Саясаттану



жүктеу 104.68 Kb.
Pdf просмотр
бет20/21
Дата09.01.2017
өлшемі104.68 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 НАВОИ    ӘЛИШЕР  (1441-1501  жж.),  өзбек  ақыны,  ойшылы.  Орта 
Азияда  билеушілердің  зорлығы  мен  өктемдігін  әшкереледі,  халықтың  қамын 
ойлайтын,  мәдениеттің  дамуына  демеу  болатын  сауатты  ел  билеушілердің 
бейнесін  жасады.  Патша  «Құдайдың  жердегі  көлеңкесі,  ол  құдай  сияқты 
мейірімді  болуы  парыз»  деп  жазды.Навои  сән-салтанатпен,    халыққа 
қайырымсыз өмір сүруші билеушілерді әшкереледі
НИЗАМИ  ГАНДЖЕВИ  (1141-1209  жж.),  әзірбайжан  ойшылы,  ақыны. 
Шахтар  мен  шонжарлардың  зорлығын  әшкереледі.  «Мәңгілік  бақыт  тек  ғана 
қанаудың  болмауында,  билеуші  әділетсіздік  пен  зорлықты  болдырмауға  тиіс» 
деп тұжырымдады. Оның «Ескендір-намэ» поэмасында тек ғана әділеттік емес, 
сонымен  қатар  мүліктік  теңдік  орнаған  идеалды  қоғамды  суреттейді.  Ол 
сондай-ақ  нәсіл  теңдігін  «ақ  та,  қара  да  –  бәрі  Жердің  балалары,  эфиоп- қара 
темірдей, оның терісі қара, бірақ жаны ақ» деген принциппен түсіндірді.                                    
РУССО ЖАН ЖАК (1712-1778 жж.), Францияның ойшыл-ағартушысы. 
Оның  еңбектерінде  мемлекеттің  пайда  болуы  тұжырымы  басты  орын  алады. 

174
Руссоның  пікірі  бойынша,  мемлекеттің  пайда  болуы    байлардың  өздеріне 
тәуелді кедей еңбекші топтарды қенау үшін жасалатын астыртын әрекеттерінің 
нәтижесі.  Осы  қаталдықтан  қалай  құтылу  керек?  Өзінің  «Қоғамдық  келісім» 
деген еңбегінде ол демократиялық билік идеясын ұсынды, оның мәні халықтың 
заң шығар ісіне қатысуы. Халықтың бостандығын қолдап, Руссо шеттетілмеген 
адамның  «табиғи  құқығын»  айқындайды  және  халықтың  бостандық  үшін 
көтеріліске  шығу  құқығы  бар  екенін  табиғи  келісім-шарттары  негізінде 
зертейді. 
Руссо  ілімі  бойынша,  үкімет  билігі  халықтың  декретімен  және 
қаулысымен  орнайды.  Қандай  да  халық  жиналысы  екі  мәселені  қоюға  тиіс:  1. 
Халыққа  орын  алып  отырған  билікті  сақтау қажет  пе?  2.  Үкімет  билігі  кімнің  
қолында  қалады?  Руссоның  идеалы:  «Бірде  бір  азаматтың  басқаны  сатып 
алардай  бай  болмауы,  бірде-бір  адам  басқаға  өзін  сататындай  кедей  болмауы 
керек». Руссо мемлекет билігі толығымен халықтың қолына көшуін жақтайды. 
Бұдан  оның  ағартушылық  дәуірі  ойшылдарының,  жоғары    өркениеттің  өкілі 
екендігі көрінеді. 
ПЛАТОНның  (б.з.  дейінгі  427-347  жж.), атақты  ежелгі  грек  философы, 
Аристотельдің  ұстазы.  Ойшылдың  әлеуметтік  қағидаларындағы  басты  орын 
алған мәселе саяси өмірдегі мемлекеттің орны. Платон халықтың тіршілігі үшін 
мемлекеттің  ролін  бағалай  келе,  оның  тұрақты  болу  шарттарына  көп  көңіл 
аударады. Платонның пікірі бойынша, мемлекеттің сапасындағы шешуші роль 
адамдардың білігі, патшалардың білімі ,ел басқару қаблеті, ал ең маңыздысы -
ел билеушілердің заңға бағынуы. «Менің білуімше, - деп жазады Платон – заң 
күшінен  айырылған  және  біреудің  билігінде  болған  мемлекеттің  құлдырауы 
күмәнсіз».  
Платонның  саяси  ойлары  негізінен  “Мемлекет”,  “Саясаткер”, 
“Заңдар”атты  еңбектерінде  баяндалған.  Адамдардың  бақытты  қоғам  орнату 
проблемаларын  мемлекеттің  абстрактылы  моделін  жасау  арқылы  шешуге 
ұмтылды. 
Мемлекет  билігінің  негізгі  идеясы  –  мейірімділік,  шынайы  білім, 
парасатты  басқару.  Философ  және  моралист  ретінде  Платон  азап  шегуші 
қарапайым халықтың аянышты өміріне қарсы тұрады. “Мемлекет” трактатында 
алғашқылардың  бірі  болып  саяси  билік  үлгілеріне  сипаттама  береді. 
Мемлекеттің  жетілмеген  жағымсыз  типтері  ретінде  тимократия,  олигархия, 
демократия  және  тирания  көрсетіледі.  Оларға  мемлекеттің  ең  жақсы  түрі  –
сайланған  философ-даналарының  әділ  басқаруы  қарсы  қойылады,  өйткені 
шынайы  білім  тек  ғана  осы  “сирек  адамдарға”  бұйырған.  Платон  әлеуметтік 
топтардың  қатаң  иерархиясын  енгізеді:  жоғары  таптың  өзара  жиынтығын 
құрайтын  философтар(басқарушылар),  сарбаздар  (жауынгерлер),  қолөнер 
шеберлері, шаруалар (төменгі тап немесе топ). Білім мен тәрбие жұмысы қатаң 
бақылауда  болуы  тиісті.  Платон идеясына  сүйенсек,  қоғам  –  бір-біріне  сәйкес 
келетін,бірін-бірі  толықтыратын  адамдар  қауымының  қажеттілігін  бірлесіп 
қанағаттандыру үшін қажет. Басқарушылар мен сарбаздарда  отбасы да, меншік 
те  жоқ,  олар  үшін  барлығы  ортақ.  Жоғарғы  таптағылардың  басқару  билігі  өз 
қолдарында  болса  да,    қолөнер  шеберлері  мен  шаруалардың  еңбегі  есебінен 

175
өмір  сүрсе  де,  олар“мемлекет  тарапынан  ештеңені  пайдаланбайды”.  Біз 
мемлекетті  «тек  ғана  бір  адам  бақытты  болу  үшін  емес,  тұтас  алғанда  бәрі 
бақытты болуы үшін құрамыз»- дейді Платон. 
“Саясаткер”  және  “Заңдар”  еңбектерінде  Платон  шынайы  білімге 
негізделген  мемлекетті  ғана  өз  міндетін  орындайды  деп  есептейді.                                                                                                                                                   
Ел  басқарушылары  арасында  шынайы  саяси  қайраткерлер  жетіспегендіктен 
оның  есесін  мемлекеттік  заңдармен  толықтыру  керек  дейді.  Платон 
“Заңдарында”  мемлекеттік  құрылыстың  екінші  үлгісін  көрсетіп,    мемлекет 
басқарушыларын  бақылау жүйесін енгізуді ұсынады. 
ПАРСОНС  ТАЛКОТТ  (1902-1979  жж.)  –  көрнекті  американдық 
әлеуметтанушы. 1949 ж. Америкалық әлеуметтік ассоциациясының президенті 
болып  сайланды.  Парсонс  - әлеуметтануда  жүйелік-функциялық  мектептің
және іс-әрекет теориясын жасаушы. Американдық әлеуметтану - эмпирикалық 
зерттеулеріне талдау жасағанда,  Парсонс, керісінше оның саналуандылығына, 
адам  шындығын  қамтитын  жалпы  аналитикалық,  логикалық-дедуктивтік, 
теориялық жүйе жасауға ұмтылды. 
Антропологиялық  функционализм  мен  тепе-тең  күш  теориясының 
әсерінде  тұрып,  Парсонс  қоғамның  қалыптылығы  мен  өмір  сүру  шарттарын 
зерттейді,оның  құрылымдық-функциялық  әдісіне  іргетас  болып  саналатын  
жүйеде  кез-келген  басқа  жүйенің  сақталуын  және  өмір  сүруін  қамтамасыз 
ететін  негізгі  төрт  функциялық  талаптарды  белгілейді:  бейімделу,  мақсатқа 
жету,  интеграция  және  үлгіні  қолдау.  Әлеуметтік  жүйе  деңгейінде  бейімделу 
функциясын  экономикалық  желі,  мақсатқа  жету  функциясын  –  саяси, 
интеграция  функциясын  – құқықтық  институттар  мен  дәстүрлер,  модельді 
қолдау  функциясын  –  сенім  жүйесі,  мораль  мен  саяси  субъект  органдары 
(отбасы, білім институттары және басқалары) қамтамасыз етеді. 
Парсонстың  пікірінше,  әлеуметтік  жүйені  зерттеу үшін  осы  үлгілер    үш 
қызмет  атқарады,олар:  құндылықтар,  белгіленген  заңдар  және  ұжымдық 
ұйымдар  қызымет  атқарады.  Кез-келген  әлеуметтік  жүйенің  саяси  қызметі 
жүйеге  енгізілген  жалпыға  бірдей,  ұжымдық  мақсаттарды  жүзеге  асыру 
процестеріне  қатынас  тұрғысынан  қарағанда,  оны  ұйымдастыру  мен 
функциялауға  келіп  тіреледі.  Дифференцияланған  қоғамда  саяси  іс-әрекет 
әдетте  мемлекеттің  ұжымдық  ұйымдары  кешенінде  қалыптасқан.  Билік 
жүйесінің  дамуы,  ұжымдық  мақсаттар  мен  шешімдер  жасақтау  және  оны 
жүзеге асыру мемлекеттің негізгі саяси функциялары болып табылады. 
 ЦИЦЕРОН  (б.з.  дейінгі  106-43  жж.)  –  римдік  шешен,  мемлекет 
қайраткері,  жазушы.  Цицерон  ғылымда  өз  көзқарастарын  білдіру  үшін  басқа 
ойшылдардың  саяси  білімдерін  кеңінен  таратуға  күш  салды.  Сөйтсе  де, 
Цицеронның еңбектері өзіндік құрметке бөленіп, ғылымда көп таралды. Оның 
еңбектеріне  христиандық  авторлар,  Қайта  өрлеу  дәуірі  мен  Ағарту  кезеңінің 
ойшылдары аса қызығушылық білдірді. 
Цицеронның саяси ілім  тарихындағы шынайы  құндылығы   -   оның  грек 
стоиктерінің  табиғи  құқығы  туралы  іліміне  жасаған  зерттеу  қорытындыларын 
Батыс  Еуропада  ХІХ  ғасырға  дейін  саяси  білімдер  жүйесінде  кеңінен 
пайдалануынан  көрінеді.  Цицерон  өзінің  “Мемлекет  туралы”  еңбегінде 

176
табиғаттың мәртебелі заңы өмір сүретінін, оның қайнар көзі әртүрлі деңгейдегі 
құдіретті  бастаулар  мен  адамдардың  әртүрлі  ұтымды  әлеуметтік  жаратылысы 
екенін  көрсетеді.  Цицеронның  пікіріне  сүйенсек,  табиғи  құқық  (мәртебелі, 
шынайы  заң)  –  табиғатқа  тиесілі  барлық  адамдарға  қатысты,  ал  олардың  өз 
міндетін  орындауға  шақыратын,    бостандығын  шектеуді  көздемейтін  қасиет 
әділетті  ақыл  болып  табылады.Шынайы  мемлекеттік  заң  –  барлық  жерде, 
барлық  халықтар  үшін  біреу  және  әркезде  өз  күшін  сақтайды  Цицеронның 
табиғи  құқық  туралы  осы  аса  құнды  қағидаларын  кейін  рим  заңгерлері  мен 
шіркеу әкелері асыл мұра санап одан әрі дамытты. 
Цицерон мемлекет басқарудың үш қарапайым үлгісін ұсынады: патшалық 
өкімет, оптиматтар өкіметі (ақсүйектік билік) және халық өкіметі (демократия). 
“Патшалар  бізге  өзінің  ізгілігімен,  оптиматтар    даналығымен,ал,  халық  –
бостандыққа  құштарлығымен  тартымды».  Оның  пікірінше,  биліктің  осы 
көрсетілген  ерекше  сипаттары  Аристотель  мен  Полибийдің  үздік  деп  санаған 
мемлекет  басқарудың  аралас  түрінде  болуы  қажет.  Көпшілік  пен  азшылық 
арасындағы  тепе-теңдікті  сақтау  және  олардың  мүдделерін  қорғау  мәселесін  
шешудегі  Цицеронның  тұжырымдамаларына  Платонның  саяси- әлеуметтік 
идеяларының тигізген үлкен әсері байқалады. 

177
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРҒА,  БАЯНДАМАЛАРҒА
ЖӘНЕ  МӘНЖАЗБАЛАРҒА АРНАЛҒАН 
ТАҚЫРЫПТАР
1. Саяси білімдердің қалыптасу тарихы 
2. Аристотель – саяси ғылымның негізін салушы 
3. Қоғам өміріндегі саясаттың орны 
4. Әл-Фарабидің саяси идеялары 
5. Саяси билік: табиғаты, мәні 
6. Н.Макиавелли, оның саяси билік туралы идеялары 
7. Саяси режимдер 
8. Шарль Монтескье, оның саяси билікті бөлу туралы теориясы 
9. Мемлекет, оның пайда болуы мен мәні 
10. Мемлекеттің ұлттық-территориялық құрылымының түрлері 
11. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет 
12. Демократияның даму тарихы
13. Демократияның даму проблемалары 
14. Демократиялық қоғамның негізгі белгілері 
15. Қазақ даласы тарихындағы демократиялық қатынастардың көрінісі 
16. Шоқан Уәлиханов, оның саяси идеялары 
17. Макс Вебер, оның саяси идеялары
18. Саяси партиялардың пайда болуы, қызметтері
19. «Алаш» - Қазақстандағы алғашқы либералдық-демократиялық саяси 
партия 
20. Көппартиялықтың қалыптасуы, оның саяси өмірдегі маңызы 
21. Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасу тарихы
22. Саяси мәдениет: мәні, қалыптасуы, ролі 
23. Саяси идеология: теориясы, қалыптасу тарихы
24. Джон Локк, оның либерализм идеологиясы 
25. Республика, оның қалыптасу тарихы 
26. Конституциялық монархия, оның қалыптасу тарихы
27. Тоталитарлық және авторитарлық режимдер 
28. Парламент: қалыптасу тарихы 
29. Қазақстан Халқы Ассамблеясы 
30. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде

178
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ АСА ЕЛЕУЛІ
САЯСИ ОҚИҒАЛАР ТІЗБЕГІ
1
Сақтардың  тайпалық  одағындағы  «әскери 
демократиялық»  саяси  құрылысының  пайда 
болуы 
Б.з.д. І мыңжылдықтың 
екінші жартысы
2
Қаңлы  мемлекетінің  саяси  билік  жүйесіндегі 
ақсақалдар кеңесінің қалыптасуы
Б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ.
3
Қазақстан 
территориясындағы 
көшпелі 
тайпалардың үстемдік алуы
Б.з.д. І мыңжылдықтың 
екінші жартысы
4
Шаньюй  Моде  билік  еткен  кезеңдегі  ғұндар 
бірлестігінің аса нығайған уақыты
Б.з.д. 188 жыл
5
Ғұндардың  қоныс  аударуының  бірінші 
толқынындағы Қазақстан жеріне келуі 
55 жыл
6
Түркі  тілдес  ғұндардың  шабуылдарымен 
байланысты  «Халықаралық  ұлы  қоныс 
аудару» кезеңі
І - ІУ ғғ.
7
Ғұндар  бірлестігінің  саяси  билік  жүйесіндегі 
ағамандар  кеңесі  мен  халық  жиналысының 
қалыптасқан кезі
І – ІІІ ғғ.
8
Гуньмо  Цылимидің  басқаруымен  Үйсін 
мемлекетінің күшейген кезі
Б.з.д. 45-14 жж.
9
Монголиядан  Шығыс  Еуропаға  дейінгі 
бірыңғай  түрік  тілдес  «теле»  тайпаларының 
қалыптасқан кезеңі
ІІ – Үғғ
10 «Түрік» атауының алғашқы шығуы
542 ж.
11 Бумын 
басқарған 
ең 
алғашқы 
Түрік 
қағанатының (мемлекетінің) пайда болуы
552 ж.
12 Батыс 
түрік 
қағанаты 
империясының 
хронологиялық шеңбері
603-704 жж.
13 «Күлтегін» ескерткішінің қойылған уақыты
734 ж.
14 Атлах  (Тараз)  шайқасында  қытайлықтарды 
жеңіп арабтардың үстемдік алған жылы
751 ж.
15 Қарлұқтардан  бастап  «қаған»  деген  атаудың 
«хан» деген атауға айналуы 
840 ж.
16 Қазақстанның  оңтүстік  жерлерінің  Араб 
Халифатының құрамына кіруі
840-890 жж.
17 Қазақстан  жері  Тараз  қаласындағы  алғашқы 
мешіттің ашылуы
893 ж.
18 Оғыз  мемлекеті  кезіндегі  саяси  биліктің 
әскери 
демократия 
түрінің 
өзгертіліп 
хандарды сайлау әдісіне көшуі
ІХ – Х ғғ.
19
Әртүрлі 
тарихи 
оқиғаларды 
жырлаған 
«Қорқыт Ата кітабының» шыққан кезі
ІХ ғ. 

179
20
Оғыздар 
мемлекетінің 
Киев 
Русімен 
одақтасқан жылы
965 ж.
21
Ұлы Жібек жолының  тарихи хронологиялық 
шеңбері
Б.з.д. ІІ ғ. –
б.з. ХІУ ғ.
22
Қарахан  мемлекетіндегі  әскери  басқарудың 
әкімшілік басқарудан бөлініп шыққан кезі
Х ғ. 
23
Қарахан  мемлекетіндегі  «иқта»,  «мұқта»  деп 
аталған әлеуметтік-саяси тәртіптің енген кезі
Х ғ.
24
Қарахан 
мемлекетіндегі 
ислам 
дінінің 
мемлекеттік дін ретінде бекітілуі
960 ж.
25
«Қыпшақ» атауының ең бірінші шығуы
760 ж.
26
«Оғыздар 
даласының» 
орнына 
«Дешті 
Қыпшақ» атының пайда болуы
ХІ  ғасырдың  екінші 
ширегі
27
Ел-бөрілі  әулеті  басқарған  шығыс  Қыпшақ 
қағанатының  Қазақстан  жерінде  қалыптасқан 
кезі
ХІ ғ.
28
«Кодекс  куманикус»  -
қыпшақ  тілінде 
жазылған халық ауыз әдебиеті және құқықтық 
ережелер жинағы 
ХІІ ғ. 
29
Моңғолдардың Жетісуды ешбір қарсылықсыз 
басып алған жылдары
1210-1211 жж.
30
Шыңғысхан  әскерінің  Қазақстан  жеріне 
жорығының басталуы
1219 жылғы қыркүйек
31
Моңғол 
басқыншылығы 
салдарынан 
Қазақстанның  Шыңғыс  хан  империясының 
құрамына енуі
1224 ж.
32
Қазақстан  жерінің  Жошы,  Шағатай,  Үгедей 
ұлыстарына енуі
1237 ж.
33
Шыңғысханның 
«Ұлы 
ясасы» 
(ясақ, 
моңғолша  «дзасақ»)  деген  заңдар  мен 
ережелер жиынтығының шығуы
ХІІІ ғ.
34
Алтын Орда империясының құрылған уақыты ХІІІ  ғасырдың  орта 
тұсы
35
Өзбекхан 
исламды 
Алтын 
Орданың 
мемлекеттік діні деп жариялауы
1312 ж.
36
Едігенің  Алтын  Орда  империясында    билік 
жүргізуі
1396-1411 жж.
37
Шағатай 
ұлысынан 
(мемлекетінен) 
Моғолстанның бөлініп шығуы
ХІУ ғ. орта кезі
38
Ақ Орда мемлекетінің дербестік алуы
ХІУ ғ. басы
39
Ақ Ордада Орыс ханның билігі
1361-1376 жж.
40
Орыс ханның Алтын Орда астанасы Сарайды 
жаулауы
1374-1375 жж.
41
Әмір Темірдің билігі
1370-1405 жж.

180
42
Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы
1395 ж.
43
Едігенің 
баласы 
Нұрадиннің 
Ноғай 
Ордасындағы билігі
1426-1440 жж.
44
Ақ  Орданың  орнына  келген  Әбілқайыр 
хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
1428-1468 жж.
45
Әбілқайыр  хандығы  жерінен  Жәнібек  пен 
Керей  басқарған  қазақтардың  Моғолстанның 
жеріне жаппай көшуі
1452-1462 жж.
46
Моғолстанның  ең  соңғы  ханы  Есенбұғаның 
қайтыс болуы
1462 ж.
47
Жәнібек 
пен 
Керей 
сұлтандардың 
Моғолстанның  батыс  жерлеріндегі  билікті 
қолына ала бастауы
1462-1465 жж.
48
Ең 
алғашқы 
Қазақ 
хандығының 
(мемлекетінің) орнатылуы
1465-1466 жж.
49
Қазақ жүздерінің қалыптасып жетілу кезеңі
ХУ ғ.
50
«Қасым  ханның  қасқа  жолы»  заңдарының 
тарауы
1511-1523 жж.
51
«Бабыр-нама»,  «Аруз  туралы  трактат»  тарих 
пен  саясат  туралы  шығармалардың  авторы 
Захир 
ад-дин 
Мұхаммед 
Бабырдың 
шығармашылық уақыты
1483-1530 жж.
52
Қазақ хандығына ең алғашқы рет Ресей елшісі 
Третьяк Чебуковтің келуі
1573 ж.
53
Ермактың Сібір хандығына соғыс жорығы
1581-1582 жж.
54
Тәуекел  ханның  Мәскеуге  бірінші  қазақ 
елшісі Құлмұхаммедті аттандырған жыл
1594 ж.
55
Тәуекел  ханның  орыс  елшісі  Вельяминов-
Зерновты қабылдаған уақыты
1595 ж.
56
«Есім ханның ескі жолы» заңдарының тарауы 1598-1628 жж.
57
Жоңғар хандығының құрылуы
1635 ж.
58
Тәуке  ханның  Тобольскіге  Тәшім  батыр 
бастаған елшілігін жіберуі
1687 ж.
59
Тәуке 
ханның 
«Жеті 
жарғы» 
заңдар 
жинағының шығуы
ХУІІІ ғ. аяғы
60
Бөгембай батырды қазақ жасағының басшысы 
етіп  сайлаған  Қарақұмдағы  қазақ  жүздері 
өкілдерінің съезі
1710 ж.
61
Қазақ 
тарихи 
әдебиетінің 
ескерткіші 
Қадырғали  Жалаиридің  «Жәми  ат-таварих» 
шығармасының шығуы
ХУІІ ғ.
62
Төле би Әлібекұлы
1663-1756 жж.
63
Қазыбек би Келдібекұлы
1665-1765 жж.
64
Әйтеке би Байбекұлы
1682-1766 жж.

181
65
Қазақ халқының қалыптасуының соңы
ХУ ғ.
66
Ибн  Рузбиханның  «Михман-наме-ий  Бухара» 
деген  шығармасында  «Екінші  тайпа  -
қазақтар» деп бірінші рет аталуы
ХУІ ғ.
67
Араб  ғалымы  Зайнаддин  Васифи  өзінің 
«Бадам  ал-вакаи»  деген  шығармасында  ең 
алғашқы рет «Қазақстан» деген сөзді атауы
ХУІ ғ.
68
Қайып,  Әбілқайыр  сұлтандардың  Петр1-ге 
жоңғар  қауіпіне  қарсы  одақтасу  жөнінде  сөз 
салуы
1717 ж.
69
«Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама» 
жылдары
1723-1725 жж.
70
Әбілқайыр 
ханның 
елшісі 
Көбековтың 
Петербургке баруы
1726 ж.
71
Қазақ  әскерлерінің  жоңғарларды  жеңген 
«Қалмақ қырылған» шайқасы
1728 ж.
72
Қазақ  жасағының  жоңғарларды  талқандаған 
«Аңырақай» шайқасы
1730 ж.
73
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың С.Қойдағұл мен 
Қ.Қоштайды Ресейге елшілікке жіберуі
1730 ж., қараша
74
Кіші  жүзді  Ресей  қоластына  алу  туралы 
императрица  Анна  Иоановнаның  берген 
грамотасы
1731 жыл, 
19 ақпан
75
Кіші  жүздің  Ресей  империясы  құрамына 
қосылу туралы келісімге қол қойылуы
1731 жыл, 
10 қазан
76
А.Тевкелев  бастаған  орыс  елшілігінің  Кіші 
жүздің Ресей қол астына кіруі туралы ант алу 
үшін қазақ еліне келуі
1731-1732 жж.
77
Орынбор қаласының ірге тасының қалануы
1735 жыл, 15 тамыз
78
 Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет  пен  Абылай 
сұлтанның  Ресей  қарауына  өту  туралы  ант 
беруі
1740 жыл, 
5 қараша
79
Ресей  үкіметінің  Жайық  бойына  қазақтардың 
көшіп-қонуына тиым салған Жарлығы
1742 жыл, 
19 қазан
80
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өлтірілуі
1748 жыл, тамыз
81
Ресей  сыртқы істер коллегиясының Орта жүз 
қазақтарына  Ертістің  оң  жағалауына  өтуге 
тиым салған Жарлығы
1755 жыл, наурыз
82
Жоңғар хандығының құлауы
1758 ж.
83
Абылай хан таққа отырған жылдары
1771-1781 жж.
84
Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін Кіші 
жүз қазақтарының қолдауы 
1773 жыл, қыркүйек
85
Сырым 
Датұлы 
басқарған 
Кіші 
жүз 
қазақтарының көтерілісі
1783-1797 жж.

182
86
«Игельстром  реформасы»  Шекаралық соттың 
құрылуы
1786 ж.
87
Көтерілісшілердің  Есім  ханның  ауылын 
талқандап, оны өлтіруі
1797 жыл, 
тамыз
88
Кіші жүзде хан кеңесінің құрылуы
1797 жыл, тамыз
89
Бөкей хандығының құрылуы (Ішкі Орда)
1801 ж.
90
Қазақстанның  оңтүстігіндегі  қазақтардың 
Қоқан езгісіне қарсы көтерілісі
1821 ж.
91
«Сібір 
қырғыздары» 
туралы 
Ресей 
Жарғысының  енгізілуі  және  Орта  жүздегі 
хандық биліктің жойылуы
1822 ж.
92
Қазақстанда округтердің құрылуы
1822-1844 жж.
93
Бөкей хандығында Жәңгір ханның ел билеуі
1823-1845 жж.
94
«Орынбор қырғыздары туралы» Ресей үкіметі 
Жарғысының  қабылдануы.  Кіші  жүздегі 
хандық биліктің жойылуы
1824 ж.
95
Кіші  жүзде  дистанциялық  басқару  жүйесі 
болған кезі
1831-1868 жж.
96
Бөкей  хандығындағы  И.Тайманұлы  мен 
М.Өтемісұлы басқарған көтерілісі
1836-1838 жж.
97
Сұлтан  Кенесары  Қасымұлы  басқарған  ұлт-
азаттық қозғалыс
1837-1847 жж.
98
Кенесары Қасымұлын хан етіп сайлауы
1841 ж.
99
Кіші жүзде Шекаралық басқарудың облыстық 
басқарумен алмастырылуы
1844 ж.
100 Бөкей  Ордасындағы  хан  билігінің  жойылып 
басқару  жөніндегі  «Уақытша  кеңестің» 
құрылуы
1845 ж.
101 Жанқожа 
Нұрмұхамедов, 
Есет 
батыр 
басқарған  Арал  өңірі  қазақтарының  Хиуа 
хандығы  мен  Ресейге  қарсы  ұлт-азаттық 
күресі
1847-1860 жж.
102 Алматы  шатқалында  Верный  бекінісінің 
салынуы 
1854 ж.
103 Ресей  әскерлерінің  Шымкентті  басып  алуы 
Ұлы жүздің толығымен Ресей империясының 
құрамына өтуі
1864 ж.
104 Қазақстандағы  әскери-сот  комиссиялары  мен 
уездік  соттардың  құрылуы  туралы  Ресей 
үкіметінің реформалары
1867-1868 жж.
105 Орал,  Торғай  және  Маңғыстаудағы  қазақтар 
көтерілісі
1869-1870 жж.
106 Ресей  үкіметінің  «Село  тұрғындарын  қырғыз 
(қазақ)  даласына  қоныстандыру  туралы 
1880-1888 жж.

183
ережелерді» енгізуі
107 Ұйғырлар  мен  дүнгендердің  Жетісуға  қоныс 
аударуы
1881-1884 жж.
108 «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже»
1886 жыл, 
12 маусым
109 «Ақмола, 
Семей, 
Орал 
және 
Торғай 
облыстарын басқару жөніндегі ереже»
1891 жыл, 
25 наурыз
110 Қазақстанға  арналған  Ресейдің  «Далалық 
облыстарының  сот  ісі  құрылысы  жөніндегі 
заңы»
1898 жыл, 
2 маусым
111 Орал, 
Петропавл 
қалаларында 
социал-
демократиялық 
партия 
үйірмелерінің 
ұйымдастырылуы
1902 ж.
112 Ресей  үкіметінің  шешімі  бойынша  ресей 
шаруаларын  қоныс  аудару  үшін  Қазақстанда 
қоныс аудару басқармаларының құрылуы
1904 ж.
113 Орал, 
Семей 
қалаларында 
Ресейдің 
конституциялық-демократиялық 
(Кадет) 
партиясының Қазақ филиалын құру үшін І, ІІ 
қазақ делегаттарының съездері
1905  жылғы  қазан  –
1906 жылғы ақпан
114 Қазақ 
зиялыларының 
идеялық-саяси 
пікірлерін  білдіруші  «Айқап»  журналының 
шығуы
1911-1915 жж.
115 Ұлттық 
либералдық-демократиялық 
бағыттағы  идеяларды  білдіретін  «Қазақ» 
газетінің шығарылуы
1913-1918 жж.
116 Бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  тылдық 
жұмыстарына  қазақ  жігіттерін  аттандыру 
жөніндегі  Ресей  патшасы  Жарлығының 
шығуы
1916 жыл, 
25 маусым
117 Амангелді 
Иманов 
басқарған 
қазақ 
шаруалары  көтерілісіндегі  Торғай  қаласын 
қоршап алуы
1916 жыл, 
22 қазан
118 Ресейдегі 
Патша 
өкіметін 
құлатқан 
буржуазиялық-демократиялық революциясы 
1917 жыл, 
27 ақпан
119 Ресей  мен  Қазақстанның  жерінде  Уақытша 
үкімет билігінің құрылуы 
1917 жыл, 
2 наурыз
120 Ресей империясы Қосөкімет (Уақытша Үкімет 
– Кеңестер өкіметі) жағдайында 
1917 жыл, 
(2 наурыз – 7 қараша)
121 Верный, 
Петропавл, 
Семей 
қалалары 
Кеңестерінің 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуі
1917 жыл, 
наурыз - сәуір
122 «Алаш»  партиясы  құрылған  Орынбордағы  І 
Бүкілқазақтық съезі
1917 жыл, 
21-26 шілде
123 «Алаш Орда» автономиясының негізін салған  1917 жыл, 

184
ІІ Бүкілқазақтық съезі 
5-12 желтоқсан
124 Социализмнің 
негізін 
салған 
Ресейдегі 
социалистік революция
1917 жыл, 
25 қазан (7 қараша)
125 Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
1917  жылғы  қараша  –
1918 жылғы наурыз
126 Түркістан Коммунистік партиясының І съезі
1918 жыл, 
17-25 маусым
127 РСФСР  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің 
«Қырғыз  (қазақ)  өлкесін  басқару  жөніндегі 
Революциялық комитеті туралы» декреті
1918 жыл,
10 шілде
128 Қазақстандағы  Кеңес  өкіметін  қорғау  үшін 
азамат  соғысының  алғашқы  ошақтарының 
Торғай  облысының  әкімшілік  орталығы 
Орынборда қалыптасуы
1917 жыл, қараша
129 Түркістан 
Кеңестік 
Федеративтік 
Республиканың құрылуы
1918 жыл, 
30 сәуір
130 Алаш  Орда  басшыларының  қарулы  күштерін 
құру жөніндегі ұсыныстары 
1918 жыл, шілде
131 Станислав  Пестковский  төрағалық  еткен 
Қазақ  өлкесін  басқару  жөніндегі  Ревкомның 
(Революциялық Комитеттің) қызметі
1919 жыл, 10 шілде.
1920 жыл, 26 тамыз
132 М.Калинин  мен  В.Лениннің  қол  қойған 
астанасы  Орынбор  қаласы  болған  «Қырғыз 
(қазақ)  Кеңестік  Автономиялық  социалистік 
республикасын  құру  туралы»  Декреттің 
қабылдануы 
1920 жыл, 
26 тамыз
133 Сейтқали Мендешевтің Қырғыз (қазақ) КАСР 
Орталық  Атқару  Комитетінің  басшысы  
болуы
1920-1925 жж.
134 Қазақстан  «Әскери  коммунизм»  саясаты 
жағдайында
1918-1920 жж.
135 Қазақстанда  «Қосшы»,  «Кедей»,  «Жарлы» 
кеңестік одақтардың құрылуы
1921 ж., сәуір
136 Қазақстан  Жаңа  Экономикалық  Саясат 
жағдайында 
1921-1925 жж.
137 КСРО-ның құрылуы
1922 жыл, 
30 желтоқсан
138 БК(б)П-ның 
елді 
социалистік 
индустрияландыру 
жөнінде 
шешім 
қабылдаған съезі
1925 жыл, желтоқсан
139 Қазақ  халқының  тарихын  дұрыс  қалпына 
келтіру  үшін  Қырғыз  АКСР-ін  Қазақ  АКСР-і 
деп атау туралы қаулы
1925 жыл, 
19-25 сәуір

185
140 Қазақстан 
астанасының 
Орынбордан 
Қызылордаға көшірілуі
1925 ж.
141 Ауыл  шаруашылығын кеңестік ұжымдастыру 
жөніндегі ВКП (б)-ның ХУ съезі
1927 жыл, 
2-19 желтоқсан
142 Қазақ  АКСР  Орталық  Атқару  Комитетінің 
байлардың  мал-мүлкін  конфискілеп,  оларды 
жер аудару туралы декреті
1928 жыл, 
27 тамыз
143 Колхозшылардың Бүкілқазақстандық І съезі
1928 жыл, 1-3 қараша
144 Қазақ  АКСР  Орталық  Атқару  Комитетінің 
латын алфавитіне көшу туралы қаулысы
1928 жыл, 
20 желтоқсан
145 Қазақ  АКСР  астанасының  Қызылордадан 
Алматыға көшірілуі
1929 жыл, мамыр
146 Қазақстанға  Ресей  орталықтарынан  25  мың 
жұмысшылардың келуі
1930 жыл, 
наурыз-мамыр
147 «Бесеудің хаты»
1932 жыл, шілде
148 Қазақ  Автономиялық  КСР-нің  Одақтас 
Республика болып құрылуы 
1936 жыл
149 Қазақстан  Кеңестерінің  Төтенше  Х  съезі 
Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы
1937 жыл, 
21-26 наурыз
150 КОКП-нің  құрамдас  бөлігі  болған  Қазақстан 
Коммунистік партиясының І съезі
1937 жыл, 
5-12 маусым
151 Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  (Советінің) 
бірінші сайлауы
1938 жыл, 
24 маусым
152 Қазақстан  Лениншіл  Коммунистік  Жастар 
Одағының (ЛКЖО, Комсомол) ІІ съезі
1939 жыл, 
12-21 ақпан
153 Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  басталуы. 
КСРО  бойынша  Жалпыға  бірдей  әскери 
міндеткерлік Заңның қабылдануы
1939 жыл, 
1 қыркүйек
154 Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  қазақ  тілін 
кириллица  графикасына  негізделген  жаңа 
алфавитке көшіру туралы заң қабылдауы 
1940 жыл, 
10 қараша
155 28  гвардияшы-панфиловшылардың  Мәскеу 
түбіндегі 
Дубосеково 
маңындағы 
қаһармандық ерлігі
1941 жыл, 
16 қараша
156 «Эвакуацияланған  халықтың  мұқтажы  үшін 
жергілікті  ресурстарды  пайдалану  және 
жергілікті шикізаттардан көпшілік тұтынатын 
заттар  өндіруді  ұйымдастыру  туралы»  Қазақ 
КСР  Халық  Комиссарлары  Кеңесі  мен 
Қазақстан  К  (б)  П  Орталық  Комитетінің 
қаулысы
1941 жыл, 
1 желтоқсан
157 Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының 
«Қазақ  КСР-ның  Мемлекеттік  гимні»  туралы 
Указы
1945 жыл

186
158 Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы
1946 жыл, 
1 маусым
159 Азық-түлік  пен  өнеркәсіп  тауарларына 
карточканы жою туралы құжат (шешім)
1947 жыл, 
14 желтоқсан
160 «Бекмахановтың  ісі»  бойынша  дарынды 
тарихшы Ермұхан Бекмахановтың сотталуы
1952 жыл, 
4 желтоқсан
161 Сталиннің қайтыс болуы
1953 жыл, 
5 наурыз
162 КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 
болып Н.С.Хрущевтің сайлануы
1953 жыл, қыркүйек
163 Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 
бірінші  хатшысы  Ж.Шаяхметовтың  орнына 
П.К.Пономаренконың тағайындалуы
1954 жыл, ақпан
164 КОКП  Орталық  Комитеті  Пленумының  тың 
және тыңайған жерлерді игеру туралы шешімі
1954 жыл, ақпан
165 Сталиннің  жеке  басына  табынушылықты 
сынға  алып,  талдау  жасаған  КОКП-нің  ХХ 
съезі
1956 жыл, 
14-25 ақпан
166 Теміртау 
қаласындағы 
жұмысшылар 
толқулары 
(металлургиялық 
комбинатты 
салушы 
құрылысшылардың 
тұрмыс 
жағдайларының нашарлығына байланысты) 
1959 жыл
167 Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 
Пленумы 
Д.А.Қонаевты 
Қазақстан 
Компартиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші 
хатшысы  етіп  сайлады  (Бұл  қызметте  ол  кісі 
1986 жылдың желтоқсанына дейін болды)
1960 жыл, 
Қаңтар
168 КОКП 
Орталық 
Комитетінің 
Пленумы 
(Мәскеу)  Н.С.Хрущевті  Бірінші  хатшы 
қызметінен  босатып,  Л.И.Брежневті  сайлады 
(Бас  хатшының  қызметін  1982  жылға  дейін 
атқарды)
1964 жыл, 
15 қазан
169 Қазақ 
КСР-ның 
жаңа 
Конституциясын 
қабылдау
1978 жыл
170 КСРО-да 
саясат, 
экономика, 
рухани 
салалардағы дағдарыс жағдайлары
1980-ші жылдар
171 КОКП  ОК-і  Пленумында  «Қайта  құру» 
саясатының жариялануы
1985 жыл, сәуір
172 Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 
бірінші  хатшысы  болып  Г.В.Колбиннің 
тағайындалуы  (Бұл  қызметте  ол  1989-шы 
жылға дейін болды)
1986 жыл, 
16 желтоқсан
173 Алматыдағы 
Қазақстан 
жастарының 
демократиялық қозғалысы
1986 жыл, 
17-18 желтоқсан

187
174 «Невада-Семей»  экологиялық  қозғалысының 
құрылуы (О.Сүлейменовтің басқаруымен)
1989 жыл, 
мамыр-маусым
175 Балқаш  пен  Аралдың  экологиялық  жағдайы 
жөніндегі 
Комитеттің 
құрылуы 
(М.Шахановтың бастауымен)
1989 жыл, 
мамыр-маусым
176 Тарихи-ағарту «Әділет» қоғамының құрылуы
1989 жыл
177 Қазақстанда  100-ден  астам  қоғамдық-саяси 
ұйымдардың құрылуы
1990 жыл
178 Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  Қазақстанда 
Президенттік басқару туралы Заң қабылдауы
1990 жыл, 
24 сәуір
179 Қазақ 
КСР 
Жоғарғы 
Кеңесінің 
Н.Ә.Назарбаевты  Қазақ  КСР-ның  Президенті 
қызметіне сайлауы
1990 жыл, 
сәуір
180 Қазақ  КСР-ның  «мемлекеттік  егемендігі 
туралы Декларациясының» қабылдануы
1990 жыл, 
25 қазан
181 Қазақстан Президентін бүкілхалықтық сайлау 1991 жыл, 
1 желтоқсан
182 Қазақ  КСР  орнына  Қазақстан  Республикасы 
атауының енгізілуі туралы заң
1991 жыл, 
10 желтоқсан
183 Қазақстан 
Республикасының 
тәуелсіздігі 
туралы Конституциялық Заң
1991 жыл, 
16 желтоқсан
184 Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығын  (ТМД) 
құру туралы Алматы Декларациясы
1991 жыл, 
21 желтоқсан
185 Қазақстанның  толық  өкілетті  мүше  ретінде 
БҰҰ-ға кіруі
1992 жыл, 
2 наурыз
186 Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 
нышандары  (рәміздері)  Ту,  Әнұраны,  Герб 
(Мемлекеттік таңба) туралы Заң
1992 жыл,
4 маусым
187 Қазақтардың Бірінші дүниежүзілік құрылтайы 1992 жыл, 
30 қыркүйек
188 ҚР-ның 
бірінші 
Конституциясының 
қабылдануы 
1993 жыл, 
28 қаңтар
189 ҚР-ның 
қазіргі 
Конституциясының 
қабылдануы
1995 жыл, 
30 тамыз
190 ҚР-ның «Саяси бірлестіктер туралы» Заңы
1996 жыл, 
31 мамыр
191 ҚР-ның «Саяси партиялар туралы» Заңы
1996 жыл, 2 шілде
192 Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
тұңғыш баламалы сайлауы
1999 жыл, 
10 қаңтар
193 ҚР-ның «Саяси партиялар туралы» Заңы
2002 жыл, 15 маусым
194 № 254 – ІІІ Заңымен Конституцияға енгізілген 
өзгертулер мен толықтырулар
2007 жыл, 21 мамыр
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет