Сатмаганбетова Ж. З., Нуржанова Р. М. Тілдерді оқытуда мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері



жүктеу 32.03 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.05.2017
өлшемі32.03 Kb.

Сатмаганбетова Ж.З., Нуржанова Р.М. 

 

 Тілдерді оқытуда мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері 

 

Білім  беру  жүйесінің  жаңаруы  педагогтардан  оқытудағы  инновациялық  өзгерістер 



үдерісін: жеке тұлғалық-бағдарлы көзқарасты, дамыта оқыту жүйесін; интерактивті оқыту 

əдістері  мен  түрлерін;  жоғары  кəсібилікті,  яғни,  оңтайлы  авторлық  əдістер  жүйесін 

жобалауда  қолданатын  педагогикалық  технологиялардың  ерекшелігі  мен  тиімділігін 

игеруді талап етеді. Бұл дегеніміз оқу-тəрбие процесіне шығармашылықпен қарау. Оның 

мəні – педагогтың білімді жаңаша беруге, ал студенттің өз бетімен білім алуға қабілетін 

дамыту. 


Қазіргі кезде акпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде жасалған түрлі 

электрондық  ресурстар  ішінен  əр  қолданушының  қажетіне  қарай  пайдаланылатын 

материалдарды мазмұны мен түрі жағынан екі топқа бөліп қарастыруға болады: а) нақты 

бір пəн, тақырып немесе курсты оқыту мақсатында жасалған электрондық оқулықтар мен 

оқыту бағдарламалары; ə) əр түрлі білім беру мақсатында жасалған энциклопедиялар, оқу 

ойындары т.б. бағдарламалар.  

Бүгінгі таңда республикада компьютерлік оқыту бағдарламалары шығарылып, оқыту 

үрдісіне  енгізіліп,  оңды  нəтижелер  беруде.  Олар  –  модульдік,  деңгейлік,  жаңаша 

жаңғыртып  оқыту,  дамыта  оқыту,  даралап,  саралап  оқыту,  ойын  арқылы  оқыту,  оздыра 

оқыту,  ынтымақтастық  педагогикасы,    ізгілендіру  технологиялары.  Аталған 

технологияларға мультимедиалық құралдарды қолданып, қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне 

оқытудың  маңызы  ерекше.  Мұндай  компьютерлік  бағдарламаларға  Flash  технологиясы 

көмегімен  жасалынып  жүрген  мультимедиалық  оқыту  құралдарын  мысал  ретінде 

көрсетуге болады. 

Оқытудың  тиімді  жүйелерін  жасағанда  компьютерлік  жүйе  мен  оқушының  өзара 

қатынасындағы  дидактикалық  жəне  психологиялық  талаптар  мен  принциптерді  ескеру 

керек.  Өзін-өзі    оқытуға  арналған  компьютерлік  бағдарламалардың  айрықша  ерекшелігі 

мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  тікелей  немесе  қандай  да  бір  техникалық  құралдар 

бойынша сұхбаттық өзара əсердің болуында.  

Сондықтан  дербес  жəне  өздігінен  оқытуға  арналған  бағдарламаларды  жасағанда 

сұхбаттың  жалпы  құрылымын  ғана  емес,  оның  тұжырымдарын,  тапсырмалардың, 

мəселелердің  толықтығы  мен  дəлдігін,  сұхбаттың  басқа  да  элементтерін  өте    тиянақты 

түрде  құрастыру  керек.  Сол  сияқты,  басқа  техникалық  оқыту  құралдарына  қарағанда 

компьютерлік оқыту бағдарламаларының интерактивтілігі, яғни оқушының сұрақтары мен 

іс-əрекетіне дереу жауап беру мүмкіндігі бар екенін, оның үстіне мəселені анықтай түсуге, 

мəліметтерді беруге, оқушыға көрнекі ақпаратты ұсына алатындағын да ескеру керек. 

Жоғарыда  аталған  ұсыныстарды  ескере  отырып,  компьютерлік  бағдарламаларды 

жасауға қойылатын жалпы талаптар[1]:  

 

 компьютерлік  бағдарламалардың  мазмұнының  жалпы  орта  білім  берудің 



мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкесті болуы керк;

 

 



 

 компьютерлік бағдарламалардың мазмұны ұлттық дəстүр мен оқушылардың жас 

ерекшеліктерін  ескеріп  жасалуы  жəне  оқушылардың  оқу  материалын  интерактивті 

режімде өз бетімен меңгеруіне бағытталған болуы керек;  

 

 оқу  материалын  бергенде  ғылыми  терминдерді  оқушылардың  жас  ерекшелігіне 



сəйкес пайдалану жəне оқу материалының түсінікті, дəл, əрі толық болуы керек;  

 

 интерактивтіліктің кері байланыс арқылы жүзеге асуы ескерілуі қажет.  



Қазіргі электрондық оқулықтарды жасау мəселесі бойынша жинақталған тəжірибелік 

іс–шараларымыздың нəтижесі ретінде, «Мемлекеттік тілде құжат айналымы» деп 

аталатын  электрондық оқулықпен таныстырғымыз келеді. 

Бұл оқулықты жалпы барлық мамандықтарда оқытылатын «Іс қағаздарын жүргізу» 

элективті пəнін оқытуғада қолдануға болады. Пəннің мазмұндық құрылымы 24 сабақтан 


жəне тесттік қортынды бақылаудан тұрады, əр сабақта  10-18 дейін практикалық 

тапсырмалар берілген. Ұсынылып отырған электрондық оқулықта білім алушылардың 

оқу, жазу, тыңдау жəне сөз тіркестерін құрастыру қабілеттерін дамытуға бағытталған 

жаттығулардың түрлері қамтылған. Жаттығулар мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу 

пəнін сауатты меңгеруге бағытталған.  

Кез келген бағдарламалық қамтамадағы қолданушы интерфейсінің негізгі элементті 

– мəзір(Сурет 1), оның көмегімен оқыту жүйесін басқаруға болады. Біздің 

жұмысымыздағы мəзір – оқулықтың мазмұны, ол айналмалы шеңбер(карусель) түрінде 

берілген. Мəзірден қажетті сабақты таңдаған кезде, тақырыбының аты бейнеленді, оны екі 

рет шерту арқылы сол сабаққа өтуге болады.  

 

 

Сурет 1.  Электронды оқулықтың мəзірі 



 

Электрондық  оқулық  жасау  мəселесіне  байланысты  шетелдік  жəне  отандық 

əдістемелік  тəжірибелер  көрсеткендей,  мультимедиалық  технологияларды  тілдерді 

оқытуда қолдану білім алушылардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру үшін 

ерекше жағдай туғызады[2]. 

Оқытуда  интерактивті  -  мультимедиа  құралдарын  қолдану  дидактиканың  негізгі 

қағидаларын  кешенді  түрде  іске  асыру  үшін  өте  қолайлы.  Экранда  сөздерді  тасымалдау 

жəне  енгізу,  графикалық  бейнелерді  қозғалту,  аудиовизуалды  көрнекіліктер  мен 

бейнеклиптер - білім алушының белсенділігі мен жоғары мотивациялық қызығушылығын 

тудырып,  саналы  түрде,  өз  бетінше  ешқандай  кедергісіз  еркін  жұмыс  істеуіне,  оқу 

үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына оң əсер етеді. 

Бұл  интерактивті  электрондық  оқулықта  берілген  жаттығу  түрлері  мен  мақсаты 

төмендегідей: 

-  Жаңа  тақырыпқа  қатысты  сөздерді  дыбыстағыш  арқылы  тыңдату,  мақсаты  

олардың дұрыс оқылуына назар аудару. 

-  Мағынасына қарай сөз тіркестерін табу керек(Сурет -2). 

-  Жаңа  сөздерді  меңгерту  мақсатында  орыс  тілінде  берілген  сөздер  мен  сөз 

тіркестерінің аудармаларын табу. 

-    Берілген  сөздердің  орыс  тіліндегі  аудармаларын  қазақ  тілінде(немесе  керісінше) 

жазып шығу.  

-  Тыңдаушылардың  сөздік  қорларын  жақсарту  жəне  қазақ  тіліне  тəн  дыбыстарды 

игерту  мақсатында,  жаңа  сөздерді,  «...»  көп  нүктенің  орнына  қазақ  тіліне  тəн 

дыбыстардың бірін жазу. 


-  Жəне басқа да интерактивтік тапсырмалар берілген.  

 

    



 

Сурет  2. Интерактивті жаттығулардан көрініс 

 

Жоғарыдағы  суреттегі  жаттығудың  орындалу  барысы:  жоғарыда  берілген  сөздерді 



тышқан  тетігімен  шертіп  бос  ұяшыққа  тасымалдау  керек.  Барлық  сөздерді 

орналастырғаннан  кейін  тексеру  үшін  «Тексеру»  батырмасын  басу  қажет.  Қатесін 

бағдарлама тексереді. 

Мұндай  интерактивті  тапсырмаларда  дайын  шешімдерді  бермеу  керек,  себебі, 

бағдарламаның  негізгі  міндеті  –  мəселелердің  шешімдерін  табуға  итермелеу,  білім 

алушылардың алған нəтижелерін тексеріп, қайта қарауына жағдай жасау. Оқу процесінде, 

оның  ішінде практикалық  сабақтарда интерактивті  тапсырмаларды  қолдану  оқытушының 

жеке тəжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. 

Оқу  үрдісіне  мультимедалық  технологияларды  енгізу:  мəтін,  графика,  анимация, 

дыбыстық  жəне  бейнеэлементтерді  құруға  мүмкіндік  береді.  Мультимедалық 

бағадарламалар  адамның  барлық  іс-əрекетінің  түрлерін  (ойлау,  сөйлеу  жəне  т.б.) 

белсендендіреді.  

Оқу  процесінде  қолданылатын  интерактивті  тапсырмалардың  компьютерлік 

бағдарламасын жасау – көп еңбекті жəне компьютерлік технология аймағындағы қажетті 

білімді талап ететін ұзақ процесс. 

Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  мультимедалық  технологияларды 

білім  беру  процесінде  пайдалану  тиімділігі  оның  əдістемелік  тұрғыдан  дұрыс 

анықталғандығымен сипатталады деп айтуға болады. 



 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1  ГОСТ  РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН «Информационная технология. Электронное 



издание»  Электронное учебное издание.2005 

2  Рабиновича  П.Д.,  Баграмяна  Э.Р. Практикум  по  интерактивным  технологиям. 

БИНОМ. «Лаборатория знаний», 2007. – 700с  

 

 



Каталог: files -> education -> material konf -> innova2013
innova2013 -> Бағдарламасы құрастырылады. Сабақты жүргізу әдістерін анықтау кезінде курстың
innova2013 -> Жалмагамбетова К. К. Жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми −зерттеу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
innova2013 -> Беркімбай Р.Ә. Студенттерге ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика негіздерін оқыту ерекшеліктері
material konf -> 1 Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама
material konf -> Үлгерімі төмен студенттермен жұмыс жүргізудің түрлері
material konf -> АҚпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі заман талабы
innova2013 -> Б. Т. Абильбекова Кәсіби қазақ тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер
innova2013 -> Ахметова Л. С. Қазіргі қазақстанның полингвисттік кеңістігіндегі қазақ тілінің орны

жүктеу 32.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет