Сарыарқа күйшілері Кіріспе



жүктеу 414.3 Kb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата12.01.2017
өлшемі414.3 Kb.
1   2   3   4   5

 

Əдебиеттер:  

 

Арқаның  ардақты  перзенті  //  Сарыарқа  саңлақтары.  Қарағанды  өңірінде  өмір 

сүріп, шығармашылықпен айналысқан халық дарындыларының өмірі мен өнері туралы. 

Павлодар: «ЭКО» ҒОФ, 2007.-57 б.  



Ахметжан Сармантайұлы // Тоғжанов Е.Л. Т.Т. Аршабеков-Атамекен: Оқу құрал. - 

Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-тi, 2002.- 235 бет.  

Сардарбек  К.  «58-статья  зарзаман».  –  Алматы:  Дайк-Пресс,  2007.  –  200  бет.+  12 

бет жапсырма. 

Сармантайдың Ахметжаны // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / Бас 

редакторы А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 458 б.  

Сармантайұлы  Ахметжан  //  Тағдыр  тəлкегіне  түскен  тарихи  тұлғалар: 

қарағандылық  саяси  қуғын-сүргін  құрбандары  туралы  =  История  трагических  судеб: 

карагандинцы-жертвы  политических  репресий  :  библиографиялық  анықтамалық.  - 

Қарағанды, 2008. - 114 б.  

Сармантайұлы  Ахметжан  //  Сейдімбек  А.  Қазақтың  күй  өнері  Астана:  Күлтегін, 

2002.- 792 

б. 

 

 

 

 

 

 


 

20 


Дəулетбек Сəдуақасов 

(1938-2009) 

Д.Сəдуақасов  1938  жылы  10  наурызды  Шет  ауданының  «Жас 

терек» колхозында (қазіргі Тағылы ауылдық округі) дүниеге келген. 

Жеті  жасынан  домбыраға  əуестенген  өнерпаз  жеткіншек  1950-ші 

жылдары  елге  келген  атақты  күйші  Əбікен  Хасеновтің  көзін  көріп, 

күйлерін үйренеді. Ауыл шаруашылығының əр саласында, партия, кеңес 

қызметтерінде жемісті еңбек ете жүріп, ұлттық өнерімізді, Арқа өңіріне 

кең  тараған  –  шертпе  күйді  насихаттауға  зор  үлес  қосқан  дəулескер 

күйші  1988  жылы  аудандық  «Ақсу-Аюлы»  əн-би  ансамблінің  құрамында  Алматыда 

өнер  көрсетіп,  Аоқаның  атақты  күйшілері  Қыздарбек,  Тəттімбет,  Тоқа,  Əбди, 

Сембектердің  күйлерін  қазақ  музыкасының  алтын  қорына  жаздырады.  Республикалық 

«

Мəңгілік  сарын»,  «Күй  керуен»  байқауларына  қатысып,  республика  жұртшылығына 



кеңінен  танылған  дəулескер  күйшінің  өнердегі  еңбегі  орынды  бағаланып,  2009  жылы 

Қазақстан Республикасының Мəдениет қайраткері атағы берілді.  

2008 

жылы  Дəулетбек  Сəдуақасовтың  тікелей  басшылығымен  республикалық 



«

Күй-керуен» байқауы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлыда өтті. 

Дəулетбек  –  шебер  күйші  ғана  емес,  өзі  де  күй  шығаратын  шалымды  сазгер, 

көптеген  шəкірттер  тəрбиелеп,  өнер  додасына  қосқан  ұлағатты  ұстаз.  Оның  «Аралбай 

баба:  бірінші  толғау,  екінші  толғау»,  «Қуаныш»  атты  күйлері  саздылығымен,  көңіл 

толқытар нəзік иірімдерімен ерекшеленеді. 



 

Əдебиеттер: 

 

Сəдуақасов  Д.  Шеркөкіректі  шертпе  күй  /  əңгімел.  Ш.Сатыбалдиева  //  Қазақ 

əдебиеті. - 2008. 5-11 қыркүйек (№ 36). - 14-15 б.  

Сəдуақасов  Д.  Мəдениетіміздің  мəйегі:  күйші  Д.Сəдуақасовпен  сұхбат  / 

сұхбаттасқан С.Тұяқбайқызы // Шет шұғыласы. - 2008. - 22 мамыр (№ 23). - 3 б.  

Сəдуақасұлы  Д.  Арқа  күйлері  [Электрондық  ресурс]  /  Д.  Сəдуақасұлы  ;  жауапты 

ред. Г. Салықбай. - Алматы : EL продюсерлік орталығы, [2010?]. - 1 эл. опт. диск (CD-

ROM). 


Жосалбай С. Дəулескер күйші - Мəдениет қайраткері // Орт.Қазақстан. - 2009. - 14 

шілде (№ 104). - 4 б.  

Дарабоз // Заман. - 2007. - 18 қазан (№ 42). - 1 б.  

Дəулетбек Сəдуақасұлы // Орталық Қазақстан. - 2009. - 24 қазан (№ 162/163). - 7 б.  

Қабылдаұлы  С.  Алыптардың  көзін  көрген  соңғы  тұяқ:  өнер  жұлдыздары  // 

Орт.Қазақстан. - 2008. 6 наурыз. - 6 б.  

Қабылдаұлы С. Өнерді əспеттеген əкім // Заман. - 2007. - 26 шілде (№ 30). - 5 б.  

Саяжанқызы МШертпе күйдің шебері // Мысты өңір. - 2009. 6 ақпан (№ 5). - 1 

б.  

Сəдуақасов Қ. Д. "Қос шекте бебеу қаққан беу - дүние": Қ.Д.Сəдуақасовпен сұхбат 



сұхбаттасқан С.Сексенұлы // Орт.Қазақстан. - 2010. 30 қазан (№ 177/178). - 6 б.  

Тұяқбайқызы  Қ.  Алыптардың  көзін  көрген  соңғы  тұяқ:  күй  құдіреті  //  Заман.  - 

2006. - 14 

қыркүйек. - 4 б.  

 

 



Төребайұлы Қыздарбек 

(1850-1922) 

Төребайұлы Қыздарбек 1850 жылы туған. Арқадағы шертпе күйдің атақты шебері. 

Шет  ауданының  түлегі,  Арғынның  Қаракесек  руынан.  Əкесі  Төребай  орта  шаруа  иесі 

болған. Қыздарбек жастайынан өнер соңына түсіп, ел аралап, күй өнерін жоғары сатыға 

көтерген  шебер  орындаушыдан  парасатты  күйшіге  жеткен.  Арқа  өңірінің  күй  атасы 

атанған қарт күйші Итаяқтан бата алған. Қыздарбектің тек аршадан ғана құрастырылып 



 

21 


жасалған  домбырасы  1934  жылы  Тасаралда  қайтыс  болған  Қажыкей  дейтін  ұлының 

қолында  сақталып  келген.  Қыздарбек  күй  арқылы  Итаяқпен  қағысып,  Тоқа 

Шоңманұлымен  өнер  жарыстырған.  Қыздарбектің  «Сылқым  қыз»  күйі  жеңіл  ырғақты 

болса,  «Өткінші  өмір»  күйі  өкінішті  арманға  толы.  «Жұбату»  күйі  шəкірті  Əбдидің 

жалғыз  ұлы  қаза  болғанда  дүниеге  келсе  керек.  Сонда  Əбди  күйші  өзінің  «Зар 

қосбасарын» тартыпты беріпті-міс. Қыздарбектің бірнеше «Қосбасары» бар. Шəкірттері 

Ақмолда, Сембек, Əбди, Мақаш, Кəрібек, Рысқұлбек, Бегімсал күйшілер. 

 

Əдебиеттер: 

 

Бекенов  У.  Ұлы  күйшінің  мұрагерлері:  Т.Қазанғапұлының  туғанына  175  жыл 

толуы қарсаңында // Ленин туы.- Егіндібұлақ, 1990.- 30 маусым 

Жүнісов К. Көксеу: повестер. - Алматы : Өнер, 1991. - 184 б. 

Қабылдаұлы  С.  Алыптардың  көзін  көрген  соңғы  тұяқ:  өнер  жұлдыздары  // 

Орт.Қазақстан.- 2008.- 6 наурыз.-6 б. 

Қазақтың шертпе күйлері.- Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2006.- 176 б. 

Қыздарбек  Төребайұлы  //  Бекенов  У.    Күй  керуені:  оқу  құралы.-  Алматы:  Өнер, 

2002.- 38 

б. 


Қыздарбек  күйші  жəне  оның  шəкірттері  //  К. Жүністегі.-  Сарыарқа  саңлақтары.  - 

Павлодар : ЭКО ҒӨФ, 2007. - 209 б.

 

Майбас Т. Ұрпағы ұлы күйшіні ұлықтады // Орт.Қазақстан.- 2000.- 6 желтоқсан  



Сəдуақасов  Д.  Шеркөкіректі  шертпе  күй  /əңгімел.  Ш.Сатыбалдиева  //  Қазақ 

əдебиеті. - 2008. - 5-11 қыркүйек (№ 36). - 14-15 б. 

Саяжанқызы М. Шертпе күйдің шебері // Мысты өңір. - 2009. - 6 ақпан (№ 5). - 1 

б. 


Тоқтамысов Т. Тəттімбет жəне оның мұрагерлері // Орт.Қазақстан.- 2000.-27 желт. 

Тұяқбайқызы  Қ.  Алыптардың  көзін  көрген  соңғы  тұяқ:  күй  құдіреті  //  Заман.- 

Ақсу-Аюлы, 2006.- 14 қыркүйек.-4 б. 

 

Тұрысбек Түсіпбеков 

(1948) 

Тəттімбет  күйлерін  қалың  жұртшылық  қауым  алдында 

насихаттап,  ел  арасына  кеңінен  таратуда  кейінгі  лек  жас 

домбырашылардың  да  зор  үлесі  бар  Солардың  бірі  – 

Егіндібұлақтық Тұрысбек Түсіпбеков.  

Т.Түсіпбеков  1948  жылы  Егіндібұлақ  селосы,  Мыржық 

тауы  ішіндегі  Мөшке-Мыңбай  бұлағы  деген  жерде  дүниеге 

келген.  Ақмоланың  С.Сейфуллин  атындағы  педагогикалық 

институтын бітірген.  

Тұрысбек даңқты бабасы Тəттімбетпен аталас туыс. Достар тауындағы жер аттары 

Мөшеке  –  Маңыбай  бұлағы  бұлардың  аталарының  есімдері.  Мəшеке  Тəттімбеттің 

үлкен əкесі болса, Маңыбай – Тұрысбектің арғы атасы. Осындай ортадан шыққан жас 

баланың икемі мен талабын бірден байқаған ауылдағы Тəттімбеттің немересі Зейнолла 

Қаймолдин  ақсақал  :  «бұлақ  көрсең  көзін  аш  »  демекші  оның  құлағына  атақты  күйші 

бабасы  туралы  əңгіме  құйып,  шығарған  күйлерінің  тарихын  қызықты  етіп  əңгімелеп, 

домбыра  тартқызып  үйрете  бастайды.  Бұған  Тұрысбек  қатты  қызығушылықпен  құлай 

беріліп,  өзінің  зеректігімен  бірнеше  күйді  тез  үйреніп  алады.  Сондықтан  болар,  жас 

домбырашы ұлы күйшінің шығармаларын орындағанда күй табиғатына шын жүрегімен 

беріліп, тебіреніс үстінде тартады. Ол əсіресе «Сылқылдақ» сияқты сырға толы сылқ –

сылқ  күлген  күйді  үзілдіріп  жандандырып  шертеді.  Балаң  жігіт  шағында  Тəттімбеттің 

көпке  белгілі  шығармаларын  ел  арасындағы  шебер  орындаушылардан  жалықпай 

тыңдап,  оны  аудырмай  тартып  жүрген  Тұрысбек  бертін  келе  сол  туындылардың 

сырына  терең  бойлауға,  оның  шығу  тарихын  зерттеп  –  білуге  ден  қояды.  Сол  ізгі 

мақсат жетелеген ол композитор туып - өскен Сарыарқаның сайын даласындағы талай 



 

22 


ауылдарда  болып,  ескінің  көзі  қариялардан,  домбырашылардан  Тəттімбет  туралы 

естіген – білгендерін тырнақтап жинап, қағаз бетіне түсіруге кіріседі. 

Ол алпысыншы жылдардың екінші жартысында түрлі ойын – сауық  кештері мен 

көркемөнерпаздар  байқауында  Тəттімбеттің  күйлерін  орындаушы  ретінде  сахналарға 

шығып,  өнер  сүйер  қауымға  кеңінен  таныла  бастайды.  Тəттімбет  шығарған  40  күйді 

түгел білетін Тұрысбек тыңдаушыларына оларды ойнағанда əрқайсысының өмірге келу 

тарихын,  соған  орай  оның  тартылу  мəнерін  де  қызықты  деректер  келтіре  отырып 

əңгімелеп береді. Тұрысбек Түсіпбеков Тəттімбет күйлерін шебер орындап, оның өмірі 

мен  творчествосын  кеңінен  насихаттап  жүргені  үшін,  1990  жылы  «Білім»  қоғамының 

Ленин ордені жəне бүкілодақтық Құрмет грамотасымен марапатталды.  

Тұрысбек  Түсіпбековтің  орындауында  Тəттімбеттің  «Сары  қамыс»  күйі 

күйтабаққа  жазылып  алынды.  1988  жылы  «Өнер»  баспасынан  шыққан  «Сарыжайлау» 

атты  күйлер  жинағында  ұлы  композитордың  «Сары  қамыс»,  «Көш  жарған», 

«

Жылқыда»  сияқты  бұрын  белгісіз  болып  келген  күйлері  Тұрысбектің  орындауында 



нотаға  түсірілді.  Қарағанды,  Ақмола,  Алматы,  Оңтүстік  Қазақстан,  Талдықорған, 

Жамбыл облыстарының мəдениет үйлерінде лекциялар оқып, күй шертті. 



 

Əдебиеттер: 

Түсіпбеков Т. Деректі кітап шығару қажет: Т.Қазанғапұлының туғанына 185 жыл 

толуы қарсаңында // Сарыарқа.- 1999.- 18 қыркүйек 

Түсіпбеков Т. Шертпе күйдің атасы // Сарыарқа.- 1994.- № 5.-3-15 б. 

Түсіпбеков Т. Тəтті күйдің атасы - Тəттімбет:[Тəттімбет күйлері туралы] // Азия.- 

1993.- 


№ 41.-қазан. -8 б. 

Түсіпбеков  Т.  Кемеңгердің  көлеңкесі  де  ыстық:  Т.Қазанғапұлының  туғанына  175 

жыл толуына // Ленин туы.- Егіндібұлақ, 1990.- 28 шілде 

Түсіпбеков  Т.  Тəттімбет  -  "Сарыжайлау":  Т.Қазанғапұлының  туғанына  175  жыл 

//

Ленин туы.- Егіндібұлақ, 1990.- 11 қаңтар 



Түсіпбеков  Т.  "Тірілтіп  Тəттімбеттің  он  саусағын":  Тəттімбет  атындағы  өлкетану 

мұражайының меңгерушісі Т.Түсіпбековпен əңгіме / Əңгімелескен Ж.Райымбекқызы // 

Орт.Қазақстан.-2005.- 1 қаңтар.-13 б. 

Адамов Д. Тəттімбеттің күйлерін жеткізуші: ел іші- өнер кеніші // Орт.Қазақстан.-

2008.- 5 

ақпан.- 4 б. 

Асауова  С.  Күйші  Тұрысбек:  өнердің  өз  адамы  //  Астана  хабары.-  2006.-  10 

қаңтар.-4 б. 

Ахметов Р. Əсерлі кездесу: мəдени хабар // Қарқаралы.- 2005.- 26 наурыз.-4 б. 

Ахметова  Б.Т.  Күйші  Тəттімбет  мұрасын  насихаттаушы/  Ахметова  Б.Т.-  Астана: 

"

Сарыарқа" баспа үйі, 2004.- 26 б.: сур. 



Баймұханбетов Р. Тəттімбеттің мұрагері // Мəдениет.- 1994.- № 2 

Баймұханбетова  Р.  Тəттімбет  мұрагері-күйші  Тұрысбек  Түсіпбеков  //  Қазақстан 

музейлері.- 2004.- N1(4). -53-55 б. 

Баймұханбетова  Р.  Тəттімбеттің  мұрагері  -  күйші  Тұрысбек  Түсіпбеков  // 

Қазақстан музейлері.- Алматы, 2004.- N1(4).-53-55 б. 

Дəулетбаев С. Шертпе күйдің шебері: ел іші- өнер кеніші // Орт.Қазақстан.- 2007.- 

19 

шілде.-6 б. 



Жазықбаев Е. Тұрысбек күйші - Тəттімбет мұрагері: Өнер // Азия Транзит.- 2003.- 

N4.-50, 51 

б. 

Жүнісбекұлы Д. Сертификат алды: бəрекелді! // Қарқаралы.- 2006.- 21 қазан.-5 б. 



Киік Қ. Күй өлмейді Тұрысбектей күйші барда: Мұра // Орт.Қазақстан.- 2004.- 21 

ақпан.-16 б. 

Қауысов  Б.  Ұлы  күйшінің  ұрпақтарын  іздеген  байқау:  Өнер  күнделігі  // 

Орт.Қазақстан.-2000.- 20 желтоқсан 

Лұқпан Е. Дос туралы сыр: Жаңа кітап // Орт.Қазақстан.-2003.- 14 тамыз.-8 б. 

Омарбекұлы  М.  "Тəттімбеттің  Алтын  домбырасы"  атты  қор  құрылды  // 

Қарқаралы.- 2004.- 3 шілде 


 

23 


Оспан  Ж.  "Шертпе  күйдің  шежіресі"  атты  мəн-маңызы  мен  тағылымы  қатар 

өрілген өнер кеші болып өтті // Орт.Қазақстан.- 2006.- 15 сəуір.-16 б. 

Салықов К. Күйші Тұрысбек Түсіпбековке //Азия Транзит.-2003.- N4.-54 б. 

Сəдуақасова  А.  Ұлы  күйшіге  арналады:  Тəттімбеттің  190  жылдығына  // 

Орт.Қазақстан.- 2005.- 16 маусым.-13 б. 

Ысқақ Д. Күй құдіреті: Очерк // Орт.Қазақстан.- 2002.- 4 желтоқсан.-16 б 



 

Тілеуханов Мұхаметжан 

(1946) 

 

Тілеуханов  Мұхаметжан  Қанайұлы  -  1946  жылы  Жаңаарқа  ауданы  Атасу 

кентінде туған. Шебер домбырашы, сазгер-күйші. Республикалық күй жарыстарынын 

жеңімпазы.  Мамандығы  -  есепші-экономист,  Алматы  халық  шаруашылығы 

институтының  түлегі  (1968).  Домбыра  тартуға  6  жасында  əкесі  баулыған. 

Мұхаметжан  жас  кезінде  Сарбас,  Қойбағар,  Тоқпан  сияқты  домбырашылардан 

Сайдалы Сары Тоқа, Дайрабай күйлерін тыңдап дəріс алған. 

1965-66 


жылдары  жастар  мен  студенттердің  республикалык  конкурстарының 

лауреаты атанды жəне Тəттімбет, Тоқа, Дайрабай күйлерін радиоға жаздырып, Алматы 

теледидарынан  күйлері  берілді.  1970  жылы  М.Тілеуханов  туралы  (4  əн,  8  күй) 

республикалық  теледидар  фильм  түсірді.  70-ші  жылдары  Қарағанды  теледидары 

арқылы  бірнеше  рет  Сайдалы  Сары  Тоқаның  күйлерін  насихаттап,  телехабарлар 

ұйымдастырды.  

1972 

жылы 


Алматыда 

Жамбылдың  125-жылдық  тойында

 

күйші  Тілеуханов 



Мұхаметжан  Тоқаның  «Төрт  толғауын»  алғаш  орындады.  Оның 

орындаған  күйлері 

С.Мұқанов,  Р.Қошқарбаев,  Р.Бердібаев,  Р.Бағлановалардың  тарапынан  жоғары  баға 

алды.  1973  жылдан  «Ұлытау»  ансамбілінің  мүшесі  болып  істеді.  Ансамбльмен 

бірге  Мəскеуде  космонавттардың  «Жұлдызды  қалашығында»  болды.  1974  жылы 

ансамбль  құрамында  ГДР-да,  1975  ж.  ГФР-да,  1976  ж.  Үндістанда,  1977  ж. 

Францияда  өнер  көрсетті.  1975  ж.  «Қазақ  КСР-на  еңбегі  сіңген  мəдениет 

қызметкері»  атағын  алды.  1972,  1975  жылдары  күйтабақтары,  2008  жылы  күйлері 

жазылған кітапшасы шықты. «Арман-ай» (1973), «Шабыт» (1975), «Тағдыр-ай» (1989), 

«

Нұрқосбасар» (2008) т.б. күйлердің авторы. 



 

Əдебиеттер: 

 

Қазақтың шертпе күйлері. - Қарағанды : Болашак-Баспа, 2006. - 176 б. 

Мұхаметжан  күйші  //Жұмаділдин  А.  Жаңаарқа:  дерекнама.  -  Алматы  :  Кенже-

Пресс-Медиа, 2003. - 342 б.  

Шəкəрім Ж. Бармағына күй айналған // Қазақ əдебиеті. - 2006. - 11 шілде.-

 

11 



б.  

Тілеуханов  Мұхаметжан  Қанайұлы  //  Жаңаарқа:  энциклопедия.  -  Алматы  : 

Темірқазық, 2009. – 442 б.  

 

 



Шоңманұлы Тоқа 

(1830-1914) 

 

Сайдалы  Сары  Тоқа  1830  жылы  қазіргі  Қарағанды  облысының 

Жаңаарқа ауданындағы Көктал өзенінің бойында дүниеге келген. Сары 

Тоқаның  ата  мекені  осы  Көктал  өзенінің  аңғары,  яғни,  Ақтау,  Сартау, 

Қаратұмсық  деп  аталатын  қойын  қойнауы  жылап  аққан  айна  бұлаққа 

толы  Арқаның  шаруақол  жатаған  таулары.  Бұл  жерлер  кəдуілгі 

Сейфуллин  Сəкен  туып  өскен  Ор,  Аба,  Иманақ  тауларымен  іргелес 

жатыр. 


 

24 


Тотаңның (Арқа елі Сары Тоқаны осылай атайды) елі Орта жүз Арғын, оның ішінде 

Қуандық руының бір бұтағы Алтайдан тарайды. Əкесі Шоңманнан Тоқа жалғыз туыпты. 

Ал Тоқаның немере-шөберелері қазір Қарағанды облысында ондап саналады. 

Арқада  Тоқа  деген  ру  аты  да  бар.  Тотаңды  сол  Тоқа  руынан  айырып  алу  үшін 

үзеңгі тұстастары Сайдалы Сары Тоқа деп атап кеткен. Сонысына сай өзі де ақ сары, ұзын 

бойлы,  ашаңдау,  саусақтары  жойдасыз  салалы,  екі  көзі  көк,  орақ  мұрын,  қасы  көзіне 

түскен,  келбетті  адам  еді",-  дейді  Тотаңды  көзі  көрген,  сексеннен  асып  дүние  салған 

жаңаарқалық Башар Əрінұлы ақсақал. 

Тотаң 1914 жылы март айында Қаратұмсықтағы қыстауында қайтыс болған. Сүйегі 

сол Қаратұмсықта өзінен екі жыл бұрын өлген баласы Жалмағамбеттің моласының ішіне 

қойылған. 

Сөз орайында Сайдалы Сары Тоқаның өлген жылына қатысты бір ауыз пікір айтуды 

жөн  көрдік.  Мұнан  бұрын  Тоқаның  өлген  жылын  1904  жыл  деп  келдік.  Бұл  деректі 

беруші  осы  жолдардың  авторы  еді.  Алайда  ел  ішіндегі  Тоқаның  көзін  көргендердің 

бұлтартпас айғақтары мен архив деректеріне сүйене отырып,  Тоқаның өлген  жылы 

1914 


жылы екенін ескерте кетуді парыз санаймыз. 

Сайдалы Сары Тоқаның өз заманында қандай адам болғанын күні бүгінге дейін ел 

арасында  айтылып  келе  жатқан  аңыз-əңгімелерден  де,  көзін  көргендердің  естелік 

əңгімелерінен де айқын аңғаруға болады. 

Тоқа  өз  төңірегіндегі  ел-жұртқа  қара  қылды  қақ  жарғандай  əділдігімен  де, 

жағынып-жарамсақтануды 

білмейтін 

беттілігімен 

де 

танылған. 



Бірақ, 

қаншалықты  құдірет-күші  жетіп,  орайы  келіп  тұрса  да  мал  жинап,  майлы  болуды  мысана 

етпеген екен. 

Өткен  ғасырда  өмір  сүрген  Шөже  ақынмен  Сары  Тоқа  бір  жиында  кездесіп 

қалыпты.  Сонда,  айтар  ойын  табан  астында  кестелі  өлеңмен  жеткізетін  ақын  Шөже 

тұрып: 


"

Бақтыбай, Берден шықты төменгі елден,  

Шоң шықты, Дəулетбике деген елден,  

Баласы бес Мейрамның бас қосқанда  

Ақылға, Сары Тоқа, сізге келген" - 

депті деген сөз бар. 

Мұндағы Бақтыбай деп отырғаны Алшын елінің, Берден-Таманың, Шоң Қарағаш 

елінің  болысы  болса,  бес  Мейрамның  баласы  деп  отырғаны  Орта  жүз  шііндегі  іргелі 

рулардың  жиынтық  аты.  Яғни,  ақын  өлеңінен  Сары  Тоқа  беделі  ауыл  арасымен  ғана 

шектелмегенін аңғарамыз. 

Тотаңның  күй  шығарып,  домбыра  тартатын  өнерпаздығын  ел  арасындағы 

сəуегей-сопылық  құрған  қожа-моллалар  ұната  бермейді  екен.  Реті  келсе,  Тотаңды 

"

əуейі тентек" атандырып, соңынан алуан түрлі өсек сөз ілестіріп отырған. 



Сары  Тоқаның  бір  бет,  тік  мінезділігі,  ешкімнің  байлық-беделіне  қарамай  іреп 

айтатын  уытты тілі,  өз  кезінің  əділетсіздігіне  қарсы шығуы  -  оның дұшпандарын да 

көбейтіп  баққан.  Тоқаның  екі  жылдай  жер  ауып,  айдауда  жүріп  қайтуы  да  өз 

заманының зорлық-зомбылығымен көп беттескенін пайымдатады. 

Айдауда жүрген  Тоқаны  артынан жоқтап,  мерзімінен  ерте қайтуына көп қажыр-

қайрат жұмсаған адам - Қарашаш елінің болысы əрі биі Телғозының Шоңы екен. Шоң 

қазақ арасында алғашқылардың бірі болып орысша оқу орнында оқыған, Ақтау дуанына 

(

Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысының жауынгерлері қиратқан) жер ауып келген 



орыстың  демократтық  бағыттағы  .азматтарымен  достасқан,  көзі  ашық,  төңірегіне 

мейлінше  əділдігімен  қадірі  артқан  адам  болған.  Сөз  орайында  Əуезов  Мұхтардың 

"

Абай" романында аты .аталатын Шоң - осы Телғозының Шоңы екенін айта кеткен жөн.  



1847 

жылдан ауыл старшыны, би болған. 1849 жылы 3-желтоқсанда Ақмола округі 

Сайдалы-Алтай болысының басқарушылығына сайланған.  

Жазда Манақа өзені, Көктіңкөлі, Кенелі, Керегетас, Сарысу бойымен көшіп, Ақтау 

тауларын  қыстаған.  Сазгер  ретінде  жиырмаға  тарта  ел  ішіне  кеңінен  тараған  мазмұны 

терең,  сұлу  сазды,  ырғақты  шертпе  кйлер  шығарған.  «Саржайлау»,  «Ерке  қыз»,  «Бел 



 

25 


шешер»,  «Жалғыз  ішек»,  «Қосбасар»  (3  нұсқа),  «Бозторғай»,  «Терісқақпай»,  «Аққу», 

«

Сарыөзен», «Бозайғыр», «Төрт толғау», «Сағыныш» т.б. жалпы саны 30 күйдің авторы. 



 

Əдебиеттер: 

 

Аманжол Б. Сүйе алмасаң,сүреңсіз өмір мүлде // Орт.Қазақстан. - 2010. - 4 ақпан 

(

№ 17). - 6 б.  



Бекенов УКүй табиғаты. - Алматы : Өнер, 1980. - 174 б. 

Бекенов У. Күй көтерер көңілдің көк жиегін. - Алматы : Қазақстан, 1975. - 48 б. 

Қазақтың шертпе күйлері. - Қарағанды : Болашак-Баспа, 2006. - 176 б. 

Тоқа Шоңманұлы // Бекенов У. Күй керуені: оқу құралы. - Алматы : Өнер, 2002. - 

35 

б.  


Тоқа  //  Қазақ  күйлерінің  тарихы:  оқулық  /  Т.  Мерғалиев,  С.  Бүркіт,  О.  Дүйсен.  - 

Алматы, 2000. - 270 б. 

Тоқа  //Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  А.  А.  Абдулин.  - 

Алматы : Атамұра, 2006. - 510 б. 

Тоқа // Тарақты А. Қазақтың əйгілі күйшілері: ІX-XX ғасырлар: [альбом-кітапша]: 

сурет.: Н.Т.Жээренчиев, Г.С Искакова. - Алматы : Қазақстан, 1992. – 16 б.  

Сайдалы  Сары  Тоқа  //  Жұмаділдин  А.  Жаңаарқа:  дерекнама.  -  Алматы  :  Кенже-

Пресс-Медиа, 2003. - 329 б.  

Сейдімбеков А. Сонар: деректі əңгімелер. - Алматы : Жалын, 1989. - 349 б 

Шоңманұлы Тоқа // Жаңаарқа: энциклопедия. - Алматы : Темірқазық, 2009. – 461 

б 

Шоңманұлы Тоқа // Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- 476 



б. 

 

Шөменов Аман  



(1902-1984) 

 

Шөменов  Аман  1902  жылы  Қарағанды  облысының  Ақтоғай  ауданына  қарасты 

Жəмші  аулында  дүниеге  келіп,  Балқаш  қаласының  маңындағы  Бектау  –  Ата  елді 

мекенінде 1984 жылы дүние салған. Аман Тоқырауын бойы күйшілік мектебінің өкілі. 

Домбыра  тартып,  күй  шығару  өнерін  Ахметжан  Сармантайұлы,  Əбди  Рысбекұлы, 

Мақаш  Сəдуақасұлы,  Əбікен  Хасенұлы,  Бегімсал  Орынбекұлы  сияқты  күйші-

домбырашылардың ықпал-əсерімен меңгерген. Репертуарында Тəттімбет, Тоқа, Манас, 

Итаяқ, Қыздарбек қатарлы күйшілердің шығармалары мол болған. 

Аман  тұрмыс  жағдайымен  ұзақ  жылдар  Қарағанды  шахталарында  еңбек  еткен. 

Бірақ, бойына дарыған домбырашылық-күйшілік өнерін қақас қалдырмаған. 

А.Шөменов  1965  жылы  Алматыда  өткен  халық  өнерпаздарының  республикалық 

байқауына  арнайы  шақырылып,  оның  орындауында  13  күй  Қазақ  радиосының  алтын 

қорына  жазылып  алынады.  Бұл  күйлердің  ішінде  Аманның  «Қараторғайə,  «Қоңыр 

жел», «Сары жорға», «Жастарға тарту», «Тракторшы қыз» деп аталатын күйлері бар. 



Каталог: saryarka -> colection
colection -> Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»
colection -> Өлкетану бөлімі
colection -> Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»
saryarka -> «ОҒƏК өлкетану ресурстары – жастарға» сериясының 3 басылымы
saryarka -> Күн көріс үшін жүргенде жоқпын өмірде Жетпеді даусым жаратқан жалғыз
saryarka -> Евней Букетов:…қазақи қалпымда ойланамын
saryarka -> Қарағанды тас көмірін алғаш тапқан Апақ Байжанов туралы алып-қашты əңгімелер төңірегінде

жүктеу 414.3 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет