ауыл-кент, көшелері аталып, өткенге кетпейді еріксіз бейнелері қойылып, 
Петропавл түрде өзінің тарихи атауына ие болып, қазақ елінің тың тәуелсіз екендігіне куә болайық. 
Елдің тілегі осы.  
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал