СӨЖ-ге арналған тапсырмалар
№1 Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері.
1. Сауат ашу әдістемесінің зерттелу тарихына шолу жасап, конспектілеу.
2. М.Жұбанова, Ә.Жұмабаева, Н.Молдабековалардың сауат ашу әдістемесіне арналған зерттеу еңбектеріне жазбаша шолу жасау.
№2 Сауат ашу үдерісі.
1. Сауат ашу әдістемесінің дамуы, қазіргі проблемалары туралы еңбектерді оқып, конспектілеу.
2. С.Рахметованың «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» оқу құралынан «Сауат ашу әдістемесі» бөлімінің алғашқы 5 тақырыбын конспектілеу.
№3 Сауат ашу әдісі
1. «Сауат ашу технологиясының талаптары» тақырыбына реферат дайындау.
2. «Сауат ашудың» мазмұнын белгілейтін мемлекеттік құжаттарды (стандарт, бағ-дарлама, оқулық) талдап, кестеге түсіру.
3. Сауат ашуды дамыта оқытудың сабақ құрылымы үлгісін құрастырып жазу.
№4 Жазуға үйрету әдістемесі
1. «Жазуға үйретудің психологиялық-педа-гогикалық негіздері» тақырыбына реферат дайындау.
2. Әр қайсысы 4 қатардан тұратын 42 әріптің бас және кіші әріптерін, соларға қатысты сөздер мен сөйлемдерді каллиграфияны сақтап бір дәптерге жазып өткізу.
3. Жазу дәптерлеріне сипаттама жазу.
№5 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
1. Сауат ашу кезеңдері бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары түрлерін кестеге түсіру.
2. Сауат ашу кезеңінде қолданылатын дидактикалық материалдар мен шығармашылық жұмыстарды көрсету.
9 Білім алушылардың білімін (пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін) мониторингілеуге және бақылауға арналған материалдар
Поделитесь с Вашими друзьями: |