Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых



жүктеу 88.68 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.02.2017
өлшемі88.68 Kb.
түріСборник

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер мен жас ғалымдардың 

«Ғылым және білім - 2014» 

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының 

БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ 

 

 

 

 

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ 

 

IX Международной научной конференции  

студентов и молодых ученых 

«Наука и образование - 2014» 

 

 

 

 

PROCEEDINGS 

of the IX International Scientific Conference  

for students and young scholars 

«Science and education - 2014» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 жыл 11 сәуір 

 

Астана 

УДК 001(063) 

ББК 72 

Ғ 96 

 

 



 

 

Ғ 96 



«Ғылым  және  білім  –  2014»    атты  студенттер  мен  жас  ғалымдардың  ІХ 

Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция 

студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International 

Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014». 

–  Астана: 

http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/

,  2014.  –  5830  стр. 

(қазақша, орысша, ағылшынша). 

 

ISBN  978-9965-31-610-4 



 

 

 



 

 

 



 

Жинаққа  студенттердің,  магистранттардың,  докторанттардың  және  жас 

ғалымдардың  жаратылыстану-техникалық  және  гуманитарлық  ғылымдардың 

өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген. 

 

 

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and 



young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities. 

 

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых 



ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук. 

УДК 001(063) 

ББК 72 

 

 



 

 

ISBN 978-9965-31-610-4 



©

Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті, 2014 


 

5028 


 

3.Қазақстан Республикасының «Неке (Ерлі-зайыптылық)және отбасы»туралы Кодексі 

4.ҚР-ның 2002ж 8тамыз «Балалар құқығы туралы»Заңы 

 

 



 

 

УДК 342.722:05.83  



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ АЯСЫНДАҒЫ 

ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ ҚҦҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН КӚТЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҦЛТТЫҚ ТӘЖІРИБЕ 

 

Тукешова Айнур Сатибековна. 

 atukeshova@mail.ru 

Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ, Заң факультетінің магистранты  

Ғылыми жетекші – Ж.Бұсұрманов 

 

Бұл  мақала  әйелдердің  саяси  құқығы  және  олардың  ерлермен  саяси  тең  құқығы 



мәселелеріне байланысты, әйел құқығын қорғау және тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің 

мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және 

мемлекет  пен  қоғам  ӛмірінің  барлық  салаларындағы  гендерлік  теңдікке  жағдай  жасауға  және 

әйелдерге  қатысты  кемсітудің  барлық  түрлерін  жоюға  бағытталған  БҰҰ–ның  мыңжылдық 

декларациясы,  әйелдерге  қатысты  кемсітудің  барлық  нысандарын  жою  туралы  конвенциясы, 

әйелдердің  саяси  құқықтары  туралы  конвенциясы  және  тағы  басқа  осындай  халықаралық 

келісім-шарттарды  басшылыққа  ала  отырып  әйел  құқығына  қатысты  негізгі  принциптер  мен 

нормаларды  белгілейтін  Қазақстан  Республикасының  заңнамалары  мен    әйелдер  мен  ерлердің 

теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыруы нәтижесінде әйелдердің саяси 

құқықтық мәртебесін кӛтеру туралы болмақ.  

Әйелдердің  саяси  құқығы  және  олардың  ерлермен  саяси  тең  құқығы  мәселелерімен 

Әйелдердің  жағдайы  жӛніндегі  комиссия  айналысқан.  Бұл  ретте  әйелдерге  саяси  құқық  беру 

мәселесі басым түсті.  

1950  жылы  Әйелдердің  жағдайы  жӛніндегі  комиссия  Әйелдерге  ерлермен  бірдей  саяси 

құқық  беру  туралы  конвенция  жобасын  әзірлеуге  БҰҰ-ның  Бас  Хатшысына  ӛтініш  білдірді. 

1952 жылы Бас Ассамблея Әйелдердің саяси құқығы туралы конвенцияны  қолдады. Қазақстан 

Республикасы бұл конвенцияға 1999 жылы 30 желтоқсанында қол қойып бекіткен болатын. 

Әйелдердің саяси құқығы туралы конвенция «әр адамның тiкелей немесе еркiн сайланған 



өкiлдерi арқылы өз елiн басқаруға қатысуға құқығы және өз елiнде мемлекеттік қызметке тең 

рұқсат  етiлу  құқығы  бар  екендiгiн  мойындай  отырып,  сондай-ақ  Бiрiккен  Ұлттар  Ұйымы 

Жарғысының  қаулылары  мен  Адам  құқығының  жалпыға  бiрдей  декларациясына  сәйкес 

еркектер  мен  әйелдердiң  саяси  құқықтарға  ие  болуға  және  пайдалануға  қатысты  жағдайын 

теңестiруге ниеттене отырып» деп, әйелдер құқығы саласындағы бірінші халықаралық құжат 

болып,  әйелдер  құқығын  жаппай  құрметтеу  мен  сақтауға  қол  жеткізуде  әлеуметтік-

экономикалық  деңгейлері  әр  түрлі  мемлекеттер  ынтымақтастығы  мүмкіндігінің  дәлелі  болды. 

Ынтымақтастықтың  құқықтық  негізі  ретінде  де  конвенция  осы  салада  қазір  де  ӛзекті  болып 

отыр [1]. 

Гендерлік теңдіктің жетістігі адами дамудың тұрақты негізгі факторларының бірі болып 

табылады. 2000 жылы Нью-Йоркте ӛткен Мыңжылдық саммитін қоса БҰҰ ең маңызды барлық 

конференцияларының  күн  тәртібінде  гендерлік  теңдік  және  әйелдердің  құқықтары  мен 

мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері енгізілген болатын. Осы оқиға әлем және даму мәселелерін 


 

5029 


 

талдау үшін шақырылған ең жоғарғы деңгейде ӛкілдік жиналыс болды.  

Қазақстанда гендерлік статистика мәселесіне жоғары кӛңіл бӛлінеді. 2006-2016 жылдарға 

гендерлік  теңдіктің  Ұлттық  стратегиясында  әр  мәлімделген  бӛлімі  бойынша  толық  гендерлік 

статистика және гендерлік индикаторларды толық жетілдіру мәселесіне жеткілікті жоғары назар 

аударылған стратегиялық міндеттер мен іс-әрекеттер қаралады. 

Әйел  құқығын  қорғау  және  тең  құқықтары  мен  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ету 

Oмбудсмен қызметінің басымдық бағыттары болып табылады.  Әйел құқығын қорғау саласында 

негізгі  осы  заманғы  мәселелердің  бірі  әйелдерді  қоғам  ӛмірінде  екінші  кезектегі  орын  алатын 

теңсіз құқықты субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады. 

Тіпті  орталық  мемлекеттік  органдармен  жұмыста  да  біз  гендерлік  қағиданы  түсінбеушілік, 

халықаралық  құқық  қорғау  стандарттарын  білмеушілікпен  кездесеміз:  әйелдер  құқығын 

қамтамасыз  ету  саласында  жұмыс  істейтін  мемлекеттік  қызметшілердің  бәрі  бірдей бүгінде  ӛз 

қызметінде БҰҰ–ның 1979 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған «Әйелдерге қатысты кемсітудің 

барлық  нысандарын  жою  туралы»  Конвенция  ережелерін,  оның  үстіне  Қазақстанға  қатысты 

тиісті  Комитеттің  ұсынымдарын  басшылыққа  алмайды,  кейбірі  Республиканың  халықаралық 

құқыққорғау  міндеттемелерінің  басымдық  сипатын  сезінеді. Алайда,  осы  Конвенцияның  1-

бабында  әйелдерге  қатысты  кемсітуге  мынадай  анықтама  берген  ««әйелдерге  қатысты 



кемсіту»  ұғымы  әйелдердің  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени,  азаматтық  немесе  кез-

келген басқа салалардағы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын олардың отбасылық 

жағдайына  қарамастан,  ерлер  мен  әйелдердің  теңдігі  негізінде  пайдалануын  немесе  іске 

асыруын әлсіретуге немесе мойындалуын жоққа шығаратын жыныс белгісі бойынша кез келген 

айырмашылық, қоспай қою немесе шектеу дегенді білдіреді» [2].  

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен 

Қазақстан  Республикасында  2006-2016  жылдарға  арналған  гендерлік  теңдік  Стратегиясы 

бекітілді. 

Стратегия  мемлекеттің  гендерлік  саясатын  іске  асыруға  бағытталған  маңызды  құжат, 

мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оны іске асыру мониторингтеу құралы, демократияны 

дамытудың маңызды факторы болып табылады. Стратегияны іске асыру  әйелдер мен ерлердің 

ӛз құқықтарын бірқалыпты іске асыруы үшін жағдай жасауға жәрдемдесетін болады және 2006 

мен  2016  жылдар  аралығындағы  кезеңде  ерлер  мен  әйелдердің  тең  құқықтары  мен  тең 

мүмкіндіктеріне қол жеткізу жӛніндегі міндеттерді шешуді кӛздейді. 

Стратегия  билік  құрылымдарындағы  әйелдер  мен  ерлерді  теңдестіруді  қарастырады. 

Оларға экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, ӛз бизнесін дамыту 

және қызмет бойынша ӛсу, білім беру саласына гендерлік білімді енгізу, ӛмір сапасын арттыру 

және тұрғындардың ұдайы ӛсімін қамтамасыз ету үшін жасӛспірімдер мен әйелдердің, ерлердің 

репродуктивтік  денсаулығын  нығайту  мен  сақтау,  жынысына  қарай  зорлық-зомбылық 

кӛрсетпей,  отбасындағы  міндеттер  мен  құқықтарды  тең  дәрежеде  жүзеге  асыру  үшін  жағдай 

жасау жатады [3]. 

Стратегияны  жүзеге  асыру  мақсатында  2009  жылы  қазақстандық  заңнаманың  гендерлік 

бағытын  күшейтетін  2  заң  қабылданды.  2009  жылы  4  желтоқсанда  «Тұрмыстағы  зорлық-

зомбылықтың  алдын  алу  туралы»  Заң  қабылданды,  ол  адамдар  мен  азаматтардың  отбасылық-

тұрмыстық  қатынастары  саласындағы  заңдық  мүдделері  мен  бостандықтарын,  тұрмыстық 

зорлық-зомбылықтың  алдын  алу  және  жолын  кесуде  конституциялық  құқықтарын  қорғауға 

бағытталған. Қабылданған Заң әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу 

және жолын кесу жолында шынайы құқықтық жағдай жасады. 

2009 жылы 8 желтоқсанда ел Президенті «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және 

тең  мүмкіндіктерінің  мемлекеттік  кепілдіктері  туралы»  Заңға  қол  қойды.  Заң  мемлекеттік 

органдар  басшыларына  ерлер  мен  әйелдердің  тәжірибелеріне,  қабілеттеріне  және  кәсіптік 


 

5030 


 

даярлықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін, олардың 

жергілікті  ӛзін-ӛзі  басқару  органдарында,  сондай-ақ  мемлекеттік  биліктің  заңнамалық, 

атқарушылық және сот тармақтарында тең серіктестік қатынастарының сақталуын міндеттейді 

[4, 91]. 

Бұл заңның жетістіктерінің бірі – ерлер мен әйелдерге жынысына қарамай ӛмірдің саяси, 

экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына қатысуларына тең құқық пен тең 

мүмкіндік бере отырып, шынайы қолжетімділікті қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе ретінде 

«гендерлік теңдік» ұғымын заңнамалық тұрғыда бекітуі. 

1979 жылғы Әйелдерді кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның 

3-бабына  сәйкес  «әйелдерге  адам  құқықтары  мен  негізгі  бостандықтарын  ерлермен  теңдік 

негізінде іске асыруына және пайдалануына кепілдік беру үшін қатысушы мемлекеттер барлық 

салаларда,  және  ішінара  алғанда  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  және  мәдени  салаларда 

әйелдердің  жан-жақты  дамуы  мен  прогресін  қамтамасыз  ету  үшін  барлық  тиісті  шараларын, 

заңнамалық шараларын қоса қабылдайды» [2]. 

Гендерлік тең құқықтық саласындағы мемлекеттік саясат, әйелдердің экономикалық және 

саяси  ӛмірге  қатысуларының  кеңеюі,  әлемдік  қоғамдастықта  жоғары  бағаға  ие  болды.  Қазір 

Қазақстан гендерлік тең  құқықтық бойынша жаһандану  рейтингінде 135 елдің арасында 31-ші 

орыннан  кӛрініп  отыр.  Бұл  –  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  салиқалы  саясатының  ӛте 

маңызды нәтижесі. 

 Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  Парламентінде  әйелдердің  саны  жалпы 

депутаттар  санының  24%  құрайды  (сонын  ішінде  Сенатта  –  2  әйел,  Мәжілісте  –  28  әйел).  

Мәслихаттарда – 17,1 % әйелдер. Атқарушы билік органдарында –64000 әйел.  

«Мемлекеттік  қызмет  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  12-бабына  сәйкес 

мемлекеттік  қызметке  кірген  кезде  жынысына  қатысты  қандай  да  бір  тікелей  немесе  жанама 

кемсітуге жол берілмейді. 

Мемлекеттік  қызмет  кадрлары  мониторингінің  мәліметтеріне  сәйкес  2013  жылғы  1 

қаңтардағы жағдай бойынша республиканың билік органдарындағы әйелдер саны – 48378 адам, 

бұл  мемлекеттік  қызметшілердің  нақты  санының  55,7%-ын  құрайды  және  2012  жылдың  1 

қазанындағы  кӛрсеткішпен  салыстырғанда  0,03%-ға,  соның  ішінде  Солтүстік  Қазақстан 

облысында  2964  (немесе  64%)  артқан.  Сондай-ақ  саяси  мемлекеттік  қызметтегі  әйелдер  үлесі 

17%-ды немесе 33 адамды құрап, шешім қабылдау деңгейінде жұмыс істейтіндер 28%-дан асқан 

[4, 94].  

Бүгінде орталық мемлекеттік органдар мен ӛңірлерде барлығы 23454 (25,7%) басшылық 

лауазым бар, оның 9064 (38,6%) әйелдер иеленген. 

Саяси  мемлекеттік  қызметші  лауазымында,  яғни  шешім  қабылдау  деңгейінде  әйелдер 

бар-жоғы 10,3% құрайды.  

Алдыңға  жылмен  салыстыра  қарайтын  болсақ,  мемлекеттің  әлеуметтік  саясатының 

негізгі басымдықтарын жүзеге асыру нәтижесінде: 

1

 



жұмыспен  қамтылған  халықтың  жалпы  санында  (8499,9  мың  адам)  әйелдердің  саны 

4128,7 мың адамды құрады (2011 жылың 4 т. -4116,1 мың адам); 

2

 

жұмыспен  қамтылғандар  құрылымында  жалданбалы  жұмыс  істейтін  әйелдер  үлесі 



68,8 % басым (2842,5 мың адам), оның ішінде ауылды жерлерде - 51,1% (943,5 мың адам); 

3

 



әйелдер жұмыссыздығы деңгейінің жыл сайын тӛмендеуіне қарамастан (2010 жылы – 

6,6%,  2011  жылы  –  6,2%)  –  2012  жылдың  4  тоқсанында  6,5%  құрады,  ол  ерлердің 

жұмыссыздығы деңгейінен (4,1%) асып тұр. Осыған қоса, жұмыссыз халық құрамында әйелдер 

үлесі 60,8% құрады (288,9 мың әйел). 

4

 

экономикалық белсенді әйелдер саны 2012 жылдың 4 тоқсанында 4417,6 мың адамды 



құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңінен 32,2 мың адамға артық. 

 

5031 


 

Әйелдер 


арасындағы 

жұмыссыздықтың 

аса 

жоғары 


деңгейі 

әлеуметтік 

инфрақұрылымның  (балабақшалардың)  жеткілікті  түрде  дамымауы,  әйелдердің  орны  туралы 

дәстүрлі  шектеулер  мен  стереотиптердің  таралуы,  жоғары  отбасылық  жүктемелерден  тӛмен 

еңбек мобильділігі сияқты ерекше жағдайларға байланысты, осыған қоса жұмыссыз әйелдердің 

басым бӛлігі ауылды жерлерде тұрады. 

«2020  Жұмыспен  қамту  бағдарламасы»  шеңберінде  қатысудың  басымдық  құқығы 

ауылды  жерлерде  тұратын  әйелдерге  беріледі.  2011  жылы  Бағдарламаның  қатысушылары  28,3 

мың  әйел  немесе  қатысушылардың  жалпы  санының  (59,1  мың)  48,3%  болды.  2012  жылы 

Бағдарламадағы әйелдердің үлесі 49,4% (50,8 мың адам) құрады [4, 93]. 

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға тӛрағалығы шеңберінде Ұлттық комиссияның қатысуымен 2010 

жылы  6-7  мамырда  Вена  қаласында  «Гендерлік  теңдік  пен  әйелдердің  саяси  және  қоғамдық 

ӛмірге  қатысуын  ілгерілету»  тақырыбында  кеңес  ӛткенін,  оған  53  елден  257  адам  қатысқанын 

айтқан  жӛн.  Бұл  кеңес  ЕҚЫҰ  тарихында  гуманитарлық  ӛлшем  жӛніндегі  тақырыптарды 

талқылау бойынша адам ең кӛп қатысқан кеңес болды. 

2011  жылғы  5  наурызда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Қазақстан  әйелдерінің 

бірінші  съезінде  Әйелдерді  шешімдер  қабылдау  деңгейіне  ілгерілету  жӛніндегі  іс-қимыл 

жоспарын  әзірлеу  туралы  тапсырма  берді.  Демек,  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Әкімшілігі  Басшысының  2011  жылғы  17  маусымдағы  №  01-38.69  бұйрығымен  бекітілген 

Әйелдерді  шешімдер  қабылдау  деңгейіне  ілгерілету  жӛніндегі  іс-қимыл  жоспарына  сәйкес 

атқарушы  мемлекеттік  органдарда  шешімдер  қабылдау  деңгейіндегі  әйелдердің  ӛкілеттілігін 

кезең-кезеңімен кӛбейтуді ұсынамыз. 

Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары 

жӛніндегі  комиссия  «2012  жылы  Қазақстан  Республикасындағы  адам  құқықтарының  ахуалы 

туралы»  кезекті  баяндамасында  БҰҰ-ның  Әйелдерге  қатысты  кемсітудің  барлық  нысандарын 

жою жӛніндегі комитетінің ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2006-

2016  жылдарға  арналған  Гендерлік  теңдік  стратегиясының  ережелеріне  сәйкес  заңнамалық 

түрде  мемлекеттік  биліктің  ӛкілді  органдарында  әйелдер  үшін  депутаттардың  жалпы  санының 

25-30%  шегінде  квота  белгілеуді  ұсынған  болатын  [4,94].  Әйелдер  кӛшбасшылығы 

мектептерінің  республикалық  желісі  мен  орталықта  және  жергілікті  жерлерде  қоғамдық-саяси 

қызметке  барынша  дайындалған  әйелдер  қатарынан  кадрлар  резервінің  санын  арттыруды, 

сондай-ақ саяси партиялармен, әйелдер мен ерлерді басшылық лауазымдарға және сайланбалы 

ұйымдарға  ұсыну  кезінде  партиялық тізімді  гендерлік  балансты  ескере  отырып  қалыптастыру, 

осылай әйелдердің саяси құқықтарын кӛтеруге атсалысуымыз керек. 

Әйелдердің  саясатқа  белсенді  араласуы  тек  дамыған  Еуропада  ғана  кӛрініс  тапқан  жоқ. 

Ол   халқының  100  пайызы  мұсылман  Пәкістанда  да  салтанат  құрды.  Биліктегі  әйелдер 

шығыстық әдет-ғұрып пен салт-сананы сақтай отырып,  әлемдік саясатта ӛз елінің игілігі үшін 

жан  аямай  еңбек  етті.  Дүниежүзілік  саясат  әлемінде  ӛз  есімдерін  алтын  әріптермен  жазып 

кеткен  қайраткер  әйелдер  аз  емес.  Пәкістанның  премьер-министрі  болған  Беназир  Бхутто 

(1993—1996ж.)  мен  Түрік  елінің  мерейін  аспандатып  кеткен   Тансу  Чиллер  (1993—1996ж.), 

Украинаның 

экс-премьер-министрі 

Юля 

Тимошенко 



(2007—2010ж.), 

Индонезия 

Республикасын   басқарған  Сукарнопутри  (2001—2004ж.)  мен   Бангладеш  Үкіметінің  тізгінін 

ұстаған  Хасина  Вазед  (1996—2001,  2009  қазіргі  уақытта),  ұзақ  жылдар  Никарагуаның 

Президенті  болған  Виолетта  Чаморра  (1990—1997ж.),  Филиппин  елін  басқарған  Карасон 

Акинодан  (1986—1992ж.)  кейінгі  биліктің  шыңына  шыққан  Глория  Арройо  (2001—2010ж.), 

Шри-Ланка  елінің  билігін  қолына  алған  Чандрика  Кумаратунга  (1994—2005ж.),  Африка 

құрылығындағы  Либерияның  Президенті  болып  сайланған  Эллен  Джонсон  Серлиф  (2006ж.) 

елді ең қиын-қыстау  сәттерде басқара білді. Мемлекет мүддесінде АҚШ мемлекеттік хатшысы 

болған Кондолиза Райстың (2005—2009ж.), Қытай мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары 



 

5032 


 

У ханымның және Үндістан Ұлттық Конгресінің жетекшісі Соня Гандидің саяси ықпалы орасан 

зор.  АҚШ-тың  сыртқы  саясат  ведомствосын  бұрынғы  сенатор  Хилари  Клинтон  2013  жылға 

дейін басқарып отырды. Бұл – АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосын басқарған үшінші әйел. 

Ұлттық  мүдде  мен  ұлт  дәстүрін  үнемі  бірінші  кезекке   қойып,  шиеленісті  жайттарды  

парасаттылық тұрғысынан шешетіні үшін ирландықтар ӛз таңдауларын Мери Робинсонға берді 

(1990–1997ж.). 2010 жылға дейін  Мери  Робинсон Біріккен  Ұлттар Ұйымының  адам  құқықтары 

жӛніндегі  бас комиссары болып  әлемдік тұрғыда саясатқа араласып отыр. Ал, Финляндия мен 

Норвегияда  әйелдер  ӛз  елдерінің  әскери  ведомстволарын  басқарады.  Әлемдік  саясатта  жарты 

әлемге  ӛз  ықпалын  жүргізген  Маргарет  Тэтчер  (1979—1990ж.)  мен  Үлкен  сегіздіктің  жуан 

ортасында  Германияның  канцлері  Меркель  ( 2005)  ханымның  ғаламдық  мәселелерге  араласуы 

нәзік жандардың осал еместігін кӛрсетсе керек [6]. 

Қазіргі  кезде  әйелдер  саясатқа  белсенді  араласады,  саяси  ӛнерге  үйренуде  және  шын 

мәнінде саясаттағы әйел емес, саясаткер-әйел болуды қалайды. 

Қазақстандық  саяси  элитаны  жаңарту  саяси  сауатты  және  қоғамдық  істе  белсенді 

әйелдердің  қатысуымен  іске  асуы  тиіс.  Осыған  байланысты,  әйелдердің  жүріс-тұрыс  мәнерін, 

адамдармен  қарым-қатынас  жасау  дағдыларын  және  т.б.  жетілдіруге  кӛмектесуге  қабілетті 

арнайы  мектептер  құру  қажеттілігінің  кезі  келді  деп  ойлаймыз.  Шешім  қабылдаудың  жоғарғы 

деңгейіне кӛтеру үшін әйел кадрларды дайындау — кӛп баспалдақты, кӛп қырлы жұмыс, бұл — 

шаралардың  тұтас  жүйесі.  Оны  басқарушы  кадрларды  дайындаудың  жалпы  жүйесінен  бӛлуге 

болмайды,  бірақ,  дегенмен,  бар  стереотип,  психология,  жұмыс  тәжірибесімен  байланысты 

айқын ерекшеліктерді ескеру керек. Бұл ретте әйелдердің саясатта алға жылжуына күшті фактор 

ретінде мойындалған бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды рӛл атқарады.  

Мұның Еуропа немесе Орталық Азия екендігіне қарамастан, қоғам ӛміріндегі әйелдердің 

саясатқа  араласуы  мәселесі  шешімін  таппаған  деген  қорытынды  шығаруға  болады.  Әйелдерге 

ерлермен бірдей елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ӛміріне араласуға мүмкіндік беру 

керек. 

Сӛзімді  Ел  Басының  Қазақстан  халқына  Жолдауындағы  Республика  әйелдерінің 



қоғамдағы орны мен рӛліне тоқтала келіп: «... әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда—

еліміз үшін алаңдамауға болады» деген сӛзімен қорытындылаймын.  



 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.

 



Әйелдердiң саяси құқықтары туралы конвенция, 1953 ж. 

2.

 



Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция, 1979 ж. 

3.

 



Қазақстан  Республикасында  2006-2016  жылдарға  арналған  Гендерлiк  теңдiк 

стратегиясы. №1043, 18 қазан, 2005 ж.  

4.

 

«2012  жылы  Қазақстан  Республикасындағы  адам  құқықтарының  ахуалы  туралы» 



Жалпы редакциясын басқарған Қуаныш Сұлтанов, Тастемір Әбішев. Астана, 2013 ж. - 173 б. 

5.

 



ҚР ―Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік 

кепілдіктері туралы‖  N 223-IV Заңы, 2009 ж.  

6.

 

Эрлихман  В.В. Правители  Мира.  Хронологическо-генеалогические  таблицы  по 



всемирной истории в 4 тт. — М., 2002. 

7.

 



Р. Сарсембаева «Политическое лидерство женщин: механизмы вхождения во власть, 

препятствия, пути преодоления». // Саясат. - 2002. - №12. C.41-46  



 

 

 

ҦЛТ КӚШБАСШЫСЫНЫҢ ҦЛЫ ЖОЛЫ 

 


жүктеу 88.68 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет