Саясаттану



жүктеу 104.68 Kb.

бет17/21
Дата09.01.2017
өлшемі104.68 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

2. Әлемдік саясат және халықаралық  саяси жүйе
Халықаралық  қатынастардың  тарихи  дамуы  барысында  оның  
қатысушыларының  сипаты,  қызмет  тәсілдері,  өзара  іс-қимыл  көлемі 
айтарлықтай  өзгерді.  Бұл  жеке  мемлекетаралық  іс-қимылдардың  белгілі  бір 
аймақ шеңберімен шектеліп қалуынан әлемдік  жаһандануға өту белгісі. Қазіргі 
кезде  бүкіл  әлем  іс  жүзінде  халықаралық  саясат  кеңістігі  болып,  бірте-бірте 
жаһандануға өту барысы аңғарылады. Ғаламдасу (жаһандану) саяси бағытымен 
бірге мемлекеттер арасындағы “ұлттық мүдделер” бәсекелестігі тұрғысындағы 
қатынастар  қалыптасты  олар,    бір  жағынан,  бірнеше  ұлы  державаның  даму 
жолындағы  бірігуіне  айналса,  екінші  жағынан,  саналы  түрдегі  өзінің 
стратегиялық, перспективалық болашақтағы бірігу процесінде жетекшілік етуге 
мүдделі.  Бұл  құбылыстар  жаңа  халықаралық  қатынастар  жүйесінің
қалыптасуын бейнелейді. 
Халықаралық  қатынастардың  еуропалық  жүйесінің  қалыптасуы 
ортағасырлық  және  Жаңа  дәуір  (ХYІ  ғ.)  кезеңінде  жүзеге  аса  бастады.  Бұл 
процестің  маңызды  алғышарттары: 1) ХY ғасырдың  соңы мен    ХYІ ғасырдың 
басындағы  ұлы  жағырапиялық  ашулардан  туындаған  халықаралық  саясат 
кеңістігінің  ұлғаюы;  2)  халықаралық  экономикалық  қатынастардың  әлемдік 
жүйесінің  пайда  болуы;  3)  халықаралық  ынтымақтың  әртүрлі  үлгілерін  ің 
жетілуі; 4) аса ірі ұлттық мемлекеттердің құрылуы. 
Халықаралық  қатынастарды  жаһандастыру  бағыты  өзіне  қарсы 
(идеологиялық және экономикалық басым болу) саясатымен қатар жүрді. Саяси 
саладағы  конфессиялық  әртүрлі  пікірлер  мен  көзқарастардың  оқшаулануы, 
өзара  бірлігінің  болмауы,  еуропалық  елдердің  біркелкі  емес  экономикалық 
дамуы  орын  алды.  Жеке  мемлекеттердің  бірте-бірте  жаңа  халықаралық 
қатынастарға өтуі  олардың саяси-экономикалық оқшаулануын  тоқтатты.  Бұл 
қатынастардың  нәтижесінде  ХYІІ  ғасырдың  ортасына  қарай  халықаралық 
қатынастардың  жалпыеуропалық  үлгісі  –  еуропалық  мемлекеттер  іс-
қимылының  күрделі  жүйесінің  қалыптасуына  негіз  болды.  Осы  халықаралық 
қатынастар жүйесінің негізгі сипаттары: 
1)  жеке  мемлекеттер  арасындағы  қатынастардың  күрделенуі  (саяси, 
идеологиялық, экономикалық салаларда); 
2)  ортақ  мүдделері  негізінде  құрылған  және  Еуропадағы  саяси  күштердің 
қызметін атқаратын жүйенің қалыптаса басталуы; 

152
3)  мемлекеттердің  сыртқы  саяси  концепцияларына  сәйкес  олардың 
халықаралық алаңдағы іс-қимыл бағдарламаларының болуы. 
Осы  жүйе  шеңберіндегі  халықаралық  қатынастардың  ұзақ  уақыт  бойы 
қалыптасқан  негізгі  принциптері:  ұлттық  (мемлекеттік)  егемендік  принципі 
(ұлттық  мемлекет  құруды  қоғамның  саяси  ұйымының  басты  үлгісі  ретінде 
ұстану)  және  күштердің  (баланстың) 
тепе-теңдік  принципі  (“ұлы 
державалардың”  жоғары  мақсаттарының  шығуымен,  тәуелсіздіктен  айырылу 
шегінде тұрған  мемлекеттердің бәсекелестікке түсуімен сәйкес келуі.)
Халықаралық  қатынастардың  еуропалық  жүйесі  --  халықаралық 
саясаттың  көлемін  (жер  шекарасын)  ұлғайтып,  бүкіләлемдік  халықаралық 
жүйеге  айналды.  Халықаралық  жүйе  құрылымның  айтарлықтай  күрделенуі 
оның  іс-қимылындағы  элементтер  мен  типтер  санының  көбеюімен 
ерекшеленді.  Мемлекеттердің  мақсатты  қондырғылары  мен  сыртқы-саяси 
құндылықтарында үлкен өзгерістер жүзеге асты; өз билігіндегі үлесті кеңейтуге 
ұмтылу,  жүйедегі  орынды  ұлғайтуға  шақырған  стратегиялық  шекараларға 
(ықпал  аймақтарына)  айрықша  қызығушылық,  өзара  ұжымдық  кепілдіктер 
жүйесін  орнықтырумен  алмасты.  Бұл  өз  кезегінде  халықаралық  ұйымдардың 
белсенділігін,  экономикалық  жағдайын  жақсарта  отырып,  жағырапиялық 
факторлар  үстемдігін    әлсіретуге  әкелді.  Сыртқы  саяси  іс-қимылдардағы 
соғыстың пайдасы сияқты көзқарастарға қарсы тұру нақты жүзеге асты. 
Өзге  құрылымдар  тәрізді  халықаралық  қатынастар  жүйесі  де  бірімен 
бірінің  іс-қимылында  орын  алатын  элементтер  жиынтығын  иемденеді.  Бұған 
халықаралық жүйенің қызметін қолдайтын, оның дамуын қамтамасыз ететін іс-
қимыл  бастаулары  кіреді.  Халықаралық  жүйенің  қызметі  халықаралық 
қатынастар ерекшеліктерімен айқындалады, олар: 
1)  халықаралық  жүйе  әлеуметтік  (қоғамдық),  ашық  және  бәсең  ұйымдасқан 
жүйе  болып  саналады;  ол  нақты  шекараның  болмауымен,  сыртқы  және  ішкі 
орталықтандырудың,  құрамдық  бірігудің  төмен  деңгейімен,  автономияны 
сақтап қалуымен сипатталады; 
2) халықаралық жүйенің негізі болып саяси қатынастар саналады; халықаралық 
қатынастардың белгілі бір жүйесіне тиісті өзара іс-қимылдар (ынтымақтастық, 
бәсекелестік, шиеленіс) нәтижесінде қол жеткен жетістіктерді, ресурстар тарату 
мен  халықаралық  аренадағы  ықпал  деңгейін  тұтастай  алғандағы  күштер 
қатынасын анықтайды.
3) 
халықаралық  жүйе  –  күрделі  қалыптасқан  жүйе;  ол  өзін  құрайтын  іс-
қимылдардың  бірнеше  деңгейінің,  әртүрлі  факторлардың  халықаралық 
қатынастарға қатысушылар арасындағы күштер салмағының, ішкі процестердің 
және сыртқы ортаның ықпал етуі әсерінен өзгеріп отырады.
Сонымен,  халықаралық  жүйе  -  тұтастай  алғанда  халықаралық  алаңдағы 
тиісті  кеңістік-уақыт контексіндегі қатынастардың  формалды емес  мекемелері 
бола  отырып,  халықаралық  қатынастарға  қатысушылардың  тәртібі  мен 
қызметінің  нәтижесін  анықтайтын  және  олардың  халықаралық  саясаттағы 
ролін, өзара іс-қимылдарын, тәсілдерін сипаттайтын құрылым. 

153
Халықаралық саяси жүйенің қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған бірнеше 
кезеңдерден өтті. Бұл жүйенің қалыптасуына шартты негіз болып халықаралық 
тәртіптің жетілуі саналады.
 «Халықаралық 
тәртіп» 
ұғымында 
мемлекеттер 
мен 
басқа 
институттардың  маңызды  қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуге,  олардың  жұмыс 
істеуіне,  қауіпсіздігі  мен  дамуына  қажетті  шарттарды  жасау  мен  қолдауға 
бағытталған  халықаралық  қатынастар  құрылымы  анықталады.  Халықаралық 
тәртіп негізін күштердің өзара айқындалған қатынасқа, қалыптылыққа кепілдік 
беретін  халықаралық  қатынастар  тәртібі  мен  ережелерінің  жалпыға  бірдей 
мойындалған  жиынтығы  құрайды.  Ал,  халықаралық  тәртіп  мемлекетаралық 
өзара іс-қимылдарды реттеу нәтижесінде қалыптасады. 
“Саяси  үлгілер  мен  оны  байланыстырушы  барлық  этностар 
аралығындағы  «әлемнің  саяси  қондырғысы”  делінетін  ұғымнан,  абсолютті 
егемендіктен  бас  тарта  отырып,  заңдық  нормаларға  (мемлекет  құқықтарына) 
және  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  (адам  құқықтарына)  жауап  беретін 
“әлемдік тәртіп” ұғымы мағынасы жағынан әлдеқайда кең. 
Халықаралық  қатынастардағы  реттеуші  принциптердің  іс  жүзіндегі 
өзгерістері, халықаралық тәртіптің тарихи типтері былай сипатталады:
1)  1648-1815  ж  ж.  негізгі  принциптер:  ұлттық  (мемлекеттік)  егемендік  және 
саяси  тепе-теңдік  принциптері  болды.  Еуропалық  тәртіп  трансформациясы, 
яғни,  басты  субъектісі  халықаралық  қатынастардың  егеменді  мемлекеттер 
болатын  өзара  іс-қимылдардың  орнықты  жүйесі  қалыптасты.  Өзара 
қатынастарды  реттеуде  өздігінен  күш  қолдануды  шектеумен,  мемлекеттің 
халықаралық  арена  тәртібіне  бақылау  орнатуымен  жүзеге  асты.  Еуропалық 
тепе-теңдік  жүйесінде  бекітілген  негізгі  шарт,  ереже    егемендік  принципі 
(мемлекеттік  мүдделердің  шектелмеген  бәсекелестігі)  және  жалпы  мүдде 
принципі  (қалыптылық)  келісім.  Гегемондық  бағыт  алуды  жүзеге  асыру 
барысында саяси күштерді өз мүддесіне пайдалану заңсыздық іс-қимыл болып 
саналып,  ал  оны  ұжымдық  пайдалану  (коалиция  «өркөкірек»,  «менменшіл» 
мемлекетке қарсы бірнеше мемлекеттер одағын құру жолымен) – тәртіп сақтау 
құралы қалыптаса бастады. 
2)  1815-1860  жылдары  “Вена  жүйесі”  қалыптасты  негізгі  принциптері  
легитимизм  болды.  Халықтық  қызметін  Вена  конгресі  белгілеген  “1815  ж. 
жүйенің”  қалыптылығын  қамтамасыз  ету  мен  нығайту  мақсатында 
консервативтік  мүдделер  өз  бірлігінің  концепциясын  ұсынды.  Халықтық 
принципінің  (ХІХ  ғ.  ұлт-азаттық  қозғалыстардың  күшеюіне  байланысты) 
жеңістері  мен  жаңаруын  баянды  ету  үшін  жаңа  тәртіп  бастамашылары 
күштерін  біріктіру  қарастырылды.  Алайда,  “қасиетті  бірлік”  іштен  жарылды; 
бұл «жарылыс» парадоксы оның жақтаушылары мен қорғаушылары тарапынан 
болған бұрынғы идеалды бекерге шығаруынан болды
3)  1860–1914жж.  “реалистік  саясат”  бойынша  мемлекеттер  арасындағы 
қатынастар  қатал  күшпен  шешілді,  жеке,    қуатты  мемлекеттің  оқшаулануына 
жол  беріліп  мемлекеттердің  өзара  қарама-қарсы  блоктары  құрылды,  олардың 
антагонизмі өршіді; 

154
4)  1914-1918-1939  жж.  “Версаль  жүйесінде”  идеологиялық  фактор  іс-қимылға 
ауысты,  ұлттық  мемлекеттер  арасындағы  шиеленіске  идеология  қайшылығы 
қосылды (фашизм, коммунизм және либерализм); 
5) 1945ж. – ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңы “қырғи-қабақ соғыс” дәуірі, ІІ 
дүниежүзілік 
соғыстан 
кейінгі 
халықаралық 
тәртіп. 
Халықаралық 
қатынастардың жаңа құрылымының сипаты – биполярлық және конфронтация 
(әскери-саяси,  экономикалық,  идеологиялық  ымырасыздық).  Жоғарғы 
державалар  идеология  арқылы  өзінің  қуатын  айқындай  бастады.  Осы  кезеңде 
халықаралық  қатынастар  акторы  ретінде  халықаралық  ұйымдардың  (әсіресе 
БҰҰ) ролі күшейді, халықаралық құқықтың мәні және оның ұлттық мақсаттары 
мен бағдарламалары мойындалды
6)  ХХ  ғ.  90-жылдарының  басынан  жаңа  халықаралық  тәртіпті  қалыптастыру 
кезеңі басталды. Бұл халықаралық саясат балама бағыттардың пайда болуымен 
сипатталып  жаһандануға,  ынтымақтастық  пен  интеграцияның  дамыған 
бағытына бетбұрыс, өзара іс-қимыл шиеленістерін сақтайтын ағымдарға бағыт 
беру,  өзара  байланыс,  трансұлттық  және  ұлттық  сепаратизм  идеяларының 
түйісуі  болды.  Олар  проблематикалық  және  ретсіздікті  іс  жүзінде  шешудің 
тәсілдерін  енгізді.  Биполярлықтың  күйреуі  империялық  (бір  ғана  жоғарғы 
державаның  болуы    мен  көпполярлық  (мемлекеттердің  мәртебесі  мен 
ықпалының тепе-теңдігі) баламаларын туындатты. 
3. Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
Мемлекеттің  негізгі  белгісі  –  егемендік,  ал    оның  құрамды  элементтері:  
территориясы, халқы және саяси билігі. 
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан 
кейін  мемлекеттіліктің  белгілері  мен  элементтерін  толық  орнықтыруға  бағыт 
ұстанған  белсенді  де    парасатты  саяси  қызмет  атқарып  келеді.  Бұның  айқын 
дәлелі  1992 жылғы 2-ші наурызда, яғни тәуелсіздік алғаннан кейінгі  аз уақыт 
ішінде    Қазақстан  Республикасы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  толық  құқылы 
мүшесі болуы. 
Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі 
ретінде  ғана  емес,  қазіргі  заманның  ең  өзекті  халықаралық  проблемалары 
бойынша  белсенді  позиция  ұстанатын  мемлекет  ретінде  танылды.  Қазақстан 
БҰҰ  Бас  Ассамблеяның  биік  мінбелерінен  халықаралық  өзекті  мәселелерді 
шешуге  қатысып  өз  ұсыныстарын  білдіруге  мүмкіндік  алды.  Қазіргі  кезде 
елімізді  дүние  жүзінің  басым  көпшілік  мемлекеттері  танып  отыр,  олармен
дипломатиялық қатынастар орнатылды. 
Қазақстан  Республикасы  көршілес  мемлекеттермен  өз  территориясының 
шекаралық  белгілері  туралы,  салмақты  дипломатияға  сүйене  отырып,    өз 
қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын  қамтамасыз етті. 
Жаңа    Қазақстан  Республикасының  қалыптасуы    екі  бағытта  жүзеге 
асуда,біріншісі–қоғамды демократияландыру, екіншісі–нарықтық экономиканы 
игеру.  

155
Бірінші  бағыт  Қазақстанның  саяси  билік  (яғни,  мемлекеттік)  жүйесін 
қалыптастыруда бірнеше сатыдан өтті. 
Алғашқы  1991-1995  жылдардағы    мемлекеттік  қызметті  елдің  саяси, 
экономикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық және ұлттық ерекшеліктерін 
ескеретін жаңа моделін іздеу сатысы ретінде сипаттауға болады.
Бұл  кезеңде партиялық-кеңестік басқару жүйесі  мен  бірпартиялық саяси 
монополия  жойылды,  бұрынғы  мемлекеттік  органдардың  жаңа  әлеуметтік-
экономикалық құрылысқа бейімделуі жүзеге асты. 
Саяси  билік  жүйесіндегі  өзгерістер  Қазақстан  Республикасының 
1993жылғы  Конституциясында    көрініс  тапты.  Елде  билікті  бөлу  принципі 
заңды түрде бекітілді. Заң шығарушы, атқарушы және сот органдары алғаш рет 
дербес тармақтар ретінде айқындалды. 
1995-2000 жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің 
қалыптасу  кезеңі  болды.  Бұл  жылдарда  қазіргі  заманғы  мемлекеттік  қызметті 
қалыптастыру  мен  дамыту  жөніндегі  ауқымды  да  тұрақты  жұмыстар  кеңінен 
өріс  алды.  Қазақстан  Республикасының  жаңа  Конституциясының  (1995  ж.) 
қабылдануы  және  Президенттің  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»  Заң  күші  бар 
(1995 ж.) жарлығы осы кезеңнің бастауы болды, осы құжаттарда саяси биліктің 
тиімді  жүйесін  құрудың  негіздері  қаланды.  Сол  кезеңде  саяси  биліктің 
бағдарын  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  қызмет  саласы  жалпы  еңбек  құқығы 
саласынан бөлініп, жаңа заңнамамен рәсімделді. 
Қазақстан  Республикасында  мемлекетті  демократияландыру  процестері 
үнемі  халықаралық  деңгейге  сәйкес  дамытылып  келеді.  Осы  саладағы  жаңа 
жетістіктердің  бірі  2007жылғы  21-ші  мамырда  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясына 
енгізілген 
өзгерістер 
мен 
толықтырулар 
арқылы 
Қазақстанның 
Президенттік 
Республика 
формасынан 
Президенттік-
парламенттік Республика формасына көшуі. 
Жаңа  мемлекетіміз  Қазақстан  Республикасының  бірінші  күндерінен 
бастап  дамудың  басты  басымдығы  экономика  саласы  болды.  Мақсат:  
біріншіден,  экономиканы  барынша  ырықтандырып,  оның  ашықтығына  қол 
жеткізу,  екінші  жағынан  –  инфрақұрылым  жасау  және  маңызды  салаларды 
дамыту жеке меншік секторын жандандыру болды. 
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі 1991-1992 жылдары қажетті 
заңдар  мен  нормативтік  актілер  қабылдаудан  басталды.  Олардың  ішінде 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
меншік 
туралы», 
«Қазақстан 
Республикасындағы  кәсіпкершілікті  дамыту,  шаруашылықтағы  қызмет 
бостандығы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер» 
және т.б. заңдар. 
Нарықтық  экономиканың  дамуын  жеделдету  мақсатында  мемлекет 
меншігін  жекешелендіру  жоспары  жасалды.  Ең  бірінші  кезекте  нәтижесіздік 
танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру болды. 
Сыртқы экономикалық байланысты дамыту үшін Қазақстанда «Қазақстан 
Республикасындағы шетел инвесторлары» туралы заң қабылданды. 
Қазіргі  күні  дүние  жүзіндегі  барлық  өркениетті  мемлекеттер  Қазақстан 
экономикасына  өз  инвестициясын  салуда  ынталылық  көрсетуде.  Шетел 

156
инвесторларының  Қазақстан  экономикасына  қаржы  салуға  қызығушылығы  –
біздің  еліміздегі  заңдардың  тұрақтылығымен  оларға  кепілдеме  берілуіне 
байланысты. 
Қазақстан  Республикасындағы  одан  әрі  жалғасқан  саяси,  экономикалық 
және  әлеуметтік  жаңғырулар  өзінің  халықаралық  сыртқы  саясатын  нәтижелі 
және  жүйелі  түрде  қалыптастыруға  негіз  болды.  Қазақстан    тәуелсіздік  алған 
уақыттан  бері  көп  бағытты  теңдестірілген  сыртқы  саясат  жүргізіп  келеді.  Ел 
саясатының бейбітсүйгіш сипаты, жедел әлеуметтік-экономикалық дамуы, осы 
өңірдегі  және  әлемдегі  қауіпсіздікті  нығайту  жөніндегі  белсенді  практикалық 
іс-әрекеті  –  барлық  мемлекеттермен  шынайы  достық  қатынастарды  дамытуға 
мүмкіндік беріп отыр. 
Қазақстан  Республикасы  бүгінде халық өмірінің жоғары үлгісіне сәйкес, 
демократия  мен  азаматтық  қоғам  дамытуға  бағдарланған  тұрақты  да  серпінді 
өсу  үстіндегі  экономикасы  бар  өңірлік  мемлекет  ретінде  танылады.  Еліміз  
дүниежүзілік қоғамдастыққа өтіп, өркениетті даму жолына түсті. 
Тәуелсіздік  жолын  бастаған,  жаңа  Қазақстан  бірінші  күндерден-ақ  өзін 
ықпалдасу  мен  көп  қырлы  ынтымақтастықты  табанды  жақтаушы  ретінде 
көрсетті.  Осындай парасатты  саяси бастамалар жауапты да  айрықша маңызды 
жағдайларда  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтің  стратегиялық  тұрғыдан 
пайымдай білуінің жемісі болды. Елбасының Қазақстанның  әлемдегі ең  күшті 
ядролық  арсеналдарының  бірінен  ерікті  түрде  бас  тарту  туралы  шешімі    осы 
қатарға  жатады.  Сол  кезде  Қазақстанның  «ядролық  алғашқы  мұсылман 
державасы»  болуымен  қызыққан    саясатшылар  мен  оларды  қолпаштаушы 
шетелдік  күштер  аз  болған  жоқ.  Бірақ  қазіргі  уақыт  осындай  дана  әрі  батыл 
шешімнің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. 
Елбасының  саяси  таңдауы  негізінде  Қазақстанның  дамуындағы  аса 
маңызды  құндылықтар:  Қазақтардың  Дүниежүзілік  Құрылтайлары  өтуі, 
1995жылғы  1-ші  наурызда  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  құрылуы,  бұл 
мәртебелі  қоғамдық  ұйымның  Мәжілістің  құрамына  9  депутатын  сайлайтын 
Конституциялық  заңға  жетуі;  біздің  еліміздің  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 
лидерлері  съездерінің  орталығына  айналуы.  Осындай  бірегей  форумдар  түрлі 
халықтар  арасындағы  өзара  түсіністік  пен  әріптестікке  қызмет  ететінін  барша 
әлем қолдап отыр. 
Елбасымыздың саяси таңдауы арқасында еліміздің жаңа саяси орталығын 
Алматыдан  бұрынғы  Ақмола,  қазіргі  Астанаға  ауыстыруы  да  аса  маңызды 
жалпыұлттық игілік – қазынамыз болды. 
Астана  дүниеге  келіп,  бүкіл  жоғарғы  құзырлы  билік  органдары 
орналасқан,  жалпымемлекеттік,  жалпыұлттық  сипаттағы  аса  маңызды  саяси 
шешімдер қабылданатын орталыққа айналды. 
Астана – ел, мемлекет болғанымыздың, ұлтымыздың жасампаздық рухы 
мен  әулетінің,  ерік-жігерінің  айшықты,  нақты  материалдық-заттық,  мәртебелі 
де мерейлі дәлелі. 
Қазақстан Республикасы - өзінің сыртқы саясатында Ресей, АҚШ, Қытай, 
Орта  Азиялық  елдері,  ТМД,  Еуропалық  Одақ,  Түркия,  күллі  мұсылман 
әлемімен  саяси  және  экономикалық  ықпалдасу  мен  сенімнің  биік  деңгейде 

157
болуын  мақсат  етті.  Осы  елдердің  қаржы  компанияларының  Қазақстан 
экономикасына  инвестиция  салуы  ынтымақтастықтың  өте  маңызды  жетістігі 
болып табылады. 
Қазақстан 
Республикасы 
сыртқы 
саясатының 
басты 
идеясы 
интеграциялық  мәселелер  болды.  Алғашқы  кезеңде  ұсынылған  Евразия  одағы 
туралы  идея  осы  заманғы  көптеген  көкейкесті  саяси  мәселелердегі 
ұстанымдарды  жақындастыруға  алып  келгені  ақиқат.  Еуразиялық  интеграция 
идеясын  жүзеге  асыру  барысында,  ғалымдар  мен  зиялылардың  еуразиялық 
клубын  құру  ұсынысы  мақұлданып  (2007  ж.)  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  бастамасымен  2008  жылы  Астанада  өткен  «Жаһандану 
жағдайындағы  экономикалық  дамудың  қазіргі  заманғы  қырлары»  атты 
ғалымдардың  Еуразиялық  экономикалық  форумында  еліміздің  экономикалық 
дәрежесіне ерекше мән берілді. 
Еліміздің  сыртқы  саяси  мүдделерін  кең  ауқымды  қамтуы  мен    ұлттық 
мүдделерін қорғау барысында маңызды ұсыныстарының ішінен Азиядағы өзара 
ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастама да 
тарихи  маңыздылығы  зор шешімдер қатарынан табылады (1992  ж.). Азиядағы 
өзара ықпалдастық және  сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) – жалпы 
алғанда  3  миллиард  халқы  бар,    18  мемлекетті  біріктірген,  дүниежүзілік  ішкі 
жалпы  өнімнің  үштен  бірі  тиесілі,    Еуразия  континентіндегі  қауіпсіздікті 
нығайтуға өзінің қомақты үлесін қоса алған беделді халықаралық ұйым. 
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басты бағыты халықаралық 
экономикалық  одақтармен  қауымдастықтарға  қатысу  арқылы  жаһандық 
экономикаға  кіру  болды.  Осы  мақсатта    Біртұтас  экономикалық  кеңістік, 
ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы  мен  Орта Азиялық ынтымақтастық 
шеңберіндегі  жұмыстарды  белсенді  түрде  атқаруда.  Қазақстанның  Азия  Даму 
банкі,  Бүкіләлемдік  банк,  Еуропа  қайта  құру  және  даму  банкі,  Еуропа 
инвестициялық  қоры,  Еуропа  инвестициялық  банкі  одақтарындағы  өзінің 
орнын  нығайтуы  еліміздің  экономикалық  даму  кеңістігін  әлемдік  деңгейге
көтерді. 
Осындай  жан-жақты  ішкі  және  сырқы  саясаттың  нәтижесінде 
Қазақстанда  тиімді  халықаралық  ынтымақтастықтың  берік  жүйесі  жасалды, 
еліміздің  әлемдегі    беделі  жоғарылады.  Бұған  дәлел  –
Қазақстан 
Республикасына әр жыл сайын халықаралық беделді ұйымдарға төрағалық ету 
құрметті  міндетінің  жүктелуі.  Ал  осы  ұйымдардағы  төрағалық  ету  мерзімі 
төмендегідей:  Азиядағы  ынтымақтастық  үнқатысуы  –  2008-2009  жылдар, 
АӨСШК  –  2006-2010  жылдар,  ЕҚЫҰ –  2010  жыл,  ШЫҰ  –  2011  жыл,  ИКҰ  –
2011 жыл. 
Бұл  ұйымдардың  бәрі  де  әлемдегі  ықпалды,  көпқырлы  саяси 
қызметтерімен  танылған  ұйымдар.  Мысалы,  Еуропадағы  қауіпсіздік  және 
ынтымақтастық  ұйымы  (ЕҚЫҰ  –  ОБСЕ  -  OSCE)  әлемнің  ең  дамыған 
демократиялық  мемлекеттері  құрған  халықаралық  ұйымы.  Бұл  ұйымға 
төрағалық  етуге  халықаралық  сенім  білдіру    Қазақстан  үшін,  жоғары  саяси 
бедел мен мәртебе. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы және Еуразия құрлығында 
осындай құрметті және жауапты миссия жүктелген бірінші ел болып табылады. 

158
Ал  Ислам  Конференциясы  Ұйымы  (ИКҰ)  -  халықаралық  ұйымдардың 
ішіндегі  ең  ірі,  ықпалды  үкіметаралық  мұсылман  ұйымы  болып  табылады. 
Қазіргі  кезде  халқы  1,4  млрд  –тан  астам  адам  санын  құрайтын  57  елді 
біріктіреді.  ИҚҰ  БҰҰ-  дан  кейін  мүше  мемлекеттер  саны  бойынша  әлемде 
екінші  орын  алады.  Ислам  Конференциясы  Ұйымының  қауымдастырылған 
мекемелерінің  кең  жүйесі  құрылған.  Солардың  ішінде  Бүкіләлемдік  банктің 
баламасы – Ислам даму банкі, қызметі ЮНЕСКО –мен ИСЕСКО-ға ұқсас және 
т.б.  Осының  бәрі  Қазақстанға  кең  ауқымды  мәселелер  шешімдеріне    қатысу 
мүмкіндігін  береді.  Осындай  экономикалық  және  саяси  одақтар  мен 
қауымдастықтарға  қатысу  арқылы  Қазақстан  жаһандық  экономикаға  кірігу 
саясатын жүзеге асыруда. 
Қазақстанның  егеменді  және  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасып, 
әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі деңгейіне жетуіне басты негіз болған -
-  нақты  іс  жүзіне  асырылған  ішкі  саясат.  Олардың  бірінші  орынға  қойылған 
басымдықтары: экономика, әлеуметтік саясат, мемлекеттің рөлін арттыру және 
т.б. 
Экономикалық  өсімнің  барынша  жоғары  қарқынына  қол  жеткізу  –
мемлекеттің  негізгі  міндеті  болып  қала  берді.  Қазақстанның  экономикалық 
стратегиясында  қамтылған  мақсаттар  (ырықтандыру,  әлемдік  экономикаға 
интеграциялану,  индустриялық-инновациялық  даму,  аграрлық 
саясат, 
инфрақұрылым) дүниежүзілік нарықтық экономикалық қатынастар принципіне 
сәйкес екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр. 
Келесі бағдар – осы заманғы әлеуметтік саясат. Оның негізгі бағыттары: 
халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету, тұрғын үй құрылысы 
мен  жылжымайтын  мүлік  рыногін  дамыту  мәселелері,  денсаулық  сақтау 
саласын  ұйымдастыруда  осы  заманғы    стандарттарға  көшу,  халықаралық 
стандарттарға  сәйкес  қоршаған  ортаны  қорғау  және  экологиялық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету.  Осындай  халыққа  әлеуметтік  көмек  көрсету  саясаты 
мемлекеттік, қоғамдық игілігімізді арттыра түсуде. 
Қазақстанның  ішкі  саясатындағы  келесі  басымдылық  – қоғамдағы 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал