Сауытбек абдрахманов



жүктеу 115.17 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.02.2017
өлшемі115.17 Kb.
#2979

 

 

04.12.2013 

Сауытбек АБДРАХМАНОВ. 

 

Ер жолы – ел жолы



 

 

«Жазушы  есебінде  маған, әрине, мыңдаған  жылдық 



ұзақ  тарихы  бар  әдебиеттің  артықшылығы, жақындығы 

сӛзсіз. Сан  ғасырлар,  талай  таланттар  адамның  әлемді 

кӛркем 

сӛз 


арқылы 

бейнелеу  қабілетін  ғажап 

мүмкіндіктерге  жеткізді.  Ал  ӛнер  атаулының  ең  жасы  – 

кино  әдебиетпен  салыстырғанда  соншама  балаңдығына 

қарамай,  осы  аз  ғұмырында-ақ  ӛмірдің  ӛзгермелі 

құбылыстарын  қалтқысыз  кӛрсетуде  таңқаларлық  икемділік  танытып  үлгерді.  Бір  кезде 

заттардың  қимылын  ғана  кӛрсетіп,  ермектік  қызмет  атқарумен  шектелген  жартылай 

фотографиялық  аңғырт  сурет  бүгінде  адам  жанының  жықпыл  ормандарына,  сезім 

тұңғиығына  еркін  тереңдейтін,  тарихи  оқиғаларға,  әлеуметтік  құбылыстарға  ӛзіндік  баға 

беріп,  қоғамдық  ой-пікірге  елеулі  әсер  ете  алатын  үлкен  тәрбиелік  күші  бар  қуатты 

құралға  айналып  отыр.Бұл  жағынан  ол  әдетте  баяу  ӛзгеретін  ӛнерді  емес,  күн  сайын  бір 

жаңалық  ашылып,  сағат  санап  дамып  отырған  атомдық  физика,  электроника, 

космонавтика  секілді  ғылымның  соңғы  салаларын  еске  салады.  Әдебиеттің,  театрдың, 

музыканың,  кӛркемсуреттің  бай  тәжірибесін  ӛз  бойына  сіңіріп,  олардың  ең  асыл 

қасиеттерін  дұрыс  іріктей  білу  арқылы  кинематограф  адамның  жан  дүниесіне  айрықша 

эмоциямен  әсер  ете  алатын  кӛркемдік  қуатқа  ие  болды.  Ӛмірдің  сан  қырлы  кӛріністерін 

бар  қимыл-қозғалысымен  жанды  күйде  жеткізуде  ӛнердің  ӛзге  түрлерінен  киноның 

артықшылығы  бұл  күнде  талас  тудырмаса  керек.  Биік  кино  ӛнері  жоқ  кез  келген  ұлттық 

мәдениет,  ӛзге  саладағы  табыстарына  қарамай-ақ  олқы  соғып,  кем  қалып  жатады  дер 

едім». 


Дәл  отыз  сегіз  жыл  бұрын,  1975  жылдың  26  қарашасында  сол  кездегі  «Лениншіл 

жаста»  «Қайткенде  адам  қалады  адам  болып»  деген  тақырыппен  жарияланған  сұхбатта 

заманымыздың  заңғары  Шыңғыс  Айтматов  бізге  осылай  айтқан  еді.  Атақты  қаламгердің: 

«Биік  кино  ӛнері  жоқ  кез  келген  ұлттық  мәдениет,  ӛзге саладағы табыстарына қарамай-ақ 

олқы  соғып,  кем соғып жатады» дегені университетті жаңа бітірген, сол кездегі Қазақ ССР 

Министрлер  Кеңесінің  Кинематография  жӛніндегі  мемлекеттік  комитеті  сценарий 

алқасының  деректі  фильмдер  бойынша  редакторы  деген  салақұлаш  қызмет  лауазымы  бар 

жас журналистің  жадында жатталып, санасында сақталып қалған болатын. 

1  желтоқсанда  –  Тұңғыш  Президент  күнінде  Астанадағы  «Қазақстан»  кино-концерт 

залында  Нұрсұлтан  Назарбаев  ӛмірінің  бел-белестеріне  арналған  «Елбасы  жолы» 

киноэпопеясының  «Отты  ӛзен»  және  «Темір  тау»  атты  екінші  және  үшінші  тараулары 

кӛрсетілді.  Фильмнен  кейін  Шыңғыс  ағаның  сол  сұхбатын  тағы  бір  қайталап  оқыдық. 

Сӛйтсек,  жазушының  кинематографтың  таза  ӛнер  тұрғысындағы  қасиеттерімен  қатар, 

оның  «тарихи  оқиғаларға,  әлеуметтік  құбылыстарға  ӛзіндік  баға  беріп,  қоғамдық  ой-

пікірге  елеулі  әсер  ете  алатын»  мүмкіндігін  де  қамти  айтқаны  дәл  осы  шығарманың 


табиғатын  тануға  дәп  септеседі  екен.  Айтматов  сұхбатында  айтылған  «үлкен  тәрбиелік 

күші  бар  қуатты  құралға  айналып  отыр»  деген  сӛздердің  мағынасы  жайында  да  ойға 

қалдық.  Неге? 

Өнер шындығы өмір  шындығынан да өміршең 

Әуелі  мына  жайдың  басын  ашып  алайық.  Мемлекет  басшысының  ӛмірінен  кӛркем 

фильм  түсірілгені  қалай  болады  ӛзі?  Басқа  елдерде  осындай  ғұмырбаяндық  ленталар  бар 

ма? Әрине, әлем киносынан хабардар адам мұндай сұрақ қоя қоймайды. Әйтсе де жұрттың 

бәрі  бірдей  ондағы  үрдістерді  қадағалап  отырған  жоқ.  Мұндай  сұрақты  біз  қоймасақ  та, 

басқалар  қоятыны  сӛзсіз.  Ал  жалпы  қойылмай  қалмайтын  сұраққа  жауаптың  қалайда 

қайтарылғаны жӛн. 

Бұл  үшін  тақырыптан  сәл  ауытқуға  тура  келіп  тұр.  Бүкіл  ӛркениетті  әлемнің  салған 

жолымен  жүрудің  ӛзіне  күдік-күмән  келтіріп,  сезік-секеммен  сӛйлейтін  салтымыздан 

арылмай-ақ  тұрмыз  қазірше.  Ӛткен  жылы  елімізде  Тұңғыш  Президент  күні  белгіленгенде 

тіпті  зиялы  қауым  ӛкілдерінің  арасында  да  «Бүкіл  әлемде  мұндай  мереке  жоқ»  деушілер 

де  табылды.  Сӛйтіп,  демократияның  даңқты  дәстүрлерінің  діңгегі  делінетін  Америка 

Құрама  Штаттарының  ӛзінде  Президент  күні  баяғыда-ақ  белгіленгенін,  мемлекеттік 

мереке  ретінде  белгіленгенін,  ал  ол  күнге  елдің  тұңғыш  президенті  Джордж 

Вашингтонның  туған  күні  алынғанын  білмейміз  немесе  біле  тұра  білмеген  боламыз.  Бұл 

үшін  АҚШ-тың  арғы-бергі  тарихын  жілікше  шағу  шарт  емес,  Юрий  Носовтың 

«Президент.  Замечательные  страницы  американского  президентства  от  Джорджа 

Вашингтона  до  Барака  Обамы»  атты  кітабын оқып шығу да, Вашингтон туралы тараудағы 

«Он  родился  22  февраля  1732  года,  ныне  этот  день  является  в  США  государственным 

праздником»  (49-бет)  деген  жолдарға  зер  салып  жату  да  шарт  емес,  Интернетті  шұқып 

қалу,  тиісті  ақпаратты  анықтай  салу  жетіп  жатыр.  Тұңғыш  президентіне  ӛзі  салдырған 

астанасының  атын  берген  Американы  алға  тартып,  баршаға  таныс  жайды  таратпай -ақ 

қояйық.  Қала  тұрмақ,  астана  тұрмақ,  тұтас  мемлекетке  адам  атын  қойған  елдер  де 

баршылық.  Боливия  сол  елдің  азаттығы  жолында  жанын  қиған  Симон  Боливардың 

құрметіне,  Колумбия  сол  құрлықты  ашқан  Христофор  Колумбтың  құрметіне  қойылған 

деген  сияқты.  Қала,  мемлекетті  былай  қойғанда,  тұтас  материк  –  Америкаңыздың  ӛзі 

атақты теңізші  Америго Веспуччидің  атымен аталған ғой. 

Қай  заманда  да,  қай  қоғамда  да  тарихи  тұлғалардың  уақыт  бедеріндегі  ізі  кӛп  ретте 

кӛркем  туындының  кейіпкері  күйінде  кестеленіп  қалатыны  анық.  Арғы-бергідегі  даңқты 

ата-бабаларымызды  бәрінен  бұрын  тарихи  дастандардың  арқауына  айналуы  арқылы 

танитын,  қадір-қасиетін  соған  қарап  та  бағалайтын  біздер,  қазақтар,  мұны  тіпті  жақсы 

білеміз.  Ӛзгелер  де  солай.  Француз  драматургиясының  атасы  Пьер  Корнельдің,  неміс 

қаламгері  Вернер  Цахариастың  трагедияларына,  Герберттің  дастанына  бас  кейіпкер  етіп 

алынбағанда,  исланд  халқының  «Эдда»  атты  батырлық  жырына,  VІ  ғасырдағы 

«Хильдебрант  туралы  жырға»,  он  мың  шумақтан  тұратын  «Нибелунгтар  туралы  жырға» 

арқау  етілмегенде,  Джузеппе  Вердидей  ұлы  композитор  опера  арнамағанда  заманында 

кәрі  құрлыққа  кәрін  тӛккен  ғұндар  кӛсемі  Аттиланың  атақ-даңқы  дәл  бүгінгідей  бола 

қоймас  еді  десек,  мұнымызға  ешкім  дау  айта  қоймас.  Тағы  бір  мысал  келтірейік.  Василий 

Чапаев  деген  адам,  тарихи  шындық  тұрғысынан,  әскери  ӛнер  биігінен  қарасақ,  азамат 

соғысындағы  кӛп  командирдің  бірі  ғана  болған.  Стратегиялық  жағынан  да,  тактикалық 

жағынан  да  ол  басқарған  отряд  та,  бригада  да,  тіпті  №25  атқыштар  дивизиясы  да  бүкіл 

соғыс  тұрмақ,  бір  майдандағы  жеңістің  тағдырын  да  шешіп  берген  емес.  Сол  соғыстың 

шын  қолбасшылары  Фрунзе,  Котовский,  Блюхер,  Пархоменко,  Дыбенко,  Федько, 


Егоровтар  дәл  Чапаевтай  даңққа  бӛленіп,  аты  аңызға  айналған  жоқ.  Әйтсе  де,  бәріміздің 

кӛңілімізде  азамат  соғысының  бас  батырындай,  хас  батырындай 

болып  дәп  Чапаев  сақталып  қалған  сияқты.  Неге?  Негесі  сол, 

киноклассикаға  айналған  атақты  фильмде  Чапаев  бейнесі 

ұмытылмастай етіп жасалды. Юрий Тыняновтың «Уәзір Мұхтардың 

ӛлімі»  романын  оқып  шыққан  соң  Максим  Горькийдің  Грибоедов 

туралы:  «Тегінде,  ол  осындай  болған  шығар.  Осындай  болмаса – енді болады» дегені есте 

жүрер есті  сӛз. 

Ӛнер шындығы ӛмір  шындығынан да ӛміршең. 

Байопик бағдары 

Дүниеге  келгеніне  ғасырдан  жаңа  асқан  кино  ӛнерінде  ғұмырбаяндық  фильмдер 

дәстүрі  қалыптасқалы  да  талай  уақыт.  Оның  ішінде  жалпы  атақты адамдардың ғана емес, 

мемлекет  басқарушы  тұлғаның  кинодағы  бейнесін  жасау  да 

экранда  бұрыннан  бар,  бар  ғана  емес,  барған  сайын  кӛбейіп, 

кеңейіп  келе  жатқан  үрдіс.  Бұл  жанрға  бүгінде байопик (Biopic 

–  ағылшынның  –  biography  –  ӛмірбаян  және  picture  –  сурет 

сӛздерінен  құралған)  деген  жеке  ат  қойылып  та  қалды. 

Ресейлік  айтқыш  журналистер  оған  «экрандық  ЖЗЛ»  деген  айдар  тағып  та үлгерді. Ӛзіміз 

кӛре  алған  ленталардың  арасынан  кешегі  кеңестік  кезең  кинематографының  кӛкжи егін 

кеңейткен  М.Ромм,  С.Юткевичтің  киноклассикаға  айналған  ленинианасын  сол  кездегі 

идеологияның тапсырысы бойынша түсірілген деп бет бақтырмағанның ӛзінде (ал оларды 

бүкіл  әлемнің  кино  сыншылары  таза 

ӛнер 


ӛлшемдері 

тұрғысынан 

қарағанда 

да 


биік 

бағалайды), 

ұлы 

режиссерлер 



Роберто 

Росселинидің 

«Сократ», 

«Блез 


Паскаль», 

Ренато 


Кастелланидің 

«Леонардо  да  Винчидің 

ӛмірі»,  Бернардо  Бертолуччидің  бір  ӛзі  «Оскардың»  тоғыз  номинациясын  жеңіп  алған 

атақты  «Соңғы  император»  фильмдерін  ауызға  алмағанда,  Америка  киносында  ел 

президенттерінің  ӛмірін  арқау  еткен  «Жас  мистер  Линкольн»,  «Вильсон»  сияқты 

фильмдерді  еске  түсірмегенде,  күні  кеше  ӛзіміз  бірінен  кейін  бірін  қызыға  кӛрген, 

«Оскарды»  бірінен  соң  бірі  алған  «Король  сӛйлейді!»  (Том  Хупердің  Ұлыбритания  королі 

Георг  VІ  туралы  фильмі),  «Темір  леди»  (Филлида  Ллойдтың  ағылшынның  атақты 

премьері  Маргарет  Тэтчер  туралы  фильмі)  секілді  танымал  туындыларды  айтпай  тұра 

алмаймыз.  Ал  ең  кейінгі  кездегі  мысалдар  керек  болса,  кіші  Джордж  Буш  туралы  «W» 

(«Буш»),  Нельсон  Мандела  туралы  «Мандела.  Бостандыққа  бастаған  ұзақ  жол»,  Ельцин 

туралы  «Ельцин.  Тамыздағы  үш  күн»  сияқты  кӛркем  фильмдерді  кӛлденең  тартамыз. 

Путин  ӛмірінен  де  кӛркем  фильм  түсіріліп  үлгерді  деуге  болады.  Прокатқа  2008  жылы 

шыққан  «Сүйісу  сәті  баспасӛзде  кӛрсетілмесін»  («Поцелуй  не  для  прессы»)  фильмі 

туралы  Википедия:  «Фильмнің  бас  кейіпкері  –  бұрынғы  стюардесса  Татьяна  (бұл  рӛлді 

Дарья  Михайлова  ойнайды),  оның  күйеуі  (рӛлде  –  Андрей  Панин)  ірі  мемлекеттік 

шенеунік,  кейіннен  Ресей  президенті  болады»  деп  жазды.  Фильм  кейіпкерінің 

петербургтік  екендігі,  стюардессаға  үйленгені  (Путиннің  әйелі  әуелде  стюардесса  болған), 

Ресей-Германия  достық  қоғамында  жұмыс  істегені  (Путин  Германияда  барлау қызметінде 

болған),  губернатордың  кеңесшісі  қызметін  атқарғаны  (Путин  Санкт-Петербург  мэрі 

Анатолий  Собчактың  кеңесшісі  болған)  сияқты  кӛптеген  жайлар  елдің  басшысына 

ашықтан  ашық  мегзеп тұр. Ал ӛзгелер жасағанды бізге  неге жасамасқа? 



Қысқасы,  мемлекет  басқарушы  тұлға  туралы  кӛркем  фильм  түсірілуі  әлемдік 

кинематографтың  ғұмырбаяндық  ленталар  дәстүріне  сай екенін айтып жатудың ӛзі артық. 

Ал  ол  дәстүрдің  негізгі  белгілері  қандай?  Тарихи  шынайылық.  Кейіпкер  ӛмірінің  ең 

түйінді  тұстарын  тауып,  түпкі мәнін аша алуы. Заманның, қоғамның, уақыттың әлеуметтік 

болмыс-бітімін  дәл  бейнелеуі.  Ғұмырбаяндық  фильмде  кейіпкер  дәуірмен,  халықпен  етене 

бірлікте  бой  кӛрсетуге  тиіс.  Мұндай  шығарма  әдетте  кейіпкер  ӛмірінің  ауқымды  мерзімін 

қамтиды,  содан  да  ондағы  уақыт  кеңістігі  кеңдеу  келіп,  шығарма  композициясында 

үзіктілік  кездеседі,  бас  кейіпкер  мінезінің  қалыптасуы,  дамуы  аясында  драмалық 

қақтығыстар  шоғыры  орын  алады.  Мұның  бәрі,  былайша  айтқанда,  жанр  заңы.  Оны 

сақтамаған  жағдайда  фильм  белгілі  адамның  белгілі  ӛмірбаянының  белгілі  деректерін 

экран  бетінде  қайта  баяндауға,  кейіпкерге  сол  кезеңнің  кӛзімен  емес,  бүгінгі  күннің 

биігінен  қарап,  бағалауға,  тұлға  табиғатын  уақыт  ӛте  келе  орныққан  пайымдама 

тұрғысынан  танытуға  ұрынбай  қоймайды.  Осы  айтылған  жайлардың  ӛзі  Елбасы  туралы 

фильмге  тапсырыс  берген  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің,  оны  қолға  алған 

Ш.Айманов  атындағы  «Қазақфильм»  акционерлік  қоғамының  қандайлық  тәуекелге 

барғанын айқын кӛрсетеді. 



Тәуекел табысы 

Бір  жағынан,  тәуекел  дегеніміздің  ӛзі  де  шарттылау.  Ӛйткені,  режиссер  Рүстем 

Әбдірашев  бұған  дейін  қазір  «Елбасы  жолы»  деп  аталып  отырған  шығарманың  алғашқы 

тарауын  –  «Балалық  шағымның  аспаны»  фильмін  түсіріп,  кӛп  тәжірибе жинақтаған. Онда 

бала Сұлтанның қиялына қанат бітірген тамаша табиғат, қазақы тәрбиеге қанық суарылған 

ӛскен  ортасы,  аяулы  ата-анасы,  кішкентай  күнгі  достары,  мына  дүниені  танып-білуге 

түрткі  болған  түрлі-түрлі  оқиғалар  поэтикалық  бояумен  бейнеленіп,  Сұлтанмахмұт 

сӛзімен  айтқанда,  «Алдымда  толған  мақсат,  толған  таңдау,  Алайын  анасын  ба,  мынасын 

ба»  дегізетін  бозбала  күннің  сырлы  суреттері  сәтімен  салынған  болатын.  Екінші  жағынан, 

тәуекелге  барып  отыр  деуіміздің  реті  де  келеді.  Ӛйткені,  Президенттің  балалық  шағын 

бейнелейтін  шығармада  ӛмірбаяндық  деректер  авторлық  қиялды  дәл  мұндағыдай 

құрыстырып  тұра  алмаған  еді.  Жер  жәннаты  Жетісудың  Үшқоңырдай  кӛркем  мекенінде 

ӛткен  балалық  шақтың  керемет  келбетін  кестелеуде  режиссерге  де,  операторға  да, 

суретшіге  де,  актерлерге  де  кеңшілік  кӛптеу  екені  күмәнсіз.  Ал  мұнда  ше?  Мұнда  сол 

Үшқоңырдың  жасыл  түкті  жайлауынан  Теміртаудың  жаңа  салынып  жатқан 

комбинатының  қоймалжың  балшығына  бір-ақ  түскен  жас  жігіттің  алғашқы  адымдары, 

Арқаның  азынаған  боранында  брезент  барак  жанында  жақ-жақ  боп  жағаласып,  жаға 

жыртысып  жатқан  жастар,  жер  түбіндегі  Украинаға  жетісімен  Днепродзержинскідегі 

металлургия  алыбының  арандай  аузына  топ  ете  қалған,  бұрын  ауылынан  алыс  шығып 

кӛрмеген  бозбалалар,  қайда  барсаң  да  еститінің  темірдің  шыңылы  мен  пештің  шуылы, 

қайда  қарасаң  да  кӛретінің  кӛкке  сорайған  мұржалар  мен  ыстан  қарайған  қабырғалар... 

Одан  қалды  –  училище  бӛлмелері,  жатақхана,  комбинат  цехтары,  парткомдағы, 

қалкомдағы,  обкомдағы  кабинеттер...  Мұның  бәрі  қоюшылар  алдына  бейнелік  қатар 

байлығын  арттыра  қоймасы  анық.  Бір  жақсысы,  авторлар  бұл  қиындықты  әдемі  еңсере 

білген.  Фильмде  ӛткен  ғасырдың  алпысыншы  жылдарының  ауаны  қаз-қалпында 

бейнеленген,  заман,  қоғам,  уақыт  суреті  дәлме-дәл  берілген,  лентаның  алғашқы 

кадрларынан-ақ  сол  кезеңге  кӛзіңізбен  де, кӛңіліңізбен де кӛшіп алғаныңызды аңғармай да 

қаласыз.  Бұл  орайда  фильм  суретшілері  Сәбит  Құрманбеков  пен  Ӛмірзақ  Шмановтың 

еңбегі  ерекше  атап ӛтуге  лайықты. 


О  баста  «Елбасы  жолын»  тұсаукесері  ӛткізілгелі  жатқан  фильмнің  аты  деп  ойлап, 

секем  алып  қалғанымыз  рас.  «Елбасы  жолы»  кітапқа,  монографияға,  мақалаға  жақсы-ақ 

тақырып  болғанымен,  кӛркем  туындыға,  әсіресе,  атының  ӛзі  кӛрерменді  тартып  тұруға 

тиісті  фильмге  онша  үйлеспейтіндей  кӛрінген.  Сӛйтсек,  авторлар  ол  жағын  да  ескеріпті. 

Шығарманың  бір  тарауының  аты  –  «Отты  ӛзен»,  екінші  тарауының аты – «Темір тау» деп 

қойылыпты.  Мұның  жӛні  басқа.  Ал  «Елбасы  жолы»  атауы  Президент  ӛмірін  кестелейтін 

кең тынысты, кезең-кезеңдік  күрделі  картинаға ортақ тақырып ретінде жарасады. 

Мына  жайдың  басын  ашып  айту  жӛн:  Елбасының ӛзін фильмнің басты кейіпкері ғана 

емес,  оның  сценарийлық  негізін  қалап  беруші  десе  де  артығы  жоқ.  Олай  дейтініміздің 

себебі  бар.  Шығарма  сценарийі  Президенттің  «Әділеттің  ақ  жолы»  кітабының  негізінде, 

«Бейбітшілік  кіндігі»,  «Еуразия  жүрегінде»  кітаптарын  пайдалана  отырып  жазылған,  онда 

Мемлекет  басшысының  әріптестерінің,  достары  мен  серіктестерінің  естеліктері  қолда-

нылған.  Бұған  ӛз  тарапымыздан  фильмде  Елбасының  ӛзге  естеліктері  де  орын  тапқанын 

қосып  айта  алар  едік.  Мысалы,  бізге  ауық-ауық  беріп  жүрген  сұхбаттарының  бірінде 

(«Құрыштың  құйылуы»,  «Егемен  Қазақстан»,  2012  жыл,  5  қараша)  Президент 

Днепродзержинскідегі  оқу  кезінен  мынандай  қызықты  жағдайды  айтып  еді:  «Олардың 

арасында  менің  бірден  кӛзге  түскенімнің  басты  себебі  орысша  еркін  сӛйлейтінім  болған 

шығар.  Біздегі  жігіттердің  кӛбі  әуелде  ойын  орысша  айқын  айта  да  алмайтын.  Кӛбі  таза 

қазақ ауылдарынан шыққандар. Араларында соны ӛз мақсатына пайдалана қоятындары да 

болушы  еді.  «Мен  пәнді  білемін,  бірақ  жақсылап  айтуға  тілім  жетпейді»,  дейді.  Содан 

оқытушы  мені  шақырады.  «Ӛз  тілінде  айта  берсін,  сен  аударып  отыр»  дейді  маған.  Мен 

жаңағы  жігітке  айтамын:  «Тоқтамай  сӛйлей  бер,  нені  айтсаң  соны  айт,  тек  тоқтама,  ара-

арасында  домнаның,  пештің  сӛздерін  араластырып  қой,  қалғанын  ӛзім  қатырамын», 

деймін.  Анау  қазақша  әңгімені  бастайды.  Ауылдағы  кӛрген-білгендерін  бе,  ата-анасын 

қалай  сағынғанын  ба  айтып,  әйтеуір  ойына  келгенін  сӛйлей  жӛнеледі.  Басқа  балалар 

күлкісін  әрең  тежеп  отырады.  Қойылған  сұраққа  дәл  жауап  беріп  жатқандай,  соны  мен 

аударып  ғана  тұрғандай  етіп  сӛйлеп  кеп  беремін.  Мұғалім:  «Дұрыс,  біледі  екенсің,  жақсы 

біледі  екенсің,  бірақ  орысшаны  үйрен,  үйренбесең  болмайды,  қашанғы  жаныңда 

аудармашың  жүреді»  деген  сияқты  сӛздерін  айтып,  жоғары  бағасын  қояды.  Сӛйтіп 

жүргенде,  бір  күні  әшкереге  түстік.  Тоқтамай  сӛйлей  бер  не  айтсаң  да  дегеннен  кейін 

біздің  балалардың  біреуі:  «Ой,  кеше  әбден  қыдырдық  қой.  Кешке  паркке  де  бардық, 

киноға  да  кірдік»  деген  сияқты  беталды  әңгімені  оңды-солды жосылтпай ма? Мен болсам 

«чугун  мартеновский»,  «форсунка  высокого  давления», «нормализационный отжиг» деген 

сияқты  сӛздермен  «аударып»  жатырмын.  Бір  кезде  мұғалім:  «Подожди,  подожди-ка»  деді. 

«Слушай, что за парк, что за кино?..» дейді анаған. Ол не айтсын?... Осындай да қызықтар 

болып  жататын.  Балалықтан  толық  кете  қоймаған,  жігіттікке  толық  жете  қоймаған  бұла 

шағымыз  еді  ғой.  Жастық  шаққа  жететін  не  бар  дейсің  бұл  ӛмірде?  Жастық  шақ  осындай 

әрпіл-тәрпілдігімен  де қызық». 

Фильмнен  дәл  осы  эпизодты  кӛріп  қуанып  қалдық.  Сол  сәтте  осыдан  екі  жылдай 

бұрын  Мұхтар  Құл-Мұхаммедтің  сӛздің  бір  ретінде  болашақ  фильм  туралы  әңгіме 

болғанда  Президенттің:  «Егемен  Қазақстандағы»  сұхбаттарымыздан  да  сценарийге 

қосатын тұстар бар, ол жағын да қарарсыңдар»  дегенін айтқаны еске түсті. 



Бәрі де рас 

«Отты  ӛзен»  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  комсомолдық  жолдамамен  Теміртауға 

аттануымен  басталып,  жігіт  Сұлтанның  үлкен  ӛмірдің  буырқанған  айдынына  ескегімен 

қайық  салған  жалынды  жастық  шағын  бейнелейді.  Сценарий  авторлары  Шаһимардан 



Құсайынов  пен  Рүстем  Әбдірашев  тарихи  шындықтан  да,  кейіпкер  ақиқатынан  да  бір  елі 

ауытқымайды.  Екі  серияның  екеуінде  де  авторлар  қиялынан  қосылған,  оқиғалық  желіні 

ширата  түсу  үшін  қолдан  қиыстырылған  бірде-бір  эпизод  жоқ.  Днепродзержинскіге барар 

жолда  Теміртаудан  аттанған  түлектердің  арасынан  бұрынғы  ұры,  дүлей  күштің  иесі 

біреудің  чемоданын  жымқырып  кеткені де, ұрлығын бетіне басқан Сұлтанмен кӛпке дейін 

ӛштесумен  ӛткені  де  рас;  алғашқы  ӛндірістік  практика  кезінде  балаң  жігіттердің  біреуі 

жүйкесі  жұқарып,  тәжірибесіздіктен  зиянды  газды  кӛп  жұтып  қойып  құлап  түскені  де, 

сол-ақ  екен  зауытта қазақтардың әлжуаздығы туралы жел сӛз гулей жӛнелгені де рас; оған 

намыстанған  қазақ  жігіттерінің  училищедегі  еркін  күрес  секциясына  жазылып,  ауылда 

талай  күресіп  шыңдалған  Сұлтанның  салған  беттен  қарсыласын  алып  ұрғаны  да  рас; 

шаршы  кілемде  белдескен  сол  жарқын  жігітпен  достасып  алғаны,  кейіннен  тіпті  оның 

қарындасын  жақсы  кӛріп  қалғаны  да  рас;  сол  тұста  Днепродзержинскіге  ол  кездегі  жас 

әнші  Бибігүл  Тӛлегенованың  гастрольмен  бара  қалғаны  да,  концертке қала тұрғындарына 

билеттерді  училищедегі  қазақ  жігіттерінің  таратқаны  да  рас;  қала  қыдырып,  кешіккен 

Нұрсұлтанды  достары  жатақхананың  екінші  қабатына  ақжайма  жалғап  кӛтеріп  алғаны  да 

рас;  училищедегі  қазақ  жастарының  жаппай  тӛбелеске  қатысып,  оқудан  шығып  кету 

қаупінен  зорға  құтылғандары  да  рас;  комбинаттағы  алғашқы  айлықты  «жуу»  үшін  ортаға 

ақша  жиналғаны  да,  ол  оқиғаның  «лайықты  атап  ӛтілгені»  де  рас;  Теміртаудағы  ең 

мақтаулы  металлургтердің  бірі  атанып  жүрген  Нұрсұлтанды  қалалық  комсомол 

комитетінің  бірінші  хатшылығына  жоғарылатпақ  болғанда  ӛзі  қалаған,  жүрек  жалынын 

арнаған мамандығынан айырылмайтынын айтып, талайдың қолы жетпейтін қызметтен бас 

тартқаны,  сол  үшін  қалалық  партия  комитетінің  тарапынан  жазалануға  шақ  қалғаны  да 

рас;  Нұрсұлтанның  Хельсинкиде  ӛткен  Жастар  мен  студенттердің  бүкіл  дүниежүзілік 

фестиваліне  Қазақстан  атынан  қатысқаны  да,  Америка  студенттерімен  кездесуде  бір 

қыздың  оның  келісті  келбетіне,  құйып  қойғандай  киім  киісіне  қарап,  «Әлдебір  лауазымды 

коммунистің  ұлы  шығарсың?»  деп,  металлург  екеніне  күмән  келтіріп,  сұрақтың  астына 

алғаны  да,  құрыш  құюшының  қолындағы  мүйіздей  қатып  қалған  сарғыш  бедерлерді 

кӛргеннен  кейін  барып  қана  райынан  қайтып,  сол  саусақтарды  таңдана  сипағаны  да  рас; 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  мен  Сара  Алпысқызының  металлургия  зауытындағы  бір  авариядан 

кейінгі  қиын  сәтте  табысқаны  да,  Нұрсұлтанның  Сараның  жүрегін  жаулау  үшін 

комбинаттағы  хорға  жазылғаны  да  рас...  Бәрі  де  рас.  Олардың  бәрі  Назарбаевтың 

кітаптарында,  ғұмырбаяндық  сұхбаттарында,  Елбасының  достарының  естеліктерінде 

фильм  сценарийі  жазылардан  анағұрлым  бұрын  жарияланған.  Мысалы,  қазақ  жігіттерінің 

оқудан  шығып  кете  жаздаған  жағдайы  Мақсұт  Нәрікбаевтың  ағылшын  зерттеушісі 

Джонатан  Айткенге  әңгімелеп  беруі  бойынша  «Нұрсұлтан  Назарбаев  және  Қазақстанның 

қарышты  дамуы»  кітабында,  ал  хорға  жазылу  хикаясы  Президенттің  Днепродзержинскіде 

бірге  оқыған,  Теміртауда  бірге  жұмыс  істеген  жақын  досы  Қабидолла  Сәрекеновтің  біздің 

газетте  2011  жылғы  12  ақпанда  шыққан  «Ерге  қызмет  –  елге  қызмет»  атты  мақаласында 

баяндалған. 

Шеберліктің шыңы – шындық 

Асанәлі  Әшімовпен  әңгімелескенімізде  (2013  жыл,  30  қазан)  атақты  актер  осылай 

айтып  еді.  «Отты  ӛзен»,  «Темір  тау»  фильмдерінің  тамаша  табысының  басты  сыры  – 

шыншылдығында.  Онда  бейнеленген  жайлардың  шынайылығында.  Президентпен  бір 

сұхбатта:  «Нұр  Отан»  партиясының  съезінде  сіз  «Балалық  шағымның  аспаны»  фильмінде 

жас  күніңізді  бейнелеген  актерге  қарап:  «Сендер  біздің  ӛмірімізде  бәрі  тақтайдай  тегіс, 

дұп-дұрыс  болғандай  кӛресіңдер  ғой.  Бізде  де  адамға  тән  нәрсенің  бәрі  болған...»,  деп 


едіңіз.  Сонда  нені  мегзедіңіз?»  деген  сұрақ  қойғанымызда  Елбасы:  «Адам,  әсіресе  жас 

шақта,  еркін  болуы  керек.  Бәрін  кӛруі  керек.  Жақсыны  да,  жаманды  да,  озықты  да, 

тозықты  да  қарап,  ӛзі  ой  қорытуы  керек.  Ойыңдағыны  орындау  үшін  кейде  тәртіп  бұзуға 

тура  келуі  де  мүмкін.  Мен  ӛзімді,  әсіресе  жас  күнімде,  сондай  бір  ешқандай  тентектігі 

жоқ,  сонша  әдепті,  үлгілі  болдым  демеймін.  Әрине,  басбұзарлығым  болған  жоқ.  Ата-

ананың  адал  бол,  темекі,  арақтан  аулақ  жүр  дегендей  ақыл-ӛсиеті  де  бар.  Мектепте  де, 

кейін  де  үздік  оқығанмын.  Соған  қарап  мені  барлық  жағынан  түп-түгел,  теп-тегіс  дейтін 

болар.  Мен  талайды  кӛрген  адаммын.  Ӛмір  мені  әртүрлі  жағдайда сынға салып байқаған. 

Оның  қилы  сәттерін  кейін  саған  тағы  айта да жатармын. Қазірге сол жастық күндерімнен 

ғана  әңгімелейін.  Мысалы,  Днепродзержинскіде  оқып  жүргенімізде  жатақханадан  кешкі 

сағат тоғыздан кейін шығармайтын. Солай екен деп қыдырмай қоймайсың ғой? Қабидолла 

досым  да  қыдырып  кететін.  Түннің  бір  уағында  келеді  де,  терезенің  түбінен  ысқырады. 

Жатақханадағы  жаймаларды  бір-біріне  жалғап  жіберіп,  екінші  қабатқа  тартып 

шығарамын.  Кейде  ол  мені  тартып шығарады... Ӛмірде бәрі болады. Бар мәселе солардың 

бәрін  там-тұмдап  болса  да  кӛріп,  тағылым  алып,  дұрыс  қорытынды  жасай  білуде»,  деп 

жауап  қайтарған  еді  («Теміртау  –  алтын  бесік»,  «Егемен  Қазақстан»,  2012  жыл,  12 

наурыз). 

Тағы  бір  атап  айтар  жай:  Назарбаев  кітаптарында  кестеленген  ӛмір  суреттерінің 

қолмен  қойғандай  нақтылығы  фильмнің  бейнелілігіне  де  кӛп  кӛмектескендігі.  «Кең  сахара 

тӛсінде  ӛскен  баланың  металлургия  зауытына  туа  бітті  бірінші  рет  келуін  кӛз  алдыңызға 

елестетіңізші.  Айнала  тӛңірек  тарсылдап-гүрсілдеп  жатқан  бір  нәрсе,  жарқ-жұрқ  еткен 

ұшқындар  жаңбырдай  шашырайды  және  осының  бәрі  де  сенің  үстіңе  қарай  ұшып,  құлап 

келе  жатқандай.  Балқыған  шойын  арықтағы  суша  ағады  –  жақындап  баруға  шошисың»  – 

әрине,  мұндай  жолдарды  осының  бәрін  кӛзімен  кӛріп,  ӛзегінен  ӛткерген  адам  ғана  жаза 

алады.  Рүстем  Әбдірашевтің  фильмінде  қазақ  жігіттерінің  Днепродзержинск  зауытына 

алғаш  кіріп  барған  сәті  дәл  осылайша  түсірілген.  Жалпы,  нені  түсіретініңнің,  нендей  сӛз 

айтқызатыныңның  аясы  алдын  ала  айқындалып,  шабытың  шеңберленіп  тұрған  осындай 

қиын  фильмде,  қия  бассаң-ақ  Елбасы  ӛмірін  бұрмалағандай  болып  шығатын  фильмде, 

мақаланың  бас  жағында  айтқанымыздай,  оқиғаларының  дені  қалада,  училищеде, зауытта, 

комбинатта,  кабинеттерде  ӛтетін  фильмде  Рүстемнің  экранда  мұншалықты  поэтикалық 

суреттер  сала  алғаны  соншалықты  сүйсінтеді.  Шіркін,  қанша  дегенмен  ақынның  ұлының 

жӛні  бӛлек  қой  деп  те  ойлайсың  осындайда.  Рүстем  –  тұлпар  таланттарымыздың  бірі 

Жарасқан  Әбдірашевтің  баласы.  Үшқоңыр  жайлауындағы  атқылаған  бұлақ  бала  жігіттің 

қиялымен  тау  шатқалын  қуалаған  ӛзенге айналатын, кейін ол ӛзеннің отты лава арнасына 

ұласып  кете  баратын  сәті  қандай  ғажап,  Нұрсұлтанның  трамвайдан  кӛріп  қалған  сұлу 

қыздың  соңынан  жанталаса  жүгіріп,  кӛліктің  артқы  жағына  жабыса  кететін  жері  қандай 

әсерлі  десеңізші!  Шамалғандағы  алма  бағы,  Нұрсұлтан  мен  Сараның  атпен  жарыса 

шабатын тау бӛктері  де сәтті суреттер. 

Фильмдегі  Сұлтан  бозбала  күнінен-ақ  бәрін  біліп,  бәрін  сезіп,  бәрін  шешіп  тұрған 

кейіпкер  емес.  Нұрлан  Әлімжанов  негізгі  назарын  Сұлтанның  әуелден  тұтас  құйылған 

мінез  бітімін сомдауға салып, ӛте дұрыс жасаған. Лентадағы Сұлтан бейнесі бір эпизодтан 

бір  эпизодқа  кӛшкен  сайын  кӛзге  кӛрінер-кӛрінбестей  болып,  эволюциялық  сипатта  ӛсіп 

отырады.  Тау  баурайындағы  таза  табиғат  аясынан, адамдарының кӛңілі фильм басталарда 

әкесі  Әбіш  (Нұржұман  Ықтымбаев)  екеуі  қолдасып  жүріп кӛзін ашқан бұлақтай тұп-тұнық 

тұрған  ауылдан  жаңа  аттанған  жас  жігіттің  Теміртаудағы  тосын  тіршілікке  тосырқай 

қарауы,  ә дегенге мә дей кетпей, ананы да, мынаны да салқын сабырға салуы сүйсінтеді. 



Елбасы  туралы  бұл  фильмдер  болмысты  боямаламайтындығымен,  кейіпкерді  қолдан 

жылтыратып,  жақсартып,  жетілдіріп  жатпайтынымен,  ӛзі  ӛмір  сүрген  ортаның  аясында, 

сол  қоғамның  ауанында,  барынша  табиғи  түрде кӛрсететіндігімен қымбат. Нұрсұлтан рӛлі 

–  Нұрлан  Әлімжановтың  актер  ретіндегі  тамаша  табысы.  Нұрлан  «Балалық  шағымның 

аспанында»  дәл  бұлайша  ашыла  алған  жоқ  еді.  Екі  сериялы  фильмнің  бірде-бір  жерінде 

жасандылыққа,  жаттандылыққа  жанамай,  жоламай  ӛту  Нұрландай  жас  актер  тұрмақ, 

кәнігі  ӛнер  тарландарының  да қолынан келе беруі қиын. Ол бейнелеген Нұрсұлтанның әр 

сӛзіне,  әр  ісіне  сенесің.  Намыстылығына  айызың  қанады.  Табандылығына  тәнті  боласың. 

Сезімінің  сұлулығына  сүйсінесің.  Досқа  адалдығына  кӛңілің  толады.  Қазақы  қалпына 

қуанасың. 



Бүгінгі биіктің  бастауы 

«Әділеттің  ақ  жолы»  кітабында,  басқа  да  еңбектерде  баяндалған  талай  жайлардың 

лентада  дәл  сол  күйінде  бейнеленгенінің  ӛзі Нұрсұлтан Назарбаев ӛмірінің жас күнінен-ақ 

ұдайы  ӛсуге,  ӛрлеуге,  шынығуға,  шыңдалуға,  таласқа,  тартысқа,  тіреске,  күреске,  кернеуі 

күшті  драмаға  толы  болғанын  кӛрсетіп  тұр.  Қасым-Жомарт  Тоқаев  Назарбаев  феномені 

Азия  мен  Еуропа  мәдениеттерінің  тоғысқан  тұсында,  Шығыс  даналығы  мен  Батыс 

прагматизмінің  қиылысында,  тоталитаризм  мен  демократияның  от  пен  судай 

шарпысуында,  жоспар  мен  нарықтың  беттескен  жерінде  дүниеге  келген  құбылыс  деп 

тамыршыдай тап басып айтқан еді. 

«Елбасы  жолы»  киноэпопеясы  –  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  әлемге  әйгілі  тұлғаға 

айналған  бүгінгі  биігі  бала  күннен,  жастық,  жігіттік  дәуренінен  басталған  ӛнегелі  ӛмір 

жолының заңды жемісі, жарасымды жалғасы екенін, елін сүйген ердің жолы елдің жолына 

ұласатынын кӛркемдікпен  кестелейтін  талантты туынды. 

Бүкіл  фильмнің  ӛн  бойында  кӛрермен  кӛкірегін  мақтаныш  сезімі  кернейді  де  тұрады. 

Осындайлық  кең-байтақ  жер  үшін  мақтанасың.  Дарқан  кӛңілді,  намысшыл,  мейірбан  ел 

үшін мақтанасың. Сол қара жерден қуат алып, сол дара елден тәрбие алып, сара саясаткер 

болып  шыққан  ер  үшін  мақтанасың.  Ӛмірінің  бастапқы  белестерінде-ақ  сан  сынаққа 

салынған,  жалынға  жанын  қақтай  жүріп,  ӛзі  де  құрыштай  құйылған  азамат  үшін,  ӛзіңнің 

қандасың,  ӛзіңнің  отандасың,  ӛзіңнің  Елбасың  үшін  мақтанасың.  Ұлттық  мақтаныш 

сезімін  оята алған шығарма  – шабыттан туған шоқтықты  шығарма. 

Мақала  соңында  бұрын  бір айтқан «Басшысына тақ тұратын ел – басына бақ тұратын 

ел»  деген  сӛзімізді  қайталағымыз  келеді.  Ел  бағына  туған  Елбасымыз  туралы  осындай 

фильм  жасау  арқылы  біз  ӛнеріміздің  ӛскенін,  жалпы  мемлекет  мәдениетінің 

мығымданғанын  ғана  емес,  бәрінен  бұрын  ӛзіміздің  жұрт,  ел,  халық,  ұлт  ретінде кемелдік 

кезеңіне  аяқ  басқанымызды  да  келісті  кӛрсетіп  отырмыз.  Мына  дүниеде  елдің  елдігін 

білдіретін  белгілердің  бірі  –  ардақты  азаматын  аялай  алуы,  қастерлі  тұлғасын  қасиет 



тұтуы. 

Таяу  қалған  Тәуелсіздік  тойының  қарсаңында  тынған  тағы  бірі  ірі  де  игі  ісіміз  – 



елдігімізді  еңселендірер ерен еңбек құтты болсын, ардақты ағайын. 

 


жүктеу 115.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет