«Сауат ашу әдістемесі» пәні және оның нысаны, мақсат-міндеттері, мазмұны, басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері


Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу



жүктеу 89.79 Kb.
бет10/30
Дата13.02.2022
өлшемі89.79 Kb.
#17222
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
3 Шағамбай
Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу

Буындап оқу, тұтас сөзді оқу. Сауат ашудың дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөлініп оқылады. Өйткені дыбыстап оқу дегеніміз – алфавиттегі әрбір әріптің жеке дыбысталуын өзара қосып оқу деген сөз. Мұндай жағдайда ешқандай сөз дыбыстарын жасай алмаған болар едік. Мысалы, тақта дегенді «тыақытыа» деп айтар едік. Олай болатын себебі, қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тек дауысты дыбыстардың көмегімен дыбысталатыны жоғарыда сөз болған. Сондықтан сөзді оқудың өлшемі – буын.

Қазақ тілінде буынның негізгі түрлерінің – ашық, тұйық, бітеу буынның – әрқайсысы сауат ашу барысында сөзді буындап оқуға түрлі ықпал етеді.

Дауыссызға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты еркін созып айтуға келмейді, тұйық айтылып, буын соңындағы дыбыс кілт тоқталады, дауыс тынады: ат-тар, ас-тық, ар-қар. Оларды буын ыңғайында дыбыстау үшін үстеме тәсілдер қолдану керек болады (буындағы дауысты мен соңғы дауыссызды қайталап айту).

Дауыстыға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты созылып айтылады, сөзді буындап айтуды оңайлатады, созылыңқы буын өзінен кейін келесі буын бар екенін аңғартады, яғни алғашқы буын, келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Мұндай жағдай буындарды бір-бірімен оңай қосылып, сөзді тұтас құрастырып оқуды жеңілдетеді. Сауат ашуға да керегі осы. Дауыссыздан дауыстыға қарай оқу дауыссыз дыбысты дыбыстауға, келесі буынды қосуға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің буын құрылысына байланысты айтылған бұл ерекшеліктер сауат ашуды ашық буыннан бастаудың тиімді екенін көрсетеді. Осыған орай «Әліппе» оқулығы да ашық буында оқытудан басталады, яғни сауат ашудың алғашқы кезеңінде сөзді оқудың ашық буынға негізделген перспективтік материалдары беріледі. Егерде бала жаңа таныған дауыссызға өзіне бұрыннан таныс а дыбысын қосып (а-та түрінде) оқи алатын болса, (әрине, мұндай дыбыстардың қосылысы буын ретінде мұғалімнің басшылығымен жеке де, хормен де дыбысталып үйретіледі), келесі танитын дауыссыздарға да а дыбысын (бара-бара буын өзгерту ұстанымы бойынша барлық дауыстыларды) қатыстырып, ашық буындарды жасай алатын болады.

Перспективтік материалдарды төмендегі сызба-кесте түрінде ұсынуға болады:

ата-ата Са-ра

па – апа жа – жаға

на – ана ба – бала

ға – аға ма – маса

ра – ара да – дала

уа – ауа қа – қала

ла – ала ша – шана

Кестеде берілген сөздердің бәрінде де оқушыға бұрыннан таныс әрі дыбысталуы оңай дауысты а дыбысы екі рет қайталанып келеді. Ал мұндай жағдайда оқылатын дауыссыз дыбыс ерекше бөлініп, бірден көзге түседі. Басқаша айтқанда, бала оқығанда, айтқанда таныс емес жалғыз дауыссыз дыбысты бірден естіп, жазғанда оны бірден көре алады. Оқылатын сөздегі бір дыбыстың ғана бөлек болып, қалғандарының таныс бір дыбыстан қайталануы дыбыстық талдау жасауға және ұқсастықпен салыстырып оқуға мүмкіндік жасап, сауат ашу кезінде сөзді оқуды мейлінше жеңілдетеді. Екіншіден, дауыстыға аяқталған буындардың созылыңқы айтылуы нәтижесінде сөзді құрап оқу оңай болады.

Әліппе бағандарында берілген сөздерді буындап оқудың нақты үлгілерін мұғалім көрсетеді:

1) бірінің астына бірі жазылған сөздер тобы әліппе бағандары деп аталатынын, ондай бағандар сөз тізбектерін топтап, әр топтың аралығындағы ашық жер шекара бөлуші қызмет атқаратынын, алдыңғы баған біткен соң келесі баған оқылатынын түсіндіру;

2) баған жасаушы сөздер тобының қалай жазылып, қалай оқылатынын мұғалім тақтаға жазып көрсетеді;

3) бағандағы әрбір сөздің екі түс арқылы буынға бөлініп (буын арасына сызықша қойылмай) жазылуын түсіндіру; әдетте (бұрынғы әліппелерде) бағандағы сөздер сызықша арқылы буынға бөлініп берілген.

Оқу барысында сөзді буынға талдай отырып, бастапқы буынды келесі буынмен жалғастыра оқу талап етіледі. Бұл тұста бала бірінші буынды оқыған соң, үлкен дауыс кідірісін жасап, тоқтап қалмауы керек. Алғашқы буынды келесі буынға қосып оқуға әдеттенуі керек. Сауат ашуда мұның үлкен мәні бар. Бұл талап буынға бөлінбей, бағаннан тыс сөзбен оқуға берілген сөздерді тұтастыра оқу барысында да мұқият қадағалауды қажет етеді. Бағандағы сөздерді үйрету үшін оларды тақтаға жазып, дыбыстық талдау-жинақтау жасау арқылы сөз құрамындағы дыбыстарды жеке дыбыстау және сөздегі орын ретін анықтап алған соң, сөздің буындалып оқылатыны туралы мынадай жұмыстар жүргізіледі; әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып оқу, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқу, буындарды жеке тұтас сөздегі айтылумен оқу; дауыс екпінін бақылау; әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқу.

Соңғы психологиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш сынып балаларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардың арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталады. Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жеткіліксіздігінен деп түсінген жөн.

Осыған орай, І сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі.

Бірінші сынып оқушылары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі — балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.

І сынып оқушылары сурет бойынша, сөйлегенде де ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді «көре» білуге оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.

І сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.

Оқушылардың тілін дамыту үшін әліппедегі мәтіндер мен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т.б.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы. І сынып оқушылары сөйлеу сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әңгімелескенде олар сөйлеммен сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін грамматика сабақтарында нақтылана түседі.

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті – оқу дағдысын жетілдіру, саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру, оқығандарының мазмұнын айтып беруге баулу, оқылған мәтінге қарапайым баға бере білу. Әсіресе мәнерлеп оқуға айырықша көңіл бөліне бастайды.

Үшінші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында «Әліппе» кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппеден алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабы мен грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.

Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады.

Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөздерді өздері тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып талдап, танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі.

І сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріп те танымайды.

Сондықтан мұғалім ең алдымен, өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысының қалай оқитынын біледі. Жүгіртіп оқи алатындарға «Әліппе серігінен» қосымша материал беріледі. Ежелеп оқитындарға «Әліппеден» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.

Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымның ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.

Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы тақырыбына сәйкес іріктеледі (әдетте «Әліппенің» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы принцип әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтін мақсаты — сабақ үстінде оқушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр оқушының дайындығына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.

Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандарға бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқитындарды көп ұзамай қуып жетеді.

Балалардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарына үлгі-мысал: жаңа оқи бастағандарға: әліппеден мал сөзін құрау; Мәтінді оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға мал аттарын құрау; оған өздіктерінен мәтін құрастырып айтып беру т.с.с. Жалпы мектептегі мұғалімдер мен әдістемеші ғалымдар жазу оқудан кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері қажет екенін көрсетеді.


жүктеу 89.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет