Сауда орындарында сатылатын шұжық өнімдерінің сапасын бағалау



жүктеу 1.29 Mb.
бет1/3
Дата09.05.2022
өлшемі1.29 Mb.
#19532
  1   2   3
Турсынай
Презентация на тему Растительные масла

Сауда орындарында сатылатын
шұжық өнімдерінің сапасын бағалау
«Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі»
мекемесі
4 курс студенті Қолғанат Тұрсынай
Жетекші: Даулетова Айнур Турсынкановна
Семей 2021 жыл
Ғылыми жұмыстың мақсаты
Күнделікті біз тұтынып жүрген шұжық өнімдеріне зертханалық тексеру жүргізе келе, алдыңғы қатарлы шұжық өнімін ұсыну, отандық жəне шетелдік шұжық өнімдерді салыстырып, сапалы шұжық өнімін анықтау.
АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ҮШІН КЕЛЕСІ МІНДЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ:
  • Органолептикалық тексеру
  • Шұжықты техникалық-химиялық тексеруден өткізу
  • Ылғалдылығын
  • Тұз мөлшерін
  • Нитритті
  • Крахмалды анықтау
  • Бактериологиялық тексеру жүргізу
  • Жүргізілген зерттеу нəтижелерін салыстырып, қорытынды шығару.

Отандық өнімдердің өрісі күннен күнге кеңейіп келеді. Қазір кез келген сауда орындарына бас сұға қалсақ, назарымыз бірден «Қазақстанда жасалған» белгісімен безендірілген азық-түлік, құрал-жабдық тауарларына ауады. Бүгінгі таңда отандық өнім өндірушілер саны көбейіп келеді.
Бəсекелестік артқан сайын, талап та күшейіп, тауар сапасы одан əрі жақсара түсуде. Бұл мақалада тұтынушыларымыздың ақпаратқа құлағы түрік екенін білгендіктен, шұжық өнімдерін дайындайтын өндірісте олардың дайындалу сапасымен толық таныстыруды жəне қазіргі таңда сұранысқа ие шұжық өнімдерінің сапасы қаншалықты жарамды екеніне көз жеткізуді жөн көрдік.
Шұжықтардың түрлері өте көп, бүгінгі уақытқа дейін, олардың 200-ге жақын атаулары белгілі. Шұжық жасауға арналған шикізаттарды өңдеуге байланысты, шұжықтарды мынадай топтарға жіктейді: пісірілген, жартылай ысталған, шикілей-ысталған, пісіріп-ысталған ливерлік, диетикалық жəне ет-өсімдіктік. Одан басқа ерекше топқа ет-нан шұжық, қан шұжығы, студень, зельцтер, паштеттер кіреді. Шұжық қазіргі таңда сұранысқа ие тағам өнімдерінің бірі. Шұжықтың көптеген түрі белсенді жарнамалануда, сондықтан шұжық өнімдерін өндіруші кəсіпорындар бəсекеге қабілетті болуы үшін адам денсаулығына қауіп төндіретін жəне алыс шет елдердерден келетін шұжық өнімдеріне əр түрлі тұрақтандырғыш заттар қосатыны белгілі болып отыр. Нарықта шұжық өнімдерін бəсекеге қабілетті етуі үшін бəрін салуда. Стандарт талабына сай шұжық өнімдерінде міндетті түрде сақтау мерзімі көрсетілген, ол ет комбинатында 4 тəуліктен аспауы керек.
Жартылай ысталған шұжықтарды ұзақтау ұстауға болады, яғни температурасы 7-90 болған жағдайда үш ай шамасында, ал температура 0-40 болғанда бір айға дейін. Толық ысталған шұжықтарды 7-90 температурада төрт айға дейін, ал температура 0-40 болса, 30 күнге дейін сақталуы тиіс. Шұжықтар жоғары қоректілігіне жəне калориялығына байланысты тағамдық құндылығы өте жоғары өнім. Əр түрлі шұжықтар химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы бойынша өзара тепе- тең емес. Бірақ олардың барлығында ақуызды заттар, В тобы витаминдер, липидтер, макро- жəне микроэлементтер көп. Шұжықтардың тағамдық құндылығы бастапқы шикізат пен басқа ет өнімдерінің құндылығына қарағанда жоғары. Осы аталған талаптарға қаншалықты сай екеніне көз жеткізу үшін ақпараттар жинадық.
    • Семей қаласындағы сауда орындарынан сұранысқа ие шұжық өнімдерінен сынама алынды.
    • Шұжықтың үглілері əр түрлі əдістермен зерттелініп, құрамы анықталды.
    • Шұжық үлгілерінің МЕМ СТ талаптарына қаншалықты сай екендігі анықталды


жүктеу 1.29 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет