Саясаттану



жүктеу 104.68 Kb.
Pdf просмотр
бет18/21
Дата09.01.2017
өлшемі104.68 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

мемлекеттік қызметтің  рөлін  арттыру  болды.  Мемлекеттік  басқару  сапасын 
арттырып  отыру  еліміздің  алға  жылжуына  басты  негіз  болды.  Мемлекеттік 
қызметтің  рөлін  арттыру  шеңберіндегі  әкімшілік  реформалар  тұрақты 
жүргізіліп отырды. 
Осындай  ішкі  және  сыртқы  ұтымды  саясаттың  жемісі  – Қазақстанның 
бүгінгі таңдағы жаһандық экономика саласындағы өзінің лайықты орнын алуы,  
қуатты өндірістік державалар қатарына қосылу мақсаттары. 
Әрине,  елімізді  дамытуда  алда  тұрған  проблемалар  әлі  де  аз  емес,  және 
оның  болмауы  мүмкін  де  емес,  себебі  қандай  мәселе  болмасын    жетілдірудің 
ешқашанда  шегі  болмайды.  Бұл  жағдаймен  2008  жылы  журналистерге  сұхбат 
берген сәттегі Елбасымыздың айтқан сөздері үндес келеді: «Біз осы мемлекетті 
көздің қарашығындай  сақтауымыз  керек.  Біз  өз  мемлекетіміздің  жас  екенін, 
буыны бекіп, бұғанасы жаңа қатып келе жатқан елге төнетін қатер де кездесуі 
мүмкін екендігін естен екі елі шығармауға тиіспіз. Босаңсымауға тиіспіз». Осы 

159
сөздер  өз  елінің  болашағын  ойлайтын әрбір  Қазақстан  азаматының    жадында 
сақталуы тиіс. 
Қазақстанда  қазірде    де  мемлекеттік  қызмет  сапасын  арттыру  үшін 
қоғамның алға жылжуына кері әсер ететін кейбір мәселелердің шешілуі қажет. 
Ол  халықтың  билікке  сенімсіздігі,  заңдардың  шалалығы,  сыбайлас 
жемқорлықтың  кең  өріс  алуы,  сот  және  құқық  қорғау  органдарының  өз 
қызметтеріндегі  жауапсыздығы.  Әлі  де  күн  тәртібіндегі  шешуге  қажет 
мәселелер:  Қазақстанның  мемлекеттік қызметін  Меритократия,  Адалдық  және 
Тиімділік принциптері бойынша жаңарту, адам ресурстарын дамыту, білім беру 
орындарының  бизнес  орталықтарына  айналуын  тоқтатып  оқушылардың  білім 
деңгейін  көтеру,  ғылым  және  жоғары  оқу  саласындағы  қызметкерлердің 
жалақысын жоғарылату. Әрине, ауқымды және өте маңызы зор мақсаттың бірі 
– қоғамның  саяси  жүйесін  жетілдіру  және  қоғамның  саяси  мәдениетін 
жоғарылату болып табылады. 
Еліміздің алдына қойған маңызы орасан зор міндеттердің бірі – отан сүю, 
патриоттық  тәрбие  беру  жұмысын  қоғамның  даму  рухына  айналдыру. 
Отаншылдық, ұлтжандылық өз ұлтының болашағы үшін еңбек ету әрбір саналы 
азаматтың  қасиетті  борышы  екендігін  естен  шығармағанымыз  жөн.  Егеменді 
елдің  негізгі  мақсаты  мен  міндеті  ұрпақ  тәрбиелеумен  астасады,  біздің 
келешегіміз жемісті тәрбие алған ұрпақпен тығыз байланысты.  
Жалпы  алғанда,  бүгінгі  күні  Қазақстан  Республикасы  халық  өмірінің 
жоғары  стандартына,  демократия  мен  азаматтық  қоғам  орнатуға  бағдарланған 
тұрақты да серпінді өсу үстіндегі экономикасы бар өңірлік дамушы  мемлекет 
ретінде танылады. 
ХХІ  ғасырдың  басында  белсенді  сыртқы  саясат  жүргізуінің  арқасында 
Қазақстан  әлемдік  қоғамдастықтан  өз  орнын  алды,  жас  мемлекетке  шетелдік 
тәжірибе мен инвестициялар тартылды. Қазір Қазақстан басқаларға реформалау 
тәжірибесін  үйренетін,  ал  өзі  басқа  елдерге  капитал  инвестициялап  отырған 
елге айналды деп толық сеніммен айтуға болады. 
              
Бақылау сұрақтары
1. Халықаралық   саяси  қатынастарды  зерттеген  классикалық   бағыттың 
өкілдері.
2. “Модернизмнің” 
мәні 
және 
осы 
теорияның 
тобына 
жататын 
саясаттанушылар.
3. Халықаралық қатынастардың негізгі көріністері.
4. Біріккен ұлттар ұйымының басты органдары.
5. Әлемдік жаһандану мәселесіне қалай қарайсыз? 
6. Әлем қауымдастығының даму бағыттары жөніндегі ой-пікіріңіз қандай? 
7. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттары қандай? 

160
ОҚУ ҚҰРАЛЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗ БОЛҒАН 
ОЙШЫЛДАРДЫҢ, САЯСАТТАНУШЫЛАР МЕН 
ҒАЛЫМДАРДЫҢ САЯСИ ИДЕЯЛАРЫ
           
(АКВИНАТ)  ФОМА  АКВИНСКИЙ  (1225-1276  жж.).  Саяси  идеялары 
орта  ғасырлық  Еуропа  ғылымдарында  ерекше  орын  алады,  басты  еңбегі  –
«Теологияның жиынтығы». 
Фома Аквинский «заң белгілі мақсатқа сәйкес тиісті тәртіпті айқындаушы 
ереже,  адам  үшін  бұл  ереже  жан  рахаты  болуы  қажет,    билік  құдайдан 
туындайды» - деп тұжырымдайды. 
«Құдай  -  жауыздықтың  емес,  қайырымдылықтың  жаратушысы,    билік 
құрайтындардың  өзі  жауыздықтан  емес,  мейірімділіктен  тұрады,  құдайдан 
шығады, барлық жамандықтың шығу тегі басқаша»-деп түсіндіреді.
Фома  монархияны  жақтайды,  оның  пікірінше,  саяси  монархия  заңға 
сүйенеді.  Ол  католик  дінін,  моральды,  ақыл-ойды  және  іс-тәжірибені 
біріктіретін  біртұтас  жүйе  жасауға  тырысты.  Өз  ойларын  жүзеге  асыруда  
Библияға,  шіркеу  әкелерінің  философиясына,  сонымен  қатар  дәстүрлі  римдік 
және  канондық  діни-құқықтық  нанымдарға  арқа  сүйеді.  Аквинат      саясатқа 
үстемдік ететін бұрынғы августиндік көзқарасты қайтадан қарады. Мемлекеттің 
құндылығы - еркін адамдардың мүддесін білдіруші болуында  деп есептеді. 
 Аквинаттың  ойынша,  саясат  -  адамның  ерік-жігері  негізінде 
қалыптасатын  белгілі  бір  бағыттағы  моральдық  міндеттеме.  Саяси  ақыл-ой  
қоғамның  немесе  мемлекеттің  жалпы  игілігінің,  әртүрлілікке  негізделген 
моральдық  мақсаттардың  жетістіктері  үшін  қажетті  әдістерді,  құралдарды 
дұрыс таңдаудан тұрады. Сөйтіп ол Аристотельдің рухани саналуандық сенімін 
христиан дінімен біріктіргісі келді. 
Өзінің ортағасырлық католиктік теология мен философияның синтезі деп 
атауға  болатын  «Теологияның  жиынтығы”  атты  еңбегінде  Аквинат  мәңгі 
құқыққа, құдайы құқыққа және табиғи  құқыққа  талдау жасайды. Мәңгі құқық -
әлемнің  барлық    өзгерістері  мен  қозғалыстарын  билеуші  ретіндегі  Құдайдың 
даналығы,  бүкіл  дүние  дамуынының  бағыттаушысы.  Осыдан  құқықтың  басқа 
да шектелген түрлері  өріс алады. Құдайы құқық әр адамға жаратылысынан тән. 
Аквинат  «табиғи  құқық»  -    ақыл-есі  дұрыс,  моральдық,  әлеуметтік  қасиеттері 
қалыптасқан  адамдардың  бәріне  де  ортақ  құндылық  болуы  қажет  деп 
түсіндірді. 
Билік  иесі (монарх),  әрбір  адам  секілді  ақыл-ойға,  табиғи  құқыққа 
бағынады. Егер құқық билік күші арқылы ғана енгізілсе, табиғи құқыққа және 
адам  еркіне  қарсы  болады,  бұл  заңсыздық  және  құқықты  бұрмалау  болып 
табылады.  Осы  жағдайда  ғана  халықтың  монархқа  қарсы  шығуы  заңды.  Ол 
негізінен  халықтың  билікке  қарсы  шығуын    қолдаған  жоқ,  бұны  күнә  санады, 
себебі мемлекет билігі  құдайдан деп есептеді. 
Аквинский  христиан  қоғамындағы  екі  маңызды  әлеуметтік  саланың  
өзара тығыз байланысты екенін атап көрсетті, олар – шіркеу мен мемлекет.
Ол  мемлекеттік  тұрғыдағы  көзқарасын  практикада  қолдануға  ұсынып    қоғам 
игіліктеріне  өзін-өзі басқару идеясын қозғап, саяси  ойлар дамуын жаңа сатыға 

161
көтерді.  Ол  «мемлекетті  қажет  ететін  тек  ғана  адамдар  емес,  сонымен  қатар 
мемлекет те адамға қызмет етуі тиіс» деген тұжырымға келді  
АЛМОНД ГАБРИЭЛЬ(1911  ж.)  –  америкалық  саясаткер.  Стэнфорд 
университетінің  профессоры,  Америка  ғылым  және  өнер  академиясының 
мүшесі, Америка саяси ғылымдар ассоциациясының президенті болған. Өзінің 
“Даму  жолындағы  аймақтардың  саясаты”  (1968),  “Салыстырмалы  саясат” 
(1988)  атты  еңбектерінде  Алмонд  қазіргі  құрылымдық  функционализмнің 
(жүйеліктің) негізін зерттеді.
Алмонд функциялық тәсілдерді саяси жүйелерді реттеу және талдау үшін 
пайдаланады, қоғамдардың саяси жүйесін зерттеді. Алмондтың пайымдауынша, 
саяси  жүйелер  екі  негізгі  мақсат  атқарады:  “енгізу”  және  “шығару”.  Ол 
“енгізудің” төрт функциясын айқындайды (саясатқа енгізу және қатысуға тарту, 
мүдделерді  артикульдендіру,  мүдделерді  білдіру,  саяси  нормаларды  талдау). 
“Енгізу”  функциясы  өкіметтен  тыс  жүйелермен  шешіледі:  қысым  көрсету 
тобымен,  саяси  партиялармен,  тәуелсіз  басылымдармен  т.б.  Ал  “шығару” 
функциясы – ол үкіметтің қызметі. 
Алмонд  өз  еңбектерінде  негізінен  “енгізу”  функциясын  талдауға  көп 
көңіл  бөледі.  Ол  саяси  кірістіру    қызметтің  тиімді  саласы  екенін  болжайды  
саяси жүйенің сапасы оған қатысатын бөліктерімен байланысты деп түйіндейді. 
Г.Алмонд саяси жүйе қызметтерін (міндеттерін) былайша белгілейді.
  - саяси әлеуметтендіру және саяси құрамды толықтыру (рекруттау); 
  - мүдделерді білдіру (артикулдау); 
  - мүдделерді біртұтастандыру (агрегаттау); 
  - саяси қатынас; 
  - мөлшерлеу, мөлшер жасап шығару (нормалау); 
  - ережелер мен мөлшерлерді қолдану; 
  - олардың орындалуын бақылау. 
Саяси әлеуметтендіру  функциясы  қоғам  мүшелерін  саяси  іс-әрекетке 
тартудан  көрінеді.Мүдделерді  білдіру  функциясы  –  саяси  шешімдерді 
қабылдайтындардың алдына мүдделі талаптарды қоюдан тұрады. 
Мүдделерді  біртұтастандыру  функциясы  талаптар  мен  тілектерді 
топтастырудан  және  келісуден  тұрады.  Олар  саяси  бағдарламалар  түрінде 
жасалады.  Бұл  функцияны  көп  ретте  саяси  партиялар  өз  мақсаттары  үшін 
пайдаланады.
Саяси  қатынас  функциясы  саяси  жүйе  бөлшектерінің  өзара  қарым-
қатынасын білдіретін қызмет. Сондай-ақ, ол саяси жүйе мен қоршаған ортаның 
өзара қарым-қатынасын реттейді. 
Мөлшерді  анықтау  (нормалау)  функциясы  заңдар  мен  ережелер 
қабылдаудан тұрады. Олар қоғам мүдделерінің мінез-құлқын, тәртібін реттейді. 
Алмондтың  құрылымдық  функционализмнің  айтарлықтай  тиімділігі 
саяси  жүйелерді  салыстырмалы  зерттеу  барысында  аңғарылды.  Оның 
пікірінше, саяси жүйелерді салыстыру сатысында оларды бір-бірімен қатар қою 
қажет:  1)  жүйенің  мүмкіндіктері;  2)  конверсия  функциялары;  3)  қолдау  және 
бейімдеу  функциялары;  4)  функциялаудың  жоғарыда  аталған  деңгейлері 

162
аралығындағы  өзара  қатынас.  Алмондтың  осы  салыстырмалы  әдісі  саяси 
дамуды зерттеу барысында жиі қолданылады. 
Алмонд  пен  Вербаның  «Азаматтық  мәдениет».  «Бес  мемлекеттегі  саяси 
қатынастар және демократия» (1963) деген кітаптары саяси мәдениетті талдауға 
арналған. 
              АРИСТОТЕЛЬдің  (б.з.  дейінгі  384-322  жж.)  саяси  ілімдері  Саясат», 
«Афинының политиясы», «Этика», «Риторика» деген еңбектерінде баяндалады. 
Аристотельдің  пікірі  бойынша,  мемлекет  табиғи  даму  процесінің  жемісі.  
Сонымен қатар ол басқа да барлық әлеуметтік қарым-қатынастар формасының  
жоғары түрі. 
Адам  өз  табиғатынан    саяси  тіршілік  иесі.  Мемлекеттің  ең  «дұрыс» 
формасы  –  полития,  онда  көпшілік  баршаның  мүддесі  үшін  билік  етеді. 
Полития    мемлекеттік  биліктің  «орташа»  түрі,  оның  сипаты  мемлекеттік 
мақсатты  қолдауынан,  мүлік  иелігіндегі  орташа  байлыққа  жетуіненден  айқын 
көрінеді. 
Аристотельдің  пікірінше,  политияда  орташа  белгі  шеткі  белгілерден 
артық  болуға  тиіс  немесе  олардың  әрқайсысынан  «күшті»  болуы  қажет. 
Жоғарғы  билік  азшылықтың  емес,  көпшіліктің  қолында  болуға  тиіс    және   
бұқараның  ішінде олардың жақтаушылары қарсыластарынан көп болуы керек. 
Құқық  адамдардың  әлеуметтік  қарым-қатынасының  нормасы  ретінде  қоғамда 
саяси әділеттік принципін орнықтырушы. Ғалым философия шеңберінен саяси 
білімді  бөліп  көрсетіп,  зерттеу  мәселелеріне  теориялық,  эмпирикалық, 
нормативтік әдістер арқылы талдау жасады, саяси ойды талдап қорытуға тиісті 
ұғымдарды жетілдірді. Оның “Саясат” атты еңбегі саяси ғылымның дамуында 
ерекше орын алады. 
Аристотельдің  ойынша,  адам  “саяси  жануар”  болғандықтан  бірігіп 
тіршілік  етуге  талпынады:  қоғамның  дамуы  отбасынан,  ұсақ  қауымдастықтан 
басталып,  одан  әрі  мемлекет  (қала-полис)  қалыптасады.  Бірақ  логикалық 
жағынан жоғары орында мемлекет тұрады себебі мемлекет қоғам энтелехиясын 
(қозғаушы күшін) сипаттайды. 
Аристотельдің  пікірінше,  мемлекет  өз  азаматтарының  “тамаша  өмірі” 
үшін  құрылады.  Адамдар  мемлекет  ішінде  ғана    гүлдене  алады,  өйткені  ол  -
әділдік  пен  құқықтың  кепілдемесі,  азаматтардың  жалпы  мүддесінің  бейнесі. 
Грек  философы  мемлекетті  қоғамнан  бөліп  қарамайды,  Платонның  ілімі 
сияқты, Аристотельдің ілімінде мемлекеттілік мүдде жоғары орын алады; адам 
– мемлекеттің бөлігі, жеке мүдделер қатаң түрде қоғамдық игілікке бағынады. 
Азаматтарды  ол  «ерікті  адамдар»  деп  атады,  себебі  олар  ешкімнің  меншігіне 
жатпайды, ал бостандық  құлдарға тән қасиет емес деп түсінді. Азаматтар тек 
ғана    әскери,  заң  кеңесшілігі  және  сот  істерімен  шұғылданады;  қолөнер, 
шаруашылық - құлдардың жұмысы. Азаматтар жеке  меншікті иеленуі мүмкін, 
бірақ оны бірге пайдалануы қажет, меншік иесіне рахымшылдық тәрізді қасиет 
тән  болуы  керек.  Аристотель  әлеуметтік  теңсіздікті  қолдамады,  өйткені  ол 
қақтығыстар мен төңкерістердің алғашқы себебі деп түсінді.
Аристотель  мемлекеттік  құрылым  формасын  екі  негізде  айқындайды: 
билікке  қатынасушылар  және  басқарудың  мақсаты  (моральдық  маңызы). 

163
Нәтижесінде  мемлекет  басқарудағы  билік  иелерінің  жалпы  мақсат  сипатына 
қарай  үш  “дұрыс”  түрі  (монархтық,  ақсүйектік,  полития)  және  билеушілердің  
жеке  мүддесіне  ғана  бағытталған  үш  “дұрыс  емес”  түрі  (тирандық,  олигархия 
және демократия) бар деп тұжырымдайды. 
ӘЛ-ФАРАБИ (870-950 жж.) – шығыстық аристотельдік ілімнің көрнекті 
өкілі. Оның философиялық қызметі көпқырлы, ол ғалым-энциклопедист болды. 
Әл-Фараби саясат жөнінде терең ойлар айтқан. Оның ілімі бойынша қоғамның 
құрылымы  әлемнің  құрылымына  сәйкес,  ұқсас  келеді.  Ойшылдың  саясатта 
әсіресе  көп көңіл бөлген  мәселесі адам мен  биліктің арақатынасы. Әл-Фараби 
адамды ардақтап қадір тұтады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда 
ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деп атап көрсетті.  
Әл-Фарабидің саяси идеаялары қайырымды және қайырымсыз қалаларды 
салыстыру  арқылы  беріледі.  Қайырымды  қалада  билеушісінің  және  оның 
тұрғындарының  болмыс  және  бақыт  жөнінде  шынайы  түсініктері  бар,  ал 
қайырымсыз, күнәға батқан қалада ондай ұғым жоқ. 
Мұндай  қалалар  мұраларға  қатысы  жағынан  да  өзгеше.  Бақытсыз  және 
опасыз қала тұрғындары сезім мен қиялға негізделген әрекетке сүйеніп рахатты 
жоғары  бағалайды;  қайырымды  қалада  адам  бақыты,  ізгілік,  әділдік  және 
әсемдік салтанат құрады. 
Әл-Фараби  мынадай  адамгершілік  қасиеттерін  даралап  көрсетеді: 
шындықты  сүю,  игіліктілік,  мінезінің  парасаттылығы.  Тұтас  алғанда  Әл-
Фараби  Платонның  философ-ел  билеушісі  болу  идеясын  қолдайды.  Ол 
мемлекетті  қоғамдық  организмнің  жүрегі  деп  санайды. 
Әл-Фарабидің  адам  туралы  ойлары  терең  де  құнды:  «Адам  еңбектің 
арқасында  жануарлық  жағдайдан  құтылатын  қабілеті  бар  бірден-бір  тіршілік 
иесі, ол осы қалпы  санасына сәйкес  өзін-өзі  дамытуы тиіс».  
Аристотель  шығармаларының  терең  шолушысы  ретінде  Әл-Фарабиді 
ғалымдар  “Екінші  ұстаз”  деп  атады.  (Біріншісі  –  Аристотельдің  өзі).  Оның 
көпқырлы біліміне мына даңқты еңбектері куә: “Философияны меңгеруді ілгері 
апаруға не қажеттігі туралы”, “Екі философ – құдіретті Платон мен Аристотель 
көзқарастарының  үндестігі  туралы”,  “Рахымды  қала  тұрғындарының 
көзқарастары туралы трактат” және басқалары. 
Әл-Фараби  өзінің  зерттеулерінде  қоғамдағы  адамның  алатын  орнын 
анықтауға көп көңіл бөлді.  
Әл-Фараби  мемлекет  басшысын  барлық  ізгілікті,  мықты  денсаулықты, 
кемел  ойды,  жоғары  ар-намысты,  терең  білім  меңгерген  үлгілі  тұлға  ретінде 
ұсынады
БЕРК ЭДМУНД  (1729-1797  жж.)  –  ағылшын  саяси  қайраткері  және 
консерватизм теоретигі. Берктің саяси ілімі - өзі қарсы болған 1789 ж. француз 
революциясын  зерттеулерінің  жемісі.  Ол  мемлекет  пен  қоғамды  тірі 
организммен  салыстыра  отырып,  тарихи  процестің  нәтижесі  ретінде  қарады. 
Берк мемлекеттің негізгі мақсаты ретінде тәртіп пен заңды күзету деп ұғынды. 
Сондықтан  ол  меншікке  құқықты,  жеке  тұлғаның  құқығын  өзге  барлық 
құқықтардан жоғары санаса да, табиғи құқық идеясын қолдаған жоқ. 

164
Сайланған  билік  түрін  қорғай  отырып,  Берк  ағылшын  парламентін 
осындай билік институты деп санады, алайда оның қызметін халық бақылауға 
тиіс  емес  деді.  Бұл  –  азшылық  көпшілікке  “игілік  жасайтын  үлгі  
деп”түсіндірді.  Заң  шығарушылар  мемлекет  саясатын  жүзеге  асыру  үшін 
сайланады, олар өз сайлаушыларының сілтеуімен қызмет атқаратын қарапайым 
елшілер болуға тиісті емес. 
Берк мемлекет жүйесін адамзат  даналығының жинақталған қоры ретінде 
қарап,  реформаларды  жақтады.  Бірақ  реформаторлар  мемлекет    әкенің 
жарақатына “шынайы ізгілікпен, үлкен  қамқорлықпен” қарағандай болуы тиіс. 
Мемлекетті  талқандау  оңай,  оны  жаңғырту,  аяғынан  тұрғызу  қиын.  Берк 
өркениетке  нәзік  зат  ретінде  қарады.  Ойшыл қоғамның  тұтастығы  мен 
қалыптасқан  құрылымдарын  бүлікші  топтардан  қорғау  керек,  әйтпесе 
мемлекетті  талқандап тастау қиын емес екенін   ескертті.Э.Берк саяси ғылымға 
консерватизм идеологиясын енгізді.
БОДЕН  ЖАН  (1530-1596  жж.),  француз  ғалымы  адам  мінез-құлқына 
табиғи ортаның тигізер әсері туралы теорияны дамытты. 
Боденнің пікірі бойынша жанұя – мемлекеттің негізі, оның беріктігі саяси 
ұйымдардың  белсенді  қызметімен  тығыз  байланысты.  Мемлекет  жанұяның 
жиынтығы,  бірақ  мемлекет  дербес  жоғарғы  билік  болғандықтан  жанұядан 
өзгеше. Боден корольдің шексіз билігін қолдайды, ол қоғамдық жүйені табиғат 
заңдарына бағынышты болудан еркін емес деп санап,  натуралистік парадигма 
ұсынады,  қоғамды  географиялық  ортамен,  биологиялық  ерекшеліктер  арқылы 
түсіндіреді.Жан-Боден  географиялық  ортаның  саясатка  ықпалы  етуі  туралы 
мәселені теориялық деңгейде зерттеудің негізін қалады.
  БҰХАР ЖЫРАУ (1693-1787 жж.), қазақ жырауы, ақын. Абылай ханның 
ақылшысы  болып,  халықтың  саяси  өмір  тұрғысын  талдаған,  ханның  кейбір 
саяси  қимылдарына  сын  көзімен  қараған,  сөйтіп  қазақтың  өзіндік  әлеуметтік-
мәдени, саяси құндылықтарын халықтың сана-сезіміне жеткізуді мақсат тұтқан. 
ВЕБЕР  МАКС  (1864-1920  жж.)  –  немістің  саяси  экономисі, 
әлеуметтанушы.  Фрайбург,  Гейдельберг  және  Мюнхен  университеттерінде
сабақ  берген.  Ол  әлеуметтану  мен  саясаттануды  дамытуға  үлкен  ықпал  етті. 
Вебер саясатты “билікке қатысуға ұмтылу немесе адамдардың билікті бөлісуге 
ықпал етуі” деп түсіндірді. (М.Вебер. Шығармалар жинағы. М. 1990, 646 бет).
Жоғарыда  (ІІІ  тарауда)  көрсетілгендей,  Макс  Вебер  легитимді  саяси 
биліктің  (үстемдіктің)  проблемалары  туралы  жан-жақты  теориялық 
тұжырымдамалар    жасады.  Вебердің  тағы  бір  кеңінен  танымал  теориясы  –
бюрократия туралы ілімі.  
Ол  алғашқылардың  бірі  ретінде  ХХ  ғасырдағы  демократиялық 
мемлекеттердің  өмірінде  күшейе  түскен  бюрократизмге  назар  аударды.  Оның 
көзқарасы  бойынша,  бюрократия  мен  демократия  арасында  шиеленіс 
туындайды.  Демократияландыруда  бұқараны  әлеуметтік-саяси  өмірге  кеңінен 
тартудың  нәтижесінде  көптеген  мемлекеттік  буындар  пайда  болып,  ақырында 
олар  басқару  жүйесін  әлсіретеді.  Бюрократтардың  үстемдігінен  құтылу  үшін 
Вебер тікелей дауыс беру (плебисцитарлық) теориясын ұсынды. Осыған сәйкес 
тіке  сайлаумен  келген  харизматикалық  басшы  парламенттік  демократияны 

165
толықтыруға  тиіс.  Вебердің  пікірінше,  ХХ  ғасырда  қоғам  мен  мемлекет 
арасындағы  қатынас  мәселесін  шешетін  тек  ғана  жеке  басшы,  себебі  әлем 
көлемінде бұл кезең демократияландырудың басталған кезеңі. 
М.Вебер  көсемдер  (лидер),  саяси  биліктің  типологиясы,  әлеуметтік 
жіктелу  проблемаларын  зерттеуде  өте  маңызды  тұжырымдамалар  жасады. 
Мысалы,  әлеуметтік  таптық  жіктелу проблемасын  алатын  болсақ,  ол  маркстік 
таптар теориясынан тіпті өзгеше. Маркс қоғам мүшелерін өндірістік қатынастар 
негізінде таптарға бөлетін болса, Вебердің таптық жіктеуіндегі негізгі белгілер: 
байлығы  мен  табыс  мөлшері,  білім  дәрежесі,  таптық  сезімі  (яғни,  белгілі  бір 
тапқа  жататынын  сезінуі).  Бұнда  таптық  жіктелу  тек  ғана  өндірістік 
қатынастарға  байланысты  емес,  құндылық  бағдарының  өзгешеліктері  де 
ескерілетін  жеке  адамның  әлеуметтік  бағасына  негізделеді.  Сонымен, 
К.Маркстің тұжырымдамасы бойынша, ХІХ-ХХ ғасырларда дәстүрге айналған 
таптық  жіктеу  (байлар,  жұмысшылар  мен  шаруалар,  зиялылардың  әлеуметтік 
тобы)  ғылымда  қайта  қаралды.Оны  Маркстен  кейінгі  бірінші  болып  жаңадан 
тұжырымдаған Макс Вебер болды.Әлеуметтік таптық жіктеу мәселесі бойынша 
М.Вебердің  және  бір  маңызды  тұжырымдамасы  - қоғамдағы  орташа  таптың 
орны  туралы болатын.  Марксистік теория бойынша орта тапты  ескі қоғамдық 
құрылыспен  бірге  жойылып  бара  жатқан  тап  деп  оған  мән  бермесе,  М.Вебер 
«орташа  тапқа»,  «орташа  топқа»  айрықша  назар  аударады.  Шын  мәнінде, 
экономикалық жағынан дамыған елдерде орташа тап азаматтық қоғамның тірегі 
және  елдің  саяси  тұрақтылығының  әлеуметтік  негізі  болып  табылады  деген 
идеясы қазіргі кездегі бүкіл әлемдік саяси өмірде үлкен  қолдау тауып отыр.
ГОББС ТОМАС  (1588-1679 жж.) ағылшын философы. Гоббстың саяси 
ілімінің  негізгі  идеясы  –  жоғары  билік  және  мемлекеттің  тәуелсіздігі.  Ол  өз 
теориясын  Англиядағы  монархияны  қайта  құруды  жаңғыртуға  бағыттады. 
Мемлекеттің үш үлгісін қарастыру арқылы Гоббс монархия - биліктің ең жақсы 
үлгісі деп тапқан. Оның ойынша, ақсүйектік билік құдайы жолмен шыққан жоқ. 
Сонымен  қатар,  Гоббс  ақсүйектік  билік  негізінің  шығу  сатысы  – қоғамдық 
келісім деп тапқан. 
Өзінің  атақты  “Левиафан”  атты  еңбегінде  Гоббс  мемлекетке  дейінгі 
қоғамның бейнесін суреттеген. Ондағы жағдай, жоғарыда аталғандай, “бәрінің 
бәріне  қарсы  соғысы”.  Бірақ  табиғи  заңдылықтар  бейбіт  заманды  іздеу  керек 
деген  мәмілеге  келтірді  және  осы  мақсатта  адамдардың  барлық  нәрсеге 
құқықты  болудан  айырылуы  қажет,  адамдарға  өздерінің  қауіпсіздігі  үшін 
келісім-шарттар  жасау  керек  болды.  Олар  өздерінің  кейбір  құқықтарынан  бас 
тартып  оны мемлекетке тапсыруы қажет. Гоббстың ойынша, қуатты мемлекет 
–  адамдардың  әлеуметтік  кемшіліктерін  болдырмайды.  “Монархтың  бұл 
келісім-шартқа ешқандай қатысы жоқ”,  себебі қоғамның дұрыс деп тапқаны –
келісім-шарт.  Гоббс  биліктің  бөлінуіне  қарсы  болды.  Басшының  билігі  –
жоғары заң және оған бағыну керек.  Бағынышты адамдардың сана-сезімі де өз 
басшысына тәуелді  болуы қажет, себебі басшы қандай дін, сенім қажет екеніне 
дейін  шешуге  тиіс.  Сонымен  қатар,  басшы  өзіне  бағынышты  адамдардың 
арасында теңдік болу қажет екенін қадағалап отыруға тиіс, оларды сотта қорғай 
білуі  қажет.  Гоббстың  ілім-нанымы  бойынша,  жоғары  билік  абсолютті  болуы 

166
қажет, бірақ тотальды емес; олар азаматтың жеке ісіне, яғни экономикалық іс-
әрекетіне араласпауы қажет. Адамдар зат сатып алу саласында, келісім-шартқа 
отыруда ерікті. Гоббстың түсінігі бойынша, бостандық заңға қайшы келмейтін 
құқыққа негізделуі  керек. Заңдардың мақсаты – барлық іс-әрекетті бағындыру 
емес, оларға дұрыс бағыт беру. 
Томас  Гоббс  өзінің  «Азамат  жөнінде»,  «Дене  туралы»,  «Адам  туралы» 
деген  шығармаларында  «мемлекет  – үлкен  механизм,  жүйе,  адамдардың 
құмарлығының  қозғалысы  мен  қақтығысының  нәтижесінде  құрылған»  -  деп 
есептейді. 
Гоббстың  пікірі  бойынша,  әсіресе  мемлекетке  дейінгі  кезеңдерде  «адам 
адамға  қасқыр»болды.  Сондықтан  сол  жаппай  соғысудың  табиғи  жайынан 
шығу үшін мемлекет қалыптастырылды. Адамдардың өзара қатынасының жаңа 
формасы мемлекет болды.  Гоббс мемлекеттік билікке сөзсіз бағыну қажет деп 
санайды.  Сөйте  тұра,  ІҮ  тарауда  көрсетілгендей,  адам  мәртебелілігі 
мемлекеттен  де  жоғары  деген  ұстанымын  дәлелдеді.  «Левиафан»  деген 
еңбегінде адамның «табиғи құқығын» ең жоғары мәртебеге көтерді.Т.Гоббстың 
айтуынша, қандайда болмасын мемлекет  адамның «табиғи құқығын» қорғауға 
міндетті.   
Каталог: wp-content -> files
files -> Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
wp-content -> Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ
wp-content -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
wp-content -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
wp-content -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
files -> Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп
wp-content -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
wp-content -> Филология кафедрасы

жүктеу 104.68 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет